ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Басқарма: 
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы

Сұрақтар

Хусаинов Болат Категория Көлiк Дата: 26.07.19

Вопрос:

Қызылорда облысында қазіргі уақытта өте қатты аптап ыстық болып тұр. Ыстық жолаушыларға да қиындық әкелуде. Байқоңыр-Қызылорда бағытына қатынайтын автобустардың ешқайсысы кондиционерлермен жабдықталмаған. Жабдықталған автобустардың өзінде де істен шыққан. Терезе әйнектері ашылмайды. Санитарлық нормалар сақталмайды. Жас балалар мен улкен кісілер әсіресе қан қысымымен ауыратын адамдар, жүрек талмасымен құлау фактілері де жиі кездесіп жүр. Өрт қауіпсіздігі ережелері де сақталмайды. Адамдар жүретін орталарға ауыр жүктер де қойылған фактілер бар. Болашақта осындай келеңсіздіктер улкен резонансты бақытсыздыққа алып келу қаупі бар.Осы тасымалдаушылар қалай конкурстан өткен? Сапарға шығар алдында тексерістен қалай өткен? Сондықтан сізден осы жолаушылар тасымалы бойынша заң бұзушылықтарды өз қатаң бақылауыңызға алып шара көруіңізді сұраймын.

Ответ:

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Сіздің 2019 жылғы 09 шілдедегі веб-портал арқылы Байқоңыр - Қызылорда маршрутындағы қатынайтын автобустардың сапасына қатысты жолдаған сауалыңыз бойынша төмендегіні мәлімдейді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 
2015 жылғы 26 наурыздағы 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру шартының 3 –тармағының 
4 – тармақшасына сәйкес, тасымалдаушы екі жылдан аспайтын уақыт өткен соң маршрутта пайдаланатын автобустарды жаңартуға міндетті деп көрсетілген.
Осыған байланысты, 2019 жылдың 17 шілдесінде Басқарманың ВП-92327 хатының негізінде жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты бағытына жолаушылар тасымалдау саласында қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар басшыларына тиісті ескерту беріліп,
тасымалдауды ұйымдастырудың шартына сәйкес негізгі құрамдағы автобустардың жаңарту керектігі туралы тапсырмалар берілген болатын.
Осы ретте, аталған мәселелер Басқарма тарапынан бақылауға алынып, кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Егер берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.
 

Сейлханова Мариям Категория Көлiк Дата: 12.07.19

Вопрос:

Саламатсыз ба, Ержан Қыпшақбайұлы?! Мен Қазалы қаласының тұрғынымын. Зейнеткермін. Менің балам, Айткулов Дархан «Бизнес - Бастау» бағдарламасы арқылы 1 ай арнайы курстан өтіп, сертификат алған болатын. 2018 жылы желтоқсан айында тұрғылықты үйімізді кепілге қойып, 2019 жылы қаңтар айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 2 млн. теңге көлемінде несие алды. Сол қаражатқа Хендай Каунти маркалы микроавтобус сатып алып, ақпан айынан бастап жеке кәсіпкер Сәлімжан Айтжановқа сенімхат жазып беру арқылы №1 және №7 бағыттарға қатынайтын маршрутқа жұмысқа қабылданды. Орын алып беремін деген "Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкері сөзінен тайқып шыға келді. Мамыр айының 18-інде жеке кәсіпкер С.Айтжанов маршрутта орын жоқ деген желеумен жұмыстан қысқартып тастады. Бірақ, орын жоқ дей отыра "Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Әбиев Әліби Берікұлы лауазымдық қызметін пайдаланып, кент ішінде (кент ішінде жолаушылар тасымалдайтын маршрутта) жұмыс жасап жүрген 274 нөмірлі көлігін менің баламның көлік кезегін ығыстырып тастап маршрутқа қосып отыр. Жұмысқа қабылдарда тендер өтеді деген болатын, бірақ, бұл бағыттағы маршруттардың көбісі тендерден өтпеген және жеке кәсіпкер С.Айтжановтың туған-туысы, баласы, баласының досы, досының қызы, аудандық прокурор, сот, СЭС т.б. мемлекеттік мекеме, аудандық бөлім басшыларының қосып қойған адамдары. Сонда тек мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар ғана маршрутқа көлік қосуы керек пе? Неге қарапайым халық жеке кәсіпкерлікпен айналыспауы керек? Кәсіпкерлікті қолдау тек жай ғана сөз болып қала бере ме? Ұлым осы 3 ай бойына жеке кәсіпкер Сәлімжан Айтжанов, "Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Әбиев Әліби Берікұлы мен Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дүзелбаев Бақытжанның ортасында «доп» болып жүрді. Біріне барса, екіншісіне жұмсап, ешқайсысы тұшымды жауап бермеді. Тендерге келетін болсақ, ұлымның сатып алған көлігі Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдап, жұмыс жасап жүрген тендері бар маршрут болатын. Осы мәселеммен Қазалы ауданының әкімінің жеке қабылдауында болдым. Жеке қабылаудағы өтінішіме "Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Әбиев Әліби Берікұлы ұлымның көлігі резервте тұр деген жауап қана беріпті. Бірақ, резервте тұрғанымен 1 айдан бері жұмысқа шақырмады. Маршрутта көлік жетіспейтіндігін, жұмысқа шыға алмаған көлік иесі өзі ұлыма хабарласып, орнын сұра дегенде де С.Айтжанов орны бар көліктердің бірін шақырып қойғанын айтатын. Бұл жағдай бір емес бірнеше рет қайталанды. Егер орын болмаса неге босқа үміттендіріп қабылдағанын және 3 ай уақыт жүргізгенін, соған қарамастан аяқ астынан шығарып жібергенін түсіне алмай отырмын. Жаңадан бастаған жас кәсіпкерге қолдау білдірудің орнына аяқтан шалушылық көп. Аудан деңгейінде еш нәтиже шықпаған соң, ашынғаннан өзіңізге шағымдануыма тура келіп отыр. Осы мәселені өз қолыңызға алып, ұлымның маршрутын орнына қосып, жұмыс жасауына ықпал жасайтыныңызға сенім білдіремін.

Ответ:

Құрметті Мария Азилхановна!!! Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 «Автомобиль көлігі туралы» заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiту және жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу аудан әкімдіктерінің құзыретіне кіретіндіктен, Басқармамен Қазалы ауданы әкімдігіне (бұдан әрі - Әкімдік) тиісті сұрау хаты жолданды.

Әкімдіктің берген ақпараты бойынша, бүгінгі күні Қазалы ауданында жолаушы тасымалы қызметімен жеке кәсіпкер С.Айтжанов және «Қазалы такси» ЖШС-гі айналысып келеді.

         «Қазалы ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Бөлім) Жолаушылардың және багаждың тұрақты қалалық және елді мекендерді: қаланы, ауылдарды (селоларды) аудан орталығымен жалғастыратын автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсету құқығына

2018 жылғы 24 қаңтардағы аймақтық «Тұран Қазалы» газетінің №16 (1513) санында конкурстың өтетін күні, мекен-жайы және ұсынылатын құжаттар тізімі туралы хабарландыру жарияланған.

         Аталған конкурсқа, «Қазалы такси» ЖШС-гі және жеке кәсіпкер С.Айтжанов конкурстық өтінімдер тапсырған.

Конкурстың нәтижесімен, «Қазалы такси» ЖШС-мен және жеке кәсіпкер С.Айтжанов конкурс жеңімпазы болып танылып, 2018 жылдың 19 ақпанында Бөліммен 3 жыл мерзімге келісім-шарт жасалған.

Осыған сейкес, Қазалы ауданындағы кентішілік жолаушылар тасымалы қызметімен айналысқысы келетін тұлғалар «Қазалы такси» ЖШС-мен немесе жеке кәсіпкер С.Айтжановпен келісім-шартқа отыру арқылы өз қызметін ұсынады.

Басқарманың жолдаған хатының негізінде, Бөлім «Қазалы такси» ЖШС-не және жеке кәсіпкер С.Айтжановқа, ұлыңыз Айткулов Дарханды Hyundai Country маркалы автокөлігімен мүмкіндігіне қарай жолаушы тасымалдаушы автобустардың немесе резервтегі автобустар тізіміне енгізу бойынша ұсыныс хаты жолдаған.

Осы ретте, «Қазалы такси» ЖШС-і Hyundai Country маркалы автокөлігін резервтегі автобустар тізіміне енгізуге қарсылығы жоқ екендігін Бөлімге хабарласа, жеке кәсіпкер С.Айтжанов резервтегі автобустар тізімінде тұрғандығын және кезектілігіне қарай жолаушы тасымалдау қызметіне шығарылатындығын жеткізген.

Жоғарыдағылардың негізінде, «Қазалы такси» ЖШС-дегі немесе жеке кәсіпкер С.Айтжановтағы кезектілікті күтуді немесе ауданаралық тұрақты жолаушы тасымалымен айналысатын тасымалдаушыларға хабарласуларыңызды ұсынамыз.

Егер берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

 

Алдажұманова Гүлжайна Категория Көлiк Дата: 09.06.17

Вопрос:

Арал ауданындағы Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніндегі паромның орнына қашан қалқымалы көпір салынады ?

Ответ:

Құрметті Гүлжайна Талғатқызы,  Сіздің 2017 жылғы 5 маусымдағы Арал ауданындағы Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніндегі паромның орнына көпір салу туралы қойған сұрағыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз.

Арал ауданындағы Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір құрылысына қажетті 88,1 млн. теңге қаржысын ағымдағы жылы бөлу жоспарлануда. Құрылыс монтаж жұмыстары осы жылы басталатын болады.

Егер берілген берілген жауаппен келіспеген жағдайда 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған органға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Қартабаев Шағзат Категория Көлiк Дата: 03.04.17

Вопрос:

Құрметті Марат Серікбайұлы! Бүгінгі күнге Қызылорда қаласының көшелерінде 112 газбен жүретін үлкен сыйымдылықты жаңа автобустар алып келініп, көшеміздің сәні кіріп қалды. Бұл жұмыстар ары қарай жалғасын табады ма ?

Ответ:

Қалалық автобустарды жаңарту жұмыстары ары қарай жүргізіле береді. Өз қаржысы есебінен немесе банк кредиттері арқылы жаңа автобустар алып келген кез келген тұлғаға жағдай жасалынып, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС арқылы (келісім шарт) маршрутқа кіре алатын болады.

Тасенова Айжан Категория Жалпы мәселелер Дата: 20.02.17

Вопрос:

Құрметті Марат Серікбайұлы! Мен Тасбөгет кентінде Сырдария көшесінің тұрғынымын. 2016 жылы кенті әкімі атына көше жолы құрылысы туралы ұжымдық арыз жазған болатынбыз. Аталаған ұжымдық арыз бойынша кенті әкімдігі құзіреті шегінде жан-жақты зерттеу жұмыстыран жүргізіп, 2 күн ішінде (шаблон) дайын хатымен жауап берді. Аталған жауап хатында ұзындығы 1 км болатын Тасбөгет кентінде Сырдария көшесінің жол құрылысы үшін 2014 жылы облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасына сұраныс хат жолданғандығын көрсетілген. Алайда, аталған сметалық құжаттарды әзірлеу үшін 3 жыл уақыт керек пе? Алдағы уақытта көптен күткен схемалық құжаттар дайындалған жағдайда, көше құрылысы жұмыстары қай уақытта жүргізілетіндігі жөнінде анықтама беруіңізді сұраймыз!

Ответ:

Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес қала көшелері құрылысына, қайта жаңартуына, жөндеуіне және күтіп-ұстауына, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуге қаржылар қалалық бюджеттен қаралады.
Осы орайда, Қызылорда қаласы көшелерінің құрылысына және жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірленуі және жобалардың іске асырылуы Қызылорда қаласы әкімдігінің құзыретіне жатады.
Осы айтылған заңнамалардың негізінде Сіз осы көтерген мәселені Қызылорда қаласының әкімдігіне жолдауыңыз керек.
Егер берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.
 

Нуржакипова Назерке Категория Көлiк Дата: 21.12.15

Вопрос:

Қазалы ауданындағы "Бөзкөл-Тасарық" автомобиль жолының жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Ответ:

«Бозкөл-Тасарық» автомобиль жолына 2014 жылы 5 млн теңгеге құрылысын бастауға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. 2015 жылы 220 млн теңге (РБ -200, ОБ-20млн), ал 2016 жылы 210 млн теңге қаралып, аталған жолдың құрылысы толықтай аяқталады деп күтілуде.

Мырзаханова Мира Категория Көлiк Дата: 21.12.15

Вопрос:

"Самара-Шымкент-Тереңөзек" автомобиль жолының 9 шақырымдағы көпірдің жағдайы өте төмен. Жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?

Ответ:

Құрметті Мырзаханова Мира! Сіздің 2015 жылдың 18 желтоқсанында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының блогына қойған сұрағыңызға қатысты келесіні хабарлаймыз.
Ағымдағы жылы аталған көпірге күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Осыған сәйкес құрылыс жұмыстарын қарастыруға бюджеттік өтінім беріліп, 2016 жылы іске асыру жоспарланып отыр.
 

Тілеп Талан Категория Көлiк Дата: 21.12.15

Вопрос:

Как планируется осуществить строительство авиатерминала аэропорта г.Кызылорды с помощью механизмов государственно-частного партнерства?

Ответ:

Уважаемый Тулеп Талант! Cогласно вашего запроса ноправленного на блог руководителя управление пассажирского транспорта иавтомобильных дорог Кызылординской области сообшаем следующее:
Осуществление проекта ГЧП состоит из нескольких этапов.
На первом этапе Постановлением Правительства РК 100% акций аэропорта переданы из республиканской в коммунальную собственность Кызылординской области.
Второй этап – это вопросы подготовки концессионной конкурсной документации, которыми будет занимается уполномоченный по региону орган – ТОО «Центр сопровождения проектов ГЧП».
Третий этап – это непосредственно проведение концессионного конкурса и выбор концессионера, представившего наиболее привлекательную программу строительства авиатерминала и дальнейшего развития аэропорта, с которым будет заключен концессионный договор. При этом он должен подтвердить свои квалификационные требования, в том числе платежеспособность.
Следует отметить, что все расходы на строительство авиатерминала и дальнейшую эксплуатацию аэропорта будет брать на себя концессионер, которому после заключения концессионного договора будут переданы права на управление аэропортом в течение 25-30 лет.
Подобный концессионный проект успешно работает в аэропорту г. Актау, где концессионером является турецкая компания «TURKUAZ».
 

Утепбергенова Гулмира Категория Көлiк Дата: 14.12.15

Вопрос:

Тереңөзек кентіне кіреберістегі көпір қашан аяқталып, пайдалануға беріледі ?

Ответ:

Тереңөзектегі «Әйтек» каналындағы көпірге күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 34,0 млн теңге бөлінді. Мердігері: «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС-і. 
Қазіргі кезде демонтаж жұмыстары толық аяқталып, бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 1 тамызына көпірдің жоғарғы жағындағы бетондау жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысына жол ашылады. Ал, көпірдің төменгі тіреуіштерін күшейту жұмыстары каналдағы су азайған кезде, яғни қазан айында жүргізілетін болады.

 

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика