ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының 2019 жылдың қаңтар-мамыр
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 374,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы құны 37,3 млрд.теңгені құрайтын, 431 жұмыс орындары құрылатын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:
1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 36,7 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жыл желтоқсан.
2) «Күйдірілген кірпіш өндірісі зауыты» («АКТАЛ» ЖК)
Жоба құны – 30,8 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 4 млн.дана кірпіш;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орындары- 45 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 1 жартыжылдығы.
3) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 2 жартыжылдығы.
4) «Күрішті өңдеу және құрама жем өндірісін ұйымдастыру»  («Таң LTD» ЖШС)
Жоба құны - 397 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 3 мың тонна құрама жем;
Жұмыс орындары - 60 адам;
Жүзеге асырылу орны - Шиелі ауданы;
Жобаның 1 кезеңін іске қосу - 2019 жылдың 3 тоқсанында жоспарлануда.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 128,6 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 189,8 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 18,3 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 100,4 пайыз.
227,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 122,4 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 17,3 млрд.теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 102,2 пайыз.
Есепті кезеңде 13,4 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,6 пайыз), 31,1 мың тонна сиыр сүті (101,8 пайыз), 3,1 млн. дана жұмыртқа (122,2 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүк тасымалдау көлемі 33,4 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 101,1 пайызды құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,1 пайызға артып, 5 247,2 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 146,1 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 2,9 пайызға өсіп, 2 782,1 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2019 жылдың 1 тоқсанына).
10451 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 4188 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 3956 адам, жастар тәжірбиесімен 1441 адам, әлеуметтік жұмыстарға 866 адам жіберілді. 
2019 жылдың 1 маусымына 4703 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 4630 тұрақты. 
2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 134 129 теңгені құрады, яғни 2018 жылдың тиісті кезеңіне 109,9 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың мамыр айында 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 102,0 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 105,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 101,6 пайыз, ақылы қызметке – 98,2 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 70,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 118,7 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 48,5 млрд. теңге түсті (болжамға 118,8 пайыз), жергілікті бюджетке 21,8 млрд. теңге (болжамға 118,5 пайыз).  
Құрылған күні: 13-06-2019 18:39
Жаңартылған күні: 16-10-2019 17:21
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика