ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

2018 год

 

Қызылордалық хоккейшілер бірінші орында

2018 жылғы 15-21 қазан аралығында Қызылорда қаласында көгалдағы хоккейден ерлер, әйелдер  және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының III-IV айналымы өтті.
Жалпы ел чемпионатының қорытындысы бойынша 68 ұпай жинаған қызылордалық «Қайсар» ерлер командасы көш бастады. Сондай-ақ, 37 ұпаймен «Қайсар» әйелдер командасы 1-орынды жеңіп алды. 
2003 жылғы және одан төмен ұлдар арасында сырдариялық спортшылар өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. 
«Қайсар» командасының ойыншылары Ғалымжан Әлиев «Үздік қорғаушы», Гузал Бахабаддин «Үздік қақпашы»  номинациясымен марапатталды. 
Қызылорда облысының командаларын жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады. 

Машбек ауылында спорттық жарыстар аяқталды
2018 жылғы 20-21 қазан күндері Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында республикалық турнир өтті. 
Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен Машбек Нәлібаевтың ұлы Пазылбек Нәлібаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Турнирге облыс орталықтарынан 11 команда 100-ден аса спортшы 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыс нәтижесінде жерлестеріміз Ердәулет Салыбеков (55 келі) пен Олжас Оразалыұлы (60 келі) турнир жеңімпазы атанса, басқа да спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.  
Сондай-ақ, қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында қызылордалық Еламан Ерғалиев бас жүлдені жеңіп алды. Ал Нұрым Сәлімгереев 3-орынды  иеленді.   
Сонымен қатар, волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирлер өтті. Волейболдан Машбек ауылы 1-орынды алса, қызылордалық «Бақсайыс» командасы екінші, Әбдіғаппар ауылы үшінші орындарды иеленді. Шағын-футболдан Жаңақорған ауданының «Сығанақ» командасы  1-орынға ие болды. Қалған  орындарды  Жайылма және Еңбекші ауылдарының  командалары бөлісті. 

Қызылорда қаласының 200 жылдығына ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өткізілді
2018 жылғы 29 қыркүйек күні ипподромда Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында бәйге түрлерінен «Сыр тұлпары» атты республикалық жарыс өткізілді. 
Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.  
Ипподромда ұлттық ат спорты түрлері - тай бәйге (5 шақырым), құнан бәйге (13 шақырым), топ бәйге (21 шақырым) және аламан бәйге (31 шақырым ұйымдастырылды.  
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ұлттық спортты дамыту мақсатында биыл Қызылорда қаласында «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубының» ашылғандығын,  жыл сайын 7000-нан аса  палуанның қатысуымен өтетін «Алтын белбеу» турнирі еліміздегі ең танымал және беделді жарыстардың бірі  екендігін және  облыста 16 мыңнан аса спортшы ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатындығын айтып өтті.  
Бұл сайыстарда жерлестеріміз жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, құнан бәйгеде – 1 млн 600 мың теңгені иеленген Серік Шермұхамет болса, Бауыржан Әбубәкір - 400 мың теңге, топ бәйгеде шиелілік Еркебұлан Базарбай 562 мың теңгенің иегері атанды. 
Ал аламан бәйгеде Қызылордалық Бақдәулет Бақытжанұлы 2 млн 400 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды.

Қызылорда қаласының 200 жылдығына велошеру өтті
2018 жылғы 22 қыркүйек күні Қызылорда қаласының 200 жылдығына 200-ден аса қала тұрғындарының қатысуымен велошеру өтті. Олардың арасында әуесқойлар, мамандар, жастар, белсенділер және түрлі мекеме қызметкерлері болды. 
Қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қаланың 200 жылдығымен құттытап, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Велошеру «Сыр-Ана» монументінен басталып, «Еврзия» спорт кешенінің алдында аяқталды. 
Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың алғыс хаттары табысталды. 

Сырдариялық волейболшылар халықарлық турнирдің

он екінші мәрте жеңімпазы атанды

2018 жылдың 6-9 қыркүйек күндері Тереңөзек кентінде жасөспірімдер арасында волейболдан халықаралық турнир өтті. Биылғы жылы турнир жиырмасыншы мәрте өткізілді. Жарысқа Өзбекстаннан, Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің облыстарынан мықты спортшылар аудан орталығына жиналды. 
Жеңіс тұғырына он екінші мәрте жеңімпаз атанған Сырдария ауданының құрамасы көтерілді. Сырдариялық Дулыға Төлегенов турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясын иеленді. 

Спорт күні мерекесіне орай бұқаралық велошеру өтті
2018 жылдың 18 тамыз күні Қызылордада ҚР Спорт күні мерекесіне орай спортшылар мен қала тұрғындардың қатысуымен бұқаралық велошеру өтті. 
Қатысушылар 7 шақырымды жүріп өтті. Сөре «Сыр - Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы «Евразия» спорт кешенінің алдында мәреге жетті. 
Велошеруге облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов қатысты.

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған спартакиада аяқталды
2018 жылдың 22 маусым – 5 шілде аралығында Қызылордада  мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXIV дәстүрлі спартакиада аяқталды.  
Жарысқа 18 команда 1000-ға жуық мемлекеттік және ведомстволар қызметкерлері спорттың 8 түрінен сынға түсті.  
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-топ бойынша облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды шекара отряды 20/19 әскери бөлімі, үшінші орынды облыстық төтенше жағдайлар департаменті иеленді. 
2-топ бойынша қала әкімінің аппараты үздік шықса, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  екінші, статистика департаменті үшінші орындарды еншіледі. 
Жеңіске және жүлдеге ие болған командалар диплоп, кубок, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қызылордада ашық бассейн ашылды

2018 жылдың 20 маусым күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен «Мұз айдыны» спорт кешені ғимаратының жанынан ашық бассейн салынды. 
Бассейннің ұзындығы 16,8 метр,  3 жүзу жолынан тұрады. Көлемі 128 шаршы метр, тереңдігі 80-1,75 см. 
Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 10.00-12.00 және 17.00-18.00 аралығында спортшылар жаттығулар жүргізеді. Қалған уақытта қала тұрғындары үшін бассейн ашық. 

 


Халықаралық Олимпиада күніне  велошеру өтті

2018 жылдың 23 маусым күні Қызылордада Халықаралық Олимпиада күніне арналған бұқаралық велошеру өткізілді.
Сөре «Сыр-Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы, Қонаев, Әйтеке би көшелері арқылы орталық алаңда мәреге жетті. 
Орталық алаңдажас каратэшілер көрсетілім қойды. Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мерекемен құттықтап, велошеру қатысушыларына Халықаралық және Ұлттық Олимпиада комитетінің сертификаттарын табыстады. 
 

 «Сенің жаңа қырың!» шарасы аясында

таңғы жаттығу гимнастикасы мен веложарыс өткізілді

2018 жылдың 26 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дене шынықтыру мен спортпен айналысу бойынша жолдаған «Сенің жаңа қырың!» челленджіне қолдау білдіру мақсатында Қызлордада таңғы жаттығу гимнастикасы мен веложарыс өткізілді. Айтулы шараға спортшылар, әуесқойлар және мемлекеттік қызметкерлер қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. 
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілер арасында велосипед спортынан жарыс өткізілді. Нәтижесінде ерлер арасында мәреге бірінші болып Мейрамбек Ерубаев (ТЖД) келсе, екінші - Жандәуле Өндірей (ТЖД), үшінші - Шыңғыс Аманқұлов (Обл.сот) келді. 
Ал әйелдер арасында Әсел Жадырасынова (ТЖД) жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Анар Сәлімжан (Мем.қызмет істер департаменті) иеленді. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Мәулен Бегалиев (Обл.спорт басқармасы) марапатталды.

Қазалылықтар  - Тимур Сегізбаев турнирінің жеңімпазы атанды!
2018 жылдың 17-19 мамыр аралығында Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаев атында футболдан 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Турнирге Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда қатысты.
Турнир нәтижесінде Қазалы ауданының командасы көш бастаса, екінші орынды Қызылорда облысының №6 футбол жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командалары иеленді.  
Жарыста «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Рысбек Тәңірберген (Қазалы), «Үздік қорғаушы» Нұрсәт Байсалов (Қызылорда), «Үздік шабуылшы» Еламан Қасен (Жаңақорған), «Үздік ойыншы» Диас Қайратбек (Қазалы) марапатталды. 
Жеңімпаз, жүлдегер командалар диплом, медаль, кубок, естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Қызылордада дәстүрлі веломарафон басталды
2018 жылдың 6 мамыр күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен мекеме қызметкерлері мен әуесқойлар арасында дәстүрлі веломарафон басталды. Сөре «Тағзым» алаңынан басталып, мәре «Евразия» спорт кешенінде аяқталды. 
Нәтижесінде ерлер арасында Пазылбек Жақсылық (олимпиадалық резерв даярлау орталығы) бірінші болып келсе, тараздық Нұрбол Кулимбетов – екінші, әуесқой спортшы Берік Көпешов – үшінші орындарды иеленді, әйелдер арасында әуесқой спортшылар Қаракөз Қизатова жеңімпаз атанса, екінші орынды Динара Эшатова еншіледі. Үшінші орын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ақзия Қырықбаеваға бұйырды.
«Жеңіске деген жігері үшін» - номинациясымен Жандәулет Өндірей (ТЖД) мен Қанат Қизтов (әуесқой спортшы), «Жасы үлкен қатысушы» - 71 жастағы Александр Ким марапатталды. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медальдары және  жарыстың бас демеушісі «Biali LTD» ЖШС бағалы сыйлықтары табысталды. 

 


Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды
2018 жылдың 28 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. 
Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды және Астана қаласының 20 жылдығы Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында өткізілді. 
Жарыстың бірінші кезеңіне - 6839 спортшы, екінші кезеңіне - 1511, үшінші кезеңі - облыстық ақтық сайысқа 250 балуан төл өнерімізді дамытуға атсалысты. 
Түйе палуан сайысына 15 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық  Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн. 170 мың теңгенің сертификаты табысталды.
«Сыр Арланы» - қызылордалық Мақсат Исақабыловқа 630 мың теңгенің сертификаты беріліп, «Сыр Сұңқары» - қызылордалық Жасұлан Досымовқа 360 мың теңгенің сертификаты табысталды. 
Үстіміздегі жылдың шілде айында Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сәлімгереев пен М.Исағабылов облыс намысын қорғайтын болады. 
 
Жарыс жеңімпаздары: 
2003-2004 ж.т. кіші жасөспірімдер:
38 келі: Нұрсұлтан Хамит (Жалағаш)
42 келі: Мағжан Жарылқасын (Шиелі) 
46 келі: Ернар Қуандық (Қызылорда)
50 келі: Мейірбек Әлкебай (Арал)
55 келі: Абдулазиз Тұраш (Қармақшы)
60 келі: Дінмұхаммед Алтай (Қармақшы)
66 келі: Думан Файзулла (Жаңақорған) 
73 келі: Дінмұхаммед Айдарбеков (Сырдария)
+73 келі: Саят Ысқақ (Қызылорда)
 
2001-2002 ж.т. жасөспірімдер:
46 келі: Теміржан Руслан (Жалағаш)
51 келі: Шыңғыс Мұқанғалиев (Қармақшы)
57 келі: Ермахан Қамар (Жаңақорған)
64 келі: Диас Мажитов (Қызылорда) 
72 келі: Наурызбек Мамыт (Жаңақорған)
81 келі: Асылжан Бақытжанұлы (Қызылорда)
+81 келі: Айберген Алдаберген (Жаңақорған)
 
1999-2000 ж.т. жастар:
55 келі: Мұхит Шералиев (Қызылорда)
60 келі: Олжас Оразалыұлы (Жаңақорған) 
66 келі: Бағдәулет Төлешов (Қызылорда)
74 келі: Нұрсұлтан Өтепберген (Жаңақорған)
82 келі: Еңбек Сақатағанов (Қызылорда)
90 келі: Ринат Тоғысов (Қармақшы)
100 келі: Нұрберген Алдаберген (Қызылорда)
+100 келі: Нұрлыхан Шархан (Қызылорда)
 
Ересектер арасында:
55 келі: Бауыржан Райсов (Қармақшы)
60 келі: Райымбек Рантаев (Шиелі)
66 келі: Дархан Сержанов (Байқоңыр)
74 келі: Рахманберді Әбдірашит (Қызылорда)
82 келі: Ғалымжан Абдрахманов (Қармақшы)
90 келі: Ержан Абдуллаев (Қызылорда)
100 келі: Мақсат Исақабылов (Қызылорда)
+100 келі: Еламан Ерғалиев (Қызылорда)

«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жүлдесі үшін турнир

2018 жылдың 8-13 сәуір аралығында Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. 
Жарысқа Алматы, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысты. 
Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында Қызылорда қаласының №198 орта мектеп командасы, қыздар арасында Қызылорда қаласының  «Мұрагер» дарынды балалар мектебінің оқушылары бірінші орындарды иеледі. 
«Үздік ойыншы» номинациясымен қызылордалықтар Руслан Кенбаев пен Дана Сейтова марапатталды.  
Жеңімпаз, жүлдегер командаларға және номинация иегерлеріне диплом, кубок, естелік сыйлықтар берілді. 
 

«Ардагер» командасы жеңіске  жетті
 
2018 жылы 27-28 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде аты аңызға айналған футболшы, қызылордалық шеберлер командасының бас бапкері Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында бесінші облыстық ашық турнир өткізілді. 
Жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы және Қалымбетовтер отбасы  ұйымдастырды.
Турнирге Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 9 команда қатысты. 
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Ардагер» командасы «Петро Қазақстан» командасын 3:2 есебімен жеңіп, екінші мәрте жеңімпаз атанды. Жаңақорғандық «Сығанақ» командасы үшінші орынды иеленсе, «Қайсар» командасы төртінші орынды  қанағат тұтты. 
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Сергей Жмурин («Ардагер» командасы), «Үздік қорғаушы» - Ерлік Тұртанов («Сығанақ» командасы), «Үздік шабуылшы» - Бахыт Қадыров («Қайсар» командасы), «Мерген ойыншы» - Ғани Махамбетов («Петро Қазақстан» командасы), «Үздік ойыншы» - Берік Жаппасбаев («Ардагер» командасы) марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне кубок, диплом, естелік сыйлықтар берілді.

Ұлттық банк Қызылорда филиалы – жеңімпаз!
2018 жылғы 20-21 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, қаржы саласының құрметті ардагері Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 9 команда қатысып, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты. 
Жарыс нәтижесінде Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерін 6:1 есебімен ұтты. Үшінші орынды  қаржы және экономика басқармаларының құрама командасы алса, төртінші орынды Жалағаш ауданының құрама командасы қанағат тұтты.  
«Үздік қақпашы» - Бауыржан Сапаров  (Қаржы және экономика басқармалары), «Үздік қорғаушы» - Ғабит Ербол (Жалағаш ауданы), «Үздік шабуылшы» - Төлеу Серікбаев (Мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік бомбардир» - Кеңес Маханбетов (Ұлттық банк), «Үздік ойыншы» - Дінислам Асылбекұлы (Ұлттық банк) марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы берілсе, номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарысты ұйымдастырушылар: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және Шөкеновтер отбасы.

 

2017 жыл

Сыр балуандары 17 медаль иеленді
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерге орай 2017 жылдың 12-13 желтоқсан күндері Шиелі ауданында қазақ күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында М.Шоқай атындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі турнирге еліміздің әр облысынан, Қырғызстан Республикасынан жиналған 200-ден аса балуан 9 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.
Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеуге көздеген сайыста Қызылорда облысының спортшылары 17 жүлдені (7 алтын, 5 күміс, 5 қола) иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. 
Турнирде жеңімпаз атанғандар: Алтынбек Өмірәлі, Ғабит Темірбай, Темірлан Қуантаев, Мұқит Шералиев, Нұршат Әбілтаев, Бағдаулет Төлешов, Еңбек Сақтағанов. 
Күміс жүлдегерлер: Диас Рүстемов, Нақберген Тоқбаев, Қадырбек Қалдар, Айберген Алдаберген, Әбдірахым Сайфназар. 
Қола жүлдегерлер: Әнуар Нұрлыбек, Мейіржан Қоқантаев, Рахат Шаймерденов, Асылжан Бақытжанұлы, Айдын Жыланбасов.   
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қызылордада дәстүрлі веложарыс өтті
2017 жылғы 29 қазанда Қызылордада дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен  облыстық дәстүрлі  веложарыс өтті. Сөре дария бойындағы жаңа көпірден басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы «Сыр Ана» монументінде  мәресіне жетті. 
Нәтижесінде ерлер арасында Пазылбек Жақсылық (ЖСШМ) бірінші болып келсе, ардагер спортшы Берік Көпешов  – екінші, мектеп-интернат қызметкері Нұрбол Ситалиев – үшінші орындарды иеленді.
Әйелдер арасында әуесқой спортшы Қаракөз Қизатова жеңімпаз атанды. Екінші орынды Мөлдір Арғынбаева (№43 орта мектеп) алса, үшінші орын Алтынай Жақыповаға (№211 орта мектеп) бұйырды.
«Белсенді қатысқаны үшін» - номинациясымен әуесқой спортшы Айбек Боранбаев, «Жасы үлкен қатысушы» - 51 жастағы №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің қызметкері Алексей Пен марапатталды. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге жарыстың демеушісі «Biali sport» компанияcының естелік сыйлықтары табысталды. Айта кетейік, дәстүрлі веложарыс әр жексенбі сайын 10.00-де жалғасады.

Теннистен спорт шебері Тимур Мауленов

 шеберлік сабағын өткізді

2017 жылғы 12 қазанда теннистен 2016 жылғы жастар арасында Қазақстан жеңімпазы Тимур Мауленов «Нұрсәт» теннис орталығында жас жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізді.  
Ол жас спортшыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, шеберлікті арттыру мен ойын сапасын жақсартудың әдіс-тәсілдерін үйретті.
Оның алдағы жоспары қараша айында Египетте өтетін  халықаралық турнирге және желтоқсанда АҚШ-тың Майами қаласында болатын оқу-жаттығу жиынына қатысу. 
Т.Мауленов 2000 жылы дүниеге келген. Осы уақытқа дейін жастар арасында өнер көрсетіп келген спортшы биылғы жылдың шілде айында Алматы қаласында ересектер арасында сынға түсіп, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Осы жүлдесіне орай ол теннистен ҚР спорт шебері нормативін орындады.  
Айта кетейік, Тимур Қазақстан құрама команда сапындағы ең жас теннисші.

Қызылордада дәстүрлі веложарыс өтті
2017 жылғы 8 қазанда Қызылордада бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған веложарыс өтті. 
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға 200-дей әуесқойлар мен мекеме қызметкерлері қатысты. 
Жарыс №3 велоспорт жөніндегі олимпиадалық резерв мектебінің алаңынан басталып, Ш.Есенов, Тәуелсіздік даңғылы арқылы Сұлтан Бейбарыс көшесінде мәресіне жетті. 
Нәтижесінде ерлер арасында Пазылбек Жақсылық бірінші болып келсе, Жандаулет Өндрей – екінші, Айбек Боранбаев – үшінші орындарды иеленді. Әйелдер арасында Ғалия Қуатбаева жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қаракөз Қизатова алса, үшінші орын Алтынай Жақыповаға бұйырды.
«Ең жас қатысушы» - номинациясымен 12 жастағы Бекзат Қойшыбаев, «Жасы үлкен қатысушы» - 53 жастағы Ерғали Шөмішбаев, «Белсенді қатысушы» - Нұрбол Сейтқалиев марапатталды. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге жарыстың демеушісі, «Сәлем» және «Asia Life» сақтандыру компанияларының естелік сыйлықтары табысталды.

А. Кашечкин жүлдесіне арналған

велоспорттан жарыс аяқталды

2017 жылғы 30 қыркүйек – 1 қазан күндері Қызылорда қаласында ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кашечкин жүлдесі үшін велоспорттан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жарыс өтті. Оған Алматы және Қызылорда қалаларынан 100-ге жуық велошабандоздар қатысты. Нәтижесінде жарыс  бағдарламасына сәйкес қызылордалық спортшылардың мерейі үстем болды. 
30 шақырымдық топтық жарыста Нұртуған Сейтов бірінші болып келсе, Нұрсұлтан Пернебай екінші, Аслан Силықбек үшінші орындарды иеленді. 15 шақырымдық топтық жарыста Юлдуз Калменова жарыс жеңімпазы атанды. Алтынай Рабаева екінші, Лиза Маханбетжан үшінші орындарды еншіледі. 
12 шақырымдық критериум жарысында ұлдар арасында Нұртуған Сейтов 1-орынға ие болды. Қалған орындарға Аслан Силықбаев пен Нұрсұлтан Пернебай ие болды. 6 шақырымдық сайыста қыздар арасында Юлдуз Калменова екінші алтынына қол жеткізсе, Асылзат Рабаева  - күміс, Лиза Маханбетжан - қола жүлделерді еншіледі. 
Сондай-ақ, жарыс аясында әуесқойлар арасында 6 шақырымдық критериум жарысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ерлер арасында жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкері Пазылбек Жақсылық, әйелдер арасында №3 ОВЖОРМБЖМ қызметкері Ғалия Қуатбаева бірінші орынды алды. 

«Қайсар» футбол орталығы  - республикалық турнир жеңімпазы
2017 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласының «Локомотив» стадионында Сыр футболының түлегі Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін футболдан 2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысты. 
Турнир нәтижесінде «Қайсар» футбол орталығы бірінші орынды иеленді. Олар финалда Шымкент қаласының командасын 2:0 есебімен ұтты.
Екінші орынды - Шымкент, үшінші орынды - Талдықорған қалаларының командалары иеленді.  
Жарысты ұйымдастырушылар үздік ойыншыларды анықтады. «Үздік қорғаушы» - Санжар Шалқарбек (Шымкент қ.), «Үздік жартылай қорғаушы» - Ұлан Ахметқалиев (Талдықорған қ.), «Үздік шабуылшы» - Әнуар Төлепберген (Қызылорда қ.), «Үздік қақпашы» - Александр Ли (Алматы қ.), «Үздік ойыншы» - Данияр Назар (Қызылорда қ.), «Белсенді қатысқаны үшін» - №6 ОФЖОРМБЖМ (Қызылорда) және Алматы қаласының командалары марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен марапатталса, номинация иегерлері мен жарысқа белсенді қатысқан командаларға диплом, естелік сыйлықтар табысталды. 
Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Әмірбек Шаймағамбетов, атқарушы директоры Асқар Сереков және футбол ардагерлері марапаттады.

Әйтеке би кентінде халықаралық турнир аяқталды
2017 жылғ 9-10 қыркүйек күндері Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде грек-рим күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында XII халықаралық турнир аяқталды. Турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және еліміздің 10 облысынан 18 команда 230 спортшы қатысты.
Жарыстың құрметті қонағы ретінде даңқты балуан, 7 дүркін КСРО чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов қатысты. Сондай-ақ, грек-рим күресінен Қызылорда облысының күрес федерациясының вице-президенті Ермек Кукетов қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің турнирге қатысушыларға арнаған құттықтау жеделхатын оқып берді. 
Жарыс жеңімпаздары және жүлдегерлері: 46 келі: 1-орын Наурыз Абибуллаев (спорт интернат), 50 келі: 2-орын Қасымхан Мейрамбекұлы (Әйтеке би), 76 келі: 2-орын Ұлыкбек Темірбек (спорт интернат), 85 келі: 2-орын Жандос Задаш (спорт интернат). 

Қызылордада спорт күні аталып өтті

2017 жылғы 20 тамыз күні Қызылорда қаласында  ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындарының қатысуымен бұқаралық велошеру өтті. 

Велошерудің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, әрі облысымызда велоспорттың кеңінен өркен жайылуына үлес қосу. 
Велошеру таңғы 10.00-де «Сыр - Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы өтіп, орталық стадионда аяқталды. 
Орталық стадионда Спорт күні мерекесімен сала мамандарын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов құттықтап, спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады. 
Олардың ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен спорт ардагері, бокстан КСРО спорт шебері Афанасий Ким, облыс әкімінің алғыс хатымен грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Юн, спорт басқармасының алғыс хатымен көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландиндер марапатталды. 
Сонымен қатар, спорт мекемелері арасында 16  команданың қатысуымен волейболдан жарыс өтті. 
Нәтижесінде «Қайсар» волейбол клубы айқын басымдық танытып, жеңіске жетті. Екінші орынды облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің  қызметкерлері алса, үшінші орын Қажымұқан спорт клубына бұйырды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға алғыс хат және кубоктар табысталды. 

Бірінші спорт шеберін еске алуға арналды
2017 жылғы 2-5 тамыз аралығында Қызылорда қаласында дойбыдан тұңғыш спорт шебері Бақ Иманалиевті еске алуға арналған көз мүгедектері арасында республикалық турнир өтті. Турнир биыл жетінші мәрте ұйымдастарылды. 
Төрт күнге созылған жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан дойбышылар қатысты. 
Нәтижесінде аралдық Дәулет Дүйсенбаев жеңімпаз атанды. Екінші орынды қазалылық Асқар Сәрсенбай иеленсе, үшінші орынды қызылордалық Ертай Әбимолда еншіледі.
«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен сырдариялық Руслан Рахманбердиев, «Ардагер ойыншы» - қызылордалық Александр Ким, «Ең жас ойыншы» - 17 жастағы жаңақорғандық Айсана Алмабекова, белсенді қатысқаны үшін қазалылықтар Рабиға Шаламен, Ардақ Есіркепова және жаңақорғандық Мадина Нұрсейіт марапатталды.  
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубок және естелік сыйлықтар табысталды.

«Ақ бидай» ауыл спорт ойындары өтті

2017 жылғы 20-22 шілде аралығында Қызылорда қаласында VI «Ақ бидай» ауыл спорт ойындары өтті. Бұл сынға облыстың барлық аудандарынан 1000-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс спорттың 8 түрінен өткізілді. 

Ауыл спорт ойындары 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңі мамыр айында ауылдық елді мекендерден бастау алса, екінші кезеңі маусым, шілде айында аудан орталықтарында ұйымдастырылып, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды. 
Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Жаңақорған ауданының құрама командасы көш бастады. Сырдария екінші, Қазалы үшінші орындарды иеленді. Командаларға дипломдармен кубоктар табыс етілді.  
Жарыстың 3 күнгі қорытындысы бойынша:

Спорт  түрі

I - орын

II - орын

III – орын

 

1

Тоғызқұмалақ

Қазалы ауданы

Жаңақорған ауданы

Жалағаш ауданы

2

Қазақ күресі

Қармақшы  ауданы

Шиелі ауданы

Жалағаш ауданы

3

Гір көтеру

Сырдария ауданы

Жаңақорған ауданы

Қазалы ауданы

4

Қол күресі

Жаңақорған ауданы

Сырдария ауданы

Қармақшы  ауданы

5

Шағын - футбол

Жаңақорған  ауданы

Қазалы ауданы

Қармақшы ауданы

6

Асық ату

Арал ауданы

Қазалы ауданы

Жалағаш ауданы

7

Жазғы  Президенттік көпсайыс

Қармақшы ауданы

Сырдария ауданы

Жалағаш ауданы

8

Волейбол (әйелдер)

Шиелі ауданы

Сырдария ауданы

Жаңақорған  ауданы

Волейбол (ерлер)

Сырдария ауданы

Жаңақорған  ауданы

Шиелі ауданы

Жалпы командалық есепте

Жаңақорған ауданы

Сырдария ауданы

Қазалы ауданы


Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналды

2017 жылдың 26-28 мамыр  аралығында Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған футболдан 2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында 9-шы республикалық турнир аяқталды. Оған Жамбыл, Қызылорда облыстарынан  10  команда 200-дей спортшы қатысты.

Турнир нәтижесінде Тараз қаласының командасы көш бастаса,  екінші орынды Сырдария ауданы, үшінші орынды Қызылорда облысының №6 ОФЖОРМБЖМ командалары иеленді. 

Жеңімпаз, жүлдегер командаларды және үздік ойыншыларды Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов, облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті Болат Көшербаев және «Қайсар» ФК директоры Эдуард Глазунов марапаттады. Турнирде  «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Асқар Сарымбетов (Сырдария),  «Үздік қорғаушы» Виталий Марков (Тараз қ.),  «Үздік жартылай қорғаушы» Андрей Ким (Сырдария), «Үздік шабуылшы» Ислам Алпысбай  (Қызылорда), «Үздік ойыншы» Олег Салтаков (Тараз қ.) марапатталды. 


Қызылордада еліміздің үздік палуандары анықталды

2017 жылдың 13-15 мамыр аралығында Қызылордада 2000-2002 жылдары туылған  жасөспірімдер  арасында Қазақстан Республикасының  чемпионаты өтті. Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 22 команда, 325 спортшы 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыс нәтижесінде Қызылорда облысынң құрамасы жалпыесепте жеңімпаз атанды.

Енді жерлестеріміз шілде айында Тайландта Азия, қыркүйекте Грецияда өтетін Әлем чемпионаттарында бақтарын сынайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің медаль, дипломдарымен марапатталды. 


«Қызылорда мастерс» жеңімпаздары анықталды
2017 жылдың  8-12 мамыр аралығында Қызылорда қаласында теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «Қызылорда мастерс» республикалық турнирі өтті. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен, Алматы, Ақмола, Батыс  Қазақстан облысы және Қызылордадан 60 теннисші қатысып, үздіктер анықталды.  
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында қызылордалық спортшылар белсенділік танытып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, Ерасыл Ерділда алтыннан алқа тағынса, Жақас Қозбақ күміс жүлдені, Бекжігіт Минаж қола жүлдені еншіледі. 
Ал қыздар арасында қызылордалық Эдельлис Нармағанбет  жеңіс тұғырына көтерілді. 
Микст ерекшелігі бойынша 1-орынды Жақас Қозбақ пен Эдельлис Нармағанбет алса, 2-орынды Ерасыл Ерділда (Қызылорда) иеленді. 

 


Қызылордалық таеквондошылар Жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды!

2017 жылдың 4-13 мамыр аралығында Ақтау қаласында  ҚР 4-ші Жастар спорт ойындары аясында таеквондодан жарыстар аяқталды. Дүбірлі бәсекеде  қызылордалық спортшылар 12 жүлдені иеленіп, 460 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Жекелей есепте Ботагөз Қапанова (52 келі) мен  Гүлмира Садықова (+68 келі) спорт ойындарының жеңімпазы атанды.

Айым Тоғман (55 келі), Шамшат Ақберген (59 келі), Балнұр Сәрсенбай (63 келі), Дөнес Сыдықов (68 келі), Жандос Орынбек (73 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Алина Маметқали (42 келі), Эдуард Хван (45 келі), Зарема Музыкантова (46 келі), Гүлбала Абызбаева (49 келі), Рамазан Жеткерген (59 келі)спорт ойындарының  қола жүлдесін еншіледі.

Айта кетейік, 2013 жылы облыс құрама командасы 3-ші Жастар спорт ойындарында жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленген болатын.   


Мақсат Исағабылов  «Сыр Барысы» атанды

2017 жылдың 30 сәуір күні Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде  қазақ күресінен VIIIоблыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Айта кетейік, биылғы «Сыр Барысы» атағы үшін таласуға аудандардан 7 мыңнан аса палуандар қатысты. Ақтық кезеңге үздіктердің үздігі бақ сынасты.

Түйе палуан сайысына 14 спортшы қатысты. Олардың арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов  «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 300 мың теңгенің сертификаты табысталды.

 «Сыр Арланы» титулын иеленген аралдық Нұрым Сәлімгереев 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - қармақшылық Марат Баймахановқа  400 мың теңгенің сертификаты табысталды.

2 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан M.Исағабылов пен Н.Сәлімгереев облыс намысын қорғайтын болады.

Жарыс жеңімпаздары:

2000-2001 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында:

38 келі: Теміржан Руслан (Жалағаш ауд.)

42 келі: Дамир Жақанша (Жалағаш ауд.)

46 келі: Айдос Балтабай (Шиелі ауд.)

50 келі: Ермек Аманкелді (Жалағаш ауд.)

55 келі: Ерлан Бақытбек (Қызылорда қ.)

60 келі: Бекзат Андрей  (Жалағаш ауд.)

66 келі: Наурызбек Мамыт (Жаңақорған  ауд.)

73 келі: Асылжан Бақытжанұлы (Қызылорда қ.)

+73 келі: Айберген Алдаберген (Жаңақорған ауд.)

1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында:

46 келі: Нұрсұлтан Досмұрат (Қызылорда қ.)

51 келі: Олжас Оразалыұлы  (Жаңақорған ауд.)

57 келі: Бағдәулет Иманзада (Қызылорда қ.)

64 келі: Ринат Елеуліұлы (Арал ауд.)

72 келі: Дәулет Хабибуллаев  (Сырдария ауд.)

81 келі: Спандияр Алмаханов (Қармақшы ауд.)

+81 келі: Бақтияр Ибрагимов (Арал ауд.)

1997-98 ж.т. жастар арасында:

55 келі: Бекжан Төлепов (Шиелі ауд.)

60 келі: Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда қ.)

66 келі: Әсет Әбдреев (Қармақшы ауд.)

74 келі: Жанболат Бақбергенов  (Сырдария  ауд.)

82 келі: Алхазур Серитханов (Жалағаш ауд.)

90 келі: Нұрберген Алдаберген (Жаңақорған  ауд.)

100 келі: Нұрбек Дариялов (Қызылорда қ.)

+100 келі: Нұрбек Алдажаров (Қармақшы ауд.)                                         

Ересектер арасында:

55 келі: Бауыржан  Райсов (Қармақшы ауд.)

60 келі: Дархан Сержанов (Байқоңыр қ.)

66 келі: Нұрлыбек Алдабергенов (Жаңақорған ауд.)

74 келі: Ержан Әлиев (Шиелі ауд.)

82 келі: Ержан Абдуллаев  (Қызылорда қ.)

90 келі: Алмат Тайбағаров (Қармақшы ауд.)

100 келі: Әділхан Қозыбаев (Қызылорда қ.)         

+100 келі: Руслан Әбдіразақов (Жалағаш ауд.)


Сырдариялықтар  - Азия кубогының иегері!

2017 жылдың 22-29 сәуір аралығында Катарда индор хоккейден әйелдер арасында өткен Азия кубогында  Қазақстан ұлттық құрамасы  алтын жүлдені иеленді.

Қазақстан құрама команда сапында облысымыздан Әйгерім Маханова, Алиса Чепкасова, Қарлығаш Болғанбаева және Гузал Бахабаддиндер өнер көрсетті. Жерлестеріміз келесі жылы Германияда болатын Әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

Былтырғы жылы жерлестеріміз Алматы облысында Азия кубогында    2-орынды иеленген болатын. Сондай-ақ,  әйелдер мен ерлер командасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері.

Сырдария ауданы «Қайсар» ойын түрлері спорт клубында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.

Ендігі мақсат – биылғы жылдың маусым айында Тараз қаласында өтетін көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогына қатысу. 


Қызылордалық оқушы шахматтан Әлем чемпионыатанды!

2017 жылдың 21 сәуір – 1 мамыр аралығындаЯссыда (Румыния) оқушылар арасында шахматтан өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз табысты өнер көрсетті.

Әлем чемпионатына 45 мемлекеттен 670 спортшы 9 тур бойынша шеберлік байқасты.

15 жасқа дейін қыздар арасында өнер көрсеткен Әсел Серікбай Әлем чемпионы атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Ол швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турдан 8,5 ұпай жинады.

Сондай-ақ, 13 жасқа дейін қыздар арасында сынға түскен Назерке Нұрғали 9 турдан 7,5 ұпай жинап, Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, дүбірлі додаға елімізден 33 спортшы қатысып, оның ішінде тек қызылордалық қос шахматшы ғана  жүлделі орындарды иеленді.

Қос спортшымыз енді қыркүйек, қазақ айларында Уругвай және Италияда өтетін Әлем чемпионаттарына дайындалады. Жерлестерімізге сәттілік!


Марат Сатыбалдиевтің жүлдесіне арналды
2017 жылдың 21-23 сәуір аралығында Қызылорда қаласында велоспорттан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық веложарыс аяқталды. Биыл сегізінш мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 7 облысынан 21 команда, 100-ден аса спортшы қатысты.
Жарыста «Ең жас велошабандоз» - қызылордалық Аян Шектібаев, марапатталды. 
Үш күнге созылған веложарыстың қорытындысы бойынша 
4 шақырымдық жекeлей жарыс,қыздар:
I орын Әсем Төлемісова (Қызылорда)
40 шақырымдық топтық жарыс, қыздар:
II орын Ақтолқын Әбдіжаппар (Қызылорда)
III орын Аружан Ғалымжанқызы (Қызылорда)
15 шақырымдық критериум қыздар:
I орын Ақтолқын Әбдіжаппар (Қызылорда)
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей есепте қыздар:
I орын Әсем Төлемісова (Қызылорда)
Жалпыкомандалық есепте қыздар:
I орын Қызылорда облысы

Б.Шалғынбаев турнирінің жеңімпаздары анықталды
2017 жылдың 25-26 наурыз күндері Қызылорда қаласында жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өткізілді. 
Биыл 21-ші мәрте ұйымдастырылған турнирге Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 24 команда 360 спортшы қатысып, үздіктер анықталды.  
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша екінші орынды қызылорданың «Ақ барыс», үшінші  орынды «Зенит», төртінші орынды «Олимп» командалары иеленді.  
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Талғат Сыздықов («Зенит» командасы), «Үздік қақпашы» - Рауан Атантоев («Олимп» командасы), «Үздік шабуылшы» - Алмаз Бекен («Ақ барыс» командасы) марапатталды. 
Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларына ақшалай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алау эстафетасы Қызылордада өтті


2017 жылғы 28 қаңтарда Қызылорда қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алауы жағылды.

Қызылорда қаласы бойынша эстафета бағытының ұзындығы 12 шақырымды құрады. Әр алаугер шамамен 200 метрді жүгіріп өтті. Эстафета алауын 60 адам ұстады. Олардың қатарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбегімен үлес қосқан қайраткерлер, универсиада әріптестерінің өкілдері, өнер саңлақтары, жетекші спортшылар және алдыңғы қатарлы студент жастар болды. Алаудың бірінші кезеңі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы Саябақтан сағат 10.00-де басталып, бұл кезеңге 35 алаугер қатысты. Эстафетаны бірінші болып облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастады. Әкімнен эстафетаны ауыр атлетикадан Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері Александр Зайчиков қабылдап, әрі қарай жалғастырды. Эстафета Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойымен басталып, Жібек жолы, Абай даңғылы арқылы «Болашақ» университетіне жеткізілді. Мұнда І кезеңнің аяқталуына байланысты мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Екінші кезеңі «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты жанынан, Бұқарбай батыр ескерткіші алдында сағат 14.00-де басталып, аталмыш кезеңге 25 алаугер қатысты. Эстафета Ғ. Мұратбаев көшесінен басталып, Желтоқсан көшесі арқылы Алау салтанаты өткізілетін Қорқыт ата атындағы ҚМУ маңайынан Орталық алаңдағы межеге жетіп, тәмамдалды. Алау отын орталық алаңға мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер қысқы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева алып келді. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алаугерлер мен қала тұрғындарын Алау эстафетасы мерекесімен құттықтады.

Орталық алаңда Алау салтанатын тамашалауға келген көпшілікке гала-концерт ұйымдастырылды. Шара соңында арнайы «Дэви шамына» салынған алауды Элизабет Тұрсынбаева Универсиада серіктесі «Эйр Астана» АҚ әуе көлігі арқылы Алматыға алып аттанды. Сыр елінің танымал спортшысы Э. Тұрсынбаева 29 қаңтарда Алматы қаласында өтетін Алау Эстафетасына қатысады.

«Зенит-2» командасы жеңімпазы атанды
 
2017 жылдың 7-8 қаңтар күндері Қызылорда қаласында Мәжит Өтемұратовты еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өтті. Жарысқа  27 команда қатысты.  
Нәтижесінде қызылордалық «Зенит-2» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындар  «Сығанақ» (Жаңақорған) және «Азамат» (Қызылорда)командалары иеленді. 
«Үздік қорғаушы»  номинациясы бойынша  Қуаныш Кемалұлы  («Зенит-2» командасы),«Үздік қақпашы» - Батыржан Боранбаев («Сығанақ» командасы), «Үздік шабуылшы» - Максим Максимов («Букмекер ПАБ» командасы), «Мерген ойыншы» - Еркебұлан Батбанов («Азамат» командасы), 
«Үздік ойыншы» - Ерлан Аптаев («Сығанақ» командасы)   марапатталды.

2016 жыл

Қызылордалық балуандар республикалық турнирден

28 жүлдені иеленді

2016 жылғы 10-11 желтоқсан күндері Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған М.Шоқай атындағы қазақ күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Турнирге еліміздің 10 облысынан келген 200-дей спортшы 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті.  
Аталмыш турнирден Қызылорда облысының спортшылары 28 жүлдені (9 алтын, 5 күміс, 14 қола) иеленді. 
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен  марапатталды. 
Турнирде жеңімпаз атанған қызылордалықтар:
38 келі: Бағдат Телғараев, 42 келі: Жандос Әбубәкір, 46 келі: Мұхит Шерәлиев, 50 келі: Аслан Бегайдаров, 55 келі: Бағдәулет Төлешов, 60 келі: Ерлан Тұрыспай, 66 келі: Наурызбек Мамыт, 73 келі: Асылжан Бақытжанұлы, +73 келі: Еңбек Сақтағанов.

Қызылордалықтар қазақ күресінен республикалық турнирде

30 жүлдені иеленді

2016 жылғы 3-4 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдерден 13 команда қатысты. Жарыста қызылордалық спортшылар 34 медальді иеленді.  
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
Жарыс жеңімпаздары: 
Ұлдар арасында: 
29 келі: Қайыржан Наушаев 
38 келі: Нақберген Тоқбаев 
42 келі: Ернар Қуандық 
46 келі: Нұртілеу Анарбай 
55 келі: Мади Ибрагим 
60 келі: Диас Мажитов 
Қыздар арасында: 
40 келі: Ақтоты Зәріп  
48 келі: Наргиз Войсова  
57 келі: Альмира Бектұрғанова 

Жалағашта дзюдодан республикалық турнирдің

жеңімпаздары анықталды

2016 жылғы 26-27 қараша күндері Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан 2002-2003 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында республикалық турнир болып өтті. Жарысқа еліміздің 8 облысынан 33 команда, 380 спортшы қатысты. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
Жарыста жеңімпаз және жүлдегер атанған қызылордалықтар: 
35 келі: III орын Оңталап Әділ, 38 келі: III орын Нұрдәулет Смидиев, 46 келі: I орын Асхат Болат, II орын Азамат Тахир, III орын Шыңғыс Мұханғали, Алмат Темірбай, 50 келі: I орын Тілеген Тынарбай, III орын Ескелді Қахарман, 55 келі: III орын Сәбит Төлеген, Диас Айнабек, 60 келі: II орын Диас Мәжитов, III орын Рахат Шаймерденов, +60 келі: III орын Бекжан Төребай.

Қызылордада өткен ат бәйгесіне 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйлық пен жол талғамайтын көлік тігілді
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аясында 2016 жылдың 23 қазан күні Қызылордада 13 миллион теңгеден астам жүлде қорын құрайтын ат бәйгесінің ақтық сайысы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ондаған шабандоз бәйгенің 5 түрінен сынға түсті. Ат бәйгесінің демеушілері – «ҚазГерМұнай» БК, «Мәді Қажы» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Байқоңыр» ӘКК. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналған жұртшылықты егін жинау науқанының аяқталуымен және дала академигінің мерейтойымен құттықтап, шабандоздарға сәттілік тіледі. 
- Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлерінің облысымызда бұқаралық сипат алып келе жатқаны қуантады. Аймақта 14 мыңнан астам адам этноспорттың 7 түрімен шұғылданады. Жыл сайын облысымызда өткізілетін «Алтын белбеу» турнирі – республикадағы ең танымал әрі беделді бәсекенің біріне айналды. Сондай-ақ, биылғы жылы көкпардан Жаңақорған ауданында өткен 5-ші Қазақстан чемпионатында облысымыздың құрама командасы тұңғыш рет қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Көкпардан облыстың жасөспірімдер құрама командасы екі мәрте күміс жүлдені иеленді. 
Былтыр ұлттық спортты дамыту мақсатында салынған ипподром халықаралық жарыстарды өткізуге және өңірде ат спортының өркендеуіне мүмкіндік береді,- деді аймақ басшысы. 
Бүгінгі ат бәйгесінің қорытындысы төмендегідей: 
Көкпардан Жаңақорған ауданының командасы жеңіске жетіп, 2 миллион теңгені иеленді. 
Екінші орынды жеңіп алған шиеліліктерге 1,5 миллион теңге берілді. 
Үшінші орынды қанжығасына байлаған Қызылорда қаласының шабандоздары 500 мың теңгемен және төртінші орынды жеңіп алған аралдықтар 250 мың теңгемен марапатталды. 
«Теңге ілу» сайысында бірінші орынды (100 мың теңге) жаңақорғандық Алтай Қоңқаев иеленді. Екінші орынды (75 мың теңге) жалағаштық Досбол Нұрхан жеңіп алса, үшінші орынды (50 мың теңге) қызылордалық Жанболат Әліқожаев иеленді.
«Құнан бәйгеде» Алматы облысынан келген Жанқойлықовтар әулетінің «Қаратөбелі» жеңіске жетті. Шабандоз – Өтеген Айтбек. Бірінші орын үшін олар 1 миллион теңге ақшалай сыйлық иеленді.
Екінші орын мен 500 мың теңгені қызылордалық Игенбаев Данельдің «Елік» атты тұлпары жеңіп алды. Шабандоз – Эмиль Игенбаев. Ал үшінші орынға лайық деп танылған «Алатау» сәйгүлігінің иесі алматылық Айбек Бахытбекке 300 мың теңге берілді. Шабандоз – Елшат Баймұханов. 
«Тоқ бәйгеде» бірінші орын мен 1,5 миллион теңге ақшалай сыйлыққа Шиелі ауданынан келген Майлыбаевтар отбасының «Патша» тұлпары лайық деп танылды. Екінші орын мен 1 миллион теңгені астаналық Нұрдәулет Мирастың «Шайкүреңі» жеңіп алды. Үшінші орынды иеленген Жанқойлықовтар отбасының «Алтынқозысына» 500 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. 
«Аламан бәйге» - сайыстың ең күрделі түрі, шарт бойынша 25 шақырым қашықтықты бағындыру керек. «Аламан бәйгеде» талдықорғандық Жеңіс Смайыловтың «Бақторысын» тізгіндеген Ақжол Жұматай үздік шабандоз деп танылды. Жеңімпазға жол талғамайтын көлік кілті табысталды. Ал екінші орын тараздық Мелебек Нұрдәулетке бұйырды. «Батыр» атты тұлпардың иесі – Асқар Олжабаев. Үшінші орын мен 1 миллион теңге ақшалай сыйлық шығысқазақстандық Ерлан Сүлейменовтың «Мирад» тұлпарын тізгіндеген Нұрлан Жақсылыққа бұйырды. Төртінші орын үшін 500 мың теңгені алматылық Серік Бақиевтың «Нұрторысы» иеленді. Шабандоз – Арнұр Құрманжан.

300-ге жуық татами шеберлері жүлде үшін таласты
2016 жылдың 22-23 қазан күндері  Қызылорда қаласында қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған  дзюдодан 1997-1998 жылдары туылған жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті. 
Биыл он алтыншы мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге еліміздің он бір облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 25 команда,               300 татами шеберлері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.  
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары     Руслан Рүстемов, дзюдодан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Ержан Байжұманов және Б.Сүлейменов ағайындарының атынан Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 
Сондай-ақ,  елімізде дзюдо күресінің дамуына зор үлес қосқаны үшін Б.Сүлейменовтың ұлы Сағатбек Сүлейменовке ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хаты табысталды.
Аталмыш жарыстан облыс спортшылары 16 жүлдені иеленді.
Қыздар арасында: 44 келі: I орын Адия Сайын,  III орын  Фариза Қайырбек. 48 келі: I орын Салтанат Сұлтанбекова. 52 келі: I орын Айдана Ермахан,  III орын Диана Тілеумұратова. 57 келі: III орын  Гүлбибі Медетбай.70 келі: III орын  Арайлым Оразбай. 78 келі: II орын Күлімшат Еркін, III орын Аида Файзолла. +78 келі: II орын Нұрханым Тұршабек, III орын Аружан Сартай.
Ұлдар арасында: 55 келі: III орын Нұрхан Алмабек. 60 келі: II орын Арман Жалғасбекұлы. 73 келі: II орын Жанболат Бақтыбергенов, III орын Әсет Әбдіреев.81 келі: III орын Батырбек Хамит . 

Қызылорда облысында қазақ күресінен 
Қазақстан чемпионаты өтті
2016 жылдың 14-16 қазан аралығында Жаңақорған ауданы Машбек ауылында  «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының  XI чемпионаты өтті. 
Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда,  8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.  
Жарыстың қорытындысы бойынша 60 келі салмақта ІІІ орын –Райымбек Рантаев.74  келі салмақта І орын   – Ғалымжан Абдрахманов.  100 келі салмақта І орын   – Нұрым Сәлімгереев, ІІ орын  - Мақсат Исағабылов.  +100 келі салмақта І орын   – Еламан Ерғалиев. 
Сондай-ақ,  23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында қызылордалық  Мақсат Исағабылов бас жүлдені жеңіп алды. Нұрым Сәлімгереев үшінші орынды еншіледі. 
Сонымен қатар, Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирлер өтті. Волейболға 9 команда, шағын-футболға 14 команда қатысты. 
Волейболдан өткен турнирдің қорытындысы бойынша:
І орын   – Қызылорда қаласы
ІІІ орын – «Байкен –U» командасы Жаңақорған ауданы 
Турнирдің «Үздік ойыншылары»  - Асылбек Жиенқожа(Байкен-U командасы), Әсет Медеуов (Қызылорда қ.), Рамазан Жарылқасын  (Жаңақорған ауд.), Ғалымжан Абайұлы (Машбек ауылы). 
Шағын-футболдан жарыс қорытындысы бойынша: 
ІІ орын – «Зенит» командасы (Қызылорда қ.) 
ІІІ орын – Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы
Турнирдің «Үздік ойыншылары» - Қуандық Әуелхан  (Түгіскен ауылы), Өмірбек Қаппаров (Ақүйік ауылы),  Шыңғыс Таңатқанов (Қызылорда қ.), Өркен Мұзарапов (Машбек ауылы).

Қызылордада А.Кашечкин жүлдесіне арналған велоспорттан жарыс жеңімпаздары анықталды

 

2016 жылдың 1 қазан күні Қызылорда қаласындаел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кашечкин жүлдесі үшін велоспорттан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жарыс өтті. Оған Қызылорда қаласынан 100-ден аса велошабандоздар қатысты. 
Айта кетейік, жарыс биыл бірінші мәрте өткізілді. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады. 
Бағдарламаға сәйкес спортшылар 25 шақырымдық критериум жарысында сынға түсті. 
2001-2002 ж.т. ұлдар арасында: 
1-орын  Жәнібек Төлеген 
2- орын Бексұлтан Әбтаев 
3-орын Әліжан Әбілбек 
2003 ж.т. одан кіші жастағы: 
1-орынӘсет Орынбасар 
2-орын Аян Шектібаев 
3-орын Ержан Абдулхамит
Қыздар арасында: 
1-орын  Аружан Жайшылықова
2- орын Анастасия Иванова 
3-орын  Ақтолқын Әбдіжаппар 
«Ең жас велошабандоз» номинациясы: 
Максим Матияш (2007 ж.т.)
Ақдәулет Бақытжанов (2007 ж.т.)
Нұрай Пернебай (2005 ж.т.) 

Сырдарияда волейболдан халықаралық турнир аяқталды

 

2016 жылдың 22-24 қыркүйек аралығында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде волейболдан 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында 18-ші халықаралық турнир өткізілді. Оған еліміздің 8 облысынан 22 команда, 250 спортшы қатысты. 
Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Сырдария ауданының командасы 1-орынды иеленіп, осымен 11-ші мәрте жеңімпаз атанды. 
Сондай-ақ,  «Үздік ойыншы» - Дәулет Русланов (Сырдария) және «Үздік төреші» - Ғалымжан Абдраймов (Жаңақорған) марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға грамота, медаль, кубок және ақшалай сыйақы табысталды. 

Жастар арасындағы ел чемпионатынан қызылордалықтар бірінші орынды иеленді!

 

2016 жылдың 15-21 қыркүйек аралығында Көкшетау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық ауыр атлеттер жақсы өнер көрсетті. Аталмыш жарыста 23 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар бәсекеге түсті. Жерлестеріміз 13 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.  
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер:
Ұлдар арасында алтын жүлде иеленгендер:
62 келі: Ерболат Жоламанов 241 келі (110+131);
85  келі: Мейіржан Молдағали  290 келі (130+160);
94 келі: Рүстем Сыбай 340 келі (150+190);
Күміс жүлде иеленгендер: 
62 келі: Айдос Тұрсынбай  249 келі (115+134); 
77 келі: Ғалымбек Жұбатханов 266 келі (120+146); 
85 келі: Нұржан Кеңесбек 263 келі (116+147); 
Қола жүлде иеленгендер: 
77 келі: Әділ Дөңсебай 257 келі (117+140); 
94 келі: Әлішер Оразбек 246 келі  (116+130); 
105 келі: Марлен Жұмәділ 260 келі (115+145)
Қыздар арасында алтын жүлде иеленгендер: 
58 келі: Зарина Заркумова 141 келі  (63+78); 
69 келі: Диляра Піржанова 182 келі (81+101); 
Күміс жүлде иеленгендер: 
48 келі: Әлия Қожахмет 98 келі (44+54); 
63 келі: Надежда Осмаева 145 келі (63+82).
Қазіргі таңда спортшылар үстіміздегі жылдың 1-7 қазан аралығында Шымкент қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалуда. 
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі, №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебі және Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта тәлім алатын спортшыларды жарысқа Пак Вилориий, Арман Абдраев, Нұржан Смахановжәне Алексей Герасев дайындады. 

Қызылордада футболдан республикалық турнир аяқталды

 

9-14 қыркүйек аралығында Қызылорданың «Автомобилист», Алматының «Қайрат» шеберлер командасының ардагер ойыншысы, Сыр футболының түлегі Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін футболдан 2005 жылы туылған  жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және  Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты. 
Турнир нәтижесінде екінші орынды Қызылорданың «Қайсар» футбол орталығы иеленді.  
«Үздік жартылай қорғаушы»  -  Батыр Тілеу (Қызылорда қ.),
«Үздік қақпашы»  -  Бақытжан Сәбит  (Қызылорда қ.), 
«Үздік техника көрсеткені үшін» - (№6 ОФЖОРМБЖМ)
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен  марапатталса, номинация иегерлері мен жарысқа белсенді қатысқан командаларға  диплом,  естелік сыйлықтар табысталды. 

Қызылордалық Жақсыбек Жеңісбек Азия чемпионы атанды!

 

2016 жылдың 10-11 қыркүйек күндері Үндістанның Кочи қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын 2 қола медальмен оралды. 
Жалағаш ауданының тумасы Жақсыбек Жеңісбек 60 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанып, еліміздің Әнұранын шырқатты. Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. 
Сондай-ақ, осы жарыста №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі Адия Сайын 44 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді. Ол былтырғы жылы Тайландта өткен Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген болатын. 
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Қазақстан жеңімпазы, жүлдегері  Салтанат Сұлтанбекова 52 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі. 
Спортшыларды жарысқа Қален Қалиұлы, Жанарбек Сансызбаев, Арман Молдаханов, Ришат Бурлов, Рамазан Мұстафаев, Дархан Алмаханов және Қайрат Баякеновтер дайындады. 

Қазалыда дәстүрлі халықаралық турнирдің  жеңімпаздары анықталды

 

2016 жылы 10 - 11 қыркүйек күндері Қазалы ауданында рек-рим күресінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир аяқталды. Бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Алматы қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан  16 команда 10 салмақ дәрежесінде   жүлделерді сарапқа салды. 
Биыл он бірінші мәрте жалауын көтерген жарыс 10 салмақ дәрежесінде  өткізілді. Аталмыш турнирден Қызылорда облысының спортшылары 17 жүлдені иеленді. Оның 6-уы алтын, 5-уі күміс, 6-уы қола медаль. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сертификаттармен   марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:
42 келі:
2-орын Наурыз Абибулла 
46 келі:
1-орын Қасымхан Мейрамбекұлы 
3-орын Әзиз Нұрсиды
50 келі:
1-орын Нұрсейіт Мырзағазиев 
54 келі:
1-орын Иса Исаев
2-орын Дәулет Кукетов
58 келі:
3-орын Жандос Әлжан
63 келі: 
1-орын Рахат Сағымбаев 
2-орын Эламан Болатбеков 
69 келі:
1-орын Леонид Проскурович 
3-орын Ғалымбек Нұрғали 
3-орын Ердос Рахмет 
76 келі: 
2-орын Азамат Қожамұрат
85 келі:
1-орын Еламан Аюп 
100 келі:
2-орын Сәкен Сердалы 
3-орын Нұржан Молдахметов 
3-орын Дәурен Сәдуақасов 

Қызылорда қаласының командасы тоғызыншы мәрте жеңімпаз атанды!

 

2016 жылы 17 - 22 тамыз аралығында Қызылорда қаласында  «Нашақорлыққа  жол жоқ!» ұранымен  «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған футболдан мектеп оқушылар арасында облыстық дәстүрлі жарыс аяқталды. Осымен 19 – шы мәрте ұйымдастырылған жарысқа  облыстың жеті ауданы мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан   9 команда қатысты.  
Нәтижесінде Қызылорда қаласының командасы осымен тоғызыншы мәрте жеңімпаз атанды.  Екінші орынды - Сырдария ауданының командасы, үшінші орынды  -  Байқоңыр қаласының командасы еншіледі. 
 «Үздік қақпашы» -   Әсет Шымкентов (Шиелі ауд.), 
«Үздік қорғаушы» - Руслан Алмасұлы  (Жаңақорған ауд.)
«Үздік жартылай қорғаушы» - Ернар Самұратов  (Арал ауд.)
«Үздік шабуылшы» - Айдос Совет (Қазалы ауд.)
 «Мерген ойыншы» - Диас Сағынбай (Жалағаш ауд.) 
«Үздік жаттықтырушы» - Нұрлан Байшораев (Қызылорда қ.), Болатбек Жұманазаров (Арал ауд.), «Үздік төреші» - Мақсат Әжімбетов, Алексей Куберский, Абзал Жаханов, Еркін Жантуғановтар  (Қызылорда қ.) марапатталды. 

Футболдан облыс чемпионатының I айналымы аяқталды
 
2016 жылы 9 шілде күні Арал ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған футболдан облыстық чемпионаттың I айналымы аяқталды.
7 тур бойынша өткізілген жарыс әр сенбі сайын қала мен аудан орталықтарында ұйымдастырылды. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысты.
Жетінші тур ойындарының қорытындысы: 
«Тұлпар» (Жалағаш ауд.) - «Қорқыт елі» (Қармақшы ауд.)  - 1:2
«Алпамыс-Орион» (Қызылорда қ.) – «Тереңөзек» (Сырдария ауд.) – 8:1
«Намыс» (Шиелі ауд.) - «Арал» (Арал ауд.) – 7:2
«Сығанақ» (Жаңақорған ауд.) – «Жігер» (Қазалы ауд.) – 1:0
Футболдан облыс чемпионатының II  айналымы 8-тур ойындары 30 шілде күні Сырдария ауданында өтеді. Жалпы облыс чемпионаты 10 қыркүйекте өз мәресіне жетеді.

Қызылордада XXI  дәстүрлі мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы аяқталды
 
2016 жылы 22 маусым – 7 шілде аралығында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында 21-ші дәстүрлі спартакиада өтті. Оған 30 команда, мыңнан аса мемлекеттік кызметшілер спорттың 9 түрінен сынға түсті.  
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-топта облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды шекара отряды әскери бөлім 2019 командасы алса, үшінші орынды облыстық білім басқармасы иеленді. 
2-топта мемлекеттік кірістер департаменті үздік шықты. Ақпараттық технологиялар орталығы II орынды, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы III орынды еншіледі. 
Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, кубоктармен марапатталды.
 

Қызылордада спорт ардагерлер арасында 4-ші облыстық  
спартакиада аяқталды
 
2016 жылдың 17-19 маусым аралығында Қызылорда қ. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында спорт ардагерлер арасында 4-ші облыстық спартакиада өтті. Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда, 1000-нан аса спортшы 13 спорт түрі бойынша сынға түсті. 
Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 202 ұпаймен Қызылорда қаласының командасы – бірінші, 143 ұпаймен Шиелі ауданы – екінші, ал 127 ұпаймен Жаңақорған ауданы үшінші орынға ие болды. 
Енді ү.ж. 20-23 шілде аралығында ШҚО, Өскемен қ. спорт ардагерлер арасында өтетін республикалық спартакиадада Қызылорда облысының құрама командасы Сыр өңірінің намысын қорғайды.
 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спартакиада мәреге жетті
 
2016 жылдың 10-11 маусым күндері Қызылордада ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында облыстық спартакиада өтті. Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 10 команда, 200-ге жуық азаматтар спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті. 
Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте Қызылорда қаласының  командасы – бірінші, Шиелі ауданы – екінші, ал Сырдария  ауданы үшінші орынға ие болды. 
Спорт түрлері бойынша қол күресінен Самат Шаймағанбетов (60 келі, Жалағаш), Жасұлан Молдабаев (70 келі, Шиелі), Жанболат Әлсейтов (80 келі, Сырдария), Әбдірахман Байділдаевтар (+80 келі, Сырдария), жарыс жеңімпазы атанды. Командалық есепте Сырдария ауданының командасы бірінші орынға ие болып, жүлделі орындарды Шиелі және Жаңақорған ауданының спортшылары өзара бөлісті.
Эстафеталық жүгіруде Арал ауданының спортшылары 10 ұпаймен чемпион атанды. Күміс жүлде Жалағаш ауданының, қола жүлде Қазалы ауданының командасына бұйырды. Шахмат сайысында Қызылорда қаласы бірінші орынды иеленсе, Сырдария ауданы екінші, Арал ауданы үшінші орынға ие болды.Тоғызқұмалақ нәтижесінде Сырдария - бірінші, Қызылорда қаласы –екінші, Шиелі – үшінші орындарды еншіледі. Үстел теннисінен Қызылорда қаласының командасы үздік шығып, Шиелі және Қармақшы аудандары жүлделі орындарға ілікті. Пневматикалық мылтық атудан жадлағаштық шеберлер ешкімге дес бермеді. Екінші орында – қызылордалық, үшінші орында сырдариялық азаматтар иеленді. 
Жеңімпаз және жүлдегер командалар грамота, кубок, естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Қызылордада Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған республикалық турнир аяқталды
 
2016 жылдың 3-5 маусым аралығында Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған футболдан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 11 команда қатысты. 
Турнир нәтижесінде Қазалы ауданының командасы көш бастаса, екінші орынды Сырдария ауданы, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командалары иеленді.  
Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға кубок, диплом, естелік сыйлықтарды Т.Сегізбаевтың шәкірті, Сыр футболының түлегі, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Сұлтан Әбенов табыс етті.

Қызылордада Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан Қазақстан кубогы аяқталды
 
2016 жылдың 18-24 мамыр аралығында Қызылорда қ. А.Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының I кезеңі аяқталды. Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 13 облысынан 200-ге жуық шахматшы қатысты.   
Жарыс швейцар жүйесі бойынша әр ойыншыға екі сағат уақыттан берілді. 7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте  екінші орынды Қызылорда облысының командасы иеленді.
Команданың алға шығуына жерлестеріміз Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали, Аңсат Алдияр, Сұлтан Аманжолдар өз үлестерін қосты. 
Жарыста «Ең жас қатысушы» номинациясымен бес жастағы қызылордалықтар Ақылжан Мейірханұлы  мен Зейнеп Жаппар, «Жеңіске деген жігері үшін» қызылордалық Каусар Әли марапатталды. 
Сондай-ақ, халықаралық жарыстарда облысымыздың намысын қорғап, Әнұранын шырқатып жүрген облыс шахматшыларын қолдау мақсатында жарыс демеушісі «Best-Service» компаниясынан қызылордалық  шахматшылар, оқушылар арасында Әлем, Азия чемпионы, ФИДЕ шебері Әсел Серікбайға, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, оқушылар арасында Азия чемпионы Назерке Нұрғалиға арнайы сыйақы табыстады.

Самбодан халықаралық мемориал аяқталды

2016 жылдың 8-9 мамыр күндері Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал өтті. Биыл қатарынан 21-ші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 16 команда, 200-ге жуық спортшылар 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті.  
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жарыстың екінші күні қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы өткізілді. Оған 22 палуан қатысып, үздіктері анықталды. Айтулы сайыста қазақстандық палуандар бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші орынды иеленген Еламан Ерғалиевке (Қызылорда обл.) 10 мың АҚШ доллары берілді. Екінші орынды Ұлан Рысқұл (Алматы обл.) алса, үшінші орынды Мақсат Исақабылов (Қызылорда обл.) еншіледі. Екінші орынға - 1 млн, үшінші орынға 500 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды. 
      
Самбодан халықаралық мемориалда жеңімпаз және жүлдегер 
атанған қызылордалық спортшылар:
52 келі салмақта:
II орын Айдос Мырзағалиев 
57 келі салмақта:
III орын Қуаныш Тәтімбетов 
62 келі салмақта:
II орын Дархан Сержанов 
68 келі салмақта:
I орын Ғалымжан Абдрахманов 
II орын Мақсат Нұрәлиев 
III орын Қайрат Жалғасбаев 
82 келі салмақта:
I орын Жайдарбай Есенов 
II орын Батыр Мұқатаев 
III орын Алмат Тайбағаров 
III орын Ержан Абдуллаев  
100 келі салмақта:
I орын Әділхан Қозыбаев 
II орын Мақсат Исағабылов

Еламан Ерғалиев  «Сыр Барысы» атанды

Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде 2016 жылдың 30 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. 
Жарыс үш кезең, төрт жас ерекшелігі бойынша өтті. Жарыста кіші жасөспірімдер арасында Жалағаш ауданының спортшылары жақсы қырыннан таныла білді. Ал жасөспірімдер арасында Арал ауданы мен Қызылорда қаласының жеткіншектері өздерінің мықтылықтарын байқатты. Жастар мен ересектер арасында Қармақшы ауданы, Қызылорда қаласының палуандары да бірнеше жүлдеге қол жеткізді. 
Түйе палуан сайысына 19 спортшы қатысты. Олардың арасында қармақшылық Еламан Ерғалиев «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Сыр Арланы» титулын иеленген жалағаштық Руслан Әбдіразақовқа 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - аралдық Нұрым Сәлімгереевке 400 мың теңгенің сертификаты табысталды. 
3 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Е. Ерғалиев пен Р.Әбдіразақов облыс намысын қорғайтын болады. 
 
Жарыс жеңімпаздары:
2000-2001 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында:
38 келі: Теміржан Руслан (Жалағаш ауд.)
42 келі: Дамир Жақанша (Жалағаш ауд.)
46 келі: Айдос Балтабай (Шиелі ауд.)
50 келі: Ермек Аманкелді (Жалағаш ауд.)
55 келі: Ерлан Бақытбек (Қызылорда қ.)
60 келі: Бекзат Андрей (Жалағаш ауд.)
66 келі: Наурызбек Мамыт (Жаңақорған ауд.) 
73 келі: Асылжан Бақытжанұлы (Қызылорда қ.)
+73 келі: Айберген Алдаберген (Жаңақорған ауд.)
 
1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында:
46 келі: Нұрсұлтан Досмұрат (Қызылорда қ.)
51 келі: Олжас Оразалыұлы (Жаңақорған ауд.)
57 келі: Бағдәулет Иманзада (Қызылорда қ.)
64 келі: Ринат Елеуліұлы (Арал ауд.) 
72 келі: Дәулет Хабибуллаев (Сырдария ауд.)
81 келі: Спандияр Алмаханов (Қармақшы ауд.)
+81 келі: Бақтияр Ибрагимов (Арал ауд.)
 
1997-98 ж.т. жастар арасында:
55 келі: Бекжан Төлепов (Шиелі ауд.)
60 келі: Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда қ.)
66 келі: Әсет Әбдреев (Қармақшы ауд.)
74 келі: Жанболат Бақбергенов (Сырдария ауд.)
82 келі: Алхазур Серитханов (Жалағаш ауд.)
90 келі: Нұрберген Алдаберген (Жаңақорған ауд.)
100 келі: Нұрбек Дариялов (Қызылорда қ.)
+100 келі: Нұрбек Алдажаров (Қармақшы ауд.)
 
Ересектер арасында:
55 келі: Бауыржан Райсов (Қармақшы ауд.)
60 келі: Дархан Сержанов (Байқоңыр қ.)
66 келі: Нұрлыбек Алдабергенов (Жаңақорған ауд.)
74 келі: Ержан Әлиев (Шиелі ауд.)
82 келі: Ержан Абдуллаев (Қызылорда қ.)
90 келі: Алмат Тайбағаров (Қармақшы ауд.)
100 келі: Әділхан Қозыбаев (Қызылорда қ.)
+100 келі: Руслан Әбдіразақов (Жалағаш ауд.)

Республикалық веложарыстың жеңімпаздары анықталды

 

2016 жылдың 11-12 сәуір күндері Қызылордада ҚазКСРО –ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ли Валентин Захаровичті еске алуға арналған ұлдар мен қыздар арасында республикалық веложарыс аяқталды. Алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 7 команда бақ сынасты.  
Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде 5 шақырымдық жекелей жарыста қыздар арасында қызылордалық велошабандоздар жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Аружан Ғалымжан 10 мин.44 сек. бірінші болып келсе, Әсем Телемісова күміс жүлдені, Меруерт Амандық қола жүлдені еншіледі. 
15 шақырымдық жекелей жарыста ұлдар арасында қызылордалық Дамир Амантай 3-орынды иеленді. 
6 айналым критериум жарысында қыздар арасында қызылордалық спортшылар өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. 1-орынға Аружан Ғалымжан, 2-орынға Анастасия Иванова, 3-орынға Меруерт Амандық ие болды.

 


КСРО спорт шебері Сабыр Мұхтаровты еске алуға арналды

 

2016 жылдың 9-10 сәуір күндері Қызылорда қаласында 9-10 сәуір күндері КСРО спорт шебері Сабыр Мұхтаровты еске алуға арналған қазақ күресінен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Биыл алтыншы мәрте  ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 14 команда, 300 –ге жуық спортшы қатысты. 
Жарыс ұлдар арасында 8 салмақта, қыздар арасында 3 салмақта  өткізілді.
Турнир  жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Ұлдар арасында: 
28 келі салмақта: 
I орын Мейіржан Ержігіт (Қызылорда қ.)
38 келі салмақта: 
I орын Руслан Теміржан (Жалағаш ауд.)
III орын Мейіржан Қоқантаев (Шиелі ауд.)
42 келі салмақта: 
I орын Ерсұлтан Қошқаров (Сырдария ауд.)
46 келі салмақта: 
III орын Нұрасыл Есенгелді (Сырдария ауданы)
III орын Руслан Абдулла  (Шиелі ауд.)
50 келі салмақта: 
III орын Ердәулет Нұғманов (Қызылорда қ.)
III орын Нұрбек Қайратұлы  (Қызылорда қ.)
55 келі салмақта: 
III орын Әлішер Бақытжанұлы  (Сырдария ауд.)
60 келі салмақта: 
I орын  Рахат Шәймерденов (Қызылорда қ.)
II  орын  Әлімбек Жиембаев (Қызылорда қ.)
III орын Дамир Мұңайтбас (Қызылорда қ.)
III орын Нұржан Күзенбай  (Шиелі ауд.)
Қыздар арасында: 
36 келі салмақта: 
I орын Нұрай Аманжолова (Қызылорда қ.)
II  орын Айсұлу Әмірбек (Қызылорда қ.)
III орын Ақбота Кеңес (Қызылорда қ.)
III орын Аружан Әбілқасым (Қызылорда қ.)
40 келі салмақта: 
I орын Ақтоты Зарип (Қызылорда қ.)
III орын Айдана Жанболат (Қызылорда қ.)
+57 келі салмақта: 
III орын Алмира Бектұрғанова (Шиелі ауд.)
III орын Шынар Абатова (Қызылорда қ.)

«Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» жүлдесіне арналған турнирдің жеңімпаздары анықталды
 
2016 жылдың 30 наурыз – 5 сәуір аралығында Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир аяқталды. 
Биыл 20-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысты. 
Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында Оңтүстік Қазақстан облысының командасы топ жарды. Екінші орынды Ақтөбе облысы иеленсе, Қызылорда облысының  командасы үшінші орынды еншіледі. 
Ал қыздар арасында Ақтөбе облысының командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Қалған орындарды Павлодар және Қызылорда облыстарының командалары бөлісті. 
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Инна Куликова (Ақтөбе обл.), Александра  Саитова (Павлодар обл.), Давран Елчибеков (ОҚО), Искандер Имангазиев (Ақтөбе обл.), «Үздік төреші» номинациясымен Марат Қоңқабаев, Олег Ким, Алтынбек Жүсіпов, Ризат Ибраева, (төртеуі деҚызылорда) Диляра Мұсаева (Жаңақорған ауд.) марапатталды. 
Сонымен қатар, «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен Ирина Бондаренько (Ақтөбе обл.), Ирина Шаврина (Павлодар обл.), Асқар Жылқыбаев (Ақтөбе обл.), Александр Жавзмагин (Қызылорда обл.) Роман Асылбеков (ОҚО) марапатталды.

Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан 
турнир аяқалды
 
2016 жылдың 2-3 сәуір күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, елімізге белгілі қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өткізілді. Биыл 5-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 12 команда қатысып, үздіктер анықталды. 
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бірінші орынды иеленді. Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы екінші орынға ие болса, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының командасы үшінші орынды қанағат тұтты. 
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Ақмейір Ашухан (Жалағаш ауданы), «Үздік қорғаушы» - Нұрсұлтан Сұлтанбеков (экономика басқармасы), «Үздік ойыншы» - Мақсат Абдыкамалов (мемлекеттік кірістер департаменті) марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен үздік ойын көрсеткен спортшыларғадиплом, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.

«Үлкен ел – үлкен отбасы» атты облыстық жанұялық жарыс өтті
2016 жылдың 26 наурыз күні «Мұз айдыны» СК ойын залында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты облыстық жанұялық жарыс өткізілді. Аталмыш сайысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 отбасы, 24 спортшы қатысты. 
Жанұялық жарыс жылына екі рет 3 кезеңнен өтеді. Біріншісі ауылдық кезең – қаңтар айында өткізілсе, екіншісі аудандық және қалалық кезеңдер - ақпан айында ұйымдастырылып, осы 2 кезеңге 326 отбасы, 978 адам қатысты. Ал үшінші кезеңі облыстық жарысқа 2 кезең бойынша 8 отбасы іріктеліп, үздіктер анықталды. 
Нәтижесінде 1-орынды Абылбековтер отбасы (Жаңақорған ауданы) иеленді. 2-орынды Маратовтар отбасы (Сырдария ауданы) алса, 3-орын Азмахановтар отбасына (Жалағаш ауданы) бұйырды. 
Енді жарыстың екінші маусымы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өткізіледі.

 


Қызылордада «Абзал и К» жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық ашық турнир аяқталды
2016 жылдың 24-25 наурыз күндері Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық ашық турнир өтті. 
Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан елінен 33 команда, 500-ге жуық спортшы 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Абзал и К» толық серіктестігінің кубок, диплом, медаль, және естелік сыйлықтарымен марапатталды. 
Турнир жеңімпаздары: 
Ұлдар арасында: 
42 келі: Нұрдәулет Аманқосов (Қызылорда обл.)
50 келі: Нұрдәулет Әбдиев (Қызылорда обл.)
Қыздар арасында: 
32 келі: Құндыз Жылқыбай (Қызылорда обл.)
36 келі: Сапура Кеңесбекова (Қызылорда обл.)
44 келі: Аружан Темірғали (Қызылорда обл.)
48 келі: Анель Мұхан (Қызылорда обл.)
52 келі: Гүлназым Талғат (Қызылорда обл.)

Қызылорданың «Олимп-Версаль» командасы Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған турнирдің жеңімпазы атанды
2016 жылдың 12-13 наурыз күндеріҚызылорда қаласында жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық  турнир өткізілді. 
Биыл 20-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 28 команда 400-ден аса спортшы қатысып,үздіктер анықталды.  
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Олимп -Версаль» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда оңтүстікқазақстандық «JTI Қазақстан» командасын ұтты.Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:2 болды. Үшінші  орынды қызылордалық «Азамат» командасы иеленді. 
Жеңімпаз командаға жеңіл автокөліктің кілті табысталса, жүлдегерлерге ақшалай сыйақы берілді. 
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Нұрлан Дайрабаев («Азамат» командасы), «Үздік қақпашы» - Ғалым Қосмұхаметов («Олимп-Версаль» командасы),«Үздік шабуылшы» -Андрей Шлема («JTI Қазақстан» командасы), «Мерген ойыншы» - Әсет Меңліқожа («Олимп-Версаль» командасы), «Үздік ойыншы» - Дәурен Тұрсағұлов («Энергоколледж» командасы)   марапатталды. 
 

Қызылордалық гандболшылар көш бастады

2016 жылдың 3-6 наурыз аралығында Қазалы ауданында гандболдан 16 және одан кіші жастағы қыздар арасында ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды. Оған Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 8 команда қатысты. Айтулы жарыс ҚР гандбол федерациясының қолдауымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Ойынның нәтижесінде Қызылорда қаласының командасы көш бастады. Екінші орынды Қазалы ауданы иеленсе, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командасы еншіледі. Ал, төртінші орын Шиелі ауданына бұйырды. 
«Үздік ойыншылар» - Феруза Ысқақова, Олеся Малышева, Татьяна Давыдова, Ксения Пупченкова, Жамира Нұрқожаева (барлығы Қызылорда қ.), Айғаныс Назар (Жаңақорған ауд.), Айсана Әбдікәрім (Қазалы ауд.).   
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
 

Волейболдан дәстүрлі республикалық турнир аяқталды
2016 жылдың 11-14 ақпан аралығында Қызылорда облысы, Арал қаласында Асхат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биылғы жылы бесінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 29 команда 300-ге жуық спортшы қатысты. 
Төрт күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында Шиелі ауданының командасы қатарынан 3 мәрте турнирдің жеңімпазы атанды. Екінші орынды Ақтөбе облысы Байғанин ауданының құрама командасы иеленсе, үшінші орынды Арал ауданының командасы еншіледі. Қыздар арасында Ақтөбе облысы Хромтау қаласының спортшылары мықтылықтарын дәлелдесе, күміс жүлде Сырдария ауданына, қола жүлде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының командасынабұйырды. 
Турнирдің үздіктері: 
Ұлдар арасында
Үздік қорғаушы - Мамыр Алғиұлы (Байғанин ауданы)
Үздік байланыстырушы – Аят Рамазанұлы (Шиелі ауданы)
Үздік шабуылшы – Жандос Шамранов (Арал ауданы)
Қыздар арасында: 
Үздік қорғаушы - Әмина Жұманова (Арал ауданы)
Үздік байланыстырушы – Сандуғаш Жолмырза  (Хромтау қаласы)
Үздік шабуылшы – Гүлсім Кеңесбекова (Сырдария ауданы)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубоктармен марапатталса, номинация иегерлеріне диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.
 

Гір көтеру және қол күресінен облыстық біріншілік аяқталды
2016 жылдың 13-14 ақпан күндері Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде гір көтеру және қол күресінен облыс біріншілігі аяқталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы, барлық аудандар және облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Қорқыт ата атындағы ҚМУ, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық  колледжі, «Болашақ», «Өркениет» медицина колледждері және жастар орталығынан 15 команда, 160-қа жуық спортшы бақ сынады. 
Жеңімпаздар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хат, естелік сыйлықтарымен марапатталса, жарыс демеушілері «Ата Заң» корпорациясы, магазин «Тотем» және «Заң Заңғары» компанияларының медальдары табысталды. 
Гір көтеру сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 
63 келі салмақта: 
I орын Ерсұлтан Жалғасбаев (ТЖД) 
II орын Марат Тлеужанов (Арал ауданы)
III орын Бахтияр Баймахан (Жастар орталығы)
68 келі салмақта: 
I орын Бағдат Әлжанов (ТЖД) 
II орын Қайрат Разақов (Арал ауданы)
III орын Әділ Диханбаев (Жаңақорған ауданы)
73 келі салмақта: 
I орын Ғани Жолмырзаев (Қазалы ауданы) 
II орын Ерсұлтан Әнуарбек (Жаңақорған ауданы)
III орын Бағдәулет Қожахметов (Шиелі ауданы)
78 келі салмақта: 
I орын Бағдат Еламанов (ТЖД) 
II орын Азамат Ақылбеков (Қызылорда қ.)
III орын Мұрат Махамбетов (Арал ауданы)
85 келі салмақта: 
I орын Ермек Пазлиев (ТЖД) 
II орын Нұрлан Ахметов (Жаңақорған ауданы)
III орын Бағдат Бекшеев (Сырдария ауданы)
95 келі салмақта: 
I орын Руслан Рахметов (ТЖД) 
II орын Алмат Ергешбаев (Жаңақорған ауданы)
III орын Әлихан Әміржанов (Қазалы ауданы)
+95 келі салмақта: 
I орын Жандәулет Өндірей (ТЖД) 
II орын Нұрлан Сенбеков (Жалағаш ауданы)
III орын Расим Іскендіров (Жаңақорған ауданы)
 
Қол күресі сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 
55 келі салмақта: 
I орын Берекет Сәрсенбаев (Қазалы ауданы) 
II орын Бауыржан Сарманқұлов (Шиелі ауданы)
III орын Қанжарбек Әбділдаев (Жаңақорған ауданы)
60 келі салмақта: 
I орын Михаил Лян (Қармақшы ауданы) 
II орын Меделхан Құламетов (Жаңақорған ауданы)
III орын Бекзат Пахтаев (Қармақшы ауданы)
65 келі салмақта: 
I орын Бахтияр Ермек (Жаңақорған ауданы) 
II орын Ғалымжан Сейілханов (Сырдария ауданы)
III орын Асхат Аймахан (Қазалы ауданы)
70 келі салмақта: 
I орын Арафат Бисенбайұлы (Жаңақорған ауданы) 
II орын Мейіржан Балабеков (Шиелі ауданы)
III орын Наурызбай Жұмабай (Қазалы ауданы)
75 келі салмақта: 
I орын Роман Швец (ТЖД) 
II орын Ғалымжан Қабылбаев (ТЖД)
III орын Ержан Пірімжанов (Жалағаш ауданы)
80 келі салмақта: 
I орын Ғабит Оңғарбек (Жаңақорған ауданы) 
II орын Ердаулет Берденов (Шиелі ауданы)
III орын Абай Жүнісов (ТЖД)
85 келі салмақта: 
I орын Ақсұңқар Бектасов (Қорқыт ата ҚМУ) 
II орын Алмат Демеуов (Қармақшы ауданы)
III орын Алмат Аралбаев (Қазалы ауданы)
+85 келі салмақта: 
I орын Евгений Пя (ТЖД) 
II орын Айбек Майлыбаев (ТЖД)
III орын Марат Қуанышбаев (Қызылорда қ.)
 

Қызылордада волейболдан республикалық турнир аяқталды
5-6 ақпан күндері Қызылорда қаласы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан республикалық турнир өтті. Осымен он бірінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 8 команда сынға түсті. 
2 күнге созылған жарыстың финалында «Қорқыт Ата ҚМУ» командасы «Тараз - ТАРМУ»командасын 3:0 есебімен жеңіп, тоғызыншы мәрте турнир жеңімпазы атанды. Оңтүстік Қазақстан облысының «Қарабұлақ» командасы үшінші орынды иеленсе, Түркістан қаласының «МКТУ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты. 
Турнирдің үздіктері:
Үздік қорғаушы - Берік Өтегенов («Қорқыт Ата ҚМУ» командасы)
Үздік үйлестіруші – Алмерек Ибраев («Байқоңыр» командасы)
Үздік шабуылшы – Бауыржан Әбілдаев («Тараз-ТАРМУ» командасы)
Үздік либеро – Ғияситдин Үсенов («МКТУ» командасы)
Жеңіске деген ынтасы үшін - Андрей Корчагин («Байқоңыр» командасы)
Пайдалы ойыншы – Руфат Хамракулов («Қарабұлақ» командасы)
Әділ төреші – Ғалымжан Әбдірейімов (Жаңақорған ауданы)
Үздік ойыншы – Аслан Зұлқарнаев («Қорқыт Ата ҚМУ» командасы)

Қызылордада Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған

 футзалдан турнир өтті

30-31 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде қызылордалық шеберлер командасының бас бапкері Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өткізілді. Жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 40 жас және одан жоғары жастағы 12 командадан 200-ге жуық ардагерлер қатысып, үздіктері анықталды. 
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Петро Қазақстан» командасы «Қайсар» командасын 3:1 есебімен жеңіп,екінші мәрте жеңімпаз атанды. Байқоңырлық «Инфракос» командасы үшінші орынды иеленсе, «Ардагер» командасы төртінші орынды  қанағат тұтты. 
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Октябрь Жүсіпов (Инфракос), «Үздік қорғаушы» - Берік Жаппасбаев (Ардагер), «Үздік шабуылшы» - Ғани Махамбетов (Петро Қазақстан), «Мерген ойыншы» - Марат Сәрсенов (Қайсар), «Үздік ойыншы» - Әлімхан Жүсіпбеков (Петро Қазақстан) марапатталды.

 

 

 

2015 жыл

Қызылордада қысқы марафон жарысы өтті

 

Жаңа 2016 жыл мерекесіне орай, 27 желтоқсан күні Қызылордада саламатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 150 ге жуық адамның қатысуымен қысқа марафон жарысы өтті.

Аймағымызда бірінші мәрте ұйымдастырылған жарыстың мәре сызығы Қызылорда су торабынан басталып, Жібек жолы көшесімен Абай даңғылы арқылы өтіп, сөре сызығы орталық алаңда аяқталды.

Нәтижесінде ерлер арасында жалағаштық Еркін Әбжәмілов бірінші болып келді. Қармақшылық Рақымжан Келманов күміс жүлдені иеленсе, жалағаштық Азамат Бітегенов қола жүлдені еншіледі. 

Ал әйелдер арасында Шамшырақ Сержанованың (ішкі істер департаменті) мерейі үстем болса, Ирина Юнгкинд ("Қажымұқан" СК) 2-орынды, Назым Сабыр (мед.колледж) 3-орынға ие болды.

 


 

Қызылордада гандболдан әйелдер арасында ел чемпионатының

соңғы 6-шы айналымы аяқталды

Үстіміздегі жылдың 24-29 желтоқсан аралығында Қызылорда  қаласында гандболдан әйелдер арасында 23-ші Қазақстан чемпионатының соңғы айналымы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының «Іле» командасы бірінші орынды иеленді. Күміс медальды Қызылорда облысының «Сейхун-ҚАМ-ҚМУ» командасы еншілесе, қола медаль Алматы қаласының «Алматы» ГК командасына бұйырды

Ел чемпионатына Алматы, Өскемен  қалалары мен Алматы, Қызылорда облыстарының командалары қатысқан болатын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

 

 


 
Қорқыт ата университеті спартакиада жеңімпазы атанды
 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық ішкі саясат басқармасы  және Жастар ресурстық орталығы мекемесінің  ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың  1-7 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында спартакиада аяқталды. Спорттың 6 түрін қамтитын бұл бәсекеге Қызылорда қаласынан  15  команда, 1000-ға жуық студент жастар шеберлік байқасты.  Алты күнге созылған жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң  командасы – бірінші орынды иеленді. ҚМУ студенттері осымен екінші мәрте спартакиаданың жеңімпазы атанды. 
Екінші орынды «Болашақ» университетінің командасы алса, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық – техникалық колледж студенттері үшінші орынға табан тіреді. 
Спартакиаданың  жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

 


Қызылордалықтар қазақ күресінен республикалық турнирде

 34 жүлдені иеленді

Үстіміздегі жылдың 27-28 қараша күндері Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер  арасында республикалық турнир өтті.

Турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдерден 13 команда қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев пен Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар мен демеушілердің  грамота, медаль және естелік  сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары:

Ұлдар арасында:

 26 келі: Мейіржан Ержігіт (Қызылорда обл.)

42 келі: Дәулет Тұрғанов (Қызылорда обл.)

 46 келі: Нұрсұлтан Досмұрат (Қызылорда обл.)

51 келі: Бағдәулет Иманзада (Қызылорда обл.)

+72 келі: Ертөре Ағыбаев (Қызылорда обл.)

Қыздар арасында:

40 келі: Бибіхан Нәбиева  (Қызылорда обл.)

44 келі: Малика Алпысбай  (Қызылорда обл.)

 

63 келі: Қаламқас Бегалы (Қызылорда обл.)


ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ФЕСТИВАЛЬ АЯҚТАЛДЫ
14-20 қазан аралығында Қызылорда облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль өтті. 
Спорттың 13 түрін қамтитын бұл бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 2000-ға жуық спортшы қатысты. 
Фестивальдің мақсаты - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, елімізде ұлттық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, халықтар арасында достық пен татулықты нығайту және ұлттық спорт түрлерін дамытудағы ең мықты өңірді анықтау.
Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 225,5 ұпаймен Қызылорда облысының командасы – бірінші, 200,5 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысы – екінші, ал 177,5 ұпаймен Жамбыл облысы үшінші орынға ие болды. 
Кезекті фестиваль жалауын Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев Ақтөбе облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Бақтияр Тулеуовке табыстады.

Футболдан III облыстық чемпионат аяқталды
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 30 мамыр - 5 қазан аралығында  әр аптаның  сенбі күндері  Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және аудан орталықтарында  футболдан облыстық чемпионат өткізілді. Аталмыш шара Ұлы жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. 
Үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа  10 команда қатысты.
Жарыстың мақсаты – Елбасының әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, облыста футбол ойынын дамыту, облыс құрама командасын үздік ойыншылармен толықтырып, республикалық жарыстарға қатыстыру.
Жарыс бағдарламасына сәйкес 15 тур өткізіліп, нәтижесінде Жаңақорғанның «Сығанақ» командасы 48 ұпаймен бірінші орынды иеленді.Екінші орынға 40 ұпаймен «Намыс» командасы (Шиелі ауданы) ие болса, 34 ұпаймен үшінші орын «Жігер» командасына (Қазалы ауданы) бұйырды. 
«Үздік қақпашы» - Бахтияр Саламатов («Жігер» командасы)
«Үздік қорғаушы» - Дархан Бекішов («Намыс» командасы)
«Үздік жартылай қорғаушы» - Бақытбек Мұқашев(«Тұлпар» командасы)
«Үздік шабуылшы» -  Аян Жарылқасынов («Арал» командасы)
«Үздік ойыншы» - Ерлан Әптаев («Сығанақ» командасы)
 

Шиелі ауданында
ауыл спортшыларының XXIX «Алтын күз» 
спартакиадасы аяқталды
 
Үстіміздегі жылдың 24-27 қыркүйек аралығында Шиелі ауданында ауыл спортшыларының XXIX «Алтын күз» спартакиадасы аяқталды.
Спорттың 15 түрін қамтитын бұл бәсекеде аймақтың барлық аудандарының құрама командалары өнер көрсетті. Елбасының жыл сайынғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың маңызын арттыру мақсатында өткізілген спартакиадаға 1500 ауыл спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 121 ұпаймен Шиелі ауданының  командасы – бірінші, 102 ұпаймен Сырдария ауданы – екінші, ал 94 ұпаймен Жаңақорған ауданы үшінші орынға ие болды. 
Спартакиаданың жабылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев аталмыш сайысты қорытындылап, жеңімпаз және жүлдегер командаларды марапаттады. 
Кезекті спартакиада жалауын Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нариман Сапарбай Қазалы аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосыновқа табыстады.
 

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі 
спартакиада аяқталды
 
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 22 маусым – 7 шілде аралығында Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада аяқталды. Биыл жиырмасыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа 22 команда, мыңнан аса мемлекеттік кызметшілер спорттың 10 түрінен сынға түсті.  
Спартакиаданың мақсаты – Елбасының әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты одан әрі дамыту, мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, достық қарым-қатынасты нығайту.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-топ бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды облыстық білім басқармасы, үшінші орынды облыстық ішкі істер департаменті иеленді. 
2-топ бойынша жылжымайтын мүлік орталығының командасы үздік шықса, облыстық мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы II орынды, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы III орынды еншіледі. 
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер командалар естелік сыйлықтар, дипломдар табысталса, жалпы есепте жеңіске және жүлдеге ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталды. 
Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов пен басқарма басшысы Берікбол Байқожаев марапаттады.

 


Қызылордалық гандболшылар Қазақстан спартакиадасының 3 дүркін чемпионы атанды!
 
22-27 маусым аралығында Қызылорда қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының 4-ші жазғы спартакиадасы аясында гандболдан әйелдер арасында республикалық жарыс аяқталды. Аталмыш спорт сайысына Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 117 спортшы қатысты. 
Бір аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының "Сейхұн-КАМ-ҚМУ" командасы қатарынан үш мәрте ел спартакиадасының чемпионы атанды. Айта кетейік, төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын байрақты додада Сыр спортшылары 2007 және 2011 жылдары 2 мәрте Қазақстан Спартакиадасының чемпионы атағына қол жеткізген болатын. 
Финалда қызылордалык қыздар Алматы облысының командасымен кездесіп, 37:29 есебімен жеңіске жетті. 
Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды. 
Жарыста «Үздік ойыншы" номинациясын қызылордалықтар Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская және ҚР спорт шебері Дана Әбілдаларға "Сейхұн-КАМ-ҚМУ" гандбол клубы тағайындаған ақшалай сыйакы табысталса, жеңімпаз және жүлдегер командаларды дайындағаны үшін үш облыстың жаттықтырушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.
 

Кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты жеңімпаздарының 
есімдері анықталды
 
Үстіміздегі жылдың 28-31 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 300-дей спортшы фулл-контакт бөлімінде  жүлделерді сарапқа салды. Аталмыш жарыстан Қызылорда облысының спортшылары 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. 
2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында жеңімпаздар: 
Ұлдар арасында: 27 келі: Диас Иманмұса (Қызылорда облысы), 54 келі: Диас Шамет (Қызылорда облысы), 60 келі: Арсен Асхатұлы (Қызылорда облысы), 63 келі: Нұрбек Жақсылық (Қызылорда облысы), 39 келі: 2-орын Айдос Баешов. 
2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында жеңімпаздар: ұлдар арасында: 30 келі: Диас Қарманов (Қызылорда облысы), 54 келі: Диас Байғабылов (Қызылорда облысы), 36 келі: 2-орын Бүркіт Мұхамедали, қола жүлдегерлер: 30 келі: Нұрдәулет Шаймұханбет, 33 келі: Аян Нұрланұлы, 36 келі: Арман Бисенбай. Сондай-ақ, «Үздік техника көрсеткені үшін» номинациясымен  Қазақстан чемпионы Диас Иманмұса (2003-2004 ж.т.) ие болды. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің диплом, медальдарымен марапатталды. 
 

Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған 
республикалық турнир аяқталды
 
Қызылорда қаласында үстіміздегі жылдың 27-29 мамыр аралығында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған футболдан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 8 команда қатысты. 
Мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында футбол ойынын дамыту, олардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, жас футболшылар мен ардагер футболшылар арасында сабақтастықты жалғастыру. 
Турнир нәтижесінде Қызылорда облысының №6 балалар мен жасөспірімдер футбол спорт мектебінің оқушылары көш бастаса,  екінші орынды Жаңақорған ауданы, үшінші орынды Қазалы ауданының спорт клубы иеленді.  
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Али Бақыт,  «Үздік жартылай қорғаушы» Аян Майтанов (екеуі де №6 футбол БЖСМ), «Үздік шабуылшы» Мырзахан Сайфулла (Жаңақорған ауданы), «Үздік қақпашы» Нұрым Қанатбай (Қазалы спорт клубы), «Үздік ойыншы» Қайсар Төлен (№6 футбол БЖСМ) марапатталды. 
Сондай-ақ, турнирде үздік ойын көрсеткен бірнеше спортшылар мен жаттықтырушылар «Қайсар» футбол клубының арнайы сыйлықтарына ие болды. Атап айтсақ, Нұрболат Жолдасбек, Нұрсәт Сайлаубай (екеуі де №6 футбол БЖСМ), Дамир Тәуірбай (Қазалы спорт клубы), Рахат Рысбаев (Жаңақорған ауданы), «Үздік төреші» Айдос Қожабеков (Қызылорда қ.) және «Үздік жаттықтырушы» Ерлан Әптаев (Жаңақорған ауданы) марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен  марапатталса, номинация иегерлеріне диплом мен естелік сыйлықтар табысталды. 
Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Каленов, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев, облыстық балалар мен жасөспірімдер футбол лигасының төрағасы Әмірбек Шаймағанбетов және «Қайсар» футбол клубының директоры Руслан Балтиев марапаттады.

Жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир
«Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесіне арналды
 
Үстіміздегі жылғы 25-29 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесіне арналған теннистен жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті. Мақсаты – жасөспірімдерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. 
Биылғы жылы үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Қызылордадан 5 команда 50 жасөспірім қатысты. Олар бес күн бойы өзара бәсекеге түсті. 
Нәтижесінде 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында Жақас Қозбақ (Қызылорда қ.) алтыннан алқа тағынса, Айсұлтан Жәдігер (Қызылорда қ.) күміс жүлдені еншіледі. 
14 жасқа дейінгі ұлдар арасында өнер көрсеткен қызылордалық Елжас Сағынай күміс жүлдені жеңіп алса, қыздар арасында Қызылорданың намысын қорғаған Камила Мағауия жеңімпаз атанды. 2-орынды қызылордалық Ләйлә Айтбайқызы иеленді. 
Жұптық кездесуде Жақас Қозбақ пен Эдельлис Нармағанбет бірінші орынды еншіледі. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар табысталды.

Қармақшыда Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан дәстүрлі халықаралық мемориал өтті
 
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде үстіміздегі жылдың 8-9 мамыр күндері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал аяқталды. Аталмыш жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қармақшы ауданының әкімдігі, Т.Көмекбаев атындағы қордың  ұйымдастыруымен өткізілді. Биыл қатарынан 20 жыл өткен дүбірлі бәсекеге АҚШ, Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Германия, Греция, Жапония, Иран, Ирландия, Израиль, Латвия, Литва, Моңғолия, Молдова, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Сербия, Түркия, Тәжікстан, Ұлыбритания, Қырғызстан және Қазақстаннан 25 команда, 250-ге жуық самбошылар 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті.  
Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аталмыш турнирдің аймақ спортының дамуына өзіндік үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті.  Халықаралық самбо федерациясының спорт директоры Дмитрий Максимов жарысқа қатысушыларды құттықтап, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа Қазақстанда самбоның дамуына қосқан зор үлесі үшін халықаралық самбо федерациясының алғыс хатын табыстады. Дүбірлі бәсекеде Қазақстан спортшылары өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, 5 салмақ дәрежесінде чемпион атанып, жақсы қырынан таныла білді. 
Айта кетейік, 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қармақшылық Бауыржан Райсов қатарынан он екінші мәрте жеңімпаз атанып, жеңіс туын желбіретті. 
Жарыстың екінші күні түйе палуандар ортаға шығып, қазақ күресінің көрігін қыздырды. Екінші орын алған қармақшылық Еламан Ерғалиевке темір тұлпардың кілті табысталды. 
 
Самбодан халықаралық мемориалда жеңімпаз және жүлдегер 
атанған қызылордалық спортшылар:
 
52 келі салмақта:
I орын Бауыржан Райсов 
57 келі салмақта:
II орын Қуаныш Тәтімбетов 
62 келі салмақта:
I орын Қайрат Жалғасбаев  
III орын Асхат Пірманов 
68 келі салмақта:
III орын Ғалымжан Әбдірахманов 
90 келі салмақта:
II орын Мақсат Исақабылов 
100 келі салмақта:
III орын Нұрым Сәлімгереев

КСРО спорт шебері Сабыр Мұхтаровты еске алуға арналды
 
Қызылорда қаласында 18-19 сәуір күндері КСРО спорт шебері Сабыр Мұхтаровты еске алуға арналған қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 14 команда, 160 спортшы қатысты. Жарыс ұлдар арасында 7 салмақта, қыздар арасында 3 салмақта өткізілді.
Аталмыш жарыстан Қызылорда облысының спортшылары 34 жүлдені иеленді. Оның ішінде 9 алтын, 9 күміс, 16 қола медаль. 
 
Турнир  жеңімпаздары:
Ұлдар арасында: 
42 келі: Мақсат Еркебұлан (Павлодар облысы)
46 келі: Бағдәулет Иманзада (Қызылорда қаласы)
51 келі: Әділжан Досмұрат (Қызылорда қаласы)
57 келі: Нұрдәулет Жақсылық (Қызылорда қаласы)
64 келі: Ақниет Қарабеков (Шиелі ауданы)
72 келі: Расул Исмаилов (Жалағаш ауданы)
+72 келі: Нұрберген Алдабергенов (Жаңақорған ауданы)
Қыздар арасында: 
44 келі: Ақбота Ермашова (Қызылорда қаласы)
57 келі: Арайлым Қанзада (Жалағаш ауданы)
70 келі: Ләйлә Арыстанбек (Қызылорда қаласы)

Байқоңыр ғарыш айлағының 60 жылдығына 
жеңіл атлетикалық эстафета мен веложарыс өтті
 
12 сәуір күні Байқоңырда ғарыш айлағының 60 жылдығына арналған жеңілатлетикалық эстафета мен веложарыс өтті. Эстафетаға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 126 спортшы, веложарысқа Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 50 велошабандоздар қатысып, үздіктері анықталды. 18 жастан жоғары жеңілатлеттер бақ сынаған эстафета қорытындысында Қызылорда қаласының командасы сөреге алғашқы болып жетті. Қармақшы ауданы екінші орынды иеленсе, Қазалы ауданы үшінші орынға табан тіреді. 
1997 және одан төмен жастағы спортшылар арасындағы веложарыста қызылордалық Ерсұлтан Алидің мерейі үстем болды.
«Байқоңыр спорт басқармасымен бірлесіп, жыл көлемінде әртүрлі шаралар ұйымдастырамыз. Соның бірі – жеңілатлетикалық эстафета мен веложарыс Байқоңыр ғарыш айлағының 60 жылдығына арналып өткізілді. Қазіргі таңда аудан, қала және облыста күн сайын спорттық жарыстар өтуде. Неғұрлым спорттық шараларды жиі ұйымдастырған сайын, соғұрлым спортшылардың жарыстарға дайындығы жақсарады, шеберлігі артады. Сондай-ақ, алдымыздағы бейсенбі күні Қызылорда облысында велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталады. Бұл бір жағынан 
ел чемпионатына дайындық түрі болса, екінші жағынан бұқаралық спортты дамыту болып табылады» - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, кубок және медальдармен марапатталды.

Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне баскетболдан дәстүрлі турнир аяқталды
 
2-7 сәуір аралығында Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир аяқталды. 
Биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 16 команда қатысты. 
Жарыстың мақсаты – жалпы білім беретін мектеп оқушыларының мектептен тыс уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың  арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында Қызылорда қаласының командасы топ жарды. Екінші орынды Ақтөбе қаласы иеленсе, Алматы облысының құрама командасы үшінші орынды еншіледі. 
Ал қыздар арасында Ақтөбе қаласының командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Қалған орындарды Павлодар облысы мен Қызылорда қаласының командалары бөлісті. 
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Валерия Соколова (Ақтөбе қ.), Руслан Құдайберген (Қызылорда қ.), «Үздік төреші» номинациясымен  Олег Ким, Алтынбек Жүсіпов (екеуі де Қызылорда қ.), Алексей Когай, (Шиелі ауданы), Болат Батырбеков, Диляра Мұсаева (екеуі де Жаңақорған ауданы) марапатталды. 
Сонымен қатар, «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен Татьяна Кашакова (Қызылорда қ.) Ирина Бондаренько (Ақтөбе қ.), Ирина Шаврина (Павлодар облысы), Асқар Жылқыбаев (Ақтөбе қ.), Александр Жавзмагин (Қызылорда қ.) Айдын Аязбаев (Алматы облысы) марапатталды. 
Жарыстың марапаттау салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Каленов пен «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң басқарма төрағасы Цинь Хунвэй жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, жеңістерімен құттықтады.

Қызылордада шахматтан Қазақстан чемпионаты аяқталды
 
Үстіміздегі жылдың 20-31 наурыз аралығында Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ақыл-ой аламанына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 400-ге жуық 8-18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар қатысты. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан шахматтың классика, рапид және блиц түрінен өтті. 
Жарыс бағдарламасы бойынша классикадан бірінші орынды иеленген спортшылар қазан айында жасөспірімдер арасында Грецияда болатын Әлем чемпионаттарына, екінші, үшінші орындарды иеленгендер қараша айында Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. 
Ел чемпионатының қорытындысы бойынша (классика) жасөспірім қыздар және ұлдар арасында жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысы екінші орынды иеленді. 
Жарыстың марапаттау салтанатында облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, жеңістерімен құттықтады. 
 
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:
 
Классика бойынша: 
8 жасқа дейінгі қыздар арасында: 
3-орын Дінасыл Ғалымжанқызы (Қызылорда облысы)
10 жасқа дейінгі ұлдар арасында: 
1-орын Сұлтан Аманжол (Қызылорда облысы)
12 жасқа дейінгі қыздар арасында: 
1-орын Назерке Нұрғали (Қызылорда облысы)
3-орын Самал Әбдуәли (Қызылорда облысы)
12 жасқа дейінгі ұлдар арасында: 
3-орын Миержан Бермағанбетов (Қызылорда облысы)
14 жасқа дейінгі қыздар арасында: 
1-орын Әсел Серікбай (Қызылорда облысы)
Рапид бойынша: 
10 жасқа дейінгі ұлдар арасында: 
2-орын Сұлтан Аманжол (Қызылорда облысы)
12 жасқа дейінгі қыздар арасында: 
1-орын Назерке Нұрғали (Қызылорда облысы)
2-орын Самал Әбдуәли (Қызылорда облысы)
14 жасқа дейінгі қыздар арасында: 
1-орын Әсел Серікбай (Қызылорда облысы)
Блиц бойынша: 
14 жасқа дейінгі қыздар арасында: 
1-орын Әсел Серікбай (Қызылорда облысы)

Жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық ашық турнир аяқталды
 
28-29 наурыз күндері Қызылорда қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан облыстық ашық турнир өткізілді. 
Биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр қаласы, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 24 команда қатысып, үздіктері анықталды.  
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда «Атамұра» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:3 болды. Үшінші орынды  «Орион» командасы, төртінші орынды «Петро Қазақстан» командалары иеленді. (барлығы Қызылорданың командалары)
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Нұрбек Құлымбетов (Азамат), «Үздік қақпашы» - Руслан Сариев (Орион), «Үздік шабуылшы» - Медет Дұзбаев (Петро Қазақстан), «Мерген ойыншы» - Еркебұлан Батпанов (Азамат), «Үздік ойыншы» - Ермек Абдулдаев (Атамұра) марапатталды. 
Турнирде Батыржан Шалғынбаев атындағы қордың атынан 1-ші орынға 250 мың теңге, 2 –ші орынға 150 мың теңге, 3-ші орынға 100 мың теңге, 4-ші орынға 50 мың теңге мен бағалы сыйлықтар табысталса, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттары берілді.
Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында аталмыш турнирде белсенділік танытқаны үшін 2019 әскери бөлімінің, «Евразия» спорт кешенінің ұжымдарына және жарыстың бас төрешісі Асқар Серековке «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының алғыс хаттары табысталды.

Таеквондодан облыс біріншілігі өтті
 
14-15 наурыз күндері Қызылорда қаласында таеквондодан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің 1998-1999 жылдары туылған оқушылары арасында облыс біріншілігі өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 9 команда бақ сынады. Екі күнге сызылған жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі топ жарды. Қалған орындарды Шиелі ауданы мен №2 олимпиадалық резерв мектебі иеленді. 
Жекелей есеп бойынша ұлдар арасында жеңімпаз атанғандар: 45 келі: Нұрдәулет Жәнібеков (Сырдария ауданы), 48 келі: Мадияр Алдабергенов (№1ОРМБЖМ), 51 келі: Жасұлан Арықбай (Жалағаш ауданы), 55 келі: Дастан Рүстембек (№1ОРМБЖМ), 59 келі: Нұрболат Әбіласан (Түгіскен ауылы), 63 келі: Ғани Тілеубаев (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы), 68 келі: Рустам Әлімов (№1ОРМБЖМ), 73 келі: Айтуған Махмутов (Байқоңыр қ.), +73 келі: Әнет Оспанов (№2ОРМБЖМ). 
Қыздар арасында жеңімпаз спортшылар: 44 келі: Нұрай Манасип (№2 ОРМБЖМ), 46 келі: Динара Әбдіржан (№1ОРМБЖМ), 49 келі: Дамира Айдарова (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы), 52 келі: Айнұр Есбергенова (№1ОРМБЖМ), 55 келі: Әсел Нағмеддинова (№1ОРМБЖМ), 59 келі: Гүлжайна Мұхтарова (Арал ауданы), +59 келі: Аружан Әбдіқадыр (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы).

Волейболдан Шиндин турнирі мәресіне жетті 
 
6-8 ақпан апалығында Қызылорда қаласы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан республикалық турнир өтті. Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және Сырдария, Жаңақорған аудандарынан 8 команда сынға түсті. 
2 күнге созылған жарыстың финалында жергілікті облыстық сот командасы «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ» командасын 3:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Тараздың «Тараз-ТАРМУ» командасы үшінші орынды иеленсе, оңтүстікқазақстандық «Қарабұлақ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты. 
Турнирдің үздіктері: 
Үздік ойыншы -  Ғалымжан Әбілдаев (Тараз-ТАРМУ)
Ең жас дарынды ойыншы – Сәбит Әбдібек (Қорқыт Ата ҚМУ)
Үздік шабуылшы – Абзал Жақапбаев (Қорқыт Ата ҚМУ)
Үздік қорғаушы - Әлішер Әлжан (Жаңақорған ауданы)
Үздік үйлестіруші - Әлімжан Абдраймов (Қарабұлақ)
Үздік либеро – Нұрлан Абатов (Облсот)
Үздік жаттықтырушы - Ғани Өскенәлиев (Тараз қ.) 
Әділ төреші – Ғалым Әбдірейімов (Жаңақорған ауданы)
Турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға диплом, медаль, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Белгілі футболшы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналды
 
31 қаңтар мен 1 ақпан күндері «Евразия» спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы және Қалымбетовтер отбасының ұйымдастыруымен аты аңызға айналған футболшы, қызылордалық шеберлер командасының бас бапкері Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өткізілді. Жарысқа Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 40 жас және одан жоғары жастағы 9 командадан 100-ге жуық ардагерлер қатысып, үздіктері анықталды. 
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Ардагер» командасы топ жарды. Олар финалда «Қайсар» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 3:1 болды. Үшінші орынды байқоңырлық «Цэнки» командасы, төртінші орынды «Петро Қазақстан» командалары иеленді. 
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Нұрлан Әбуов (Ардагер), «Үздік қорғаушы» - Сәбит Қадыров (Байқоңыр қаласы), «Үздік шабуылшы» - Әлімхан Жүсіпбеков (Петро Қазақстан), «Үздік ойыншы» - Александр Морозов (Қайсар), «Мерген ойыншы» Алтынбек Оспанов (Ардагер), «Футболға деген жігері үшін» - Сәрсенбек Қиятбаев, «Үздік доп иегері» Василий Бойко (Цэнки), «Үздік техника көрсеткені үшін» Әкімжан Әбішов (Петро Қазақстан), «Ең бағалы ойыншы» Серік Жаппасбаев (Ардагер), «Үздік төреші» Кеңес Исаев және «Турнирдің ең жасы үлкен ойыншысы» - 60 жастағы «Ақбарыс» командасының ардагері Ережеп Серікбаев марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, медаль, диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды. 
Турнир соңында жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларды облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті Болат Көшербаев пен Байқоңыр қаласы футбол федерациясының президенті Гагий Сукиасян құттықтап, сөз сөйледі.

Белгілі қаржыгерді еске алуға арналды
 
23-24 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қаржы басқармасының ұйымдастыруымен ҚР еңбек сіңірген экономисті, елімізге белгілі қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өткізілді. Биыл төртінші мәрте өткізілген жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 10 команда 150-ден аса қызметкерлер қатысып, үздіктері анықталды. 
Камал Шөкенов – облыс экономикасының дамуына лайықты үлес қосқан республикаға белгілі экономист, кәсібімен құрметке бөленген қаржыгер. Қаржы саласында 40 жылдан аса үздіксіз жұмыс атқарып, көптеген марапаттауларға ие болған. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік бюджетті орындаудағы жоғары көрсеткіші үшін, «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Ол өмірінің соңына дейін футбол атты әсем ойынның нағыз жанашыры және жанкүйері болды. 
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының командасы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті командасын 3:1 есебімен жеңді. Қармақшы ауданының қаржыгерлер құрама командасы үшінші орынды иеленсе, облыстық қазынашылық департаментінің командасы қанағат тұтты. К.Шөкеновтер отбасынан бірінші орынға 200 мың теңге, екінші орынға 150 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңгеден берілді.
3 күнге созылған жарыстың қорытындысында, Байқоңыр қаласының «Құрылыс» командасы Қызылорда қаласының «Қорқыт ата атындағы ҚМУ» командасын 3:0 есебімен жеңді. Оңтүстік Қазақстан облысының «Қарабұлақ» командасы 3-ші орынды иеленсе, 4-ші орынды Қызылорда қаласының «Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң колледж» командасы қанағат тұтты. 
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Жарас Смайлов (Қазынашылық департаменті), «Үздік қорғаушы» - Мадияр Байшылықов (Қармақшы ауданы), «Үздік шабуылшы» - Мақсат Әбдікамалов (облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік ойыншы» - Әділбек Жаханов («Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы) марапатталды. 
Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен үздік ойын көрсеткен спортшыларға медаль, диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды. 
Спортшыларды Камал Шөкеновтің ұлы Бауыржан Шөкенов, шәкірті, Парламент мәжілісінің депутаты Құттықожа Ыдырысов, әріптесі, Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасын басқарған Айтмұханбет Құрманғалиев және Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары  Өмірзақ Елеусінов марапаттады.

Шахматтан облыс біріншілігі өтті
 
Қызылорда қаласында қаңтардың 14-18 аралығында шахматтан ерлер арасында облыс біріншілігі өтті. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан қатысқан 6 команданың құрамында 40 қа жуық ойыншы бақ сынады. 
Ойын швейцар жүйесі бойынша 7 турға созылды. Осы жарыстан 1,2 орынды иеленген жеңімпаз бен жүлдегерлер үстіміздегі жылдың 19-28 ақпан аралығында Павлодар қаласында өтетін ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алды. 
Жарыс қорытындысы бойынша қызылордалықтардың мерейі үстем болды. Атап айтсақ, 6,5 ұпаймен Юра Егай облыс жеңімпазы атанды. Дәл осындай ұпаймен екінші орынды Роман Смолоногов иеленді. Ұпай саны бірдей болғанымен Роман коэффиценті бойынша алға шықты. 5 ұпаймен Қадыр Жамаладин қола жүлдені қанағат тұтты. 
Айта кетейік, жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Шахматшылардың ең жасы сегізде болса, үлкені 75 жастағы қызылордалық Еркін Бекенов ақсақал.
 

 

 

 
Құрылған күні: 07-08-2012 08:03
Жаңартылған күні: 24-10-2018 09:58

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика