ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
 
Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар-қыкүйек айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 652,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Тамақ өнімдерін өндіру 7,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп 32,6%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 8,4%-ға артуы есебінен өңдеу өнеркәсібі өндірісі 4,4 пайызға азайып отыр (95,1 млрд.теңге өнім өндірілді).   
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы құны 587,8 млн.теңгені құрайтын, 205 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:
1) «Күйдірілген кірпіш өндірісі зауыты» («АКТАЛ» ЖК)
Жоба құны – 30,8 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 4 млн.дана кірпіш;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орындары- 45 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 4 тоқсаны.
2) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 4 тоқсаны.
3) «Күрішті өңдеу және құрама жем өндірісін ұйымдастыру»  («Таң LTD» ЖШС)
Жоба құны - 397 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 3 мың тонна құрама жем;
Жұмыс орындары - 60 адам;
Жүзеге асырылу орны - Шиелі ауданы;
Жобаның 1 кезеңін іске қосу - 2019 жылдың 4 тоқсаны.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 264,1 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 152,5 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 115,9 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 231,2 пайыз.
483,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 120,0 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 80,4 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 103,2 пайыз.
Есепті кезеңде 25,7 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (НКИ- 103,4 пайыз), 63,6 мың тонна сиыр сүті (НКИ -101,7 пайыз), 6,4 млн. дана жұмыртқа (НКИ -107,7 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жүк тасымалдау көлемі 72,4 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104,1 пайызды құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артып, 10009,3 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 294,3 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 1,8 пайызға өсіп, 5194,2 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2019 жылдың 2 тоқсанына).
20289 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 10607 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 5665 адам, жастар тәжірбиесімен 2918 адам, әлеуметтік жұмыстарға 1099 адам жіберілді. 
2019 жылдың 1 қазанына 9610 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 8918 тұрақты. 
2019 жылдың қаңтар-маусым айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 146 192 теңгені құрады, яғни 2018 жылдың тиісті кезеңіне  114,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың қыркүйек айында 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 103,2 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 106,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 103,4 пайыз, ақылы қызметке – 99,4 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 115,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 103,9 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 70,3 млрд. теңге түсті (болжамға 97,8 пайыз), жергілікті бюджетке 44,8 млрд. теңге (болжамға 115,2 пайыз).  
Құрылған күні: 19-10-2019 11:53
Жаңартылған күні: 19-10-2019 11:28
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика