ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Баспасөз РЕЛИЗі

2017 жылдың қорытындысы бойынша қаржы

нарығының жағдайы туралы

 

Инфляция

2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің статистика Комитетінің мәліметіне сәйкес инфляция деңгейі 7,1%-ды құрады (2017 жылдың желтоқсаны 2016 жылдың желтоқсанына), аймақ бойынша бұл көрсеткіш 6,6%-ды құрап отыр.

Банк секторы

2018 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы аумағында екінші деңгейлі банктердің 13 филиалы, 1 Қазпошта АҚ филиалы қызмет атқаруда. Айырбас пункттердің жалпы саны 65, оның 43-і екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 11 – Қазпошта АҚ айырбас пункттері және 11 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері. Облыс аумағында 11 микроқаржы ұйымдары мен, 1 коллекторлық агенттік қызмет атқарады.

Депозит нарығы

2017 жылы ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 6,2%-ға артып, 67,5 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасы бойынша 14,6%-ға төмендеді. Ұлттық валютадағы депозиттердің өсуі және шетел валютасындағы салымдардың азаюы өз кезегінде депозиттердің долларландыру деңгейін 44,0%-дан 38,0%-ға төмендеуіне алып келді. 2017 жылы жеке тұлғалардың депозиттері 14,4%-ға артып, 85,4 млн. теңгені құраса, ал заңды тұлғалар бойынша 36,7%-ға төмендеп, 24,2 млрд. теңгені құрады.

Несие нарығы

2017 жылы банктердің экономиканы несиелеу көлемі 38,4%-ға өсіп, 150,5 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютада несие беру 42,1%-ға өсті, шетел валютасында несие берілмеді. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға берілген несиелер көлемі 23,1%-ға ұлғайып, 20,3 млрд. теңгені құрады.

2018 жылдың 1 қаңтары деңгейіне берілген несиелер қарызы 167,8 млрд. теңгені (2016 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға өскен) құрады.

2018 жылдың 1 қаңтары деңгейіне несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 8,4 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы қарыздың тек 5,0%.

2017 жылдың желтоқсанында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 18,0%-ды (17,5%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 15,3%-ды (16,4%) құрады.

Валюта нарығы

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында АҚШ долларын сату және сатып алу көлемі сәйкесінше 122869,0 және 56844,3 мың USD құрады. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 12,5%-ға өсіп отыр, ал сатып алу көлемі 42,9%-ға төмендеген.

2017 жылдың 12 ай нәтижесі бойынша USD сату/сатып алудың орташа бағамы 329,39/324,15 теңгені құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (346,45/342,68 теңге) сәйкесінше 4,9% және 5,4%-ға бекігені байқалып отыр.

Евроның сату көлемі бойынша есепті кезеңді 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге өсім байқалып, 6036,5 мың EUR құрап отыр, сатып алу көлемі бойынша 15,5%-ға төмендеп, 2492,7  мың EUR құрады.

2017 жылдың 12 ай нәтижесі бойынша EUR сату/сатып алудың орташа бағамы 366,27/360,73 теңге болды (2016 жылдың осы кезеңінде - 379,64/376,34 теңге).

Есепті кезеңде ресей рублін сату көлемі 11,9%-ға өсіп, 634308,9 мың RUR құрап, ал сатып алу көлемі 11,7%-ға 776970,7 мың RUR дейін төмендеді.

Қытай юанына қатысты операциялар бойынша есепті кезеңде төмендеу үрдісі байқалуда. Сату көлемі 27,9%-ға 405,9 мың CNY дейін, ал сатып алу көлемі 39,1%-ға 218,7 мың CNY дейін төмендеген.    

Төлем карточкалары

2018 жылдың 1 қаңтар деңгейінде 2016 жылмен салыстырғанда Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 12%-ға артып, 473,6 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 13%-ға өсіп, саны 527,2 мың бірлікті құрады.

Төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлем бойынша транзакциялар саны 62%-ға өсіп, 165,1 мың транзакцияға жетті.

Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:

+7(724) 255 15 23

+7(724) 255 15 22

e-mail: kuz_80@nationalbank.kz


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2018 жылғы 12 ақпан

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы

2018 жылғы 22 ақпанда сағат 10:00-де Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы өтеді.

Үш сағат бойы онлайн режимде Қазақстандықтар Ұлттық Банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласындағы құқықтарды қорғау туралы сұрақтарға және басқа да көптеген сұрақтарға жауап ала алады.

Сіздер төмендегідей сұрақтар бере аласыздар: «ҚҰБ Төрағасы  Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімінде ҚҰБ Online қосымшасы арқылы; ақпараттық әріптес - «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің сайтында; сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/және  www.facebook.com/nationalbankkz/),Instagram(https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/) ресми парақтарында, онлайн-конференциясыныңаңдатпаларына түсініктемелерде.

Егер Сіз әлі  «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының пайдаланушысы болмасаңыз, оның  AppStore және PlayMarket дүкендерінде тиісінше iOS және Android платформаларында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүктеу үшін қолжетімді екендігін хабарлаймыз.

Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон арқылы алуға болады:

+7 (727) 270 45 85

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2018 жылғы 1 ақпан

Қазақстан Ұлттық Банкі дарынды жас мамандарды іздестіру бойынша кезекті науқанның басталғанын жариялайды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дарынды жас мамандарды іздестіру бойынша кезекті науқанның басталғанын жариялайды. Ұлттық Банк жоғары оқу орындарының дарынды түлектерін және экономика және қаржы саласында ғана емес, юриспруденция, инженерия, энергетика, құрылыс, ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және басқа да салаларда тәжірибесі бар мамандарды тарту жөнінде үнемі жұмыс жүргізіп отырады. Ең үздіктерін таңдау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Үміткерлерге резюмелерін, эссе тапсыру және психологиялық тестілеуден және құрылымдық бөлімшелерде, бөлімшелердің басшыларымен, сондай-ақ Ұлттық Банк басшылығымен әңгімелесуден тұратын бірнеше іріктеу деңгейінен өту ұсынылады. Үміткерлерді таңдау кезіндегі негізгі өлшемшарттар: біліктілік деңгейінің жоғары болуы, тиісті білім, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл курстарынан өту сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті. Егер Сіз жақсы мансап жасап, Ұлттық Банктің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бізбен бірге болғыңыз келсе, еліміздің бас банкінің корпоративтік құндылықтары мен дәстүрлерін бірге бөліскіңіз келсе, осы науқанға қатысып, ҚРҰБ ұжымының бір бөлігі болуға шақырамыз! Ол үшін 2018 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 наурыз (қоса алғанда) аралығында Ұлттық Банктің ресми сайтында (www.nationalbank.kz, «Ұлттық Банк туралы» бөлімі/«ҚҰБ-ға жұмысқа орналасу»/«Резюменің электрондық нұсқасы» бөлімшесі) орналастырылған «Резюменің» электрондық нұсқасын толтыру, резюменің файлын талаптарға сәйкес сақтап, HR@nationalbank.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Сонымен бірге жұмысқа орналасу бойынша, іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты, сондай-ақ Ұлттық Банктің қызметімен байланысты кез келген сұраққа жауапты App Store және Play Market платформаларында қолжетімді «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады. Резюме мен эссені қарау қорытындысы бойынша іріктелген үміткердің резюмесінде көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы тестілеуге және әңгімелесуге шақырылады. Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондарға хабарласуларыңызға болады: 2704- 660, 2704-761.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 704 660; +7 (727) 704 761 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz


 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2018 жылғы 6 ақпан
Ұлттық Банк Басқармасының кейбір қаулыларына
коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер бекітілді
Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 249 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) қабылданғаны туралы хабарлайды.
Қаулы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Атап айтқанда, Қаулыда банктік қарыз шартына мерзімі өткен күн басталған күннен бастап 30 күн ішінде банкке банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге және бұл өтінішті алған күннен бастап 15 күн ішінде ұсынылған өзгерістерді қарау міндеті туралы жеке тұлға қарыз алушының құқығы туралы талаптарды міндетті қосуды көздейді. Бұдан басқа, банктік қарыз шартында банктің шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен шарт шеңберінде өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің қарыз алушының үшінші тұлғамен құқықтық қарым-қатынастарына қатысты қолданылатыны туралы талап болуға тиіс.
Қаулының осы ережелері 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына қолданылады.
Сонымен қатар, Қаулыда банктік қарыз шарты немесе микрокредитті беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) берген кезде сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін қайта есептеу міндетінің үшінші тұлғаға жүктелетіні белгіленген.
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қаңтарда № 16267 болып тіркелді.
Қаулының толық мәтінімен Ұлттық Банктің ресми Интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=766&switch=kazakh
Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 270 45 85

 


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2018 жылғы 9 қаңтар
ҚР Ұлттық Банкінің өкілдері коллекторлық агенттіктердің және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесті жүктеу...291 кб

Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді  жүктеу...362 кб

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2017 жылғы 12 қазан
2017 жылғы 3-тоқсанда сақтандыру ұйымдарының іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша сақтандыру ұйымдары аса жиі жол беретін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді.
Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша есепті кезеңде:
- сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін бұзудан;
- сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан көрініс тапқан бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
Мәселен, есепті кезеңде анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша 1 сақтандыру ұйымына қатысты жазбаша ұйғарым түріндегі 2 шектеулі ықпал ету шарасы және айыппұлдар салу мен өндіріп алу түрінде 1 санкция қолданылды.
Сақтандыру ұйымдарының жұмыс істеп тұрған және әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк төмендегіні түсіндіреді.
Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыруна қатысты.
Заңның1 26-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.
Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуға негіздемелер Заңның 29-бабында көрсетілген.
Заңның 29-бабының 6-тармағында сақтандырушының Заңның 29-бабында көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ екендігі белгіленген.
Осылайша, сақтандырушы Заңда белгіленген мерзімде және тәртіпте сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
Сонымен қатар тараптар қол қойған сақтандырудың ерікті түрі бойынша шарт тараптардың өзара келісімі бойынша жасалған деп саналатындығын хабарлаймыз. Бұл ретте шарттың талаптарын мұқият зерделеу қажет. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшеріне, сомаларға, франшизаларға, сақтандыру оқиғаларының тізбесіне және олардың ерекше жағдайларына, шартты бұзу талаптарына, оның ішінде мерзімінен бұрын бұзуға және т.б. ерекше назар аудару керек.
1 «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде оның сенімді болуы негізгі өлшемшарт болып табылады. Алайда клиенттердің пікірлеріне (олар, өкінішке орай, әрдайым объективті болып табыла бермейді) немесе брендтің танымал болуына ғана емес, сондай-ақ сенімділік рейтингтері, қаржылық тұрақтылық, тарифтер және жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері сияқты нақты көрсеткіштерді бағдарға алу керек.
Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға құқықтарыңыз бұзылған жағдайда мыналарға өтініш жасауға құқылы екендіктеріңізге назар аударамыз:
 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
 050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz мекенжайы бойынша жазбаша; құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына мекенжайдағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, анықтама үшін телефондар: +7 (727) 2619 213, +7 (727) 2788 104, ішкі 2061;
 Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасының (бұл қосымша App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін қолжетімді) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімі;
 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша (http://www.nationalbank.kz/?docid=1149&switch=kazakh));
 сақтандыру омбудсманына, өзінің қызметінде тәуелсіз, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (пайда алушылар) және сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді өтеусіз негізде жүзеге асыратын жеке тұлғаға.
Сақтандыру омбудсманының деректемелері: 050002, Алматы қ., Қайырбеков к-сі 16, 67-офис, тел/факс +7 (727) 382-41-74, 382-37-96, вэб-сайт www.insurance-ombudsman.kz.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 270 45 85

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2017 жылғы 12 қазан
2017 жылғы 3-тоқсанда микроқаржы ұйымдарының қызметтерін
тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша микроқаржы ұйымдарының іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 3-тоқсаннның қорытындысы бойынша МҚҰ1 жиірек жол беретін микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша есепті кезеңде мынадай құқық бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды:
- Микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болмауы;
- МҚҰ туралы заңда2 белгілеген шекті мөлшерден асатын сомаға микрокредиттер беру;
- ЖТСМ3 шекті мөлшерден асып кетуі;
- микрокредит беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды және өзге де төлемдерді заңсыз түрде өндіріп алу;
- кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер беру.
Мәселен, есепті кезеңде анықталған бұзушылықтар қорытындысы бойынша:
- 5 МҚҰ-ға қатысты айыппұл салу және өндіріп алу түрінде 8 санкция қолданылды;
- 7 МҚҰ-ға қатысты 7 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде 3 жазбаша ұйғарым және 2 жазбаша ескерту жасалды.
МҚҰ-ның жұмыс істеп тұрған, сол сияқты әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мыналарды түсіндіреді:
1. Микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына міндетті талаптарға қатысты.
МҚҰ туралы заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес Микрокредит беру туралы шартта:
1) микроқаржы ұйымының атауы мен қарыз алушы – жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол бар болса) немесе қарыз алушы – заңды тұлғаның атауы;
2) берiлген микрокредит сомасы;
2-1) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері;
3) микрокредиттi өтеу мерзiмдерi;
1 Микроқаржы ұйымдары
2 «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
3 Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
4) микрокредиттi өтеу тәсiлi (қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз тәртіппен, бiржолғы не бөліп-бөліп);
5) микрокредиттi өтеу әдiсi: аннуитеттік немесе сараланған не микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес басқа да әдіс;
5-1) микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі;
5-2) негізгі борышты уақтылы өтемегені және сыйақыны төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және мөлшері;
6) микрокредитті өтеу және сыйақы сомалары қамтылған кезекті төлемдерді өтеу күндері және мөлшерлері, келесі өтеу күніне микрокредит сомасының қалдықтары көрсетіле отырып, сондай-ақ микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған күнгі микрокредиттің және сыйақының жалпы сомасы көрсетілген микрокредит беру туралы шарттың екі тарабы да қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;
7) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол бар болса) қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
8) микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері, оның ішінде жылдық сыйақы мөлшерлемесінің және осы Заңның 5-бабында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құны) мөлшері;
8-1) микрокредит беру туралы шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері;
9) тараптардың жауапкершілігі;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптар қамтылады.
Бұл ретте МҚҰ туралы заңның 4-бабының 4-тармағында микрокредиттің мақсатын, сондай-ақ оның мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру тәртібін көрсету мақсатты микрокредит беру туралы шарттың міндетті талабы болып табылатындығы көзделген.
МҚҰ туралы заңның 4-бабының 4-1-тармағына сәйкес микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылатындығы белгіленген.
Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Микрокредит беру туралы шарттарда МҚҰ туралы заңның 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 5-2), 8) тармақшаларында және 4-тармағында көрсетілген талаптар шарттың бірінші бетінен бастап аталған дәйектілікпен көрсетілгендігін атап өткен жөн.
Осылайша, Микрокредит беру туралы шарт МҚҰ туралы заңның 4-бабының 5-тармағында белгіленген кезектілікпен, 3 және 4-тармақтарда көзделген талаптарды қамтуға тиіс.
2. МҚҰ-ның микрокредитті беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді алуына қатысты
МҚҰ туралы заңның 4-бабының 2-1-тармағына сәйкес микрокредит беру туралы шартта микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері қамтылған.
2016 жылғы 1 шілдеден бастап ЖТСМ есептеу кезінде ескерілетін жеке тұлғаға берілген микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық Тізбесі4 пайдаланылатындығын атап өтеміз, ол жеке тұлғаға берілген және жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес микрокредиттерге қатысты қолданылады.
Осылайша, МҚҰ жеке тұлғаға берілген микрокредит беру туралы шарт бойынша Тізбеде көзделген және микрокредит беру туралы шартта көрсетілген комиссияларды ғана алуға құқығы бар.
3. Микрокредиттер бойынша шекті ЖТСМ-ға қатысты
МҚҰ туралы заңның 5-бабында микрокредитті бергені, оған қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін микроқаржы ұйымына төленуге жататын сыйақыны, олар бар болса - комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін, микрокредит бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.
Бұл ретте №3775 қаулыда ЖТСМ-ның шекті мөлшері бекітілген, ол 56 (елу алты) пайыздан аспауға тиіс.
Микрокредит беру туралы шартты жасасу, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) микрокредитті беруге және қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге төлемдерді өзгерту немесе енгізу күні ЖТСМ №377 қаулыда бекітілген шекті мөлшерден аспауға тиіс.
4. МҚҰ туралы заңда белгіленген шекті мөлшерден асатын сомаға микрокредиттер беруге қатысты
МҚҰ туралы заңның 3-бабына сәйкес МҚҰ бір қарыз алушыға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.
2017 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 2 269 теңге мөлшерінде белгіленген.
Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға, егер, Сіздің құқығыңыз бұзылған болса, төмендегілерге өтініш жасауға құқылы екендіктеріңізге назар аударамыз:
 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz мекенжайына жазбаша;
 құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына мекенжайдағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, анықтама үшін телефондар: +7 (727) 2619 213, +7 (727) 2788 104, ішкі 2061;
 Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасының (бұл қосымша App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін қолжетімді) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімі;
 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметтерді
4 «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысы
5 «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 қаулысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша (http://www.nationalbank.kz/?docid=1374&switch=russian).
 қарыз алушының және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк пен қарыз алушы жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына.
Банк омбудсманының деректемелері:
050013, Алматы қ., Республика алаңы, 15, 237- офисі.
Телефондары: 7(727) 2500 344, 2500 322, 7 (707) 407 01 17,
Тел/факс: 7(727) 2500 344
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 2704 585

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2017 жылғы 12 қазан
2017 жылғы 3-тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) аса жиі жол беретін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді.
Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша есепті кезеңде:
- жеке тұлғаның банк шотындағы ақша сомасының және банк шотына түскен соманың 50%-ы шегіндегі төлем талаптарын орындау кезінде банктің шектеулерді сақтамауында көрініс тапқан;
- банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде қарыз алушының сұратуы бойынша ақпарат ұсыну мерзімдерін;
- берілген кредит жөніндегі құжаттаманы жүргізудің Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінде1 көзделген тәртіпті;
- қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейінен асып кеткен кезде банктің тұтынушылық қарызды заңсыз беруінде көрініс тапқан;
- банктің клиенттің банктік шотына негізсіз тыйым салуда көрініс тапқан;
- кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер берумен көрініс тапқан;
- заңнаманың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптарын банк бөлімшелерінің ішкі қағидалар мен рәсімдер талаптарының орындалуын сақтауды тиісті түрде бақылаудың болмауы бөлігінде банктің сақтамауында көрініс тапқан;
- құжаттамалық тексеру шеңберінде банктердің Ұлттық Банк сұратқан құжаттар мен түсіндірмелерді бермеуінде, сондай-ақ уақтылы бермеуінде көрініс тапқан бұзушылықтарға жол берілді.
Мәселен, есепті кезеңде анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша:
- 3 банкке айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде санкциялар қолданылды;
- 11 банкке қатысты 14 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 12 жазбаша ұйығарым және 2 жазбаша ескерту қолданылды.
Банктердің жұмыс істеп тұрған және әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк төмендегіні түсіндіреді.
1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі
1. Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу үшін жеке тұлғаның ағымдағы шотына қойылған төлем талабын орындауға қатысты.
Банктер туралы заңның2 36-бабына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өткізілгені туралы хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген және «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем талабын ұсыну арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банк шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банк шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банктік шотына түсімдері күтілместен жүзеге асырылады. Көрсетілген шектеу қарыз алушы жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.
Жеке тұлғаның ағымдағы шотынан қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын орындаудың ерекшеліктері Төлемдер туралы заңда3 және №208 қағидаларда4 белгіленген.
Мәселен, Төлемдер туралы заңның 32-бабының 6-тармағында және №208 қағидалардың 137-тармағында банктердің жеке тұлғаның ағымдағы шотындағы ақша сомасының қалдығынан және/немесе кейіннен ағымдағы шотқа түсетін ақшаның әрбір сомасынан 50% мөлшеріндегі төлем талабын орындауы көзделген. Төлем талабын бастапқы орындау клиенттің ағымдағы шотындағы ақша қалдығынан 50% мөлшерінде жүргізіледі. Егер бұл ретте төлем талабы ішінара орындалған және картотекаға орналастырған болса, оны одан әрі орындау №208 қағидалардың 138-бабына сәйкес бұдан әрі келіп түсетін ақша сомасының есебінен жүргізіледі.
Осылайша, жеке тұлғаның нұсқауды орындағаннан кейінгі ақша қалдығының 50%-ы мөлшеріндегі ақша сомасына иелік ету мүмкіндігі туралы заңнаманың нормаларын назарға алсақ, аталған төлем талабы бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру қажеттілігі болмайды. Бұл талап клиенттің ағымдағы шотына басқа талаптар (инкассалық өкімдер) және шектеулер болмаған кезде қолданылады.
2 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
3 «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
4 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары
Егер жеке тұлғаның ағымдағы шотына бірнеше төлем талабы қойылса, оларды орындау банкке келіп түсу тәртібінде күнтізбелік кезеңділікпен жүргізіледі. Бұл ретте, кезекті төлем талабын орындау алдыңғысын толық орындағаннан кейін жүзеге асырылады. Мысалы, егер банк келіп түскен ақша сомасынан төлем талабы бойынша соңғы төлемді жүргізсе және банкте кезекті төлем талабы болса, онда банк ағымдағы шоттағы ақша қалдығының сомасынан 50% мөлшерінде оның бастапқы орындалуын жүзеге асырады. Клиент кезекті төлем талабын орындаудан қалған ақша сомасын пайдалана алады.
2. Банктің қарыз алушының сұратуы бойынша ақпаратты ұсынуына қатысты.
Банк банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің сұратуы бойынша (Банктер туралы заңда көзделген банк құпиясын жария ету талаптарын сақтай отырып) сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жазбаша нысанда мыналар:
1) банкке төленген ақша сомасы;
2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болса);
3) борыш қалдығы;
4) кезекті төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;
5) кредиттеу лимиті (бар болса) туралы (жөніндегі) мәліметтерді ұсынады.
Егер бұл банктік қарыз шартында көзделген жағдайда, банк аталған ақпаратты банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен мерзімді негізде ұсынады.
Банк клиенттің өтініші бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ақысыз жазбаша түрде:
- клиенттің (қарыз алушының) келіп түскен ақшасын банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебінен бөлу туралы ақпаратты айына бір реттен жиі емес;
- қарызды толық немесе ішінара мерзімінен бұрын қайтарған кезде қайтаруға жататын соманың мөлшері туралы мәліметтерді ұсынады.
Жоғарыда аталған барлық мәліметтер негізгі борыштың, сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының және айыппұл санкцияларының өзге түрлерінің сомасын, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларды көрсете отырып беріледі.
3. Банктердің ұсынылған әрбір кредит бойынша кредиттік досьенің толықтығын қамтамасыз ету бойынша міндетіне қатысты.
Кредиттеу жөніндегі құжаттама жүргізу ережесінде ұсынылған әрбір кредит бойынша банкте кредиттік досье ашылуға тиісі екендігі белгіленген, ол кредит беру туралы шартқа қол қойылған күні ашылады және осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның қолданылуы тоқтатылған сәтте ғана жабылады.
Кредиттеу жөніндегі құжаттама жүргізу ережесінде әрбір кредиттік досьеде болуға тиіс құжаттардың тізбесіне талаптар көзделген.
Одан басқа, банк:
кепіл берушінің кепілге қойылған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығын) растайтын шарттардың түпнұсқаларын, құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын және банк қабылдаған қамтамасыз ету бойынша құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға арналған Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің үй-жайларында орналасқан банктердің сақтау орындарына;
кепіл берушінің кепілге қойылған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығын) растайтын шарттардың түпнұсқаларын, құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын және банктің сақтау орнына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету бойынша құжаттардың басқа түпнұсқаларын сақтау және есепке алу бойынша;
кепіл берушінің кепілге қойылған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығын) растайтын шарттардың түпнұсқаларын, құқық белгілеуші
құжаттардың түпнұсқаларын және банктің сақтау орнына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету бойынша құжаттардың басқа түпнұсқаларын сақтау және есепке алу үшін жауапты банктің басшы қызметкерлерінің санынан адамдардың тізбесін бекіту бойынша талаптар қоятын ішкі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.
Шарттардың түпнұсқалары олар бойынша құжаттарды сақтау талаптары осы Ереженің 29-тармағында көзделген синдикатталған қарыздар беру бойынша шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс сақталмайды.
Кредиттік досьені жүргізу, сондай-ақ ондағы құжаттардың толықтығын берілген Ереженің және банктің ішкі саясатының талаптарына сәйкес қамтамасыз етуді банктің тиісті бөлімшесінің жауапты қызметкері жүзеге асырады.
Осы тармақта белгіленген талаптардың сақталуына жалпы бақылау жүргізуді банктің басшы қызметкері жүзеге асырады.
4. Тұтынушылық қарыз берген кезде қарыз алушының борыштық жүктемесін айқындауға қатысты.
«Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 Қаулысына сәйкес банк:
қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;
қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредит лимитін белгілеу);
жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қарыз алушыға қосымша қарыз беру;
қарыз алушыға ашылған кредиттік желі және (немесе) қарыз талаптарын осы қарыз бойынша мерзімді төлем мөлшерін қарызды өтеу кестесіне сәйкес ұлғайтуға әкелетін өзгерту туралы шешімдер қабылдағанға дейін қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.
Кредиттік желі деп банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі айқындауға мүмкіндік беретін талаптарда, алайда кредиттеудің осындай нысаны үшін банктің ішкі кредит саясаты туралы қағидаларда және шарттарда айқындалған сома шегінде және уақытта қарыз берушіні кредиттеу міндеттемесі түсініледі.
Кредит лимиті деп (оның ішінде кредиттік/төлем карталары бойынша) кредиттік желінің шекті сомасы түсініледі.
Қарыз алушы деп орташа ай сайынғы кірісі мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланған орташа айлық жалақының екі есе мөлшерінен аспайтын немесе тең болатын және қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеуді жүзеге асыру күні қолжетімді банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру бойынша банктің қызметтерін пайдалануға ниетті немесе пайдаланатын жеке тұлға –Қазақстан Республикасының резиденті түсініледі.
Борыштық жүктеме коэффициентін есептеу туралы талаптар жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу шарттары, мәні жылжымайтын мүлік сатып алу болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтарын, автокөлікпен қамтамасыз етілген қарыздарды, берілетін қарыз сомасын толығымен жабатын банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкке орналастырылған ақшамен қамтамасыз етілген қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін қарыз алушыға ұсынылған қарыздарға қолданылады.
Қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейі 0,5-ті құрайды.
Егер қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні аталған мәннен асса, банк:
қарыз алушыға ашылған кредиттік желінің шеңберінде қарыз (қарыздың бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;
қарыз алушыға кредиттік желіні ашу (кредиттік лимитті белгілеу);
жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;
қарыз алушының ашылған кредиттік желілерінің және (немесе) қарызының талаптарын, аталған қарыз бойынша қарызды өтеу кестесіне сәйкес мерзімдік төлемдер мөлшерін ұлғайтуға әкеп соғатын өзгерістер туралы оң шешім қабылдамайды.
Банк өзінің қарыз алушының кредит төлей алу қабілеттілігін бағалау жүйесінің негізінде қарыз алушының борыштық жүктемесін дербес айқындайды. Егер қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің банк өзінің қарыз алушының кредит төлей алу қабілеттілігін бағалау жүйесінің негізінде анықтаған мәні борыштық жүктеме коэффициентінің белгіленген ең жоғарғы деңгейінен төмен болса, банк қарыз беру/оның талаптарын өзгерту туралы шешімді қабылдаған кезде өзінің қарыз алушының кредит төлей алу қабілеттілігін бағалау жүйесін басшылыққа алады.
5. Үшінші тұлғалардың талаптарын орындауға қатысты (тыйым салу және шығыс операцияларын тоқтата тұру)
Ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға клиенттің ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың немесе сот орындаушыларының тиісті шешімдерінің негізінде тыйым салу, банктік шоттардағы ақшаға (мүлікке) иелік етуге уақытша шектеу қою, сондай-ақ банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Азаматтық кодекстің 740-бабында, Салық кодексінің 611-бабында, 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 161-бабында, Банктер және банк қызметі туралы заңның 51-бабында және Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 62-бабында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
№208 қағидаларға сәйкес Банк уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың немесе сот орындаушыларының банктік шотта тұрған ақшаға тыйым салу туралы келіп түсетін шешімдерін, уәкілетті мемлекеттік органдардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін клиенттің онда көрсетілген деректемелерінің банк клиентінің деректемелеріне (атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН (БСН) және ЖСК) сәйкестігін тексереді.
Көрсетілген деректемелер сәйкес келмеген жағдайда банк операциялық үш күннің ішінде бастамашыларға уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың немесе сот орындаушыларының банктік шотта тұрған ақшаға тыйым салу туралы шешімін, уәкілетті мемлекеттік органдардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін орындамастан қайтарады.
Тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) ЖСК (бар болса), ЖСН сәйкестендіру кезінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның онда көрсетілген атауы банк клиентінің атауына (жеке тұлғаның тегіне, атына, әкесінің атына (бар болса) немесе жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның атауына) сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органдардың, лауазымды адамдардың немесе сот орындаушыларының шешімдерін және уәкілетті мемлекеттік
органдардың осы тармақта көрсетілген шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерін орындауға жол беріледі.
Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға өз құқықтарыңыз бұзылған жағдайда мынадай ұйымдарға шағымдануға құқылы екендіктеріңізге назарларыңызды аударамыз:
 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
жазбаша түрде мына мекенжай бойынша: 050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz ;
 құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына мекенжайдағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, анықтама үшін телефондар: +7 (727) 2619 213, +7 (727) 2788 104, ішкі 2061;
 Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасының («ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасын App Store және Play Market дүкендерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алуға болады) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөліміне;
 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша (http://www.nationalbank.kz/?docid=1149&switch=kazakh));
 Қарыз алушы мен банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк пен қарыз алушы – жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына жүгінуге құқылы.
Банк омбудсманының деректемелері:
050013, Алматы қ., Республика алаңы, 15, 237-оф.
Телефондар: 7(727) 2500 344, 2500 322, 7 (707) 407 01 17,
Тел/факс: 7(727) 2500 344
Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 270 45 85

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2017 жылғы 3 тамыз
2017 жылғы 2-тоқсанда қаржылық қызметтерді  тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары  бойынша
сақтандыру ұйымдарының  іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 2-тоқсанның қорытындылары бойынша сақтандыру ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін барынша жиі бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.
Осы кезеңдегі өтініштер мен шағымдардың өзекті мәселелері көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, аннуитеттік сақтандыруға, автомобиль көлігін сақтандырудың ерікті түрлеріне, кепіл мүлкіне, өмірді, өмірді жинақтаушы сақтандыруға байланысты.
Есепті кезеңде анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2 сақтандыру ұйымына қатысты 2 ықпал ету шарасын, оның ішінде 1 жазбаша ескертуді және 1 жазбаша ұйғарымды қолданды.
Жазбаша ұйғарым өтініш берушінің өтініші бойынша құжаттамалық тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы сұратқан материалдарды толық ұсынбағаны үшін сақтандыру ұйымына қатысты шығарылды.
Сақтандыру ұйымына қатысты жазбаша ескерту «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 3-тармағының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларының талаптарын келтірілген зиянның мөлшеріне белгіленген мерзімде бағалау жүргізбеу бөлігін бұзғаны үшін берілді.
Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға құқықтарыңыз бұзылған жағдайда мыналарға өтініш жасауға құқылы екендіктеріңізге назар аударамыз:
 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz мекенжайы бойынша жазбаша;
құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына мекенжайдағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, анықтама үшін телефондар: +7 (727) 2619 213, +7 (727) 2788 104, ішкі 2061;
Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасының (бұл қосымша App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін қолжетімді) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша (http://www.nationalbank.kz/?docid=1149&switch=kazakh));
 сақтандыру омбудсманына, өзінің қызметінде тәуелсіз, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (пайда алушылар) және сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді өтеусіз негізде жүзеге асыратын жеке тұлғаға.
Сақтандыру омбудсманының деректемелері: 050002, Алматы қ., Қайырбеков к-сі 16, 67-офис, тел/факс +7 (727) 382-41-74, 382-37-96, www.insurance-ombudsman.kz.
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (727) 270 45 85
+7 (727) 330 24 97

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2017 жылғы 3 тамыз
2017 жылғы 2-тоқсанда микроқаржы ұйымдарының іс-әрекетінде анықталған бұзушылықтар туралы
Ұлттық Банк 2017 жылғы 2-тоқсаннның қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) жиірек жол беретін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.
Есепті кезеңде анықталған бұзушылықтар қорытындысы бойынша:
- 1 МҚҰ-ға қатысты айыппұл салу және өндіріп алу түріндегі санкция қолданылды;
- 9 МҚҰ-ға қатысты 9 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде 8 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту жасалды.
Бұл санкциялар мен ықпал ету шаралары:
- МҚҰ-ның уәкілетті органға белгілі бір есепті кезең үшін қаржылық есептілікті ұсынбауына, сол сияқты уақтылы ұсынбауына;
- МҚҰ-ның микрокредиттер беру жөніндегі қызметтерді бекіту туралы хабарламаларды уәкілетті органға ұсынбауына, сол сияқты уақтылы ұсынбауына;
- ҚР-дың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның мониторингіне жататын операциялар бойынша ақпаратты ұсынбауына;
- микрокредит беру туралы шарт талаптарының (мазмұнының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қолданылды.
Қарыз алушылардың банктік қарыз шарттары сияқты микрокредиттер талаптары туралы анағұрлым хабардар болуы үшін микрокредит беру туралы шарттардың мазмұнына талаптар белгіленгенін атап өтеміз.
Мәселен, микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына қойылатын міндетті талаптар мен шектеулер «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – МҚҰ туралы заң) 4-бабында белгіленген.
Бұл ретте микрокредит беру туралы шартта (бұдан әрі – шарт) көрсетілген мәндер заңнамада белгіленген шектеулерден аспауға тиіс, атап айтқанда:
1) шартта көрсетілетін микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ олардың мөлшері МҚҰ туралы заңның 4-бабының 2-1-тармағына сәйкес Комиссиялар тізбесіне1 сәйкес келуге тиіс, ол тізбе жеке тұлғаға берілген (берілетін) және жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес банк қарыздары мен микрокредиттерге қатысты қолданылады;
1 «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысы
2) шартта көрсетілетін және қарыз алушының сыйақыдан, болған кезде – комиссиялық алымдардан және микрокредитті бергені, қызмет көрсеткені және өтегені (қайтарғаны) үшін МҚҰ-ға төленуге жататын өзге де төлемдерден тұратын шығыстарын ескере отырып есептелетін микрокредит бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 56 (елу алты) пайыздан аспауға тиіс;
3) МҚҰ туралы заңның 6-бабының 1-1-тармағында жеке тұлғамен жасалған шарт бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасын өтеу кезектілігі көзделген. Егер қарыз алушының жүргізген төлем сомасы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, бірінші кезекте қарыз алушының негізгі борышы бойынша берешегі өтеледі.
Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға, егер, Сіздің пікіріңізше, құқығыңыз бұзылған болса, Ұлттық Банкке өтініш жасауға құқылы екендіктеріңізге назар аударамыз:
 050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz мекенжайына жазбаша;
 құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына мекенжайдағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, анықтама үшін телефондар: +7 (727) 2619 213, +7 (727) 2788 104, ішкі 2061;
 Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасының (бұл қосымша App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін қолжетімді) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімі;
 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша (http://www.nationalbank.kz/?docid=1149&switch=kazakh)).
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 2704 585

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2017 жылғы 3 тамыз
2017 жылғы 2-тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аса жиі жол беретін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді.
Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша есепті кезеңде:
- банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде қарыз алушыға сұрату бойынша ақпарат беру мерзімдерінің;
- КБ1 туралы заңның талабына сәйкес кредиттік бюроға банктердің ақпарат беру мерзімдерінің/толық болуының және дәйектілігінің бұзылуына;
- қарыз алушының банк шотындағы ақша сомасының 50% шегіндегі төлем талаптарын орындау кезінде банктің шектеулерді сақтамауында көрініс тапқан;
- салымдар бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату кезінде дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсету бойынша міндеттерді банктің орындамауында көрініс тапқан;
- банктік қызмет көрсетумен байланысты емес комиссияларды банктің алуында көрініс тапқан;
- құжаттамалық тексеру кезінде банктердің Ұлттық Банк сұратқан құжаттар мен түсіндірмелерді бермеуінде, сондай-ақ уақтылы бермеуінде көрініс тапқан бұзушылықтарға жол берілді.
Мәселен, есепті кезеңде анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша:
- 12 банкке және 1 банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты 26 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 17 жазбаша ұйғарым және 9 жазбаша ескерту қолданылды.
Банктердің жұмыс істеп тұрған және әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк төмендегіні түсіндіреді.
1. Банктің қарыз алушының сұратуы бойынша ақпаратты ұсынуына қатысты
1 «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Банк банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің сұратуы бойынша (Банктер туралы заңда көзделген банк құпиясын жария ету талаптарын сақтай отырып) сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жазбаша нысанда мыналар:
1) банкке төленген ақша сомасы;
2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болса);
3) борыш қалдығы;
4) кезекті төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;
5) кредиттеу лимиті (бар болса) туралы (жөніндегі) мәліметтерді ұсынады.
Егер бұл банктік қарыз шартында көзделген болған жағдайда, банк осы ақпаратты банктік қарыз шартында көзделген әдіспен кезеңдік негізде ұсынады.
Банк клиенттің өтініші бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ақысыз жазбаша түрде:
- клиенттің (қарыз алушының) келіп түскен ақшасын банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебінен бөлу туралы ақпаратты айына бір реттен жиі емес;
- қарызды толық немесе ішінара мерзімінен бұрын қайтарған кезде қайтаруға жататын соманың мөлшері туралы мәліметтерді ұсынады.
Жоғарыда аталған барлық мәліметтер негізгі борыштың, сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының және айыппұл санкцияларының өзге түрлерінің сомасын, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларды көрсете отырып беріледі.
2. Банктің кредиттік бюроға ақпарат ұсынуына қатысты
КБ туралы заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, сондай-ақ КБ туралы заңның 18-бабының 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілгендер кіретін ақпарат жеткізушілер мыналарға:
- кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы кредиттік бюроға мәліметтер ұсынуға келісімін алуға;
- кредиттік бюроға КБ туралы заңда және ақпарат ұсыну туралы шартта белгіленген талаптарда, көлемде және тәртіппен ақпарат ұсынуға;
- кредиттік тарих субъектісінің талап етуі бойынша кредиттік бюроға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
- ақпарат ұсыну туралы шарт жасалған кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектісі туралы қолда бар мәліметтерге дәл сәйкес ақпарат ұсынуға;
- кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе оларды алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға ақпарат ұсыну туралы шартта белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті.
Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеледі.
3. Банктердің қарыз алушының банктік шотындағы ақша сомасынан 50% шегінде төлем талаптарын орындаған кезде шектеуді сақтауы туралы міндетіне қатысты
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушы жеке тұлғаның шотынан берешегін оның банктік шотындағы ақша сомасынан және (немесе) оның банктік шотына кейін түсетін әрбір ақша сомасынан 50% шегінде өндіріп алуды шектейтін заңнамалық норма 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Осы норма борышкерге оның шотына түсетін ақша сомасының 50%-ын сақтауды қамтамасыз етеді.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер төлем талаптарын орындаған кезде жеке тұлға - қарыз алушының шотынан қарыз алушының банк шотындағы ақша сомасының 50%-нан аспайтын соманы өндіріп алуға құқылы емес.
Аталған шектеу жеке тұлға - қарыз алушының жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.
4. Банктердің салымдар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты тарату кезінде сыйақы мөлшерлемелерінің шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелуін (нақты құнын, бұдан әрі – ЖТСМ) ашып көрсету міндетіне қатысты
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың салымның нақты құны мен табыстылығын салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 2007 жылдан бастап клиенттерге уәкілетті орган белгілеген формула бойынша есептелген ЖТСМ-ның жан-жақты көрсеткішін ашу міндеті заңнамалық деңгейде енгізілді.
ЖТСМ салымшыға салымды орналастырған кезде төлемнің мерзімділігіне және сыйақыны есептеу талаптарына байланысты салымшының қанша пайда алатындығын көрсетеді.
Қағидаларға2 сәйкес банктер ЖТМС-ты:
1) көрсетілетін қызметтер бойынша сыйақының мөлшері туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау (жарнамалық буклеттер, жол бойындағы билбордтар, стендтер, үндеу парақшалары, бұқаралық ақпарат құралдары, электрондық пошта арқылы, телефон бойынша, клиенттерге ауызша консультация беру кезінде берілетін ақпарат) кезінде;
2) қызметтерді көрсету туралы клиенттермен жасасатын шарттарда көрсетеді.
Банктердің клиенттермен жасасатын шарттарда сыйақы мөлшерлемелерін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеп көрсетуі бойынша міндеттерін орындамауы, сондай-ақ салымдар бойынша сыйақының мөлшері туралы ақпаратты таратуы, оның ішінде оны жариялауы кезінде әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.
5. Банктердің банк қызметін көрсетуге байланысты емес операциялар үшін комиссия ұстап қалуларына қатысты
Банктер туралы заңның3 39-бабына сәйкес, сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.
Банктік қызметтерді көрсету ережесіне4 сәйкес банктік қызметтерге банк операциялары және Банктер туралы заңның 30-бабында көзделген өзге де операциялар жатады.
Банктер туралы заңның 39-бабына сәйкес банктер банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидалары
3«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
4 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесі
Осылайша, банк тек банк операцияларына қатысты және банктік қарыз шарттарында көзделген қызметтер үшін ғана комиссиялар мен тарифтерді ұстап қалуға құқылы.
Қарыз алушыларға несие шотын жүргізу банк операциясына жатпайтынын ескертеміз, өйткені несие шоты банктік шот болып табылмайды әрі баланстық шоттың құрамдас бөлігі болып табылады.
2016 жылғы 1 шілдеден бастап жеке тұлғаларға берілген (берілетін) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыздар (бұдан әрі - қарыз) мен микрокредиттерге қатысты қолданылатын, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесінің5 қолданылатынын атап өтеміз.
Қаржы қызметтерін тұтынушы өзінің құқықтары бұзылған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
жазбаша түрде мынадай мекенжай бойынша: 050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz;
құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына мекенжайдағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, анықтама телефондар: +7 (727) 2619 213, +7 (727) 2788 104, ішкі 2061;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚРҰБ «Online» мобильді қосымшасының (бұл қосымша App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін қолжетімді) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөліміне;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша );
 қарыз алушы мен банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк пен қарыз алушы - жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына жүгінуге құқылы.
5 «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысы
Банк омбудсманының деректемелері: 050013, Алматы қ., Республика алаңы, 15, оф.237, телефондар: +7(727) 2500 344, 2500 322, +7 (707) 407 01 17, факс: + 7(727) 2500 344, е-mail: office@bank-ombudsman.kz, www.bank-ombudsman.kz.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 2704 585

 
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2017 жылғы 29 маусым
«ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында «Депозиттер бойынша кепілдік» бөлімі пайда болды 29 маусымнан бастап «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын пайдаланушылар
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қызметкерлерінен тікелей депозиттерді заңнамалық тұрғыдан қорғау туралы сұрақтарға «Депозиттер бойынша кепілдік» деген жаңа бөлімнен жауап алады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 32 банк кіреді.  ҚДКҚ кепілдігі жеке тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің салымдарына және банк шоттарына, оның ішінде білім беру саласындағы салымдарға және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылысында жинақталған ақшаға беріледі. Депозиттер және банк шоттары бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы:
 Ұлттық валютадағы депозиттер және банк шоттары бойынша – 10 миллион теңгеге дейін;
 Шетел валютасындағы депозиттер және банк шоттары бойынша – 5 миллион теңгеге дейін (салымшының бір банкте түрі мен валютасы әр түрлі бірнеше депозиттері
және банк шоттары бар болса, кепілдіктің ең жоғары сомасы 10 миллион теңгеден  аспайды).
2016 жылғы қарашада іске қосылған «ҚҰБ Online» қызмет көрсетуі Ұлттық Банктің  қызметіне қатысты мәселелер бойынша халықпен өзара іс-қимылын жылдамдатуға және
қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. «ҚҰБ Online» WhatsApp, Viber немесе Telegram сияқты танымал сервистер сияқты заманауи
мессенджерді білдіреді, пайдаланушы оның көмегімен тікелей Ұлттық Банкке  сұрақтармен, проблемалармен, ұсыныстармен өтініш жасай алады.
«ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын мемлекеттік тілде және орыс тілінде iOS  және Android платформаларында App Store және Play Market дүкендерінен жүктеп алуға
болады.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 2704 585

www.nationalbank.kz


Қызылорда облысы бойынша  уәкілетті ұйымдардың валюта айырбастау пункттерінің тізімі

р/с

УҰ Аталуы

Айырбастау пункттерінің мекенжайы

1

ЖШС "Алия и Компания"

Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, № 15 киоск. 

2

ЖШС "Динара - плюс"

Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, № 13 киоск

3

ЖШС "Динара - плюс"

Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, № 17 киоск.

4     

ЖШС "Динара - плюс"

Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Абай данғылы, 1В

5

ЖШС "Несибе-1"

Қызылорда қ., Абай д., 44 үй, 2 пәтер

6

ЖШС "Несибе-1"

Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов көшесі, 22 үй, 21 пәтер; 

7

ЖШС "Несибе-1"

Қызылорда қ., Тоқмағамбетов көшесі, 22А үй

8

ЖШС "Гульсим"

Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Абай д., Орталық әмбебап базары, № 12 киоск 

9

ЖШС "Галым"

Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Абай д., Орталық әмбебап базары, павильон № 6

10

ЖШС "Галым"

Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Абай д., Орталық әмбебап базары павильон № 61

11

ЖШС "Галым"

Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, павильон №77


ҚР Ұлттық Банкінде жұмыс істеу үшін талантты жас мамандарды 
іздестіру бойынша науқанның басталуы туралы
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі талантты жас мамандарды іздестіру бойынша кезекті науқанның басталғаны туралы хабарлайды. 
Ұлттық Банк жоғары оқу орындарының талантты түлектерін және экономикалық-қаржылық салада ғана емес, сол сияқты басқа да маңызды бағыттар: IT-саласының мамандары (жүйе талдаушылары мен архитекторлар), құрылыс саласындағы инженерлер, заңгерлер, кадр қызметтері қызметкерлері және т.б.  салаларда жұмыс тәжірибесі бар мамандарды тарту жөнінде тұрақты жұмыс жүргізуде. Өткен науқанның нәтижесі табысты болды – 960 қатысушының ішінен 48-і бойынша оң шешім қабылданды.
Ең үздіктерді таңдау кезеңдік тәсіл жолымен қамтамасыз етіледі. Үміткерлерге резюме, эссе ұсынып, психологиялық тестілеуден және құрылымдық бөлімшелердегі, бөлімшелердің басшыларымен, сондай-ақ Ұлттық Банк басшылығымен әңгімелесуден тұратын бірнеше деңгейлі іріктеуден өту ұсынылады. 
Үміткерлерді таңдау кезінде біліктілік деңгейінің жоғары болуы, жақсы білімі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржылық және тіл білу сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті негізгі өлшемшарттар болады.  
Егер Сіз мансабыңызды табысты жасап, Ұлттық Банк алдындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бізбен бірге болып, біздің корпоративтік құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді бірге бөліскіңіз келсе, осы науқанға қатысуға және ұжымымыздың бір бөлігі болуға шақырамыз! 
Ол үшін 2017 жылғы 27 маусым – 5 шілде аралығындағы кезеңде Ұлттық Банктің ресми сайтында (www.nationalbank.kz, «Ұлттық Банк туралы» бөлімі/«Бос орындар»/ «Түйіндеме» кіші бөлімі) орналасқан «Түйіндеменің» электрондық нұсқасын толтырып, резюме файлын талаптарға сәйкес сақтауыңыз және HR@nationalbank.kz электрондық мекенжайына жіберуіңіз қажет. 
Сонымен бірге, іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты, сондай-ақ Ұлттық Банктің қызметіне байланысты, оның ішінде жұмысқа орналасуға байланысты кез келген сұрақтарға жауаптарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады. Пайдалануда өте ыңғайлы осы интерфесті App Store және Play Market көмегімен орнатуға болатынын еске саламыз.
Резюме және эссе қорытындысы бойынша іріктелген үміткерлер олардың резюмесінде көрсетілген электрондық поштасы немесе телефоны бойынша не «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы тестілеуге және әңгімелесуге шақырылады. 
Сұрақтар туындаған жағдайда 2704-660, 2704-745 телефондарына хабарласуды сұраймыз.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7(727) 2704 585

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР
2017 жылғы 22 маусым
 
Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс – Д.Ақышев
Өз кірісінің 10%-ын зейнетақы қорына аударатын қазақстандықтарға меншікті зейнетақы қаражатын басқару жөніндегі инвестициялық стратегияны таңдау құқығын беру қажет. ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңындағы ақпараттық агенттіктердің редакторларымен кездесу барысында осындай пікірмен бөлісті.
Оның айтуынша, жеке басқарушы компаниялардың пайда болуымен салымшылар зейнетақы активтерін басқару процесінің тиімділігін дербес бағалай алады. Қазіргі уақытта азаматтарда мұндай таңдау жоқ. «1998 жылдан бастап 16 жыл бойы салымшылар өздерінің аударымдарын қандай зейнетақы қорына сеніп тапсыруға болатынын таңдауға мүмкіндігі болды. 11 зейнетақы қоры жұмыс істеді, жекелеген қорларда инвестициялық портфельдермен белгілі бір проблемалар болды. Қорлардың инвестициялары ең сенімді активтерге салынбаған жағдай да болды. Соған қарамастан зейнетақы нарығында үлкен бәсекелестік болды, барынша қаржылық орнықты ойыншылар жарнамаға көп ақша жұмсауға жағдайы болды және бұл адамдарға жағымсыз әсер еткен жоқ. Қазақстандықтардың зейнетақы қорларын таңдауға мүмкіндігі болды. Бүгінгі күні салымшыларда мұндай таңдау жоқ және бұл үлкен кемшілік», - деп өз пікірімен бөлісті Д. Ақышев.
Оның айтуынша, «өз ақшасын тапқан және зейнетақы қорына 10% мөлшерінде міндетті жарналарды жүзеге асыратын» азаматтарға зейнетақы активтерін инвестициялаумен айналысатын басқарушы компанияны таңдау құқығын беру қажет. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру шеңберінде ҚРҰБ-ның зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға беру бойынша ұсыныстар әзірлегенін еске салды. Бұл ұсыныстар салымшыларды зейнетақы активтерін басқару процесіне тарту арқылы халықты өзінің зейнетақысын жоспарлауға мүдделілігін арттыруды, сондай-ақ жүйелік тәуекелдердің шоғырлануын төмендетуді және мемлекеттік органдарда жеке зейнетақы жинақтарын басқару кезінде туындайтын мүдделер қақтығысын болдырмауды көздейді.
«Бұл біздің нарыққа адамдарды ашық жарнамамен бақылаусыз тарта бастайтын қандай да бір компанияларды кіргіземіз дегенді білдірмейді. Мұндай қатысушылардың қызметін реттеу жүйесі қатаң болады. Бірқатар өлшемшарттар қатаңдатылады, бірінші кезекте, - бұл нарыққа кіру, яғни кім осындай басқарушы компания бола алады. Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар өзара үш өлшемшарт бойынша бәсекелес болады: кірістілік деңгейі, қаржы құралдарының сапасы және алынатын комиссия мөлшері», - деп жалғастырды Д. Ақышев. Екіншіден, оның айтуынша, активтерді басқаруға үміткер компанияларға меншікті капитал бойынша барынша қатаң талаптар қойылады, оларға компания тиімсіз басқарған жағдайда жауап беруге тиіс. Сондықтан, Д.Ақышев атап өткендей, нарықта көп басқарушы компания болмауы да ықтимал. Ол зейнетақы активтерін басқаратын компанияларыдң зейнетақы активтері бойынша кірістілік деңгейін Ұлттық Банк айқындайтын бенчмарк деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс екендігін қоса айтты.
Д. Ақышев журналистердің нарықта жеке басқарушы компаниялар пайда болған жағдайда мемлекеттік кепілдіктің сақталуы туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып: «Мемлекеттік кепілдік сақталады, яғни салымшыға оның барлық жарналарына тең және салымшының зейнеткерлік жасқа жету кезеңінде қалыптасқан инфляцияның деңгейін ескеретін жинақтарының деңгейіне кепілдік беріледі», - деп жауап берді.
Ұлттық Банк зейнетақы активтерін жеке компаниялардың басқаруына беру жөніндегі ұсыныстарды талқылауға дайын - Д.Ақышев
«Қазақстан азаматтарының қаржылық сауаттылығының ағымдағы деңгейі ҚРҰБ-ның зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға басқаруға беру бойынша ұсыныстары іске асырылған жағдайда қандай компаниялардың олардың зейнетақы жинақтарын басқара алатынын айқындауға мүмкіндік береді», - бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында ақпараттық агенттіктердің өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.
Ол «қаржы нарығының жекелеген ойыншыларының зейнетақы нарығына қызығушылық сақтағанын және Ұлттық Банк ұсынған нобай іске асырылатын нақты өлшемдерді күтетінін» айтып берді. «Өлшемдер туралы жан-жақты айта алмаймыз, себебі тұжырымдама талқылау сатысында. Әлі мемлекеттік органдардың ешқайсысы өз ұстанымын берген жоқ. Өз кезегімізде, біз процеске барлық қатысушылармен дәлелді түрде сөйлесуге дайынбыз», - деді Д.Ақышев.
БЖЗҚ пайда болғанға дейін жұмыс істеген жеке жинақтаушы зейнетақы қорларын «қоқыс» облигацияларға инвестициялау туралы іс бойынша шағым-талап жүргізіліп жатыр ма деген журналистің келесі сұрағына: «ЖЗҚ-дан өткен және «стресс аясындағы» құралдар бойынша ауқымды шағым-талап жұмысы жүргізілуде. Бұл соттарға қуынымдар, ақшалай төлемдер және т.б., оны БЖЗҚ өзі тиімді түрде пысықтауда. Біз барлық құралдарды қараудамыз, тіпті формалды түрде есепке алынатын құралдарды да қарап жатырмыз, төлемдер өткізіліп жатыр, бірақ олар да «стресс аясында» деп ойлаймыз. Егер бұрын жеке зейнетақы қорлары кезінде қаржы құралдарына орналастырылған және кейіннен эмитенттер олар бойынша дефолтқа, делистингке және т.б. жол берген зейнетақы активтерінің мөлшері 190 млрд. теңге болса, қазіргі кезде барлық шағым-талап жұмыстарын ескере отырып бұл цифр шамамен 40 млрд. теңгеге дейін қысқарды», - деп атап өтті Д. Ақышев.
ҚРҰБ-ның жоғарыда көрсетілген ұсыныстарын мүдделі мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық қарағанын және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметінде қаралу сатысында екендігін атап өтеміз. Түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға басқаруға беру рәсімдерін іске асыру үшін заңнамалық база дайындалатын болады.
Д.Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсініктеме берді
ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Ұлттық Банк азаматтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу және салымшылардың басқа қажеттіліктері үшін мерзімінен бұрын алу туралы ұсынысын қолдауға дайын ба деген журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Жинақтаушы зейнетақы жүйесі не үшін құрылады? Адамдардың жасы ұлғая келе орын алатын еңбекке жарамсыздығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинақтау үшін. Ақшаның бір бөлігін азаматтар үшін алу керек деген кез келген ұсыныстар зейнетақы қаражатын төлеуге жіберілетін ақша бөлігінің қысқаратынын білдіреді», - деді Д. Ақышев. Ол зейнеткерлердің бүгінгі буыны зейнетақыны мемлекеттік бюджеттен алатынын атап өтті. Оның айтуынша, болашақта, бұл опция айтарлықтай қысқарады. «Кедейшілік бойынша жәрдемақы қалады. Қалғанының бәрі жинақтаушы зейнетақы жүйесінен жүзеге асырылуға тиіс. Зейнеткерлік жасқа жеткенше ақшаны пайдалану үшін арнаны аша отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қауіп төнуі мүмкін, адамдарға болашақта ақша жетіспеуі мүмкін. Сондықтан ақшаны пайдалану туралы кез келген ұсыныстар қартайғанда ақша жете ме? деген мәселемен өлшенуге тиіс», - деп өз көзқарасын білдірді.
«Қызметкердің өзінің әлеуметтік қамсыздануы үшін жауапкершілігі өсуге тиіс және жинақтаушы зейнетақы жүйесі – алғашқы қадам. Оның күрделі екендігі және әрине халықтың менталитетін өзгерту үшін ұзақ уақыт талап етілетіні түсінікті. Алайда бұл қажетті қадам», - деді ол.
Барлық банктерге бірдей қараймыз – Д.Ақышев
ҚРҰБ Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңындағы ақпараттық агенттіктердің редакторларымен кездесу барысында банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Ұлттық Банктің тарапынан банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шаралар кешені іске асырылады, оған банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау кіреді, ірі банктерге акционерлердің банктерді үстеме капиталдандыруға ортақ қатысуы қағидаттарымен мемлекеттік ресурстар есебінен қолдау бағдарламасы ұсынылатын болады. Ол мемлекеттік қолдаудың іске асырылуы: банктердің меншікті капиталының ұлғаюына, оның ішінде Ұлттық Банктің инвестициялары есебінен ұлғаюына, акционерлер тарапынан банктерді үстеме капиталдандыруға және реттелген борыш бойынша жеңілдікті мөлшерлеме есебінен қосымша капитал есебінен ұлғаюға; қарыз алушыларды оңалту жөніндегі шараларды іске асыру есебінен банктердің балансын проблемалық активтерден тазартуға, қосымша кепілдер қабылдауға, берешекті өндіріп алуға ықпал етеді, бұл сондай-ақ несие портфельдерінің сапасын және банктердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді; банктердің экономикаға кредит беруін ұлғайтуға, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарды кезең-кезеңімен сату есебінен ұлғайтуға қосымша серпін беруге ықпал етеді.
«Қазіргі уақытта бағдарлама әлі бекітілген жоқ, өлшемдері, атап айтқанда мөлшерлеме, қолданылу мерзімі, акционерлер өз капиталына теңбе-тең ақша салатын кезең және басқалары банктермен келісілуде. Бірақ барлық банкке бірдей қараймыз, қандай да бір жеке бағдарламалар жасамаймыз. Мемлекеттік ақшаны дұрыс жұмсау тұрғысынан да, банктер тұрғысынан да оңтайлы ымыраға келу жолын іздестірудеміз. Мемлекет акционерлердің бизнесін қаржыландырмауға тиіс. Біз мұны да жазып қоюға дайынбыз», - деп мәлімдеді қаржы реттеушісінің басшысы.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк әлеуметтік маңызы бар ірі банктерге мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған Банк секторын қалыпқа келтіру бағдарламасын әзірлегенін еске саламыз.
Бағдарлама Ұлттық Банк қаражатының есебінен қаржыландырылады. Бағдарлама акционерлер мен инвесторлардың банкті капиталдандыру жөніндегі ортақ жауапкершілігі қағидаты бойынша іске асырылатын болады, оған ірі банктер қатыса алады. Банктер акционерлерінің тарапынан үстеме капиталдандыру жарғылық капиталды ұлғайту және бөлінбеген таза пайда есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдау ақша қаражатын банктердің реттелген борышына 15 жылға дейінгі мерзіммен айырбастау арқылы іске асырылады. Банктер Бағдарлама талаптарын орындамаған жағдайда, реттелген борыш жай акцияларға айналдырылып, мемлекет үлесі жаңа инвесторға сатылатын болады.
Теңгемен депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өзгерту жоспарланып отырған жоқ - Ұлттық Банк
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бекіткен, теңгемен сыйақы мөлшерлемесінің ұсынылған ең жоғары жылдық 14%-дық деңгейі өзгеріссіз қалады. Бұл туралы журналистердің салымдар бойынша мөлшерлемелердің жоспарлы өзгеруі туралы сұрағына жауап бере отырып ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Д.Ақышевтың айтуынша, депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме елдегі инфляция деңгейіне, банктердегі өтімділік жағдайына, елдегі макроэкономикалық ахуалға, сондай-ақ банктердің шығыстары мен тәуекелдеріне қарай қалыптасады. «Депозиттер бойынша мөлшерлемелердің төмендеп жатқанын байқап отырмыз және біз мұндай процесті құптаймыз, - деді ол. – Банк секторында өтімділіктің қолайлы жағдайы сақталған, сондай-ақ инфляциялық процестер төмендеген жағдайда, депозиттер бойынша мөлшерлемелер одан әрі төмендеуі мүмкін. ҚДКҚ «шекті мөлшерді» белгіледі, одан жоғары көтеруге болмайды, төмен түскенін қолдаймыз».
Д.Ақышев ақпараттық агенттіктердің редакторларымен өткен кездесуде қайтарымсыз депозиттер тақырыбын да қозғады. «Кез келген депозит талап еткенге дейінгі депозит болып табылады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес кез келген банк 3 күн ішінде салымшыға депозитті қайтаруға міндетті. Бұл норма банк пен салымшы арасындағы өзара қарым-қатынасты айтарлықтай орнықсыз етеді», - деп санайды Д. Ақышев, сонымен бірге ол, қазіргі уақытта Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктермен талқылауды ескере отырып, қаражатын мерзімінен бұрын алмау талабымен банкке жаңадан қаражат салуға дайын салымшылар үшін ыңғайлы қайтарымсыз депозиттер енгізудің оңтайлы үлгісі жөніндегі мәселені пысықтап жатқанын да атап өтті. Бұл салымдарды олардың мерзімі аяқталмайынша алуға болмайтынын, бірақ осындай шектеу үшін сыйақы мөлшері де жоғары болатынын білдіреді.
«Ол үшін заңнаманың кейбір нормаларын ауыстыру қажет. Қандай депозит таңдайтынын салымшы өзі шешуге тиіс, бірақ қайтарымсыз депозиттерді енгізудің қолданыстағы депозиттерге қатысы болмайды. Қайтарымсыз депозиттер бойынша мөлшерлеме мен кепілдік берілген сома жоғары болуға тиіс. Осы мәселелерді біз талқылаудамыз және осы жобаны іске асыруға тұжырымдамалық тұрғыдан дайынбыз», - деді Д. Ақышев.
Ол әлемдік практикада салымшыларға ақша қаражатын анағұрлым тартымды кірістілікпен, қосымша қорғау тетіктерімен ұзақ мерзімге жинақтау мүмкіндігін беру қайтарымсыз депозиттердің негізгі артықшылықтары болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге банктер үшін мұндай құралдың болуы неғұрлым орнықты қорландыру
базасының қалыптасуына, өтімділік тәуекелін төмендетуге және ұзақ мерзімді перспективаға кредиттеуге ықпал ететін болады, - деп мәлімдеді Д.Ақышев.
Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы қолайлы деңгейде – Д. Ақышев
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев реттеушінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөнінде жүргізіп отырған жұмысы туралы айтып берді.
«Біз қаржылық сауаттылық бойынша бірқатар жобаларды іске асырудамыз, бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде. Тұтастай алғанда, қаржылық сауаттылықты арттыру – ұзақ процесс, оны бала-бақшадан бастап енгізу қажет, ол міндетті пән болуға тиіс, мысалы, қаржыны пайдалану қағидалары. Егер біз қоғамымыздың білікті және қаржылық тұрғыдан сауатты болғанын қаласақ, осындай ақпараттық-түсіндірме, ағарту жұмысын жүргізу қажет», - деді таяуда Алматы қ. өткен ақпараттық агенттіктердің редакторларымен болған кездесу барысында Д. Ақышев.
Қазіргі уақытта Халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасының әзірленгенін атап өтеміз, оның шеңберінде 30-дан астам білім беру жобасы іске асырылуда, оның ішінде бүкіл республика бойынша қаржы саласындағы өзекті мәселелер бойынша және балалар мен жастарды қоса алғанда, халықтың ауқымды топтары үшін қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ашық семинарлар мен кездесулер өтуде, студенттер және бастауыш және орта мектеп жасындағы балалар үшін телевизиялық бағдарламалар шығарылуда, қаржылық тақырып бойынша брошюралар, баспасөз басылымдарында мектеп жасындағы балалар үшін қосымшалар шығарылуда және тағы да басқа жобалар іске асырылуда.
Д.Ақышев: «Біз қазақстандықтардың Ұлттық Банк ноттарына деген сұранысын бағалағымыз келеді»
Ұлттық Банк халықтың бағалы қағаздарды «блокчейн» базасында сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жасауы бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, ол осы қаржы құралының халыққа қаншалықты қажет екенін түсіну үшін керек. Бұл туралы ақпараттық агенттіктер редакторларының сұрақтарына жауап беру барысында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Д.Ақышев Ұлттық Банктің жаңа технология – халықтың бағалы қағаздарды «блокчейн» базасында сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жасауы үшін мобильді қосымшаны әзірлеуді аяқтап жатқанын хабарлады. Пилоттық жобада Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын пайдалану қарастырылады.
«Бұл пайдалы идея. Біздің нарықты жаулап алу ниетіміз жоқ. Сұраныс та жеткілікті. Халық тіпті бүгін де Ұлттық Банк ноттарын сатып ала алады, бірақ барлығы бұдан бейхабар. Бірақ ол үшін брокерлерге барып, қаржы компаниясын көзбен көру қажет. Біз ұсынып отырған шешімде біз азаматтарға брокерлер мен дилерлер сияқты делдалдарсыз, мобильді телефон арқылы Ұлттық Банктің ноттарын онлайн режимде сатып алуға және сатуға мүмкіндік бермекшіміз. Ешқандай салық салынбайды және ешбір комиссия алынбайды. Таза өтімділік және иелік ету мерзімдері бойынша ешқандай шектеу жоқ», - деп түсіндірді Д. Ақышев.
«Біз бұл жобаны халыққа Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары сияқты қаржы құралының қаншалықты қажет екендігін түсіну үшін жасап отырмыз. Бұл инвестициялаудың айтарлықтай жеңіл құралы. Нотаны кешке сатып алып, таңертең қайта сатуға болады. Құны минут сайын емес, күн сайын өзгеріп отырады. Қоғамның бұған қаншалықты дайын екенін көргіміз келеді, қазақстандықтардың ноттарға деген сұранысын бағалағымыз келеді. Біз үшін бұл пилоттық жоба, оның ішінде қолайлы әрі пайдалы өнімді іске асыру үшін жасалған қадам, біз оның күрделі заңнамамыздың барлық нормаларына сәйкес келгенін қалаймыз. Ал бағалы қағаздармен операциялар жүргізу кезінде клиентті сәйкестендіру, оның салдары сияқты заңнамалық талаптар көп», - деді Ұлттық Банк басшысы.
Бір ноттың номиналдық құны 100 теңге мөлшерінде белгіленетін болады, бұл инвестициялау үшін аздаған жинақ ақшаны пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтеміз.
Қазіргі уақытта ҚРҰБ деректері бойынша көрсетілген жүйе ішкі тестілеуден өтуде. Өнім 2017 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Ұлттық Банк басшысы қазақстандықтарды қаржылық пирамидаларға қатысудан сақтануға шақырды
«Мен қазақстандықтарға қаржылық пирамидаға кірмес бұрын, сан рет ойлануға кеңес берген болар едім. Оңай олжаға кенелмес бұрын, тәуекелдің бар екенін білу керек, еш нәрсенің де тегін болмайтынын түсіну керек, - деп ақпараттық агенттіктердің редакторларымен кездесу барысында халыққа және журналистерге ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев осындай кеңес берді.
Оның айтуынша, адамдарды түрлі қаржылық алаяқтық схемалардан сақтау үшін азаматтардың қаржылық сауаттылығы деңгейін арттыру қажет. «Бұл жерде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін жұмыс істеу маңызды. Бұл жасырын нарықта жұмыс істейтін кредиттеу жөніндегі барлық онлайн-жобаларға және т.б. қатысты», - деді Д.Ақышев.
Ол Ұлттық Банктің құқық қорғау органдарымен бірлесіп ҚРҰБ құқықтық реттеу аясынан тыс ұйымдарға қатысты және халық тарапынан шағым түсетін, оның ішінде Ұлттық Банк филиалдарына қатысты тұрақты түрде жұмыс жүргізетінін атап өтті.
Д.Ақышев: «Алтын құймаларды қолдан жасау мүмкін емес»
ҚРҰБ Қазақстан теңге сарайының алтын құймаларында, олар салынған орауды да қолдан жасау мүмкін емес. Бұл туралы ақпараттық агенттіктердің редакторларымен өткен кездесуде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Журналистердің құймаларды сату кезінде халықта қиындық туу-тумауына қатысты сұрағына Д.Ақышев:«Халық үшін тазартылған алтынның құймаларын сату бағдарламасына қатысатын банктер орауының бүтіндігі сақталған жағдайда, шартқа сәйкес алтын құймаларды қабылдауға міндетті».
Ол сонымен бірге алтын құймалардың шетел валютасы сияқты инвестициялау құралы екендігін атап өтті. «Адамдардың қаржылық сауаттылығы артуда. Біз адамдарды белгісіз жерлерде шетел валютасын сатудан арылттық қой. Егер валюта сататын болсаңыз, белгіленген жерлерде, банкте немесе уәкілетті ұйымдарда сатыңыз, онда сіз валютаның түпнұсқа екеніне кепілдік аласыз, чек аласыз, сол арқылы осы құралға инвестициялаған жинақ ақшаңызды қорғайсыз деген сөз. Құймалар сол сияқты», - деді Д. Ақышев. Сонымен бірге ол бүгінгі күні бағдарламаға екі банк қатысуын растағанын атап өтті және бағдарламаның бастапқы кезеңі шеңберінде құймаларды сатып алуға және сатуға болатын төрт қала айқындалды, олар – Астана, Алматы, Өскемен және Атырау. «Бізге Қазақстанның басқа да өңірлерінен өтінімдер түсуде, демек сұраныс жандануда. Бірақ құймаларды айырбастау пункттері арқылы сатып алу және сату мүмкіндігі осы бағдарламаның ілгерілеуіне түрткі болады», - деп атап өтті Д.Ақышев.
Халық үшін тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу жөніндегі бағдарлама ағымдағы жылғы 31 мамырда іске қосылғанын еске саламыз. Қазақстан теңге сарайы дайындаған алтын құймалардың төрт түрі бар: 10, 20, 50 және 100 грамм. Өлшеуіш алтын құймалар арнайы қорғайтын вакуумды орауда сатылады. Ораудың өзі бірегей қорғаныш элементі болып табылады. Алтын құймалар шикізатынан бастап түпкілікті өніміне дейін түгел дерлік қазақстандық өнім болып табылады. ҚРҰБ-да атап өткендей, реттеуші «төрт тоғыздықты» сынамдағы алтын құймалардың жоғары сапасына кепілдік береді.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 270 45 85

Халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы туралы  Жүктеу...469 Кб

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2017 жылғы 31 мамыр
Д.Ақышев: «Өлшеуіш алтын құймалар – жинақ ақшаның қарапайым әрі түсінікті құралы 
Қазақстанда Халыққа арналған тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылады. Ол туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қ. БАҚ-қа арналған брифинг барысында хабарлады.  
«2016 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Ұлттық Банк алтын құймалардың біздің азаматтарымыз үшін инвестицияларды жүзеге асыру және жинақ ақшасы үшін жаңа құрал бола алатынын атап өтті. Бүгін біз осы жоба бойынша барлық дайындық жұмыстарының аяқталғанын және бүгінгі күннен бастап алтын құймалардың біздің азаматтарымыз үшін қолжетімді болатыны туралы хабарлаймыз», – деді Д.Ақышев. 
Ол алтын құймалардың Қазақстан теңге сарайында дайындалғанын және 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде ұсынылғанын, ауқымды филиалдық желісі бар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатыны туралы хабарлады. «Өлшеуіш алтын құймалардың шикізатынан бастап – түпкілікті өніміне дейін тек қазақстандық болып табылатынына назар аударған жөн. Ұлттық Банк алтын құймаларының «төр тоғыздық» сынамды жоғары сапасына кепілдік береді», – деп атап өтті Д.Ақышев.  
Оның айтуынша, қазір Қазақстан азаматтары үшін шетел жинақтаудың негізгі тәсілі банктердегі депозиттер мен қолма-қол ақша валютасы болып табылады. «Ұлттық Банк аталған құралдарды нақты алтын түрінде толықтыруды ұсынады, – деп сөзін жалғастырды ҚРҰБ басшысы. – Біздің негізгі идеямыз алтынды халыққа сату ғана емес, өтімді әрі белсенді нарықты іске қосу, онда азаматтар аталған алтынды жинақ ақша үшін сақтайтынын немесе кіріс алу үшін оны сатып алу немесе сату бойынша операцияны жасайтынын өздері таңдай алады. 
«Бүгінгі таңда алтын құймалар Ұлттық Банк шығаратын инвестициялық алтын монеталарды толықтырып, өз орнын алады. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша, алтын құймаларда халық тарапынан біршама сұраныс әлеуеті бар. Құйма нысанындағы алтын жақсы қабылданады, және оны біртіндеп ұзақ уақыт ішінде әртүрлі өмірлік жағдайларға жинақ ақшаны сақтаудың сенімді құралы ретінде жинақтауға болады», – деп атап өтті Д. Ақышев. 
Алтын  құймалар екінші  деңгейдегі  банктер арқылы сатылады – Д.Ақышев
Алтын  құймаларды  тез сатып алуға, сол сияқты сатуға  болады. Ол үшін бағдарламаға  қатысушы екінші  деңгейдегі  банктер  халыққа  құймаларды сатады  және халықтан осы  құймаларды    қандай  да  болмасын  шектеусіз бірінші  талап етуі  бойынша  сатып  алуға тікелей міндеті бар. Бұл жайлы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев  халық  үшін  тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу бағдарламасы бойынша БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде  хабарлады. 
Ол бүгінгі күні бағдарламаға  екі  банк – Қазақстан Халық банкі  және  Еуразиялық банктің қатысатындығын растағандығы жөнінде айтты. «Бағдарламаның  бастапқы кезеңі шеңберінде құймаларды сатып алуға  және сатуға  болатын  тек төрт қала айқындалды. Ол – Астана, Алматы, Өскемен және Атырау. Танымалдығының өсуіне қарай уақыт өте  алтын құймаларын сату географиясының кеңейетіндігіне сенімдімін» – деп  нақтылады 
Д.Ақышев. - Біз сондай-ақ  басқа  банктермен келіссөздер  жүргізудеміз  және олар  бұл бағдарламаға қосылады  деп  сенеміз. Болашақта  біз  банктік емес заңды  тұлғалардың  айырбастау пункттері арқылы  алтын  құймаларды сатуға  және сатып алуға  рұқсат беруді  жоспарлап  отырмыз.  Ол үшін заңнамаға  өзгерістер енгізу талап етіледі».
Ол 31 мамырдағы жағдай бойынша құймалардың шамаланған құнын айтты. Мәселен, 10 грамм үшін – 127 мың теңге, 20 грамм – 254 мың теңге, 50 грамм – 635 мың теңге, 100 грамм – 1 млн. 270 мың теңге.
«Алтын құймаларды сатып алудың әлем нарығында алтын құнының өзгеруі мен ұлттық валюта бағамының өзгеруі тәуекелдері бар. Алтынның құны ұлғаюы да, төмендеуі де мүмкін. Азаматтар инвестициялық шешімдерді дербес қабылдауға тиіс болады», – деп атап өтті ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы. 
Сондай-ақ, Д. Ақышев Ұлттық Банктің алтын құймалардың құнын алтын әлем нарығындағы бағасына (фиксингке) және теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамына қарай күн сайын жариялап отыруды жоспарлайтынын қоса айтты. «Алтын құймаларды сатып алудың және сатудың түпкілікті құнын банктер ресми баға белгілеулерін және өз маржаларын ескере отырып, дербес белгілейтін болады. Яғни банкте құйманы сатып алу және өткізу бағасы қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату жөніндегі операциялардағыдай әртүрлі болады», – деп хабарлады ҚРҰБ басшысы.
Мемлекет басшысы Қазақстан теңге сарайының алтын  құймаларын бірінші  сатып  алушы болды        
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алтын  құймаларды бірінші  сатып  алушы болды. Бұл жайлы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев  халық  үшін  тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу   бағдарламасы бойынша БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде  хабарлады. «Кеше Халық банкінің Астана қаласындағы бөлімшесінде Президенттің атына алтын құймалардың барлық тізбесін – 10 грамнан 100 грамға дейін сатып алуға кассалық кіріс ордері жазылды. Біздің азаматтарымыз Президенттен үлгі ала отырып, жинақтарын сақтау үшін құймаларды сатып алады деп сенемін», – деді Д.Ақышев. 
«Ұлттық Банк өз тарапынан өнімнің дамуына барынша жәрдемдесіп, қажетті түсініктемелер беретін болады. Біз болашақта банктермен бірлесіп жемісті жұмыс істейтінімізге сенімдіміз. Бағдарламаның іске асырылуына және танымал болуына орай біз мұндай қажеттілік туындаған жағдайда үлкен ауқымдағы  құйманы шығаруға дайынбыз», – деді қаржы реттеушісінің басшысы.
Ұлттық Банк алтын құймасы орауының бүтіндігін бұзбауға ұсыным береді – Д.Ақышев
Өлшеуіш алтын құймалар арнайы қорғаныш  вакуумды орауда шығарылады. Ораудың өзі бірегей қорғаныш элементі болып табылады.  Бұл жөнінде халық үшін аффинирленген алтынның өлшеуіш құймаларын сатып және сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске қосу бойынша БАҚ үшін өткізілген брифингте сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. 
«Алтын – жұмсақ металл және орауы оны бұзылудан және бүлінуден қорғайды. Ораудың бүтіндігі алтын құйманы ұсынған кезде банк оны қандай да бір ұзақ сараптамасыз сатып алуға міндетті болатынын білдіреді. Сондықтан, егер сіз құйманы тез сату үшін арналған өтімді құрал ретінде пайдалануды жоспарласаңыз, онда ораудың бүтін тұруын бұзбауға ұсыным береміз», – деді Д. Ақышев. – Алайда, егер орауды ашқыңыз және алтынды «қолмен ұстағыңыз келсе», онда құйманың құны өзгермейді. Айта кетсек, банк бұл құйманы инкассоға қабылдайды, яғни Ұлттық Банк сараптама жүргізгеннен кейін ғана сізбен есеп айырысады. Ал бұл ұзақ уақытты және қосымша комиссияны төлеуді талап етеді».
Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7(727)2704-585

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2017 жылғы 12 мамыр
Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған жадынама: «Сақ болыңыздар: қаржылық пирамидалар!»
Соңғы уақытта жеке инвестициялар нарығында қаржылық пирамида белгілері бар ұйымдардың қызметі жандандырылды.
Қаржылық (инвестициялық) пирамида – ақшаны немесе өзге мүлікті не оған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығын тартудан кірісті (мүліктік пайданы) қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке тартылған қаражатты пайдаланбай тарту жөніндегі заңсыз қызметті осы активтерді қайта бөлу және басқа адамдардың жарналары есебінен бір қатысушылардың баюы жолымен жүзеге асыратын ұйым.
Ақшаны салу жолымен қаржылық пирамидаға кіру ерікті негізде орын алады және әдеттегідей, онда құқықтық қызмет көрсету және салынған қаражатты қайтарудың кепілдігі болмайды.
Қаржылық пирамидаға ақша салудың тартымды талаптарының бірі қысқа уақыт аралығынан кейін жоғары кіріс алу мүмкіндігі болып табылады.
Қаржылық пирамида қағидаты бойынша алаяқтық жасау үшін пайдаланылатын қаржы құралы ретінде «бағалы қағаздар», сондай-ақ қарыз (ақша тарту), траст, сақтандыру шарттары пайдаланылады.
Сирек жағдайда пирамида-ұйымның құрылтайшылары шын мәнінде алынған ақшаны негізгі қаражатқа, бағалы қағаздарға және т.б. инвестициялайды, алайда бұл жағдайда да енгізілген ақшаның негізгі үлесі маңызды инвестицияларға пайдаланыла алмайды, себебі ол уәде етілген жоғары кірістерді төлеу үшін қажет.
Қазақстан Республикасының аумағында халықтан ақша тартумен тек екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Ұлттық почта операторы уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде айналыса алатынын атап өткен жөн.
Осылайша, жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау жөніндегі операциялар банк операцияларына жатады және міндетті лицензиялануға тиіс. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес өзге адамдарға азаматтардан кәсіпкерлік қызмет ретінде қарыз түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар жасалған сәтінен бастап жарамсыз деп танылады.
Тиісінше уәкілетті мемлекеттік органның жеке тұлғалардан депозиттер тартуға лицензиясы жоқ, бірақ халыққа бос ақшасын осы ұйымға орналастыруды ұсынатын ұйымдардың қызметінде алаяқтық белгілері бар және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу болып табылады.
Реттелмейтін ұйымдарға ақша салу ол ақшадан толық айырылу тәуекелінің жоғары деңгейімен қатар жүретінін атап өту қажет, себебі оның қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынастар бір-біріне сенім білдіруге құрылған және ақшаны беру және жинау әрекеттерін қатысушылар өздері жүзеге асырады.
Қаржылық пирамидалардың қаржылық құрылымы, қызмет түрлері мен жаңа қатысушыларды тарту тәсілдері әр түрлі, соған қарамастан алдыңызда қаржылық пирамида екені туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілерді бөліп көрсетуге болады.
1. Уәкілетті мемлекеттік органның (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) депозиттер қабылдауға лицензиясының болмауы.
2. Ұйымның белгілі бір қызмет түрінің, жарғысының, мемлекеттік тіркеуінің болмауы.
3. Ұйымның қаржылық жай-күйі туралы қандай да бір ақпараттың болмауы.
4. Салымның сақталуына кепілдіктің болмауы.
5. Салынған қаражаттың қарыз алу нарығы бойынша орта деңгейден асатын негізсіз жоғары кірістілікті уәде етуі.
6. Әрбір тартылған жаңа қатысушыға бонустар төлеуге уәде беру және төлеу.
7. Міндетті кіру жарнасы.
8. Бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісінде жаппай жарналамалау.
9. Компанияның түрлі бағдарламаларының қатысушыларына қымбат сыйлықтарды тапсыра отырып компанияның жарнамалық шоу-презентацияларын ұйымдастыру.
10. Кіріс көздері, қаражат айналымы, бизнес-процестер және т.б. құрылымының ашық болмауы.
Егер сіз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келіп отырған ұйымда аталған белгілердің бірнешеуі болса, қаржылық пирамидаға ілігіп қалмаймын ба деп ойланғаныңыз жөн.
Қалай алданбайтын салымшы болуға болады
Біріншіден: уәкілетті органның депозиттерді қабылдауды жүзеге асыруға лицензиясын талап ету, компанияның беделін және ол берген ақпараттың дәйектілігін зерделеу қажет.
Уәкілетті органның депозиттерді қабылдауды жүзеге асыруға лицензиясының болмауынан сақтану қажет. Азаматтардан ақша қабылдайтын, уәкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ ұйымның қызметі ЗАҢСЫЗ.
Табысты жобалар туралы аса жария және айқын жарнама, бұл ретте салымшылардың ақшасын инвестициялау схемасына қатысты ашық түсіндірмелердің болмауы, сондай-ақ конфиденциалдылық – сізді қаржылық пирамидаға тартудың ашық белгісі.
Қаржылық пирамиданың «құрбаны» болмау үшін қарапайым қырағылықты сақтау және өз ақшаңды сенімсіз компанияларға сеніп тапсырмау қажет.
Екіншіден: инвестициялардың кепілдік берілген кірістілігі туралы уәделерге сенуге болмайды.
Алаяқтар адамдардың қарапайым сараңдығын, жылдам ақша табу және баю ниетін жақсы пайдаланады. Сондықтан олар жылдық 20, 50, 100 пайыз кірістілік алатынына оңай уәде береді және соңғы кезде осындай кірістілік болған кезде кез келген салымның инвестицияланатын барлық қаражатты жоғалтудың жоғары тәуекелімен қатар жүретінін ескертеді.
Егер сізге ұсынатын кірістілік банктік салымдар бойынша қазіргі кезде қолданылып жүрген пайыздағы кірістіліктен (жылдық 9-10 пайыз) асатын болса, онда осындай ұйым күмәнді болады. Тұрақты кірістілігі бар заңды құралдардың аз екенін біліңіз (банктік салымдар және облигациялар).
Үшіншіден: жаңа салымшылардың тартқаны үшін жомарт сыйақы – сіздің алдыңызда қаржылық пирамида екендігінің белгісі.
Төртіншіден: қарыз шарты бойынша қаражат тартатын компанияға сенуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілгендей, қаржылық пирамидалардың халықтан ақша тартуға лицензиялары болмайды. Халықтан ақша тарту үшін кеңінен таралған шарттар қарыз шарты болып табылады. Бұл ретте қарыз шарты шарт жасаған компанияның «сүттен ақ, судан таза» шығуы үшін жан-жақты белгісіздіктермен және жаңылыстырулармен жасалады.
Іс-жүзінде қарамай-ақ осындай шарттарға қол қойған азаматтардың заңды және қаржылық сауатсыздығын пайдалана отырып, алаяқ компаниялар заңды қызмет көрсететін болып көрінеді.
Бесіншіден: корпоративтік іс-шараларға, түрлі жүлделер, сыйлықтар, жолдамалар ұтыстарына қатысуға шақырудан бас тарту қажет.
Қаржылық пирамидаларды ұйымдастырушылар өз салымшыларын түрлі корпоративтік іс-шараларға тартады. Ол табысты және пайдасы көп компания бейнесін көрсету үшін, сол сияқты «корпоративтік рухты» нығайту үшін жасалады.
Алтыншыдан: компания ақшаны салымшылардан қалай қабылдайтындығына назар аудару қажет.
Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақша қабылдайды не банктерде компанияның арнайы есеп айырысу шоттарын және өз қызметінің шынайы бухгалтерлік есептілігін қолданбай, Интернет-төлемдер мен аударымдардың түрлі жүйелерін пайдаланады. Алайда өзін-өзі сыйлайтын компания жеке тұлғалардан осылайша ақша қабылдамайды. Адал компаниялар қолма-қол ақшаны өздерінің офистерінде қабылдамауға тырысады.
Компания қызметкерлерінен ақшаны олардың неге Интернет-төлемдер немесе аударымдар жүйесі арқылы қабылдайтындығын, неге ұйымның есеп айырысу шотына қолма-қол емес ақша аударудың стандартты әдісін пайдаланбайтындығын міндетті түрде сұраңыз.
Жетіншіден: компанияның иелері және басшылығы туралы ақпаратты зерделеу қажет, сондай-ақ оның қай жерде тіркелгендігін білу қажет.
Егер басшылық туралы деректер құпия болса, ал компания қандай да болмасын аралда және/немесе оффшорлық аймақта тіркелсе, оған өз қаражатыңызды орналастырмай тұра ойланыңыз. Компанияларды оффшорлық аймақтарда тіркеу рәсімі жеңілдетілген, оның нақты иесін немесе осы құрылымның артында кім тұрғандығын білу өте қиын. Сондықтан міндетті түрде компанияның құрылтай құжаттарын көрсетуді сұраңыз.
Жоғарыдағыны қорытындылай келе, уақытша бос ақшаны тиісті қызметке уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар қаржы ұйымдарына орналастыру орынды болатындығын атап өтеміз.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген міндеттерге сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті экономикалық және қаржылық қылмыстардың және тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу және тексеру бойынша функцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шағым-талаптар және/немесе қаржылық пирамиданың белгілері бар ұйымдардың қызметімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш білдіруді ұсынады.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 270 45 85
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР
2017 жылғы 6 сәуір
Д. Ақышев: Коллекторлық қызмет туралы заң жобасы банк пен борышкердің өзара қарым-қатынасын қайта құрады
Коллекторлық қызмет туралы заң жобасы 3 кодекске және 8 заңға өзгерістер енгізуді көздейді, яғни борышкер мен кредитордың өзара қатынасындағы проблемалық біраз мәселелерді жүйелік тұрғыдан шешеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Д. Ақышев өз баяндамасында, сонау 2012 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Келісімшарт жасасу тәуекелдерін тәуелсіз бағалау институттарын және коллекторлық агенттіктерді одан әрі дамыту тұжырымдамасы бекітілгенін, онда азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін коллекторлық қызметті мемлекеттік тұрғыдан реттеуді енгізу болжанғанын еске түсірді. «Коллекторлық компаниялардың іс жүзінде ұзақ уақыт болуына және біздің өмірімізге кеңінен енуіне қарамастан, олардың қызметі арнайы заңнамамен реттелмейді және мемлекет уәкілетті органдары арқылы оларды бақыламайды», – деп атап өтті ол.
Ұлттық Банк Төрағасы «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кеңінен талқыланған заң жобаларының бірі екенін атап өтті. «Жұмысқа қоғам қайраткерлері, заңгерлер, адвокаттар, коллекторлық компаниялар қатысты. Біз барлық қатысушылардың мүдделерін ескеруге тырыстық және қоғамның заң жобаларын теріс қабылдамауында айтарлықтай жетістікке қол жеткіздік», – деді Д. Ақышев.
«Коллекторлық қызмет не үшін керек және ол неліктен пайда болды? Мұнда екі аспектіні қарау керек. Бір жағынан, банктер кредиттер береді және қарыз алушылар тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, борышты өндіріп алады. Бұл процеске заңдық негізде коллекторлық агенттіктер тартылады, олардың міндеті борышты қайтару жұмысын жүргізу болып табылады. Дәл осы реттелмейтін сегментте қазір қарыз алушыларға қатысты құқық бұзушылықтар байқалып отыр, олар қалыпты құқықтық қорғауды ала алмайды. Мұның бәрі азаматтарымызға қатысты асыра сілтеуге және жосықсыз әрекеттерге әкелді, – деп атап өтті Д. Ақышев баяндамасында. – Екінші аспект банктер халықтың және кәсіпорындардың депозиттерін сақтайтын жер және ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті болып табылады». Сондықтан, оның айтуынша, банктерде кредиттері бар, сол сияқты өзінің депозиттерін қайтаруға үміті бар халықтың барлық тобы мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қажет.
«Біз осы жағдайда бүгін «Коллекторлық қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары осы қағидаттарға жауап береді
және берешекті өндіріп алу бойынша болашақтағы өркениетті диалогтың негізін қалайды деп санаймыз. Заң жобалары банк пен борышкердің өзара қарым-қатынасын іс жүзінде қайта құрады. Банктер кредиттік тәуекелдерді бағалауға сақтықпен қарайды, ал клиенттер – кредитор алдында қаржылық міндеттемелерінің тиісінше орындалуына жауапты болу үшін тиісті деңгейде қорғалып, хабардар болады», – деп толықтырды Д. Ақышев.
Коллекторлық қызмет туралы заң жобасында коллекторлардың борышкермен өзара іс-қимылының тәсілдері нақты айқындалған – Д. Ақышев
Коллекторлық қызмет туралы заң жобасында коллекторлық агенттіктердің борышкермен өзара іс-қимылы тәсілдерінің нақты тізбесі айқындалған. Аталған тізбеден тыс орын алатын іс-қимылдарға тыйым салынады, ал оларды жасау әкімшілік және қылмыстық тәртіппен қатаң жазаланады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының Пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Ол заң жобасында тікелей шектеулердің көзделетіндігі туралы айтып берді. Мәселен, бір күнде 3-тен артық телефонмен сөйлесуге, ал бір аптаның ішінде 3-тен артық кездесуге болмайды, бұл ретте өзара іс-қимыл уақытын борышкер белгілейді. Мереке және демалыс күндерінде кез келген жеке кездесулерге тыйым салынады.
«Заң жобасы бақылау құралы ретінде коллекторларды борышкерлермен жүргізілетін келіссөздерді аудио және бейне жазуға және дербес ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттейді, – деп жалғастырды Д. Ақышев. – Коллекторларды міндетті түрде тіркеуді және кейіннен Ұлттық Банк тарапынан мемлекеттік бақылауды енгізу қағидаттық тұрғыдан маңызды деп есептейміз. Қызметінде жүйелі түрде заңсыз әрекеттер байқалатын коллекторлық агенттіктер ресми тізілімнен дереу алып тасталады, бұл банктермен және борышкерлермен жұмыс істеуге бір кезде тыйым салуды білдіреді».
Ұлттық Банк басшысының айтуынша «мінсіз беделі бар адамдарды ғана борышкерлермен өзара іс-қимыл жасау үшін жіберуге мүмкіндік беретін меншік пен басқарудың айқын құрылымы коллекторлық ұйымдардың адал болуының маңызды шарты болып табылады».
Ол коллекторлардың заңсыз іс-әрекетіне берген қарыз алушылардың барлық шағымдары реттеушінің назарынан тыс қалмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, заң жобасында сотқа дейінгі медиацияның құқықтық негіздері мен тетіктері көзделген. Мысалы, сотқа дейінгі медиация кезеңінде борышты уақтылы өтемегені үшін сыйақы, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге тыйым салу енгізіледі, сотқа жүгінуге мораторий белгіленеді. «Осындай жан-жақты қалыпқа келтірілген тәртіп қана кредиттік шарт тараптарының әрқайсысының адал әрекет етуін қамтамасыз етеді», – деп қорытындылады Д. Ақышев.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 270 45 85
www.nationalbank.kz.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2017 жылғы 16 қаңтар
Криптовалюталарды пайдалана отырып халықтан ақша қабылдауды
жүзеге асыратын компаниялардың қызметі туралы
ҚР Ұлттық Банкі қазіргі уақытта Қазақстанда криптовалюталарды пайдалана отырып халыққа инвестициялық қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс істейтіндігін хабарлайды. Бұл ұйымдар Қазақстандықтарға криптовалюталарды сатып алу мақсатында қолма-қол ақша енгізу жолымен, сол сияқты қолма-қол ақшасыз тәртіппен Интернет желісі арқылы олардың бағдарламаларына қатысуды ұсынады.
Бұл ұйымдардың өкілдері сатып алған криптовалюталар бойынша жеке тұлға клиенттерге қаржы нарығындағы қолданыстағы мөлшерлемелермен салыстыруға келмейтін, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары кірістерді (тым артық пайыздар) уәде етеді. Жоғары сыйақылар айналымдағы ақшаның болуын қамтамасыз ете отырып, қатысушылардың айтарлықтай санын және жаңа клиенттердің ақшалай түсімдерін тарту есебінен төленеді.
Ақша айналымы (ағыны) тоқтатылған немесе жетіспеген кезде ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін бұл ұйымдар жабылып, барлық төлемдер тоқтатылады.
Криптовалюталардың ресми ақша бірлігіне не өзге де нақты активтерге байланысы, сондай-ақ тиісті қамтамасыз етуі және оларға қызмет көрсету операциялары бойынша заң тұрғысынан жауапты субъектілерге қатысы жоқ. Бұдан басқа, криптовалюталардың айналыс процесі орталықтандырылмаған, және оны реттеу мүмкіндігі жоқ.
Бұл ретте осы ұйымдардың пайдасына ақша енгізген қатысушылардың салынған ақшаны қайтаруының құқықтық кепілдіктері жоқ, себебі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұл ұйымға кіру және жеке тұлғалардың ақша енгізуі ерікті негізде жүзеге асырылады және ол қандай да болмасын құжаттандырылған рәсімдермен бекітілмейді.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың қызметі ҚР Ұлттық Банкі тарапынан реттелуге жатпайтынын атап өтеміз.
 
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 270 45 85

Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша өтемақының үшінші траншын төлеу туралы  жүктеу ...  278кб

Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша өтемақының екінші траншын төлеу туралы  жүктеу ...  32 кб

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырумен байланысты қаржы ұйымдарының сұрақтарына жауаптар жүктеу ... 227 кб


Азаматтардың «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша ақшаны жария етуге қатысты жиі қоятын сұрақтарына жауаптар жүктеу ... 144 кб


Бірінші деңгейлі банк

Мекен-жайы

Электронды пошта

Телефон

Директордың аты-жөні

1

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы

120015.Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 30 үй (бұрынғы Ы.Жақаев көшесі, 20).

kuz_80@nationalbank.kz

8(7242) 26-14-21.  

 

Мустафин Асет Жапарович

Екінші деңгейлі банк

Мекен-жайы

Электронды пошта

Телефон

Директордың аты-жөні

1

«Цесна банк» АҚ Қызылорда қаласындағы филиалы  

120014.Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 42 үй

bekmuratova_Sa@tsb.kz

8(7242) 55-15-15, 60-51-45, 60-51-65

Умирзакова Ляззат Самуратовна

2

 «Kaspi bank» АҚ Қызылорда қаласындағы филиалы  

120000.Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, нөмірсіз

f_kizilorda@bankkacpian.kz

8(7242) 23-97-94, 23-97-71, 23-97-96

Садуов Ербол Абдикадирович

3

«АТФ Банк» АҚ Қызылорда қаласындағы филиалы  

120000.Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 41А

nurgul.yessirkepbayeva@atfbank.kz

8(7242) 23-11-80, 23-11-83, 23-11-82, 23-11-84

Есеркипбаева Нургуль Жанбырбаевна

4

«ForteBank» АҚ Қызылорда қаласындағы филиалы  

120014.Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата көшесі, 20

kzrd@alb.kz

8(7242) 58-96-96 (ішкі 45162, 45111, 45120, 45160, 45110), 58-96-34, 26-35-35

Мусабаев Еркинбек Туркбенович

5

«Казкоммерцбанк» АҚ Қызылорда филиалы

120014.Қызылорда қаласы,Күләш Байсеитова көшесі, н/з үй

kyzylorda@kkb.kz

8(7242) 26-12-30, 26-24-20, 585120, 585124

Данкенов Алмат Ергабылович

6

«Банк Центр Кредит» АҚ Қызылорда филиалы

120014.Қызылорда қаласы, А. Тоқмағанбетов көшесі, 46 үй

kzylorda@centrcredit.kz

8(7242) 55-19-91, 55-11-25

Мажитов Канат Амангелдиевич

7

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы

Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, 5 үй

kzlualihanab@halykbank.kz

8(7242) 550001, 550002, 550006,550003

Рахимжанов Бауыржан Серикбаевич

8

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Байқоныр аймақтық филиалы

Қызылорда облысы, Байқоныр қаласы, Горький көшесі,16 үй

 bknbge@halykbank.kz

 8 336 22 7-46-54, 7-02-33, 4-00-32, 4-20-15, 4-04-78

Байтерекова  Гульжахан Еримовна

9

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы

120014. Кызылорда,Байтұрсынов көшесі,122 үй

kyzylorda@hcsbk.kz

8(7242) 23-03-32

Саулебаев Адилжан Рахымжанович

10

«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ еншілес ұйымының Қызылорда қаласындағы филиалы 

 

120014.Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 58 үй

r.tsoy@vtb-bank.kz

8(7242) 20-10-03, 20-10-04, 20-10-05, 20-10-06

Цой Роман Данилович

11

«Ситибанк Қазақстан» АҚ Қызылорда қаласындағы өкілдігі

120014.Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 42 үй

Shakhizat.tulendiyeva@citi.com

8(7242) 60-51-50

Тулендиева Шахизат

12

«Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының № 20 филиалы

120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №11«А» үй

Adil.Zhumakhmetov@eubank.kz

 

8(7242) 27-01-02, 276664, 275000, 275   555

Жумахметов Адил Сейтмаганбетович

13

 «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Қызылорда қаласындағы филиалы

120014, Кызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №9 «А» үй

akuttymuratov@Homecredit.kz

 

8(7242) 26-38-33, 87272445477, кол центр:7979

Едилбаев Кайрат Абдимауленович

14

«Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ Қызылорда қаласындағы филиалы

120014, Қызылорда қаласы, Қоркыт Ата көшесі, 23 үй

Sanduqash.Shaikhiyeva@sberbank.kz

8(7242) 55-04-04, 55-04-05

Абдекеев Азат Дуйсенбаевич

 


Қызылорда облысы бойынша  валюта айырбастау пункттерінің тізімі

 р/с Банк атауы Айырбас пунктінің мекен - жайы
1 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Қазыбек би көшесі, 5 үй 
2 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Қазыбек би көшесі, 5 үй 
3 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, үй 27/81 "А"
4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., И. Панфилов көшесі, 27 үй
5 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Аскар Тоқмағанбетов көшесі, үй 23/25 "А"
6 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Арал ауд., Арал қ., К. Еримбет көшесі, 68 үй
7 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Казалы ауд., Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, 24 "А" үй
8 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Жалагаш ауд., Жалагаш кенті, Желтоқсан көшесі, 5 үй
9 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Сырдарьия ауд, Теренозек кенті, Абая көшесі, 12 үй
10 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Шиелі ауд., Шиели кенті, Турар Рысқулов көшесі, 3 үй
11 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №209900 Қызылорда обл. Филиалы Қызылорда обл., Жаңакорган ауд., Жаңақорган кенті, Аманкелды Иманов көшесі, 133 үй
12 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №339900 Байқоңыр өңірлік филиалы Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Горький көшесі, 16 үй
13 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №339900 Байқоңыр өңірлік филиалы Қызылорда обл., Байқоңыр қ., 7 м.а., 22 "А" үй
14 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №339900 Байқоңыр өңірлік филиалы Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Янгел көшесі, 23 "А" үй
15 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №339900 Байқоңыр өңірлік филиалы Қызылорда обл., Қармақшы ауд., Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесі, 66 "А" үй
16 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №339900 Байқоңыр өңірлік филиалы Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Максимова көшесі, 17 "А" үй
17 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №339900 Байқоңыр өңірлік филиалы Қызылорда обл., Қармақшы ауд., Жосалы кенті, Е. Кошербаев көшесі, 35 үй
18 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ №339900 Байқоңыр өңірлік филиалы Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Горький көшесі, 16 үй
19 "Казкоммерцбанк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Кызылорда қ., Күляш Байсеитов көшесі, 101 "А" үй
20 "Казкоммерцбанк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Иван Журба көшесі, 35 "А" үй
21 "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ еншілес ұйымының Қызылорда қ. филиалы  Қызылорда обл., Қызылорда қ., Абай д., 58 үй
22 "Банк ЦентрКредит" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Қазыбек би көшесі, 24 а/2 үй
23 "Банк ЦентрКредит" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылода қ., Жалантөс Бахадур көшесі, 1 үй
24 "Банк ЦентрКредит" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Асқар Тоқмағамбетов көшесі, 28 үй
25 Қызылорда қ. "Альянс Банкі" АҚ филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Коркыт - ата көшесі, н/ж
26 Қызылорда қ. "Альянс Банкі" АҚ филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Қазыбек би көшесі, 22 "А" үй
27 Қызылорда қ. "Альянс Банкі" АҚ филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Қыдыров көшесі, 2 үй
28 "БТА Банк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Ы. Жахаев көшесі, 53 үй
29 "БТА Банк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 28 үй
30 "БТА Банк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Бөкей хан көшесі, н/ж
31 "БТА Банк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Шиелі ауд., Шиелі кенті, Абай көшесі, 28 үй
32 "БТА Банк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Арал ауд., Арал қ., Макатаев көшесі, 7 үй
33 "БТА Банк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Қазалы ауд., Әйтеке би кенті, Счастнова көшесі, н/ж
34 "АТФ Банк" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 28 үй
35 "АТФ Банк" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Абай д., 41 "А" үй
36 "АТФ Банк" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Журба көшесі,  н/ж
37 "Евразийский банк" АҚ Қызылорда қ. №20 филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 11 "А" үй
38 "Евразийский банк" АҚ Қызылорда қ. №20 филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 28 үй
39 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Абай д., н/ж
40 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 23 үй, 10 п.
41 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., 3 - ұлғайтылған квартал, 3 үй, 15, 16 п.
42 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Қоркыт - ата көшесі, 59 үй
43 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Ақмешит м.а., 26 үй, 12, 12 "А" п.
44 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Абая д., 50 үй
45 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Шиелі ауд., Шиелі кенті, Ахмет Байтурсынов көшесі, 19 "В" үй
46 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Аскар Тоқмағанбетов көшесі, 1 үй, 31, 32 п.
47 "Kaspi Bank" АҚ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Аскар Тоқмағанбетов көшесі, 25 үй, 21 п.
48 "Ресей Жинақ банкі" АҚ ЕБ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорд қ., Қоркыт ата көшесі, 23 үй 
49 "Ресей Жинақ банкі" АҚ ЕБ Қызылорда қ. Филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Қоркыт ата көшесі, 23 үй
50 "Цеснабанк" АҚ Қызылорда филиалы Қызылорда обл., Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 42 үй

 

 

р/с УҰ Аталуы Айырбастау пункттерінің мекенжайы
1 ЖШС "Алия и Компания" Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, № 15 киоск. 
2 ЖШС "Оралхан" Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, № 13 киоск
3 ЖШС "Оралхан" Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, № 16 киоск
4 ЖШС "Оралхан" Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, № 17 киоск.
5 ЖШС "Динара - плюс" 121503 Қызылорда обл., Қармақшы ауд., Торетам кенті, Жанқожа батыр көшесі, 43
6 ЖШС "Несибе-1" Қызылорда қ., Абай д., 44 үй, 2 пәтер
7 ЖШС "Несибе-1" Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов көшесі, 22 үй, 21 пәтер; 
8 ЖШС "Несибе-1" Қызылорда қ., Тоқмағамбетов көшесі, 22А үй
9 ЖШС "Гульсим" Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Абай д., Орталық әмбебап базары, № 12 киоск 
10 ЖШС "Галым" Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Абай д., Орталық әмбебап базары, павильон № 6
11 ЖШС "Галым" Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Абай д., Орталық әмбебап базары павильон № 61
12 ЖШС "Галым"  Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Абай д., Орталық әмбебап базары, павильон № 50
13 ЖШС "Галым" Қызылорда обл., Байқоңыр қ., Орталық әмбебап базары, павильон №77

 

Құрылған күні: 12-02-2015 11:40
Жаңартылған күні: 20-02-2018 17:27

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика