ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Баспасөз орталығында об­лыс­тық ден­саулық сақтау басқар­масы бас­тығының орынбасары Сәкен Серғазиев, облыстық мем­лекеттік санитарлық-эпиде­мио­логия­лық қадағалау басқар­масы бастығының орынбасары Ұлбо­сын Аханаева және туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Әбдіғабит Әбләзімнің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Онда облыс көлеміндегі өткен жылғы туберкулез аурушаңдығының ахуалы, 24 ақпан-24 наурыз аралығында облыс көлемінде өткізілген «Мен туберкулезді тоқтата аламын!» атты айлықтың қорытындысы баяндалды.

Жыл өткен сайын туберкулез ауру­шаңдығына қарсы күрес жұмыстары күшей­тіле түсуде. Мәселен, өткен жылдың өзінде аталған дертті дер кезінде диагностикалауға, уақытылы емдеуге, әрі қарай толық сауық­тыруға барлық мүмкіндіктер жасалды.

Жалпы, туберкулезбен аурушаңдық көр­сеткіші бойынша республикада 2010 жылы 15563 науқас, ал өткен жылы 14352 науқас алғаш рет аталған аурумен тіркелген, соған сәйкес аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 95,3-тен 86,8-ге төмендеген. Соның ішінде біздің өңірімізде 2010 жылы 747, 2011 жылы 692 адам алғаш рет туберкулезбен ауырып, тіркелген. Бұдан аурушаңдық көрсеткіштің 107,5-тен 98,0-ге төмендегенін көруге болады. Игі шара аясында бірқатар жұмыстар жасалғаны белгілі. шараның мақ­саты жоғарыда айтып өткеніміздей, тұрғындар арасында, оның ішінде жасөспірімдерді аурудың алдын алу шараларынан хабардар етіп, онан қорғануға үндеу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Айнұр БАТТАЛОВА.

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика