ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының 2019 жылдың қаңтар-қараша
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
 
Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 789,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 89,3 пайыз. 
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеу себебі мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты (НКИ-87,3 пайыз).
Тамақ өнімдерін өндіру 1,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп 31,7%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдері өндірісі 8,4%-ға артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 1,4 пайызға қамтамасыз етілді (117,9 млрд.теңге өнім өндірілді).   
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы құны 42,6 млрд.теңгені құрайтын, 431 жұмыс орындары құрылатын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:
1) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 42,0 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, шыны шығару технологиясы жылы ауа-райын қажет етуіне орай пеш жағу процесі келесі жылдың наурыз айына жоспарлануда. 
2) «Күйдірілген кірпіш өндірісі зауыты» («АКТАЛ» ЖК)
Жоба құны – 30,8 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 4 млн.дана кірпіш;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орындары- 45 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың желтоқсан айы.
3) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның құрылтайшысының қаржылық қиындықтарына байланысты зауытты пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың 1 тоқсанына ауыстырылды.
4) «Күрішті өңдеу және құрама жем өндірісін ұйымдастыру»  («Таң LTD» ЖШС)
Жоба құны - 397 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 3 мың тонна құрама жем;
Жұмыс орындары - 60 адам;
Жүзеге асырылу орны - Шиелі ауданы;
Жобаның 1 кезеңін іске қосу - 2019 жылдың желтоқсан айы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 331,7 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 130,4 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 128,8 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 187,1 пайыз.
640,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 108,8 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 114,9 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 103,5 пайыз.
Есепті кезеңде 32,9 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (НКИ- 103,4 пайыз), 79,3 мың тонна сиыр сүті (НКИ -101,7 пайыз), 7,8 млн. дана жұмыртқа (НКИ -103,8 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында жүк тасымалдау көлемі 95,0 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104,0 пайызды құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артып, 13027,8 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 368,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 0,9 пайызға өсіп, 6377,9 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2019 жылдың 3 тоқсанына).
25404 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 14353 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 6683 адам, жастар тәжірбиесімен 3114 адам, әлеуметтік жұмыстарға 1254 адам жіберілді. 
2019 жылдың 1 желтоқсанына 16330 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 12212 тұрақты. 
2019 жылдың қаңтар-кыркүйек айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 147 496 теңгені құрады, яғни 2018 жылдың тиісті кезеңіне  113,8 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың қараша айында 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 104,4 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 108,2 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 104,3 пайыз, ақылы қызметке – 99,9 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 144,6 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 96,5 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 90,5 млрд. теңге түсті (болжамға 90,9 пайыз), жергілікті бюджетке 54,1 млрд. теңге (болжамға 107,6 пайыз).  
 
Құрылған күні: 19-12-2019 09:26
Жаңартылған күні: 19-12-2019 09:51
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика