ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
 
Өнеркәсіп. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеу себебі мұнай өндіру көлемінің 6,1 пайызға, мұнай өңдеу 3,0 пайызға, химия өнеркәсібінің 7,6 пайызға және өзге металл емес минералдық өнімдер 26,0 пайызға төмендеуімен байланысты.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы құны 64,3 млрд.теңгені құрайтын, 386 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:
1) «Тампонаждық цемент зауытының құрылысы» («Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС) 
Жоба құны – 64 млрд. теңге;
Қуаттылығы – жылына 1 млн.тонна;
Жүзеге асу орны – Шиелі ауданы;
Жұмыс орны – 260 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл желтоқсан.
2) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жылдың желтоқсан айы.
3) «Әк шығару зауыты» («Премиум Класс-Строй» ЖШС)
Жоба құны - 140 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 75 мың тонна;
Жүзеге асырылу орны - Жаңақорған ауданы;
Жұмыс орындары- 26 адам;
Жобаның іске асырылу мерзімі – 2018 жылдың қараша айы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 166,3 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 109,8 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 50,1 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 94,1 пайыз.
402,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 86,3 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 66,5 млрд.теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 100,2 пайыз.
Есепті кезеңде 24,8 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,7 пайыз), 62,5 мың тонна сиыр сүті (101,9 пайыз), 5,9 млн. дана жұмыртқа (126,7 пайыз) өндірілді. 
Көлік. Автокөлік кәсіпорындарымен 291,8 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 8,1 пайызға өсіп, 5 100,1 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2018 жылдың 2 тоқсанына).
22 600 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 13 762 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 5 521 адам, жастар тәжірбиесімен 2 307 адам, әлеуметтік жұмыстарға 1 010 адам жіберілді. 
2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 9 997 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 9 541 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-маусымында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 127 984 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылдың қыркүйек айында 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 103,2 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 101,9 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 103,8 пайыз, ақылы қызметке – 104,2 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 98,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 111,0 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 57,1 млрд. теңге түсті (болжамға 113,5 пайыз), жергілікті бюджетке 41,2 млрд. теңге (болжамға 107,8 пайыз).  
 
Құрылған күні: 26-04-2019 09:13
Жаңартылған күні: 26-04-2019 10:04
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика