ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Облыстық қан орталығының негізгі көрсеткіштерінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша талдауы
 
Облыста емдеу-алдын алу ұйымдарын  қауіпсіз донорлық қан және оның құрамдас бөліктері және препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында IV-ші дәрежедегі облыстық қан орталығы қызмет атқаруда.  
Донор және донация
2016 жылы қан орталығына 10348 тұрғын қан тапсыруға ниеттенген, бұл көрсеткіш 2015 жылмыен салыстырғанда 850 тұрғынға көбейген. Қан тапсыруға ниеттенген донорлардың ішінен әр түрлі себептермен қан тапсыруға қарама-қайшылықтары болып 2645 тұрғын аластатылды, 2016 жылы аластатылғандар көрсеткіші 26,0%-ды құрады, 2015 жылы – 21,0%-ды құраған (2015 тұрғын). 2016 жылы облыстық қан орталығында барлығы 5912 донор қан тапсырған, былтырғы жылмен салыстырғанда 225 донорға азайған. Донорлардың құрамына талдау жасағанда, 2016 жылы өмірінде алғаш рет қан тапсырғандар көрсеткіші 48,0%-ды құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 17,7%-ға төмендеген. (2015ж. – 57,0% ). Донациялардың ара-салмағына сараптама жасасақ, 2016 жылы барлық донацияның саны 7703 (2015ж. – 7483), соның ішінде қан донациясы 6392 (2015ж. – 5852), плазма донациясы 1044 (2015ж. – 1378), жасуша донациясы 267 (2015ж. – 253 ), 2015 жылмен салыстырғанда қан донациясы 8,4%-ға өскен, плазма донациясы 24,2%-ға төмендеген, ал жасуша донациясы 5,2%-ға өсті. Плазмаферез шарасының барлық санына шаққанда аппараттық плазмаферез үлесі 100%.
Есеп беріп отырған мерзімде «Өтеусіз донациялардың меншікті салмағы», «ақылы донациялардың меншікті салмағы», «көшпелі жағдайдағы донациялар саны» деген көрсеткіштер 97,4%, 2,6% және 11,2% құрады ( 2015ж. – 97,1%, 2,9% және 5,7% ). Өтеусіз донациялар құрылымындағы ерікті донациялардың үлесі 2016 жылы 61,6% құрады (2015ж. – 89,4%), өтеусіз туыстық донациялар үлесі 38,4% құрады (2015ж. – 10,6%). 
2016 жылы 1000 адамға шаққанда донациялар санының орташа көрсеткіші 10,0.
Қанды және оның компоненттерін дайындау. Облыстық қан орталығында қанды дайындау стационарлы және көшпелі жағдайда жүргізіледі.
Есеп беріп отырған мерзімде дайындалған қанның мөлшері 5540,5л.,былтырғы жылмен  салыстырғанда бір деңгейде (2015ж. – 5531,0л.).
Иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 
Қан өнімдерінің иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өңдеу әдістері – плазманы карантиндеу, плазмадағы және тромбоциттер концентратындағы патогендерді инактивациялау, қанды және оның компоненттерін лейкофильтрлеу пайдаланылады. 
Трансфузиялық инфекциялар маркерлерінің скринингі. 
2016 жылы трансмиссиялық инфекциялар маркерлерін диагностикалаудың екі кезеңдік әдісін пайдалану көрсеткіші (антиденелерді + инфекциялық агенттердің антигенін анықтаудың иммунологиялық әдісі мен вирустық РНК/ДНК анықтаудың молекулярлық-генетикалық әдісінің қосындысы) 100%.  
Есеп беріп отырған мерзімде жабық үлгідегі автоматты талдауыштарда ИФТ әдісімен скринингілеу үлесі 100% құрады.
Облыстық қан орталығы ИФТ (ИХЛТ) диагностикасы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның талаптарына толық сәйкес келеді және жабық үлгідегі автоматты жүйелерді жүзеге асырады.
Есеп беріп отырған мерзімде дайындалған қан және оның компоненттері құю және препараттарды қайта жасау үшін жарамсыз деп танылған донациялардың үлесі 5,0% құрады (2015ж. – 7,0%).   
Медициналық ұйымдарды қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз ету.
2016 жылы медициналық ұйымдарға (бұдан әрі- МҰ) 5416 доза құрамында эритроциттері бар орталар берілген, былтырғы жылмен салыстырғанда 19,2%-ға өскен (2015ж. – 4378 доза ), 4264 доза жаңа мұздатылған плазманың барлық түрлері берілген, былтырғы жылмен салыстырғанда 10,4-ға% өсті (2015ж. – 3819 доза), 529 доза тромбоциттер берілген, былтырғы жылмен салыстырғанда 39,1%-ға өскен (2015ж. – 395 доза). 
2016 жылы инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін  қосымша өндеуден өткен МҰ-ға берілген қан компоненттерінің үлесі облыстық қан орталығы бойынша:  
- 100% карантинделген және вирустазартылған ЖМП (2015ж. 100%), оның ішінде карантинделген ЖМП 95,4% (2015ж.– 95,0%) және вирустазартылған ЖМП 4,6% (2015ж. – 5,0% ). 
- 100% лейкофильтрленген эритроциттер (2015ж. 99,7%) .
- 100% вирус тазартылған лейкофильтрленген тромбоциттер (2015ж. 100%).

Облыстық қан орталығының негізгі көрсеткіштерінің 2015 жыл бойынша талдауы

Облыста емдеу-алдын алу ұйымдарын  қауіпсіз донорлық қан және оның құрамдас бөліктері және препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында IV-ші дәрежедегі облыстық қан қызмет атқаруда.  

Донор және донация

2015 жыл көлемінде қан орталығына 8454 тұрғын қан тапсыруға ниеттенген, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 420 тұрғынға көбейген. 

Қан тапсыруға ниеттенген донорлардың ішінен әр түрлі себептермен қан тапсыруға қарама-қайшылықтары болып 1585 тұрғын аластатылды  2015 жыл көлемінде аластатылғандар көрсеткіші 21,9%-ды құрады, 2014 жылы 19,6%-ды құраған (1578 тұрғын).  2015 жыл көлемінде облыстық қан орталығында барлығы 5288 донор құраған немес ол 2,2%-ды құрады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 115 донорға өскен. Донорлардың құрамына талдау жасағанда, 2015 жыл бойынша өмірінде алғаш рет қан тапсырғандар көрсеткіші 55,4%-ды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 7,6%-ға төмендеген. (2014ж. – 63%).  Донациялардың ара-салмағына сараптама жасағанда, былтырғы жылмен салыстырғанда  донация 6596 донацияны құраған ( 140 донацияға өскен), 2014 жылы донация 6456 құраған. 2014 жылмен салыстырғанда донорлардың арасында қан донорлары өскен барлығы  75,4% құрайды, ал плазма донорлары 4,5%-ға төмендеген,  жасуша донорлары 9,3%-ды құрайды яғни былтырғы жылтырмен салыстырғанда бір деңгейде. Плазмаферез шарасының барлық санына шаққанда аппараттық плазмаферез үлесі 100%.

Есеп беріп отырған мерзімде «Өтеусіз донациялардың меншікті салмағы», «ақылы донациялардың меншікті салмағы», «көшпелі жағдайдағы донациялар саны» деген көрсеткіштер 96,7%, 3,3% және 6,4% құрады,   2014 жылы бұл көрсеткіштер 95,6%, 4,4% және 11,6% құраған. Өтеусіз донациялар құрылымындағы ерікті донациялардың үлесі  2015 жылы 5,9%-ға  өсті және ол 97% құрады, 2014 жылғы көрсеткіш 94,4% құрады, өтеусіз туыстық донациялар үлесі 45,1%  төмендеді және ол 3% құраған, 2014 жылы 5,4%  құрады. 

2015 жылы мың адамға шаққанда донациялар санының орташа көрсеткіші 12,5.

Қанды және оның компоненттерін дайындау. Облыстық қан орталығында қанды дайындау стационарлы және көшпелі жағдайда жүргізіледі.

Есеп беріп отырған мерзімде дайындалған қанның мөлшері 5075,1 литр, 2014 жылмен  салыстырғанда 0,9%-ға өскен.(2014ж.-5028,7 литр).

Иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Қан өнімдерінің иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өңдеу әдістері – плазманы карантиндеу, плазмадағы және тромбоциттер концентратындағы патогендерді инактивациялау, қанды және оның компоненттерін лейкофильтрлеу, қан компоненттерін радиациялық сәулелеу пайдаланылады. 

Облыстық қан орталығы 2015 жылы бойынша алынған лейкофильтрленген эритроциттердің үлесі 100 %, 2014 жылмен теңесті.

Лейкофильтрленген тромбоциттердің үлесі 2014 жылы және 2015 жылы 100% құрады. 

Трансмиссиялық инфекциялар маркерлерінің скринингі. 

2015 жылы трансмиссиялық инфекциялар маркерлерін диагностикалаудың екі кезеңдік әдісін пайдалану көрсеткіші (антиденелерді + инфекциялық агенттердің антигенін анықтаудың иммунологиялық әдісі мен вирустық РНК/ДНК анықтаудың молекулярлық-генетикалық әдісінің қосындысы) 100% дейін өсті.  

Есеп беріп отырған мерзімде жабық үлгідегі автоматты талдауыштарда ИФТ әдісімен скринингілеу үлесі 2014 жылғы 100% қарсы, 100% құрады.

Облыстық қан орталығы ИФТ (ИХЛТ) диагностикасы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның талаптарына толық сәйкес келеді және жабық үлгідегі автоматты жүйелерді жүзеге асырады.

Есеп беріп отырған мерзімде дайындалған қан және оның компоненттері құю және препараттарды қайта жасау үшін жарамсыз деп танылған донациялардың үлесі  2014 жылғы 6,7% қарсы, 10% 2015 жылы құрады.  

Медициналық ұйымдарды қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз ету.

Медициналық ұйымдарға (бұдан әрі- МҰ) құрамында эритроциттер бар берілген компоненттерінің саны 2015 жылы көлемінде 8,6% өсті  (2014 жылғы 3730 дозаға қарсы  4088 доза); жаңа мұздатылған плазма 14-ға% өсті (2014 жылғы  2714 дозаға қарсы 3156 доза); тромбоциттер 2014 жылмен салыстырғанда 1,8% төмендеді (2014 жылы 402 дозаға қарсы 935 доза). 

2015 жылы инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін  қосымша өндеуден өткен МҰ-ға берілген қан компоненттерінің үлесі облыстық қан орталығы бойынша орташа есеппен:  

- 100% карантинделген және вирустазартылған ЖМП (2014 жылы 100%), оның ішінде қарсы карантинделген 93,9% ЖМП, бұл 2014 жылғы 89,9% қарсы және  вирустазартылған  ЖМП 2014  жылғы  10,1% қарсы 6,1%; 

- 100% лейкофильтрленген эритроциттер (2014 жылы 100%) .

- 100% лейкофильтрленген тромбоциттер (2014 жылы 100%).

Мен қанды тапсыра аламын ба?

1) 18 жастан асқан, тиісті медициналық тексеріп-қараудан өткен, қарсы айғақтары жоқ және қанды және оның компоненттерін медициналық мақсатта тапсыруға ерікті ниет білдірген жеке тұлға донор бола алады.

2) Қан тапсыру алдындағы 1 күн бойы майлы, қуырған, сүт тағамдарын пайдаланбау керек. Барлық донорларға алдын ала тексеріп-қарау тағайындалады, ол донор мен оның қанын қабылдайтын науқас адамның денсаулығына зиян келтіруді болдырмау үшін қажет.

3) Донорға қанды аш қарынға да тапсыруға болмайды. Қан тапсыратын күнінің таңғы асы жеңіл болуы тиіс: шай немесе кофе, нан немесе тосаппен тәтті тоқаш, майсыз шұжық, пісірілген ет, жұмыртқа.

4) Түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін тапсырудың керегі жоқ.

5) Донор қажеттілік бойынша тар бейінді дәрігерлерге жолданады.

Донор болу-АДАМ ӨМІРІН сақтап қалу өзқолында екенін түсіну!

Сіздерді мына мекен-жайда әрдайым күтеміз; Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 65 үй.   

Сенбі, жексенбіден басқа күндері, күнделікті 8.00-13.00 аралығында.

Барлық сұрақтар бойынша мына  телефондарға хабарласуыңызға болады: 

Тел.:   қабылдау бөлімшесі: 8/7242/ 23-52-62; факс: 8/7242/ 23-52-62; тіркеу бөлімшесі:8/7242/ - 23-54-70

e-mail: оck-kzl@mail.ru

Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандық орталық ауруханаларының қан дайындау бөлімшелерінде донорлық қан тапсыра аласыздар.

Мекен жайлары;

Арал ауданы, Арал аудандық орталық ауруханасы, қан дайындау бөлімшесі, Байтұрсынова көшесі 75.

Тел.:   қабылдау бөлімшесі: 8/72433/ 21103, 22303, 22691;

Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, Қазалы аудандық орталық ауруханасы, қан дайынідау бөлімшесі, Біржан Сал көшесі 1.

Тел.:   қабылдау бөлімшесі: 8/72438/ 22159, 24622;

Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы, қан дайындау бөлімшесі, Майлина көшесі, н/з.

Тел.:   қабылдау бөлімшесі: 8/72435/ 23163, 23099, 23230;

Қан – өмірдің нағыз қайнар көзі!
Донор латын тілінен аударғанда «сыйлаушы»  деген мағынаны білдіреді. Донор қанының көмегімен миллиондаған адамдардың өмірі сақталып қалады. Диагноз қалай қорқынышты естілгенімен де, әрбір адам өмірден үмітін үзбейді.
Ал, ол үмітті ынталы, жамандық ойламайтын игі адамдар-донорлар береді.
Қазіргі кездегі ғылым жетістіктеріне қарамастан қанды толығымен алмастырушы препарат табылған жоқ. Оның жалғыз көзі-донор.
Донор адам өмірін сақтай алады, өйткені ол тарту еткен қан операцияларда, бала босану кезінде, қан кетуде, ауыр жарақат-тануда, күйікте, қан кеселдерінде, педиатрияда, онкологияда  және басқа дерттерде қолданылады.
 
Донор болу қауіпті ме?
Бұл кезеңдегі ғылыми зерттеулер мен практикалық бақылаулар нәтижесінде 400-450 мл мөлшердегі қан алудың адам денсаулығына ешқандай зиянсыз және қауіпсіз өтіп, тіпті организмге жағымды әсер ететіндігі анықталды және толық дәлелденді. Қан тапсыру донор денсаулығына және оның иммундық жүйесіне еш зиян келтірмейді. Жаңа жас жасушалар пайда болып, қан мен барлық организмдер жасарады, өйткені зат алмасу күшейеді.  Мұның бәрі донор көңіл–күйінің жақсаруына ықпал етеді. Сондай-ақ қан тапсырған адам ишемиялық жүрек ауруына сирек шалдығады. Қан тапсыру қауіпсіз болып табылады, ол үшін бір реттік қолданыстағы және стерильдік бұйымдар қолданылады. Сол себепті донор індеттен (инфекциядан) толығымен қорғалған.Қан құю қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сіздің қаныңыз көптеген вирустар мен кеселдер бойынша тексеріледі. Нәтижесінде сіз, өз денсаулық жағдайыңыздан үнемі хабардар боласыз.
 
Қауіпсіз қан донорға байланысты!
Науқасқа тек қауіпсіз қан құйылуы қажет. Әрбір донор адам өмірін араша алып қалу үшін бір тамшы қанын бере отырып, оның қаны қауіпсіз болғанда да ғана науқас ағзасына тиімді болатының есте сақтауы қажет. Қауіпсіз қанның  құрамында вирустар, бактериялар, наркотикалық заттар, алкоголь, химиялық және науқасқа зиян әкелетін заттар болмауы керек. Сондықтан донорлар тарапынан салауатты өмір салтын насихаттау, ұстану өзекті мәселе болып табылады. Донор қанының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатныда қан компоненттері құйылуға дейін 6 ай мерзімде карантинде сақталады. 6 айдан кейін донор қайта тексеріледі, егер қанында вирустар табылмаса, онда қан компоненттері емдік мақсатта қолданылады.
 
Ақысыз донорларды қабылдау тәртібі
1. Донорды тіркеу барысында жеке басының куәлігі (куәлік немесе төл құжаты) міндетті түрде болуы керек.
Донордың типтік анкетасын толтырыңыз.
2.Тіркеу орнына барыңыз, Сіздің мәліметтеріңізді  компьютерлік бірегей донорлар базасына енгізеді.
3. Зертхана бөлімшесіне өтіңіз, онда сіздің қан тобыңыз бен гемоглобин деңгейін анықтайды.
4. Дәрігер терапевттің қарауына кіріңіз, ол қан берудің мүмкіншілігі мен қауіпсіздігін, түрі мен мөлшерін анықтайды.
5. Буфетке кіріңіз, сізге шай ұсынады және қан беруге шақыруды күтіңіз.
6. Қан беру аяқталғаннан соң сізге анықтама қағазын береді.
Тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен қан мен оның компоненттерін тапсыруды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген 18 жастан асқан жеке тұлға донор болуға құқылы.
 
Донордың қан тапсыру ережесі
Донор қан тапсырар алдында келесі талаптарды білуі және сақтауы қажет:
- қанды түнгі жұмыстан кейін  тапсырмауы керек, себебі түнгі жұмыс кезінде адам ағзасы күндізгіге қарағанда көп энергия жұмсайды. Осының нәтижесінде қанда зат алмасу өнімдері жиналады және ақуыз мөлшері, әсіресе оның ішінде оттегін тасымалдаушы болып табылатын гемоглобин азаяды;
- донор қан тапсырар алдында немесе қан тапсырғанға дейін 2-3 сағат бұрын майлы тамақ  және сүт өнімдерін тұтынбағаны жөн, себебі ол қандағы май мөлшерін ұлғайтатындықтан, ол қанның емдік бағалылығы төмендейді;
- донорға аш кезінде қан тапсыруына болмайды. Алдын ала сағат 18-19-да кешкі астануы және қан тапсыратын күні
таңертенгілік жеңіл аспен шектелуі қажет;
- қан тапсырар алдында және қан тапсырар күні мүлдем алкогольды тұтынуға қатаң тиым салынады;
- қан тапсырғаннан кейін ауыр физикалық күш, ауыр спорт түрімен 12 сағатқа дейін айналасуға болмайды.
Құрылған күні: 07-08-2012 08:02
Жаңартылған күні: 07-02-2017 17:07

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика