ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2017  жылдың І тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат
 
Балық шаруашылығы саласы бойынша
Облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 196 су айдыны мен 36 аңшылық алқаптар тізімге алынған.
Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізі толықтай, 196 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 144 және 36-ы аңшылық алқаптардың 34-і ұзақ мерзімге бектіліп берілген.
Балық аулау
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді. 2017 жылдың 3 айында 1078 тонна балық аулауға рұқсаттар берілді.
Балық экспорты 
2017 жылдың 3 айында барлығы 523,5 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Европа елдеріне 181,04 тонна (Дания-31,74 тн, Польша-129,3 тн, Әзірбайжан-20,0 тн) және Ресей Федерациясына 342,5 тонна.
Браконьерлермен күрес
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 11 фактісі анықталып, әкімшілік айыппұлдар салынды. 

2016 жылға атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Балық шаруашылығы саласы бойынша

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толықтай және жергілікті маңызы бар 196 су айдындарының 146 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 50 резервтiк қорда тұр. Облыс аумағында 36 аңшылық алқаптар орналасқан, оның ішінде 31 аңшылық алқап конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Бүгінгі күні, 5 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді. 2016 жылдың 12 айында 7786,0 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 101,803 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2016 жылдың 12 айында барлығы 3604 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1412,8 тонна (Дания-453 тн, Польша-259 тн, Грузия-280 тн, Әзірбайжан-420 тн) және Ресей Федерациясына 2191,2 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.

2016  жылдың ІІІ тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат
 
Балық шаруашылығы саласы бойынша
Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі және жергілікті маңызы бар 184 су айдындарының 146 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 38-і резервтiк қорда тұр.Облыс аумағында 33 аңшылық алқаптар орналасқан, оның ішінде 30 аңшылық алқап конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Бүгінгі күні, 3 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.
Балық аулау
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді. 2016 жылдың 9 айында 4116 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 53,43 млн. теңге қаржы түсті.
Балық экспорты
2016 жылдың 9 айында барлығы 2790,3 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1156 тонна (Дания-325,7тн, Польша-210,6тн, Грузия-280тн, Әзірбайжан-340тн) және Ресей Федерациясына 1634,3 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.
Жыртқыш аңдардың санын реттеу
2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 15 073 700 теңге бөлініп, 114 қасқыр мен 1030 шибөрі ату жоспарлануда. 2016 жылдың 9 айында 54 қасқыр мен 739 шибөрі  атылды.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру
2016 жылдың 9 айында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 300 рұқсаттар берілді.
Браконьерлермен күрес шаралары
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 67 фактісі анықталып, оларға 286,22 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, оның ішінде 275,62 мың теңгесі өндірілді.Табиғатқа келтірген залалы үшін  57,2 мың теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.
Арал өңірі балықшыларының слеті
2016 жылғы 8-9 шілде күндері  Арал ауданы Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі түрде  Арал өңірі балықшыларының екінші слеті өтті.
Слеттің мақсаты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында балықшылардың өткені мен бүгінгісін саралап, алдағы міндеттерді белгілеу және осы саладағы ардагерлер мен балықшылардың еңбек жолдарын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында жасалды.
 
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 184 су айдыны (45 500 га).
Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 184 су айдындарының 145 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.
Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 39-і резервтiк қорда тұр.
Табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің мерзімі аяқталуына байланысты, 33 су айдыны мен Кіші Арал теңізінің 4 учаскесін табиғат пайдаланушыларға қайта бекітіп беру жұмыстары жүргізілді. 
Облыс аумағындағы резервте тұрған 5 аңшылық алқаптар конкурсқа шығарылып, 2 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. 
Бүгінгі күні, 3 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.
Балық аулау
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді.
2016 жылдың ІІ тоқсанында 2743 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 36,92 млн. теңге қаржы түсті. 
Балық экспорты
2016 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 2319 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1055 тонна және Ресей Федерациясына 1264 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды (Дания, Польша, Грузия, Әзірбайжан).
Жыртқыш аңдардың санын реттеу
2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 15 073 700 теңге бөлініп, 115 қасқыр мен 1078 шибөрі ату жоспарлануда.
2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 8 қасқыр және 170 шибөрі атылып, аңшыларға 1 533 800 теңге сыйақы төленді.
Жыртқыш аңдардың санын реттеу шарасы екінші жартыжылдықта жалғастырылатын болады.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру
2016 жылдың ІІ тоқсанында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 177 рұқсаттар берілді.
Браконьерлермен күрес шаралары
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 38 фактісі анықталып, оларға 201,4 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, оның ішінде 74,2 мың теңгесі өндірілді.
Табиғатқа келтірген залалы үшін 40,1 мың теңге айыппұл салынып, 18,9 мың теңгесі өндірілді. 
Биотехникалық іс-шаралар
2016 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 1 153 мың теңге қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жем сатып алу, шөп шашу, астау, аншлагтар орналастыру, тұз шашу, пана дайындау және жабайы аң-құстардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылуда.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша .
2016 жылдың І жартыжылдығында 299 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 86, қағаз жүзінде - 2, электронды портал арқылы - 138, МЕМСАРАПТАМА арқылы - 73 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.
Сонымен қатар, 2016 жылдың І жартыжылдығында өтінімдері бойынша 130 табиғат пайдаланушыларға II-санат бойынша - 14, III-санат бойынша – 30, IV санат бойынша – 86 қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.
Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 4, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 126 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.
 
2016  жылдың І тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Балық шаруашылығы саласы бойынша
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 184 су айдыны (45 500 га).
Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 184 су айдындарының 141 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.
Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 43-і резервтiк қорда тұр.
Балық аулау
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы      15 ақпандағы № 66 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді.
2016 жылдың І тоқсанында 2493 тоннаға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 32,8 млн. теңге қаржы түсті. 
Балық экспорты
2015 жылы барлығы 1768 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 847 тонна және Ресей Федерациясына 921 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды (Германия, Дания, Польша, Австрия, Грузия, Әзірбайжан).
2016 жылдың 3 айында 382,8 тонна болатын, құны 1,5 мың АҚШ долларды құрайтын балық өнімдері Европа елдеріне экспортталды (Дания, Польша, Австрия, Грузия, Әзірбайжан).
Жыртқыш аңдардың санын реттеу
2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 15 073 700 теңге бөлініп, 115 қасқыр мен 1078 шибөрі ату жоспарлануда.
Бүгінгі күні, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде жыртқыш аңдардың санын реттеу жұмыстарын жүргізуге, мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда. 
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру
2016 жылдың І тоқсанында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 121 рұқсаттар берілді.
Браконьерлермен күрес шаралары
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 29 фактісі анықталып, оларға 180,2 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, 53 мың теңгесі өндірілді.
Табиғатқа келтірген залалы үшін  29,6 мың теңге айыппұл салынып, 8,4 мың теңгесі өндірілді. 
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп «Уылдырық-2016» акциясының іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар жасауда.
Биотехникалық іс-шаралар
2016 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 1 153 мың теңге қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жем сатып алу, шөп шашу, астау, аншлагтар орналастыру, тұз шашу, пана дайындау және жабайы аң-құстардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылуда.
 
06.04.2016

Балық шаруашылығы саласы бойынша
(2015 жылға қорытынды)
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га).Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 180 су айдындарының 134 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 46-ы резервтiк қорда тұр.
Балық аулау
2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы балық аулау лимиті 6725-тен 8 394 тоннаға (20 пайыз) ұлғайды. Соның ішінде,Кіші Арал теңізінен ауланатын балық 30 пайызға өсті.Бүгінгі күнге, облыс бойынша 7750 тонна балық ауланды.
Балық экспорты
Соңғы жылдары, балық өнімдері экспортының көлемі артып келеді. 2014 жылы 715 тонна экспортқа шығарылса,2015 жылы 4 млн. 657 мың АҚШ доллары болатын 846 тонна балық өнімдері Грузия, Дания, Польша, Австрия, Азербайжан мемлекеттеріне экспортқа шығарылды. 
Жыртқыш аңдардың санын реттеу
2015 жылға аталған шараға 124 қасқыр мен 590 шибөрі ату жоспарланды.
Бүгінгі күнге, 94 қасқыр (75 пайыз) және 590 шибөрі  (100 пайыз) атылып, аңшыларға 6 млн. 687 мың теңге сыйақы төленді.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатттар беру
Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі  2015 жылдың 28 ақпанынан бастап табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін рұқсат бере бастады.Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға және облыс көлеміндегі  30 аңшылық шаруашылық субъектілеріне аң аулауға рұқсаттар берілуде. Браконьерлермен күрес шаралары
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 88 фактісі анықталды.
22.01.2016

Балық шаруашылығы саласы бойынша
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га).
Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 180 су айдындарының 141 (немесе 78%) конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.
Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 39-ы резервтiк қорда тұр.
Балық аулау
2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы балық аулау лимиті 6725-тен 8 394 тоннаға (20 пайыз) ұлғайды. Соның ішінде, Кіші Арал теңізінен ауланатын балық 30 пайызға өсті.Бүгінгі күнге, облыс бойынша 4627 тонна балық ауланды.
Балық өңдеу
Қызылорда облысы бойынша өңдірілген балық өнімдері 2014 жылы 3 495 тонна болса, 2015 жылдың III-тоқсанына 1 878 тонна балық өңдірілді.
Балық экспорты
Соңғы жылдары, балық өнімдері экспортының көлемі артып келеді.2014 жылы 715 тонна экспортқа шығарылса, 2015 жылдың III-тоқсанына 507 тонна балық өнімдері Грузия, Дания, Польша, Австрия, Германия мемлекеттеріне экспортқа шығарылды. 
Жыртқыш аңдардың санын реттеу
2015 жылға аталған шараға 124 қасқыр мен 509 шибөрі ату жоспарланды.Бүгінгі күнге, 88 қасқыр (70 пайыз) және 238 шибөрі  (40 пайыз) атылды. Жыртқыш аңдардың санын реттеу шарасы жыл соңына дейін жалғастырылатын болады
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатттар беру
Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі 2015 жылдың 28 ақпанынан бастап табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін рұқсат бере бастады.Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға және облыс көлеміндегі 30 аңшылық шаруашылық субъектілеріне аң аулауға рұқсаттар берілуде.
Браконьерлермен күрес шаралары
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 49 фактісі анықталды.
01.10.2015

Балық шаруашылығы саласы бойынша
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га) бар.
Басқарма мамандары су айдындарының тізбесін қайтадан нақтылау жұмыстарын жүргізіліп, облыс әкімінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 875 қаулысымен 180 су айдынының тізімі бекітілді. 
Су айдындарының 149-ы (83%) ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. Бүгінгі күні 31 су айдыны (көлдер) резервте тұр.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 18-03/93 бұйрығымен 2015 жылға облысқа 8391 тонна балық аулау лимиті бекітілді.
2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында 1600 тонна балық ауланды. Көктемгі ауа-райының қолайсыз болуынан өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда балық аулау  17 пайызға кем ауланды.  
2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында құны 1 978 944 АҚШ доллары болатын 472 тонна балық өнімдері Грузия, Азербайжан, Дания, Польша мемлекеттеріне экспортқа шығарылды(өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 58 пайызға артты).
Жыртқыш аңдардың санын реттеу.
2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында 88 қасқыр (70 пайыз) және 238 шибөрі  (40 пайыз) атылып, аңшыларға 5 726 800 теңге сыйақы төленді.
Жыртқыш аңдардың санын реттеу шарасы екінші жартыжылдықта жалғастырылатын болады.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатттар беру
Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға 138 рұқсаттар және аң аулау алқаптарын пайдаланушыларға 16 рұқсаттар берілді. 
Браконьерлермен күрес шаралары
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 28 фактісі анықталды. Олардың 4-не хаттамалар толтырылып, 39 600 теңге әкімшілік айыппұлдар салынды. 
Табиғатқа келтірген залалы үшін 8 тұлғаға айыппұл салынды.

Балық шаруашылығы:
Балық шаруашылығы облыс үшін маңызды ауылшаруашылығы салаларының бірі. 
Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс әкімдігінің қаулысымен Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2015 - 2017 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га) бар.
Тіркеуге алынған балық шарушылығына маңызы бар 180 су айдынының 149-ы ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. Бүгінгі күні, 31 жергілікті маңызы бар су айдындары (көлдер) резервте тұр.
2015 жылға  балық аулау лимиті 8391 тонна көлемінде бекітілді. 
Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен 2015 жылғы 14 ақпанда облыстағы балық шаруашылығын дамыту жөнінде мәжіліс өтіп, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Жануарлар дүниесін қорғау:
1) Браконьерлікке қарсы күрес шаралары:
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 28 фактісі анықталды. Олардың 4-не хаттамалар толтырылып, 39 600 теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Табиғатқа келтірген залалы үшін 8 тұлғаға 33 638 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді.
2) Биотехникалық іс-шаралар:
2015 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру:
Жануарлар дүниесін пайдалануға 80  рұқсат берілсе, оның ішінде Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарынан балық аулауға 64 және аң аулауға 16 рұқсаттар берілді. 
2015 жылдың I-ші сәуіріне 197 тонна балық ауланып, бюджетке 9 757 800 теңге қаржы түсті.

1. Балық шаруашылығы саласы бойынша
Бүгінгі таңда, облыс әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысымен балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені мен жергілікті маңызы бар 179 су айдыны тізімге алынды.
САРАТС жобасының 1-ші кезеңінін жүзеге асуынан Кіші Арал теңізі, көптеген су айдындары, көлдер қалпына келіп, балық аулау көлемі 15 есеге артты. 
Соңғы бес жылда балық аулау көлемі 2,5 есеге өсті. 
2014 жылға балық аулау квотасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 6725 тонна көлемінде бекітілді. 
2015 жылдың 1-ші қаңтарына  облыс бойынша  6 278 тонна балық ауланды. 
Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі мен 149 көл табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімді пайдалануға бекітіліп берілді.
Соңғы жылдары балық өңдеу саласы қарқынды дамып келеді.
Бүгінгі таңда, Арал, Қазалы аудандарында жылдық қуаттылығы 11,0 мың тоннадан астам 8 балық өңдеу зауыттары жұмыс атқаруда. 2015 жылдың 1 қаңтарына 2 891 тонна балық өңделген.
Шығарылып жатқан негізгі өнімдер балық филесі, ысталған, мұздатылған, қатырылған балық, балық ұны.
Өткен жылдың соңында бұрынғы «Атамекенбалықөңдеу» зауыты жергілікті кәсіпкерге жалға беріліп, «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС-і болып қайта құрылды. Бүгінгі күні зауытта 75 адам жұмыспен қамтылған. 
Кәсіпорын әкімшілігі халықаралық сапа стандарты мен еврокод алу бағытында шаралар жүргізуде.
Кәсіпорын балық өнімдері негізінен республикада Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Ресей, Грузия мемлекеттеріне жіберілуде. Сонымен қатар, Австрия, Германия, Польша мемлекеттерімен келісімдер жасалуда.
Облыстағы ірі балық өңдеу кәсіпорындардың бірі «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-ің балық өңдеу зауыты. Зауытта тұрақты 80 адам жұмыспен қамтылған. Жыл басынан бері 500 тоннаның үстінде балық қабылданып, өңделді. Сонымен қатар, жыл басынан бері 32,4 тонна балық филесі Польша мемлекетіне экспорттаған. 
Соңғы жылдары, балық өнімдерінің экспортының көлемі артып келеді.  2013 жылы 412 тонна экспортқа шығарылса, 2014 жылы құны 3 148 мың АҚШ доллары болатын 467 тонна балық өнімдері Грузия, Дания, Польша, Австрия, Германия мемлекеттеріне экспортқа шығарылды. 
Балық өнімінің көлемін арттырудың бірден-бір жолы тауарлы балық шаруашылылықтарын ұйымдастыру.
Тауарлы балық шаруашылықтарын дамыту облыста өткен жылдан бастап қолға алына бастады.
Бүгінгі күні, барлығы 9 шаруашылық, оның ішінде Арал ауданынан - 1, Қызылорда қаласынан - 2, Қазалы ауданынан - 1, Жалағаш ауданынан - 1, Шиелі ауданынан - 1, Жаңақорған ауданынан - 2, Сырдария ауданынан - 1 шаруашылыққа тауарлы балық шаруашылығы статусы берілді.
Алдағы 2-3 жылда олардың санын 20-ға жеткізу шаралары жүргізілетін болады.
2. Жануарлар дүниесін қорғау:
1) Браконьерлермен күрес шаралары
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 36 фактісі анықталды. Олардың  36-на хаттамалар толтырылып, 309 000 теңге әкімшілік айыппұлдар салынды. 
Табиғатқа келтірген залалы үшін 36 тұлғаға 1 818 мың. теңге айыппұл салынып, оның 1 818 мың теңгесі өндірілді, 3 іс бойынша материалдар сотқа жолданды.
2) Биотехникалық іс-шаралар
2014 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 994 мың теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржы толықтай игерілді. 
Аталған қаржыға жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жем сатып алу, шөп шашу, астау, аншлагтар орналастыру, тұз шашу, пана дайындау және жабайы аң-құстардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылды.
Раздел: 
Құрылған күні: 09-09-2012 19:46
Жаңартылған күні: 21-04-2017 09:32

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика