ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда медицина кол­лед­жінде «Үздік Фар­мацевт-2012» байқауы өткізілді. Оның мақсаты – «Фар­мация» бөлімі­нің студенттері арасындағы кол­ледж қабырғасында игерген білім деңгейін анықтау, болашақ маман иесінің өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыру және облыс аумағында жұмыс жүргізіп отырған фар­мацевтикалық мекемелер арасында ынтымақ­тастықты жетілдіру болып табылады.

Биылғы оқу жылының қоры­тындысында колледжді «Фар­мация» мамандығы бойынша 24 түлек бітіргелі отыр. Қала ау­мағында орналасқан дәріха­налар мен фармацевтикалық құрылымдармен келісімшарт жасалынып, биылғы жас ма­мандар оқу бітірі­сімен жұмыс­пен қамтылатын болады.

Байқауға төрелік етуге фар­мацевтикалық құрылымдар же­тек­шілері, білікті провизорлар, дәріхана меңгерушілері қаты­сып, Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің Медициналық жә­не фармациялық қызметті ба­қы­лау комитетінің Қызылорда об­лысы бойынша департаментінің бас маманы Әйтпенбетова Ләз­зат Қанибайқызы қонақ болды.

Сайыс қатысушылары 4 кезең бойынша тапсырмаларды орындады. Бүгінгі білікті жас маман – еліміздің болашағын айқындайтын негізгі капитал. Осы орайда байқауға қатысқан әрбір сайыскер жоғары дайын­дықтың, жауапкершіліктің және сапалы біліктіліктің жақсы нә­тижелерге әкелетінін көрсетті.

Байқау қорытындысында бар­лық қатысушыларға Қызыл­орда қаласындағы фармацев­тикалық мекемелерге, дәрі­ха­наларға жұмысқа орналасуға жол­дама табыс етіліп, «Үздік фармацевт – 2012» байқауының Бас жүлде иегері Жадыра Шы­ғаева Шымкент қаласында өте­тін республикалық «Үздік фар­мацевт – 2012» байқауына Қы­зылорда медицина колледжі аты­нан қатысуға мүмкіндік ал­ды. Жадыраның үздіктің үздігі бо­луына шын жүректен тілек­теспіз.

Қарлыға ТҰРАЛИЕВА,

Қызылорда медицина колледжінің оқытушысы.

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика