ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар
2018 жылдың 2 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,6 млрд.теңге құрап өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,8 % артты.
Есепті кезеңінде сыртқы инвестициялар көлемі 7,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есеге (2017ж. – 3,5 млрд. теңге) өсті, олардың жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі 34,0% жетті (2017 ж. – 23,8%).
2018 жылы облысқа инвестициялар тарту мақсатында 7 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 4 іссапар шет мемлекеттерге (РФ Мәскеу қ., ТР Қазан қ., Түркия Анкара қ., ҚХР Пекин және Шэньджень қ.қ.), ал шетелдік инвесторлардың 3 жұмыс сапары Қызылорда облысына болды (2 қытайлық, 1 түркиялық). 
Атап айтқанда, 2018 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыстық делегацияның Ресей Федерациясы Мәскеу қаласына жұмыс сапары болды. Іссапардың мақсаты 16-18 қаңтарда Мәскеу қаласында Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясында өткен «Гайдар форумына» қатысты. Форум аясында, қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықтың назарын аударған төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы экономика және оның «цифрлануы» мәселелері талқыланды. 
2018 жылғы 18 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыстық делегация Татарстан Республикасына жұмыс сапармен барды. Іссапардың мақсаты – ақпараттық технологияларды, ауыл шаруашылығын және индустрия саласындағы жобаларды іске асыру және алмасу. 
Сапар аясында, делегация мүшелері ТР Инвестиция агенттігіне, «Эйдос» ғылыми медицина орталығында болып, «Казань» ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіп паркінің жұмысымен танысты. 
Сонымен бірге делегация Қазан қаласынан 40 км. қашықтықта орналасқан «Иннополис» экономикалық аймақ нысанымен танысты. Иннополис – 2015 жылы ашылған IT-мамандарына арналған алғашқы ресейлік қала болып табылады. Жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының әкімдігі және «Иннополис» ЕЭА әкімшілігі, сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және «Қазан» агроөнеркәсіп паркі арасында  «Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы» 2 меморандумға қол қойылды. Сапардың қорытындысы бойынша тараптар «Қызылорда облысы және Татарстан Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту туралы Жол картасын» әзірлеу жөнінде келісімге келді.
2018 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың басшылығымен облыстық делегация мүшелері Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Делегация мүшелері «CNEEC» («Қытай ұлттық электроинжиниринг корпорациясы»), «China Triumph International Engineering Co., Ltd», «China Gezhouba Group Cement Co., Ltd» және «China Poly Group Corporation» сияқты ірі компаниялармен кездесулер өткізді.  
«CNEEC» («Қытай ұлттық электроинжиниринг корпорациясы») компаниясы көмір электр станцияларын, күн және гидроэлектростанциялар салуға маманданған ірі компания болып табылады. Компания басшысы Чжэн Чэнцзюн су және күн электр станцияларын, қоқыс өңдейтін зауыт салу және аймақтағы «ақылды қала» жүйесін дамыту туралы сұрақтар талқыланды. 
Сондай-ақ, облыстық делегация «China Triumph International Engineering Co., Ltd» компания басшысы Пенг Шоумен кездесуі болды. Кездесу барысында, шыны зауытының жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру және гаджеттер үшін ультра-шыны  өндірісін іске асыру туралы мәселелер талқыланды.  Іссапар аясында, 2 меморандумға қол қойылды:
2018 жылы 30 қаңтарда Қызылорда облысының әкімінің орынбасары Е. Ким Шанхай және Шеньджень қаласына іссапармен барды. Делегация Шанхайда «Қауіпсіз қала» жобасының ұйымдастырылуымен танысты. Сондай-ақ, Шэньчжэнь қаласына іссапар аясында, «Huawei Technologies Co., LTD» команиясының басшысымен кездесіп компания «Smart city» нысанымен танысты. Іссапардың қорытындысы бойынша, «Huawei Technologies Co., LTD» компаниясының вице-президенті Чен Ти мырза және Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Е. Ким «Huawei Technologies Co., LTD» «Өзара ынтымақтастық және мақсатқа жету, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық технологияны дамыту, «Цифрлы Қызылорда» бағдарламасын, «smart city» жобасын іске асыру туралы» меморандумға қол қойды. 
2018 жылы 6 ақпанда ҚХР-ның «Jiangsu Lung Ceung Construction Co.LTD» компаниясының Бас директоры Жан Йон бастаған делегация  Қызылорда облысында іссапармен болды. Іссапардың мақсаты мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында инвестициялық жобаларды талқылау болды. Кездесу барысында жаңа «Қорқыт ата» әуежайының және сол жағалаудағы құрылыс жобалары талқыланды. 
2018 жылы 15 ақпанда Түркия Республикасы Анкара қаласында 
I түрік-қазақ әйелдер арасындағы бизнес-форум өтті. Форумға Қызылорда облыс әкімінің орынбасары С. Қожаниязов және облыстың бірқатар әйел кәсіпкерлері қатысты. Форум аясында «Қазақстан – цифрлану дәуірі жағдайындағы инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер» және «Қазақстан және Түркияда  әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері» туралы панельді сессиялар өтті. 
2018 жылы 21-22 ақпан аралығында түркиялық «Çukurova Kağıt ve Ambalaj Grubu» компаниясының өкілдерінің облысқа іссапары болды. Инвесторлар Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Е. Ким кездесуі барысында Қызылорда облысында гофрокартон өнім қаптама жобасының мүмкіндіктері талқыланды. 
2018 жылы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Инвестициялық даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің Төрағасы Е. Хаировтың Қызылорда облысына іссапары болды. Іссапар аясында бизнес өкілдердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын талқылау  бойынша «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Е. Хаиров Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Индустриялық аймаққа (Цемент зауытының құрылысымен танысу), «Кемикал Қазақстан мұнайхимия компаниясына» (полиэтиленнен кернеуіш құбырлар өндіру), және Қызылорда облысының «Өндіріс» (ЖШС «OrdaGlassltd» шыны зауытының құрылысымен танысу) индустриялық аймағына  барды.
Қазіргі таңда, облыста құны 192,2 млрд.теңге құрайтын 36 жоба орналасқан 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.
Бүгінгі күні құны 1,2 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 271 жұмыс орыны ашылған. 
Сондай-ақ, 2018 жылы құны 101,6 млрд.теңгені құрайтын, 561 жұмыс орыны ашылатын 5 жобаны іске қосу жоспарлануда.
1. Қызылорда қаласындағы "Орда Гласс Лтд" ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонн. құрайтын табақша шыны өндіру және өңдеу зауыт» жобасы (жоба құны 36,7 млрд.теңге, жұмыс орны-310 адам);    
2. Қызылорда қаласындағы  "Тримо" ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500  тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы (жоба құны - 871,5 млн.теңге, жұмыс орны-58 адам); 
3. Шиелі ауданындағы "Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС-нің "Цемент зауытының құрылысы" жобасы (жоба құны-64 млрд.тенге, жұмыс орны-260 адам);
4.  Қазалы ауданындағы «Агро Опт Сервис» ЖШС-нің  «Көкөніс өнімдерін өңдеу және қойма салу» жобасы (жоба құны-50,0 млн.тенге, жұмыс орны 10 адам);
5. Қазалы ауданындағы «А.Аби» ЖК «Жылыжай құрылысы» жобасы (жоба құны -10,0 млн.теңге, жұмыс орны 7 адам).
 

Инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар
2017 жылдың 12 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі алдын-ала есеппен 241,1 млрд.теңге құрап өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5 % артты.
«Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңестің» 4 отырысы өткізілді.
Нәтижесінде ірі инвестициялық жобаларға қатысты 12 мәселе қаралып, «Фирма Балауса» ЖШС-не инвестициялық жеңілдіктер алу үшін құжаттар әзірлеп тапсыруына ықпал жасалды, облыстың инвестициялық стратегиясы кеңес отырысында қабылданды, индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясын «Орда Гласс Лтд» ЖШС мен «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп құру туралы шешім қабылданды.
Қазіргі таңда, облыста құны 192,2 млрд.теңге құрайтын 36 жоба орналасқан 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.
Бүгінгі күні құны 1,2 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 271 жұмыс орыны ашылған. 
Сондай-ақ, 2017 жылы құны 372,5 млн.теңгені құрайтын, 112 жұмыс орыны ашылған 5 жоба іске қосылып, тұрақты жұмыс жасауда: 
1. Арал ауданындағы "ЖаңаАрал" ЖШС-ның "Қаптама кірпіш шығару өндірісі" жобасы (жоба құны-131,5 млн.тг, жұмыс орны-45 адам);      
2. Қазалы ауданындағы ЖК "Ж.Карымсаков" "Бетон бұйымдарын өңдеу цехы" жобасы (жоба құны-22,0 млн.тг, жұмыс орны-14 адам);                                                                                                                            
3. Қармақшы ауданындағы "Мир-2001" ЖШС-ның "Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехы" жобасы (жоба құны-45,0 млн.тг, жұмыс орны-12 адам);
4. Қазалы ауданындағы ЖК «Р Мамбетжанов» «Темір бетон бұйымдарын шығару зауыты» жобасы (жоба құны-50,0 млн.тенге, жұмыс орны 21 адам);
5. Шиелі ауданындағы ЖК «Шиелі-Жолшы» ЖШС-ның «Темір бетон өндіру зауыты» жобасы (жоба құны-124,0 млн.тенге, жұмыс орны 20 адам).
2017 жылғы 19 маусымда «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет форумы өткізіліп, Ресей, Қытай, Израиль, Ұлыбритания, Нидерланд, Түркия, Финляндия, Дания және Әзірбайжан сияқты әлемнің 9-дан астам елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан 20-дан астам халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
Инвестициялық форум «Байқоңыр Инвест».
2017 жылдың 15-16 қараша күндері Қызылорда облысында кезекті 9 өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. 
Форумға Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Польша сияқты 7 мемлекеттің делегациялары қатысты. Форум аясында ынтымақтастық туралы 23 келісім мен меморандумға қол қойылды. 
Форум аясында қатысушылардың инвестициялық жобаларының көрмесі, сонымен қатар Ресей, Иран, Қытай және Өзбекстан елдерімен өзара ынтымақтастықтың келешегі тақырыбында секциялық отырыстар, В2В, G2B, G2G кездесулер өтті. 

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында атқарылған жұмыстар
 
2017 жылдың 28 ақпанында облыс әкімі орынбасары Е.Кимнің төрағалығымен, облыстық ЖОО  және кәсіптік білім беру орындарының  қатысуымен «Астана- ЭКСПО-2017» жылына арналған ғылыми– іс-тәжірибелік «Келешек инновациясы, Баламалы көздер» тақырыбында жас ғалымдардың конференциясы мен «Келешек инновациясы» стартап техно- эстафетасы (көрме)  ұйымдастырылып өткізілді. 
2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау  жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 4 отырысы өтті. 
2017 жылғы 31 қаңтарда Басқарма басшысы Р.Сұлтангереевтің 
төрағалығымен бірінші салалық комиссия отырысы болды. Комиссияда 4 жоба қаралып, нәтижесінде 3 жобаның құжаттарын толық жинақтап, қайта қарауға және қалған 1 жобаны өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасына енгізуден бас тартуға шешім етілді. 
Салалық комисссияның  екінші отырысы 2017 жылдың 27 наурызда өтті. Комиссияда 3 жоба қаралды. Нәтижесінде, 1 жоба Өңірлік үйлестіру кеңесіне шығаруға, 1 жоба комиссияның  келесі  отырысына қайта қарауға және қалған 1 жобадан бас тартуға шешім  етілді.
2017 жылғы 28 сәуірде Басқарма   басшысы Р.Сұлтангереевтің төрағалығымен бірінші салалық комиссия  отырысы болды. Комиссияда 1 жоба қаралып, нәтижесінде жоба құжаттарына жасалған ескертулерді 16.05.2017 жылғы мерзімге дейін жоюға шешім етілді.
Салалық комиссияның екінші отырысы 2017 жылғы 5 маусымда өтті. 
Комиссияда 1 жоба қаралып, ескертусіз келес Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынуға шешім етілді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің  21 отырысы болып өтті. Оның 4 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселе бойынша, облыс әкімі Е.Кимнің төрағалығымен өткізілді. 
ӨҮК бірінші отырысы басқарма құзыретіндегі мәселе бойынша 2017 жылдың 28 наурызында, облыс әкімі Е.Кимнің төрағалығымен өткізілді. Нәтижесінде Өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасынан  3 жоба  шығаруға және 1 жоба бойынша жоба жетекшісінің өтінішіне орай, жоба атауын өзгертуге шешім етті.
ӨҮК-ң екінші отырысы 2017 жылғы 21 сәуірде өтті. Кеңесте 4 жоба 
қаралды. Ондағы 1 жоба Республикалық индустрияландыру картасына ұсынылып, 1 жоба экспортқа бағытталмауына және қаржылық мәселесінің шешілмеуіне байланысты Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілуден бас тартылды. Сондай-ақ, 1 жоба құжаттарын толықтырып және қаржыландыру мәселесін шешіп, қайта ӨҮК-де қарауға және 1 жобаны картаға енгізуге шешім етілді. Және 1 жоба бойынша жоба жетекшісінің өтінішіне орай, жоба атауын өзгертуге шешім етті.
2017 жылғы 9 маусымда ӨҮК-ң үшінші отырысы болып өтті.Кеңесте 1 жоба қаралып, нәтижесінде жобаны картаға енгізуге шешім етілді.
Кеңестің төртінші отырысы 2017 жылғы 16 маусымда өткізіліп, 1 жоба қаралды. Нәтижесінде  жобаны картаға енгізуге шешім етілді.
Сондай-ақ, 2017 жылғы 5 сәуірде облыс әкімінң орынбасары Е. Кимнің төрағалығымен Қызылорда  облысындағы  инвестициялық климатты жақсарту және инвестор тарту жөніндегі өңірлік кеңес отырысы болып өтті. Кеңесте 3 ірі жоба қаралды.Кеңес отырысы нәтижесінде, жобаларға қатысты негізгі мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.
2017 жылдың 26-27 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Өнеркәсіп пен саудадағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Өзбекстан Республикасына   іс-сапармен болды.
Жұмыс сапардың бірінші күні делегация Шахи Зинда кесенесіндегі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қабіріне гүл шоқтарын қойды және "Навои" еркін индустриалды-экономикалық аймағымен танысты.
27 қаңтар күні Қырымбек Көшербаев Өзбекстан Республикасының олий мәжіліс сенатының бірінші орынбасары Содико Сафоевпен, Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усмановпен және «Узавтопром» АҚ-ның ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумына белсенді қатысқаны үшін әріптестеріне алғысын білдірді және "ЭКСПО - 2017" халықаралық көрмесі аясында Арал аймағын тамашалауға шықарды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-2 ақпан күндері Қызылорда облысына Иран Ислам Республикасы (ИИР) Мазандаран провинциясы губернаторының орынбасары Юнеси Ростами Алиреза Алиджан бастаған делегация екі күндік жұмыс сапарымен болды. Сапар мақсаты –экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, бірлескен бизнес жоспарларға қатысу. Іс-сапардың бірінші күні делегация мүшелері шыны зауытының құрылыс алаңын көрді, «Абзал және К», «Смарт Раббер», «Жан-Арай Жем» кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтып берді. Мәселен, инвесторларды құс өсіру, мал және егін шаруашылығы, жылыжайлар салу, өндеу өнеркәсібі және т.б. жобалар мен Қызылорда облысына Иран балығын, цитрустық, басқа да жеміс-жидек түрлерін экспорттау қызықтыруы мүмкін.
Сондай-ақ, осы күні облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында Иран делегациясы мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті.
Іс-сапардың екінші күні қонақтар Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысып, бизнес қоғамдастықпен В2В форматында кездесу өткізді. Нәтижесінде «Атамекен» ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының және Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы Сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшарушылығы палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, делегация Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, аудан әкімдерінің жиындарына қатысты. Шетелдік қонақтар аудандардың бір топ кәсіпкерлерімен кездесіп, инвестициялық жобалармен танысты.
2017 жылдың 14 наурызда Қызылорда қаласына Нидерланды Корольдігі Елшілігінің Алматы қаласындағы кеңсе басшысы Вилко Роггенкамп  бастаған делегация арнайы іс-сапармен келді. Делегация құрамында Рийк Цваан Алматы (Rijk zwaan Almaty), Филипс Лайтинг Қазақстан (Philips Lighting Kazakhstan) сияқты голландиялық компания өкілдері  болды. Іс-сапардың мақсаты - денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, қоршаған орта, энергетика, қала жарығын қайта жабдықтау және қаланың жаңа бөлігінің құрылысы мәселелері мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Делегацияның облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесу барысында  өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды.
Сонымен қатар, осы күні облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалымен голландиялық делегация мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. 
2017 жылдың 19-21 сәуір аралығында Қызылорда облысына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Итиро Кавабата бастаған делегация жұмыс сапармен келді. Елші аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарын аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысып, содан соң облыс әкімі Қ.Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды
20 сәуір күні Итиро Кавабата бастаған жапон делегациясы Байқоңыр аймағында «СОЮЗ-МС» ғарыш кемесінің ұшырылуына қатысып, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 18 мамырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «YILDIZLAR SSS HOLDING» компаниясының өкілдерімен кездесті. Холдинг құрамындағы компаниялар керамика және керамогранит, бағалы, түсті металдар өндірумен және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысады. Сонымен қатар, холдинг құрылымы энергетика, сауда және басқа да салалардағы активтерді қамтиды. «YILDIZLAR SSS HOLDING»-тің жалпы айналымы шамамен 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды, зауытта 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Кездесу барысында Қызылорда облысындағы газ электр станциясының құрылысы және керамикалық тақтайшалар мен керамограниттерді өндіру, барлау жобаларын бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Холдинг негізін қалаушы Себахаттин Йылдыздың айтуынша, облыс әкімі бұл жобаларды қолдаған және оларды жүзеге асыру болашақта егжей-тегжейлі талқыланатын болады.
2017 жылдың 19-20 мамыр аралығында Қызылорда облысына ҚХР Синцзянь провинциясы Куйтунь қаласынан Куйтунь қаласы хатшысының орынбасары Ванг Гуйенг мырза және «Куйшань Баота» мұнай химиясы компаниясының бас директоры Те Бинь мырза іс-сапармен келді.
Ү.ж.20 мамырда ҚХР-нан келген делегация мүшелері облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Киммен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Куйтунь-Душаньцзы – Синьцзянь провинциясы Куйтунь қаласының экономикалық және технологиялық даму аймағы болып табылады. Ол мұнай химиясы, құрылғыларды жасау өндірісі, дәстүрлі өнеркәсіптік және логистика саласының даму орталығы болып табылады. Қазіргі кезде бұл аймақта 108 өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс жасайды.
Іс-сапардың мақсаты – жергілікті мұнай компанияларымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және энергетика және инфрақұрылым саласында іскерлік қатынас орнату.
Кездесу аясында Қызылорда облысы әкімдігі және Синьцзян провинциясы Куйтунь қаласының әкімшілігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2017 жылдың 29 мамырда Қызылорда облысына Швеция Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі  Христиан Камилл және  Финляндия Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен жұмыс сапармен келді. Елшілер аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарын аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысты.
Содан соң, облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесу  барысында  өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды.
Сонымен қатар, осы күні  елшілер инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға байланысты жиынға қатысты. 
2017 жылғы 19 маусымда отандық және шет елдік компания өкілдерінің қатысуымен «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» атты  ІІ халықаралық интернет форумын өткізді. 
Интернет-форумның мақсаты – қазақстандық, ресей және халықаралық мамандарға Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады.
Форумға «KAZAKH Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Канешев Біржан Бейсекенұлы, «Ресей Федерациясы жер үсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің эксплуатация орталығының» директоры - Камынин Владимир Александрович және модератор ретінде «Бизнес-инкубатор MOST» компаниясының негізін салушы, директор - П.Коктышев қатысты.
Сондай-ақ, Ресей, Қытай, Израиль, Ұлыбритания, Нидерланд, Түркия, Финляндия, Дания және Әзірбайжан сияқты әлемнің 9-дан астам  елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан 20-дан астам халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 100 ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 21 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 62 жер қойнауын пайдаланушы 87 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.
2017 жылдың 1 жарты жылдығында облысымыздағы мұнай операторларымен 3426,0 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 86,9 пайызды құрайды.
Облыстағы жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар талаптарын орындалуы бойынша облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде есеп беруге тиісті ақпараттар әзірленіп ұсынылды. 
Облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, ҚР энергетика Министірі Қ.Бозымбаевтің, «ҚазАтомПром» ҰАҚ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Жұмағалиевтің, облыстың мұнай және мұнай сервистік компанияларының басшыларының  қатысуымен аймақтың мұнайғаз секторының дамуы туралы, уран өнеркәсібі және оның тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алуда қазақстандық мазмұнын дамыту бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізуді үйымдастыру және тиісті акпарат әзірлеу жұмыстары жүргізілді.   
Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреевтің, «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Т. Султанбековтің және кең таралаған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдаланушылармен («УАД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «ҚазПром-Қызылорда» ЖШС) «Шалқия» кеніші аумағындағы қиыршық тас өндіретін зауттарды басқа аумақтарға көшіру туралы мәжіліс өткізу үйымдастырылды және тиісті акпарат ұсынылды.
Жыл басынан бері, Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде 4 сарапшылық комиссия отырысы өткізіліп, онда 10 жер қойнауын пайдаланушылардың: «МыңбұлақДоломит Групп» ЖШС, «Арал Тұз» АҚ, «Өтеміс» ЖШС, «Али Барс» ЖШС– келісімшарттарының іс-әрекет мерзімдерін ұзарту және бекітілген қалдық қорын бірдей көлемде бөлуге, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, «Корпорация DanAke» ЖШС – келісімшарттары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беруге, «Саутс ойл» ЖШС-мен Қазақстан Республикасының Энергетики минитсрілігімен жасасқан келісімшарттарда Қоңырбаева Үрташа және «Petro Asia» АҚ жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығаруға, «Сыр Суы және К» ЖШС – келісімшартпен қарастырылған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған қаржыны төмендету туралы өтініштер қаралып тиісті шешімдер қабылданды.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңнамасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес облыстың жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарына 2013-2016 жыл аралығында  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамыту бойынша облыстық бюджетке түсетін аударымдарға жасалған төлемдеріне талдау жүргізіліп, анықталған Заң бұзышылықтар бойынша «КиД-2003» ЖШС, «Альянс Доломит» ЖШС, «Асыл-Ғани» ЖШС, «Али Барс» ЖШС, «Жайылма-Оңтүстік» ЖШС, «Береке-Оңтүстік» ЖШС, «Кристалл-Тұз» ЖШС, «Қызылорда экспортастық» ЖШС, «Ас-Тұз-М» ЖШС, «Түктібаев» ЖК, «ДанАке» Корпорациясы ЖШС, «Өтеміс» ЖШС, «Саутс Ойл» ЖШС, «Мұхтар Н.К.» ЖШС кәсіпорындарына келісімшарт бойынша қаржылық міндеттемелер бойынша жіберілген кемшіліктерді жою туралы  2017 жылы 17 мамыр күні Хабарлама жолданды.
Осы Заңының талаптарын орындамағаны үшін «УАД» ЖШС жасасқан 20.04.2009 жылғы №67 келісімшарты, «Сыр суы и К» ЖШС 02.03.2009 жылғы №65 келісімшарт міндеттемелерін орындамаған үшін келісімшарттың іс-әрекеті тоқтатылды.
Сонымен қатар, тараптардың келісім бойынша және келісімшарттар мерзімі аяқталуына байланысты «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз» АҚ-ның 21.05.2014 жылғы №157, және 11.05.2007 жылғы №47, №48, №49, №50 келісімшарттарының іс-әрекеттері тоқтатылды.   
Сондай-ақ «КАТЭК» ЖШС-не, Қызылорда қаласының сол жағалауында газ тарату желісінің құрылысын және электр желісінің құрылысын салу нысанында орналасқан 1 және 2-учаскелері аумағында жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы 4-тұжырым берілді, яғни «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында атқарылған жұмыстар
2017 жылдың 28 ақпанында облыс әкімі орынбасары Е.Кимнің төрағалығымен, облыстық ЖОО  және кәсіптік білім беру орындарының қатысуымен «Астана- ЭКСПО-2017» жылына арналған ғылыми–іс-тәжірибелік «Келешек инновациясы, Баламалы көздер» тақырыбында жас ғалымдардың конференциясы мен «Келешек инновациясы» стартап техно- эстафетасы (көрме) ұйымдастырылып өткізілді. 
Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысы болып өтті. Оның 1 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселе бойынша 2017 жылдың 28 наурызында, облыс әкімі Е. Кимнің төрағалығымен өткізілді. Нәтижесінде Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасынан 3 жоба шығаруға және 1 жоба бойынша жоба жетекшісінің өтінішіне орай, жоба атауын өзгертуге шешім етті.
2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.  
2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында іске қосылған жобалар 3,9 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 15,2%-ға кеміген - ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, .«KazFrac» ЖШС (2016 жылдың қаңтар –наурыз айында – 4,6 млрд.тенге).
Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 2,3 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.
ИИДМБ-2 аясында құны 604,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылатын болады, оның ішінде: 
1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 321,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,7 мың адамды жұмыспен қамтитын - 21 жоба; 
2) Республикалық картасында - құны 283 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,5 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба. 
2017 жылдың 26-27 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Өнеркәсіп пен саудадағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Өзбекстан Республикасына іс-сапармен болды.
27 қаңтар күні облыс әкімі Өзбекстан Республикасының Олий мәжіліс сенатының бірінші орынбасары Содико Сафоевпен, Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усмановпен және «Узавтопром» АҚ-ның ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумына белсенді қатысқаны үшін әріптестеріне алғысын білдірді және "ЭКСПО - 2017" халықаралық көрмесі аясында Арал аймағын тамашалауға шықарды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтып берді. Мәселен, инвесторларды құс өсіру, мал және егін шаруашылығы, жылыжайлар салу, өндеу өнеркәсібі және т.б. жобалар мен Қызылорда облысына Иран балығын, цитрустық, басқа да жеміс-жидек түрлерін экспорттау қызықтыруы мүмкін.
2017 жылдың 14 наурызда Қызылорда қаласына Нидерланды Корольдігі Елшілігінің Алматы қаласындағы кеңсе басшысы Вилко Роггенкамп  бастаған делегация арнайы іс-сапармен келді. Делегация құрамында Рийк Цваан Алматы (Rijk zwaan Almaty), Филипс Лайтинг Қазақстан (Philips Lighting Kazakhstan) сияқты голландиялық компания өкілдері  болды. Іс-сапардың мақсаты - денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, қоршаған орта, энергетика, қала жарығын қайта жабдықтау және қаланың жаңа бөлігінің құрылысы мәселелері мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 98-ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 21 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 58 жер қойнауын пайдаланушы 86 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.
2017 жылдың 1 тоқсанда облысымыздағы мұнай операторларымен 1700,3 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84,6 пайызды құрайды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, ҚР энергетика Министірі Қ.Бозымбаевтің, «ҚазАтомПром» ҰАҚ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Жұмағалиевтің, облыстың мұнай және мұнай сервистік компанияларының басшыларының  қатысуымен аймақтың мұнайғаз секторының дамуы туралы, уран өнеркәсібі және оның тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алуда қазақстандық мазмұнын дамыту бойынша кеңейтілген мәжіс өткізудің үйымдастыру және акпарат әзірлеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреевтің, «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Т. Султанбековтің және кең таралаған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдаланушылармен («УАД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «ҚазПром-Қызылорда» ЖШС) «Шалқия» кеніші аумағындағы қиыршық тас өндіретін зауттарды басқа аумақтарға көшіру туралы мәжіліс өткізу үйымдастырылды және тиісті ақпарат ұсынылды.
2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 173,3 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95,4% құрады.
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.

2016  жылдың 12 айында  атқарылған жұмыстар 
 
Қазақстан Республикасындағы өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру мақсатында ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі №315 Жарлығымен «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген.
Осы бағдарлама негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) өңдеуші өнеркәсіп бағытына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларын «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу» шараларын алу үшін жоғарыда аталып өтілген нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 11 тамыздағы №48-нқ бұйрығымен Индустрияландыру және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау және өңірлік сараптама жүргізу жөніндегі облыстық комиссиясы құрылды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 16 тамыздағы №360 өкімімен Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі құрамына өзгеріс енгізіліп, жаңа ережелер бекітілді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің 35 отырысы өткізіліп, оның 11 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына жобаларды енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 11 отырысының нәтижесінде жалпы құны 250,5 млрд теңгені құрайтын 26 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 1491) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.
Нәтижесінде 16 жобаға жер телімін алуға, 1 жобаға жер пайдалану құқығын конкурссыз тікелей келіссөздер арқылы беруге, 5 жобаны индустрияландыру картасына енгізуге, 1 жобаны заңды тұлғаның аты қайта өзгертуге хаттамалық шешім дайындалса, ал қалған 3 жобаға қарсылық білдірілді.
«Қызылорда облысы бойынша өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасын бекіту туралы Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы №477 қаулысына 2016 жылдың 22 желтоқсандағы Облыс әкімдігінің № 667  қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жалпы құны 336,5 млрд.тенгенің 21 инвестициялық жоба бекітілді.
2016 жылдың 20 қаңтарда өкімімен Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес құрылды.
(облыс әкімінің 20.01.2016 ж №191-ө өкімі, кеңес құрамының мүшелері өзгеруіне байланысты 29.04.2016ж облыс әкімінің №278-ө өкімі құрылды.)
Аталған Өңірлік кеңес  құрамы облыс әкімінің орынбасарларынан, облыстық мемлекеттік мекемлерінің басшыларынан, қаржы институттары, шетел компаниялар басшыларынан  қалыптасты. 
22.07.2016 жылы кеңестің алғашқы отырысы өткізілді, отырыста Қызылорда облысының 2020 жылдарға дейінгі инвестициялық стратегиясы бекітілді. 
Сондай-ақ 3 ірі инвестициялық жобалардың шыны зауыты, күріш кеспесі және ҚРХ инвесторлардың қатысуымен мия тамырын өңдеу зауыты жобасының іске асырылуы қаралды. 
Отырыс қорытындысы бойынша іске асырылып жатырған жобалардың туындаған мәселелерін шешу бойынша хаттамалық тапсырмалар қабылданды.
Қазіргі таңда кеңес мүшелері өзгеруіне байланысты кеңестің құрамына өзгерістер енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

2016  жылдың 9 айда  атқарылған жұмыстар 
 
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Кәсіпкерлік Кодексі» қолданысқа енгізілді. Жаңа кодекске сәйкес, «Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші жойылуына байланысты индустрияландыру карталарының атауы бұдан әрі «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін  қолдау карталары» атауымен өзгертілген болатын.
2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту Мемлекеттік Бағдарламасы аясында «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін  қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы» облыс әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі  №256-ө өкімімен Өңірлік үйлестіру кеңесі құрылды.
Сонымен қатар, өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 9 наурыздағы №10-НҚ бұйрығымен индустрияландыру және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссиясы құрылды.
Жоғарыда аталған өкімдерге сәйкес, 2016 жылдың 9 айында (қаңтар – қыркүйек айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында құны  2,8 млрд. теңге құрайтын 23 жоба қаралып, (іске қосылғаннан кейін 509 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады) сараптамалық оң қорытынды берілді және өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 22 отырыс өткізіліп, 6 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (қызылорда облысы бойынша өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 6 отырысының нәтижесінде жалпы құны 247,8 млрд. теңгені құрайтын  23 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 1590) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.
Сонымен қатар, Инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасасу, инвесторларды сүйемелдеу үшін жауапты тұлғаларды айқындау бойынша бірлескен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  ү.ж. 20 қаңтарда №29 Қаулысы және Қызылорда облысы әкімдігінің   ү.ж. 17 наурызда №393 Бұйрығы қабылданды.
Осы ретте, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда қаласының №1 бөлімінде 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап, сапалы кеңес беру, мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу және толық мониторинг жүргізу мақсатында «Бір терезе» қағидаты негізінде инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсету секторы (бұдан әрі - сектор) ашылып, тұрақты жұмыс жасауда. 
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы арқылы ү.ж жылдың басынан бастап  «Бір терезе» қағидаты негізінде 67 мемлекеттік қызмет, 81 кеңес көрсетілген.
Сонымен қатар, ү.ж. 8 сәуір және 20 шілде күндері ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» АҚ қатысуымен инвесторларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша 150–ден астам адам қамтылған 2 танымдық семинар өткізілді.
Сондай ақ, өңірімізде 2013 жылдан бастап «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ жанынан Инвесторларға қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетіп келеді.       
Нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-шілде аралығында аталған сектор арқылы  өңіріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тікелей  және шетелдік инвесторларды тарту, инвестициялық жобаны іске асырудағы, іске асыратын инвесторлар қызметінде және ресми сапар барысында пайда болған мәселелерді шешуге ықпал жасау бойынша 17 қызмет көрсетіліп, кеңес берілген.
Ү.ж. 20 қаңтарда Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес құрылды. (облыс әкімінің 20.01.2016 ж №191-ө өкімі, кеңес құрамының мүшелері өзгеруіне байланысты 29.04.2016ж облыс әкімінің №278-ө  өкімі құрылды.)
Кеңес құрамы – облыс әкімінің орынбасарларынан, облыстық мемлекеттік мекемелерінің басшыларынан, қаржы институттары және шетел компаниялар басшыларынан  қалыптасты.
Кеңес мақсаты – елдің бірегей инвестициялық саясатын  жүзеге асыру, шетелдік және отандық инвестицияларды тарту мен оны ұтымды түрде қолдануға көмек беру.
Міндеті:
Қызылорда облысына инвестициялар тарту бойынша инвестициялық  стратегияларды қарастыру;
Трансұлттық компнаияларды қоса алғанда, шетелдік инвесторлардың қатысуымен нақты инвестициялық жобаларды қарастыру;
Әр түрлі саладағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда, шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалардың жүзеге асуы, инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды тыңдау.
2016 жылғы 22 шілдеде кеңестің алғашқы отырысы өткізілді, отырыста «Қызылорда облысының 2020 жылдарға дейінгі инвестициялық стратегиясы» бекітілді.
Сондай-ақ 3 ірі инвестициялық жобалардың шыны зауыты, күріш кеспесі және ҚХР инвесторлардың қатысуымен мия тамырын өңдеу зауыты жобасының іске асырылуы қаралды. 
Отырыс қорытындысы бойынша іске асырылып жатырған жобалардың туындаған мәселелерін шешу бойынша хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша (қаңтар-маусым) инвестициялық жобалар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар
 
Қазақстан Республикасындағы өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру мақсатында ҚР Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген.
Осы бағдарлама негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) өңдеуші өнеркәсіп бағытына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларын «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу» шараларын алу үшін жоғарыда аталып өтілген нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 9 наурыздағы №10-нқ бұйрығымен Индустрияландыру және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау және өңірлік сараптама жүргізу жөніндегі облыстық комиссиясы құрылды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі №256-ө өкімімен Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі құрамына өзгеріс енгізіліп, жаңа ережелер бекітілді.
Жоғарыда аталған өкімдерге сәйкес, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша (қаңтар - маусым айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында құны 248,9 млрд. теңге құрайтын 19 жоба қаралып, (іске қосылғаннан кейін 1379 жаңа жұмыс орындары құралады) сараптамалық оң қорытынды берілді және өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 13 отырыс өткізіліп, 5 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 5 отырысының нәтижесінде жалпы құны 248,9 млрд теңгені құрайтын 19 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 1379) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.
«Қызылорда облысы бойынша өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасын бекіту туралы Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы №477 қаулысына 2016 жылдың 28 маусымында Облыс әкімдігінің № 503 қаулысымен өзгертулер енгізіліп, жалпы 49 инвестициялық жобамен толықтырылды.
Облысымызыға инвестиция тарту мақсатынада ағымдағы жылдың 27-28 мамыр күндері Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласында VІІ «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. Форумға әлемнің 12 мемлекетінен келген бизнес-қауымдастық, банк секторы, инвесторлар және мемлекеттік органдар даму институттары, ұлттық компаниялар, отандық кәсіпкерлер ғылыми зерттеу институттарының өкілдері қатысты. 
Форум аясында шағын және орта бизнесті дамыту, ауылшаруашылық өнеркәсібінің кооперациядағы болашағы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің және туризм саласының дамуы сияқты мәселелер талқыланып, меморнадумдарға қол қойылды. 
Сонымен қатар, шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ағымдағы жылдың күз айларынада VIII «Байқоңыр «Инвест» халықаралық инвестициялық форумын өткізу жоспарлануда. 

2016  жылдың бірінші  тоқсанында атқарылған жұмыстар

Өзіңізге белгілі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Кәсіпкерлік Кодексі» қолданысқа енгізілді. Жаңа кодекске сәйкес, «Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші жойылуына байланысты индустрияландыру карталарының атауы бұдан әрі «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін  қолдау карталары» атауымен өзгертілген болатын.
2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту Мемлекеттік Бағдарламасы аясында «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін  қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы» облыс әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі    №256-ө өкімімен Өңірлік үйлестіру кеңесі құрылды.
Өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 9 наурыздағы №10-НҚ бұйрығымен индустрияландыру және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссиясы құрылды.
Жоғарыда аталған өкімдерге сәйкес, 2016 жылдың 3 айында (қаңтар – наурыз  айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында құны 1612,5 млн. теңге құрайтын 6 жоба қаралып, (іске қосылғаннан кейін 166 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады) сараптамалық оң қорытынды берілді және өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 5 отырыс өткізіліп,1 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 1 отырысының нәтижесінде жалпы құны 449,5 млн. теңгені құрайтын  5 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 96) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.
Сонымен қатар, инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасасу, инвесторларды сүйемелдеу үшін жауапты тұлғаларды айқындау бойынша бірлескен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ү.ж. 20 қаңтарда №29 бұйрығы және Қызылорда облысы әкімдігінің ү.ж. 17 наурызда №393 қаулысы  қабылданды. 
Ү.ж. 20 қаңтарында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың №191 өкімімен «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес» құрылды. Қазіргі таңда кеңес мүшелері өзгеруіне байланысты кеңестің құрамына өзгерістер енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

 


Республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі эксперттік комиссиясына ұсынылған жобалар туралы

Республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі эксперттік комиссиясының отырыстары облыс әкімдігінің мәжіліс залында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Басқармамен эксперттік комиссия отырыстарында қолдау тапқан жобалар  Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жолданылып отырады.
2015 жылдың 12 айында (қаңтар - желтоқсан айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында құны 203,5 млрд. теңге құрайтын 28 жоба қаралып, (іске қосылғаннан кейін 3118 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады) сараптамалық оң қорытынды берілді.

Қызылорда облысын индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесіне ұсынылған жобалар туралы 

2015 жылдың 12 айында (қаңтар - желтоқсан айлары аралығы) өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 29 отырыс өткізіліп, 13 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 13 отырысының нәтижесінде жалпы құны 203,5 млрд теңгені құрайтын 28 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 3118) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.


Республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі эксперттік комиссиясына ұсынылған жобалар туралы
 
Республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі эксперттік комиссиясының отырыстары облыс әкімдігінің мәжіліс залында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Басқармамен эксперттік комиссия отырыстарында қолдау тапқан жобалар  Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жолданылып отырады.
 
2015 жылдың 9 айында (қаңтар - қыркүйек айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында 292 млрд. теңгенің 22 жобасы қаралып, (іске қосылғаннан кейін 2122 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады) сараптамалық оң қорытынды берілді.
 
Қызылорда облысын индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесіне ұсынылған жобалар туралы 
 
2015 жылдың тоғыз айында (қаңтар – қыркүйек айлары аралығы) өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 19 отырыс өткізіліп, 9 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысының нәтижесінде жалпы құны 288,6 млрд теңгені құрайтын 20 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 2061) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіген хаттама рәсімделді.
Өңірлік үйлестіру кеңесінің хаттамалық шешіміне сәйкес қазіргі таңда 20 жобаға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.
 

Республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі эксперттік комиссиясына ұсынылған жобалар туралы
 
Республикалық және өңірлік  индустрияландыру карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі эксперттік комиссиясының отырыстары облыс әкімдігінің мәжіліс залында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Басқармамен эксперттік комиссия отырыстарында қолдау тапқан жобалар Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жолданылып отырады.
2015 жылдың 6 айында (қаңтар - маусым айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында қаралып, 109,3 млрд. теңгенің 19 жобасына (іске қосылғаннан кейін 1716 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады) оң сараптамалық қорытынды берілді.
 
Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесіне ұсынылған жобалар туралы 
2015 жылдың 1 жартыжылдығында (қаңтар - маусым айлары аралығы) өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 13 отырыс өткізіліп, 6 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына енгізу). өңірлік үйлестіру кеңесінің 6 отырысының нәтижесінде жалпы құны 96,7 млрд теңгені құрайтын 11 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары- 1260) мақұлданып, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы хаттама рәсімделді. 
Өңірлік үйлестіру кеңесінің хаттамалық шешіміне сәйкес қазіргі таңда 11 жобаға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.

Индустрияландыру картасына жоба ұсынуға қатысты
 
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жалпы құны 165,7 млрд.теңге құрайтын 4 жоба республикалық индустрияландыру картасына қосу үшін жолданды. Жұмыс орны – 1660 адам.
Оның ішінде қазір 1 жоба - перспективті жоба ретінде республикалық индустрияландыру картасына енгізілді (Шалқия).
Анықтама:
1) «Тау-Кен Самрук» АҚ мен «Шалқия Цинк» ЖШС-гі «Шалқия» кен орнында «Шалқия полиметалдық кен орнын өнеркәсіптік байыту және кен-байыту фабрикасының құрылысы» жобасын іске асыруды жоспарлауда.
Жоба құны – 75,9 млрд теңге, жұмыс орны – 1540 адам, қуаттылығы – жылына 66 мың тонна қорғасын, 230 мың тонна  мырыш-қорғасын.
Жоба перспективті жоба ретінде республикалық индустрияландыру картасына енгізілді. 
2) «ЮжШахтоСтрой» ЖШС «Қуаттылығы 75 мВт жел электр станциясының құрылысы жобасы», құны – 52,5 млрд.тенге, жұмыс орны – 40 адам, іске асыру орны – Жаңақорған ауданы. 
3) «Global Energy Company» ЖШС «Қуаттылығы 24,94 Мвт жел-күн электростанциясы құрылысы» жобасы, құны – 8,0 млрд.теңге, жұмыс орны – 30 адам, іске асыру орны – Жаңақорған ауданы.
4) «Корпорация «DANAKE» ЖШС «Цемент зауыты» құрылысы жобасы, құны – 29,3 млдр.тенге, жұмыс орны - 50 адам, қуаты – 1,0 млн тонна. Іске асырылу орны – Шиелі ауданы.
24.04.2015

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлектетік бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат
Индустрияландыру картасына жоба ұсынуға қатысты
Өңірлік индустрияландыру картасына 2014 жылы жалпы құны 4,8 млрд теңге құрайтын 2 жоба қосылды («Максима логистикс Казахстан» ЖШС – керамикалық кірпіш шығару зауыты және «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – жұмыс жасап тұрған мұнай өңдеу зауытын кеңейту). 
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жалпы құны 136,4 млрд.теңге құрайтын 3 жоба республикалық индустрияландыру картасына қосу үшін жолданды:
1) «Тау-Кен Самрук» АҚ «Шалқия Цинк» ЖШС-гі «Шалқия» кен орнында «Шалқия полиметалдық кен орнын өнеркәсіптік байыту және кен-байыту фабрикасының құрылысы» жобасын іске асыруды жоспарлауда.
Жоба құны – 75,9 млрд теңге, жұмыс орны – 1540 адам, қуаттылығы – жылына 66 мың тонна қорғасын, 230 мың тонна мырыш-қорғасын.
2) «ЮжШахтоСтрой» ЖШС «Қуаттылығы 75 мВт жел электр станциясының құрылысы жобасы», құны – 52,5 млрд.тенге, жұмыс орны – 40 чел.
3) «Global Energy Company» ЖШС «Қуаттылығы 24,94 Мвт жел-күн электростанциясы құрылысы» жобасы, құны – 8,0 млрд.теңге, жұмыс орны – 30 адам, іске асыру орны – Жаңақорған ауданы.
Сондай-ақ, болашақта салалық министрлікке республикалық картаға қосу үшін жалпы құны 66,8 млрд теңге құрайтын 3 ірі жоба жолданатын болады. 
1) «Жанакорган энерджи» ЖШС «Қуаттылығы 50 мвт күн электр станциясы» жобасы», құны – 17,1 млрд тенге, жұмыс орны - 40 адам. Жобаны іске асыру үшін «Жаңақорған энерджи» ЖШС құрылған, Жаңақорған ауданынан жер берілген. Техника-экономикалық негіздеме жасалып, девальвацияға сәйкес қайта әзірленіп, қазір «Самұрық-Қазына инвест» ЖШС келісімнен өтіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге ұсынылды. Құрылыс жұмыстарын бастау – I тоқсан 2015ж.
2) «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Ваота» қытай компаниясының «Машина жасау зауыты» жобасы, құны - 3,7 млрд тенге, жұмыс орны - 116 адам. «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ ТЭН әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз анықталып, ТЭН әзірленді. Серіктес компания іздестірілуде.
3) «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Ваота» қытай компаниясының «Арнайы және кешенді қорытпалар әзірлеу бойынша ферроқорытпа зауыты» жобасы, құны – 240 млн АҚШ долл немесе 46 млрд.тенге, жұмыс орны – 600 адам. 

Индустрияландыру картасына жоба ұсынуға қатысты
 
2014 жылы өңірлік индустрияландыру картасынан тыс жалпы құны 2,8 млрд теңге құрайтын 9 жобаны іске қосуды және 223 жұмыс орнын құру жоспарланған. Осыған орай қазіргі таңда құрылыс материалдарын шығару және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша 1410,3 млн. теңгенің 3 жобасы іске қосылып, 76 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ағымдағы жылдың ІV тоқсанында индустрияландыру картасынан тыс 1429,7 млн. теңгенің 6 инвестициялық жобасын жүзеге асыру және қосымша 147 жұмыс орындарының ашу күтілуде. 
2014 жылдың 9 айында «Үдемелі индустриялық даму жөніндегі Аймақтық үйлестіру кеңесінде» және «Жобаларды индустрияландыру картасына енгізу жөніндегі эксперттік комиссия» отырыстарында металлургия, құрылыс, туризм, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу саласы бойынша 160,2 млрд. теңгенің 49 жобасы қолдау тапты. 
Ү.ж. бірінші жарты жылдығындағы өзектендіру барысымен Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде құны 4,8 млрд теңге құрайтын 2 жоба мақұлданды.  
Үстіміздегі жылдың IV тоқсанында өткізілетін индустрияландыру картасының өзектендіру барысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жалпы сомасы 97,7 млрд теңге құрайтын 19 жоба жолданды.

Инвестициялық жобалар туралы ақпарат  
 
2014 жылы өңірлік индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 4,2 млрд теңге құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарланған, оның ішіндеқазіргі таңда 1 жоба іске қосылған.
1) Қызылорда қаласында «Хуа ю интернационал  в Кызылорде» ЖШС «Химиялық реагенттер өндірісінің көлемін ұлғайту жобасы». Жоба құны - 500 млн. теңге. Жұмыс орны – 24 адам. Қуаттылығы – жылына 2,0 мың тонна. Жоба жұмыс жасап тұрған химиялық реагенттер өндірісін ұлғайтуға бағытталған.   
Нысан 2014 жылғы бірінші тоқсанда іске қосылды. 
Компания арқылы өндірілетін химиялық реагенттер мұнай құбырларының шіруі, корозияға ұшырауы, қақ тұруы төмендеп, пайдалану мерзімі ұзарады. 
«Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС-гі химия реагенттерін өндіретін Қызылорда облысында бірден - бір жалғыз компания болып саналады. 
Кәсіпорын арқылы химиялық реагенттерді автоматты түрде құю бойынша құрал-жабдық алынған. 
Кәсіпорын 6 түрлі химиялық реагенттер шығарады. Қазіргі таңда, химиялық реагенттерді сату бойынша «СНПС Айдан мұнай» АҚ және   «ПетроКазахстанқұмкөлРесорсиз» АҚ келісім-шар жасалған. 
2014 жылдың бірінші тоқсанында 309,6 тонна химиялық реагенттер өндірілген. 
2) «Жан Арай Жем» ЖШС «құрама жем өндіру зауыты» іске қосылады. Жоба құны – 375,9 млн теңге. Жұмыс орны іске қосылғанда – 60 адам.  Қуаттылығы - тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру. Нысан 2014 жылғы екінші жарты жылдықта іске қосылады. 
3) «Арал тұз» АҚ «Техникалық және ас тұзын өндіру» өндірісін жаңғырту жобасы. Жоба құны – 1,5 млрд теңге. Қуаттылығы: барлығы – жылына 200,0 мың тонна, оның ішінде: ас тұзы жылына 170,0 мың тонна, техникалық тұз жылына 30,0 мың тонна. Жұмыс орны – 343. Жалпы алғанда «Арал тұз» АҚ жаңа зауытта жұмыс жасайтын адамдарды қоса есептегенде барлығы - 741 адам жұмыс жасайды. Жоба тұз өндіру бойынша өндірісті ұлғайтуға бағытталған.  
Кәсіпорын тұз өндіруге арналған құрал-жабдық өндіруден дүние жүзі бойынша көшбасшы «Construcciones Mecanicas J.SERRA, S.A.» (Испания) компаниясының жаңа құрал-жабдықтары алынған. 
Нысан 2014 жылғы екінші жарты жылдықта іске қосылады. 
4) «Бис групп» ЖШС-нің «Мия тамырын өңдеу зауытын ашу және мияны өсіру» жобасы. Жоба құны – 1,8 млрд теңге. Қуаттылығы -  1000 тн мия тамырының экстраты, 100 тн. глициризинат моноаммония. Жұмыс орны - 156 адам тұрақты, 564 адам маусымдық. Нысан 2014 жылғы екінші жарты жылдықта іске қосылады.  
Сонымен бірге, индустрияландыру картасынан тыс  ү.ж. қаңтар айында «Смарт Раббер» ЖШС-нің ескі автөкөлік дөңгелектерін қайта өндеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығаратын өндіріс орыны ашылды. 
Бұл зауыт үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған инновациялық жоба болып табылады. 
Шығарылатын құбыр түтікшелер инновациялық өнім болып табылады және  Қазақстанда баламасы жоқ.
Жоба біріншіден инновациялық технологияға негізделген болса,  екіншіден қалдықсыз «Жасыл экономика» принциптерінің жүзеге асуына өз септігін тигізеді. Ойын аландарына қажетті өнім шығаратын болады Жоба құны - 500 млн. теңге. , қуаттылығы - жылына 270 тонна резеңке ұнтақ, 440 тонна белсендірілген резеңке ұнтақ, 3,9 млн. метр жер асты суару түтігін шығару. Кәсіпорында 40 жұмыс орны құрылған. 
Зауыт Германиялық технология бойынша жұмыс жасайды. 
Сондай-ақ, ү.ж. бірінші жарты жылдықта  индустрияландыру картасынан тыс «Шиелі тас оңтүстік» ЖШС әктас шығару зауыты жобасының іске қосылуы күтілуде. Жоба құны -777 млн теңге. Қуаттылығы - жылына 60,0 мың тонна әк шығару. Жұмыс орны – 75 адам. 
 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ

2013 жылдың ІІ жартыжылдығындағы өзектендіру нәтижесімен Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында облысымызда жалпы құны 151,7 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылуда. Оның ішінде «Шыны зауыты құрылысы» республикалық карта аясында жүзеге асырылуда. Жобаға 18,8 млрд. теңге көле­мінде инвестиция салынатын болады. Жоғары технологияларды пайдалану арқылы экс­портқа бағытталған өнім шығару арқылы аймақ эко­номикасының дамуына, облыстағы өндіріс саласын жаңа бір серпінге көтеруге зор ықпал жасай­тын бұл өндіріс орнының алар орны ерекше. 

Өңірлік индустрияландыру картасындағы 23 жобаның 14-і 2010-2012 жж. іске қосылып 799 жаңа жұмыс орындары құрылған.

2013 жылдың қорытынды есебі қаңтар айында шығарылатындықтан іске қосылған жобалардың барлығының «жоспарлы  қуаттылықты» 100 пайызға менгеруі күтілуде.

2013 жылы 20 желтоқсанында өткен «Индустрияландыру күні» жалпы ұлттық телекөпір аясында «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауытының  ІІ кезені жалпы құны 4,3 млрд. теңге көлеміндегі 18,5 мВт электр энергия өндіретін энергокешенді іске қосты. Энергокешеннің бір ерекшелігі күкірт қышқылын өндіру барысында бөлінетін будан электр энергиясы өндіріліп, қоршаған ортаға залалы тимейтін өндіріс орыны болып саналады.

Сондай-ақ жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану бағытында Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-Ю» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауыты жанында сағатына 420 квт электр энергиясын өндіретін күн электр станциясы іске қосылды.

Алдағы 2014-2018 жылдары индустрияландыру картасындағы қалған 10 жоба іске қосылып оның аясында 1881 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады деп күтілуде.

Сонымен қатар жыл қорытындысымен өңірлік индустрияландыру картасына жалпы құны 6,6 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба енгізілді.

2013 жылдың ІІ жартыжылдығында өткізілген өзектендіру қорытындысымен жобаларды индустрияландыру картасына енгізу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы республикада алғашқы 5-ке енді.


Облыс экономикасын дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығару үшін бірқатар жобалар пысықталуда:

Шыны шығару зауытының құрылысы. Аталған зауытты индустриалдық аймақта құру жоспарлануда, яғни 240 га. жерге орналасатын болады. Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна шыныны құрайды.  Зауыт құрылысы аралас кәсіпорындарды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, яғни әлеуметтік тұрақтануға мүмкіндік береді.

Облыс үшін «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орынының жұмысын қайта жандандыру маңызды болып табылады. Өз кезегінде бұл да аралас кәсіпорындарды дамытады. Яғни бұл кәсіпорын Жаңақорған ауданының Шалқия кенті үшін және аудан, облыс үшін жүйе құраушы болып табылады. Бұдан басқа құс фабрикасы, цемент өндірісі, кірпіш зауыттары мен бірқатар өзге де зауыттар орын баса алады.

Бұл жобалардың барлығы энергияны көп тұтынуды қажет етеді. Осы мақсатта жаңа жылуэлектр орталығының құрылысы пысықталуда.

Қолданыстағы орталық 1964 жылы салынған және облыс орталығында орналасқан үйлердің 70 пайызын жылумен қамтудың ең жалғыз көзі болып табылады, қазіргі уақытта өзінің ресурсын айтарлықтай тауысқан. Жаңа ЖЭС құрылысы қаланың энергетикалық қуатын арттырып, шағын және орта бизнесті дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. –темірбетон конструкциясын, ет-балық консервілеу өндірістері және жылыжай кешендерін дамытуға мүмкіндік туындайды.

 

Құрылған күні: 13-09-2012 12:21
Жаңартылған күні: 10-05-2018 16:38

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика