ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
 
2016 жылдың 26 қарашасында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» атты облыстық конкурсы өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.
«Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» атты облыстық конкурсы аудандық (қалалық) деңгейде үстіміздегі жылдың тамыз-қазан айы аралығында өткізіліп, қорытындысымен жеңімпаз деп танылған барлығы 56 қатысушылар облыстық конкурста өз өнерлерін көрсетті. Конкурста 4 номинация, оның ішінде «Үздік би», «Үздік жасампаз», «Алтын қауырсын», «Үздік орындаушы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
Құрамына мәдениет және әлеуметтік саласының мамандары  енгізілген қазылар алқасы әділ бағасын беріп, жүлделі орындарға диплом және естелік сыйлықтар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.

Қызылорда облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы басшысының

2016 жылғы «18» тамыздағы  

№ 310  бұйрығымен бекітілген

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ»

АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРС ТУРАЛЫ

ҚАҒИДАЛАР

1.Жалпы ережелер

1.Осы Қағидалар мүмкіндіктері шектеулі адамдар, балалардың, жастардың (бұдан әрі – мүмкіндіктері шектеулі адамдар) арасында облыстық  конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

2.Негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.
3.Міндеттері:
3.1.Жас дарындарды анықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру.
3.2.Шығармашылық қабілетін іске асыруға, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бойында креативтілікті дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық байланысты қалыптастыруға жағдай жасау.
3.3.Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуеті туралы қоғамды ақпараттандыру және қоғамның мүгедектер проблемаларына оң қарым-қатынасын қалыптастыру.
3.4.Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі таныту құралы ретінде жасампаздық-шығармашылық қызметіне қоғамдық назарды аудару, олардың дарындылығы мен қабілетін қоғамдық тану.
3.5.Қоғамға мүгедектерді тиімді кіріктіру бойынша әлеуметтік бағдарланған ұйымдардың тәжірибесін қолдану. Қамқоршылық пен қайырымдылықты мадақтау.
2.Конкурсты ұйымдастырушы
4.Конкурсты ұйымдастырушы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы болып табылады. Конкурстық рәсімдерді дайындау мен өткізуді мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүзеге асырады. 
3.Конкурсты Ұйымдастыру комитеті
5.Конкурсты дайындау және өткізу кезеңінде ұйымдастыру және шығармашылық қызметті үйлестіру үшін облыстық және аудандық деңгейде Ұйымдастыру комитеті құрылады.
Облыстық деңгейде конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Ұйымдастыру комитетін құрады. Аудандық (қалалық) деңгейде іріктеу турын өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар Ұйымдастыру комитетін құрады.
6.Ұйымдастыру комитетінің құрамын Конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.
7.Ұйымдастыру комитеті барлық конкурстық рәсімдер толықтай аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.
8.Ұйымдастыру комитеті конкурс номинацияларын, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін, орны мен тәртібін, қазылар алқасының құрамын бекітеді, конкурсқа қатысуға өтінімдерді іріктеуді жүргізеді, конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді, оны ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
9.Ұйымдастыру комитетінің бастамашылығы бойынша Конкурс туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда іс-шараны тоқтату туралы құрылтайшыға ұсыныс енгізеді.
4.Конкурсты өткізу тәртібі
10.Конкурс 2 турдан тұрады:
10.1.Бірінші тур (іріктеу) а.ж.тамыз және қазан айлары аралығында өтеді.
10.2.Екінші тур (ақтық) а.ж. қараша және желтоқсан айлары аралығында өтеді.
Іріктеу және ақтық турларды өткізетін күнді турларды ұйымдастырушылар өз бетінше анықтайды.
11.Іріктеу турын ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болып табылады, олар конкурсты өңірлерде өткізеді және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, ақтық турға қатысушыларды іріктейді.
12.Ақтық турды ұйымдастырушы Басқарма, ол конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімімен конкурсты облыстық деңгейде өткізеді. Өткізілетін уақыты мен орны ақтық турды өткізу басталғанға дейін бір ай бұрын жергілікті атқарушы органдарға хабарланады. 
13.Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
13.1.«Үздік жасампаз» номинациясы
Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі бейнелеу өнерімен және декоративтік-қолданбалы шығармашылықпен айналысатын адамдар қатысады.
Конкурста қатысу үшін үміткерлер 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімді толтырады.
Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:
1)жеке шығармашылық, шеберлік;
2)бейнелеу өнерінде және декоративтік-қолданбалы шығармашылықта тәжірибесі;
3)жұмыс техникасы;
4)жұмысында шығармашылықтың заманауи тәсілдері мен жолдарын қолдану бойынша өткізіледі.
Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады. Үміткерлерді соңғы іріктеу бұйымдар, қолмен жасаған заттар және суреттер бойынша көрме ұйымдастыру арқылы конкурс түрінде өткізіледі. 
Үміткерлер өткізілген конкурс қорытындысы бойынша анықталады.
13.2.«Алтын қауырсын» номинациясы
Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі әдеби шығармашылықпен айналысатын, өз шығарылымдары, басылымдары бар адамдар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:
1)1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2)2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио.
Ұйымдастыру комитеті отбасыларды іріктеп, конкурсқа қатысу үшін шақырады. 
Үміткерлердің іріктеу қорытындысы екі кезеңнен тұрады:
1)«Таныстыру (визитка)» конкурсы;
2)«Кім шапшаң.....» конкурсы (белгілі бір уақытта қатысушы белгіленген тақырып бойынша өлең, әңгіме, мақала және т.б. шығаруы қажет);
3)«Үй тапсырмасы» конкурсы.
Номинант өткізілген конкурс нәтижесі бойынша анықталады.
13.3.«Үздік би» номинациясы
Номинацияға өз әлеуетін би жанрында іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады. Қатысушы адамдардың саны 10-нан аспауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:
1)1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2)Конкурста орындайтын бидің DVD жазбасы.
Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді, олар конкурсқа қатысу үшін шақырылады.
Үміткерлерді соңғы іріктеу конкурс түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.
13.4.«Үздік орындаушы» номинациясы
Номинацияға өз әлеуетін вокалды-аспаптық жанрда, ымдау тілінде ән салуда іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:
1)1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2)Конкурста орындайтын әннің DVD жазбасы.
Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді, олар конкурсқа қатысу үшін шақырылады. Үміткерлерді соңғы іріктеу конкурс түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.
5.Конкурсты өткізу шарттары
14.Іріктеу турларына қатысушылар дамуында мүмкіндіктері шектеулі 6 жастан 45 жасқа дейінгі азаматтар болуы мүмкін. Қатысушының конкурсқа қатысу үшін өтінім берген кездегі жасы есепке алынады. 
Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды іріктеу бойынша 6-14 жастағы, 14-29 жастағы,  29-45 жастағы топтар бойынша жүзеге асырылады.
15.Ақтық турдың қатысушылары іріктеу турлары номинацияларының жеңімпаздары болып табылады.
16.Іріктеу турына қатысуға өтінім белгіленген нысанға сәйкес іріктеу турын өткізу басталғандығы туралы хабарландырылған сәттен бастап ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау іріктеу турдың соңғы күніне 15 күн қалғанда аяқталады.
17.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтінімге қоса қатысуға талап етілетін құжаттарды (таңдалған номинацияға сәйкес) береді.
18.Құжаттар Ұйымдастыру комитетінің конкурсты өткізу туралы хабарламасында көрсетілген электрондық немесе пошталық мекенжайға жіберілуі мүмкін, немесе қолма-қол ұсынылады. Құжаттар толық жиынтықта болған және оларды беру мерзімі сақталған жағдайда қарауға қабылданады.
19.Іріктеу турына шақыру – хабарлама алған адам конкурсқа қатысушы болып танылады.
20.Конкурсқа ұсынылған жұмыстар Ұйымдастыру комитетіне жүгінгеніне қарай оны өткізгеннен кейін қатысушыларға қайтарылады.
6.Конкурсқа қатысушыларды іріктеудің өлшемшарттары
21.Әрбір номинация бойынша арнайы іріктеу өлшемшарттарын осы Ережеде номинацияларға қойылған талаптарды ескере отырып, Ұйымдастыру комитеті айқындайды.
22.Барлық номинациялар үшін ортақ өлшемшарттар: жаңалық,сапалық, шығармашылық даралық, сонылық, заманауилық, шеберлік, номинация тақырыбына сәйкестік, кәсібилік, техника, идеяны аша білу.
7.Конкурсқа қатысушыларды марапаттау
23.Марапаттау рәсімі конкурсты өткізудің қорытынды кезеңі болып табылады.
24.Конкурс жеңімпаздарына конкурс символикасы бар диплом мен сыйлық беріледі.
8.Конкурсты қаржыландыру:
25.Іріктеу турларын өткізу шығыстарын төлеу іріктеу турларын Ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
26.Ақтық турларын өткізу шығыстарын төлеу ақтық турларды Ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
27.Конкурсты басқа да қаржы көздерінен қаржыландыруға жол беріледі.
28.Конкурсты өткізуге осы мақсаттар мен міндеттерді қолдайтын,оны қаржыландыруға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысушылар, демеушілер, серіктестер, меценаттар, жеке азаматтар мен ұйымдар (бұдан әрі – демеушілер) жұмылдырылады.
29.Демеушілер мен ұйымдастырушылардың өзара қарым-қатынас мәселелері жасалған шарттар (келісімдер) шеңберінде шешіледі.
30.Конкурсқа қатысу тегін.

Бәріміз бірдейміз –

Кемсітуді білмейміз» атты

облыстық конкурстың қағидаларына

1-қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім

1.

Қатысушының Т.А.Ә.

2.

Қатысушының заңды өкілінің Т.А.Ә.

3.

Қатысушының туған күні

4.

Мекен-жайы

5.

Байланыс ақпараты

(телефон, факс, сайт)

6.

Қатысушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (мүгедектік туралы анықтама, ПМПК қорытындысы)

7.

Байланысатын адамның Т.А.Ә.,

телефоны, e-mail

8.

Қатысқысы келетін номинацияның атауы

9.

Өтінім берген күні

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
-тууы туралы куәліктің көшірмесі (16 толмаған қатысушылар үшін) немесе жеке куәлік;
-мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
-қатысушының jpg, tiff, png немесе gif форматындағы екі дана түрлі-түсті фотосуреті.
 
«Бәріміз бірдейміз –

Кемсітуді білмейміз» атты

облыстық конкурстың қағидаларына

2-қосымша

Портфолионы құрастыруға қойылатын талаптар*

1.Қатысушының Т.А.Ә.

2.Туған күні
3.Жұмыс орны мен кәсібінің түрі
4.Мекенжайы
5.Отбасы, ата-анасы туралы мәліметтер
6.Өзі туралы қысқа эссе
7.Жеке қызығушылықтары, хоббиі
8.Жасаған жұмыстарының  фотосуреттері
9.Жеткен жетістіктері мен дәрежелерін растайтын құжаттардың көшірмелері:
-марапаттары, құрмет грамоталары, алғыс хаттары, дипломдары  және т.б.
-ұсыным хаттар, іске асырылған жобалары туралы пікірлер;
-газет, журнал беттерінен өзі және өзінің қызығушылықтары туралы үзінді материалдар;
-БАҚ-тағы мақалалары.
Конкурсқа қатысуға үміткердің қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін дәлелдейтін басқа да қосымша құжаттарды беруге болады.
* Портфолио ағылшын тілінен аударғанда portfolio - портфель немесе құжаттарға арналған папка. Портфолионың мақсаты – кәсібилік пен біліктілігін көрсету

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен 2013 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша іс-шаралар жобасының шеңберінде өткізілетін, «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» атты Қазақстан  Республикасының тарихындағы алғашқы конкурсының басталуы жарияланып, бұл конкурс қазан айына дейін жалғасын тапты. Бұл шараның мақсаты – қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесуге, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдануға қоғамдық назарды аудару.

Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған байқау 10 номинация бойынша өтті. Оның ішінде «Үздік студент», «Кәсібінің үздігі», «Үздік би», «Ақылдылар», «Үздік жасампаз», «Алтын қауырсын», «Ең тату отбасы», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік орындаушы» және «Үздік спортшы» номинациялары бар.

Байқауға республика бойынша 6 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, олардың 339-ы жүлделі орындарға ие болды. Қызылорда облысы бойынша «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз!» атты бірінші республикалық байқауға «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша Әбілқасымов Нұрмұхаммед (Сырдария ауданы), Әбдібек Әсел Серікбекқызы (Қызылорда қаласы), Жақсылық Нұрхан (Жаңақорған ауданы), «Үздік би» номинациясы бойынша Қызылорда қаласындағы  № 6 құлағы нашар еститін балалардың арнаулы (түзету) мектеп-интернатының естімейтін балалардан құралған «Балауса» бишілер тобы, «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша Джумадилаев Мурат Алимбаевич (Қызылорда қаласы) «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша Нуштаев Максим (Шиелі ауданы), Мағауияұлы Шайхы-Ислам (Арал ауданы), «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша: Сауранбек Айзада (Шиелі ауданы), «Балауса» вокалдық тобы, № 6 құлағы нашар еститін балалар мектеп интернатының тәрбиеленушілері» (Қызылорда қаласы), Тажединова Жеңіскүл Бахытқызы  (Арал ауданы), «Үздік студент» номинациясы бойынша Ержан Гүлфариза Темірханқызы (Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті), «Кәсібінің үздігі» номинациясы бойынша Шуетов Мирамбек Омарұлы (Қызылорда қаласы), «Ең тату отбасы» номинациясы бойынша Нұртай Айбалта Ғалымжанұлы (Қазалы ауданы), барлығы 21 мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтатын болсақ, «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша Әбілқасымов Нұрмұхаммед Қанатбекұлы I орынды иеленді.  

Нұрмұхаммед Қанатбекұлы - 1978 жылдың 19 желтоқсанында Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген. Жасынан-ақ денсаулығына кінарат бары сезіліп, ДЦП-ауруының ауыр түрі диагнозы қойылған. Құрбыларымен құлынтайдай тебісіп ойнамаса да, мектеп табалдырығын аттап, білім нәрінен сусындамаса да, ойы озық, санасы сезімтал бала өз бетінше сауат ашады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тағдырымның жанары» деп аталып, 2010 жылы жарық көреді. Нұрмұхаммед 2011 жылы өткен республикалық мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Самғау» сыйлығының иегері, 2012 жылы Қызылорда облысы әкімінің стипендианты, 2012 жылы халықаралалық «Шабыт» жастар фестивалінің дипломанты.

«Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз!» атты I республикалық байқауда оның шығармалары жоғары бағаға ие болып, бірінші орынды жеңіп алғаны үшін 350 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

 «Ақылдылар» номинациясы бойынша Қасымбек Диас II орынды иеленді.

Қасымбек Диас Жәнібекұлы - 2005 жылдың 17 сәуірінде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бала кезінен мүгедек. Қызылорда қаласындағы № 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушысы. Диас өте жігерлі, ақылды, көпшіл, білімқұмар бала. Облыстағы, мектептегі көптеген өткізіліп жатқан байқауларға белсене қатысып, дипломдармен марапатталған.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық фестивалінде «Көркем сөз оқу» бағытынан ІІІ орын иегері, мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық фестивалінде «Қолданбалы көркем өнер» бағытынан диплом иегері;

«Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер фестивалінің «Үздік өнер» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері;

Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласында өткен «Адам мен табиғат» халықаралық табиғаттану бойынша ойын бауқауға қатысқан үшін сертификат иегері;

Республикамызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы конкурста «Ақылдылар» номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп алғаны үшін 250,0 мың теңге сыйақы берілді.

«Алтын қауырысын» номинациясы бойынша III орынды Жақсылық Нұрхан иеленді.

Жақсылық Нұрхан - 2002 жылы 12 тамызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Бала кезден 2 топ мүгедегі. Жанақорған ауданындағы №110 мектептің 5 сынып оқушысы.

2008 жылы «Адамның бір қызығы бала...» атты мерекелік іс-шарада «Дарынды бала» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.      2009 жылы «Біз бәріміз бірдейміз» атты сайыста жақсы өнер көрсеткені үшін мақтау қағазымен марапатталды.

2010 жылы «Даму Қазақстан – 2030» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «5 минуттық атақ» атты өнер сайысында жүлделі 2 орынды иеленді.

2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» атты сайыста бас жүлдені жеңіп алып, облыстық сайысқа жолдама алды.

Қызылорда қаласында өткен «Тәуесіздік тартуы» атты сайыста көркем сөз оқудан  1 орынды иеленіп, Р. Таймановтың дипломымен марапатталды.

2012 жылы «Біз ерекше жандармыз» атты сайыста 1 орынды, «Ізгіліктің шам-шырағы болу керек әлемде» атты кеште «Өнерлі жігіт» номинациясын жеңіп алды.

2013 жылы Астана қаласының «Республикалық балалар оңалту орталығында» өткен «Жігіттің сұлтаны» сайысында «Шешен жігіт», «Әнші балапан» ән байқауында белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

Республикамызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы конкурста «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша 3 орынды жеңіп алғаны үшін   150 мың теңге сыйақы берілді.

«Үздік жасампаз» номинациясы бойынша Нуштаев Максим Сергеевич  III орынды иеленді.

Нуштаев Максим Сергеевич 2000 жылдың

18 маусымында Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Бала кезінен мүгедек. Шиелі ауданындағы №127 Ш.Уалиханов атындағы мектептің 6 сынып оқушысы.

Республикамызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы конкурста «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша 3 орынды жеңіп алғаны үшін 150 мың теңге сыйақы берілді.

Байқау соңында конкурсқа қатысушылардың барлығына планшеттік компьютерлер сыйға таратылды.

«Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» республикалық конкурсының облыстық іріктеу турының қорытындысы туралы ақпарат

Үстіміздегі жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстанда тұңғыш рет «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты алғашқы республикалық сайысының басталғанын хабарлады.

2013 жылдың 18 маусымында «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» республикалық конкурстың облыстық іріктеу турын өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары және Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Конкурсты өз дәрежесінде өткізу мақсатында облыстық бюджеттен 4,5 млн теңге қаржы бөлінді.

Конкурсты өткізудің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдардың өзін іс жүзінде көрсету және шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, қоғам өмірінің барлық салаларында мүгедектерге басқа адамдармен тең мүмкіндіктер туғызуға қоғамды тарту, жас дарындарды анықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдау болып табылады.

2013 жылдың маусым-тамыз аралығында облыстың барлық аудандарында іріктеу турлары болып өтті. Үстіміздегі жылдың 19 қыркүйегінде Қызылорда қаласындағы А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен 10 номинация бойынша облыстық іріктеу турында 70-тен аса қатысушылар өнер көрсетіп, конкурстың қорытындысы бойынша 30-ға жуық қатысушылар жеңімпаз атанды.

«Алтын қауырсын» номинациясы бойынша:

I орын – Әбілқасымов Нұрмұхаммед (Сырдария ауданы)

II орын – Маханбетова Кенже (Қызылорда қаласы)

III орын – Уксумбаева Зәуре (Қызылорда қаласы)

«Ең үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша:

I орын – Жұмаділаев Мұрат (Қызылорда қаласы)

II орын – Жұмашев Бахыт (Қызылорда қаласы)

III орын – Райымбаева Бахыткүл (Қармақшы ауданы)

«Ең тату отбасы» номинациясы бойынша:

I орын – Нұртай Айбалта атасы Базар Нұртаймен бірге (Қазалы ауданы)

II орын – Медеубаева Аружан анасы Гүлмирамен бірге (Арал ауданы)

III орын – Сматова Ақнұр анасы Айнашпен бірге (Жаңақорған ауданы)

«Ең үздік би» номинациясы бойынша:

I орын – «Жауқазын» бишілер тобы, № 6 құлағы нашар еститін балалар мектеп интернатының тәрбиеленушілері»(Қызылорда қаласы)

II орын – Әбибулла Ақерке (Шиелі ауданы)

III орын – Әуелбек Қасиет (Жаңақорған ауданы)

«Үздік орындаушы» номинациясы бойынша:

І орын - 6-14 жас аралығында Сауранбек Айзада (Шиелі ауданы)

І орын - 14-29 жас аралығында «Балауса» вокалдық тобы, № 6 құлағы нашар еститін балалар мектеп интернатының тәрбиеленушілері» (Қызылорда қаласы)

І орын 29-45 жас аралығында Тажединова Жеңіскүл Бахытқызы  (Арал ауданы)

«Ең үздік спортшы» номинациясы бойынша

I орын – Асқарова Кабира (Қызылорда қаласы)

II орын – Салимов Ислам (Қызылорда қаласы)

III орын – Айбек Абжан (Қызылорда қаласы)

«Үздік студент» номинациясы бойынша:

I орын –  Медеуов Шыңғыс Кенжеәліұлы (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 3 курс студенті)

II орын – Ержан Гүлфариза Темірханқызы (Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті)

III орын – Кәниев Асылжан Қожакелдіұлы (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2 курс студенті)

«Ақылдылар» номинациясы бойынша:

I орын – Диас Қасымбек (Қызылорда қаласы)

II орын – Асанов Ғасыржан (Қармақшы ауданы)

«Үздік жасампаз» номинациясы бойынша:

I орын –    Нуштаев Максим (Шиелі ауданы)

II орын –  Мағауияұлы Шахы-Ислам (Арал ауданы)

III орын – Ержігіт Алпамыс (Жаңақорған ауданы) және Ертохаев Аслан (Қызылорда қаласы)

«Кәсібінің үздігі» номинациясы бойынша:

I орын – Шуетов Мейрамбек (Қызылорда қаласы)

II орын – Жұмашева Индира (Арал ауданы)

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты алғашқы республикалық конкурс туралы қағидалар  жүктеу . . . 

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»  облыстық конкурстың  дайындау және өткізу жөніндегі  Ұйымдастыру комитеті  туралы ереже  жүктеу . . . 

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»  республикалық конкурсына іріктеу турын өткізу жөніндегі облыстық Ұйымдастыру комитетінің құрамы  жүктеу . . . 

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іке асыру шеңберінде «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» республикалық конкурсына іріктеу турын өткізудің іс-шаралар жоспары  жүктеу . . . 

Қызылорда облысындағы алғашқы облыстық «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»  конкурсын ақпараттық сүйемелдеудің Медиа-жоспары  жүктеу . . . 
 
Құрылған күні: 26-06-2013 17:11
Жаңартылған күні: 14-01-2017 12:48

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика