ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда  облысының  2017 жылдың қаңтар-маусымындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Өнеркәсіп. 2017 жылдың қаңтар-маусымында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 356,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдері және басқалай металл емес минералды өнімдерінің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,7 пайызға қамтамасыз етілді (49,6 млрд. теңгенің  өнімі  өндірілді).

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы құны 37,6 млрд.теңгені құрайтын, 284 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:

1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas ltd» ЖШС)

Жоба құны – 36,7 млрд. теңге;

Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;

Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орны – 226 адам;

Жобаның іске қосылу уақыты - 2017 жыл ІV тоқсан.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда қаласы индустриялық аймақтан 50 га жер телімі және инвестициялық преференция ретінде заттай грант, салықтық жеңілдіктер, кедендік баждан босату мен шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квоталар берілді.

2) «Екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы («ТРИМО» ЖШС)

Жоба құны – 871,5 млн. теңге;

Қуаттылығы – жылына 500 тонна үшокись молибден өндіру;

Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орны 58 адам;

Жобаның іске қосылу уақыты - 2017 жыл 2-ші жарты жылдық.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда қаласы индустриялық аймақтан 4 га жер телімі берілген.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 70,0 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 115,1 пайыз.

306,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 138,4 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 15,0 млрд.теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес мерзіміне 101,9 пайыз.

Есепті кезеңде 15,2 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,2%), 37,8 мың тонна сиыр сүті (101,8%), 2,3 млн. дана жұмыртқа (108,5%)   өндірілді.

Көлік. Автокөлік кәсіпорындарымен 162,8 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 108,7 пайыз. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 8,4 пайызға өсіп 3 025,3 млн. жолаушы шақырымға жетті.

Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2017 жылдың 1-ші тоқсанына).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 15 799 адам хабарласты, соның ішінде 7 315 адам (46,3 пайыз) жұмысқа орналасты.

2017 жылдың қаңтар-маусымында 7017 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 6 169 тұрақты.

2017 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 115 970 теңгені құрады, яғни 2016 жылдың тиісті тоқсанына 6,3 пайызға өскен.

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылдың маусым айында 2016 жылдың желтоқсанына қарағанда 102,9 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 104,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 103,3 пайыз, ақылы қызметке – 100,8 пайыз.

Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 47 570,5 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсімі түсті немесе  болжамға 107,2 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке  27 366 млн. теңге түсті (болжамға 105,6 пайыз), жергілікті бюджетке 20 204,5 млн. теңге (болжамға 109,5 пайыз).  

Құрылған күні: 15-07-2017 14:53
Жаңартылған күні: 15-07-2017 14:35

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика