ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы «06» желтоқсан
 
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы 
Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеткізу өте маңызды. 
2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер күшіне енеді. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескерілетін болады. Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі де өзгеріске ұшырайды. 
2014 жылы Елбасының Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) сәйкес зейнеткерлік жасқа толуға жәнеI, II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу барысында зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын біржола алуды жою жоспарланған болатын. Бұл ретте жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет толығымен төленеді.Ал егер алушы зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнетақы Қорына жүгінген күні оның зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен асатын болса, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.  
Айта кету керек, Тұжырымдаманың бұл нормалары зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның  ережелеріне 2015 жылы енгізілген болатын. Ал 2017 жылдың қыркүйегінде 2018 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін Ережелерге тиісті өзгерістер енгізілді. 
Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.  
Егер Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар екендігін тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 =404 940 теңгені құрайды. Бұл сомадан артық қаражаттың барлығы тек ай сайын төленеді. Қорыта келе айтар болсақ, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет Қаулысымен бекітілген, Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде (12/1) айқындалады.Әдістеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті ескеріледі. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті –зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзімін есепке ала отырып, олардың болашақтағы құнын ескеретін көрсеткіш. зейнетақы төлемдерін алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп 12-ге бөлінеді.Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бірақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды. 
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалады.  Яғни, базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. 
Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 14 466 теңге көлемінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейініңжартысынан сәл жоғары). Сонымен, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.
Ал ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді.   
Дегенмен, бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін алуға құқылы (бұл бүгінгі базалық зейнетақы).Біртіндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетеді, сәйкесінше 2030 жылға дейін және одан кейін жинақтаушы құрамдауыштың үлесі біртіндеп арта түседі.    
Зейнетақы жүйесін жаңғыртуда басты міндет - оны нығайту және зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.  
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы зейнетақыны әр түрлі төлем көздерінен берілетін төлемдер жиынтығы ретінде қарайды. Бұл төлем көздері: мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақылар (ортақ зейнетақы) және салымшының өзінің зейнетақы жинақтары (жинақтаушы құрамдауыш, БЖЗҚ-дан төлемдер). Бұл жердегі басты мақсат – зейнет жасындағы азаматтарды тұрақты негізде ай сайын лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. 
БЖЗҚ зейнетақы төлемдері салымшы өтініш жасаған күннен бастап белгіленіп, таусылғанша жүзеге асырылатындығын тағы да еске салады. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына дер кезінде жүгіну қажет. 
«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (кеңсеге өзі келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшінші тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемін ресімдеуге қажет барлық құжат тізбесін, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, өтініштердің бланкілерін, сенімхаттардың үлгілерін, кеңселердің мекенжайларын, жұмыс тәртібін және байланыс телефондарын www.enpf.kz«БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз. Онда ақпарат үнемі жаңартылып тұрады, сондай-ақ байланыс орталығының 1418 телефонына хабарласа аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін).
Азаматтардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндіктері болу үшін БЖЗҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері жұмыс істейтін болады.  
«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері барлық операциялық бөлімшелердің таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлайды. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.      
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. 
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
 
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы 
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Қызылорда  облысының әкімдігімен арадағы қол қойылған ынтымақтастық және өзара әрекеттестік жөніндегі Меморандум талаптарын жүзеге асырып жатыр. Осы күні Қор Сырдария аудандық әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, «Қызылорда облысы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ өкілдерімен бірге тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.       2017 жылғы 07 қарашада, сейсенбі күні БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері Сырдария ауданының Әкімдігінің мәжіліс залында, аудан әкімдігінің активтері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы өкілдері және тұрғындармен кездесті. 
Өзінің алғы сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Тереңөзек қызмет көрсету орталығының бастығы Есниязова Ләйла Айыпқызы тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру бойынша қаржылық сауаттылығын, зейнетақы заңнамасы және Қор қызметіндегі жаңа енгізілімдер туралы хабардарлығын арттыру жолында қызу жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. 
«Біз зейнетақы жүйесін әрбір адамға түсінікті етуге күш салып жатырмыз. Барлық тұрғындар мектеп қабырғасынан бастап зейнетақының не екендігін жете түсініп, болашақта өздерін лайықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін сауатты шеше білгендігін қалаймыз», - деді Қызмет көрсету орталығының басшысы.    
Түсіндіру жұмыстары және таныстырылымдық материалдар өте мазмұнды болды. Әсіресе «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деп аталатын таныстырылым қатысушылардың ерекше назарын аударды. Онда Қор мамандары зейнетақы жүйесінің үш деңгейі туралы жан-жақты әңгімеледі.    
Сонымен қатар қатысушылар БЖЗҚ-ның артықшылықтары туралы бейнеролик тамашалап, зейнетақы активтері біріктірілген соң, комиссиялық сыйақының көлемі бұған дейін жеке зейнетақы қорлары алып келген комиссиялық сыйақы көлемінен едәуір азайғандығын білді.  
Одан басқа, зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған соң әкімшілік шығындар азайтылып, салымшылар үшін тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық стратегияның қайта қаралғандығы айтылды.   
Шара қонақтары www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.     
Салымшылардың бірінің айтуынша, мұндай шараларды жиі өткізіп тұру керек. 
«Өте қызықты болды, - деді қонақ, - мен көп нәрсе білдім. Енді зейнеткерлікке шыққанда қанша мөлшерде зейнетақы алатынымды, сондай-ақ зейнетақы жүйесінің көп деңгейден тұратындығын білдім және басқа да көптеген мағлұматтар алдым. Шақырағандарыңыз үшін рахмет. Келесі жолы да міндетті түрде келемін».
Шара соңында оған қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты. 
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.  
2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.    
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қордың басқару кеңесіне берілді. 
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға осы айда келіп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.
1.Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады? 
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында  зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы. 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құжаттар топтамасы ұсынылған соң БЖЗҚ белгіленген мерзімде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ережеге сәйкес 10 жұмыс күні белгіленген, бірақ іс жүзінде бұл бар болғаны 3-4 күнді алады). 
Қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (Қорға өзі келгенде/пошта байланысы/үшінші тұлға арқылы жүгінгенде), сондай-ақ төлем валютасының түріне қарай өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтында орналастырылған.  
БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы және алушының банктік шоты туралы мәліметтер қажет.    
Сенім білдірілген тұлға немесе қамқоршы арқылы жүгінгенде: 
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі/заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілді тағайындау туралы анықтама; 
3) сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы; 
4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер. 
Пошта байланысы арқылы жүгінгенде: БЖЗҚ белгіленген нысандағы алушы өздігінен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны  - №3 қосымша, БЖЗҚ web-сайтында орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса);  
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 
3) БЖЗҚ белгіленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі мен талаптары туралы қосымша келісімді алушының өзі 2 нұсқада толтырады және қол қояды (келісім бланкісінің өзекті нысаны «БЖЗҚ» АҚ web-сайтында орналастырылған); 
4) алушының банктік шоты туралы мәлімет. 
Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi. 
2.Зейнетақы жинақтарын алу барысында түпкілікті сомаға қандай салық салынады? 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 158, 160 және 170 - бабына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Зейнетақы төлемдерін алушыдан Салық кодексінде қарастырылған түзетулер мен салық шегерімдерін ескере отырып, 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынады. Жеке табыс салығы зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалардан салық шегерімі қолданылған соң барып зейнетақы төлемдерінен ұсталады. Салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы салынбайтын, ең төмен жалақы мөлшеріндегі салық шегерімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген. Ол әрбір табыс есептелген айда қолданылады.   
Кіріс түзетулері қолданылмайтын адамдар үшін жеке табыс салығы салынбайтын салық шегерімінің сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшеріне тең. Басқа сөзбен айтқанда, биыл ең төмен жалақы мөлшері 24 459 теңгені құрайды. Сәйкесінше жеке табыс салығы салынбайтын жылдық сома 293 508 теңгені құрайды деген сөз (12 x 24 459). Мысалы, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы 937 350 теңгені құрайтын болса, бұл сомадан 293 508 теңгені алып тастаймыз, сонда 643 842 теңге қалады. Мінеки, осы 643 842 теңгеге жеке табыс салығы салынады.  
БЖЗҚ кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдеріне өткен жағдайда да республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қарай қолданыста болған бір ең төмен жалақы мөлшерінде салық шегерімі қолданылады. Сәйкесінше егер кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің сомасы ең төмен жалақыдан аз болатын болса, онда зейнетақы төлеміне жеке табыс салығы салынбайды. 
3.Қазір зейнеткерлер өздеріне тиесілі зейнетақы жинақтарының жылдық сомасын тұрақты пайыздық сыйақы алу мақсатында банк депозитіне салу мүмкіндігіне ие. Ал 2018 жылдан бастап олар бұл мүмкіндіктен айрылады. Сонда зейнетақы жинақтарының табыстылығы қалай болады, олар құнсызданып кетпей ме? 
Қазіргі таңда зейнеткерлердің басым бөлігі БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша жылына бір рет, яғни «жыл сайынғы» кесте бойынша алады. Ал «ай сайын» және «тоқсан сайын» алу мүмкіндігін пайдаланғылары келмейді. Сәйкесінше алушылар БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін зейнетақы ретінде емес, жәй жинақталған сома ретінде қабылдайды. Сөйтеді де жылдық соманы алып, оны балалары мен немерелерінің оқуларына, той-томалаққа және әр түрлі сатып алуларға жұмсайды.   
Тек кейбір зейнеткерлер ғана бұл соманы ай сайын немесе жыл сайын пайыздық сыйақы алып тұру үшін депозитке салады. Дейтұрғанмен, депозит бойынша сыйақы ретінде есептелген пайыздар, күнделікті қажеттілік үшін жоғары табыс әкеле қояры неғайбыл. Ал БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары тұрақты түрде инвестицияланады және табыс әкеледі. Заңға сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сенімгерлікпен басқарады. 
ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық стратегиясы зейнетақы активтерін әртараптандыруға бағытталған. Қазіргі таңда зейнетақы активтері ұзақ мерзімді келешекте тұрақты табыс алу және тәуекелдерді төмендету мақсатында теңге және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. 
Қазіргі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік құнды қағаздарға, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланған. Сонымен қатар екінші деңгейдегі отандық банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне салынады және сенімді шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алуға жұмсалады. Инвестициялық басқару нәтижесінде инвестициялық табысқа қол жеткізіледі және ол салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына күн сайын есептеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, зейнетақы шотынан зейнетақы төлемдері төлене бастаса да, шотта қалған қаражат инвестицияланып, оларға табыс түсіп отырады. 
«Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлік жасқа толған алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.
4.Салымшы қанша қаражат жинағандығын және шотына қандай инвестициялық табыс есептелгендігін қалай біле алады?
Бұл салымшы үшін ең басты ақпарат. Оны мынадай жолдармен алуға болады: Нақты айтар болсақ:  
- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);
- логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, (логин мен құпия сөзді қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтініш жасау арқылы ала алады.
- egov.kz электрондық үкіметі арқылы. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамсызданлдыру» айдары - «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде қолжетімді. Бұл қызметті пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет.    
2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 786 365 мың адам үзінді-көшірмелерін өздерінің электрондық мекенжайларына алса, шамамен 3,7 млн адам ақпаратты сайт арқылы және әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.   
Бір миллионнан астам адам ұялы қосымшаны пайдалана бастады. Мұның барлығы тұрғындардың зейнетақы жинақтарына деген қызығушылығының арта бастағандығын көрсетеді.  Ал оның көлемі тұрақты түрде артып келеді. Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,5 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бергі өсім 853 млрд теңгені құрады. 
2017 жылдың 9 айы ішінде салымшылардың зейнетақы шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 462 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,68 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция 4,2 пайыз болды. 
5.Зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның жинағын кім және қалай ала алады? 
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабының 5-ші тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (2269*52,4 = 118 895, 6 теңге) жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Айта кетелік, жерлеуге арналған соманы Қазақстан Рееспубликасының резиденті алатын болса, оған салық салынбайды. Егер, жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерінен (биыл бұл соманың көлемі - 31 245 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемге қосылып төленеді. 
Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және аталмыш Заңның 31-33 – баптарының 2 тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес мұраға қалдырылады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. Мұрагерлікке құқығы бар тұлғалардың толық тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген. Ал қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажетті негізгі құжаттардың бірі, ол – мұрагерлік құқығы туралы куәлік. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дағы мұраға қалдырылған зейнетақы төлемдері мысалы, мұрагерлік құқығы туралы куәлікте көрсетілген үлес бойынша бір жолғы төлем ретінде жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемдеріне 10 пайыз көлемінде жеке табыс салығы салынады және салық заңнамасында қарастырылған түзетулер ескеріледі (алушыда жеке табыс салығы бойынша жеңілдік бар болған жағдайда). Бұл ретте мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ға негізгі құжаттармен қатар:  
зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 
мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылады. 
Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тізімі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлімінде орналастырылған. 

Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы 
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Қызылорда  облысының әкімдігімен арадағы қол қойылған ынтымақтастық және өзара әрекеттестік жөніндегі Меморандум талаптарын жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда Қор Қармақшы аудандық әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, «Қызылорда облысы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ өкілдерімен бірге тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.        
2017 жылғы 24 қазанда, сейсенбі күні БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері Қармақшы ауданының «К. Рустембеков атындағы Жыраулар Уйі»» орталығында аудан әкімдігінің активтері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы өкілдері және тұрғындармен кездесті. 
Өзінің алғы сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Қармақшы аудандық қызмет көрсету орталығының бастығы Өміртаев Өмірбек тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру бойынша қаржылық сауаттылығын, зейнетақы заңнамасы және Қор қызметіндегі жаңа енгізілімдер туралы хабардарлығын арттыру жолында қызу жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. 
«Біз зейнетақы жүйесін әрбір адамға түсінікті етуге күш салып жатырмыз. Барлық тұрғындар мектеп қабырғасынан бастап зейнетақының не екендігін жете түсініп, болашақта өздерін лайықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін сауатты шеше білгендігін қалаймыз», - деді Қызмет көрсету орталығының басшысы.    
Түсіндіру жұмыстары және таныстырылымдық материалдар өте мазмұнды болды. Әсіресе «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деп аталатын таныстырылым қатысушылардың ерекше назарын аударды. Онда Қор мамандары зейнетақы жүйесінің үш деңгейі туралы жан-жақты әңгімеледі.    
Сонымен қатар қатысушылар БЖЗҚ-ның артықшылықтары туралы бейнеролик тамашалап, зейнетақы активтері біріктірілген соң, комиссиялық сыйақының көлемі бұған дейін жеке зейнетақы қорлары алып келген комиссиялық сыйақы көлемінен едәуір азайғандығын білді.  
Одан басқа, зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған соң әкімшілік шығындар азайтылып, салымшылар үшін тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық стратегияның қайта қаралғандығы айтылды.   
Шара қонақтары www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.     
Салымшылардың бірінің айтуынша, мұндай шараларды жиі өткізіп тұру керек. 
«Өте қызықты болды, - деді қонақ, - мен көп нәрсе білдім. Енді зейнеткерлікке шыққанда қанша мөлшерде зейнетақы алатынымды, сондай-ақ зейнетақы жүйесінің көп деңгейден тұратындығын білдім және басқа да көптеген мағлұматтар алдым. Шақырағандарыңыз үшін рахмет. Келесі жолы да міндетті түрде келемін».
Шара соңында оған қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты. 
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.  
2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.    
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қордың басқару кеңесіне берілді. 
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті
Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ. 
Әрине, барлығымыз да шартқа өзіміздің пошталық мекенжайымызды көрсеттік. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен бері салымшылардың көпшілігі өздерінің жеке деректемелерін өзгертуге асықпады. Қорға келіп, дерекқордан өздерінің мекенжайын, телефон нөмірін тексеріп те жатпады.  
«Жұмыс беруші аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» - дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз әлі күнге дейін бұрынғы дағдылы әдіспен,жинақтарымыздың жай-күйі туралы деректерді пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бір орнында тұрмайды. Бүгінде адамдар өмір ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиі көшіп-қонатын болған.
Сол үшін де көпшілігіміздің мұндай конвертті көрмегенімізге бірнеше 
жылдың жүзі болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды. 
БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша ішіне үзінді-көшірме салынған конверттерді жыл сайын жібереді. Бірақ, өкінішке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен кері оралады.  
Ал енді ойланып көріңізші, осы конверттерді дайындап, салымшыға жеткізуде қаншама жұмыстар атқарылды, қаншама ақша шығындалды десеңізші!Міне осыдан барып, «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?» деген жауыр болған сұрақтар тағы да мазалай бастайды.   
Егер бірінші сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті болса, екінші сұраққа  толығырақ тоқталайық.  
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 4-ші тармағының 1) тармақшасына сәйкес
міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.
Нақты айтар болсақ: 
1. Егер Сіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «пошта байланысы» арқылы алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгергені туралы,  
БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде немесе пошта байланысы арқылы хабарлауыңызға болады. Бұл ретте фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіліп, жеке куәліктің қосымшасы қоса беріледі.  
2. Егер Сіз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «электрондық пошта (e-mail)» бойынша алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат беру тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісімде көрсетілген электрондық поштаны өзгерту туралы тек БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде барып хабарлай аласыз.  
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Заңға сәйкес атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етеді. 
Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта ақпарат беру тәсілін белгілемеген болсаңыз, БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп, БЖЗҚ-мен хабарлау тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісім жасау арқылы ақпарат беру тәсілін таңдай аласыз немесе өзгерте аласыз.    
Хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісім жасау үшін және (немесе) Жеке деректемелеріңізге өзгерістер енгізу үшін, қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Онда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген болсын. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруді салымшы (алушы) таңдаған тәсіл бойынша жүзеге асырады.  
Ал бұл: 
1) БЖЗҚ кеңсесіне келіп өтініш жасау;
2) электрондық тәсіл –бұл ретте, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады;
3) пайдаланушының логині ретінде тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпия сөзі (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы алу;  
4) пошта байланысы арқылы алу.
Жоғары технология заманында әрине, жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың ең қарапайым, ыңғайлы және үнемді тәсілі ол – ақпаратты интернет арқылы алу.Хабарлаудың осы тәсілін таңдау арқылы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет қана емес, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады. 
Бұл қосымша Google Play (Android), АppStore (iOS) и Windows Phone Marketplace (Windows Phone) ресми қосымшылар дүкендерінде орналастырылған. Оны тегін жүктеп алуға болады. 
Қосымша қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларда жұмыс істей береді. 
Сондай-ақ жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты
ҚР электрондық үкіметі порталында (www.egov.kz) тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алған жағдайда осы сайттың «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімдеріне кіріп алуға болады. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясынан алуға болады. 
БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) онлайн тәртібінде өздерінің жеке зейнетақы шотыныңжай-күйін үзінді-көшірме арқылы көре алады. 
Айтпақшы, Сіз үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық)таңдай аласыз. 
Үзінді-көшірмелерді онлайн сервистер (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкіметтің www.e-gov.kz сайты немесе ұялы қосымша) арқылы алу барысында салымшыға жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы маңызды деректерді онлайн тәртібінде – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкіндігі беріледі.   
Осылайша, БЖЗҚ өзінің салымшыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілін ұсынады. Әрбір салымшы өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, жинақтарының жай-күйін біле алады. 
Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті бөлімшесіне (қазіргі таңда олардың саны республика бойынша - 231) бір рет барып өтініш білдірсеңіз болғаны. Сол жерде жеке деректемелеріңіздің өзгергені жайында немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлаудың өзіңізге ыңғайлы бір немесе бірнеше тәсілін таңдағаныңызды жеткізесіз. Барлық операция 10 минуттан аспайды, есесіне алдағы уақытта қаншама уақытыңыз үнемделеді! Бұл БЖЗҚ және пошта байланысы қызметкерлері үшін де қуанышты жағдай.

Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы 
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Қызылорда  облысының әкімдігімен арадағы қол қойылған ынтымақтастық және өзара әрекеттестік жөніндегі Меморандум талаптарын жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда Қор Қазалы аудандық әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, «Қызылорда облысы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерімен бірге тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.        
2017 жылғы 25 қыркүйекте, дүйсенбі күні БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері Қазалы ауданының «Айтеке Би» клубында аудан әкімдігінің активтері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, кәсіпкер саласының өкілдері және тұрғындармен кездесті. 
Өзінің алғы сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Қазалы аудандық қызмет көрсету орталығының бастығы Аяпбергенов Ринат 2017 жылдың маусымында Қор бірқатар жаңа электронды сервистерді іске қосты. Оларды атап айтар болсақ: қор кеңсесіне келмей-ақ, сайттағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру, сондай-ақ сол өтініштердің орындалу барысын қадағалау мүмкіндігі болғанын. Электронды сервиске 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шамамен 3,57 миллион адам Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. Қор қызметіндегі жаңа енгізілімдер туралы хабардарлығын арттыру жолында қызу жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып берді - Қызмет көрсету орталығының басшысы.    
Сонымен қатар қатысушылар БЖЗҚ-ның артықшылықтары туралы бейнеролик тамашалап, зейнетақы активтері біріктірілген соң, комиссиялық сыйақының көлемі бұған дейін жеке зейнетақы қорлары алып келген комиссиялық сыйақы көлемінен едәуір азайғандығын білді.  
Одан басқа, зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған соң әкімшілік шығындар азайтылып, салымшылар үшін тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық стратегияның қайта қаралғандығы айтылды.   
Шара қонақтары www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.     
Шара соңында оған қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты. 
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 40 мың бірлікті құрады.  
2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,9 пайыз болды.    
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. 
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     «БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы

                                                                бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады 

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де Арал қаласы, З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйі, Бақтыбай батыр көшесі 56, мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.
Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:    
-белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға  құқығы бар?
-2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
-ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
-шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?
-қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;
-зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;
-зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;
-зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.
Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.     

Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға осы айда келіп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.

1.БЖЗҚ-дан үзінді-көшірме алдым. Сөйтсем, жұмыс беруші менің пайдама жарналар төлемепті. Не істеу керек?
Ең алдымен Сіз салық комитетіне өтініш жасауыңыз керек. Ол жұмыс берушіні тексеруді қолға алады.Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдары мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктік шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жұмыскерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.
Агенттердiң банктік шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
2.Кәмелетке толмаған жасөспірімнің атына жасқа жеке зейнетақы шотын ашуға бола ма?
Еңбек кодексінің 30-бабына сәйкес он алты жасқа толғандарға еңбек шартын жасауға рұқсат етіледі. Бірақ, бұл ретте ата-ананың бірінің, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімі бойынша шартты бұған дейін де жасасуға болады.  
15 жастан бастап жасөспірімге, егер ол негізгі орта білім алған болса, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал 14 жастан бастап тек оқудан бөлек уақытта ғана жұмыс істеуге болады. Бұл ретте жұмыс оқу үдерісіне және денсаулыққа кері әсерін тигізбеуі керек.     
Ал 14 жасқа дейінгі жеткіншектердің театрда ойнап, киноға түсулеріне болады. Бірақ, бұл жұмыстар да сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылуы керек және баланың өнегелі дамуына және денсаулығына кері әсер етпеуі тиіс.  
Еңбек шартына кәмелетке толмаған жасөспірім мен оның заңды өкілі де қол қоюы керек. Жұмыс беруші еңбек шартына сәйкес айлық жалақыны төлей отырып, кәмелетке толмаған жасөспірім үшін оның жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын да төлеуге міндетті. Зейнетақы Қорына кәмелетке толмаған тұлға келіп өтініш жасаған кезде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі арызды рәсімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:   
1)туу туралы куәлік және егер бар болса, кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
2)заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3)ата-анасыболмаған кезде қамқоршылық/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжаттың түпнұсқасы (қамқоршы тағайындалғаны туралы анықтама немесе баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт).
14 жасқа дейінгі тұлғаның өтінішіне оның заңды өкілі қол қояды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалардың өтініштеріне олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болса жеткілікті. 
Міндетті зейнетақы жарналарын есеп алу үшін жеке зейнетақы шотын ашудан басқа, кәмелетке толмағандар БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. 
Жарналардың мөлшері, оларды аудару және қалыптасқан жинақтар есебінен төлемдер жасау тәртібі шарт тараптарының келісімі бойынша айқындалады. 
3.Мен Қазақстан азаматымын, бірақ шетелдік компанияда қызмет атқарамын. Менің жұмыс берушім менің пайдама зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1 тармағына сәйкес
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.
Бұл ретте Заңның 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.Егер шетелдік компания Қазақстан аумағында орналасқан болса, сәйкесінше, агент Сіздің айлық табысыңыздан міндетті зейнетақы жарналарын ұстап, зейнетақы Қорына аударуға міндетті. 
Бұл ретте халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағыөкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің диплдоматиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде қызмет атқаратын Қазақстан азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатыса отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын өз бетімен аударуға құқылы. 
4.Естуімше, Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалау барысында үлгіт ретінде Чилидің моделі алыныпты. Неге басқа ел емес, осы  Чили таңдап алынған?
Әр елдегі зейнетақы реформасы демографиялық, мәдени, әлеуметтік, саяси, қаржылық ерекшеліктер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Мысалы, Чилидегі зейнетақы реформасының өзіндік сипатына келер болсақ, бұл елде «ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген зейнетақы алу құқығы мемлекет кепілдік беретін төлемдерге ауыстырылды және бір-бірімен бәсекелес бірнеше компанияда жұмыскерлерді міндетті жинақтаушы сақтандыру жүйесі енгізілді. Чилиден алынған негізгі үлгі, ол - зейнетақымен қамсыздандыру бойынша мемлекеттік ортақ жүйеден тиянақталған міндетті жарналары және ерікті зейнетақы жарналары бар жинақтаушы зейнетақы жүйесі.Бұл ретте айта кететін жәйт, Чили моделі қаз-қалпында көшіріп алынған жоқ. Отандық мамандар ең үздік халықаралық тәжірибелерді алдымен терең зерттеп, жан-жақты талдайды. Тек содан кейін барып Қазақстанға енгізеді. Мысалы, жақын болашақта елімізде шартты-жинақтаушы құрамдауыш енгізіледі. Оған негіз ретінде Швеция моделі негізге алынып отыр.
5.Зейнетақы жинақтарының сақталуына Қазақстанда және әлем елдерінде қалай кепілдік берілген?
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді. «Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлік жасқа толған алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.Салымшы зейнеткерлік жасқа толған шақта, ең алдымен оның  зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңі ескеріліп, зейнетақы шотындағы жинақтарының табыстылығы есептеледі. Егер табыстылық инфляциядан төмен болса, мемлекет республикалық бюджет есебінен инфляция мен табыстылық арасындағы айырма сомасын төлейді. Мінеки, осылайша салымшылардың жинақтары қаржы нарығындағы әр түрлі ахуалдарға қарамастан, сенімді қорғалған. Мұндай кепілдік басқа мемлекеттерде жоқ. Мысалы, Чехия, Жапония және Словакияда басқарушы компаниялар жарналардың атаулы құнының немесе инфляцияны ескермей нөлдік инвестициялық табыстылықтың сақталуына ғана кепілдік береді. Германияда зейнетақы қорлары енгізілген жарналарға қатысты зейнеткерлікке шығу күніне қарай 2,25 пайыздық мөлшерлемеге ғана кепілдік береді. Чилиде зейнетақы активтерін басқарушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына таңдап алынған қор түріне қарай кепілдік береді. Бірақ зейнетақы жинақтарының көлемі өткен 36 ай ішіндегі орташа сараланған 2 пайыздық нақты табыстылық деңгейінен төмен болмайды. Ал Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерінде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік тіпті берілмейді.                   

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы
«БЖЗҚ» акционерлік қоғамы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік  туралы қол қойылған  Меморандум аясында «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен Жалағаш ауданы әкімдігінің өкілдері бірлесіп, халық арасында  салымшыларға зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша  толық кешенді ақпарат беру мәселелері туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
2017 жылғы  20 қыркүйекте, сәрсенбі күні сағат 10.00-де Жалағаш ауданы «Мәдениет пен өнерді дамыту орталығы»   Мәдениет пен тілді  дамыту бөлімінің КМҚК  ғимаратында «БЖЗҚ»  АҚ Қызылорда облыстық филиалы қызметкерлерінің халықпен,  ауданның коммерциялық құрылымдарының өкілдерімен, әкімдіктің белсенді топтарымен кездесуі өтті.
Кездесуде БЖЗҚ қызметкерлері  қор құрылғаннан бастап салымшылар мен алушылардың мүддесі бірінші кезекте екендігіне сендіріп, қазақстандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланып, табыстың қалай есептелетіндігі, салымшының, жұмыс берушінің және БЖЗҚ-ның қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі, жинақтаушы жүйеге неге белсенді түрде қатысып, тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлеп тұру керектігі туралы әңгімеледі, зейнетақы жинақтарының сақталуына қалай кепілдік берілетіні туралы әңгімеледі.
Бұдан басқа БЖЗҚ қызметкерлері 2018  болатын  жаңалықтар туралы хабардар етті. Жиналғандар 2018 жылы 1 қаңтарда енетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіндегі өзгерістер туралы алғашқылардың бірі болып естіді.
Сондай-ақ БЖЗҚ –ның қызметі туралы ақпарат беру және қашықтықтан кеңес беру каналдары туралы – басқарма төрағасының блогы, қоғамдық қабылдау, қордың сайтындағы онлайн-кеңес беру мен кері байланыс секторы туралы, Қазақстанның барлық аймақтарынан тегін қоңырау шалуға болатын 1418 қысқа нөмірлі байланыс орталығы мен әлеуметтік желідегі ресми беттер туралы айтып берді. 
Жалағаш ауданы «БЖЗҚ» АҚ Қызмет көрсету орталығының басшысы Маханова Аяна өз сөзінде салымшыларының қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы өздерінің зейнеткерлік өмірінің қорғалуын жоспарлауды, оның жайлы да сәтті болуына жағдай жасап, әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететіндерін атап өтті.  
Шара қонақтары www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.     
Кездесу соңында қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 40 мың бірлікті құрады.  
2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.    
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. 
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz              

                                                                              БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 

 «БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердің жинақтаушы зейнетақы қорларынан  берілген активтерімен жұмысы

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді.   
Облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайды. Ал проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екі компания бойынша берешек толығымен өтелді (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсімінің аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге). Жеті компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелді (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге). 
Эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген.  
2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. Олар: 
- «Имсталькон» АҚ; 
- SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия). 
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті (зейнетақы активтерінің 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді.  
Бұл эмитенттер бойынша мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр: 
-«Қазақстан қағазы» АҚ эмитентіне қатысты оңалту жұмыстары жүргізіліп
жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 12,5 млрд теңге. 
-«Имсталькон» АҚ эмитентіне қатысты оңалту рәсімінің күші жойылды.
Банкроттық туралы азаматтық іс қайта қаралып жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 3,4 млрд теңге.       
-13 эмитент бойынша берешектерді Қор пайдасына өндіріп алу туралы сот
шешімі шығарылды, қазір орындаушы өндіріске ілеспе қызмет көрсетіліп жатыр  («Казнефтехим» АҚ, «ТөртҚұдық» «Кен-байыту комбинаты» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «Техно-Life» АҚ, «Сары-Арқа Сарбазы» Күзет корпорациясы» ЖШС, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Тема и Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «РОСА» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Өрнек XXI» АҚ, «Альтернативные финансы» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы  – 8,8 млрд. теңге);
-5 эмитент банкрот болып танылды («Трансстроймост» АҚ, «VITA» АҚ,
«GLOTUR» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 15,1 млрд. теңге);
-1 эмитент бойынша сотқа дейінгі реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
(SAMARCO MINERACAO SA; Берешектің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 0,6 млрд. теңге).
2014 жылдан 2017 жылдың 31 шілдесіне дейінгі аралықта Қор алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,67 млрд теңгені құрады, оның ішінде:  
– 2014-2015 жылдары – 1,3 млрд. теңге;
– 2016 жылы – 0,194 млрд теңге;  
– 2017 жылы – 0,192 млрд теңге;
Проблемалық активтер бойынша мүмкін болатын шығындарға қарсы арнайы провизия (резервтер) құрылған. Қор өндіріп алған берешек сомалары провизияларды қалпына келтіруден түскен табыстар болып есептеледі және салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына үлестіріледі. 
Атап өту керек, берешектерді азаматтық тәртіпте өндіріп алу тәсілдері таусылған жағдайларда, Қор проблемалық эмитенттердің қызметін және олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабілетсіздігіне жеткізгендіктерін тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдады.  
Зейнетақы Қоры 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық зерттеу қызметіне арыз жолдады.   
БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де залал келтірген тұлғаларға қатысты сот шешімдерінің шығарылуына күш салады. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. 
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz 

                                                                                      БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 2017 жылғы 1 тамыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу 
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Жыл басынан бергі өсім 588 млрд теңгені (8%) құрады.
2017 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.  
2017 жылғы шілдеде келіп түскен жарналардың жалпы сомасы 59,5 млрд теңгеге жетсе, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 56,7 млрд теңгені құрады.   
2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.    
2017 жылдың басынан бері БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 134,31 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 16,13 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан шамамен 106,58 млрд теңге төленген, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 10,95 млрд теңгені құраған. 
Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бірінен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 769 мың адам зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электрондық мекенжайына алады. Ал 3,5 миллионға жуық адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. 2017 жылдың шілдесінде сайт немесе ұялы қосымшаны пайдаланушылардың қатарына шамамен 100 000 салымшы (алушы) қосылды. Олар бұл үшін ақпарат алу тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған.   
Бір ай ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 67,4 мыңға артып, барлығы 917,7 мың бірлікті құрады. Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 509,7 мың жүктеуді құраған болатын.  
Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.
БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылады. Салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы – Қор мен салымшылар арасында тиімді қарым-қатынас орнатудың қосымша тәсіліне айналғандығын айта кеткен жөн. Осы жоба аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған. Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап Қорға жеткізуге көмектеседі. Одан басқа БЖЗҚ мобильді тобы таныстырылымдар өткізу, зейнетақы заңнамасы және отандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру үшін әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға барып тұрады. Барған жерлерінде сондай-ақ зейнетақы қызметтерінің барлық түрін көрсетеді. Олардың ішінде салымшының деректемелерін өзгерту/толықтыру туралы өтінішті рәсімдеу, жаңа редакциядағы өтінішті ұсыну, ақпарат беру тәсілі туралы келісім жасау және ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру секілді қызметтер бар. Жыл басынан бері мобильдік агенттер 4 мыңнан астам рет көшпелі шара өткізіп, осы шаралар барысында 113,2 мыңнан астам операция жасаған. Қор қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі 7 120 адамға қызмет көрсете отырып, оларға төлемдер мен аударымдарды рәсімдеу, зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірме беру, деректемелерді және ақпарат беру тәсілін өзгерту бойынша 19,5 мың қызмет көрсеткен. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. 
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Жұмыс берушінің жауапкершілігі
Еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жас мамандардың көпшілігі зейнетақыға қатысты мәселеге бас қатырып жатпайтыны рас.Бұл туралы сұрай қалсаң: «Қайдағы зейнетақы, не айтып тұрсыз?», - дейтіні сөзсіз.Өйткені олар үшін бүкіл өмір алда ғой! 
Бірақ, өмір заңы бар емес пе, аға ұрпақ секілді біз де өсеміз, есейеміз және қартаямыз. 
Иә, мойын бұрып қарағанша, қамшының сабындай өмірде зейнеткерлік жасқа жетіп қалғаныңды білмей де қаласың...
Бәрін айт та бірін айт, қазіргі таңда азаматтар болашақ зейнетақысы туралы жас кезінен бастап ойлануы керек. Бұл заман талабы. 
Дегенмен бұл туралы қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер: «Мені үкімет асырайды, далада қалдырмайды», - деп ойласа, басқалар: «Дүниені балаларыңа жина, солардың біліміне жұмса. Сонда олар жақсы білім алады, жақсы қызметке тұрады.Сөйтіп ата-анасын да асырай алады», - дейді. 
Ал енді біреулер тек өзіне ғана сенеді, жалақыларын конвертсіз, ашық түрде алады. Міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлейді. Тіпті ерікті зейнетақы жарналарын да төлеуді ойластырады. 
Қазіргі таңдазейнетақы жүйесінің құрылымы үш мүдделі тарапты –мемлекетті, жұмыс берушіні және жұмыскерді біріктіреді.  
Мемлекет зейнетақы жүйесін реформалап, оған жинақтаушы құрамдауышты қоса отырып, азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға шақырады. 
Бұл жүйеде салымшы өзінің бүкіл еңбек жолында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қанша қаржы жинаса, зейнеткерлік жасқа толғанда сонша қаржы алады. Бұл ретте оның жинағына зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңі бойынша инвестициялық табыс есептеліп отырады. Егер зейнетақы жинағының жалпы сомасы инфляция деңгейінен төмен болатын болса айырма сомасы республикалық бюджеттен біржолғы төлем ретінде зейнеткерлік жасқа толған алушының банк шотына аударылады. 
Бұл ретте қаржы жинақтауда салымшыға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Егер ол ресми түрде жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналарын тұрақтыаударып тұратын болса, онда оның зейнетақы төлемдерінің мөлшері біріншіден:
1) оның зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына; 
2) жүйеге енгізілген зейнетақы жарналарының саны мен сомасына; 3) жинақталған инвестициялық табысқа және
4) айлық табыстың өсу қарқынына тәуелді болады.   
Мемлекет ешкімді ескерусіз қалдырмайды. Керісінше олардың қамын ойлайды. Яғни, республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады және инфляция деңгейін ескере отырыпзейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. 
Сонымен қатар жұмыс берушіге де үлкен жауапкершілік жүктелген. Ол міндетті зейнетақы жарналарын дер кезінде және толық көлемде аударып отыруы тиіс. Ал 2020 жылдан бастап өз қаражаты есебінен жұмыскерінің пайдасына жалақысының 5 пайызын оның шартты зейнетақы шотына аударуға міндеттенеді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақмен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкесжұмыс берушілер салымшының зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады. Міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды және оларды жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын(МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімі жоғарыда аталған Заңмен реттеледі.  
МЗЖ және МКЗЖ дер кезінде төлеу – жұмыс берушінің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар заңнама талабы. 
Жұмыс берушілер уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған МЗЖ және МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге жұмыскерлерінің пайдасынаагенттер аударуға тиіс.
Сондықтан БЖЗҚ азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін және жұмыс беруші аударатын жарналардың дер кезінде, тұрақты және толыққанды аударылуын жеке зейнетақы шотынан алынатын үзінді-көшірме арқылы бақылап отыруға кеңес береді. 
Үзінді-көшірмені алудың бірнеше тәсілі бар. Олар: 
Қор кеңсесіне өзі келу, электрондық және дәстүрлі пошта байланысы, Қордың сайты немесе «ENPF» ұялы қосымшасы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz электрондық үкіметі арқылы алу.    
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шартты-жинақтаушы құрамдауыш, яғни жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыскерлердің атына  шартты зейнетақы шоттары ашылады. Оларға барлық жұмыс берушілер еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың айлық табысының 5 пайызын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары ретінде аударатын болады. Бұл жарналардың артықшылығы сол, шартты зейнетақы шотындағы қаржы таусылып қалса да, бұл жарналардың есебінен зейнетақы төлемдері зейнеткерге өмір бойына төленеді. Бірақ, бұл үшін шартты зейнетақы шотына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 5 жыл, яғни кемінде 60 ай тұрақты түрде аударылуы тиіс. Шартты зейнетақы шотына аударылатын жарналар жыл сайын капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады. 
Алғашқы жарналар 2020 жылдан бастап енгізіле бастайды. Ал алғашқы төлемдер сәйкесінше 2025 жылдан бастап төленеді.
Егер міндетті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарынакәдімгі ақшалай қаражат жинақталатын болса, шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары тек белгіленіп отырады, яғни тіркеледі. Бұл шоттағы зейнетақы жинақтары жұмыскердің меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды: егер салымшы (алушы) жүйеден шығатын болса оның шартты зейнетақы шотындағы қаражат басқа қатысушылар арасында үлестірілетін болады.  
Осылайша, зейнетақы жүйесінің бұл құрамдауышы ортақ және жинақтаушы жүйенің артықшылықтарын қамтиды.
Сәйкесінше бизнестің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі арта түседі. Ал бұл, бүкіләлемдік үрдіс.
Құрылған күні: 20-09-2017 16:27
Жаңартылған күні: 25-12-2017 15:38

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика