ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысының 2018 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 764,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы құны 64,1 млрд.теңгені құрайтын, 286 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олар:
1) «Тампонаждық цемент зауытының құрылысы» («Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС) 
Жоба құны – 64 млрд. теңге;
Қуаттылығы – жылына 1 млн.тонна;
Жүзеге асу орны – Шиелі ауданы;
Жұмыс орны – 260 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2018 жыл желтоқсан.
2) «Әк шығару зауыты» («Премиум Класс-Строй» ЖШС)
Жоба құны - 140 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 75 мың тонна;
Жүзеге асырылу орны - Жаңақорған ауданы;
Жұмыс орындары- 26 адам;
Жобаның іске асырылу мерзімі – 2018 жылдың қараша айы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 193,9 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 110,3 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 59,5 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 101,1 пайыз.
474,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 92,6 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 87,8 млрд.теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 101,3 пайыз.
Есепті кезеңде 28,3 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,7 пайыз), 70,0 мың тонна сиыр сүті (101,9 пайыз), 6,8 млн. дана жұмыртқа (125,9 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2018 жылдың қаңтар-қазанында 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 100,0 пайызды құрап, 80,4  млн. тонна жүкті құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,0 пайызға артып, 11 178,3 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 326,0 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 8,1 пайызға өсіп, 5 699,1 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2018 жылдың 2 тоқсанына).
25 821 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 16 240 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 6 116 адам, жастар тәжірбиесімен 2434 адам, әлеуметтік жұмыстарға 1 031 адам жіберілді. 
2018 жылдың қаңтар-қазан айларында 10 605 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 10 149 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 129 570 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне 107,0 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылдың қазан айында 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 103,7 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 102,2 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 104,5 пайыз, ақылы қызметке – 104,7 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 105,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 110,1 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 60,9 млрд. теңге түсті (болжамға 113,8 пайыз), жергілікті бюджетке 44,2 млрд. теңге (болжамға 105,3 пайыз).  
 
Құрылған күні: 15-11-2018 08:22
Жаңартылған күні: 15-11-2018 10:53

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика