ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты.   Көшіріп алу...22 МБ


Аумақтың экономикалық мамандануы 
 
Қызылорда облысы – аграрлы-индустриялық аймақ болып табылады. Облыстың едәуір экономикалық әлеуеті және табиғи ресурстары бар. Мұнайгаз саласы, уран өнеркәсібі және құрылыс индустриясы дамуда. Егер, бұрын ЖӨӨ-де жалпы индустрияның үлесі 3 пайызды құраған болса, қазіргі кезде – 46,8 пайыз. Дәстүрлі күріш шаруашылығы бойынша Қызылорда облысы республикада өндірілетін күріштің 90 пайызын өндіреді. 
2014 жылы облыстағы мұнай компанияларымен 9 919,8 мың.т мұнай және 1476,3 млн.м3 газ өндірілді. 
ҮИИД-ң мемлекеттік бағдарламасының I-бес жылдығы (2010-2014жж) мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асқан жобалар:
- «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ Құмкөл кен орнында газтурбиналық қондырғы;   
- «Кеңлік» кен орнында ілеспе газды пайдаланып, газды бензин шығаратын өндірістер жұмыс істей бастады. 
Шикі затты емес сектор саласында иодталған ас тұзын шығару, полиэтилен трубаларын және темірбетон бұйымдарын шығаратын өндіріс тұрақты жұмыс жасауда.   
Бүгінгі таңда, Қызылорда қаласындағы индустриялды аймаққа тиісті инфрақұрылымды жеткізу жұмыстары аяқталу үстінде.  
«Қазақстан инвестициялық фонды» «Steward Engineers» американдық компаниясымен бірлесіп, шыны зауытының құрылысын бастайтын болды.
Үкіметтің қатысуымен екі ірі инфрақұрылымды жобаларды жүзеге асыру аяқталды: «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды (200,0) газқұбыры және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (163,5) автомагистралі, жалпы 363,5 млрд.теңгені құрайды.
Қазіргі таңда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің бойынан сервистік нысандарды құру жұмыстары жүзеге асырылуда.
 

Қызылорда облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

(Қызылорда облысы әкімдігінің 2014  жылғы  «1»  қазандағы № 727 қаулысымен мақұлданған)  Скачать.. 95 КБ

 


Қызылорда облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

(Қызылорда облысы әкімдігінің 2012  жылғы 1 қазандағы № 581 қаулысымен мақұлданған)   Көшіріп алу.....222 Кб

 

Құрылған күні: 06-09-2012 11:14
Жаңартылған күні: 25-12-2017 15:11
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика