ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының мемлекеттік архиві қорынан
«Балалар әдебиетінің негізін қалаушы Саид Баязитов 90 жаста»
 
Қазақ әдебиетінің, қазақ балалар әдебиетінің еңбек сіңірген жазушысы Саид Баязитовтың туылғанына 90 жыл толуына орай Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің  қорындағы жеке тектік құжаттарынан  «Балалар әдебиетінің негізін қалаушы Саид Баязитов 90 жаста» тақырыбында көрме дайындалды. 
Көрменің мақсаты архив қорындағы балалар жазушысы С.Баязитовтың өмірі мен еңбек жолын дәріптейтін құжаттарымен көпшілікті таныстыру, жас ұрпақты шығармашылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
«Сыр елі-жыр елі» деп аталған топырақта талай ақын-жазушылар дүниеге келген. Солардың бірі Саид Баязитов – қазақ балалар әдебиетіне біраз еңбек сіңірген белгілі қаламгер.  Оның қаламынан туған көптеген туындылар кезінде оқушылар қауымынан тиісті бағасын алған болатын.  
Белгілі балалар жазушысы Саид Баязитов 1929 жылы Қызылорда облысындағы Сырдария ауданының «Кооператор» атты колхозында дүниеге келген.  Оның еңбек жолы 1945 жылы орта мектептегі аға пионер вожатый, бұдан кейін Сырдария аудандық пионерлер үйіндегі тәрбиешілік, директорлық жұмыстармен басталады. 1949-1958 жылдары Қызылорданың Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтында оқып, оны бітіргесін 1953-1957 жылдары облыс орта мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 1957 жылдан 1961 жылға дейін Саид Баязитов Қазақстан Жазушылар одағының Қызылордадағы облысаралық бөлімшесінің әдеби  кеңесшісі, 1961-1963 жылдарда Москвадағы жоғары әдебиет курсының тыңдаушысы болған. 
1969 жылы Молдован жазушысы Раиса Лунгурдың «Морцищор» повесін қазақ тіліне аударған. Жазушының ең тұңғыш туындысы «Күтпеген кездесу» (1954 ж), «Арал робинзондары» (1956 ж), «Майлы қалаш» (1959ж), «Айдарлыдағы айлар» (1967ж), (1976 ж) «Алтын кілт», «Құм қаланың қыздары» атты әдеби кітаптары жарық көрді. 
Көрмеге балалар жазушысы С.Баязитовтың өмірбаяны, М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы КСРО Журналистер Одағының жоғарғы әдебиет курсын бітіргендігі жөніндегі куәлігі, КСРО Жазушылар Одағына мүшелік билеті,  КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің отыз жылдығы» медалімен наградтау туралы жарлығы, Саид Баязитовтың туылғанына 50 жыл толуына орай  Қазақ КСР Қызылорда облыстық кітап сүюшілердің ерікті қоғамының Құрмет грамотасы, Қызылорда қаласындағы Ильич тұйығы көшесіне жазушы С.Баязитовтың есімін беру туралы қаулы, С.Баязитов Алматы қаласында Қазақ КСР Жазушыларының ІІІ съезінде, отбасымен бірге, монғол жазушысы Жамсрамжаб Гомбымен бірге түскен суреттері, жарық көрген әдеби кітаптары, баспасөз бетінде жарияланған мақалалары және т.б. құжаттар іріктеліп қойылды. 
Көрмеге 1951-1999 жылдар аралығындағы барлығы  25 құжат (9 құжат,  6 сурет, 5 газет, 5 кітап ) қойылды.  
 
 
Қазақ әдебиетінің, қазақ балалар әдебиетінің еңбек сіңірген жазушысы – С.Баязитов
 
 
С.Баязитовтың өмірбаяны
 
 

 

 

«Көмбедегі құпия»  қолжазбасы, 1951 ж.
 

 

 

С.Баязитов Қазақ КСР Жазушыларының ІІІ съезінде Алматы қаласында, 1954 ж.
 
«Күтпеген кездесу» атты кітабы, 1954 ж.
 

 

 

«Майлы қалаш» кітабы, 1959 ж.
 
«Қызғалдақтар гүл ашқанда» кітабы, 1960 ж.
 
С.Баязитов монғол халқының жазушысы Жамсрамжаб Гомбымен бірге, 1961 ж.
 
 
С.Баязитовтың М.Горкий атындағы әдебиет институты жанындағы КСРО Журналистер Одағының жоғарғы әдебиет курсын бітіргендігі жөніндегі куәлігі, 15.03.1963 ж.
 

 

 

«Көңіл күйлері» қолжазбасы, 1967 ж.
 
«Құрбақада неге құйрық жоқ» мақаласы, «Ленин жолы» газеті, 1972 ж.
 

 

 

«Менің әжем» мақаласы, «Ленин жолы» газеті, 1972 ж.
 
 
«Құтты мекен Қарақұмда» мақаласы, «Сыр сахнасы» газеті, 1973 ж.
 
 
С.Баязитов Оразбек Бодықов, Тастан Өтебаев, Сақтаған Тұрлымұратов, Нұрпейіс Байғараевпен бірге, 14.04.1973 ж.
 
«Қол шатырлы жолаушы» мақаласы, «Сыр сахнасы» газеті, 1974 ж.
 
 

 

 

С.Баязитов отбасымен бірге, 1974 ж.
 
 

С.Баязитовты КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің отыз жылдығы» медалімен наградтау туралы жарлығы, 1975 ж.

 

«Алтын кілт» кітабы, 1976 ж.
 
 
С.Баязитовтың туылғанына 50 жыл толуына орай Қазақ КСР Қызылорда облыстық кітап сүюшілердің ерікті қоғамының Құрмет грамотасы, 1979 ж.
 

 

 

С.Баязитовтың КСРО Жазушылар Одағына мүшелік билеті, 1980 ж.
 
«Космонавт домбырасы» мақаласы, «Ленин жолы» газеті, 1981 ж.
 
«Құм қаланың қыздары» атты кітабы, 1981 ж.
 
 
С.Баязитов қаламдас достары Асқар Тоқмағамбетов және Мирзо Тұрсынзадамен бірге
 
 

Қызылорда қаласы әкімінің Қызылорда қаласындағы Ильич тұйығына жазушы С.Баязитовтың есімін беру туралы шешімі, 18.01.1999 ж.
 
Құрылған күні: 30-10-2019 16:25
Жаңартылған күні: 04-11-2019 09:19
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика