ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

БАҚ

Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат жүктеу...45 Кб


Мемлекеттік ақпараттық саясат

(2017 жылдың І тоқсаны бойынша)

Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 86 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 77 баспа БАҚ (олардың ішінде 21-журнал, 56-газет).

2017 жылғы І тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті.

Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады.

Интернет желісінде 13 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).

Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.

Соңғы 5 жылда мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).

Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 37 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 25 тікелей эфирдегі сұхбат, сонымен бірге, басқарма тарапынан 24 баспасөз-туры ұйымдастырылды.

2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 104 660 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 76%-ын құрайды.


Мемлекеттік ақпараттық саясат
(2016 жылдың қорытындысы бойынша)
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 85 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды БАҚ, 5-еуі ақпараттық агенттік, 76-баспа БАҚ (оның ішінде 20-ы журнал, 56-сы газет).
2016 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 30% қоғамдық-саяси, 25% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 45% өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті.
Қызылорда облысында «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «KazVesti», «Kyzylorda-News.kz», «КИА AlashInform» ақпараттық агенттіктері (5) жұмыс жасайды.
Аймақтағы 15 баспа БАҚ-тың интернет сайттары құрылған. Оның ішінде, 2016 жылы «Сыр медиа» ЖШС құрамындағы 11 баспа БАҚ-тың өз сайттары ашылды (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары» және қалалық, аудандық басылымдар). Сонымен бірге, 4 тәуелсіз басылымның сайттары («Ұстаз мәртебесі», тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері және «Әлімсақ» журналы) ақпарат таратып келеді. 
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.
2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2016 жылы осы мақсатқа 621 700,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 4 жылда 2.7 есеге өсті.
Ерекше айта кететін жайт, облыстық медиа-холдинг «Сыр медиа» тарапынан құрамына аудандық басылымдардың сайттарын біріктірген кешенді интернет-портал ашылды (http://syr-media.kz/).
2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 120 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 68 тікелей эфирдегі сұхбат, сонымен бірге, 51 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 102 532 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 74%-ға тең.

Ақпараттық саясат және БАҚ 

(2016 жылдың III тоқсаны бойынша)
 
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 82 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 3-еуі ақпараттық агенттік, 75-баспа БАҚ (олардың 18-і журнал, 57-сі газет).
2016 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 27% қоғамдық-саяси, 25% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 48% өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті. 
Интернет желісінде 7 баспа БАҚ-тың өз сайттары бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ұстаз мәртебесі», тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.
2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 621 700,0 мың теңге бөлінді.
Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды. Ерекше айта кететін жайт, облыстық медиа-холдинг «Сыр медиа» құрамына аудандық басылымдардың сайттарын біріктірген кешенді интернет-портал ашты (http://syr-media.kz/).
2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 83 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 40 сұхбат ұйымдастырылды.
2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 105 239 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 76%-ға тең.

Мемлекеттік ақпараттық саясат
(2016 жылдың I жартыжылдығы бойынша)
 
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 83 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Олардың 4 электронды, 5 ақпараттық агенттік және 74 баспа БАҚ. 
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.
2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 591 480,0 мың теңге бөлінді.
Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды.
2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмыс жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 50 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 18 сұхбат ұйымдастырылды.
2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95 %, яғни, 97166 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. 
Аталған жұмыстарды жеделдету мақсатында қала, аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы тобы құрылды. «Казтелерадио» АҚ-ның 2016 жылғы 10 шілде күнгі ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс бойынша 90 348 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 66 %-ға тең.

Мемлекеттік ақпараттық саясат
(2016 жылдың I тоқсаны бойынша)
 
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 82 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Олардың 4 электронды, 5 ақпараттық агенттік және 73 баспа БАҚ. 
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.
2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 578 530,0 мың теңге бөлінді.
Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды.
2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын бастады. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 22 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 8 сұхбат ұйымдастырылды.
2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95 %, яғни, 97166 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. 
Аталған жұмыстарды жеделдету мақсатында қала, аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы тобы құрылды. «Казтелерадио» АҚ-ның 2016 жылғы 25 наурыз күнгі ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс бойынша 84 170 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 61,5 %-ға тең.

Ақпараттық саясат бойынша 2015 жылға

Аймақтың медиа кеңістігінде 80 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Оның төртеуі электронды, жетпіс екісі баспа БАҚ, төртеуі ақпараттық агенттік.

Баспа басылымдардың 48,1 пайызы қоғамдық-саяси, 27,1 пайызы ақпараттық және ақпараттық танымдық, 24,6 пайызы түрлі бағыттарда жарық көреді.
Облыс бойынша жергілікті БАҚ-тың 57 пайызы қазақ тілінде,5 пайызы орыс тілінде, 37,3 пайызы аралас тілде шығады.
2015 жылғы 12 қаңтарда облыс әкімімен «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу бойынша Бас медиа-жоспар» бекітілді. 
Жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламаларды және қоғамдық-саяси маңызды шараларды БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 54 медиа-жоспар бекітілді. Медиа-жоспар аясында жергілікті атқарушы органдардың қызметі кеңінен ақпараттандырылды. 
Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институционалдық реформасын өңірде кең көлемді ақпараттандыру мақсатында арнайы медиа-жоспар бекітіліп, 4845 мақала жарық көрді және 3970 сюжет көрсетілді.
Жолдауды іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша өңірлік баспа БАҚ-та арнайы айдарлар ашылды. Аталған айдарлар аясында жыл көлемінде 6955 мақала жарияланып, 7366 сюжет  көрсетілді.
Сонымен қатар, Жолдаудың басым бағыттары бойынша 18 ролик әзірленіп, жергілікті телеарналардың эфирінен көрсетілді. 
Есептік кезеңде қала, аудан әкімдерінің және сала басшыларының қатысуымен 113 брифинг ұйымдастырылып, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасының тікелей эфирінен 56 сұхбат көрсетілді. 
2011 жылдан бері «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы жұмыс жасайды. Аталған интернет басылымды қолданушылар саны күн сайын артып келеді.
Жыл көлемінде жергілікті БАҚ-тарда «Бұқаралық ақпарат құралдары»,«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»,«Жарнама туралы» ҚР Заңдарына сәйкес заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

Ақпараттық саясат бойынша:

(2015 жылдың 1 қазанына)

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 81 бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) жұмыс жасайды. Олардың төртеуі электронды, үшеуі ақпараттық агенттік, жетпіс төрті баспа БАҚ.

Жергілікті БАҚ-тың 57% қазақ тілінде, 5% орыс тілінде, 37,3% аралас тілде шығады.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламаларды және қоғамдық-саяси маңызды шараларды БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 54 медиа-жоспар бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және мемлекеттік бағдарламалардың аймақта жүзеге асырылуы бойынша жыл басынан бері 25 пресс-тур ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде Жолдауды іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша өңірлік баспа БАҚ-та 4587 мақала жарық көріп, 5054 сюжет жарияланды.

Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институционалдық реформасын ақпараттандыру бойынша арнайы медиа-жоспар бекітіліп, ағымдағы уақыт аралығында 3787 мақала, 2650 сюжет жарық көрді.

2015 жылғы 12 қаңтарда жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспар бекітілді.

Медиа-жоспар шеңберінде өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар кеңінен насихатталуда.

Ағымдағы жылдың 9 айында қала, аудан әкімдері және басқарма басшыларының БАҚ өкілдеріне арналған 90 брифингісі ұйымдастырылды.

Брифингте жергілікті атқарушы орган өкілдері мемлекеттік бағдарламалардың аймақта жүзеге асырылу барысы, атқарылып жатқан шаралар баяндалды.

Өңірде 2011 жылдан бері «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы жұмыс жасайды. Аталған интернет басылымды қолданушылар саны күн сайын артып келеді.

Облыстық ішкі саясат басқармасы «Ақпараттық саясат және БАҚ-қа мониторинг» бөлімімен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіліп, «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» және өзге де заң талаптарының сақталуы ұдайы қадағаланады.

Үстіміздегі жылдың 9 айы бойынша БАҚ-тарда заң бұзушылықтар орын алған жоқ.


БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
2015 жылдың 1 шілдесіне облыстың медиалық кеңістігінде қазіргі таңда 83 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 76-сы баспа БАҚ, 3-ақпараттық агенттігі. Олардың 19 журнал, 57 газет, оның ішінде 11 аудандық басылым. 
2015 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7 % қоғамдық-саяси, 25,6 % ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7 % өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-ның 50 % - қазақ тілінде, 10 % - орыс тілінде, 40 % - аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 5 баспа БАҚ-ның өз сайттары бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және «Ақмешіт жастары» газеті, сонымен қатар тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері).           
2011 жылдан бастап жұмыс жасайтын қазіргі таңда күніне 2000-нан аса қолданушысы бар «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы мемлекеттік тапсырыс алып, өз жұмысын тиімді атқаруда. Бұл өз кезегінде бұқара халықтың уақытылы ақпарат алмасып, пікірлер бөлісуіне пайдасын тигізуде.
2015 жылы барлық жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын арттыру және қоғамдық қадағалауды күшейту мақсатында облыстың бас медиа-жоспары бекітіліп, құзырлы органдарға орындау үшін жолданды. 
Жалпы, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мақсатында 2015 жылы 638, 091 млн. теңге бөлінді. 
Сонымен бірге, облыстың орталық коммуникациялар қызметі құрылып, қаңтар айынан бастап қала, аудан әкімдері және басқарма басшылары апта сайын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз сөйлеу (брифинг) кестесі жасалды.Есепті кезеңде барлығы 58 брифинг ұйымдастырылды.
Жыл басынан бері барлық облыстық басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері «Өзекжарды» тікелей эфирдегі хабарға шығып, сұхбат беріп, арнайы баспасөз мәслихаттарын өткізді. Жалпы 34 тікелей эфир өткізілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Қызылорда облысындағы филиалы ашылып, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің мамандары 23-24 маусым күндері Қызылорда облысында «Ақпараттық жəне SMM жұмыстардың заманауи технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Аталған шараларға Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының БАҚ және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметінің өкілдері, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар қатысты.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» және өзге де заң талаптарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. 2015 жылдың сәуір-маусым айларында БАҚ-тар тарапынан заң талаптарын сақтамау фактілері тіркелген жоқ.

Облыстың медиалық кеңістігінде қазіргі таңда 90 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 84-і баспа БАҚ, 2-ақпараттық агенттігі. Олардың 24 журнал, 60 газет, оның ішінде 12 аудандық басылым. 
2015 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7 % қоғамдық-саяси, 25,6 % ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7 % өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-ның 50 % - қазақ тілінде 10 % - орыс тілінде, 40 % - аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 5 баспа БАҚ-ның өз сайттары бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және «Ақмешіт жастары» газеті, сонымен қатар тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері).           
2011 жылдан бастап жұмыс жасайтын қазіргі таңда күніне 2000-нан аса қолданушысы бар «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы мемлекеттік тапсырыс алып, өз жұмысын тиімді атқаруда. Бұл өз кезегінде бұқара халықтың уақытылы ақпарат алмасып, пікірлер бөлісуіне пайдасын тигізуде.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» және өзге де заң талаптарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында БАҚ-тар тарапынан заң талаптарын сақтамау фактілері тіркелген жоқ.
Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын сыни бағыттағы материалдардың басым көпшілігі коммуналдық, жол мәселелері төңірегінде. Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан реформалар мен іс-шараларға қарсы сыни материалдар берілген жоқ.

Облыстың медиалық кеңістігінде 88 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 3-еуі электронды, 84-і баспа БАҚ, 1-ақпараттық агенттігі. Оның ішінде 13-і мемлекеттік, 75-і жекеменшік БАҚ болып табылады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының 85,2 %-ы мемлекеттік емес, 14,8 %-ы мемлекеттік. Қызылорда облысы бойынша шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген жоқ.

Аңдатпа

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН 9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 72 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
2-10 МАМЫР
«Сталинград», «В июне 41-го», «Небо в огне», «Батальон» көркем фильмдерінің көрсетілімі. Қызылорда қ., Қарттар үйі. 
3-7 МАМЫР
«Казахстанская армия глазами детей» тақырыбында шығармалар және суретшілер байқауы, Сағат 10:00 (Қызылорда қаласы және аудандық оқушылар үйлері)
3 МАМЫР
Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлттық рухтың қайнары» атты кітап көрмесі, Сағат 11:00. 7 мамыр  (Қызылорда қ., Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана) 
«Отан қорғау – парызың» атты мерекелік шара. (кітап көрмесі, концерт), Сағат 11:00  (Қызылорда қ., Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы)
4 МАМЫР
ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығы аясында «Әскерге бару – азаматтық парызым» атты әскер қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі, Сағат 17:00 (Қызылорда қ., Жалаңтөс баһадүр ескерткіші алаңы) 
Соғыс және еңбек ардагері, кәсіптік білім беру саласының ұлағатты ұстазы Смағұл Ысқақовты еске алуға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық  турнир, Сағат 10:00. (Қызылорда қ., Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі ғимараты)
5 МАМЫР
«Қаһарман Ұлт» – «Нация героев» жалпыреспубликалық акциясы, Сағат 10:00 (Облыстық жоғары, кәсіптік техникалық-білім беру ұйымдары)
 «Ұлы Жеңісті ұмытпайық, ұрпақтар» атты кітап көрмесі, Сағат 15:00  (Қызылорда қ., «Ақмешіт» музейі)
Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік салтанатты шара, Сағат: 17:00. 7 мамыр (М.Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйі)
Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара, Сағат: 17.00
7 мамыр (Шиелі аудандық мәдениет үйі)
6 МАМЫР
Жас ұландықтардың әскери-патриоттық слеті, Сағат 10:00  (Жалағаш ауданының орталық алаңы)
Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, әскери қызметкерлермен кездесуі, Сағат 11:00  (Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі)
Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара, Сағат 11:00 (Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі)
ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Елім деп соғар жүрегім» атты жалпы республикалық жастар флешмобы, Сағат 11:00  (Қызылорда қаласы және аудандардың орталық алаңдары)
«Желбіресін, мәңгі Жеңіс Туы!» атты музей қорындағы құнды экспонаттардың фотокөрмесі, Сағат 11:00 (Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үй) 
«Ұранды ердің ұрпағы қайсар» атты салтанатты жиын, Сағат 16:00  (Арал аудандық мәдениет үйі)
6-15 МАМЫР
«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» аты кітап және «Ерлік – елдіктің тұғыры» атты виртуалды көрмелері, Сағат 11:00  (Қызылорда қ., Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана)
6-7 МАМЫР
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың атындағы самбодан халықаралық мемориал, Сағат 15:00.  (Қармақшы ауданы Жосалы кенті, аудандық спорт кешені)
7 МАМЫР
Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына арналған мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында жеңіл атлетикалық аралас эстафета жарысы, Сағат 9:00.  (Қызылорда қ., «Мәңгілік даңқ» мемориалы)
Ауғанстан соғысына, Семей атом полигонына және Чернобыль атом электр станциясы зардабын жоюға қатысқан азаматтарға арналған ескерткіштердің ашылу салтанаты, Сағат 10:00 (Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесінің бойы)
ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған әскери парадтың тікелей эфирдегі көрсетілімі, Сағат 10:30 (Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі және аудандардың мәдениет үйлері)
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған патриоттық шара, Сағат 11:00 (Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің орталық алаңы)
«Ел мен ердің жеңісі» атты экскурсия-сабақ, Сағат 11:00  (Қызылорда қ., Облыстық тарихи-өлкетану музейі)
Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналған ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар, Сағат 11:00.  (Арал қаласының ипподромы)
8 МАМЫР
«Мен – қазақтың сарбазымын» атты патриоттық әндер концерті, Сағат 11:00.  (Қызылорда қ., Облыстық филармония)
Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, интернационалист жауынгерлермен, әскери қызметкерлермен «Ерлік тағылымы» тақырыбында кездесу, Сағат 11:00.  (Қызылорда қ., Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі)
8-13 МАМЫР
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты фотокөрме, Сағат 11:00. (Қызылорда қ., Облыстық тарихи-өлкетану музейі)
9 МАМЫР
Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға, ардагерлерді құттықтауға арналған мерекелік шара және «Жасампаз жасақ» шеруі, Сағат 10:00. (Қызылорда қаласының және аудандардың «Тағзым» алаңдары)
10 МАМЫР
«Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» тақырыбында интеллектуалдық сайыс, Сағат 10:00 (Қызылорда қ., Оқушылар сарайы)

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар бағдарламасы
28 сәуір - 3 мамыр
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – достық мекені» атты кітап көрмесі, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
29 сәуір
«Бейбітшілік пен бірлік жастары» атты облыстық жастар акциясы, сағат: 10.00 «Достық Үйі» ғимараты 
1 мамыр
Қазақстан халқы бірлігі күніне орай мәдени көпшілік 
іс-шара және  ұлттық ойындар мен спорттық сайыстардан жарыстар, жалпыхалықтық серуен, сағат: 10.00 Қызылорда қаласының орталық алаңы
Облыстық этно-мәдени орталықтардың қатысуымен «Татулық тірегі – Сыр елі» атты форум, сағат: 10.00 «Достық Үйі» ғимаратының алды (Қызылорда қаласы)
«Қазақстан халқының шәй ішу дәстүрі» атты көрме, 11.00 Облыстық тарихи өлкетану музейі
Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінің маусымдық ашылу салтанаты, сағат: 11.30 Қалалық мәдени-демалыс паркі
«Менің Елім!» атты облыс жастарының мотошеруі, сағат: 13.00 «Сыр Ана» монументі мен Тағзым алаңына дейін
«Достық әуені» атты облыстық филармонияның   
«Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблінің концерті, сағат: 20.00 Қалалық мәдени-демалыс паркі
«Қазақстан – татулық пен достықтың мекені» атты достық шеруі, сағат: 10.00 Арал аудандық орталық алаңы
«Достық әнін жырлайық» атты мерекелік концерт кешкілік серуен, 
сағат: 20.00 Арал аудандық орталық алаңы
«Ынтымақ – достық кепілі» атты мерекелік шара, сағат: 10.00 Қазалы аудандық орталық алаңы
«Достық әуені» атты облыстық филармонияның  «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблінің концерті, сағат: 11.00  Шиелі аудандық орталық алаңы
«Қазақ елі  татулық мекені» атты салтанатты шара, театрландырылған қойылым, сағат: 10.00 Жалағаш аудандық орталық алаңы 
«Менің елім – Мәңгілік ел» атты мерекелік шара, сағат: 10.00 Қармақшы аудандық орталық алаңы
«Иә, біз бауырлармыз!» мерекелік театрландырылған қойылым, мәдени көпшілік шара, сағат: 10.00  Сырдария аудандық орталық алаңы
«Елдіктің асыл мұраты – достықтың нұрлы шырағы» атты мәдени көпшілік шара, сағат: 09.00 Жаңақорған аудандық орталық алаңы
28 сәуір - 2 мамыр
Мереке күніне орай барлық қала, аудан, елді мекен орталықтарында театрландырылған қойылым, концерт, мәдени-көпшілік серуен,   Қызылорда қаласы және аудандарда, елді мекендерде 

10 – 12 сәуір

Ағымдағы жылдың 10–12 сәуірінде, «КазСтИн» РМК Қызылорда филиалы «2017 жылға арналған техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандарды дайындау және біліктілігін арттыру» тақырыбына оқыту семинарын өткізеді.
2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру Кешенді жоспары шеңберіне сәйкес Іс-шара мемлекеттік бағдарлама аясында өткізіледі.
Бағдарлама 2017 жылға арналған өнеркәсіптің 14 басым секторларында 1300 қызметкерлерді келесі бағыттар: техникалық реттеу ерекшеліктері мен негіздері, стандарттау, сәйкестікті бағалау (растау), аккредиттеу, метрология және халықаралық стандарттар шарттарына сәйкес менеджмент жүйелері бойынша дайындауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның мақсаты – әр – түрлі деңгейдегі қызметкерлердің (қатардағы мамандардан бастап инженерлер мен менеджерлерге дейінгі) кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру болып табылады. Бұл, әрі – қарай, іс жүзінде, барлық құралдарды дұрыс және тиімді пайдалана білу арқылы, өнімдерді өндіру және қызмет көрсету саласында жоғарғы нәтижелерге жетуіне әкелуі тиісті. Қызылорда облысы бойынша тоқсан үш маманды келесі салалары бойынша: тағам өндірісі және агрохимия оқыту жоспарланып отыр.
Лекторлар ретінде эксперт – аудиторлар, Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жетекші мамандары, негізгі нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеушілердің қатысуы жоспарланып отыр.
Өткізілетін орны: Қызылорда қ-сы, Журба к-сі, 12 (АҚ ҚФ Даму ғимараты, мәжіліс-залы)
Байланыс мәліметтері: Шарапат Г.Ж. – «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалының директоры, т. 8 (7242) 40-03-11. Дарибаева А.А., «ҚазСтИн» РМК орталық аппарат, т. 8 (7172) 22-64-81.

26-31 желтоқсан аралығында аймақта өтетін шаралар

26 желтоқсан

ҚР Президенті атынан балаларға арналған облыстық жаңа жылдық шырша сағат 11.00 (Қызылорда қаласы «Орда» мейрамханасы)

28 желтоқсан

Амбулаториялық емхананың ашылуы сағат 11.00 (Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылдық округі)

Сала үздіктерін марапаттау шарасы сағат 16.00  (Шиелі аудандық мәдениет үйі)

«Жаңа жыл жарқын болашақ» мерекелік концерт, көпшілік серуен сағат 20.00 (Шиелі ауданы, орталық алаң)

29 желтоқсан

Жаңа жыл мерекесіне арналған мәдени іс-шара сағат 16.00 (Қызылорда қаласы, орталық алаң)

«Жаңа жыл, жаңа қадам, жаңа бағыт» атты салтанатты жиын сағат 16.00 (Арал аудандық мәдениет үйі)

31 желтоқсан

Жаңа жылдық мерекелік концерт сағат 18.00 (Жалағаш ауданы, орталық алаң)

Мерекелік концерттік бағдарлама, мерекелік отшашу сағат 19.00 (Қызылорда қаласы, орталық алаң)

Жаңа жылдық мерекелік концерт 19.00, 20.00. (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары, орталық алаң).


14-15 желтоқсан күндері аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар

15 желтоқсан

«Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» тақырыбында салтанатты жиын, Арал аудандық мәдениет үйі, сағат 15:00.

Тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры Көзейбаев Сапар Әлиасқарұлының қатысуымен брифинг, Қызылорда қаласы, облыс әкімдігі ғимараты, сағат 15:00.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу мақсатында Қызылорда горнизоны қызметкерлерінің қатысуымен өтетін әскери-патриоттық шара, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайы, сағат 17:00.

14 желтоқсан

Қызылорда облысы делегациясының қатысуымен Берекет Кәрібаевтың «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының тұсаукесер-брифингі, Астана қаласы, Орталық коммуникациялар қызметі, сағат 17:00.

«Білімді Қазақстан» атты ардагер ұстаздарды марапаттау салтанаты, Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі, сағат 11:00.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу аясында орталық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған ақпараттық топтың мүшесі –  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нурабаевтың Шиелі (сағат 11:00) және Жаңақорған (сағат 15:00) аудандары тұрғындарымен кездесуі, аудандық мәдениет үйлері.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу аясында орталық мемлекеттік органдары өкілдерінен құралған ақпараттық топтың мүшесі – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Кинаятов Асланның Қармақшы (сағат 11:00) және Қазалы (сағат 17:00) аудандары тұрғындарымен кездесуі, аудандық мәдениет үйлері.

 «Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын, Қармақшы аудандық мәдениет үйі, сағат 11:00.

 «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты шара, Шиелі аудандық мәдениет үйі, сағат 11:00.

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбында салтанатты жиын, Жаңақорған аудандық мәдениет үйі, сағат 15:00.

 «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын, Сырдария аудандық мәдениет үйі, сағат 17:00.

 


10-11 желтоқсан

М.Шоқай атындағы қазақ күресінен республикалық турнир, Шиелі ауданы, аудандық спорт кешені, сағат 10:00.
10 желтоқсан
Қызылорда облысының суретшілері мен мүсіншілерінің туындыларынан құралған «Қазақстанның таңғажайып дәуірі бұл...» атты көрме, Қызылорда қаласы, облыстық көркемсурет галереясы,сағат 11:00.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған облыстық көшбасшы әйелдердің салтанатты жиналысы, Қызылорда қаласы, «Бастау» бизнес орталығы, сағат 17:00.
12 желтоқсан
«2016 жылы Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» облыстық көрме-конкурсы, Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі,сағат 14:00.
«Тәуелсіздік шарапаты» қайырымдылық акциясы, Қызылорда қаласы,Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйі, сағат 15:00.

6-11 желтоқсан аралығында аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар
6 желтоқсан
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен өтетін Жалпыұлттық телекөпір, сағат 13:00.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған Дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық фестивалі, Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, сағат 18:00.
Жас отбасылар арасындағы облыстық «Жас отау» байқауы, Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі, сағат 15:00.
«Жас ғалым-2016» ІТ технологиясы бойынша арнайы және кәсіптік колледж оқушылары арасындағы ғылыми жобалар байқауы, Қызылорда қаласы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимараты, сағат 10:00.
7 желтоқсан
«Арулар жетістігі – Тәуелсіздік жемісі» атты ІІ облыстық әйелдер форумы, Қызылорда қаласы, «Кәусар» мейрамханасы, сағат 17:00.
8 желтоқсан
Шиелі ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаевтың қатысуымен брифинг, Қызылорда қаласы, облыс әкімдігі ғимараты, сағат 16:00.
«Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл: Бейбітшілік пен даму жолындағы дәстүрлі дін» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі, сағат 11:00.
«Абай мұралары, әлем және қазақ мәдениеті контекстінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, Қызылорда қаласы, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана, сағат 10:00.
«Нұр Отан» партиясының қатарына азаматтарды қабылдау салтанатты шарасы, Қызылорда қаласы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимараты, сағат 12:00.
9 желтоқсан
«Сыр – Алаштың анасы» экспедициясының презентациясы, Қызылорда қаласы, Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйі, сағат 16:00.
10-11 желтоқсан
М. Шоқай атындағы қазақ күресінен республикалық турнир, Шиелі ауданы, аудандық спорт кешені, сағат 10:00.

5 желтоқсанда аймақта өткізілетін шаралар

5 желтоқсан

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Халықаралық еріктілер күніне орайластырылған «Ерікті жастардың облыстық слеті», Қызылорда қаласы, «Болашақ» университетінің студенттер сарайы, сағат 16:00.

 

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Жолдасбаевтың қатысуымен брифинг, Қызылорда қ.,облыс әкімдігінің ғимараты, сағат 15:00.

 

Күзгі шақырылыммен Отан қорғауға аттанатын азаматтарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі, Қызылорда қаласы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің саптық алаңы, сағат 18:00.


4 желтоқсан

«Тəуелсіз Қазақстан пойызы» республикалық акциясы, Қызылорда қаласы, теміржол вокзалы, сағат 9:00.

3-4 желтоқсан

 Т. Жүргеновты еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир, Қызылорда қаласы, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөс­пірім­дер мектебі, сағат 12:00.

2 желтоқсан

«Жас отау» жас отбасылардың облыстық конкурсы, Қызылорда қаласы, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі, сағат 15:00.

2 желтоқсан

«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы, Қызылорда қаласы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, сағат 11:00.

1-5 желтоқсан

Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының кубогы, Қызылорда қаласы, «Еуразия» спорт кешені, сағат 16:00.

30 қараша

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» арналған мерекелік салтанат, Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, сағат 17:00.

30 қараша

 

«Жаңа білім әлемі» тақырыбындағы слайд-сабақ, Қызылорда қаласы, Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана, сағат 11:00.

29 қараша

Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаевтың қатысуымен брифинг, Қызылорда қаласы, облыс әкімдігінің баспасөз орталығы, сағат 16:00.

29 қараша

Мемлекеттік қызметке жаңадан түсушілердің ант қабылдау рәсімі, Қызылорда қаласы, «Мемлекеттік Рәміздер Аллеясы», сағат 11:00.


22-27 қараша аралығында аймақта өтетін мәдени- көпшілік шаралар

22 қараша

Қазақстандық Олимпиада жеңімпаздары туралы «Көк тудың желбірегені» атты танымдық фильмнің көрсетілімі, Қызылорда қаласы, Қарттар үйі, сағат 10:00.

           

«Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбындағы кітап көрмесі, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың І оқу ғимараты, сағат 15:00.

 

22-23 қараша

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің Қармақшы, Шиелі аудандары тұрғындарымен кездесулері, аудандық мәдениет үйлері және ауылдық клубтар.

 

22-30 қараша

«Тәуелсіздікке тарту» атты облыстық жастар керуенінің жастармен кездесулері, аудандық мәдениет үйлері.

 

23 қараша

Ұлы Отан соғысының ардагері, ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовтің 100 жылдығына арналған облыстық танымдық конференция, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі, Қызылорда қаласы, сағат 11:00.

 

24-27 қараша

М. Шәменовтің 100 жылдығына арналған шаралар (облыстық ақындары айтысы, дзюдодан жасөспірімдердің Х  республикалық біріншілігі, М. Шәменов атындағы бұрыштың ашылу салтанаты), Жалағаш ауданы, сағат 10:00.

 

24-27 қараша

Бокстан жастар арасында «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған республикалық турнир, Қызылорда қаласы, «Евразия» спорт кешені, сағат 15:00.

 

24 қараша

 «Тәуелсіз елім – ұлы далам менің» тәуелсіз елдің құрдастары акциясы («Сыр үміті» сыйлығын табыстау рәсімі), Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайы, сағат 17:00.

24 қараша

 «Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі» тақырыбындағы шығармалар сайысы, Қызылорда қаласы, «Болашақ» университеті, сағат 11:00.

 

25 қараша

Белгілі ақын, қаламгер Шаһизада Әбдікәрімовтің «Ақыл мен сезім бұрқағы» атты авторлық кеші, Қызылорда қаласы, Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры, сағат 18:00.

 

26 қараша

Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі және «Арай-2» мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің пайдалануға берілу және «Қызылорда облыстық балалар ауруханасы және кеңес беру-диагностикалық емханасының» ашылу салтанаты, Қызылорда қаласы, сағат 9:00.

 

26-27 қараша

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы, Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры, сағат 11:00. 


16-18 қараша аралығында аймақта өтетін мәдени- көпшілік шаралар

 

16 қараша

 

Қоғам қайраткері А. Айдосов атындағы көшенің ашылу салтанаты, Қызылорда қаласы, Саяхат мөлтек ауданы, сағат 10:00.

 Қоғам қайраткері А. Айдосовтың 80 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайы, сағат 11:00.

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы, Қызылорда қаласы 16-19 қараша, «Мұз айдыны» спорт кешені, сағат 10:00.

 «Сенің еңбегің – сенің ертеңің!» атты облыстық жастар балы, Қызылорда қаласы, «Орда» мейрамханасы, сағат 18:00.

17-18 қараша

 

«Достық KZ» V дәстүрлі облыстық жастар форумы, Байқоңыр қаласы, «Ғарыш сапары» ғимараты, сағат 14:00.

Кезекті VII «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы,  Қызылорда қаласы, облыс әкімдігі ғимараты, сағат 10:00.


1-6 қараша аралығында

Қызылорда облысында өткізілетін шаралар

 

1 қараша.

Гандболдан әйелдер арасында клубтар лигасының І Азия чемпионатының финалы. (Қызылорда қаласы, «Мұз айдыны» спорт кешені). 

2 қараша.

Қызылорда облысының қолөнер  шеберлерінің республикалық көрме-жәрмеңкесі. (Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі).

2-5 қараша.

Жалаңтөс баһадүр жүлдесіне арналған бокстан республикалық турнир, Қызылорда қаласы. (Жалаңтөс Сейтқұлұлы атындағы Қызылорда облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты).

2-6 қараша.

Ә.Қалымбетовты еске алуға арналған футболдан республикалық турнир, Қызылорда қаласы. («Локомотив» стадионы).

4 қараша.

Белгілі батыр, би, халық қайраткері Тұрсынбай Бүркітбайұлы туралы «Тұрсынбай датқа» тақырыбындағы танымдық конференция (Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі).

5 қараша.

Ұлы Отан соғысы ардагері, Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисеновтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы. (Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы).

6 қараша.

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінен Конфедерация кубогы. (Қызылорда қаласы, «Еуразия» спорт кешені).

Баспасөз парағы

 
Аймақ басшысы азаматтарды қабылдайды
 
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. 

Екінші айналым басталды
Бүгін қызылордада волейболдан жоғарғы лиганың  «б» тобында ерлер арасында қр xxv чемпионатының екінші айналым ойындары басталды. 
Жарысқа «жетісу жастар» (талдықорған), «казнау-алматы» (алматы), «тараз-2» (тараз), «павлодар - 2» (павлодар), «динамо-қазығұрт» (шымкент), «алтай-2» (өскемен) және «қайсар» (қызылорда) командалары қатысуда.
Жарыстың бірінші айналымы 21-29 қараша аралығында алматы қаласында өтеді. екінші айналым 28 желтоқсан күні аяқталады. 
Ойындар күн сайын сағат 10.00-де «Сейхұн» сппорттық-сауықтыру кешенінде өтеді.

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов брифинг өткізеді
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов облыстық мәслихаттың биылғы жылы атқарған жұмыстары жайлы брифинг өткізеді. 
Мәслихат сессияларында қаралған мәселелерге шолу жасап, өңірдің әлеуметтік нысандарына және өзекті мәселелерді шешу үшін жұмсалатын қаржы көлемі жайлы ақпарат береді. Сонымен қатар тұрақты комиссиялар  жұмысымен таныстырады.

Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев брифинг береді
2016 жылғы 23 желтоқсан сағат 16.00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Махмутбайұлы Әміреев ауданда 2016 жылғы 11 айда атқарылған жұмыстар мен 2017 жылы атқарылатын жұмыстар жайлы брифинг өткізеді.

Сыр серілері тележобасының жеңімпазы анықталатын болады
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілген жігіттер арасындағы сайыс өз мәресіне жетті.
Сайыста үздік шыққандар Н. Бекежанов атындағы драма театрында марапатталады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл жобаны «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы мен «Жастар ресурстық орталығы» бірге ұйымдастырған. 
Байқау барысында сайыскерлер ұлттық ойындар мен заманауи спорт түрлерінен сайысқа түсті. Төр ай бойы 25 жігіт «Сыр серісі» атану үшін талай сыннан өтіп, олардың ішінен оқ бойы озық көрінген 8 сері суырылып алға шықты. 

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізіледі
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша брифинг өткізеді.      
Қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің   сұрақтарына судья жауап береді.

Ардагерлер арасында бильярдтан турнир өтеді
Шиелі ардагерлері арасында бильярдтан Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Әбілқасым Палымбетовті еске алуға арналған сайыс өтеді.
Тастаяқ ойынына 20-дан астам ардагер қатысады. 

«Достықта жоқ шекара» атты фестиваль-концерті өтеді
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы «Достықта жоқ шекара» атты фестиваль-концерті өтеді.
Шараға Оңтүстік Қазақстан облысынан «Казак» хоры мен Алматы облысынан «Гармония» дуэті келеді. Сахнада өлеңдер оқылып, этномәдени бірлестіктердің жас әрі белсенді мүшелері домбыра мен баянның сүйемелдеуімен ән айтып, би билейді.
Шара соңында облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, салтанатты фестивалге белсенді қатысқандарға «Алғыс хат» тапсырады.

Егіз бақыт
Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Социум» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы мен «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шара өтеді. Оған әртүрлі жастағы егіздер мен олардың аналары шақырылады.

Қызылорда қаласының ашық чемпионаты өтеді
16-17 желтоқсан күндері Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көркем гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтеді. Жарысқа Алматы, Тараз, Шымкент, Кентау, Байқоңыр және Қызылорда қалаларынан 150-дей спортшы қатысады.

Дін саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтеді
2016 жылғы 22 желтоқсанда облыстық коммуникациялар орталығында дін саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтеді.
Оған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ербол Рүстемов, осы басқарманың бөлім басшысы Серік Әбдіқадіров, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев қатысады.

«Мәңгілік елдің мұраты – Тәуелсіздік!» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде Азаматтық Альянсы қауымдастығының «ҮЕҰ-ға арналған ақпараттық ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» жоба аясында Чернобыль, Ауғанстан және Совет Армиясы әскерлері жесірлерінің одағы «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің мұраты – Тәуелсіздік!» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, ҮЕҰ-ның мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысады.

Оқу орнынан мұражай ашылады
Әйтеке би кентіндегі Қазалы көлік-техникалық колледжінде оқу орнының  тарихынан сыр шертетін мұражай ашылады.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары пайдалануға берілген білім ордасының аудан тарихынан ойып тұрып орын алды. Үш бөлмеден жасақталған мұражайдың бірінші бөлмесінде колледж студенттері әзірлеген алғашқы паровоздар макеттері мен білім ошағын басқарған басшылардың, ұстаздардың суреттері орналастырылды. Тағы бір бөлімде іргелі оқу орнының жетістіктері көрсетілді.

Үздіктерге сыйақы беріледі
2016 жылғы 15 желтоқсанда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты салтанатты шара өтеді. 
Көп жылғы жемісті шығармашылық еңбектері және студенттерге сапалы білім берудегі жетістіктері үшін 100 профессор-оқытушы мен үздік 100 студент ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Сайлау комиссиясы мүшелері марапатталады
2016 жылғы 15 желтоқсанда Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жүнісов маңызды электораттық науқандарды дайындауға және өткізуге белсенді қатысып, мемлекеттің сайлау жүйесінің қалыптасуына сүбелі үлес қосқан сайлау комиссияларының бірқатар мүшелеріне ҚР ОСК төрағасының «Алғыс хатын» табысталады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өз хатында сайлауком мүшелерінің тапсырылған істі жоғары жауапкершілікпен атқарған еңбегіне алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірген.

ҚАЖ департаменті Тәуелсіздік мерекесін атап өтеді
2016 жылғы 15 желтоқсанда С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кадр жұмысы тобының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді.
Мерекелік шарада мемлекетіміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып өнегелі істі жалғастырар, жастарға кәсіби және өмірлік тәжірибесін үйретуден жалықпаған Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері қонақта болады. Департамент басшылығы ардагерлерге арнап сый-сияпат көрсетеді.

Азаттықтың рухы асқақ
2016 жылғы 15 желтоқсанда Қызылорда қаласы және аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.
Салтанатты шарада қала басшысы әр сала өкілдеріне «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалін табыс етеді. Бірқатар азаматтар облыс, қала және аудан әкімдері мен ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының «Алғыс хаттарын» иеленеді. Шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделеді.

Нұротандықтар қайырымдылық шарасын өткізеді
2016 жылғы 14 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясын ұйымдастырады.
Жетекші партия өкілдері игілікті шараны ҰОС ардагері, 92 жастағы Әбдірауық Сатыбалды ақсақалды мерейлі мерекемен құттықтайды.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы екінші рет өткізіледі. Мұнан бөлек партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобалары аясында жыл бойына 100-ден астам отбасыларға азық-түлік және қаржылай көмек көрсетілді.

«Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» тақырыбында кеңейтілген жиын өткізіледі
2016 жылғы 14 желтоқсан сағат 11.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» тақырыбында кеңейтілген жиын өткізіледі.

Семинар-тренинг өтеді
2016 жылғы 14 желтоқсанда Қызылордада мемлекеттік құрылымдар мен БАҚ өкілдерінің, ҮЕҰ басшыларының қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай семинар-тренинг өтеді.
Шара Ақмешіт ақшамы газеті редакциясында орналасқан «Көшбасшы әйелдер» мектебінде өтеді.
Жиын барысында барлық әйелдердің көкейкесті мәселелері талқылайды.

Полиция қызметкерлері мерейтойлық медальмен наградталады
2016 жылғы14 желтоқсанда Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара өтіп, оған сала ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам түгел қатысады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиын өтеді
2016 жылғы 13 желтоқсанда Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиын өтеді. Жиында аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сараланады. 
Жиында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі атап өтіледі. Әсіресе, Мемлекет басшысының Солтүстік Арал теңізін қалыпқа келтіру, «Байқоңыр» ғарыш айлағының дамыту, аймақтағы уран және мұнайгаз өнеркәсібінің құрылуы, күрделі әлеуметтік мәселелердің шешілуі, Сыр өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін қалыптастыру, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұраларының жаңғыруы бағытындағы бастамаларына ел ризашылығы жайлы ерекше айтылады.
Салтанатты шараның соңы белгілі орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен қорытындыланады.

Жас полицейлер ант қабылдайды
2016 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында қызметке жаңадан қабылданған жастар қызметті адал және абыроймен атқаруға, ел азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант береді.
Мемлекеттік Рәміздер аллеясында өтетін салтанатты жиынға департамент басшылығы, қызметкерлері және ардагерлерінен бөлек жас полицейлердің ата-аналары мен жақындары қатысады.
Қызметке жаңадан келген 25 жастың 10-ы жергілікті полиция қызметінің қатарын толықтырады, ал қалғандары тергеушілер, анықтаушылар, кадр қызметкерлері және жедел уәкілдер.

«Ел тәуелсіздігіне 25 жыл: Бейбітшілік пен даму жолындағы дәстүрлі дін» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ел тәуелсіздігіне 25 жыл: Бейбітшілік пен даму жолындағы дәстүрлі дін» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Конференция мақсаты ҚР зайырлы ұстанымдағы мемлекет екенін түсіндіру, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұстанымындағы діни толеранттылық байланысты нығайту, қоғамдық пікірді тыңдау,  дәстүрлі емес діни ағымдардың жолына тосқауыл қоятын жаңа тәсілдерін табу.


Партия қатары жаңа мүшелермен толығады

2016 жылғы 8 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Тәуелсіздіктің 25» жылдық мерекесі қарсаңында партия қатарына бірқатар азаматтарды салтанатты түрде қабылдайды.


 «Абай мұралары қазақ және әлем мәдениеті контекстінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

2016 жылғы 8 желтоқсан сағат 10.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Абай мұралары қазақ және әлем мәдениеті контекстінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.


«Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты акция өтеді

2016 жылғы 8 желтоқсан Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында дүниежүзілік жастар күніне орай «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты акция өтеді. Шараның мақсаты – жастардың патриоттық-отансүйгіштік сезімін нығайту, елін қорғауға тәрбиелеу,  Отанының тағдыры үшін жауапкершілік сезімін  қалыптастыру.


Үздік экскурсовод-2016» облыстық байқауы ұйымдастырылады

7 желтоқсан күні сағат 14.00-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде аудандық музей қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Үздік экскурсовод-2016» облыстық байқауы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – облыстың әлеуметтік-мәдени дамуы аясында музей қызметінің рөлін арттыру, үздік экскурсоводтарды анықтау.


«Арулар жетістігі – Тәуелсіздік жемісі»  ІІ облыстық әйелдер форумы өтеді

2016 жылдың 7 желтоқсанында Қызылорда қаласында ІІ облыстық әйелдер форумы өтеді. Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып отырған форумға облысқа белгілі  200-ге жуық ару шақырылады.


«Нұрлы жол – Жастар жолы» атты жастар арасында кездесу өтеді

2016 жылғы 7 желтоқсан күні Қызылорда облыстық және аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұрлы жол – Жастар жолы» атты жастар арасында кездесу өткізу жоспарлануда. Кездесудің мақсаты – жастарға Елбасының Жастар саясатына байланысты бағдарлмаларын түсіндіру.


ҚР Президентінің қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірде «Шалқия» кен орны іске қосылады

6 желтоқсан күні индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір барысында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жобасы іске қосылады.

Кәсіпорында руданы тікконвейерлі әдіспен өндірудің инновациялық технологиясы қолданылады. Кен орнын игеру жобасы толық қуатта іске қосылған кезде 1500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. «Шалқия» кен орнын игеру Қазақстан үшін мырышты өндіруші ең ірі елдердің қатарына енуге сондай-ақ, қорғасын шығаруға мүмкіндік береді.


«Жас ғалым-2016» ІТ технологиясы бойынша арнайы және кәсіптік колледж оқушылары арасында  ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылады

2016 жылғы 6 желтоқсанда сағат 10.00-де «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында «Жас ғалым-2016» ІТ технологиясы бойынша арнайы және кәсіптік колледж оқушылары  арасында  ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырады.

Байқаудың негiзгi мақсаты:

1) оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;

2) ой еңбегiнiң беделiн арттыру;

3) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;

4) Қызылорда облысы мен Қазақстан Республикасының ғылыми-зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.


«Қазақстанның таңғажайып дәуірі бұл....» атты көрме ұйымдастырылады

6-25 желтоқсан аралығында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай Қызылорда облысының суретшілерінің туындыларынан «Қазақстанның таңғажайып дәуірі бұл....» атты көрме ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа суретшілердің шығармашылығын насихаттау, өнерлерін шыңдау және тәжірибе алмасу, эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлау.


«Сұлу саздың зергері» атты музыкалық сағат ұйымдастырылады

2016 жылғы 6 желтоқсан Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында композитор Кеңес Дүйсекеевтің 70 жасқа толуына арналған «Сұлу саздың зергері» атты музыкалық ән кеші ұйымдастырылады. Шарада  композитордың өмірі мен шығармашылығы, әндерінің шығу тарихы туралы  айтылып, әндері орындалады.


«Ақмешіт» фольклорлық  ансамблінің  концерті өткізіледі

6 желтоқсан  күні сағат 18.00-де Қызылорда облыстық филармония залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған егемен еліміздің мәдениеті мен музыка өнерін кеңінен насихаттау мақсатында «Ақмешіт» фольклорлық  ансамблінің  концерті  өткізіледі. Концерттік бағдарламада ансамбль  солистері Э.Қалқожаева, Б.Қарғабаев, Е.Әбдіразақовтар қазақ композиторларының әндері мен халық әндерін  орындайды.


Облыстық еріктілер сайысы өтеді

«Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі аясында 5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне орай «Болашақ» университетінің Студенттер сарайында «Еркін елдің-еріктілері!» облыстық еріктілер слеті өтеді.

Слетте облыстағы еріктілер қозғалысының дамуына үлес қосқаны үшін облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен 25 белсенді ерікті және корпоративті еріктілікпен айналысқан мекемелер марапатталады.

Шараға жастар ұйымдарының жетекшілері, белсенді жастар, еріктілер және БАҚ өкілдері қатысады.


Қызылорда қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» республикалық акциясы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі құрметіне орай «Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» республикалық акциясы 2016 жылғы 2 қарашадан Қарағанды қаласынан  жолға шықты. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтетін республикалық акция мақсаты – ел Тәуелсіздігі жылдарындағы  республиканың қол жеткізген жетістіктерін насихаттау, халықтың бірлігін нығайту, жұртшылықтың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына назар аудару, ел дамуының базалық басымдықтарын көрсету болып табылады.

Арқадан аттанған пойыз 43 күннің ішінде  35 елді мекенге аялдап, әрбір тоқтаған бекеттерде дәрігерлік, қоғамдық қабылдаулар, консультациялық кеңестер және түрлі қайырымдылық шара өткізуді жоспарлаған. Республикалық акцияға  Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және 7 министрлік пен 2 ұлттық компания, қаржы институттарының өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлер және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысады.

Кестеге сәйкес «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ү.ж. 4 желтоқсанда Қызылорда қаласына келеді деп күтілуде. Жалпы, Қызылорда облысына 80-нен аса делегация мүшелері келеді.

Акция барысында әлеуметтік, медицина, мемлекеттік қөрсетілетін қызметтерді алу, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамыту, білім саласы, тұрғындарды және заңды тұлғаларды зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер беріліп, кездесулер өткізілетін болады. 

Делегация басшысы – Л.М.Гумилев атындағы  Еуразиялық Ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Әлпейісов Әміржан Қайырұлы пен  ҚХА мүшесі, Астана қаласын әкімдігі Қоғамдық кеңес мүшесі, ф.ғ.д., профессор Казкенов Казбек Майлыбаевич.

Сыр еліндегі сапарда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мәжіліс залында құқық қорғау органдарының өкілдерімен тарта отырып қоғамдық қабылдау ұйымдастыру, Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша кеңестер беру, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында  тұрғындарды және заңды тұлғаларды зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру,  Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша кеңес беру; Кәсіпкерлерді қолдау орталығында ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңес беру, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған лекция – таныстырулар, №278 орта мектебінде білім саласы бойынша бағдарламаларды насихаттайтын  лекция-таныстырулар мен кеңестер, Кәсіпкерлікті қолдау орталығында  шағын және орта кәсіпкерлікті және бизнесті дамыту бойынша кеңес беру,Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі» «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлттың рухани негізі», «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді», «Казахстанская идентичность - как фактор личной ответственности казахстанцев» тақырыптарында ҚХА мүшелерімен лекция таныстырулар, кездесулер өткізу, Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында медицина мәселелеріне байланысты кеңес беру, Орталық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясына қатысушы өкілдерімен брифинг өткізу,  

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» акциясының гала-концертін өткізу көзделген. 

«Тәуелсіз Қазақстан» Пойызының» сапары 14 желтоқсанда Алматы қаласында аяқталады. 


«Елбасы ел тірегі» атты фотокөрме өтеді

1-5 желтоқсан күндері сағат 09.00-ден 18.00 аралығында Ақмешіт музейінде 1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне орай музей қорындағы фотосуреттер мен құжаттардан «Елбасы ел тірегі» атты фотокөрме  ұйымдастырылады. Көрменің мақсаты – жас ұрпақты Елбасының өмір жолымен таныстыру арқылы отансүйгіштік сезімін нығайту және Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау.


Тұңғыш президент күніне орай фотокөрме өтеді

1 желтоқсан күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тұңғыш президент күніне орай фотокөрме ұйымдастырылып, ашық есік күні өтеді.Мақсаты: Елбасының тәуелсіздік жолындағы ерен ерлігін, еңбек жолын үлгі ету.


Т.Ахтанов «Ант» тарихи драма

Өтетін орны:Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Өтетін уақыты: 1 желтоқсан, сағат 17.00

Шығарма елдік пен бірлік тақырыбын ту етіп, қазақ халқының ат үстінен түспеген екі жүз жылдық тарихының шешуші кезеңдерін қамтиды. Ел бірлігін сақтап қалуды мақсат тұтқан қазақтың Әбілқайыр ханы мен төбе билері, шешендерінің мақсаттары мен өмірін сиппаттайтын тарихи драма.


Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы басталады

1-5 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы "Евразия" спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы өтеді. Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 200-дей спортшы 15 салмақ дәрежесінде бақ сынасады. Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Республикалық және облыстық ауыр атлетика федерациясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.  Жарыстың басталуы 1 желтоқсан сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 16.00-де «Евразия» спорт кешенінде.


Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты концерт өтеді

1 желтоқасан сағат 17.00-де облыстық филармония концерт залында күні ҚР Тұнғыш Президенті күніне арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты концерт өткізіледі. Салтанатты шараның мақсаты – жастарды Отанын құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу.


«Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі өтеді

1 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.Көрменің мақсаты – жастарға Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Елбасының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегі жайлы жеткізу болып табылады. 


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтеді
2016 жылғы 30 қарашада Қызылорда облысының Әділет департаментінің мәжіліс залында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен ашылады. Шара барысында жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындағаны үшін департаменттің қызметкерлері Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен, Әділет министрінің Грамоталарымен марапатталып, Алғыс хаттар табысталады.

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында тақырыптық кеш өткізіледі
2016 жылдың 29 қарашасында Қызылорда қаласы №4 С. Сейфуллин атындағы орта мектепте сағат 16.00-де «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында тақырыптық кеш өткізілетін болады. Шараға қалалық білім бөлімі мамандары, оқушылар барлығы 100 адам қатыстыру жоспарланған.

Қол күресінен және гір көтеруден аудан біріншілігі өткізіледі
2016 жылдың 29 қарашасында «Ядролық қарусыз әлем» күніне орай, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен Арал қаласы жастар арасында № 64 орта мектепте сағат 16-00 де  қол күресінен және гір көтеруден аудан біріншілігі өткізіледі. І- ІІ- ІІІ-орындармен марапатталатын болады. Жарысқа 20 аудан жастары қатыстырылады деп күтілуде.  

«Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты кездесу
2016 жылдың 29 қарашасында Арал ауданы № 13, №260, №220, №64 мектептерде 8-9 сынып оқушылардың қатысуымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» тақырыбында осы санаттағы азаматтармен кездесу ұйымдастырылатын болады. Әр мектептерден 25 оқушы қатыстырылады.

«Елімнің жетістігі – менің жетістігім» атты жастар фестивалі өтеді

29-қараша күні Жалағаш ауданының мәдениет және өнірді дамыту орталығы «Елімнің жетістігі – менің жетістігім» атты жастар фестивалі өткізілу жоспарлануда. Жастар фестивалінің мақсаты – еліміздің жастарының бойында патриоттық рух қалыптастыру, бірлігін нығайту. Ел жетістіктерін паш ету. 

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мекеме аралық көркем өнерпаздар байқауы өтеді

2016 жылдың 29-қараша күні Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мекеме аралық көркем өнерпаздар байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты – мекемелер арасынан өнерпаз сайыскерлерді анықтау. 

«Ядролық қарусыз әлем үшін» атты кездесу өткізіледі
29-қараша күні Жалағаш аграрлы-индустриялдық колледж «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты кездесу өткізілу жоспарлануда. Кездесудің мақсаты Елбасының «Қазақстан ядролық қарусыз әлем үшін» атты қабылданған декларациясын колледж студенттеріне таныстырып, түсіндіру. 

«Ядролық қарусыз әлем үшін» атты кездесу кеші өткізіледі
«Нұр Отан» партиясы ғимаратында 2016 жылдың 29 қарашасында сағат 16-00 де аудан жастардың ұйымдастыруымен семей ядролық сынақ полигонына қатысқан азаматтармен «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты кездесу кеші өткізіледі. Кездесу кешіне «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің Арал ауданы бойынша төрағасы қатыстырылады. 20 адам қатыстырылады. 

«Алтын күз-2016» атты командалық сайыс өткізіледі

29 қараша. сағ.16.00-де  Қазалы қалалық мәдениет Үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру, ел Тәуелсіздігін насихаттау мақсатында Қазалы қаласындағы №17, 16 мектептері жоғары сынып оқушылар арасында «Алтын күз-2016» атты командалық сайыс өткізу жоспарланып отыр. Қатысушылардың жалпы саны 150 адам.

«Менің елімнің тұңғыш Президенті» тақырыбында әдеби кеш өтеді

2016 жылдың 29 қарашасында сағ.16.00-де  - 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қазалы аудандық балалар кітапханасында «Менің елімнің тұңғыш Президенті» тақырыбында әдеби кеш; Қатысушылар жоғары сынып оқушылары мен оқырмандар. Жалпы қатысатын 75 адам.

«Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі – жаһанға жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

«Ядролық қарусыз әлем» күніне орай, Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдастыруымен сағат 2016 жылдың 29 қарашасында 15.00-де «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі – жаһанға жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылатын болады. Шараға ауылдық округ тұрғындары, жастар қатысатын болады. Шараға 50 ауыл тұрғыны қатысады.

«Әлем. ХХІ» Манифесі бойынша жас ғалымдардың кесдесу кеші өтеді

Арал аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен орталық кітапханада үстіміздегі жылдың 29 қаршасында сағат 15-00 де Елбасының «Әлем. ХХІ» Манифесі бойынша жас ғалымдардың кесдесу кеші ұйымдастырылады. 30 жас қатыстырылады.

«Полигон жаңғырығы» тақырыбында кітап көрмесі өткізіледі

Қазалы ауданы Ақжона ауылдық округі Майдакөл ауылдық кітапханасында 29 қараша күні Сағат: 15.00-де ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Полигон жаңғырығы» тақырыбында кітап көрмесі өтеді. Қатысушылар жоғары сынып оқушылары.

«Әлем таныған ұлы тұлға»  атты тақырыптық кеш өтеді

1 желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай  2016  жылдың 29 қарашасында Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округ кітапханасында «Әлем таныған ұлы тұлға» атты тақырыптық кеш өтеді.

«Ұлттық саясат, ұлтаралық қарым қатынас және мәдениет» ғылыми жұмыстар байқауы өтеді

2016 жылдың қараша айының 29 күні сағат 11.00-де Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық саясат, ұлтаралық қарым қатынас және мәдениет» тақырыбында ең үздік ғылыми жұмыстар байқауы өтеді. Шара мақсаты жасөспірімдердің ойын шыңдау, қатысушылар саны 60 адам.

«Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты кездесу өтеді

Тасбөгет кенті әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» тақырыбында осы санаттағы азаматтармен кездесу С. Майханова атындағы мәдениет үйінде 2016 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00 де өтетін болады. 50 ден астам қала тұрғындары қатыстыру жоспарланған.

«Ядролық қарусыз әлем үшін!» атты жастар акциясын өткізіледі
2016 жыл 29 қараша сағат: 10.00-де Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің алаңында «Ядролық қарусыз әлем үшін!» атты жастар акциясын өткізіледі. 

«Біз Тәуелсіз елдің жастарымыз»  тақырыбында оқушылар арасында суретшілер байқауы өтеді

2016 жылдың қараша айының 29 күні сағат 10.00-де Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы № 167 мектебінде «Біз Тәуелсіз елдің жастарымыз»  тақырыбында оқушылар арасында суретшілер байқауы өтеді деп жоспарланып отыр. Шараға 40 адам қатысады.

«Ашық есік» күндері өткізіледі

2016 жыл 29 қараша, сағат: 09.00-ден 11.00 аралығында Шиелі аудандық ауруханасында және аудандық емханаларда Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен ардагерлерді ауруханалық немесе арнайы медициналық көмекті қажет ететін ардагерлерге барлық емханалардағы «Ашық есік» күндері өткізіледі.

«Елім деп соққан ұлы жүрек» атты таным сағаты өтеді

2016 жылдың 29 қарашасында Сырдария аудандық балалар кітапханасында 1 желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елім деп соққан ұлы жүрек» атты таным сағаты өткізу жоспарланып отыр. Шараға қатусушалар кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары.

«Теңге  тарихы» тақырыбында дәрістер өткізіледі

2016 жылдың 28 қарашасында орта және арнаулы оқу орындарында облыстық білім басқармасы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі «Теңге  тарихы», тақырыбында дәрістер өткізіледі.

«Нұр Отан» партиялық билет табыстау

Қызылорда облысы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абдрахманов Шәріп Әкбарұлы әр түрлі салада қызмет жасайтын азаматтарды «Нұр Отан» партиясы қатарына қалалық филиал мәжіліс залында қабылдайды.  16 желтоқсан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні мерекесіне орай  жасалған салтанатты шараға әр түрлі саладағы мамандарға партиялық билеттер табысталады. Атап өтетін болсақ денсаулық сақтау, спорт, халыққа қызмет көрсету саласындағы мамандары. 


Шаралар ұлттық валюта теңгеге арналды

«Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында "Ұлттық валюта"күніне орай білім беру ұйымдарында шаралар өтті. Алдымен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде, сонан соң №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатында өтті. Аталған шаралар Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында да ұйымдастырылады. «Теңге тарихы», «История создания тенге» тақырыптарында өткізілетін бұл шаралар Қазақстанның басты атрибуты - ұлттық валюта теңгеге арналды. Шараларға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, теңге коллекционері А. Оразбақов және ардагер-қаржыгер Қ. Әжібеков шақырылды.


«Ұланымыз Ұлы елдің» ІҮ облыстық слеті өтеді

2016  жылғы  28 қарашада Қызылорда  қаласындағы  №264 мектеп-лицейінің акт  залында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Жас Ұлан» ұйымының 5 жылдық мерекесіне орай Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Ұланымыз Ұлы елдің» ІҮ облыстық слеті өткізіледі. Слет  бағдарламасы  «Жас  ұлан» қатарына қабылдау  салтанатымен  басталады. Елу  оқушы  жас ұлан қатарына қабылданады. Жалпы шараға 300-ден аса  оқушы  қатысады.


«Тәуелсіздік және Елбасы» форумы өтеді

 Қызылорда қалалық ішкі  саясат бөлімі және «Медиа Жұлдыз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсізді және Елбасы» тақырыбында форум өтеді.  Аталған шараға ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі – Берік Уәли, «Астана» халықаралық қаржы орталығының директоры – Саят Нұрбек, Халықаралық журналист - Қанат Әуесбай қатысады.


Облыстық ассамблеяның актив отырысы өтеді.

Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қолдау мақсатында актив отырысы өтеді. Оған облыстық ассамблея мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ, қоғамдық келісім, аналар кеңестері мен жастар қанатының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді мүшелері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Актив отырысын облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі, т.ғ.к, доцент Н.Мыңжас жүргізеді.


Көшпелі кітап көрмесі өтеді

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырылады. Мемлекетіміздің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жырау Көшеней Рүстембекұлының 70 жылдық мерейтойына байланысты «Жыр жұлдызы Көшеней» атауымен өткен көшпелі кітап көрмесі қала тұрғындарына және өнер сүйер қауымға кеңінен насихатталады. Көрмеге библиографиялық шолу жасалып, кітапхана қорындағы Көшеней Рүстембекұлының қысқа ғұмырында артына қалдырған мәдени мұралары насихатталады.


«Үзік әдіскер-2016» облыстық байқауы өткізіледі

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен «Үздік әдіскер-2016» облыстық кәсіби байқауы өткізіледі.


Колледж жастарына семинар–тренинг өтеді

Қармақшы ауданында «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қармақшы Аграрлы техникалық колледжінде «Жастар және жастар ұйымдары» тақырыбында семинар – тренинг болып өтеді.

Семинар тренинг барысында жастардың өздерін таныстырып, ойларын ашық білдіру мақсатында ойындар ұйымдастырылады.


            Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі: кітап көрмесі өтеді

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда  аграрлық техникалық колледж кітапханасында 25 қараша күні  «Ұлы дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» жоспары аясында  «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» атты кеңейтілген кітап көрмесі өтеді. Кітап көрмесінде Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының даму тарихы мен жетістіктеріне библиографиялық шолу жасалынады.


Қызылордада ақын Шаһизада Әбдікәрімовтың шығармашылық кеші өтеді

25 қараша күні Қызылордада ақын, тележурналист, ҚР телерадиохабарлар таратушылар ұлттық қауымдастығының президенті және «Қоғам ТВ» телеарнасының құрылтайшысы Шаһизада Әбдікәрімовтың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді. Шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысады. Шығармашылық кеште Шаһизада Әбдікәрімовтың өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалады. Сондай-ақ, автордың «Сүлей дария» атты өлеңдер кітабының, «Тәржіма» қырғыз ақындарының аудармалар жинағының, «Алпыс құлан қайырған» жинағының және Бауыржан Омаровтың Шаһизада Әбдікәрімовке арнап жазған «Гладиатор» кітабының тұсауы кесіледі.


«Ән- бізді біріктіреді» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай   үстіміздегі жылғы 25 қарашада А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ән - бізді біріктіреді» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі өтеді. Фестивалдің  басты мақсаты мүмкіндіктері шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін көрсету, дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану болып табылады. Фестиваль  «Вокал», «Би», «Музыкалық аспапта ойнау» сияқты үш номинациядан тұрады. Шараға Атырау қаласынан келген «YUANG STARS» вокалды аспаптар ансамблі, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысынан мүмкіндігі шектеулі жас қатысады, барлығы 25 адам.


Қызылордада бокстан жастар арасында халықаралық турнир өтеді

«Евразия» спорт кешенінде «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС жүлдесі үшін 1999-2000 жылдары туылған жастар арасында бокстан халықаралық турнир өтеді. Биылғы жылы екінші мәрте ұйымдастырылған турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізіледі. Оған еліміздің алты облысынан және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 15 команда 150-дей спортшы 11 салмақ дәрежесінде қатысады. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталады.


Оқушылар арасында шығармалар байқауы өтеді.

2016 жылдың 24 қарашасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен №4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде оқушылар арасында жалпыреспубликалық шығармалар байқауы болып өтеді.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбындағы шығармашылық бәйгеге 7 мен 11 сынып аралығындағы 50 оқушы қатысады. Байқау нәтижесі шығарылған соң жеңімпаз оқушыларды марапаттау рәсімі Достық үйінің мәжіліс залында жалғасады.


«Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы өтеді

2016 жылдың 22 қарашасында, сағат 11.00-де облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында орналасқан «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында «Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы  өтеді.  Онлайн-акцияға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, мектеп оқушылары мен университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары қатысады.

Ақция барысында қатысушылар көрме-залында орналасқан Тәуелсіздік белестерінен тарихи мағлұмат беретін экспонаттар және Елбасының өмір жолын бейнелейтін  суреттермен танысады. 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттар форумы өтеді 
 
Үстіміздегі жылғы 21 қарашада сағат 11.00-де «Мұз айдыны» кешенінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форумы өткізіледі. Форумға облыс әкімінің орынбасары   Р. Рүстемов, Тәуелсіздік жылдарында аймағымыздың дамуына атсалысқан әр түрлі саланың үздіктері мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысады.
Форум барысында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов «Қоғамға қызмет», «Бүгінгі күннің батыры», «Кәсібінің үздігі», «Патриот», «Шығармашылық жеңіс», «Үміт пен сенім», «Ұлағат», «Саламатты спортшы», «Қажырлы қайрат», «Жігерлі жас» номинациясылармен ең үздіктерін марапаттайды. 
Сонымен қатар, шара аясында патриоттық форумының үндеуі қабылданады.  

Қызылордада VIII «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумы өтеді
2016 жылдың 17-18 қараша аралығында Қызылорда және Байқоңыр қалаларында кезекті VIII «Байқоңыр Инвест» Инвестициялық форумы өтеді.
Форум аясында аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған бірнеше маңызды меморандумдарға қол қою жоспарланған.
- Форумға еліміздің барлық аймақтарының және шет мемлекеттерден 100-ден аса бизнес-қоғамдары, банк секторлары, мемлекеттік органдар, даму институттары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және Иран, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ, Қытайдың дипломаттық өкілдері қатысады деп күтілуде. Атап өту қажет, форумға Әзірбайжан, Белоруссия, Бельгия Корольдігінің дипломатиялық корпус өкілдері, және Өзбекстаннан ресми делегация алғаш рет қатысатын болады.
Форум қатысушылары үшін дәстүрге айналған шаралар бұл жолы да ұйымдастырылатын болады. Осы шаралар арқылы олар Қорқыт ата кешені және «Байқоңыр» ғарыш айлығымен танысып, «Союз МС-03» зымыранының ұшырылу сәтін көргуе мүмкіндік алады.
«Сенің еңбегін – сенің ертенің»  еңбек маусымының  жабылу  салтанаты және «Жастар балы» өтеді
Облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда облысының «Жасыл ел», «Жас құрылысшылар» «Жастар еңбек», «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасақтарымен 2016 жылғы 16 қарашада сағ. 18.00-де облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың қатысуымен «Орда» мейрамханасында «Сенің еңбегің – сенің ертеңің»  еңбек маусымының  жабылу  салтанаты және «Жастар балы» ұйымдастырылады. 
Аталмыш шараның мақсаты өңіріміздегі жастар саясатын жүзеге асыру, еңбек маусымында жұмыс атқарған жастарға алғыс білдіру, ынталандыру болып табылады. 
Еңбек маусымының жабылу салтанатына өңірімізде белсенді жұмыс атқарған құрылыс, еңбек және педагогикалық жасақтардың сарбаздары, тәлімгерлері  және арнайы шақырылған қонақтар қатысады.
Шара барысында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен, қоғамға өз үлесін қосқан белсенді жастар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Қызылордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогы өтеді
16 қараша күні Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты және ел кубогы жарыстары басталады.
Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 400-ден аса спортшылар 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Жарыс қорытындысы бойынша келесі жылға ерлер мен әйелдер Қазақстан ұлттық құрама командасы жасақталады. Сондай-ақ ел чемпионаты аяқталғаннан кейін 19 қарашада Қазақстан кубогы жарыстары өтеді. Жарыстың салтанатты ашылуы 16 қарашада Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде өтеді.

«Тәуелсіз елім – сыр ана, қандастарды құшағына алған кең дала» қайырымдылық акциясы
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған  жер»  қоғамдық қозғалысы қауымдастығы «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында 2016 жыл 15 қараша, сағат 12:00-де Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында оралмандардың, жастардың, қала тұрғындарының, еріктілердің қатысуымен «Тәуелсіз елім – Сыр ана, қандастарды құшағына алған кең дала» қайырымдылық акциясы өткізіледі.
1991 жылдан қазірге дейін тарихи Отанына 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды. 
Жыл басынан бастап өңірімізге 24 отбасы келді. Олардың басым бөлігі, яғни 97% Өзбекстан Республикасынан, қалғандары Түркіменстан, Ресей және Украина елдерінен қоныс аударған. Бұл жұмыстардың барлығы тәуелсіздіктің арқасында болды.

Қармақшыда 1300 адамға жер телімі беріледі
Өткен жылы Жосалы кентіндегі жаңадан бой көтеретін шағын ауданға 170 гектар жер бөлінген болатын. 
Ал биыл инженерлік инфрақұрылымдарды салуға ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 720,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 80 млн. теңге, барлығы 800,0 млн.теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін бұл қаржыға 22 көшеге 33 шақырым жол төселіп, 25 шақырым телефон желісі мен 48 шақырым электр желісі тартылмақ және подстанция салынады. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жер учаскелерге деген сұранысы 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады. Бұл жерде Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі, 1 мектеп, 2 балабақша, және спорт алаңдары бой көтереді. 

Қызылордада VII азаматтық форум өтеді
11 қарашада Қызылордада «Тәуелсіздік және азаматтық қоғам: әлеуметтік жаңғыру» тақырыбында VII Азаматтық форум өтеді. 
- Елбасы атап өткендей, біз ЭДЫҰ (ОЭСР) стандарттарына сай келетін әлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына кіруді мақсат етіп жатырмыз. Бұл нені білдіреді? Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл елдерде болашақта жұмыс орындарының 47 пайызы автоматтандырылған болуы керек. Бұл тұрғындардың 50 пайызының өз-өзін жұмыспен қамтуына алып келеді. Бұл – жаңа 21 ғасырдың талабы! Бізге білім-ғылым, заманға икемді әрі адамгершілік қасиеттері жоғары азаматтар керек. Сондықтан, мысалға, мектеп қабырғасынан-ақ балаларды ақпаратпен жұмыс істеуге үйретіп, оларды өмір талаптарына сәйкес қалыптастыра отырып, болашақ патриот, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуіміз керек.
Жиын барысында VII Республикалық Азаматтық форум делегаттары сайланады. 

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған  топтарын қолдау мақсатында қызмет етіп келе жатқан «Сыр мейірімі» жобасына бірнеше жыл қатарынан қомақты қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Елбасы бастамасымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы әлеуметтік жоба ретінде жыл сайын өткізіліп, осы күнде көпшілікке мәлім, халықтың ықыласына бөленген ауқымды әлеуметтік жобаға айналды. Жыл сайын облыста әртүрлі сала өкілдерінің қатысуымен еңбек династияларының форумы өтеді. Сасқанға сая бола білген «Қамқорлық» дағдарыс орталығы, «Ұмай» қайырымдылық үйі, «Шапағат»  жобаларын ерекше атап өтуге болады. Екінші жыл қатарынан облыста «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаны ұйымдастыруға салалық принцип негізінде 60 үкіметтік емес ұйым тартылып, жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық, қалалық және аудандық бюджет арқылы 45 млн. теңге қаржы бөлінсе, өткен 6 жылда қаржы көлемі 18 есе өсіп, биыл 811 млн.  теңгеге жетті.


«Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл - табысты мектепке қадамдар» 

2016 жылғы 11 қараша күні «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл - табысты мектепке қадамдар» тақырыбында инновациялық мектептер мен мектеп-лицейлер жұмысымен таныстыру және 7 тақырыптық секция отырыстарында озат мұғалімдердің шеберлік сыныптары және облыс әкімінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады.
Жалпы шараға облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев, «НЗМ»ДББҰ-ның басқарма төрайымы К.Н. Шамшидинова, облыс әкімінің орынбасары Р. Р. Рүстемов, облыс әкімінің кеңесшісі Р. Кенжеханұлы,  «НЗМ»ДББҰ-ның педагогикалық шеберлік орталығының мамандары, облыстық білім басқармасы, білім бөлімдерінің басшылары мен инновациялық мектептердің педагог мамандары және жоба аясында жұмыс жасайтын шетелдік волонтерлар қатысады. Аудандық және қалалық білім беру ұйымдары селеторлық байланыста болады.
Бұл басқосу еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың аса маңызды бағыттарының бірі болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату мәселесіне арналады. 
Сонымен қатар, 2015 жылы Қызылорда облысы әкімдігі және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасында арнайы жасалған меморандум аясында облыстың білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар барысы талқыланады. Шараның негізгі мақсаты – меморандумға сәйкес жүргізілген жобаның аясында жинақталған озық тәжірибені жалпы білім беретін мектептерге енгізу, жалпы білім беру жүйесіне таратуды қарастыру.

Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі  Қызылордада өтеді

6 қараша күні Қызылордада Конфедерация кубогының «А» тобы бойынша іріктеу кезеңі өтеді. Оған Астана, Алматы қалалары, Алматы және Қызылорда облыстарының командалары өнер көрсетеді. Жарысқа қатысушылар грек-рим, еркін күрес, дзюдо және таеквондодан  бақтарын сынайды. 
Айта кетейік, 18 қазанда «С» тобының іріктеу кезеңі – Шымкентте, 23 қазанда «В» тобы – Өскеменде, 30 қазанда «Д» тобы – Таразда қалаларындаөтті.   
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен облыс финалдық кезеңге жолдама алады. Финал 3-4 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді. Бірінші орынды жеңіп алған команда Конфедерация кубогының иегері атанады, медаль, диплом және ақшалай сыйлық  табысталады.  
БАҒДАРЛАМАСЫ
6 қараша  
«Мұз айдыны» СК
10.00-13.00 - Жарыстың бірінші бөлімі
13.00-14.00 - Үзіліс
14.00-14.30 - Жарыстың салтанатты ашылуы
15.00-18.00 - Жарыстың екінші бөлімі
«Кәсіптік білім және бизнес әріптестері сұхбаты» 

VII облыстық еңбек форумы 
Бүгін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының «Кәсіптік білім және бизнес әріптестері сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы өткізілуде. Бұл шара 2012 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Бұл жылы форум Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің базасында ұйымдастырылуда.  
Еңбек форумының негізгі мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру саласында аймақтың еңбек ресурстарының балансына сәйкес сұранысқа ие өңіріміздегі жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға, сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдеріне қажетті кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі баяндалып, қол жеткен жетістіктер сараланады. Сондай-ақ, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалып, мақсат-міндеттері межеленетін, бір келісімге келіп, ой бөлісіп, пікір алысатын алаңға айналып келеді.
Форум жұмысына мемлекеттік органдар, меншік нысанына қарамастан Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қарасты барлық оқу орындары және бизнес өкілдері қатысады.
Форум аясында 4 секция жұмыс жасайды, атап айтқанда:
1)««Білімді ел – мәңгі ел» Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту»;
2)«Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында өндірістік машықтану мен кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастырудағы әлеуметтік серіктестердің рөлі»;
3)«Техникалық және кәсіптік білім берудегі өндірістік шеберлерінің кәсіби тұрғыда өсуі, білім беру сапасын арттыру шарты»;
4)«Тәрбиенің тұжырымдамалық негізіне сәйкес оқу орнында  тәрбие үдерісін ұйымдастырудың заманауи амалдары» 
Сонымен қатар, 3 байқау, атап айтқанда:
1)«Оқу орындарының кәсіби білім беру бағытындағы ерекшелігін айқындайтын бағдарлы байқау» көрмесі;
2)Білім алушылардың «Өнертапқыш-2016» техникалық шығармашылық жетістіктерінің көрмесі;
3)Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының әдістемелік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, өткізіледі.
Аталған форум жұмысына жалпы алғанда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 178 өкілдері қатысады.
Форумның пленарлық отырысына жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП-ң және техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының өкілдері қатысуда.

РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясының «Корпоративтік басқарудың Жоғарғы мектебі» факультетінің деканы Сергей Оганович Календжянмен кәсіпкерлердің кездесуі
2016 жылғы 4 қарашада Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясының «Корпоративтік басқарудың Жоғарғы мектебі» факультетінің деканы Сергей Оганович Календжяннің өңір кәсіпкерлерімен кездесуі өтеді. 
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Ким жергілікті мұнай компанияларының директорлары, кәсіпкерлер қатысады. 
Кездесу жиыны барысында МВА Евроменеджмент, DВА бизнестегі іскерлік шеберліктерінің әдістері айтылып, сұрақтар талқыланатын болады. 
Сергей Оганович өз баяндамасында көрсеткендей, «Заманауи ғаламдық бизнес пен шектеулі ресурстар жағдайында, ең бағалы ресурс адами капитал болып табылады. Біз негізінде әрбір қызметкер мен басшының қабілеттері мен таланттарын ашуға, олардың әлеуетін бизнестің өркендеуі, дамуы мен тиімділігін арттыруға максималды пайдалануға бағытталған евроменеджментке бағдарланамыз. Бизнес-білім билік пен адамның өзара әрекеттестігі үшін маңызды рөл атқарады. МВА немесе ДВА дәрежесін алған шенеунік, бизнестің дамыту қажеттіліктерін жақсы түсініп, іскерлік орта өкілдерімен сауатты және кәсіби әрекеттесетіні, сөзсіз. Сондықтан, біз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдары басшыларына арналған арнайы оқу бағдарламаларын өңдеумен айналысамыз. ДВА тұжырымдамасын өңдеуде жетекші батыс университеттері мен бизнес-мектептердің тәжірибесі, ең алдымен Англия, Австрия, АҚШ, Франция Швейцарияның тәжірибесі ескерілді. Ең алдымен, бағдарлама өздерін басшы, бизнес-аналитик, жоғары санатты кеңесшілер ретінде дәлелдеген бизнесмендерге бағытталған. Біздің тыңдаушыларымыз – бірегей және табысты, оқу барысында олар өздерінің өмірлік жолын қайта карастырып, біздің профессоллар мен кеңесшілердің көмегімен алдағы 10-15 жылға стратегиялық сызбасын өңдейді. Сондықтан да, сіз аудиторияға барғанда кез-келген жағдайға дайын болуыңыз керек. Өмірдің сапасын қайта ой елегінен өткізіп, түсіну жүріп жатыр. Әрбір сабақ байланыс формасында, тәжірибе алмасуға айналып отыр. Олардың көпшілігі қайырымдылық пен отбасылық бизнес жайлы ойланады. Кейбірі альянс қалыптастырып, бір-бірімен достасады, оқу жылдары біріккен бизнес бастайды. Менің ойымша, заманауи бизнес-мектеп – бұл барлық белгілерге ие бизнес. Егер сен оның құрушысы болсаң, сен жұмысқа өзіңнен де ақылдырақ адамдарды тартуың керек, себебі олар өз білімдері мен дағдыларын таратады. Евроменеджментке сәйкес, басшы бәрінен де ақылды болуы тиіс. Оның табысы-өз салаларында ақылды адамдарды тартып, оларға даму мүмкіндігін беру. Сонымен бірге, сіз жұмыстан ләззат алып, маңызды миссия – табысты адамдарды оқытуды атқарып, еңбеккерлерді ынталандыра алуыңыз керек.»

 


Қолөнер  шеберлерінің  республикалық  көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Үстіміздегі жылдың 2 қараша күні Қызылорда облысының қолөнер шеберлерінің республикалық көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Бұл көрменің мақсаты: Ұлттық құндылығымыздың дамуы мен қолөнер шеберлерінің кәсіптік деңгейін көтеру, облысымызда  қолөнер  өндірісін дамыту.
Халқымыз қастерлеген ұлттық өнеріміздің жас ұрпақтарға үлгі боларлық тәрбиелік маңызын айқындау. Қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы  қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихын, дәстүрі мен салтын дәріптеу, Қызылорда қаласындағы қолөнер шеберлерінің кәсібін дамыту болып табылады. 
Көрмеге Қазақстан Қолөнершілер Одағының төрайымы Беккулова Айжан  Әбдіманапқызы шақырылды. Сонымен қатар Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан қолөнер шеберлері қатысады.
Көрменің ерекшелігі Қызылорда облысының қолөнер шеберлерінің арасынан үздік деген шеберлер таңдалады.

 

Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов  атындағы мәдениет үйі

Өтетін уақыты: 2 қараша 2016 жыл сағат 11.00-де


Қызылордада гандболдан клубтық Азия чемпионаты өтуде
Қызылордада гандболдан әйелдер арасында Клубтар лигасының бірінші Азия чемпионаты жалғасуда. 
Оған алты команда қатысып жатыр. Жарыстың екінші күнінде Өзбекстан мен Алматы өзара шеберлік байқасып, алматылық қыздар 22:31 есебімен басым түсті. Одан кейін Катар мен «Іле» кездесіп, Алматы облысының командасы 19:35 есебімен жеңіске жетті. 
Артынша «Қайсар» мен Иран бақ сынасып, жерлестеріміз намысты қолдан бермеді. Есеп 28:24. 
Келесі ойындар 30 қазан сағат 14.00-де басталады. 
14.00 Алматы – Іле
16.00 Катар  – Иран
18.00 Қайсар – Өзбекстан
Клубтық Азия чемпионатының толық нәтижесі 1 қарашада белгілі болады.

 

Общие сведения
Құрылған күні: 07-08-2012 08:03
Жаңартылған күні: 04-05-2017 09:45

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика