ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Дін саласында 2017 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 175 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 164 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы І тоқсанда түрлі форматта 505 іс-шара ұйымдастырылып, оған 24918 адам қамтылды. Жергілікті БАҚ-та 401 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 121 материал, баспа БАҚ-та – 59 мақала, интернет желісінде 221 материал орналастырылды.

Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.

Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2017 жылғы І жартыжылдықта өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 63 кездесу өткізіп, кездесулердің 45-і діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 мәдени, 4 спорттық, 1 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 815 адам қамтылды.

«Діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру бағытында облыс тұрғындарының, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдар жетегінде кеткен азаматтарға теологиялық білім бере отырып, теріс бағыттағы көзқарастарынан қайтару бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 3-5 наурыз аралығында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы Р. Батталұлы, 28-30 наурыз аралығында Е. Шоқай Қызылорда қаласында іс-сапарда болып, бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ, С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде ҚМДБ-ның облыс аумағындағы 130-дан астам имамдарымен кездесу өткізілді. Сонымен қатар, «Ақмеші-Сырдария», «Айтбай» мешіттерінің жамағатына уағыз айтып, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Дін мен діл» телебағдарламасына сұхбат берді.

2 наурызда конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту мақсатында христиандық бағыттағы діни бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізілді. Шараға өңірдегі 6 христиандық діни бірлестіктің басшылары мен өкілдері қатысып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер көтерілді.

2017 жылғы І тоқсанында 400-ге жуық интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 141 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 5 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.

Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Дін саласы бойынша 2016 жылы  атқарылған жұмыстарының  есебі

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 172 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 161 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2016 жылы түрлі форматта 2 298 іс-шара ұйымдастырылып, оған 67 400 адам қатысты және жұмыс барысында 51 мың дана ақпараттық материалдар шығарылып, таратылды. Жергілікті БАҚ-та 1712 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 1232 материал, баспа БАҚ-та – 480 мақала жарық көрді.
Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыстағы мұнай компанияларындағы қызметкерлер мен жұмысшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтар болсақ, «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС «Қоныс», «Бектас», «СаутсОил» ЖШС «Ақшабұлақ», «Кеңшілік», «ҚОР» МК АҚ «Ащысай», «ПетроКазахстанҚұмкольРесорсиз» АҚ, «Арысқұм», «Құмкөл» кеніш орындарында «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың қоғамға кері әсері» тақырыбында кездесулер өткізіліп, 500-ден астам адам қамтылды.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 239 кездесу өткізіп, кездесулердің 149-ы діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 мәдени, 14 спорттық, 11 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 3392 адам қамтылды.
Облыстағы діни ахуалды тұрақты сақтау және оны арттыру мақсатында 2016 жылдың екінші жарты жылдығында 70 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, 6 әлеуметтік жоба іске асырылды.
Жоба аясында атқарылған шаралардың бірқатарына тоқталсақ, 11 бейнеролик және 14 телебағдарлама дайындалып, жергілікті телеарналарда көрсетілді. 4 республикалық және 2 халықаралық деңгейдегі теологтар өңірге шақырылып, 100-ге жуық кездесулер ұйымдастырылды. 120-ға жуық деструктивті тұрғыдағы сайттар мен қолданушылардың сілтемелері анықталды. Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы азаматтарды оңалту мақсатында 123 жеке кездесулер ұйымдастырылып, 30 дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылардың көзқарасын өзгерту мақсатында біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылды. 
2015 жылдан бастап дін саласындағы мемлекеттік саясатты халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 150 адамнан тұратын ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, ай сайын АНТ мүшелеріне атқарған жұмысы үшін ақы төленді. Осылайша Республика бойынша Қызылорда облысында діни бірлестік қызметкерлеріне ақы төлеу мәселесі толығымен шешімін тапты. 
Сондай-ақ, 2016 жылы 1000-нан астам интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 161 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 105 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.
Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Дін саласында 2016 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша
атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысында 172 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12-сі жергілікті діни бірлестік, 160-сы филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. Облыс халқының 96,2 пайызын қазақ ұлтының өкілдері құрағандықтан, 3,8 пайызды құрайтын өзге этнос өкілдерінің де тең жартысынан көбі мұсылмандар болуына байланысты өңірдегі халық ислам дінін дәстүрлі түрде ұстанады деуге болады. Облыс көлемінде 158 мешіт қызмет атқарса, оның 16-ы Қызылорда қаласында, 142 мешіт аудандарда орналасқан. Облыста 1 православтық, 4 баптистік, 5 елуіншілер, 1 Ехоба куәгерлері және 3 пресвитерияндық жергілікті діни бірлестіктер мен филиалдар қызмет атқаруда.
 
Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

158

-

158

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

172

12

160

Дін саласында 2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша
атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 170 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 158 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

156

-

156

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

170

12

158

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында, 2016 жылғы І жартыжылдықта облыс көлемінде дәстүрлі емес ұстанымдағылармен 218, жастар арасында 188, мемлекеттік қызметкерлермен 100, тұрғындармен 60, бюджеттік қызметкерлермен 120, құқық қорғау органдарымен 33, жазасын өтеушілермен 20, діндарлармен 16, денсаулық сақтау саласының мамандарымен 5, түрлі сала өкілдерімен 6 кездесу өткізіліп, барлығы 766 шараға 23881 адам қатысты.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер ісөшараларда халыққа таратылуда.
2016 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен бекітілген мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 мәдени, 4 спорттық шара ұйымдастырылып, 936 жазасын өтеуші қатысты. Ағымдағы жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жолдауымен шетелдік діни оқу орындарында 3 студент және «Нұр Мүбәрәк» Египет ислам университетінде сырбойылық 48 студент білім алуда.
Өңірде діни тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық қатынасты нығайту мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын үйлестіруге облыстық бюджеттен 55 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.
Бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда және faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жариялануда.

Дін саласында 2016 жылдың І тоқсаны бойынша
атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 168 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 156 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

154

-

154

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

168

12

156

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында, 2016 жылдың І тоқсанында облыс көлемінде барлығы 63 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 53 кездесу, 1 дәріс, 4 семинар, 5 дөңгелек үстел өткізіліп, оған 3010 адам қамтылды.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында 7 акция өтіп, 560 адам қатысты.
2016 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен бекітілген мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 мәдени, 4 спорттық шара ұйымдастырылып, 936 жазасын өтеуші қатысты.
Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша 2016 жылдың І тоқсанында аймақтық бұқаралық баспа құралдарында 29 мақала жарияланды. Есепті мерзімде жергілікті телеарналарда діни тақырыптағы 10 бейнеролик 28 рет көрсетілді.
Бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, дін мәселелерін зерттеу орталығының www.dzo.kz сайтында және faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жариялануда.

Дін саласында 2015 жыл бойынша

атқарылған жұмыстар туралы

Қызылорда облысындағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады. Үстіміздегі жылғы ІV тоқсанда облыс тұрғындарының конфессияаралық қатынастар және экстремизм мен терроризмге байланысты пікірлерін зерделеу мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сімен жүргізілген сауалнамаға сәйкес ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша респондеттердің 89,4 пайызы діни ахуалды тұрақты десе, бұл көрсеткіш жыл соңына қарай 94,5 пайызға артқан. Сауалнама қорытындысына сәйкес өңірдегі діни ахуал бойынша тұрақтылық деңгейі байқалады.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында 168 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 156 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

154

-

154

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

168

12

156

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың ІV тоқсан қорытындысы мен жоспарлы және өзге құрылымдармен бірлескен түрде 1051 шара ұйымдастырылып, оған  62 773 тұрғын қамтылған. Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша 2015 жылы аймақтық бұқаралық баспа құралдарында кең көлемді 537 мақала жарияланды. Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Дін мен Діл» бағдарламасы апта сайын көрсетіледі. Онда дінтанушы, теолог мамандар, аймақ имамдары мен облысқа іс-сапармен келген  ҚМДБ филиалдарының өкілдерімен түрлі діни тақырыптармен түсірілімдер ұйымдастырылып, арнада көрсетіледі. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы «Дін мен дәстүр» телебағдарламасы көрсетілуде. Жыл басынан телеарналарда діни тақырыптағы 128 көрсетілім ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, дін мәселелерін зерттеу орталығының www.dzo.kz сайтында және faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жарияланып отыр.

Ағымдағы жылдың I тоқсанымен салыстырғанда аймақта тіркелген христиандық бағыттағы діни бірлестіктер мен олардың қауым мүшелері санының тұрақтылығы сақталуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы филиалдарының саны 4 мешітке артып, 1 мешіт тіркеуден шыққан. Аталған діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тарапынан қолданыстағы заңнамаларды бұзу фактілері орын алған жоқ.

Дін саласында 2015 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша
атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысындағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады. Үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы тұрғындардың 94,9 пайызы облыстағы діни ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайтынын көрсетіп отыр.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында 166 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 154 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

152

-

152

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

166

12

154

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында жоспарлы және өзге құрылымдармен бірлескен түрде 215 шара ұйымдастырылып, аған 15 730 адам қатысты.
Өткізілген шараның форматы: 122 кездесу, 39 семинар, 26 акция, 11 дәріс, 8 форум, 8 дөңгелек үстел, 1 конференция.
Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша 2015 жылдың III тоқсандарында шыққан ақпараттық 345 материал (баспа 43, интернет 62, телеарна 240) жарыққа шыққан.  
Сондай-ақ, бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, дін мәселелерін зерттеу орталығының www.dzo.kz сайтында және facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жарияланып отыр. 
Ағымдағы жылдың I тоқсанымен салыстырғанда аймақта тіркелген христиандық бағыттағы діни бірлестіктер мен олардың қауым мүшелері санының тұрақтылығы сақталуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы филиалдарының саны 4 мешітке артып, 1 мешіт тіркеуден шыққан. Аталған діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тарапынан қолданыстағы заңнамаларды бұзу фактілері орын алған жоқ.

Діни саласында 2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу, жазасын өтеушілердің көзқарастарына бақылау мақсатында дін мәселелерін зерттеу орталығы ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында жоспарлы және өзге құрылымдармен бірлескен түрде 321 шара өткізіп, онда 17 765 адам қамтылды.
ІІ тоқсан көлемінде өткізілген 321 шараның форматы: кездесу - 243, дәріс - 23, мақсатты кездесу - 14, жеке кездесу - 10, семинар - 8, дөңгелек үстел – 11, акция - 4, конференция - 2, спорттық жарыс - 6 
Өткізілген шараларда облыс тұрғындарының төмендегідей салалардағы өкілдері қамтылды: жастар – 10 459, құқық қорғау саласының өкілдері - 1194, тұрғындар - 2135, түрлі сала өкілдері - 1729, бюджеттік сала өкілдері - 917, жазасын өтеушілермен - 123, діндарлар - 895, АНТ және АТК мүшелері - 213, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен – 12, мемлекеттік сала қызметкерлері – 43, деңсаулық сақтау саласының қызметкерлері – 45. 
Дәстүрлі емес діни ұстанымдағы азаматтармен есепті мерзімде жүргізілген 9 жеке сұхбатта олардың ұстанымдары мен көзқарастары анықталды. Жеке кездесу жүргізілген азаматтардың басым көпшілігі 20-30 жас аралығындағы азаматтар. 
Сонымен қатар, "Қазақстан-Қызылорда" облыстық телеарнасында жүргізіліп жатқан "Дін мен діл" бағдарламасының 4 түсіріліміне орталық мамандары қатысып, пікір білдірді. 
"Өрлеу" біліктілікті жетілдіру Ұлттық орталығымен екі жақты келісім-шарт жасалып, ақпараттық-насихат және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Қ.Мурзабеков «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушыларына 10 сағаттық дәріс оқылды. 
Өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, орталықтың www.dzo.kz сайтында, fasebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жарияланып отыр. 
Өңірде 164 діни бірлестіктер мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) филиалы қызмет жасауда. Олардың ішінде:
– исламдық бағыттағы – 150 ҚМДБ-ның филиалы;
– православтық бағыттағы – 1 шіркеу;
– протестанттық бағыттағы – 12 шіркеу (4 – Інжілдік христиан-баптистері (оның 2 филиал), 2 – пресвитериандық, 6 – елуіншілер);
– Ехоба куәгерлері – 1 діни бірлестік.
Ағымдағы жылдың I тоқсанымен салыстырғанда аймақта тіркелген христиандық бағыттағы діни бірлестіктер мен олардың қауым мүшелері санының тұрақтылығы сақталуда. Дегенмен, ҚМДБ филиалдарының саны 3 мешітке артқан, 1 тіркеуден шыққан. Бұл діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы орын алмаған.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік қайта тіркеуден өткен діни бірлестіктер
Жалпы алғанда, 2015 жылдың 01 шілдесіне 6 конфессияны құрайтын, 164 діни бірлестік мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден өткен.

Конфессиялар

Саны

1

Ислам

150

2

Православие шіркеуі

1

3

Елуіншілер шіркеулері

6

4

Інжілдік христиан-баптистер

4

5

Пресвитериандық шіркеулер

2

6

Ехоба куәгерлері

1

Барлығы

164

Діни салада 2015 жылғы 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың І тоқсанында түрлі форматта 80 іс-шара өткізіліп, оған 4511 адам қамтылды. 
Атқарылған шаралар барысында дінтану сараптамасынан өткен діни мазмұндағы кітаптар (460), кітапшалар (922), бүктемелер (1207) таратылды. Облыс әкімінің 2013 жылғы 21 қазандағы №323 Қаулысымен Қызылорда облысында ақпараттық-насихаттық топ жұмыстарын жетілдіру, діни ахуалды зерделеу, зерттеу және талдау, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғаларды сауықтыру бағытында 2014 жылдың басында «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мекемесі құрылды. 
Дін мәселелерін зерттеу орталығында білікті дінтанушы-теолог мамандар жұмыс жасауда. 
Қазіргі таңда орталық негізгі 4 бағытта жұмыс атқаруда:
1. Жалпы кездесу (тұрғындар, жастар, түрлі сала өкілдері).
2. Мақсатты кездесу (жазасын өтеушілер).
3. Нысанды кездесу (такси тұрақтары, темір жол әуежай автовокзал).
4. Дәріс беру (діндарлар, діни білімге қызығушылар).
Сонымен қатар, "Қазақстан-Қызылорда" облыстық телеарнасында жүргізіліп жатқан "Дін мен діл" бағдарламасының түсірілімдеріне орталық мамандары атсалысуда. 
Өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, орталықтың www.dzo.kz сайтында, «fasebook.com» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жарияланып отыр.
Өңірде 162 діни бірлестіктер мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) филиалы қызмет жасауда. Олардың ішінде:
– исламдық бағыттағы – 148 ҚМДБ-ның филиалы;
– православтық бағыттағы – 1 шіркеу;
– протестанттық бағыттағы – 12 шіркеу (4 – Інжілдік христиан-баптистері (оның 2 филиал), 2 – пресвитериандық, 6 – елуіншілер);
– Ехоба куәгерлері – 1 діни бірлестік.
Бұл діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы орын алмаған. 
2014 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда аймақта тіркелген христиандық бағыттағы діни бірлестіктер мен олардың қауым мүшелері санының тұрақтылығы сақталуда. Дегенмен, ҚМДБ филиалдарының саны 4 мешітке артқан. Бұл діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы орын алмаған.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік қайта тіркеуден өткен діни бірлестіктер
Жалпы алғанда, 2015 жылдың 01 наурызында 6 конфессияны құрайтын, 162 діни бірлестік мемлекеттік қайта тіркеуден өткен.

Конфессиялар

Саны

1

Ислам

148

2

Православие

1

3

Елуіншілер шіркеулері

6

4

Інжілдік христиан-баптистер

4

5

Пресвитериандық шіркеулер

2

6

Ехоба куәгерлері

1

Құрылған күні: 24-09-2012 11:12
Жаңартылған күні: 04-05-2017 15:29

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика