ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысының 2018 жылдың қаңтар-маусым
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 437,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 95,3 пайыз. 
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 0,5 пайызға қамтамасыз етілді (57,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді). 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы құны 101,8 млрд.теңгені құрайтын, 644 жұмыс орындары құрылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:
1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 36,7 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл 4 тоқсан.
2) «Екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы («ТРИМО» ЖШС)
Жоба құны – 1,0 млрд. теңге;
Қуаттылығы – жылына 500 тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 58 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жылдың ІІ жартыжылдығы.
3) «Тампонаждық цемент зауытының құрылысы» («Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС) 
Жоба құны – 64 млрд. теңге;
Қуаттылығы – жылына 1 млн.тонна;
Жүзеге асу орны – Шиелі ауданы;
Жұмыс орны – 260 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл желтоқсан.
4) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл тамыз.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 87,0 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 117,2 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 24,5 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 115,9 пайыз.
228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 74,3 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 17,5 млрд.теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 102,7 пайыз.
Есепті кезеңде 15,8 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (103,6 пайыз), 38,6 мың тонна сиыр сүті (102,1 пайыз), 3,4 млн. дана жұмыртқа (145,8 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2018 жылдың қаңтар-маусымында 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 0,2 пайызға өсіп, 42,3  млн. тонна жүкті құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайызға өсіп, 5 926,6 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 177,5 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,0 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 9,1 пайызға өсіп, 3 299,1 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2018 жылдың 1 тоқсанына).
13 712 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 7 699 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 3 833 адам, жастар тәжірбиесімен 1 447 адам, әлеуметтік жұмыстарға 733 адам жіберілді. 
2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 7 102 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 6 808 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-наурызында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 122 022 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылдың маусым айында 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 103,1 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 103,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 102,4 пайыз, ақылы қызметке – 103,5 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 63,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе  болжамға 112,3 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 33,9 млрд. теңге түсті (болжамға 97,7 пайыз), жергілікті бюджетке 29,9 млрд. теңге (болжамға 123 пайыз).  
Құрылған күні: 23-07-2018 12:03
Жаңартылған күні: 31-10-2018 17:07

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика