ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысын цифрландыру
 
Өңірді цифрландыру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 ҚР ҮҚ) және Қазақстан Республикасының «Ақылды» қалаларының эталондық стандарты (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен 2019 жылдың 10 шілдедегі № 152 бұйрығымен бекітілген) шеңберінде жүзеге асырылады. 
2019 жылы 29 жоба жүзеге асырылуда (жалпы соммасы 11,6 млрд. тг.) оның ішінде 9 жоба 2020 жылға ауыспалы.
1. Денсаулық сақтау
2. Білім
3. Көлік
4. ТКШ 
5. Қауіпсіздік
6. Қалалық басқару
7. Ауыл шаруашылығы
8. Әлеуметтік сала
9. Экология

2019 жылы жүзеге асырылған жобалар

 

Денсаулық сақтау

1. QR-код арқылы медициналық анықтамалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2. 10 ультрадыбыстық аппараттарды жеткізу және орнату жолымен денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту;
 
Қаржыландыруды қажет етпейтін 1 жоба - төрт медициналық анықтама түріне (086/у, 083/у, 095/у және еңбекке жарамсыздық парағы) QR-код енгізілді.
QR-код арқылыанықтамалардың түпнұсқалығын «Дамумед» мобильді қосымшасымен тексеруге болады. Қазіргі таңда жоба қолданысқа енгізілген.
10 ультрадыбыстық заманауи аппараттарды жеткізу және орнату арқылы денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту жобасы бойынша мемлекеттік жекешелік әріптестікті анықтауға қайта конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның толық іске асырылуы 2020 жылға жоспарланған.
 
 

Білім

1. ТжКБ-да оқу процесін автоматтандыру(облыстың 15 мемлекеттік колледжі college. snation.kz порталына қосылды);

2. Тегін және жеңілдікпен тамақтануды ұсыну қызметі (2019 жылы тамыз айынан бастап 26 814 өтінім(25.12.2019 ж. жағдайы бойынша) (100%) электронды түрдетүсіп,тегін тамақпен қамтамасыз етілді);
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға жолдамалар беру(2019 жылы 144 795 өтінім(25.12.2019 ж. жағдайы бойынша)(100%)электронды түрдетүсіп, лагерьге жолдама берілді);
4. Тегін тасымалдауды ұсыну (2019 жылы тамыз айынан бастап 92  өтінім (25.12.2019 ж. жағдайы бойынша)(100 %) электронды түрде түсіп, жүйе арқылы тегін тасымалдауға жолдама берілді);
5. Білім беру саласындағы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың ақпараттық жүйесі (860 бос жұмыс орны jumys.sitcen.kz сайтында жарияланып, 594 қызметкер жұмысқа алынды);
6. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (2019 жылы 20539 оқушының 19535 (95%) жүйе арқылы қабылданды).
 
Атап айтқанда, білім беру саласындағы қызметкерлерді жұмысқа қабылдау процесі автоматтандырылды. Түйіндеме қалдыру, психологиялық және педагогикалық сынамадан өту, әңгімелесу рәсімдері  www.jumys.snation.kz  сайты арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады.
Облыс бойынша орта білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер mektep.sitcen.kz  ақпараттық жүйесі арқылы  жүргізілуде.
Бүгінгі таңда аталған жобалар іске асырылып, Sitzen жүйесі арқылы автоматтандырылған.
 
 
Көлік
1. Ақылды жаяу жүргіншілер өткелдері; 
2. Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электрондық билеттеу жүйесін орнату;
3. Ақпараттық табло.
 
Бүгінгі таңда 20 өтпеде күн сәулесі мен қоректенетін ақылды жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылған. Бұл жобаның арқасында түнгі уақытта жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының туындау қаупі азайды.
Қоғамдық көліктегі электрондық билеттеу жүйесі жобасы бойынша жолақы төлемі қолма-қол ақшасыз карточка арқылы жүргізілетін болады. Карточка арқылы есеп айырысу тасымалданатын жолаушылардың санының ашықтығына, жолаушылар тасымалының кірістілігін және тиімділігін арттыруға әкеледі. Жобаны толық іске асыру 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Ақпараттық табло орнату қоғамдық көлік қозғалысының кестесі туралы жедел және өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету есебінен қоғамдық көліктің жолаушыларына қызмет көрсету сапасын арттыру және уақытын үнемдеу мақсатында іске асырылады. Ақпараттық таблоны 26 аялдамаға орнату 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Жоба қаланың барлық орталық көшелері мен негізгі аялдамаларын қамтиды.
 
 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
1. Қызылорда қаласы бойынша е-КСК бағдарламасына "Қызылорда Тазалығы" ЖШС-нің 300 үйін қосу;
2. Деректерді жинау, ТКШ диспетчерлендіру және мониторинг жүйесі;
3. Қызылорда қаласының көше жарығын жаңғырту.
 
«Қызылорда тазалығы» ЖШС-ның көпқабатты үйлері бойынша 
300 көпқабатты тұрғын үйді Е-КСК бағдарламасына(сайт және мобильдік қосымша) қосу жобасы жүзеге асырылды. 
Мобильдік қосымша көмегімен басқарушы мекемеден тоқсан сайынғы қаржы есебін алуға, электронды дауыс беруге қатысуға, көрсетілетін қызметтерді бағалауға және мобильді телефонға хабарламалар алуға мүмкіндік береді (жоба қаржыландыруды талап етпейді).
ТКШ диспетчерлендіру және мониторинг жүйесі жобасы бойынша ү.ж. Қызылорда қаласы бойынша 110 көпқабатты тұрғын үйлердің (КҚТҮ) жалпыүйлік есептегіш құралдары жаңғыртылған және 60 КҚТҮ-ге жалпыүйлік есептегіш құралдары (су, жылу) орнатылған (жоба 2020 жылға ауыспалы).
Көшені ақылды жарықтандыру жобасы аясында келесі мақсаттар қойылған:
- 38,6 км электр жүйесін жүргізу;
- Тозығы жеткен 1434 дана жарықтандыру бағандарын ауыстыру;
- 10 846 дана энерготиімді жарықдиодты лампаларын орнату; 
- Іске қосуды реттеу аппараттарының сымсыз жүйесін ендіру;
- Жарықтандыру жүйесінің диспетчерлік жүйесін құру жоспарланған.
Сонымен қатар, жобада ақылды жарықтандыру компоненттері қарастырылған (Мемлекеттік жеке әріптестік тарапынан конкурс құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы күтілуде).Жобаны іске асыру 2020 жылға жоспарланған.
 
 
Қауіпсіздік
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі;
2. Электрондық қылмыстық іс (Е-УД).
3. ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеудің автоматты жүйелерін орнату;
4. ЖБО бейнебақылау жүйесін кеңейту;
 
Әкімшілік  құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі (ЕРАП) жобасы аясында жергілікті полиция және учаскелік полиция қызметкерлері хаттаманы электронды түрде толтыру үшін 129 планшеттермен және термопринтерлермен қамтамасыз етіледі.
Электрондық қылмыстық іс (Е-УД) жобасы аясында қылмыстың жеңіл және орташа түрлерінің қылмыстық істері ақпараттық жүйеде электрондық түрде жүргізілуі үшін 100 дана автоматтандырылған жұмыс орындарымен қамтамасыз ету көзделген (жоба 2020 жылға ауыспалы).
«Жол қозғалыс ережелері бұзушылықтарын тіркеудің автоматты жүйесі» жобасы бойынша Қызылорда қаласындағы «Зияткерлік қиылысулар» жүйелік кешенінің 25 бірлігі және «стационарлық жылдамдық өлшегіш» жүйелік кешенінің 20 бірлігі орнатылады(жоба 2020 жылға ауыспалы болып табылады).      
Келесі ЖҚЕ бұзушылықтары автоматты түрде анықталады:
- Бағдаршамның қызыл түсіне өту;
- Қарсы қозғалыс жолағына шығу;
- Тоқтау сызығының қиылысуы;
Жедел басқару орталығына бейнебақылау камералары санының артуы қоғамдық орындарда, қала көшелерінде, шағын аудандар мен көп пәтерлі үйлердің аулаларында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейінің төмендеуіне әкеледі, сондай-ақ жедел жағдайға, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға оң әсер етеді (жоба 2020 жылға ауыспалы болып табылады).
 
 
Қалалық басқару
1. «IT-Echelon»;
2. Smart Кызылорда мобильді қосымшасы;
3. 112 БКДҚ аудандар үшін;
4. 109-бірыңғай байланыс орталығы;
5. Облыстың 77 мемлекеттік органында талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізу.
6. Қызылорда облысының өңірлік геоақпараттық жүйесін құру және енгізу
 
Бүгінгі күні фронтендты веб-бағдарламалау саласындағы әзірлемелерге оқыту бойынша IT-Echelon жобасы өтті. Жалпы алғанда 72 сағат онлайн сабақ және 24 «meet-up»- сарапшылардың, Қазақстан мен Ресейдің дамыған mail.ru, tinkoff, kompra.kz, Idoctor.kz, Kazdreemtechnologies және Сhocofamily секілді IT компаниялар өкілдерінің тірі баяндамалары өткізілді. Жобаның құрамдас бөлігі кәсіпкерліктің базалық дағдыларына оқыту болып табылады. Жобаның жас құрамы 14-тен 35 жасқа дейін. Жобамен балалар ауылының тәрбиеленушілері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және облыс орталығының жұмыссыз жастары қамтылды. 2019 жылдың қыркүйек айында IT-Echelon жобасы бойынша оқыту курсы аяқталып, нәтижесінде белсенді қатысушылармен 8 стартап жоба ұсынылды.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы қала тұрғындары мен қонақтарына бірыңғай жүйе арқылы әртүрлі өмір сүру салаларындағы сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйе қала тұрғындары мен бизнесіне білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, көлік, ойын-сауық, туризм және коммерциялық қызметтер салаларында ақпараттық, интерактивті және транзакциялық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ жоспарланған реформалар мен оқиғалар бойынша кері байланыс алуға арналған. Smart Қызылорда мобильді қосымшасы 2019 жылы желтоқсан айының басында іске қосылды. 
«112 бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметі» жобасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде шарт жасалынып, облыстың барлық аумағында 112 қызметінің жұмыс барысын кеңейту бойынша (аудандық деңгейде) жұмыстар жүргізілді.
«109-бірыңғай байланыс орталығы» жобасы іске қосылды. Аталған жоба тұрғындардан коммуналдық және қала өміріне байланысты мәселелер бойынша өтініштер мен шағымдарды тәулік бойы «109» қысқа нөмірі арқылы, әкімдіктің сайты (онлайн-консультант), Telegram-бот және электрондық пошта арқылы қабылдауға бағытталған.
 
 
Ауыл шаруашылығы
1. «Ақмая» пилоттық шаруашылығы базасында цифрландыру элементтерін енгізу;
2. 900 тонна қызанақ өсіру бойынша өнеркәсіптік жылыжай салу (автоматтандырылған компьютерлік басқару негізінде);
3. «АИПС Avtopoisk Light»,АИПС «УТМ» және АИПС «Тест» ауыл шаруашылығы техникасының қозғалысын есепке алу және бақылау бойынша бірыңғай ақпараттық база құру.
 
Ауыл шаруашылық өндірісіне цифрландыру элементтерін ендіру және пилоттық «Ақмая» шаруа қожалығының өнімділігін арттыру мақсатында «Akmaya Smart Farm» сандық платформасы әзірленді. Ұшқышсыз техника адам факторын азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Испаниядан алынған қондырғылармен жабдықталған «Жоғары технологиялық автоматтандырылған жылыжай кешенін салу» жобасын  «ҚазАгроМир» ЖШС испан әріптестермен бірлесіп жүзеге асырды. Жылыжайда өсірілетін көкөністерді суару, тыңайтқыштарды беру және температураны реттеу процестері автоматты түрде реттеліп тұрады. Жобаны жүзеге асыру тұтынушыларды жыл бойы қол жетімді бағамен қызанақпен қамтамасыз етуге себін тигізеді. Өнім жинау 2020 жылы сәуірде  күтілуде.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын, Қызылорда қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің барлық тіркеу процестерін толығымен автоматтандыруға және қызмет көрсетуді неғұрлым жоғары деңгейге ауыстыруға мүмкіндік беретін «Ауыл шаруашылығы техникасының қозғалысын есепке алу және бақылау бойынша бірыңғай ақпараттық база» платформасы енгізілді.
 
 
Әлеуметтік сала
1.Электрондық еңбек биржасы және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (е-HR)
Әлеуметтік саласында республикалық 1 жоба жүзеге асырылуда. Электрондық еңбек биржасы және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (E-HR) -өздігінен жұмыс берушілерге және ізденушілерге сайт арқылы (enbek.kz) жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. 
 
 
Экология
1.Қоқыс тасымалдау көлігін диспечерлеу
Қызылорда қаласында қоқыс тасымалдау көліктерін диспетчерлеу жобасы аясында 104 дана GPS-навигатор және 136 дана жанар жағармай шығынын есептейтін құрылғы орнатылады. Нәтижесінде көліктердің жанар-жағармайын үнемдеуге, қозғалысын мониторингілеуге және жылдамдық лимитін сақтауға мүмкіндік береді. Жобаның аяқталу мерзімі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
 

ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 ақпандағы №827 қаулысымен бекітілген) және «Smart city» тұжырымдамасы аясында 2018 жылы Қызылорда облысы «Ақылды басқару» бағыты бойынша пилоттық аймақ болып таңдалды.
2018 жылы төмендегі салалар бойынша 3,5 млрд. теңге сомаға 29 жоба жүзеге асырылды:
Іске асырылған жобалар:
Білім беру саласы - 7 жоба («Электронды күнделік», «Электронды балабақша» Автоматтандырылған жүйесі, Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған онлайн-сабақтар, Робототехника зертханасы, Оқушылар сарайына арналған «3D зертхана», «IT iMAQORDA» ресурстық-әдістемелік орталығы, қала мен аудандарды 100% компьютерлік техникамен жабдықтау);
Денсаулық сақтау саласы – 5 жоба (GPS - санитарлық автокөліктің мониторингі, «Патронажды медбике» және «Ерте жастағы балаларды күту» мобильді қосымшалары, Телемедицина, Медициналық ақпараттық жүйелер, Электронды жазба және электронды кезек);
Қауіпсіздік саласы – 3 жоба (Е-қылмыстық іс, Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі, 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі);
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы - 2 жоба (Қауіпсіз үй, Коммуналдық қызметтердің бірыңғай төлем құжаты);
Ауыл шаруашылығы саласы - 3 жоба («MOBI-VET» мобильді қосымшасы, Агробиржа, Мал шаруашылығы саласында сандық технологияларды енгізу);
Қалалық басқару саласы – 6 жоба (Бірыңғай ситуациялық-талдау орталығы, Қызылорда қаласында IT паркін құру, Қызылорда қаласында «Мобильдік кітапхана», Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра нысандарының 3D форматында интерактивті картасын құру, Қызылорда облысының 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-кодтар орнату, Қызылорда облысының құрылыс саласындағы бақылау, мониторинг және кеңес берудің электрондық платформасын енгізу);
Бизнес саласы - 3 жоба (Геоақпараттық сервис, «КASIPKER-ONLINE» зияткерлік онлайн бизнес-ассистентін енгізу, Жер қызметтерін көрсету бойынша автоматтандырылған сервис);
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесі» жобасы іске асырылды.  Облыс бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымы (бұдан әрі- МБҰ) 100% қамтылды. 2018 жылдың маусым айынан бастап электронды балабақша ақпараттық жүйесін енгізу нәтижесінде мектепке дейінгі балабақшаларда ақша үнемделіп, бюджетке қайтарылды.
Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау жүйелерімен қамтамасыз ету аясында «112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» жобасы іске асырылды. Қызылорда қаласы бойынша барлық қызметтер бірыңғай диспетчерлік қызметке қосылған. Қазіргі таңда қоңыраулар 112 нөмірі бойынша қабылданады. 2019 жылы жүйені аудан орталықтарында енгізу жоспарлануда.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыруды қамтамасыз ету шеңберінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша Медициналық ақпараттық жүйелер (бұдан әрі МАЖ) жобасы іске асырылды. Осы жобаны енгізумен облыс бойынша МАЖ қамту 100% құрады, пациенттердің орташа келу саны 9-дан 6-ға дейін қысқарды, аймақтық денсаулық паспорттарының толтырылған саны-734028, бұл тіркелген халықтың жалпы санының 95,8% құрайды (768835 адам).Бүгінгі күні 114 нысан (121 нысанның) электрондық форматқа ауыстырылды. Медициналық мекемелердің электрондық форматқа толық көшкен кезде емделушімен медицина қызметкерлерінің уақыты 50% - ға үнемделеді және сараптама нәтижелерін алу уақыты 2 есе қысқартылады.
Аймақтағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында облыстың 77 мемлекеттік органы мемлекеттік жекешелік әріптестік (бұдан әрі- МЖӘ) механизмі аясында «Талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізу»  жобасы іске асырылды. Жоба есебінен телекоммуникация қызметтеріне сұранысты қанағаттандыруға және облыстық және аудандық орталықтардың мемлекеттік органдарының жоғары жылдамдықты және қорғалған интернет қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыспалы және іске асырылып жатқан жобалар бойынша 
2019 жылға 52 жоба жоспарланып отыр, оның 13-і ІТпарктің іс-шаралары аясында іске асырылатын болады.
Алдын ала қаржы көздері бойынша бюджеттік инвестициялар бойынша-24 жоба, МЖӘ механизмі - 9 жоба, жеке инвестордың қаражаты есебінен – 5 жоба және қаржылық шығынсыз – 1 жоба жоспарланған.
Көлік саласы бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған.
Атап айтқанда, қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру, төлемді қабылдау процесін сәйкестендіру, жолаушылар ағынын диспетчерлендіру және мониторингілеу мақсатында МЖӘ аясында мемлекеттің қатысуынсыз «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жүйесін орнату» жобасы жүзеге асырылатын болады. Жобадан күтілетін әсер көлік ұйымдарының жыл сайынғы табысын арттыру.
Ауыл шаруашылығы саласында 2 жобаны іске асыру жоспарланған.
Дәл егіншілік элементтерін енгізу кезінде Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Шиелі ауданында «Ақмая» шаруа қожалығында оң нәтижелер алу күтілуде.
Бұдан басқа, инвестордың өз қаражаты есебінен Қызылорда қаласының Ақсуат ауылында «900 тонна қызанақ өсіру бойынша өнеркәсіптік жылыжай құрылысы» жобасын енгізу жұмыстары аяқталуда.
Жобаларды тиімді іске асыру мәселелері әзірленуде:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 2 жоба, оның ішінде МЖӘ механизмі бойынша 1 жоба (Smart квартал, Қызылорда қаласының көшені жарықтандыруды жаңарту үшін, шамдарды интеллектуалды басқару жүйесі бар жарықдиодты шамдарға ауыстыру «Қызылорда қаласының көшені жарықтандыруды жаңарту» жобасы жоспарлануда»)
- Қауіпсіздік саласында МЖӘ арқылы 2 жоба (ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеудің автоматты жүйесін орнату, Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесін кеңейту).
Білім беру саласын цифрландыру мәселесі бойынша орта және техникалық-кәсіптік білім берудің 12 электрондық қызметін енгізу көзделіп отыр. Мектепке қабылдау бойынша композиттік электронды қызметтер, тегін тамақ беру, лагерьге жолдама беру және балаларды тасымалдау секілді қызметтерді автоматтандыру жоспарлануда.
Алдағы уақытта әр түрлі салаларда жұмысқа персонал алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба Қызылорда қаласының білім саласында пилоттық режимде іске асырылуда. Ол бос қызмет орындарға педагогтарды іріктеу кезінде электронды тізім арқылы адал бәсекелестік құруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні фронтендты веб-бағдарламалау саласындағы әзірлемелерге оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба 6 айға есептелген. Жалпы алғанда, 72 онлайн сабақ және Қазақстан мен Ресей елдерінде mail.ru, tinkoff, kompra.kz, және Idoctor.kz, Kazdreemtechnologies, Сhocofamily секілді дамыған IT компанияларының өкілдерімен 24 «meet-up» сарапшы баяндамалары жоспарланған. Жобаның құндылықтарының бірі кәсіпкерліктің негізгі дағдыларын үйрету. Жобаның жастық құрамы 14 жастан 35 жасқа дейін. Жоба аясында балалар ауылының тәрбиеленушілері, облыс орталығының жұмыспен қамтылған және жұмыссыз жастарыда қамтылады.
Қалалық қызметтердің интерактивлігін, өнімділігін және сапасын көтеру, шығындарды азайту, ресурстарды тұтыну және әкімдік пен тұрғындар арасында байланыс жақсарту мақсатында «Smart Кызылорда» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
 

Бейнематериалдар
 
«Ақылды қала» жобасын іске асыру бойынша бейнематериалдар

1. 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі

2. Даму-Мед

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі

4. ТКШ саласын цифрландыру

5. Білім саласын цифрландыру

6. Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру

7. Көлік саласын цифрландыру

 

 

 

Құрылған күні: 25-04-2018 09:04
Жаңартылған күні: 08-01-2020 11:27
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика