ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының мемлекеттік архиві қорынан
 
 «Егеменді ел – тұғырлы тәуелсіздік» 
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Биыл ел тәуелсіздігіне 28 жыл толды. Еліміздің Тәуелсіздік жылдары мемлекет іргесі бекіді, қоғамның демократия негіздері, нарықтық экономиканың фундаменті, азаматтық қоғам институттары сияқты маңызды күретамырлары қалыптасты. 
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай  Қызылорда облысының мемлекеттік архиві қор құжаттарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және нығаю кезеңдеріндегі Қызылорда облысының тарихи даму белестерінен сыр шертетін «Егеменді ел – тұғырлы тәуелсіздік» атты құжаттар көрмесі дайындалды. 
Көрменің мақсаты жас ұрпақты елін сүюге, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу және маңызды деректі құжаттармен көпшілікті таныстыру. Көрмеге барлығы 24 құжат қойылды. 

 

Қызылорда облысының Арал, Қазалы аудандарында және Ақтөбе облысының Шалқар ауданында тұратын балаларды емдеу-сауықтыру шаралары жайлы Қазақ КСР Президентінің жарлығы, 16.05.1990 ж.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ленинск қаласына келу сапары, 1991 ж.
 

 

 

«Южнефтегаз» өндірістік бірлестігінің құрылуы туралы бұйрық, 21.03.1991 ж.
 
 

 

 

 

 

Облыстық татар ұлттық мәдени орталығының тіркелуі, 21.03.1991 ж.
 
 
 
Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына Ыбрай Жақаев есімін беру туралы шешім, 30.08.1991 ж.
 
 
Қазақ КСР Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы, «Сыр бойы» газеті, 24.10.1991 ж.
 
 
«Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс береміз» атты мақала, «Сыр бойы» газеті, 23.11.1991 ж.
 
 

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы Қазақ КСР-ның Заңы, 10.12.1991 ж.

 

 

 

Дағдарыстан шығу шаралары туралы Президент Жарлығының орындалу барысы, 12.12.1991 ж. 
 
 

«Қазақстанның жұлдызды сағаты» атты мақала, «Сыр бойы» газеті, 12.12.1991 ж.
 
 
 
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын қолданысқа енгізу тәртібі туралы қаулы, 16.12.1991 ж. 
 
 
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгілік есте сақтау туралы шешім, 10.02.1992 ж.
 
 
Қаланың кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы шешім, 25.06.1992 ж.
 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты қарсы алу сәтінен, 1993 ж.
 
 
 
 
 
 
Орта Азия мемлекеттері басшылары қатысуымен өткен Арал проблемасы туралы халықаралық конференциясы, 26-27 наурыз, 1993 ж. 
(Оңнан солға қарай: Қырғызстан Президенті А.Ақаев, Қазақстан Президенті Н. Назарбаев, Өзбекстан Президенті И.Каримов, Тәжікстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы И.Рахмонов, Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары Г. Хижа) 
 
 

 

 

 

 

Арал проблемасы жөніндегі халықаралық конференция күнделігінен, 26-27 наурыз 1993 ж.
 
 
Мұстафа Шоқайды Қазақстан Республикасының азаматы деп тану туралы қаулы, 26.11.1993 ж.
 
 

 

«Елбасы және қазақ мемлекеттігі» атты мақала, «Сыр бойы» газеті, 27.11.2014 ж

 

 

Құрылған күні: 19-12-2019 16:08
Жаңартылған күні: 19-12-2019 18:51
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика