ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 149,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы құны 36,9 млрд.теңгені құрайтын, 371 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:
1)«Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)
Жоба құны – 36,7 млрд. теңге, 
Қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна;
Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орны – 226 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жыл желтоқсан.
2)«Күйдірілген кірпіш өндірісі зауыты» («АКТАЛ» ЖК)
Жоба құны – 30,8 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 4 млн.дана кірпіш;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;
Жұмыс орындары- 45 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 1 жартыжылдығы.
3) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160 млн. теңге;
Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;
Жүзеге асу орны – Арал ауданы;
Жұмыс орны – 100 адам;
Жобаның іске қосылу уақыты - 2019 жылдың 2 жартыжылдығы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 56,2 млрд.теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 242,7 пайыз. 
Құрылыс жұмыстардың көлемі 2,7 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 81,8 пайыз.
78,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 110,5 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,6 млрд.теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 100,7 пайыз.
Есепті кезеңде 5,5 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (100,2 пайыз), 10,7 мың тонна сиыр сүті (101,4 пайыз), 1,2 млн. дана жұмыртқа (160,4 пайыз) өндірілді. 
Көлік. 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында жүк тасымалдау көлемі 12,5 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,1 пайызды құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,0 пайызға артып, 2 108,8 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 56,8  млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 7,5 пайызға өсіп, 1093,7 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2018 жылдың 4 тоқсанына).
5 475 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 2056 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 2114 адам, жастар тәжірбиесімен 877 адам, әлеуметтік жұмыстарға 428 адам жіберілді. 
2019 жылдың 1 наурызына 1655 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 1609 тұрақты. 
2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 129 702 теңгені құрады, яғни 2017 жылдың тиісті кезеңіне               105,2 пайыз. 
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың ақпан айында 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 100,5 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 102,4 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 100,8 пайыз, ақылы қызметке – 98,0 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 29,9 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 125,3 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 19,5 млрд. теңге түсті (болжамға 120,7 пайыз), жергілікті бюджетке 10,4 млрд. теңге (болжамға 135,0 пайыз).  
 
 
Құрылған күні: 14-03-2019 10:51
Жаңартылған күні: 14-03-2019 10:49
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика