ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының 2018 жылдың қаңтар-тамыз
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
 
Өнеркәсіп. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 601,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы құны 100,8 млрд.теңгені құрайтын, 586 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:
1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 36,7 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл 4 тоқсан.
2) «Тампонаждық цемент зауытының құрылысы» («Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС) 
Жоба құны – 64 млрд. теңге;
Қуаттылығы – жылына 1 млн.тонна;
Жүзеге асу орны – Шиелі ауданы;
Жұмыс орны – 260 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл желтоқсан.
3) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жылдың қазан айы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 134,1 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 111,6 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 39,0 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 111,8 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 30,1 млрд.теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 101,0 пайыз.
Есепті кезеңде 21,7 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,8 пайыз), 54,6 мың тонна сиыр сүті (102,0 пайыз), 5,0 млн. дана жұмыртқа (131,6 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2018 жылдың қаңтар-тамызында 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 0,2 пайызға өсіп, 59,3 млн. тонна жүкті құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға өсіп, 8052,1 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 254,1 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 8,5 пайызға өсіп, 4 503,7 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2018 жылдың 2 тоқсанына).
18 409 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 10 203 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 5209 адам, жастар тәжірбиесімен 2 031 адам, әлеуметтік жұмыстарға 966 адам жіберілді. 
2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 8521 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 8207 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-маусымында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 127 984 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылдың тамыз айында 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 103,2 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 102,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 103,2 пайыз, ақылы қызметке – 104,2 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 92,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 113,5 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 53,5 млрд. теңге түсті (болжамға 115,1 пайыз), жергілікті бюджетке 38,6 млрд. теңге (болжамға 111,3 пайыз).
 
Құрылған күні: 26-04-2019 09:50
Жаңартылған күні: 26-04-2019 09:53
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика