ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Үздіктерге сыйақы беріледі
2016 жылғы 15 желтоқсанда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты салтанатты шара өтеді. 
Көп жылғы жемісті шығармашылық еңбектері және студенттерге сапалы білім берудегі жетістіктері үшін 100 профессор-оқытушы мен үздік 100 студент ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Сайлау комиссиясы мүшелері марапатталады
2016 жылғы 15 желтоқсанда Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жүнісов маңызды электораттық науқандарды дайындауға және өткізуге белсенді қатысып, мемлекеттің сайлау жүйесінің қалыптасуына сүбелі үлес қосқан сайлау комиссияларының бірқатар мүшелеріне ҚР ОСК төрағасының «Алғыс хатын» табысталады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өз хатында сайлауком мүшелерінің тапсырылған істі жоғары жауапкершілікпен атқарған еңбегіне алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірген.

ҚАЖ департаменті Тәуелсіздік мерекесін атап өтеді
2016 жылғы 15 желтоқсанда С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кадр жұмысы тобының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді.
Мерекелік шарада мемлекетіміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып өнегелі істі жалғастырар, жастарға кәсіби және өмірлік тәжірибесін үйретуден жалықпаған Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері қонақта болады. Департамент басшылығы ардагерлерге арнап сый-сияпат көрсетеді.

Азаттықтың рухы асқақ
2016 жылғы 15 желтоқсанда Қызылорда қаласы және аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.
Салтанатты шарада қала басшысы әр сала өкілдеріне «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалін табыс етеді.
Бірқатар азаматтар облыс, қала және аудан  әкімдері мен ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының «Алғыс хаттарын» иеленеді. 
Шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделеді.

Нұротандықтар қайырымдылық шарасын өткізеді
2016 жылғы 14 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясын ұйымдастырады.
Жетекші партия өкілдері игілікті шараны ҰОС ардагері, 92 жастағы Әбдірауық Сатыбалды ақсақалды мерейлі мерекемен құттықтайды.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы екінші рет өткізіледі. Мұнан бөлек партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобалары аясында жыл бойына 100-ден астам отбасыларға азық-түлік және қаржылай көмек көрсетілді.

«Жас Ұлан» ұйымының қатары толығады
2016 жылғы 15 желтоқсанда Арал қаласында аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» ұйымының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елім - тірегім» атты салтанатты жиыны өтеді.
Онда оқуда озат, түрлі өнер байқаулары мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары атанған 100-ден астам оқушы мойындарына туымыз түстес көк галстук тағып, «Жас ұлан» ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылданады.

«Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты әйелдер форумы өтеді
2016 жылғы 15 желтоқсанда Жалағаш ауданында «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспары аясында «Отбасы - Тәуелсіздік тірегі» атты аудандық әйелдер форумы өтеді.
 

«Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» тақырыбында кеңейтілген жиын өткізіледі
2016 жылғы 14 желтоқсан сағат 11.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» тақырыбында кеңейтілген жиын өткізіледі.

Семинар-тренинг өтеді
2016 жылғы 14 желтоқсанда Қызылордада мемлекеттік құрылымдар мен БАҚ өкілдерінің, ҮЕҰ басшыларының қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай семинар-тренинг өтеді.
Шара Ақмешіт ақшамы газеті редакциясында орналасқан «Көшбасшы әйелдер» мектебінде өтеді.
Жиын барысында барлық әйелдердің көкейкесті мәселелері талқылайды.

Полиция қызметкерлері мерейтойлық медальмен наградталады
2016 жылғы14 желтоқсанда Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара өтіп, оған сала ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам түгел қатысады.

«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты салтанатты мерекелік шара өтеді
2016 жылғы 14 желтоқсан сағат 10.00-де Қазалы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты салтанатты мерекелік шара өтеді.

«Ұлы Дала елінің Ұлық мерекесі» тақырыбында суретшілер конкурсы өткізіледі
2016 жылғы 14 желтоқсан күні сағат 10.00-де Жалағаш аудандық Мәдениет және өнерді дамыту орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала елінің  Ұлық мерекесі» тақырыбында суретшілер конкурсы өткізіледі. Конкурс мақсаты – талантты жастарды анықтап, жас суретшілерді ынталандыру. Және ең үздік суреттерді анықтау.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиын өтеді
2016 жылғы 13 желтоқсанда Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиын өтеді. Жиында аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сараланады. 
Жиында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі атап өтіледі. Әсіресе, Мемлекет басшысының Солтүстік Арал теңізін қалыпқа келтіру, «Байқоңыр» ғарыш айлағының дамыту, аймақтағы уран және мұнайгаз өнеркәсібінің құрылуы, күрделі әлеуметтік мәселелердің шешілуі, Сыр өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін қалыптастыру, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұраларының жаңғыруы бағытындағы бастамаларына ел ризашылығы жайлы ерекше айтылады.
Салтанатты шараның соңы белгілі орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен қорытындыланады.

Жас полицейлер ант қабылдайды
2016 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында қызметке жаңадан қабылданған жастар қызметті адал және абыроймен атқаруға, ел азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант береді.
Мемлекеттік Рәміздер аллеясында өтетін салтанатты жиынға департамент басшылығы, қызметкерлері және ардагерлерінен бөлек жас полицейлердің ата-аналары мен жақындары қатысады.
Қызметке жаңадан келген 25 жастың 10-ы жергілікті полиция қызметінің қатарын толықтырады, ал қалғандары тергеушілер, анықтаушылар, кадр қызметкерлері және жедел уәкілдер.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тартуы» атты телекөпір өтеді

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қызылорда қаласы «Облыстық мекемелер үйінің» 3-қабатында «Тәуелсіздік тартуы» тақырыбында телекөпір өтеді. Телекөпірдің негізгі мақсаты – Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Қызылорда облысының егемендік тұсындағы даму деңгейін түйіндеп, жетістіктерін саралап, өңірде жүзеге асырылған бірегей индустриалды-инновациялық жобаларды халыққа таныстыру болады.


Талсуаттағы интернат пайдалануға беріледі

2016 жылғы 13 желтоқсанда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талсуаттағы 300 орынға лайықталған психоневрологиялық интернат үйі пайдалануға беріледі.Жаңадан ашылған интернатта  жаттығу залы, сумен емделу бөлімі, ағаш өңдеу шеберханасы, тігін цехы және мәжіліс залы бар.  


Қызылордалық 820 отбасы Ел Тәуелсіздігімен қатар қоныс тойын тойлайды

13 желтоқсан күні Қызылордада жалпы саны 820 пәтерді құрайтын 16 көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне беріледі. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Арай-3» мөлтек ауданында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынды. Бұл мөлтек ауданда 20 көпқабатты үй құрылысы салынуда, оның  12 – сі (600 пәтер) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен бірлесе тұрғызылса 8 үй (420 пәтер) «Тұрғын Үй Құрылысы Жинақ Банкімен» жүзеге асырылуда.


Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы көпір пайдалануға беріледі

13 желтоқсан күні Қызылорда қаласында Сырдария арқылы өтетін сол жағалауды дамыту аясында салынып жатқан үш көпірдің алғашқысы салтанатты түрде пайдалануға беріледі.Анықтама үшін: Сол жағалауды жалғайтын көпірдің құрылысы 2014 жылдың екінші жарты жылдығында басталды. Мердігер-компания - «Мостостроительный отряд     № 25 имени А.Рязанова» ЖШС. Көпірдің ұзындығы - 387 метр, жер төсемі  4 жолдан тұрады, ені – 3,5 метр. Жүк көтерімділігі – 180 тонна.


Шағын және орта кәсіпкерлік жетістіктерінің көрме-конкурсы өтеді

12 желтоқсанда Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктерге арналған көрме-конкурсы өтеді. Облыстық көрме-конкурс аясында шағын және орта кәсіпкерлік өнімдері мен тауарларының көрмесі ұйымдастырылады. Конкурсқа барлығы 40 кәсіпорын қатысады. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып, бизнес өкілдері 1991 жылы дүниеге келген Тәуелсіздік құрдастарын марапаттайды.


Партия белсенділері мен жақтастары марапатталады

2016 жылғы 12 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді.Мерекелік жиынға облыстық партия филиалының ұжымы, жасотандықтар, партия белсенділері мен жақтастары қатысады.


Тәуелсіздік мерекесіне орай Қызылорда облысында әлеуметтік нысандар ашылады

2016 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде аймақтық-өлкетану мұражайы мен Оқушылар үйінің ашылу салтанаты өтеді.Мұражайдың екінші қабатындағы екі үлкен зал өңір тарихына және оның тәуелсіздік жылдарындағы дамуына арналады. Мұражайда Қармақшы ауданының көне заманнан қазіргі күнге дейінгі негізгі тарихы баяндалады.


Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады

2016 жылғы 10 желтоқсанда Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әділет органдары көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.


Мереке аясындағы мәдени сапар жоспарлануда

2016 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Қорқыт Ата мемориалдық сәулет кешенінде болады. Департамент мамандары дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген баба кешеніндегі 700-ден астам экспонат сақталған мұражай қорын тамашалайды.


Көшбасшы әйелдер бас қосады

2016 жылғы 8 желтоқсанда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қоры ұйымдастырған салтанатты жиын өтеді. Биыл барша қазақстандықтар үшін тарихи жыл. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі аясындағы әрбір шара мен қолға алынған бастаманың қоғам үшін маңызы ерекше. Соның бірі – аймағымызда жақында ғана ашылған «Көшбасшы әйелдер» мектебі. Қоғамда әйелдердің белсендігін одан әрі арттыру, тұрмысты жақсартып, түрлі салаға бейімдеу мақсатында ашылған мектеп аз уақыт ішінде нәтижеге қол жеткізді.


«Қазақстанның таңғажайып дәуірі бұл...» атты көрме ұйымдастырылады
9 желтоқсан – 10 қаңтар аралығында сағат 11.00-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде көркемсурет галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай Қызылорда облысының суретшілері мен мүсіншілерінің туындыларынан «Қазақстанның таңғажайып дәуірі бұл...» атты көрме ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа суретшілер мен мүсіншілердің шығармашылығын насихаттау, өнерлерін шыңдау және тәжірибе алмасу, эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлау.

«Бітімі бөлек бекзат» атты еске алу кеші өтеді
9 желтоқсан күні сағат 17.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын-драматург Асқар Кіребайұлының туылғанына 70 жыл толуына арналған «Бітімі бөлек бекзат» атты еске алу кеші өтеді. Еске алу кеші ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған 7 минуттық фильмнен басталады. Шара барысында «Арманым. Әнім. Іңкәрім» атты кітабының тұсаукесері өтіп, облыстық жыр мүшайрасының жеңімпаздары өлең оқиды.

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты сайысы өтеді
2016 жылғы 9 желтоқсанда сағат 15.00-де Қызылорда қаласы және аудандарда оқушылар арасында «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты эрудиттер сайысы өткізіледі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларды естелік медалімен марапаттау рәсімі өтеді
Қызылорда облысының аудандарында 2016 жылдың желтоқсан айының 9 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларды естелік медальмен марапаттау рәсімі өтеді.

«Мен Тәуелсіз Қазақстанды бейнелеймін» атты жас суретшілер байқауы өтеді
2016 жылғы 9 желтоқсан күні сағат 09.00-де Жалағаш аудандық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен Тәуелсіз Қазақстанды бейнелеймін» атты бастауыш класс оқушылары арасында аудандық жас суретшілер байқауы ұйымдастырылады. Байқаудың мақсаты: талантты жастарды анықтап, жас суретшілерді ынталандыру және ең үздік суреттерді анықтау.

«Білім ақыл ойдың кемесі» атты көрме өткізіледі
2016 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Қызылорда қаласы және аудандарда оқушыларды қатыстыра отырып «Білім ақыл ойдың кемесі» атты көрме өткізіледі.

«Ел тәуелсіздігіне 25 жыл: Бейбітшілік пен даму жолындағы дәстүрлі дін» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ел тәуелсіздігіне 25 жыл: Бейбітшілік пен даму жолындағы дәстүрлі дін» тақырыбында  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Конференция мақсаты ҚР зайырлы ұстанымдағы мемлекет екенін түсіндіру, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұстанымындағы діни толеранттылық байланысты нығайту, қоғамдық пікірді тыңдау,  дәстүрлі емес діни ағымдардың жолына тосқауыл қоятын жаңа тәсілдерін табу.


Партия қатары жаңа мүшелермен толығады

2016 жылғы 8 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Тәуелсіздіктің 25» жылдық мерекесі қарсаңында партия қатарына бірқатар азаматтарды салтанатты түрде қабылдайды.


«Жастар – егемен еліміздің ертеңі» атты концерті өтеді

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 8 күні сағат 15.00-де Жанақорған аудандық техникалық колледжінде «Жастар – егемен еліміздің ертеңі» атты колледж студенттерінің концерті өтеді.


«Абай мұралары қазақ және әлем мәдениеті контекстінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

2016 жылғы 8 желтоқсан сағат 10.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Абай мұралары қазақ және әлем мәдениеті контекстінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.


«Болашаққа ұмтылған Ел» тақырыбында форумы өтеді

2016 жылғы 8 желтоқсан сағат 10.00-де Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жыраулар үйінде «Болашаққа ұмтылған Ел» тақырыбында ауыл жастарының форумы өтеді.


«Мәңгілік ел –мұратым» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасы өткізіледі

2016 жылғы 8 желтоқсан күні Жалағаш аудандық оқушылар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел –мұратым» атты аудандық жас ақындардың жыр мүшәйрасы өткізіледі. Мүшәйраның мақсаты – Ел Тәуелсіздігіне арналған үздік өлеңдерді анықтау.


«Арулар жетістігі – Тәуелсіздік жемісі»

ІІ облыстық әйелдер форумы өтеді

2016 жылдың 7 желтоқсанында Қызылорда қаласында ІІ облыстық әйелдер форумы өтеді. Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып отырған форумға облысқа белгілі  200-ге жуық ару шақырылады.


«Нұрлы жол – Жастар жолы» атты жастар арасында кездесу өтеді

2016 жылғы 7 желтоқсан күні Қызылорда облыстық және аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұрлы жол – Жастар жолы» атты жастар арасында кездесу өткізу жоспарлануда. Кездесудің мақсаты – жастарға Елбасының Жастар саясатына байланысты бағдарлмаларын түсіндіру.


«Тәуелсіз елім менің» атты аудандық патриоттық әндер байқауы өтеді

2016 жылғы 7 желтоқсан күні сағат 09.00-де Жалағаш аудандық оқушылар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім менің» атты аудандық патриоттық әндер байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты – патриотты ұрпақ тәрбиелеу, үздік әншілерді іріктеу.


«Нұрлы жол-болашақ жолы» тақырыбында патриоттық акция өтеді

2016 жылғы 7 желтоқсанда сағат 11.00-де Қызылорда қаласындағы мектеп оқушылары арасында «Нұрлы жол-болашақ жолы» тақырыбында патриоттық акция өтеді.


«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты білім қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтеді

2016 жылғы 7 желтоқсанда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шиелі ауданында білім саласы қызметкерлері арасында «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» тақырыбы аясында волейболдан достық кездесу өткізіледі.


«Жолдау – басты бағдар, тура жол» атты патриоттық шара өтеді

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 7 күні сағ.10.00-де Жаңақорған аудандық ЖАТК колледжінде Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Жолдау – басты бағдар, тура жол» атты патриоттық шара өтеді.


«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерт өткізіледі

Арал аудандық мәдениет үйінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда сағат 16.00-де «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерт өткізіледі.


Көлік саласы қызметкерлерімен кездесу өтеді

2016 жылғы 7 желтоқсан сағат 16.00-де Қармақшы аудандық әкімдігінің мәжіліс залында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көлік саласы қызметкерлерімен кездесу өтеді.


«Тәуелсіздік – тәу етер қасиетім, киелім» тақырыбында концерт өтеді

2016 жылғы 7 желтоқсанда сағат 17.00-де Қызылорда қаласы, Тасбугет кентінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тәу етер қасиетім, киелім» тақырыбында концерт өтеді.


«Елбасы», «Нұрлы жол» тақырыбында кітап көрмесі өтеді

2016 жылғы 7 желтоқсанда Қызылорда қаласы, Белкөл кентінде «Елбасы», «Нұрлы жол» тақырыбында кітап көрмесі өтеді. Көрме мақсаты Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы Президенттің рөлін жарықтандыру.


ҚР Президентінің қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірде «Шалқия» кен орны іске қосылады

6 желтоқсан күні индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір барысында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жобасы іске қосылады.

Кәсіпорында руданы тікконвейерлі әдіспен өндірудің инновациялық технологиясы қолданылады. Кен орнын игеру жобасы толық қуатта іске қосылған кезде 1500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. «Шалқия» кен орнын игеру Қазақстан үшін мырышты өндіруші ең ірі елдердің қатарына енуге сондай-ақ, қорғасын шығаруға мүмкіндік береді.


«Жылы жүрек – жомарт қол» тақырыбында қайырымдылық акция өтеді

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 6 күні Жаңақорған ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында  «Жылы жүрек – жомарт қол» тақырыбында қайырымдылық акция өтеді.


«Өнерім-болашағым, өркенім» атты шығармашылық концерт өтеді

2016 жылғы 6 желтоқсан күні сағат 10.00-де Жалағаш аудандық Әуез мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аудандық әуез мектебі оқушыларының «Өнерім-болашағым, өркенім» атты шығармашылық концерт өтеді. Концерт мақсаты – өнерпаз өрендерді анықтау.


«Жас ғалым-2016» ІТ технологиясы бойынша арнайы және кәсіптік колледж оқушылары арасында  ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылады

2016 жылғы 6 желтоқсанда сағат 10.00-де «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында «Жас ғалым-2016» ІТ технологиясы бойынша арнайы және кәсіптік колледж оқушылары  арасында  ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырады.

Байқаудың негiзгi мақсаты:

1) оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;

2) ой еңбегiнiң беделiн арттыру;

3) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;

4) Қызылорда облысы мен Қазақстан Республикасының ғылыми-зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.


«Ескерткіштер тарихынан сыр шертеді» атты көрме ұйымдастырылады

2016 жылғы 6 желтоқсан күні сағат 11.00-де Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ескерткіштер тарихынан сыр шертеді» атты көрме өткізу жоспарлануда. Көрме мақсаты – Қазақстан Республикасының 25 жылдық Тәулсіздігінде өткен жетістіктерімен таныстыру.


«Ескерткіштер- тарихынан шыр шертеді» атты кітап көрмесі өткізледі

2016 жылғы 6 желтоқсанда сағат 16.00-де «Мәдениет және руханият» күніне орай Арал қалалық №4 кітапханада «Ескерткіштер- тарихынан шыр шертеді» атты кітап көрмесі өткізледі.


«Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты салтанатты мерекелік кеш өтеді

2016 жылғы 6 желтоқсанда сағат 17.00-де Арал аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты салтанатты мерекелік кеш өткізіледі.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған дәстүрлі орындаушылардың республикалық өнер фестивалі өтеді
2016 жылдың 6 желтоқсаны күні сағат 18:00-де Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған дәстүрлі орындаушылардың республикалық өнер фестивалі өтеді.

 

Шара мақсаты егемендігіміздің тарихи маңызын қадірлеп қастерлей отырып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Сонымен бірге, қазақ әдебиетінің алтын қоры жыраулық өнер, сұлу мақам саз арқылы еліміздің сындарлы белесін жырға қосу.

Кітап көрмесі өткізіледі

2016 жылғы 5 желтоқсанда қала және аудан кітапханаларында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында еңбек адамдары жайлы кітап көрмесі өткізіледі.


«Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында кездесу өтеді

2016 жылғы 5 желтоқсанда сағат 16.00-де қалалық және аудандық әкімдіктерде «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында түрлі саладағы жас қызметкерлермен кездесу өтеді.


Облыстық еріктілер сайысы өтеді

«Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі аясында 5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне орай «Болашақ» университетінің Студенттер сарайында «Еркін елдің-еріктілері!» облыстық еріктілер слеті өтеді. Слетте облыстағы еріктілер қозғалысының дамуына үлес қосқаны үшін облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен 25 белсенді ерікті және корпоративті еріктілікпен айналысқан мекемелер марапатталады.

Шараға жастар ұйымдарының жетекшілері, белсенді жастар, еріктілер және БАҚ өкілдері қатысады.


«Сәттілік тарихы» тақырыбында дәріс оқу шаралары өтеді

2016 жылғы 5 желтоқсанда әр түрлі сала өкілдерінің қатысуымен Қызылорда қаласының орта және жоғары оқу орындарында «Сәттілік тарихы» тақырыбында дәріс оқу шаралары өтеді.


«Отанымыздың жүрегі – Тәуелсіздік тірегі» атты фестивалі өткізіледі

2016 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 09.00-де Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Отанымыздың жүрегі – Тәуелсіздік тірегі» атты ерекше жағдайдағы балалардың өнер фестивалі өткізілу жоспарлануда.


«Адал еңбектің алғысын арқалаған» атты кездесу өтеді

2016 жылғы 5 желтоқсан сағат 12:00де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шиелі аудандық ардагерлер үйінде ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында аудан жастарымен құрметті еңбек ардагерлерінің арасында тарихи шежіреге толы сыр сұхбат өтеді.


«Жұлдызы жанған Тәуелсіз Қазақстан» атты кеші өтеді

2016 жылғы 5 желтоқсанда сағат 15.00-де Қазалы ауданы Әйтеке би кенттік клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жұлдызы жанған Тәуелсіз Қазақстан» атты кеші өтеді.


Қызылорда қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» республикалық акциясы
4 желтоқсан, 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі құрметіне орай «Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» республикалық акциясы 2016 жылғы 2 қарашадан Қарағанды қаласынан  жолға шықты. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтетін республикалық акция мақсаты – ел Тәуелсіздігі жылдарындағы  республиканың қол жеткізген жетістіктерін насихаттау, халықтың бірлігін нығайту, жұртшылықтың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына назар аудару, ел дамуының базалық басымдықтарын көрсету болып табылады.
Арқадан аттанған пойыз 43 күннің ішінде  35 елді мекенге аялдап, әрбір тоқтаған бекеттерде дәрігерлік, қоғамдық қабылдаулар, консультациялық кеңестер және түрлі қайырымдылық шара өткізуді жоспарлаған. Республикалық акцияға  Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және 7 министрлік пен 2 ұлттық компания, қаржы институттарының өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлер және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысады.
Кестеге сәйкес «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ү.ж. 4 желтоқсанда Қызылорда қаласына келеді деп күтілуде. Жалпы, Қызылорда облысына 80-нен аса делегация мүшелері келеді.
Акция барысында әлеуметтік, медицина, мемлекеттік қөрсетілетін қызметтерді алу, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамыту, білім саласы, тұрғындарды және заңды тұлғаларды зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер беріліп, кездесулер өткізілетін болады. 
Делегация басшысы – Л.М.Гумилев атындағы  Еуразиялық Ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Әлпейісов Әміржан Қайырұлы пен  ҚХА мүшесі, Астана қаласын әкімдігі Қоғамдық кеңес мүшесі, ф.ғ.д., профессор Казкенов Казбек Майлыбаевич.
Сыр еліндегі сапарда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мәжіліс залында құқық қорғау органдарының өкілдерімен тарта отырып қоғамдық қабылдау ұйымдастыру, Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша кеңестер беру, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында  тұрғындарды және заңды тұлғаларды зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру,  Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша кеңес беру; Кәсіпкерлерді қолдау орталығында ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңес беру, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған лекция – таныстырулар, №278 орта мектебінде білім саласы бойынша бағдарламаларды насихаттайтын  лекция-таныстырулар мен кеңестер, Кәсіпкерлікті қолдау орталығында  шағын және орта кәсіпкерлікті және бизнесті дамыту бойынша кеңес беру,Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі» «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлттың рухани негізі», «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді», «Казахстанская идентичность - как фактор личной ответственности казахстанцев» тақырыптарында ҚХА мүшелерімен лекция таныстырулар, кездесулер өткізу, Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында медицина мәселелеріне байланысты кеңес беру, Орталық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясына қатысушы өкілдерімен брифинг өткізу,  
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» акциясының гала-концертін өткізу көзделген. 
«Тәуелсіз Қазақстан» Пойызының» сапары 14 желтоқсанда Алматы қаласында аяқталады. 

«Болмасаң да ұқсап бақ»

Үстіміздегі жылғы 4 желтоқсан күні сағат 12.00-де Қармақшы аудандық денешынықтыру және спорт кешенінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық денешынықтыру мен спортты дамыту мақсатында «Болмасаң да ұқсап бақ» атты спорт секцияларына қатысып жүрген балалардың чемпиондармен кездесуі өтеді.


Ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылады

2016 жылғы 4 желтоқсанда «Спорт жетістіктері» күніне орай Ақсуат ауылдық округінде 100 ден аса спортшының қатысуымен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады.


«Мен спортты серік еттім»

2016 жылғы 4 желтоқсанда «Мен спортты серік еттім» тақырыбында Қызылорда қаласында спорт шеберлерінің оқушылармен кездесуі өткізілетін болады.


«Әкем, Анам және Мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайыстар өтеді

Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округінде 2016 жылғы 4 желтоқсанда «Әкем, Анам және Мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайыстар ұйымдастырылады.


Оқушылары арасында спорттық шаралар өтеді

2016 жылдың желтоқсан айының 4 күні сағ. 10.00-де Жаңақорған аудандық жабық спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқушыларды бірлікке, достыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары арасында спорттық шаралар өтеді.

Спорттық сайыстар барысында эстафета, волейбол және шағын футболдан турнир өткізіледі

2016 жылғы 4 желтоқсан күні Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында мектеп оқушыларының арасында спорттық сайыстар өткізілу жоспарлануда. Спорттық сайыстар барысында эстафета, волейбол және шағын футболдан турнир өткізіледі. Спорттық сайыстардың мақсаты – оқушылар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.


«Әкем, анам және біз» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өтеді.

4-желтоқсан күні Жалағаш ауданы №18 «Жасұлан» балабақшасында «Әкем, анам және біз» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өтеді. Сайыстың мақсаты - отбасылық ұйымшылдық, сыйластық, адамгершілік ізгіліктерін дәріптеп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жас отбасыларды бұқаралық спортқа баулу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту.


«Дені саудың жаны сау» атты ашық есік күні өтеді

2016 жылғы 3 желтоқсан күні Жалағаш ауданында «Денсаулық аптасы» атты акциясы өтеді. Акция аясында аудандық емханада «Дені саудың жаны сау» атты ашық есік күні өткізілу жоспарлануда. Акция мақсаты-халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жеке бас гигиенасын сақтау.


Жастарымен кездесу ұйымдастырылады

2016 жылғы 3 желтоқсанда сағат 16.00-де Әйтеке би кенті әкімдігінің мәжіліс залында ауданның дарынды жастарымен кездесу жиынын өткізу жоспарлануда. Шара барысында аудан жастары арасындағы мәселелер талқыланып, ұсыныс пікірлер тыңдалатын болады.


«Ұрпақ саулығы-ұлт байлығы» тақырыбында дөнгелек үстел өтеді

2016 жылғы 3 желтоқсанда сағат 16.00-де ауыл жастарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округінің кітапханасында «Ұрпақ саулығы-ұлт байлығы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілетін болады.


«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында Шиелі аудандық емханаларда «Ашық есік» күндері өтеді

3 желтоқсан сағат 09.00-11.00 аралығында күні Шиелі аудан көлемінде барлық денсаулық сақтау мекемелерінде «Ашық есік» күні болып өтеді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада тұрғындар дәрігерлерден кеңес алып, тегін дәрігерлік тексерулерден өтеді.


«Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы» тақырыбында жастар арасында мини-футболдан  жарыс өткізіледі

2016 жылғы 3 желтоқсанда «Ұлт саулығы» күніне орай «Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы» тақырыбында жастар арасында мини-футболдан  жарыс өткізіледі.


«Денсаулық құндылығын қалай түсінеміз?» атты кездесу өтеді

2016 жылғы 3 желтоқсанда Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округінде «Денсаулық құндылығын қалай түсінеміз?» атты денсаулық сақтау саласының мамандарымен тұрғындардың кездесуі ұйымдастырылатын болатын болады.


«Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы» тақырыбында жастар арасында мини-футболдан  жарыс өткізіледі

2016 жылғы 3 желтоқсан сағат 11-00 де орталық стадионда «Ұлт саулығы» күніне орай «Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы» тақырыбында жастар арасында мини-футболдан  жарыс өткізіледі.


Мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан жарыс өтеді

2016 жылғы 3 желтоқсанда сағат 11-00 де, Арал ауданындық орталық стадионында «Спорт жетістіктері» күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылады.


«Ертеңіме сенемін» атты мүгедектер арасында мерекелік концерт өтеді

Арал қалалық мәдениет үйінде 2016 жылғы 3 желтоқсанда сағат 11-00 де «Ертеңіме сенемін» атты мүгедектер арасында мерекелік концерт өткізіледі.


«Жылжымалы медициналық кешен» қызметін ұйымдастырылады

2016 жылдың желтоқсан айының 3 күні сағ. 10.00-де Жаңақорған ауданының  шалғай жатқан елді мекендеріндегі тұрғындарға көмек беру мақсатында Қандөз, Көктөбе, Қалғансыр, Қашқанкөл ауылдық округтерінде «Жылжымалы медициналық кешен» қызметін ұйымдастыру жоспарланып отыр.


«Денсаулық апталығы» акциясы өтеді

2016 жылдың желтоқсан айының 3 күні сағ. 10.00-де Жаңақорған аудандық бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Денсаулық апталығы» акциясы өтеді.


«Ұрпақ саулығы-ұлт байлығы» тақырыбындағы мини-футболдан аймақтық жарыс өтеді

2016 жылдың желтоқсан айының 3 күні сағ. 10.00-де  Жаңақорған ауданы Төменарық, Қожакент ауылдық округтерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ұрпақ саулығы-ұлт байлығы» тақырыбындағы мини-футболдан аймақтық жарыс өтеді.

 


БАҚ өкілдерімен брифинг ұйымдастырылады

2016 жылдың желтоқсан айының 3 күні сағ. 10.00-де Жаңақорған аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» тақырыбындағы денсаулық сақтауды дамыту аясындағы мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында БАҚ өкілдерімен брифинг ұйымдастырылады.


«Ертеңіме сенемін» атты мерекелік шара өтеді

Үстіміздегі жылдың 3 желтоқсан күні сағат 10.00-де.Қармақшы аудандық орталық  кітапханасында Халықаралық Мүгедектер күніне орай «Ертеңіме сенемін» атты мерекелік шара өтеді.


«Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы» атты дөңгелек үстел өтеді

3 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – жас оқырмандардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру.


«Менің отбасым» атты сурет сайысы өтеді

2016 жылғы 2 желтоқсанда Қызылорда облысы бойынша Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында «Менің отбасым» атты сурет сайысы өтеді.


«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында семинар өтеді

2016 жылғы 2 желтоқсанда Қызылорда қаласы мектеп оқушылары арасында отбасы құндылығын насихаттау мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында семинар өтеді


«Берік отбасы – Мәңгілік Ел!» тақырыбында шаралар өтеді

2016 жылғы 2 желтоқсанда Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарында «Берік отбасы – Мәңгілік Ел!» тақырыбында ұлттық, спорттық жарыстар, байқаулар, кездесулер, отбасылық сайыстар, мерекелік шаралар ұйымдастырылады.


«Үлкен Мемлекет-Үлкен Отбасы» тақырыбында дәріс оқу ұйымдастырылады

2016 жылғы 2 желтоқсанда Қызылорда облысы білім беру ұйымдарында отбасы құндылығын насихаттау мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» жобасының аясында «Үлкен Мемлекет-Үлкен Отбасы» тақырыбында дәріс оқу ұйымдастырылады.


«Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мерекелік концерт өтеді

Үстіміздегі жылдың 2 желтоқсан күні сағат 17.00-де Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округінде тұрғындар отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мерекелік концерт өтеді.


Патриоттық ән кеші ұйымдастырылады

2016 жылғы 2 желтоқсанда сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әйтеке би кенттік клубында аудан жастарын патриоттыққа тәрбиелеу, ел Тәуелсіздігін насихаттау мақсатында патриоттық ән кеші ұйымдастырылады.


«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында мерекелік концерт өтеді

2 желтоқсан күні сағат 15.00-де Шиелі аудандық «Арман» мәдениет үйінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Отбасылық құндылықтары күнін насихаттауға арналған мерекелік концерт өткізіледі.


Жас отбасылар арасында байқау өтеді

2016 жылдың желтоқсан айының 2 күні сағ. 15.00-де Жаңақорған ауданындық «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында жас отбасылар арасында байқау өтеді.

 

ҚР Президенті Жолдауын түсіндіру, насихаттау шарасы өтеді

2016 жылдың желтоқсан айының 2 күні сағ. 11.00-де Жаңақорған аудандық «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында ҚР Президенті Жолдауын түсіндіру, насихаттау шарасы өтеді


«Спорт біздің серігіміз» тақырыбында отбасылық сайыс өтеді

2016 жылдың желтоқсан айының 2 күні сағ. 10.00-де Жаңақорған аудандық жабық спорт кешені салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Спорт біздің серігіміз» тақырыбында отбасылық сайыс өтеді.


Ұлттық ойындардан жарыс өтеді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2016 жылғы 2 желтоқсан сағат 10.00-де Әйтеке би кентіндегі спорт кешенінде аудан жастары арасында ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында ұлттық ойындардан асық ату, арқан тартыс, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақтан жарыс өтеді.


Неке куәлігін салтанатты табыстау шарасы өткізіледі

 

2 желтоқсан күні Шиелі аудандық «Салтанат» сарайында, неке қию залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жас отбасын неке куәлігін салтанатты табыстау шарасы өткізіледі.


Мерекелік концерт ұйымдастырылады

2016 жылғы 2 желтоқсанда «Отбасылық құндылықтар» күніне орай, Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық ауылдық округінде мерекелік концерт ұйымдастырылады.


«Спорт біздің серігіміз» тақырыбында отбасылық сайыс өткізіледі

2016 жылғы 2 желтоқсанда Арал ауданында сағат 16.00-де №64 мектепте «Спорт біздің серігіміз» тақырыбында отбасылық сайыс өткізіледі. Сайысқа ата-аналармен оқушылар қатыстырылады.


«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы ұйымдастырылады

2016 жылғы 2 желтоқсан сағат 11.00-де Арал ауданы жастарының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып көмек беру шаралары өткізіледі.


«Отбасы-бақыт мекені» атты оқушылар арасында  семинар ұйымдастырылады.

2016 жылғы 2 желтоқсанда Арал ауданында «Отбасылық құндылықтар» күніне орай № 64, №220, №13, №260, №83 орта мектептерде 9-10 сынып оқушылар арасында «Отбасы-бақыт мекені» атты оқушылар арасында  семинар ұйымдастырылады.


Қайырымдылық акциялар ұйымдастырылады

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні Қызылорда облысы бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды Елбасы атынан мерекемен құттықтау шарасы, түрлі қайырымдылық акциялар ұйымдастырылады.


Мерекелік концерт өтеді

2016 жылғы 1 желтоқсан сағат 19.00-де Қазалы ауданы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.


«Елбасы менің тағдырымда» атты әлеуметтік желілер арқылы жастарының құттықтау лебіздері жарияланады

2016 жылғы 1 желтоқсан сағат 15.00-де Елбасының қолдауын көрген жастардың «Елбасы менің тағдырымда» атты әлеуметтік желілер арқылы Арал аудан жастарының құттықтау лебіздері жарияланатын болады.

Мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өткізіледі.


Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» драма

Өтетін орны: Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Өтетін уақыты: 2 желтоқсан, сағат 18.30

Бұл спектакль өмірдің алуан-алуан қиындықтарына қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние. Бүгінгі қоғамдағы боямасыз шын­дық – ағайындар арасындағы алауыздық. Психологиялық драма­ның мәні әрбір көрерменге туған ел мен туған жермен қатар, туған шаңырақ пен ата-ананың алдындағы перзенттік парыз­дың бар екенін паш етеді.


«Елбасы ел тірегі» атты фотокөрме өтеді

1-5 желтоқсан күндері сағат 09.00-ден 18.00 аралығында Ақмешіт музейінде 1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне орай музей қорындағы фотосуреттер мен құжаттардан «Елбасы ел тірегі» атты фотокөрме  ұйымдастырылады. Көрменің мақсаты – жас ұрпақты Елбасының өмір жолымен таныстыру арқылы отансүйгіштік сезімін нығайту және Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау.


Тұңғыш президент күніне орай фотокөрме өтеді

1 желтоқсан күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тұңғыш президент күніне орай фотокөрме ұйымдастырылып, ашық есік күні өтеді.Мақсаты: Елбасының тәуелсіздік жолындағы ерен ерлігін, еңбек жолын үлгі ету.


Т.Ахтанов «Ант» тарихи драма

Өтетін орны:Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Өтетін уақыты: 1 желтоқсан, сағат 17.00

Шығарма елдік пен бірлік тақырыбын ту етіп, қазақ халқының ат үстінен түспеген екі жүз жылдық тарихының шешуші кезеңдерін қамтиды. Ел бірлігін сақтап қалуды мақсат тұтқан қазақтың Әбілқайыр ханы мен төбе билері, шешендерінің мақсаттары мен өмірін сиппаттайтын тарихи драма.


Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты концерт өтеді

1 желтоқасан сағат 17.00-де облыстық филармония концерт залында күні ҚР Тұнғыш Президенті күніне арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты концерт өткізіледі. Салтанатты шараның мақсаты – жастарды Отанын құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу.


«Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі өтеді

1 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.Көрменің мақсаты – жастарға Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Елбасының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегі жайлы жеткізу болып табылады. 


Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы басталады

 

1-5 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы "Евразия" спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы өтеді. Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 200-дей спортшы 15 салмақ дәрежесінде бақ сынасады. Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Республикалық және облыстық ауыр атлетика федерациясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.  Жарыстың басталуы 1 желтоқсан сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 16.00-де «Евразия» спорт кешенінде.


Жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық турнир өткізіледі

Үстіміздегі жылғы 1-2 желтоқсан аралығында Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу мақсатында 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық турнир өткізіледі.


Аналарды құттықтау шаралары өтеді

2016 жылғы 1 желтоқсан сағ.11.00-де Жаңақорған ауданыдық перзентханаларда мереке күні нәрестелі болған аналарды құттықтау шаралары өтеді.


«Ұлтқа ұлағат, ұлы тұлға» тақырыбында салтанатты шара өтетін болады

2016 жылғы 1 желтоқсан сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлтқа ұлағат, ұлы тұлға» тақырыбында орталық алаңда салтанатты шара өтетін болады. Шара аясында қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ту көтеру рәсімі, «Менің Елбасым, «Мой Президент» тақырыбында 500 жастың флешмоб акциясы өтетін болады.


«Тәуелсіздік және Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады

2016 жылғы 1 желтоқсан сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының Президент институты» күніне орай, барлық Қазалы аудандық мектептерде 7-8 сынып оқушыларға «Тәуелсіздік және Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. 200 оқушы қатыстырылады.


«Қазақстаным - Отаным» атты балалар арасында  сурет байқауы өтеді

2016 жылғы 1 желтоқсан  сағ.11.00-де Жаңақорған ауданы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Қазақстаным - Отаным» атты балалар арасында  сурет байқауы өтеді.


«Елін сүйген Елбасы» тақырыбында кітап көрмесі өтеді

2016 жылғы 1 желтоқсан сағат 10.00-де Арал аудандық орталық кітапханада, «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында кітап көрмесі өткізіледі.


Партия қатарына қабылдау рәсімі өтеді

2016 жылғы 1 желтоқсан сағ.10.00-де Жаңақорған аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты салтанатты түрде партия қатарына қабылдау рәсімі өтеді


«Елбасы Жолдауы – жарқын істер бастауы» тақырыбында фотокөрме  ұйымдастырылады

2016 жылғы 1 желтоқсан сағ. 10.00-де Жаңақорған аудандық кітапхана «Елбасы Жолдауы – жарқын істер бастауы» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылады.


«Елін сүйген Елбасы» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылады

2016 жылғы 1 желтоқсан Қызылорда қаласы Қосышыңырау ауылдық округінде «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылатын болады. Көрмеде Елбасының Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуына қосқан үлесі баяндалатын болады.


Мерекелік концерт өтетін болады

2016 жылғы 1 желтоқсан Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округінде жас өнерпаздардың мерекелік концерті өтетін болады.


Құттықтау шаралары өтеді

2016 жылғы 1 желтоқсан Арал аудандық аурухананың ұйымдастыруменен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай нәрестелі болған аналарды құттықтау шаралары өткізіледі.


«Еңселі елдің Елбасы» атты мерекелік шара өтеді

Жалағаш ауданында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Еңселі елдің Елбасы» атты мерекелік шара өтеді. Салтанатты шараның мақсаты – Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктері мен еңбектері туралы сөз ету.


Қайырымдылық акциялары өтеді

2016 жылғы 1 желтоқсан Жаңақорған ауданы бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды Елбасы атынан мерекемен құттықтау шарасы, түрлі қайырымдылық акциялары өтеді.


Ел мен Елбасы» атты театрландырылған қойылым концерті өтеді

2016 жылғы 1 желтоқсанда Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық клубында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Ел мен Елбасы» атты театрландырылған қойылым концерті өтеді.


«Балалық шағымның аспаны» атты кинофильм көрсетілімі өткізіледі

2016 жылғы 1 желтоқсанда Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық клубында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Балалық шағымның аспаны» атты кинофильм көрсетілімі өткізіледі.


«Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген – Қазақстан » атты мерекелік концерт өткізіледі

2016 жылғы 1 желтоқсанда Сырдария ауданы Н.Ілясов ауылдық мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген – Қазақстан » атты мерекелік концерт өткізіледі.


«Әлем таныған кемел тұлға» атты салтанатты кеш өткізіледі

2016 жылғы 30 қараша сағат 17-00 де Арал аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, «Әлем таныған кемел тұлға» атты салтанатты кеш өткізіледі. Шараға аудан ардагерлері, бюджеттік сала қызметкерлері, мекеме, кәсіпорын басшылары, аудан тұрғындары қатыстырылатын болады.


«Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты салтанатты жиын өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 16.00-де Қармақшы аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты салтанатты жиын өтеді.


Елбасы. Қазақстан. Болашақ» тақырыбында мерекелік салтанатты шара өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 16.00-де Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Елбасы. Қазақстан. Болашақ» тақырыбында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  мерекелік салтанатты шара өтеді.


Қолөнер шеберлер орталығының ашылу салтанаты өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 15.00-де Жаңақорған ауданы Аманкелді көшесі №167 үйде қолөнер шеберлер орталығының ашылу салтанаты өтеді.


«Ғылым, технология және инновация» атты жас ғалымдармен кездесу ұйымдастыру шарасы өтеді.

2016 жылғы 30 қараша сағат: 11.00-де Шиелі аудандық мәдениет үйінде «Ғылым, технология және инновация» атты жоғары сынып оқушылары мен Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттері мен жас ғалымдарының кездесуі өткізіледі. Мақсаты 2017 ЭКСПО көрмесіне өз жобаларын ұсыну.


«Біз Елбасымен біргеміз» атты салтанатты кеш өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 11.00-де Жаңақорған ауданы Манап ауылының клуб үйінде «Біз Елбасымен біргеміз» атты салтанатты кеш өтеді


Волейболдан білім саласы ардагерлері арасындағы  аудандық турнир өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 11.00-де Жаңақорған аудандық ЖАТК колледжінде волейболдан білім саласы ардагерлері арасындағы  аудандық  турнир өтеді


Мәңгілік Ел жастары-тәуелсіздік тұғыры» атты дөңгелек үстел өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 11.00-де Жаңақорған ауданы, Қосуйеңкі ауылында жастарды бірлікке, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа шақру«Мәңгілік Ел жастары-тәуелсіздік тұғыры» атты дөңгелек үстел өтеді


«Елбасы жолы » кинофильмінің  көрсетілімі өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 11.00-де Жаңақорған ауданы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Елбасы жолы » кинофильмінің  көрсетілімі өтеді.


Армия қатарына шығарып салу салтанатты шарасы өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 10.00-де Жаңақорған ауданық «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында жастарды патриотыққа тәрбиелеу мақсатында армия қатарына шығарып салу салтанатты шарасы өтеді.


Инновациялық идеялар көрмесі өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат Сырдария аудандық мектептер арасында инновациялық идеялар көрмесі өтеді.


Мәңгілік елім – Қазақстаным» атты әдеби кеш ұйымдастырылады

2016 жылғы 30 қараша күні Жалағаш аудан кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Мәңгілік елім – Қазақстаным» атты әдеби кеш өтеді Әдеби кештің мақсаты – өз елін, өз жерін сүйетін және оны қадірлеп, қастерлейтін патриот ұрпақ тәрбиелеу.


«Ғылым, технология және инновация» атты жас ғалымдармен кездесу өтеді

2016 жылғы 30 қарашада Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Ғылым, технология және инновация» атты жас ғалымдармен кездесу өткізу жоспарлануда. Кездесудің мақсаты – жас ғалымдармен сұхбат құрып, көкейіндегі сұрақтарға жауап алу. Және де заманауи технологияларды, қазіргі таңдағы жаңа инновациялармен танысу.


Ауылым-алтын бесігім» атты суретшілердің байқауы өтеді

2016 жылғы 30 қарашада Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ауылым-алтын бесігім» атты суретшілердің ауылдық байқауы өткізіледі. Байқаудың мақсаты – жас суретші таланттарды іздеп, қылқалам шеберлерін анықтау.


«Әлемдік тұғырдағы бірегей тұлға» атты  таным кеші өтеді

2016 жылғы 30 қарашада Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық кітапханасында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай Әлемдік тұғырдағы бірегей тұлға» атты  танымдық кеші өтеді.


«Әлемдік тұғыр тұлғасы» атты тақырыптық кеш өткізіледі

2016 жылғы 30 қарашада Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық кітапханасында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Әлемдік тұғыр тұлғасы» атты тақырыптық кеш өткізіледі.


«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыптық кеш өтеді

2016 жылғы 30 қарашада Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық клубында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыптық кеш өтеді.


Елбасы туралы көркем фильмдер көрсетілімдерін ұйымдастырылады.

2016 жылғы 30 қарашада Шиелі аудандық елді мекендерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай Елбасы туралы көркем фильмдер көрсетілімдерін ұйымдастырылады.


Қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады

2016 жылғы 30 қарашада Шиелі ауданы «Салтанат» сарайында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды Елбасы атынан мерекемен құттықтау шарасы, түрлі қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.


"Абайды оқы, таңырқа" атты көркемсөз оқу байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханада 30 қарашада сағат 16.00-де «Абайды оқы, таңырқа» атты көркемсөз оқу байқауы өтеді.


«Ғылым, технология және инновация» атты жас ғалымдармен кездесу өтеді

2016 жылғы 30 қарашада Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастырумен «Ғылым, технология және инновация» атты жас ғалымдармен кездесу ұйымдастырылады. Шараға түрлі бағыттағы ғылыми жобалармен айналысып, жүлделі орындар иеленіп жүрген жас ғалымдар қатыстырылады.

 


Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы көркем фильмдер көрсетілімдері өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 15.00-де Қазалы ауданы Әтеке би кенттік клубында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы көркем фильмдер көрсетілімдері өтеді.


150-ге жуық Қызылордалық полицейлер марапатталады

2016 жылғы 30 қараша күні «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамына орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтеді. Шара салтанатты әнұран ырғағымен ашылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал- полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құттықтау хаты оқылады.  «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылады.


«Ел тұғыры-Тәуелсіздік» атты аудандық салтанатты шара өтеді

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай 30 қарашада сағат 11.00-де Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Ел тұғыры-Тәуелсіздік» аудандық салтанатты шара ұйымдастырылады.


Жаңадан салынатын Қазалы аудандық аурухананың іргетасын қалау рәсімі өтеді

Қазалы ауданында жаңадан салынатын 150 төсектік аудандық аурухананың іргетасын қалау рәсімі 30 қараша сағат 11.00-де ұйымдастырылатын болады.


Қызылорда облысының құрметті азаматы Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының ескерткіш бюстінің ашылу салтанаты өтеді

2016 жылғы 30 қарашада сағат 10.40-де Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының ескерткіш бюстінің ашылу салтанаты.

 


«Ғылым мен жаңа технологиялар» тақырыбында көрме рецепт өтеді

Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылдық округі Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасында «РЗА» АҚ-ның табиғи өнімдері бойынша 30 қарашада сағат 10.00-де «Ғылым мен жаңа технологиялар» тақырыбында көрме рецепт өтеді.


«Мәңгілік Ел болашағы - білімді жастар» тақырыбында қалалық жастар форумы өткізіледі

А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде 2016 жылғы 30 қарашада сағат 10.00-де «Мәңгілік Ел болашағы - білімді жастар» тақырыбында қалалық жастар форумы өткізіледі. 


Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының 85 жылдығына арналған «Еңбегімен елге танылған тұлға» атты салтанатты жиын

2016 жылғы 30 қарашада сағат: 09.30-де Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының 85 жылдығына арналған «Еңбегімен елге танылған тұлға» атты салтанатты жиын өтеді.


№249 мектеп-лицейіне Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының атын беру рәсімі өтеді

2016 жылғы 30 қарашада №249 мектеп-лицейіне Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының атын беру рәсімі өтеді.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтеді

2016 жылғы 30 қарашада Қызылорда облысының Әділет департаментінің мәжіліс залында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен ашылады.  Шара барысында жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындағаны үшін департаменттің қызметкерлері Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен, Әділет министрінің Грамоталарымен марапатталып, Алғыс хаттар табысталады.

Қазалыда «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық акциясы жалғасуда.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында наурыз айында басталған қайырымдылық акиясы жалғасуда. Бұл жолғы қайырымдылық айлығы 25 қараша-25 желтоқсан аралығында ұйымдастырылмақ. Акция аясында мекеме-кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына жәрдемдесетін болады. Сонымен қатар, аудандық Жастар үйінде орналасқан «Барлығы да рахмет үшін» әлеуметтік дүкенінен тұрмысы төмен, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандар өзіне қажетті киімдерді тегін ала алады.

Айта кетейік, Қазалы ауданы бойыша жыл басынан бері 1000-ға жуық тұрғынға 5 млн теңгенің көмегі көрсетілген.


 

1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанат өтеді

30 қараша күні  сағат 17.00-де Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанат өтеді. Шара барысында лед-экраннан «Елбасы және Сыр елі» атты арнайы дайындалған бейнематериал көрсетіледі. Мерекелік шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Жанұзақ, ҚР еңбек сіңірген артисі Т.Мұсабаев, халықаралық конкурстардың лауреаты И.Благодарный және облыстың өнерпаздары қатысады.


«Bilim Land – жаңа білім әлемі» атты видео-сабақ өтеді

30 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Bilim Land – жаңа білім әлемі» атты видео-сабақ ұйымдастырылады. «Bilim land – жаңа білім әлемі» – Колорадо Болдер (University of Colorado Boulder - АҚШ) университетінің жетекші ғалымдары мен инженерлері физика, химия, биология, математика және география пәндері бойынша жасаған заманауи электрондық жаттықтырғыштар мен симуляторлардың бірегей кешені. Кешеннің түпнұсқа үлгісі ағылшын тілінде, аударылған нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Сабақтың мақсаты – оқушыларға осы кешенді бағдарлама жайында түсінік беру.


«Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында фотокөрме өтеді

29 қараша күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – жастарға  ядролық қарудың адамға тигізер зардабы туралы айта отырып, ой - өрісін кеңейту.


«Қазақстаным –  Отаным» атты  балалар арасындағы сурет салу байқауы өтеді

29 қараша күні сағат 11.00-де  облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қазақстаным –  Отаным» атты  балалар арасындағы сурет салу байқауы ұйымдастырылады. Бауқаудың мақсаты – балалардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін түрлі-түсті бояулар арқылы көрсету, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.


«Ядролық қарудан таза әлемге» атты кітап көрмесі өтеді

29 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ядролық қарудан таза әлемге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Кітап көрмесіне Елбасының «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл», «Эпицентр мира», «Когда мысль материальна» атты еңбектері, Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы т.б. әдебиеттер, мерзімді басылымдарда жарияланған «Елбасы манифесі: Бейбіт өмірге үндеу», «Қазақстан – Бейбітшілік эпицентрі»,  «Қазақстан ұстанымы – ядролық қарудан азат әлем құру» мақалалары және дәйексөздер, жалпы саны 80-нен астам кітап пен фотосуреттер қойылады.  Көрме соңында оқырмандармен  әңгіме-шолу ұйымдастырылады.


Қомшабай Сүйенішевтің«Кемпір шалдың кенжесі» комедиясы өтеді

Өтетін орны:Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Өтетін уақыты: 28 қараша, сағат 19.00

Қалада тұрғындары, жаңадан үйленген Жарболсын мен Индира сәбилі болады. Жарболсынның ата-анасы ауыл тұрмыс-тіршілігіне бейімделіп алған, – қалаға келіп тұра алмайды. Жас жұбайлар тұңғыш перзентін ата-дәстүр жоралғысымен кемпір-шалдың сүт кенжесі етіп ата-анасына тапсыруды жөн көреді.


«Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында

28 қараша - "Ұлттық валюта"күніне орай білім беру ұйымдарында өткізілетін шаралар

М.Мәметова атындағы Қызылорда                       2016 жыл, 28 қараша

гуманитарлық колледжі                                                сағат 11-00

№4 облыстық дарынды балаларға                       2016 жыл, 28 қараша

арналған мектеп интернаты                                        сағат 16-00

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен 2016 жылғы 28 қараша күні республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында 28 қараша - "Ұлттық валюта" күніне орай бірқатар шаралар (дәріс, көрме, кездесу) өткізіледі.Аталған шаралар Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында да ұйымдастырылады. «Теңге тарихы», «История создания тенге» тақырыптарында өткізілетін бұл шаралар  Қазақстанның басты атрибуты - ұлттық валюта теңгеге арналады.


Қызылордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысы өтеді
26 қараша күні Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы басталады. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Монғолиядан келген ақындар екі күн бойы суырып салма шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынасатын болады.  Айтыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарын ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет төрағалық ететін беделді әділқазылар алқасы анықтайды. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Алмас Алматов, Елена Әбдіхалықова және Аманжол Әлтаев бар. Айтысты жүргізуші – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

ҚР Тұңғыш президенті күні қарсаңында 60 қызылордалық отбасы қоныс тойын тойлайды
26 қараша күні Қызылордада апаттық жағдайдағы үйлердің орнына салынған 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріледі.

«Ән- бізді біріктіреді» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай   үстіміздегі жылғы 25 қарашада А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ән - бізді біріктіреді» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі өтеді. Фестивалдің басты мақсаты мүмкіндіктері шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін көрсету, дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану болып табылады. Фестивал  «Вокал», «Би», «Музыкалық аспапта ойнау» сияқты үш номинациядан тұрады. Шараға Атырау қаласынан келген «YUANG STARS» вокалды аспаптар ансамблі, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысынан мүмкіндігі шектеулі жас қатысады.

"Тәуелсіз елім - ұлы далам менің" тәуелсіз елдің құрдастары акциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, үстіміздегі жылғы 24 қарашада сағат 17.30 облыстық ішкі саясат басқармасы, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Тәуелсіз елім - ұлы далам менің» тәуелсіз елдің құрдастары акциясы өтеді. Акция аясында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығының иегерлерін марапаттайды.
Жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, облыс жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және оларды қолдау мақсатында өңіріміздің 14 пен 29 жас аралығындағы барлық белсенді жастарды «Сыр үміті» сыйлығымен марапаттау дәстүрге айналған.  2011 жылдан бері 30-дан аса саланың 150 белсенді жас «Сыр үміті» сыйлығымен марапатталды. Сыйлық иеленушілердің елу пайызы ауыл жастары.
Биыл аталған сыйлыққа 12 сала бойынша 177 үміткер өтінім тапсырып, әр саладан комиссия отырысының қорытындысымен 30 үздік жас іріктелген. 

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»  тақырыбындағы диктант жазу сабағы 
Ұйымдастырушы: Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бекітілген «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты облыстық іс-шаралар жоспары негізінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, өскелең ұрпақтың Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Өткізілетін уақыты, өтетін орны: 2016 жылғы 24 қараша, сағ: 11-00,   «Болашақ» университеті, №520 аудитория.
Қатысушылар: Қызылорда қаласындағы №3, №5, №7, №8, №198 мектептердің орыс тілінде оқитын 9-сынып оқушылары.
Диктант жазу сабағы басталмас бұрын  оқушыларға Тәуелсіздіктің   25 жылдығына орай әзірленген, ширек ғасырда жеткен айтулы жетістіктері қамтылған «Еңбегі ерен, еңсесі биік Сыр елі» бейнеролик көрсетілді. Диктант мәтінінде еліміздің Тәуелсіздікті алғаннан бергі, 25 жылда жеткен жетістіктері туралы айтылды. Диктант жазу сабағына қатысушы    50 оқушының басым бөлігі түрлі этнос өкілдерінен құрайды.

«Нұрсұлтан  Назарбаев: Бейбітшілік пен келісімнің жаhандық бастамалары» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел өтеді

2016 жылғы 23 қараша сағат 14.00-де  М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі қызметкерлерімен «Нұрсұлтан  Назарбаев: Бейбітшілік пен келісімнің жаhандық бастамалары» тақырыбындағы дөңгелік үстел отырысы өткізіледі.

Бас қосу жиынында жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен аймақтағы білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалады.


«Ашық есік» күні  өтеді
2016 жылғы 23 қараша сағат 11.00-де  2019  әскери бөлімінің аумағында Қызылорда облысында білім беру мекемелерінің тәлімгерлеріне Шекара қызметін насихаттау мақсатында «Ашық есік» күні  өтеді. 
Шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің имиджін көтеру, өскелең жас ұрпаққа насихаттап, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.  
«Нұрсұлтан  Назарбаев: Бейбітшілік пен келісімнің жаhандық бастамалары» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел өтеді
2016 жылғы 23 қарашада М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі қызметкерлерімен «Нұрсұлтан  Назарбаев: Бейбітшілік пен келісімнің жаhандық бастамалары» тақырыбындағы дөңгелік үстел отырысы өткізіледі.
Бас қосу жиынында жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен аймақтағы білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалады.

«Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы өтеді

2016 жылдың 22 қарашасында, сағат 11.00-де облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында орналасқан «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында «Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы  өтеді. 
Онлайн-акцияға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, мектеп оқушылары мен университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары қатысады. 
Ақция барысында қатысушылар көрме-залында орналасқан Тәуелсіздік белестерінен тарихи мағлұмат беретін экспонаттар және Елбасының өмір жолын бейнелейтін  суреттермен танысады. 

«Көк тудың желбірегені»  Қазақстандық олимпиада жеңімпаздары туралы танымдық фильм көрсетіледі

Облыс әкімімен «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбында 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өтетін Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ү.ж 22 қарашасында мекемедегі қызмет алушылар мен қызметкерлерге «Көк тудың желбірегені» Қазақстандық олимпиада жеңімпаздары туралы танымдық фильм көрсетіледі.

Егеменді еліміздің 25 жыл тәуелсіз жылдарында жеткен жетістіктері өте көп. Оның ішінде спортшылардың алған асулары ерекше. Басқа елге барып, жеңіске жетіп көк байрағымызды желбіреткен спортшыларымызбен мақтана аламыз.

Орталықта қарияларымыз бен мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдануға және денсаулығын жақсартуға барлық жағдай жасалған.

Жыл сайын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталып отырады. 


"Тәуелсіздік белгілері-рәміздер!" патриоттық шарасы өтеді

2016 жылғы 22 қарашада сағат 11.00-де  Қалалық білім беру ұйымында,  № 2 Мұрагер мектебінде мемелекеттік рәміздерді насихаттауға арналған "Тәуелсіздік белгілері-рәміздер!" атты  патриоттық шарасы өткізіледі.


«Жасай бер, жаса, Қазақстан» атты мәнерлеп оқудан патриоттық байқауы өтеді

2016 жылғы 22 қарашада сағат 15.00-де қалалық  білім беру беру ұйымында, № 233 орта мектепте  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған  «Жасай бер, жаса, Қазақстан» атты мәнерлеп оқудан патриоттық байқауы өтеді. 


«Ту, Елтаңба, Әнұран – қасиетті құндылықтар» тақырыбында кітап көрмесі өтеді

Өтетін орны: Қорқыт ата атындағы ҚМУ №1 оқу ғимараты

Өтетін уақыты: 22 қараша , 2016 жыл, сағат 15.00-де

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратының оқу залында  «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Әділет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республиасының 25 жылдығына орай   «Ту, Елтаңба, Әнұран – қасиетті құндылықтар» тақырыбында кітап көрмесі өтеді.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай

 «Ұлы Даланың жасампаз жастары» атты аудан жастарының дәстүрлі

VІ – форумы өтеді

2016 жылғы 22 қараша сағат 17.00-де Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Ұлы Даланың жасампаз жастары»  атты аудан жастарының дәстүрлі VІ – форумы өтеді. 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттар форумы өтеді 
Үстіміздегі жылғы 21 қарашада сағат 11.00-де «Мұз айдыны» кешенінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форумы өткізіледі. Форумға облыс әкімінің орынбасары   Р. Рүстемов, Тәуелсіздік жылдарында аймағымыздың дамуына атсалысқан әр түрлі саланың үздіктері мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысады.
Форум барысында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов «Қоғамға қызмет», «Бүгінгі күннің батыры», «Кәсібінің үздігі», «Патриот», «Шығармашылық жеңіс», «Үміт пен сенім», «Ұлағат», «Саламатты спортшы», «Қажырлы қайрат», «Жігерлі жас» номинациясылармен ең үздіктерін марапаттайды. 
Сонымен қатар, шара аясында патриоттық форумының үндеуі қабылданады.  
Қызылордада VIII «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумы өтеді
2016 жылдың 17-18 қараша аралығында Қызылорда және Байқоңыр қалаларында кезекті VIII «Байқоңыр Инвест» Инвестициялық форумы өтеді.
Форум аясында аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған бірнеше маңызды меморандумдарға қол қою жоспарланған.
- Форумға еліміздің барлық аймақтарының және шет мемлекеттерден 100-ден аса бизнес-қоғамдары, банк секторлары, мемлекеттік органдар, даму институттары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және Иран, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ, Қытайдың дипломаттық өкілдері қатысады деп күтілуде. Атап өту қажет, форумға Әзірбайжан, Белоруссия, Бельгия Корольдігінің дипломатиялық корпус өкілдері, және Өзбекстаннан ресми делегация алғаш рет қатысатын болады.
Форум қатысушылары үшін дәстүрге айналған шаралар бұл жолы да ұйымдастырылатын болады. Осы шаралар арқылы олар Қорқыт ата кешені және «Байқоңыр» ғарыш айлығымен танысып, «Союз МС-03» зымыранының ұшырылу сәтін көргуе мүмкіндік алады.

«Сенің еңбегін – сенің ертенің»  еңбек маусымының  жабылу  салтанаты және «Жастар балы» өтеді
Облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда облысының «Жасыл ел», «Жас құрылысшылар» «Жастар еңбек», «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасақтарымен 2016 жылғы 16 қарашада сағ. 18.00-де облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың қатысуымен «Орда» мейрамханасында «Сенің еңбегің – сенің ертеңің»  еңбек маусымының  жабылу  салтанаты және «Жастар балы» ұйымдастырылады. 
Аталмыш шараның мақсаты өңіріміздегі жастар саясатын жүзеге асыру, еңбек маусымында жұмыс атқарған жастарға алғыс білдіру, ынталандыру болып табылады. 
Еңбек маусымының жабылу салтанатына өңірімізде белсенді жұмыс атқарған құрылыс, еңбек және педагогикалық жасақтардың сарбаздары, тәлімгерлері  және арнайы шақырылған қонақтар қатысады.
Шара барысында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен, қоғамға өз үлесін қосқан белсенді жастар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Қызылордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогы өтеді
16 қараша күні Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты және ел кубогы жарыстары басталады.
Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 400-ден аса спортшылар 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Жарыс қорытындысы бойынша келесі жылға ерлер мен әйелдер Қазақстан ұлттық құрама командасы жасақталады. Сондай-ақ ел чемпионаты аяқталғаннан кейін 19 қарашада Қазақстан кубогы жарыстары өтеді. Жарыстың салтанатты ашылуы 16 қарашада Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде өтеді.

«Тәуелсіз елім – сыр ана, қандастарды құшағына алған кең дала» қайырымдылық акциясы
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған  жер»  қоғамдық қозғалысы қауымдастығы «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында 2016 жыл 15 қараша, сағат 12:00-де Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында оралмандардың, жастардың, қала тұрғындарының, еріктілердің қатысуымен «Тәуелсіз елім – Сыр ана, қандастарды құшағына алған кең дала» қайырымдылық акциясы өткізіледі.
1991 жылдан қазірге дейін тарихи Отанына 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды. 
Жыл басынан бастап өңірімізге 24 отбасы келді. Олардың басым бөлігі, яғни 97% Өзбекстан Республикасынан, қалғандары Түркіменстан, Ресей және Украина елдерінен қоныс аударған. Бұл жұмыстардың барлығы тәуелсіздіктің арқасында болды.

Қармақшыда 1300 адамға жер телімі беріледі
Өткен жылы Жосалы кентіндегі жаңадан бой көтеретін шағын ауданға 170 гектар жер бөлінген болатын. 
Ал биыл инженерлік инфрақұрылымдарды салуға ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 720,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 80 млн. теңге, барлығы 800,0 млн.теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін бұл қаржыға 22 көшеге 33 шақырым жол төселіп, 25 шақырым телефон желісі мен 48 шақырым электр желісі тартылмақ және подстанция салынады. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жер учаскелерге деген сұранысы 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады. Бұл жерде Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі, 1 мектеп, 2 балабақша, және спорт алаңдары бой көтереді. 

Қызылордада VII азаматтық форум өтеді
11 қарашада Қызылордада «Тәуелсіздік және азаматтық қоғам: әлеуметтік жаңғыру» тақырыбында VII Азаматтық форум өтеді. 
- Елбасы атап өткендей, біз ЭДЫҰ (ОЭСР) стандарттарына сай келетін әлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына кіруді мақсат етіп жатырмыз. Бұл нені білдіреді? Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл елдерде болашақта жұмыс орындарының 47 пайызы автоматтандырылған болуы керек. Бұл тұрғындардың 50 пайызының өз-өзін жұмыспен қамтуына алып келеді. Бұл – жаңа 21 ғасырдың талабы! Бізге білім-ғылым, заманға икемді әрі адамгершілік қасиеттері жоғары азаматтар керек. Сондықтан, мысалға, мектеп қабырғасынан-ақ балаларды ақпаратпен жұмыс істеуге үйретіп, оларды өмір талаптарына сәйкес қалыптастыра отырып, болашақ патриот, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуіміз керек.
Жиын барысында VII Республикалық Азаматтық форум делегаттары сайланады. 
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған  топтарын қолдау мақсатында қызмет етіп келе жатқан «Сыр мейірімі» жобасына бірнеше жыл қатарынан қомақты қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Елбасы бастамасымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы әлеуметтік жоба ретінде жыл сайын өткізіліп, осы күнде көпшілікке мәлім, халықтың ықыласына бөленген ауқымды әлеуметтік жобаға айналды. Жыл сайын облыста әртүрлі сала өкілдерінің қатысуымен еңбек династияларының форумы өтеді. Сасқанға сая бола білген «Қамқорлық» дағдарыс орталығы, «Ұмай» қайырымдылық үйі, «Шапағат»  жобаларын ерекше атап өтуге болады. Екінші жыл қатарынан облыста «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаны ұйымдастыруға салалық принцип негізінде 60 үкіметтік емес ұйым тартылып, жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық, қалалық және аудандық бюджет арқылы 45 млн. теңге қаржы бөлінсе, өткен 6 жылда қаржы көлемі 18 есе өсіп, биыл 811 млн.  теңгеге жетті.

"Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық Дүниежүзілік мұралар номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық кездесуі
 
14-ші қараша 2016 жылы "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық Дүниежүзілік мұралар номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық кездесуі өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Қызылорда облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия (Астана) және дүниежүзілік мәдени мұра орталығы (Париж) болып табылады.
Бұл шараға Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Утегенова Асель Еркеновна және дүниежүзілік мәдени мұра орталығының өкілі, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра орталығының Азия-Тынық мұхит секциясының бағдарламалық маманы Франция өкілі Лин Роланд, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның ресми өкілдері және облыс әкімдігінің ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, мемлекеттік органдардың басшылары, мәдениет саласының қызметкерлері қатысады.
«Ұлы Жібек: жолының Ферғана-Сырдария дәлізі» он алты ескерткішті қамтиды. Олардың сегізі Оңтүстік-Қазақстан облысынан болса – бұл (Жуантөбе, Қараспан, Сидақ, Түркістан, Сауран, Отырар оазисі, Күлтөбе, Бөріжар бейіті) және сегізі Қызылорда облысына кіреді – бұл (Жанкент қалашығы, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-молла, Жанқала (Жент), Сығанақ, Жетіасар оазисі, Баланды қонысы.
Кездесуде "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі" номинациясын басқару және жалпы басшылыққа алынатын қағидаттар; «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәліз» номинациялық құжаттамасының ақырғы нұсқасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы мен хатшылық құрамын бекіту, объектілер-компоненттер номинациясы бойынша қатысушы елдердің презентациясы (тұсаукесері), ескерткіштер-компоненттер номинациясы бойынша ұсынылған құрамның ішкі талдауы қаралды. Ферғана-Сырдария дәлізі Жібек жолының басқа дәліздермен өзара іс-қимылы; дәлізге қоршаған табиғи ортаның әсері; қоршаған табиғи ортаның дәлізге әсері және номинациялық құжаттама бөлігінің мәтін тұжырымы мен серия компоненттерінің өзара бір-бірімен іс-қимылы. Дүниежүзілік мәдени мұра орталығының номинациялық құжаттамасының жұмыс жоспары бойынша іс-қимылын егжей-тегжейлі анықтау және болжамды финалдық тапсыратын күнін талқылау.
Кездесуді ұйымдастырудың басты мақсаты аймақтағы ескерткіштерді халықаралық деңгейде насихаттау, өзге елдермен тәжірибе алмасу, сондай-ақ номинациялық құжаттаманы даярлау бойынша дүниежүзілік ЮНЕСКО тізіміне қосуға көмек көрсету болып табылады.

«Отбасындағы татулық – озбырлықсыз қоғам» аймақтық  конференциясы өтеді.
 
2016 жылғы 8 қарашада «Отбасындағы татулық – озбырлықсыз қоғам» аймақтық  конференциясы өтеді.   
Соңғы екі жылдың ішінде аймақта Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ агенттіктерінің «Қызылорда облысының тұрақты дамудағы және әлеуметтік-экономикалық жаңғырудағы жетістікке жету мүмкіндіктерін кеңейту» Бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Өңірлерді дамыту бағдарламасында, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жж. арналған Стратегиясында белгіленген ұлттық басымдықтарды ескере отырып, оның мақсаттарында жазылған өңірдің мұқтаждықтарын: өңірге халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерінде қолдау көрсетуді, «жасыл экономикаға» көшуді, бизнесті дамытуды және барлық адамдар, әсіресе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін құқықтар кепілдігін ескере отырып жасалды.
«БҰҰ-әйелдер» Құрылымы, БҰҰ агенттіктерінің бірлескен бағдарламасына қатысушылардың бірі ретінде «Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті қысқарту, жұмыспен қамтылуды ұлғайту және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту» бөлігінде құрауыштың іске асырылуы үшін жауапты. Осыған байланысты «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы, «Құрбылар» дағдарыс орталығымен ынтымақтаса отырып, «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруда жергілікті билік органдарының әлеуетін дамытуға қолғабыс етті және техникалық қолдау көрсетті. 
Конференцияның басты міндеттері
БҰҰ-әйелдер жобасының шеңберінде БҰҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қызылорда облысының тұрақты дамудағы және әлеуметтік-экономикалық жаңғырудағы жетістікке жету мүмкіндіктерін кеңейту» бірлескен бағдарламасының жобалық қызметінің нәтижелерін (2015-2016 жж.) жинақтау және оларды аймақтық деңгейде шешуді талап ететін мәселелерді мүдделі тұлғалардың талқылауына ұсыну.
Қазақстан Респуюликасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында дайындалған өзгертулер мен толықтыруларды талқылау және «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1151 сәйкес оларды 2016 жылдың 4-ші тоқсанына одан әрі алға бастыруға ұсыну.
Мүдделі тараптармен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық қолдану практикасын, ведомствоаралық өзара ықпалдастық мәселелерін, институционалдық деңгейде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдерін талқылау үшін алаңды қамтамасыз ету.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету саласындағы жұмысты ұйымдастыру бойынша үздік практикалардың тиісті мысалын зерттеу.
     Панельдік сессиялардың жұмысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссияның, сот, құқық қорғау органдарының, министрліктердің, бизнестің, жергілікті билік органдарының өкілдері, жобаның орындаушылары,  тұрмыстағы зорлық-зомбылықты ескерту және профилактикасы саласында жұмыс істейтін ұлттық сарапшылар қатысады, олар қатысушылардың назарына тұрмыстағы зорлық-зомбылықты ескерту және профилактикасы жөніндегі стратегияларды, саясаттарды, жаңа тәсілдерді, сондай-ақ БҰҰ-әйелдер жобасының шеңберінде БҰҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қызылорда облысының тұрақты дамудағы және әлеуметтік-экономикалық жаңғырудағы жетістікке жету мүмкіндіктерін кеңейту» бірлескен бағдарламасының нәтижелерін ұсынады.
Конференцияның ашылуы 2016 жылғы 8 қарашада сағат 9.30 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы,  NOMAD PALACE қонақүйі


Қызылорда облысының қолөнер шеберлерінің республикалық көрме-жәрмеңкесі өтеді

Үстіміздегі жылдың 2 қараша күні Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығының қолдауымен «Қарлығаш» шеберлер орталығының  ұйымдастыруымен  Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Қызылорда облысының қолөнер  шеберлерінің  республикалық  көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Бұл көрменің мақсаты: Ұлттық құндылығымыздың дамуы мен қолөнер шеберлерінің кәсіптік деңгейін көтеру, облысымызда қолөнер өндірісін дамыту.
Халқымыз қастерлеген ұлттық өнеріміздің жас ұрпақтарға үлгі боларлық тәрбиелік маңызын айқындау. Қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы  қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихын, дәстүрі мен салтын дәріптеу, Қызылорда қаласындағы қолөнер шеберлерінің кәсібін дамыту болып табылады. Көрмеге  Қазақстан  Қолөнершілер  Одағының  төрайымы Беккулова Айжан Әбдіманапқызы шақырылды.
Сонымен қатар Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан қолөнер шеберлері қатысады.
Көрменің ерекшелігі Қызылорда облысының қолөнер шеберлерінің  арасынан үздік деген шеберлер таңдалады.

ЕҚҚДБ қолдауымен Қызылордада тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт салынбақ
Жобаны жүзеге асыру қаланың санитарлық тазалығын жақсартуға, топырақ, су бетінің астыңғы және үстіңгі бөліктерінің ластануын, парниктік газ қалдықтарын азайтуға, яғни Қызылорда қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жобаны ЕҚҚДБ, ҚР Үкіметі, облыс әкімдігі және Халықаралық таза технологиялар қоры қаржыландырады. 
Жоба аясында болашақта экологиялық таза электрлі және биогазды жылу энергиясын алу жоспарлануда. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауытта тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Несие ұлттық валюта теңгемен бөлінеді. 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет пен аймақ әкімдіктерінің халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді жұмыс жасау туралы тапсырмасына сәйкес, ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастық аясында  10 жоба мақұлданып, облыс орталығында тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі 4 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, жолаушы тасымалдау жүйесі, облыс орталығының коммуналдық инфрақұрылымын автоматтандыру және кеңейту.(жылу, су, электрмен жабдықтау) 
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын жүзеге асыру байланыс желілерінің тозбауына, жылу, электр энергиясы мен судың ысырап болмауына мүмкіндік береді. 
Автоматтандырылған басқару жүйесінің көмегімен су және энергетикалық ресурстардың шығыны бақылауға алынатын болады. 
Айта кетейік, болашақта облыс орталығы мен аудандарда жылу энергетикалық жүйені жаңғырту және кеңейту жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.(«Қызылорда қаласындағы жылу электр орталығын жаңғыртудан өткізу», «Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі жылу қазандығын жаңғырту»). Қызылорда қаласындағы халықаралық мәртебеге ие әуежайдың жолаушылар терминалының жаңа құрылысын салу мәселесі қарастырылып жатыр. 
Жалпы алғанда ЕҚҚДБ салымы аймақтың инфрақұрылымдық мәселесін аз уақытта шешіп қана қоймай, бірлескен жобаға тартылған кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралар өтеді
29-30 қазан күндері Қызылорда облысының Қазалы ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтеді.
Мерекенің алғашқы күні ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, онда аймақтың, жалпы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктері талқыланады. Сондай-ақ Ғани Мұратбаев атындағы облыстық жастар сыйлығын табыстау рәсімі ұйымдастырылып, белгілі айтыскер ақындардың қатысуымен айтыс өткізіледі.
30 қазан күні қасиетті Бегім Ана мен Асандар көтерілісі құрбандарының ескерткіші, Жалаңтөс Баһадүр кесенесі, Тәуелсіздік монументі бой көтерген «Тәуелсіздік» аллеясының ашылу салтанаты өтеді.
Тәуелсіздік монументінің ашылуы кезінде фейерверктер жағылып, мыңдаған шарлар әуеге жіберіледі. 
Дәл осы күні ауданда ат бәйгесі мен құсбегілер байқауы, сондай-ақ жыраулар фестивалі ұйымдастырылады. Кешке орталық алаңда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. 

«Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» атты республикалық ғылыми конференция өтеді
2016 жылғы 28 қазанда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» республикалық ғылыми конференция өтеді. 
Конференция аясында еліміздегі іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратынан Ә.Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылады. Дәрісханада жазушының өмірі мен шығармашылығынан арнайы стендтер, ақын әлемін танытуға арналған әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеулері мен қаламгердің туындылары көрініс тапқан. 
Конференция жұмысына республикаға белгілі ғалымдар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жоғары және арнаулы оқу орындарынан келген оқытушы-профессорлар, студент-жастар қатысады.
Конференция жұмысы Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың алғы сөзімен ашылады. 
Ғылыми конференция барысында «Әбіш Кекілбаев – ұлы гуманист» тақырыбында Мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы, «Қарасөзден Қағанат тұрғызғандай» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер-ақын Мэлс Қосымбаев, «Тау жылаған» тақырыбында Республимкалық «Әбіш әлемі» журналының бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Әнуар Бимағамбет, «Әбіш Кекілбаевтың мәдениеттанушылық көзқарастары» тақырыбында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, «Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық лабораториясы» тақырыбы бойынша ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Омаров Бауыржан Жұмаханұлы, «Абыз» тақырыбы бойынша «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ақын Әбдікәрімов Шәкизада, «Дәуір даусы» тақырыбы бойынша «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, ғалым, публицист Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, «Әбіш Кекілбаев және ұлт руханияты мәселелері» тақырыбында Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, «Әбіш Кекілбайұлының поэзиясы» тақырыбы бойынша «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы баяндама жасайды. Сонымен қатар, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері Нұртөре Жүсіп естелік сөз сөйлейді.
Конференция аясында Ә.Кекілбаевтың өнегелі өмір жолына арналған деректі бейнефильм көрсетіледі. Сонымен бірге, атақты қаламгердің шығармашылығы мен әбіштанушы ғалымдардың зерттеулерінен кітап көрмесі қойылады.

Гандболдан әйелдер арасында Клубтар Лигасының 1-ші Азия чемпионаты өтеді
26 қазан – 1 қараша аралығында «Мұз айдыны» спорт кешенінде  гандболдан әйелдер арасында Клубтар Лигасының      1-ші Азия чемпионаты өтеді.  Оған Иран, Катар, Өзбекстан және Қазақстан елдерінен 6 команда қатысады. 
Клубтар лигасында Қазақстаннан  үздік үш команда: «ГК Алматы» (Алматы қ.), «Іле» (Алматы обл.) және «Қайсар» (Қызылорда обл.) өнер көрсететін болады. 
Айта кетейік, әйелдер арасында аталмыш чемпионат облысымызда бірінші мәрте ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, Қызылорда гандболдан Азия чемпионатын өткізуден Алматыдан кейінгі екінші қала. 
Чемпионаттың жеңімпаз және жүлдегер командалары диплом, медаль, кубоктармен марапатталады. 

Қызылордада электрондық коммерцияны дамыту жөнінде алғашқы халықаралық интернет-форум өтеді
Қызылордада e-commerce саласындағы отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен G-Global коммуникативтік алаңында электрондық коммерцияны дамытуға арналған тұңғыш халықаралық интернет - форум өтеді. Шараны «Атамекен» ҰКП және Қызылорда облысының әкімдігі ұйымдастырады. 
Форум жұмысына  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысатын болады. 
Форумның мақсаты – e-commerce элементтері арасындағы өзара нақты байланыстарды дамытуға ықпал ету, сондай-ақ, логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік технологияларды ілгерілету және онлайн-сауда компанияларының табыстылығын арттыру. Сонымен қатар форум спикерлері мен  қатысушылар интернетте бизнес жүргізу  тәжірибелерімен бөлісіп, онлайн сауда  жүргізудегі электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау, онлайн-сауда жүргізудегі электрондық ақшаның рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту  және өзге де маңызды мәселелерді талқыға салады. 

Тәуелсіз елге тәй басқан қадам
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елге тәй басқан қадам» атты мектепке дейінгі мекемелер арасында балалар бесік арбасы байқауы өтеді. 
Балалардың бесік арбасы шеруімен басталатын шарада тәрбиешілер 25 жылдық мерейтойға әзірлеген түрлі бұйымдарымен таныстырады. Сонымен қатар, Тәуелсіздікке тәй басқан бүлдіршіндер мен олардың тәрбиешілері сахналық қойылыммен өздерін таныстырып өтеді. 
Байқаудың екінші кезеңі бойынша тәрбиешілер бесік жырын айтудан сынға түседі. Осылайша, шарада салт-дәстүріміз жаңғырып, бесік жырының бала тәрбиесіндегі орны тағы бір айшықталды. 
Жеңімпаздарға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың арнайы дипломдары мен ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталады.      

Қазалыда Тәуелсіздік аллеясы ашылады
Үстіміздегі жылы тойланатын Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында бірқатар шаралар атқарылуда.
Қазалы ауданында "Тәуелсіздік" аллеясы ашылады. Қазіргі таңда аудан орталығындағы Қ.Пірімов көшесінде дайындық жұмыстары қызу жүруде.
Аллеяда Бегім ана, Асандар көтерілісінің құрбандарына арналған ескерткіштер мен Жалаңтөс баһадүрдің мавзолейі, "Тәуелсіздік" монументі орналасады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шара мен ескерткіштердің ашылу салтанаты 29-30 қазан күндері өткізіледі.
Үстіміздегі жылы тойланатын Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында бірқатар шаралар атқарылуда.
Қазалы ауданында "Тәуелсіздік" аллеясы ашылады. Қазіргі таңда аудан орталығындағы Қ.Пірімов көшесінде дайындық жұмыстары қызу жүруде.
Аллеяда Бегім ана, Асандар көтерілісінің құрбандарына арналған ескерткіштер мен Жалаңтөс баһадүрдің мавзолейі, "Тәуелсіздік" монументі орналасады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шара мен ескерткіштердің ашылу салтанаты 29-30 қазан күндері өткізіледі.

Ыбырай Жақаев мерейтойына орай күріш өсіру тарихи мұражайы ашылады
22 қазан күні екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы Қызылорда облысының Шиелі ауданында жалғасын табады. Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішев, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісі және Сенатының депутаттары, мәдениет қайраткерлері және республиканың құрметті азаматтары қатысады.
Шиелі кентіндегі Ыбырай Жақаев ескерткішіне облыс әкімдігі мен мәслихатының, облыстық ардагерлер кеңесінің және аймақ диқандарының атынан гүл шоқтары қойылады. Содан соң Ыбырай Жақаев атындағы ауылда күріш өсіру тарихы мұражайы ашылады. Облыс әкімі мұражайға күріш дәндерінен жасалған картина сыйға тартады. Мұражай қорында 10 мың экспонат сақтаулы, оның ішінде Жақаевтың өзі тұтынған заттары мен жұмыс құралдары бар. Сонымен қатар Шиелі кентінде құрметті азаматтар аллеясы ашылады.
Мұнымен қоса, Ыбырай Жақаевтың мерейтойының құрметіне республикалық ақындар айтысы, қазақ күресінен турнир және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. 

Қызылордада ат бәйгесі өтеді
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аясында 23 қазан күні Қызылордада 13 миллион теңгеден астам жүлде қорын құрайтын ат бәйгесінің ақтық сайысы өтеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ондаған шабандоз бәйгенің 5 түрінен сынға түсті. Ат бәйгесінің демеушілері – «ҚазГерМұнай» БК, «Мәді Қажы» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Байқоңыр» ӘКК.
 «Аламан бәйге» - сайыстың ең күрделі түрі, шарт бойынша 25 шақырым қашықтықты бағындыру керек. Жеңімпазға жол талғамайтын көлік кілті табысталады. 

Қайырымдылық акциясы бастау алды
Қазақстан Халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Аналар аналарға» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 
Кеңес мүшелері «Жомарт» қайырымдылық үйімен байланыс жасап, қаладағы тұрмысы төмен 10 отбасының тізімін алды. Кеңестің әр мүшесі өзі қызмет ететін ұжымға акция жайлы ақпарат беріп, мекемелерімен ат салысты. Кеңесінің мүшелері мұқтаж отбасыларға қажетті азық-түлік, қыстық киімдер, аяқ киімдер, тұрмыстық заттарды жинап, белгіленген жанұяларды аралап шықты. Әрқайсысы түрлі саланың жетекші мамандары болып табылатын Аналар кеңесінің мүшелері отбасылардың өзге де әлеуметтік проблемаларымен танысып, өз көмектерін ұсынды. «Аналар аналарға» қайырымдылық акциясы дәстүрге айналып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сыр елінде 23 инновациялық жоба жүзеге асырылмақ
Қызылордада индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында құны 604 млрд теңгені құрайтын 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 6,2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 
- Бүгінде біз осы бағдарлама аясында бірқатар ірі индустриалдық-инновациялық жобаларды іске асырудамыз. Қазір құрылысы жүргізіліп жатқан (америкалық инвестормен бірге) шыны зауыты жабдықтарының 50% жеткізілді. Кәсіпорынды кесте бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жабдықтардың барлығы дерлік АҚШ пен Еуропадан жеткізілуде. «Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнында тәжірибелік-өндірістік зерттеу жұмыстары  аяқталды. Аммонидің метаванадатының алғашқы бөлігі сынақтан өткізу үшін АҚШ, Тайвань мен Ресейге жөнелтілді. Жобаның екінші және үшінші кезеңдерін  қаржыландыру үшін 2016 жылдың қараша айында Лондон қаласында Қазақ-Британ үкіметаралық комиссиясының  үшінші отырысы аясында  инвестициялық келісім шартқа қол қойылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинаты және қуаты 80 мВТ. болатын газ турбиналық электр станциясы құрылыстарының дайындық жұмыстары басталды. өңдеу зауыты мен салу үшін дайындық жұмыстары басталды. Ферроқорытпа зауытының құрылысын  салу жұмыстары да жалғасуда. 
Биыл 23 тамызда Варшава қаласында поляк компаниясымен ферроқорытпа зауытының жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Польшаның Ұлттық банкі жобаны 300 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржыландыруға дайын екендіктерін растады.
Мұндай ауқымды инновациялық өндіріс орындарын салу облысқа шикізатқа тәуелділіктен арылуға және экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Мұнан бөлек жаңа кәсіпорындарда көптеген жұмыс орындары ашылады. Ол өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік ахуалына оң әсер ететін болады.  

Қызылорда облысында екінші цемент зауытының құрылысы басталуда
Шиелі ауданында тампонажды цемент зауытының құрылысы басталды. Құрылыстың іргетасын қалау рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 
- Шетелдік инвесторларды тартып, аймағымызда зауыт құрылысын бастап жатқан кәсіпкерлерге, сонымен қатар, аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, еліміздің мақтанышы, атақты балуан Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа, «Данаке корпорациясы» ЖШС директоры Гүлнәр Смағұлқызы Тұрлыхановаға, «Гежуба Групп» компаниясы басшылығына алғысымды білдіргім келеді,- деді әкім.
Айта кетейік, «Гежуба-Шиелі цемент компаниясы» ЖШС жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін болады. Зауыт құрылысы 2018 жылы аяқталады. Кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Мемлекет зауыт құрылысы үшін аумағы 46 гектарды қамтитын жер телімін бөліп берді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Жаңақорған ауданында ресейлік «Глобальная безопасность» жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп, құрылыс цементін өндіретін зауыт құрылысы басталған болатын. Бұл зауыт та 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Чехияда Арал туралы фильм көрсетіледі
Арал теңізінің тағдыры туралы түсірілген «Аралдың ертеңі» атты деректі фильм Чехия республикасында өтетін танымал International Documentary Film Festival Jihlava кинофестивальде көрсетілетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Деректі фильмде жергілікті тұрғындардың ата кәсібі балық шаруашылығы мен балықшылардың өмірі бейнеленген. 
Бұған дейін белгілі болғандай, 1960 жылдары теңізді Амудария мен Сырдарияға бұру салдарынан теңіз деңгейі күрт төмендеп кеткен болатын. Теңіз суын ауыл шаруашылығы мақсатында шамадан тыс пайдалану әлемдегі ең ірі 4 көлдің қатарындағы Аралды қасіретті жағдайға әкеліп соқтырды. Қазірде Арал теңізі экологиялық апат аймағына жатады. Фильмде адам қолынан зардап шеккен теңіздің өткені мен болашағы баяндалған. 
 

«Алтын дән - 2016» салтанатты мейрамы
Облыста егін жинау жұмыстары аяқталды. Осыған байланысты, жылдағы дәстүр бойынша, 2016 жылдың 21-23 қазанында Қызылорда қаласында «Алтын дән - 2016» салтанатты мейрамын өткізу жоспарлануда.
Сыр өңірі дихандары биылғы жылы егілген 80,1 мың гектар күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алып, қамбаға 439,8 мың тоннадан астам астық жинады. Сөйтіп, облысымыз жылдағы рекордтық жетістіктерін 4 рет қайталады. 
«Алтын дән-2016»  салтанатты мәжілісін облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Н. Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында құттықтау сөзімен ашып, ел ырысымен, ер еңбегімен қазына байлығымызды тасытқан биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында жоғарғы жетістіктеріне қол жеткізген еңбек озаттарын марапаттайтын болады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Е.Көшербаев және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Cүлейменов бір топ ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттары мен еңбек ардагерлерін ведомоствалық  наградаларын тапсыру жоспарланған. 
Өткізілген шара барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге алты аудан мен Қызылорда қаласының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 181,9 млн.теңгенің 1200 тонна өнімін облыс тұрғындарына  нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынады. 
«Алтын дән - 2016» мейрамы салтанатты рәсімімен ұласып көптен күткен ат жарысымен жалғасатын болады. 

«Дала академигі - Ыбырай» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция
2016 жылғы 21 қазанда А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына орай «Дала академигі - Ыбырай» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтеді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Көшербаев Ермек Беделбайұлы, Ыбырай Жақаевтың ұлы, Еңбек ардагері Сейітбек Ыбырайұлы Жақаев, ғалымдар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жоғары және арнаулы оқу орындарынан келген оқытушы-профессорлар, жастар қатысатын болады. 
Конференция жұмысы Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың алғы сөзімен ашылады. Сонымен қатар, егін шаруашылығының даңқты шебері Ы.Жақаевтың ерлігі мен күріш кластерін дамытудың өзекті мәселелері сөз етіледі. 
Конференция соңында жасалған баяндамалар және конференцияны ұйымдастыру барысында айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде өзара пікір алмасып, ұсынымдар қабылданады. 

«Алашқа Ана – Сыр Елі» атты блог-тур

Қызылорда облысында 19-20 қазан аралығында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикаға белгілі блогерлердің қатысуымен «Алашқа Ана – Сыр Елі» атты блог-тур өту жоспарлануда. Оған Астана мен Алматы қалаларынан келген белгілі сайт журналистері мен әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары қатысатын болады. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Медиа жұлдыз» қоғамдық қоры өңірдегі тарихи орындар мен заманауи нысандар,  кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жүзеге асқан жобалар мен туризм аймағына айналған аудандардың жұмысымен танысу мақсатында ұйымдастырылуда. 
Блог-турдың бірінші күні қатысушылар 2 топқа бөлініп, Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарына барады. Алдымен блог-турға қатысушылар Сығанақ ашық аспан астындағы мұражай қаласы, «Шалқия Цинк» серіктестігі, «Жаңақорған» шипажайы, Қорқыт ата кесенесі, Байқоңыр ғарыш алаңдарымен танысып, Н.Илясов атындағы ауылды аралайтын болады. 
Келесі күні елордалық қонақтар мен қатысушылар облыс орталығын аралап, «Абзал и К» толық серіктестігінің жұмысымен танысады. Одан әрі шыны зауыты мен «Атамекен» балалар ауылына барады. 
Кешке блог-турдың пленарлық отырысында шара барысындағы жұмыстар талқыланып, қорытындыланатын болады. 

«Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» облыс жастарының дәстүрлі ХІI форумы
 
2016 жылғы 17-18 қазан аралығында облыстық ішкі саясат басқармасы, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» облыс жастарының дәстүрлі ХІI форумы өтеді. 
Форум аясында 4 бағыттан тұратын секциялар жұмыс жасайды. 
1.Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік мекемелердің және жастар ұйымдарының өзара іс-қимылы;
2.Ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері;
3.Жастар саясатына талдау және мониторинг жүргізу;
4.Мемлекеттік жастар саясаты саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру тетіктері.
Секция жұмыстарын жастар саясаты саласындағы сарапшы мамандар, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері жүргізеді.
Форумның пленарлық отырысы 18 қазан күні сағат 17.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді.
Форум жұмысы аясында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың 2020 жылға дейінгі стратегиясының жобасы талқыланады. Берілген ұсыныстар сараланып, стратегиялық құжат желтоқсан айына дейін бекітілетін болады деп жоспарлануда. 
Шара барысында әр түрлі салада қызмет жасап жүрген 30 жас үстіміздегі жылғы 1 желтоқсан күні Астана қаласында өтетін Республикалық жастар форумына делегат ретінде сайланады. Сонымен қатар, тәуелсіздік жастарының үндеуі қабылданады. 
Форумға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің өкілдері, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталықтарының сарапшылары, «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан жастарының Конгресі», республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері, басқарма, аумақтық департамент басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, оқу орындардарындағы және кәсіпорындардағы жастар комитетінің жетекшілері, әрбір ауылдық округтегі жастармен жұмыс жасайтын мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысатын болады.
Қосымша ақпарат: 8/7242/60-53-29, 8-777-340-87-34 
 
Құрылған күні: 17-10-2016 15:23
Жаңартылған күні: 20-12-2016 09:33

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика