ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысының 2018 жылдың қаңтар-сәуір

айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Өнеркәсіп. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 287,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 96,3 пайыз. 
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдарын, өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісінің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 6,3 пайызға қамтамасыз етілді (38,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді). 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы құны 101,7 млрд.теңгені құрайтын, 644 жұмыс орындары құрылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:
1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 36,7 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл 4 тоқсан.
2) «Екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы («ТРИМО» ЖШС)
Жоба құны – 871,5 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 500 тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 58 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жылдың ІІ жартыжылдығы.
3) «Тампонаждық цемент зауытының құрылысы» («Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС) 
Жоба құны – 64 млрд. теңге;
Қуаттылығы – жылына 1 млн.тонна;
Жүзеге асу орны – Шиелі ауданы;
Жұмыс орны – 260 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл желтоқсан.
4) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 100 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл тамыз.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 50,9 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 126,1 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 12,6 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 126,3 пайыз.
148,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 62,9 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 11,0 млрд.теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 103,3 пайыз.
Есепті кезеңде 10,5 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (104,2 пайыз), 23,3 мың тонна сиыр сүті (102,4 пайыз), 1,8 млн. дана жұмыртқа (162,4 пайыз) өндірілді. 
Көлік.
Автокөлік кәсіпорындарымен 113,5 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 8,7 пайызға өсіп, 2 107 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2017 жылдың қорытындысы бойынша).
8 489 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 3 723 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 3 038 адам, жастар тәжірбиесімен 1 102 адам, әлеуметтік жұмыстарға 626 адам жіберілді. 
2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында 5 008 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 4 874 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-наурызында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 122 022 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылдың сәуір айында 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 102,6 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 103,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 101,8 пайыз, ақылы қызметке – 102,7 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 41,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе  болжамға 122,1 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 20,6 млрд. теңге түсті (болжамға 118,2 пайыз), жергілікті бюджетке 20,7 млрд. теңге (болжамға 126,3 пайыз).
 
Құрылған күні: 15-05-2018 18:38
Жаңартылған күні: 31-10-2018 18:52

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика