ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2017 жылдың І тоқсанында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
 
2017 жыл басынан облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2 отырысы өткізіліп, оларда: Арал, Қазалы аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан үзілген электр желілерін қалпына келтіру; көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық; Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу профилактикасы және тағы басқа мәселелер қаралды. 
Көктемгі су тасқынынан облыс халқы мен нысандарды қорғау мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды.
Өзен жағалауы 56 су басу аймақтарына бөлініп, оларға қажетті арнайы техникалары (403 бірлік техника,1 685 адам күші) бар 135 жауапты мекемелер бекітілді.Инженерлік техникалар мен инертті материалдар қорлары су басу қауіпі бар учаскелерге жақын орналастырылды. Су тасқыны кезеңдерінде халықты эвакуациялау үшін 82 эвакуациялық жинақтау және 96 эвакуациялық қабылдау пункттері дайындыққа келтірілді.
Су тасқынының алдын алу мақсатында жүйелі түрде облыс аумағын тікұшақпен барлау жұмыстары жүргізіліп, Сырдария өзені бойында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру үшін ағымдағы жылдың қаңтар және наурыз айларында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда «Қыс-2017» және «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.
Сонымен қатар, Сырдария өзенімен көктемгі сең жүру барысында қолайсыз ауа-райы мен мол судың келіп түсу салдары мұз кептелістерінің пайда болып, су деңгейінің жоғарылап, жағалаулардағы кейбір учаскелерді су шаюына әкеп соқты.
Атап айтқанда, Қармақшы ауданында 497 бас уақ малымен мал жайылымды су басты. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде 469 бас мал қауіпсіз жерге шығарылды.Қазалы ауданында екі шаруа қожалықтың аумағын су басу нәтижесінде 348 мал басының өлуі тіркеліп, 38 адам құтқарылып, 51 бас мал қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазалы ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Ағымдағы жылыжергілікті бюджеттен бөлінген 80,0 млн. теңге қаржыға жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап, облыс көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында дезинсекциялау шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған жұмыстар Жаңақорған, Шиелі аудандарының 5 елді мекендерінде іске асырылды. 

Облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы
2016 жылы облыс көлемінде 703 төтенше жағдайлар тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,7%-ға азайған (2015ж.-730). Ал, қаза болғандардың саны 1,7%-ға кеміді (2016ж-59, 2015ж.-60). Жалпы зардап шеккен адамдардың саны 7,3%-ға азайды (2016ж.-267, 2015ж.-288).
Оның ішінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 519 (2015ж.-489) құрап, 50 (2015ж.-53) адам зардап шегіп, 24 (2015ж.-16) адам қаза болды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 184 (2015ж.-241) құрады. Нәтижесінде 217 (2015ж.-235) адам зардап шегіп, 35 (2015ж.-44) адам қаза болды.
Сонымен қатар, 511 (2015ж.-482) өндірістік және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар тіркеліп, 30 адам (2015ж.-21) зардап шегіп, 10 адам (2015ж.-7) қаза болды. Өрт оқиғалары кезіндегі материалдық шығын 37,2 (2015ж.-19,3) млн. теңгені  құрады.
Облыс аумағында тасқын судан елді мекендердегі тұрғындардың өмірі мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың, шаруашылықтардың егістік және жайылымдық жерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біршама іс-шаралар атқарылып келеді. 
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында 10 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, хаттамалық шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген 410,8 млн. теңге қаржыға облыс аумағында ағымдағы жылғы қыс-көктем айларындағы мол су салдарынан бұзылған Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті бойындағы ұзындығы 33,4 км құрайтын 28 қауіпті учаскені қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
2016 жылдың эпидмаусымында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ ретінде танылған 135 елді мекенде мал қоралар мен мал басына көктемгі және күзгі дәрілеу (дезинсекциялау), залалсыздандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен барлығы 166,3 млн. теңге қаржы бөлініп, залалсыздандыру жұмыстары талапқа сай атқарылды.
Сонымен қатар, апаттық жағдайда деп танылған Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылдық округі, Бірлік елді мекеніндегі №55 орта мектептің асхана ғимаратының құрылысы қайта салынып, пайдалануға берілді.

Облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы
(2016 жылғы 5 қазан)
 
2016 жылдың 9 айында облыс көлемінде 64 төтенше жағдайлар тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20%-ға азайған (2015ж.-80). Ал, қаза болғандардың саны 3,6%-ға кеміді (2016ж-53, 2015ж.-55). Алайда, зардап шеккен адамдардың саны 71,2%-ға көбейді (2016ж.-113, 2015ж.-66).
Оның ішінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 26 (2015ж.-41) құрап, 40 (2015ж.-23) адам зардап шегіп, 21 (2015ж.-13) адам қаза болды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 38 (2015ж.-39) құрады. Нәтижесінде 73 (2015ж.-43) адам зардап шегіп, 32 (2015ж.-42) адам қаза болды.
Сонымен қатар, 342 (2015ж.-312) өндірістік және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар тіркеліп, 18 адам (2015ж.-17) зардап шегіп, 7 адам (2015ж.-6) қаза болды. Өрт оқиғалары кезіндегі материалдық шығын 25,4 (2015ж.-11,6) млн. теңгені құрады.
Облыс аумағында тасқын судан елді мекендердегі тұрғындардың өмірі мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың, шаруашылықтардың егістік және жайылымдық жерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біршама іс-шаралар атқарылып келеді. 
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында 9 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, хаттамалық шешімдерімен тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген 379,0 млн. теңге қаржыға облыс аумағында ағымдағы жылғы қыс-көктем айларындағы мол су салдарынан бұзылған Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті бойындағы ұзындығы 20,5 км құрайтын 24 қауіпті учаскеге (Арал ауданы бойынша-4 нысан, Қазалы ауданы бойынша-6 нысан, Қармақшы ауданы бойынша-4 нысан, Жалағаш ауданы бойынша-5 нысан, Сырдария ауданы бойынша-2 нысан, Шиелі ауданы бойынша-2 нысан және Қызылорда қаласы бойынша-1 нысан) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың эпидмаусымында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ ретінде 100 елді мекен танылған. Соған байланысты, кенеден қолайсыз елді мекендердегі  мал қоралар мен мал басын көктемгі және күзгі дәрілеу (дезинсекциялау), залалсыздандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен барлығы 166 314,0 мың теңге қаржы бөлініп, залалсыздандыру жұмыстары талапқа сай атқарылды.
Атап өту керек, ағымдағы  жылдың эпидмаусымына кене шағумен 1 521 адам медициналық көмекке жүгінген. Конго-Қырым қанды безгегі ауруының болжамды диагнозымен 16 адам тіркеліп, зертханалық қорытындылар нәтижесімен аталған диагноз 4 адамда расталды. Жалпы облыс бойынша кене шағу жағдайларының 31,8 пайызы осы жылғы кенеден қолайсыз 100 елді мекеннен тіркелсе, қалған 68,2 пайызы тізімге енбеген қолайлы аймақтардан тіркелген.
Осыған байланысты, күзгі залалсыздандыруда Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен анықталған  қосымша 35 елді мекенді мемлекеттік сатып алудан үнемделген  қаржы есебінен,  барлығы 135 елді мекенде бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар уақытылы  атқарылып шықты.
Анықтама ретінде. Тіркелген жағдайлардың аудандар шегінде көрінісі төмендегідей:
Қызылорда қаласы - 1 жағдай;
Қармақшы ауданы-1 жағдай;
Жалағаш ауданы - 1 жағдай;
Шиелі ауданы - 1 жағдай.
Анықтама ретінде. Республика бойынша
Қызылорда облысы - 4 жағдай;
Жамбыл облысы - 6 жағдай, 1 адам қаза болған;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 13 жағдай, 2 адам қаза болған;
 

Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы
(2016 жылғы 10 шілдеге)
 
2016 жылғы 6 айда облыс аумағында 37 (2015 ж.-55) төтенше жағдайлар тіркеліп, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 32,7% азайған. Тіркелген төтенше жағдайлар салдарынан 86 адам (2015 ж.-38) зардап шегіп, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге көбейді. Нәтижесінде 29 адам (2015 ж.-34) қаза болып, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14,7% кеміді. 
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 18 (2015 ж.-36), былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есе азайған. 33 адам (2015 ж.-15) зардап шегіп, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есе көбейіп, 15 адам (2015 ж.-11) қаза болды. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 36,4 % көбейген. Оның ішінде:
14 өндірістік және тұрмыстағы өрттер тіркеліп, 22 адам зардап шегіп, 8 адам қайтыс болды;
2 көлік авариясы мен оқиғасы орын алып, 9 адам зардап шегіп, 5 адам қаза болды
1 өндірістегі апат оқиғасынан, 2 адам зардап шегіп, 2 адам қаза болды.
1 тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі апат тіркеліп, зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 19 (2015 ж.-19) құрап, 53 адам (2015 ж.-23) зардап шегіп, 2,3 есе көбейіп, 14 адам (2015 ж.-23) қаза болды. Оның ішінде 
1 метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыс тіркеліп, зардап шеккендер болған жоқ;
4 қауіпті жұқпалы аурулар тіркеліп, 39 адам зардап шекті 
1 ауылшаруашылығы және басқа өсімдіктердің ауруынан және зиянкестерден зақымдануы тіркелді.
13 суда зардап шегу жағдайлары орын алып, 14 адам қаза болды. 
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы жалпы ұзындығы 1 274 км. құрайды. Қыс айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан көп мөлшерде судың жіберілуі су деңгейінің көтеріліп, мұздың кептелуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, елді мекендер мен егістік алқаптарын су басу қаупін тудырады.
Осыған сәйкес, облыс аумағындағы қыс-көктем айларындағы мол су салдарынан бұзылған Сырдария өзенін қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру, нығайту, күшейту және бекіту жұмыстарын жүргізуге облыстық және республикалық бюджеттен барлығы 379,0 млн. теңге бөлінді.
Бүгінгі таңға, жалпы ұзындығы 4,66 км құрайтын қорғаныс бөгеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, кенеге қарсы өңдеу-улау, залалсыздандыру жұмыстарына 2016 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдеріне облыстық бюджеттен 166,314 млн.теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, қолайсыз аймақ болып  100 елді мекен танылса, онда ірі қара саны 94 646 бас, түйе саны 10 662 бас, шошқа 282 бас, уақ мал саны 198 702 бас, барлық мал басы саны 304 292, сонымен қатар, 18 626/1 774 952 мың шаршы метр қора және 711/752 241 мың шаршы метр суат пен шаңлақтар тіркелген. 
Осыған орай, жұмыстар кестесі бекітіліп, мердігер мекеме «Төрт түлік белгілері» ЖШС-нің жұмысшы тобы жоғарыда аталған 100 елді мекендегі жоспарланған барлық мал басы мен қора, суат және шаңлақтарға тиісті залалсыздандыру жұмыстарын 100 пайызға атқарды. 
Аталған жұмыстардың сапалы әрі кестеге сай жүргізілуін бақылау мақсатында мекеме қызметкерлерінен жұмысшы тобы құрылып, ауылдық округтер әкімдері және аудандық мал мамандарымен бірге нақты басында жүріп қадағалау жұмыстарын жасады.
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында 8 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді.

Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы
(2016 жылғы 20 сәуірге)
Жыл басынан облыс көлемінде 17 (2015ж.–13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30,8 % көбейген, 35 адам (2015ж.- 15) зардап шекті,  былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,3 есе көбейген,  17 адам (2015ж.-12) қаза болды, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 41,7 %  көбейген.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар – 14 (2015ж.-11) оқиға тіркелді,   былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 27,3 % көбейген, 32 адам (2015ж. -9) зардап шекті,  былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,6 есе көбейген, 14 адам (2015ж. -6) қаза болды, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,3 есе көбейген,  оның ішінде:
10(2015ж. -8) өндірістік және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда   25 % көбейген, 21 адам (2015ж.-10) зардап шекті, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,1 есе көбейген, 7 адам (2015ж.-4) қаза болды, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда   75 % көбейген;
2(2015ж-0) көлік авариясы мен оқиғасы, 2 есе көбейген, 9 адам зардап шекті (2015ж. -0),  9 есе көбейген,5 адам (2015ж. -0) қаза  болды,5 есе көбейген;
1(2015ж.-1) өндірістегі апат, 2 адам зардап шекті (2015ж. -0), 2 есе көбейген, 2 адам (2015ж. -0) қаза  болды, 2 есе көбейген;
1(2015ж.-1) тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде апат тіркелді, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - 3 (2015ж. -2) жағдай, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 50 % көбейген, 3 адам (2015ж. - 6) зардап шекті, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есе азайған,  3 адам  (2015ж. -6) қаза болды, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есе азайған:
қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
3(2015ж.-2) суда зардап шеккен, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 50 %  көбейген, 3 адам зардап шеккен (2015ж.-6), былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есе азайған,  3 адам қаза болды (2015ж.-6),  былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есе азайған. 
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы жалпы ұзындығы 1274 км. құрайды. Қыс айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан көп мөлшерде судың жіберілуі су деңгейінің көтеріліп, мұздың кептелуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, елді мекендер мен егістік алқаптарын су басу қаупін тудырады.
2016 жылдың қаңтар айында Қазалы ауданы Бекарыстан би елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің ПК-636 және ПК-596 учаскелерінде қорғаныс бөгеттерінің әлсіз жерлерінен су кетіп Рза ЖШС-нің ауыспалы егістік жерлерін су басты. Су басу қаупін тоқтату мақсатында облыстық бюджеттен 7 млн. теңге бөлініп ұзындығы 37 метр қорғаныс бөгеті қайта қалпына келтірілді.
Облыс көлемінде ауа-райының суытуына байланысты Сырдария өзенімен күр жүріп Арал ауданы «Ақлақ» су торабының төменгі бъефінде мұз кептелісі пайда болып біршама қиындықтар туғызған болатын.  Қауіпті сейілту мақсатында мұз жару жұмыстары жүргізілді және Ақлақ су торабының төменгі бъефінде арнаның табанын қазу және Сағымбай каналының қорғаныс бөгетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тасқын судың алдын алу мақсатында қорғаныс бөгеттері мен су шаруашылық нысандарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен облыс көлемінде жалпы құны 430 985,568 мың теңгені құрайтын 28 нысанға жоба-сметалық құжаттама дайындалды. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен 231 млн. теңге бөлініп 13 нысанға жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Облыс бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, кенеге қарсы өңдеу-улау, залалсыздандыру жұмыстарына 2016 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдеріне облыстық бюджеттен 166,314 млн.теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, қолайсыз аймақ болып  100 елді мекен танылса, онда ірі қара саны 94 646 бас, түйе саны 10 662 бас, шошқа 282 бас, уақ мал саны 198 702 бас, барлық мал басы саны 304 292, сонымен қатар,  18 626/1 774 952 мың шаршы метр қора және  711/752 241 мың шаршы метр суат пен шаңлақтар тіркелген. 
Осыған орай, бүгінгі күнге дейін мердігер мекеменің жұмысшы тобы бекітілген кестеге сәйкес, облыс аумағындағы 75 елді мекен, онда барлық мал саны 230 471 бас және көлемі 1 239 068 шаршы метрді құрайтын 14 347 қора мен көлемі 686 303 шаршы метрді құрайтын 539 суат, шаңлақтарға кенеге қарсы дәрілеу, улау жұмыстарын жүргізді. Дәрілеу жұмыстарының аяқталу мерзімі кестеге сәйкес мамыр айының бірінші онкүндігіне  жоспарланып отыр.
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 3 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді.

Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы 
жұмыстар туралы
(2016 жылғы 1 қаңтарға)
2015 жылы облыс клемінде 105 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркеліп, ол былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 18 пайызға (2014 жылы - 86) жоғарылаған. Осы жағдайлардан 91 адам (2014 жылы - 166) зардап шегіп, ол өткен жылдың осы аралықтағы уақытымен салыстырғанда 45 пайызға азайса, қайтыс болғандар саны 64 адамды (2014 жылы - 67) құрады.
Есепті мерзімде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша 59 оқиғалар тіркеліп, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда (2014 жылы - 47) 25,5 пайызға көбейсе, зардап шеккендер 41 адамды құрап (2014 жылы - 92), 2,2 есеге кеміген.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша – 46 жағдай тіркеліп (2014 жылы - 39), 50 адам зардап шегіп (2014 жылы - 80), ол өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 37,5 пайызға кеміді. Алайда, осы төтенше жағдайлар барысында 49 адам қайтыс болып (2014 жылы - 35), өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 40 пайызға артып отыр. Қайтыс болған 49 адамның 44-і суға кетіп қайтыс болды.
Туындаған төтенше жағдайлардың негізгі себептері:
-азаматтардың суға түсуге бейімделмеген жағажайларда шомылуы және жеке басының қауіпсіздігіне бейқамдығы,олардың суда жүзе алмауы және мас күйінде суға түсуі;
-үй ішіндегі газ қондырғылары мен пештердің ақаулары, азаматтардың электр және өрт қауіпсіздіктерін сақтамауы;
-Қызылорда қаласы мен аудандарда, мұнай кешендерінде, құрылыс нысандарында жұмысшылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы;
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы жалпы ұзындығы 1274 км. құрайды. Қыс айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан көп мөлшерде судың жіберілуі су деңгейінің көтеріліп, мұздың кептелуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, елді мекендер мен егістік алқаптарын су басу қаупін тудырады.
Су тасқыны қаупінің алдын алу іс-шараларына, яғни қаптар сатып алуға және мұз жару жұмыстарына жергілікті бюджеттен 20,0 млн. теңге қаржы бөлінді (қазіргі уақытта 128 мың дана қап, 112,1 тонна жанар-жағар май, 23 712 дана бау қамыс пен қарабура және басқа да инертті материалдар дайындалды).
Өткен жылы мүделлі мекемелер өкілдерінен құрылған жұмысшы тобымен қорғаныс бөгеттері мен су шаруашылығы нысандарына жағдайына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірінші кезеңде қауіпті деп танылған 27 нысан анықталды. Қазіргі уақытта аталған нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. 
2015 жылы су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жаңақорған ауданының Бірлік ауылындағы «Көлтоған» су қоймасының қорғаныс бөгетін қайта нығайтып, темірбетонмен бекітуге және 8 шақырым лоток каналын салуға үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 236,9 млн. теңге қаржы бөлініп, жобаға сай тиісті жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданы, Қыраш елді мекеніндегі «Қыраш» су қоймасына 27,0 млн. теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жобаға сай аяқталса, Шиелі ауданы, Ботабай ауылдық округі маңындағы «Жаңаарық» каналының ұлтанын қазу және арнасын кеңейту жұмыстарына 12,0 млн.теңге және Қазалы ауданындағы Сол жаға қорғаныс бөгеті ПК-687 пикеті учаскесіне 2,500 млн.теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жобаға сай аяқталды. 
Облыс бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, кенеге қарсы өңдеу-улау, залалсыздандыру жұмыстарына 2015 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдеріне облыстық бюджеттен 166,314 млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан елді мекендердегі мал қоралары мен мал басын кенеге қарсы көктемгі дәрілеу (дезинсекция), залалсыздандыру жұмыстарының І-ші  кезеңі (көктемгі) 2015 жылдың 28 наурызы мен 5 мамыры аралығында толығымен жүргізілді. Ал, ІІ-ші кезеңі (күзгі) 2015 жылдың 10 тамызы мен 5 қазаны аралығында жүргізіліп, 106 елді мекендегі 103 883 бас МІҚ, 206 051 бас уақ мал, 12 288 түйе, 408 бас шошқа, сонымен қатар 19 152/2 577,695 мың шаршы метр мал қора, 711/724,547 мың шаршы метр суат пен шаңлақтарға тиісті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 9 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді. 

Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы 
жұмыстар туралы
(2015 жылғы 10 қазанға)
2015 жылдың 9 айында 85 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркеліп, ол былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 17,6 пайызға (2014 жылы - 70) жоғарылаған. Осы жағдайлардан 71 адам (2014 жылы - 137) зардап шегіп, ол өткен жылдың осы аралықтағы уақытымен салыстырғанда 48,2 пайызға азайса, қайтыс болғандар саны 
60 адамды(2014 жылы - 60) құрады.
Есепті мерзімде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша41 оқиғалар тіркеліп, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда (2014 жылдың 9 айында - 34) 17 пайызға көбейсе, зардап шеккендер 23 адамды құрап (2014 жылы - 63), 2,7 есеге кеміген.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша–44 жағдай тіркеліп (2014 жылдың 9 айы - 36), 48 адам зардап шегіп (2014 жылы - 74), ол өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 35,1 пайызға кеміді. Алайда, осы төтенше жағдайлар барысында 47 адам қайтыс болып (2014 жылы - 32), өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 31,9 пайызға артып отыр. Қайтыс болған 47 адамның 42-сі суға кетіп қайтыс болды.
Туындаған төтенше жағдайлардың негізгі себептері:
- азаматтардың суға түсуге бейімделмеген жағажайларда шомылуы және жеке басының қауіпсіздігіне бейқамдығы, олардың суда жүзе алмауы және мас күйінде суға түсуі;
- үй ішіндегі газ қондырғылары мен пештердің ақаулары, азаматтардың электр және өрт қауіпсіздіктерін сақтамауы;
- Қызылорда қаласы мен аудандарда, мұнай кешендерінде, құрылыс нысандарында жұмысшылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы;
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы жалпы ұзындығы 1274 км. құрайды. Қыс айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан көп мөлшерде судың жіберілуі су деңгейінің көтеріліп, мұздың кептелуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, елді мекендер мен егістік алқаптарын су басу қаупін тудырады.
Су тасқыны қаупінің алдын алу іс-шараларына, яғни қаптар сатып алуға және мұз жару жұмыстарына жергілікті бюджеттен 20,0 млн. теңге қаржы бөлінді (қазіргі уақытта 151,5 мың дана қап, 72,2 тонна жанар-жағар май, 17 430 дана бау қамыс пен қарабура және басқа да инертті материалдар дайындалды).
Ағымдағы жылы мүделлі мекемелер өкілдерінен құрылған жұмысшы тобымен қорғаныс бөгеттері мен су шаруашылығы нысандарына жағдайына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірінші кезеңде қауіпті деп танылған 27 нысан анықталды. Қазіргі уақытта аталған нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде.
2015 жылы су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жаңақорған ауданының Бірлік ауылындағы «Көлтоған» су қоймасының қорғаныс бөгетін қайта нығайтып, темірбетонмен бекітуге және 8 шақырым лоток каналын салуға үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 236,9 млн. теңге қаржы бөлініп, жобаға сай тиісті жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданы, Қыраш елді мекеніндегі «Қыраш» су қоймасына 27,0 млн. теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, кенеге қарсы өңдеу-улау, залалсыздандыру жұмыстарына 2015 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдеріне облыстық бюджеттен 166,314млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан елді мекендердегі мал қоралары мен мал басын кенеге қарсы көктемгі дәрілеу (дезинсекция), залалсыздандыру жұмыстарының І-ші кезеңі (көктемгі) 2015 жылдың 28 наурызы мен 5 мамыры аралығында толығымен жүргізілді.Ал, ІІ-ші кезеңі (күзгі) 2015 жылдың 10 тамызы мен 5 қазаны аралығында жүргізіліп, 106 елді мекендегі 103 883 бас МІҚ, 206 051 бас уақ мал, 12 288 түйе, 408 бас шошқа, сонымен қатар 19 152/2577,695 мың шаршы метр мал қора, 711/724,547 мың шаршы метр суат пен шаңлақтарға тиісті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 7 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді.

Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы

(2015 жылғы 10 шілдеге)

 Жалпы облыс аумағында 2015 жылдың 6 айында 53 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркеліп, ол былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 20,7 пайызға (2014 жылы - 44) жоғарылаған. Осы жағдайлардан 36 адам (2014 жылы - 91) зардап шегіп, ол өткен жылдың осы аралықтағы уақытымен салыстырғанда 2,5 есеге азайса, қайтыс болғандар саны 31 адамды құрап (2014 жылы - 39), ол өткен жылға қарағанда 20,5 пайызға кеміген.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша 34 оқиғалар тіркеліп, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда (2014 жылдың 6 айында - 25)  26,5 пайызға көбейсе, зардап шеккендер 14 адамды құрап (2014 жылы - 60), 4,3 есеге азайған.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша – 19 жағдай тіркеліп (2014 жылдың 6 айы - 19), 22 адам зардап шегіп (2014 жылы - 42), ол өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 91 пайызға кеміді. Алайда, осы төтенше жағдайлар барысында 22 адам, оның ішінде 7-уі балалар қайтыс болып (2014 жылы - 16), өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 27,2 пайызға артып отыр.        

Туындаған төтенше жағдайлардың негізгі себептері:

  • үй ішіндегі газ қондырғылары мен пештердің ақаулары, азаматтардың электр және өрт қауіпсіздіктерін сақтамауы;
  • Қызылорда қаласы мен аудандарда, мұнай кешендерінде, құрылыс нысандарында жұмысшылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы;
  • азаматтардың суға түсуге бейімделмеген жағажайларда шомылуы және жеке басының қауіпсіздігіне бейқамдығы, олардың суда жүзе алмауы және мас күйінде суға түсуі болып отыр.

2015 жылы су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жаңақорған ауданының Бірлік ауылындағы «Көлтоған» су қоймасының қорғаныс бөгетін қайта нығайтып, темірбетонмен бекітуге және 8 шақырым лоток каналын салуға үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 236,9 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі кезде жобаға сай тиісті жұмыстар атқарылуда.

Облыс бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, кенеге қарсы өңдеу-улау, залалсыздандыру жұмыстарына 2015 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдеріне облыстық бюджеттен 166,314 млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан елді мекендердегі мал қоралары мен мал басын кенеге қарсы көктемгі дәрілеу (дезинсекция), залалсыздандыру жұмыстары 2015 жылдың 28 наурызы мен 5 мамыры аралығында 106 елді мекендегі 103 883 бас МІҚ, 206 051 бас уақ мал, 12 288 түйе, 408 бас шошқа, сонымен қатар 19 152/2577,695 шаршы метр мал қора, 711/724,547 шаршы метр суат пен шаңлақтарға тиісті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Ал, дәрілеу, залалсыздандыру жұмыстарының ІІ кезеңі күз мезгілінде жүргізілетін болады.

Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 4 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, аппараттық және селекторлық мәжілістерде өзекті мәселелер қаралып, тиісті сала қызметтеріне нақты тапсырмалар берілді. 


Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы 

(2015 жылғы 10 наурызға)

Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы жалпы ұзындығы 1274 км. құрайды. Қыс айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан көп мөлшерде судың жіберілуі су деңгейінің көтеріліп, мұздың кептелуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, елді мекендер мен егістік алқаптарын су басу қаупін тудырады.

Жалпы Сырдария өзенінің жағалау қорғаныс бөгеттері өзен суын қыс уақытында секундына 500 текше метр көлемде қауіпсіз өткізуге есептелген. Осыған орай, жыл сайын мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында қорғаныс бөгеттерінің жағдайларына зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жөндеу, күшейту және қалпына келтіру жұмыстары жасалынып келеді.

Облыс тұрғындары мен облыс аумағындағы нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі мұз жүру кезеңінің теріс салдарынан қорғау бойынша инженерлік-техникалық, ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу мақсатында облыста төмендегі шаралар қабылданған.

2014 жылы 703,6 млн. теңге қаржыға Сырдария өзенінде жалпы ұзындығы 43,3 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттері қалпына келтіріліп, 39,1 шақырым каналдың табаны қазылып, кеңейтілді, 3 дана су шаруашылық нысандары (гидротехн. сооружение) және 3 дана автомбиль көпірлері жөнделді.

Су тасқынының алдын алу іс-шараларына, яғни қаптар сатып алуға және мұз жару жұмыстарына жергілікті бюджеттен 20,0 млн. теңге қаржы бөлінді (қазіргі уақытта 13,0 мың дана қап, 72,5 тонна жанар-жағар май, 18420 дана бау қамыс пен қарабура және басқа да инертті материалдар дайындалды).

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға арналған жалпы резервтері 419 млн. 952 мың теңгені құрауда.

Облыстағы барлық қызметтер өзендегі мұз жүру кезеңі аяқталғанша күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Қызылорда облысы бойынша Сырдария өзенінің жағалауы 55 учаскеге бөлініп, оларға барлық қажетті арнайы техникалары (167 бірлік арнайы және 217 бірлік жүк тасу техникалары) бар 180 кәсіпорын бекітілді. Арнайы және инженерлік техника мен инертті материалдардың қорлары қауіпті учаскелерге жақын жерлерде шоғырландырылған.

Қазіргі таңда облыс көлемінде өзен беті мұздан толығымен ашылған. Өзендегі су деңгейі тұрақты. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Облыс бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, кенеге қарсы өңдеу-улау, залалсыздандыру жұмыстарына 2015 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдеріне облыстық бюджеттен 166,314 млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан елді мекендердегі мал қоралары мен мал басын кенеге қарсы көктемгі дәрілеу (дезинсекция), залалсыздандыру жұмыстары 2015 жылдың 13 наурызы 01 мамыр аралығында 106 елді мекендегі 103 883 бас МІҚ, 206 051 бас уақ мал, 12 288 түйе, 408 бас шошқа, сонымен қатар 19 152/2577,695 шаршы метр мал қора, 711/724,547 шаршы метр суат пен шаңлақтарға тиісті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады.


Облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы 

(2015 жылғы 1 қаңтарға)

Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы 1274 км. құрайды. Қыс айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан көп мөлшерде судың жіберілуі су деңгейінің көтеріліп, мұздың кептелуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, елді мекендер мен егістік алқаптарын су басу қаупін тудырады.

2014 жылдың 17-29 желтоқсан аралығында Сырдария өзенінде сең жүріп, арнасынан шығып, Шиелі ауданы Жөлек, Қоғалы, Қарғалы, Тартоғай, Ортақшыл, Майлытоғай және Сұлутөбе ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай орын алды. Осыған орай 2014 жылдың 26 желтоқсан – 2015 жылдың 5 қаңтар аралығында Шиелі ауданы әкімінің шешімімен аудан көлемінде төтенше жағдай жарияланды. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге материалдық нұқсанды анықтау және бағалау жөніндегі комиссия құрылып,төмендегіні анықтады:

1.Екі үйдің жалпы шығыны 2,212 млн теңге.

2. Отыз үш бас мал шығыны 7,450 млн теңге.

3. Сонымен қатар, «Сәт-сервис» ЖШС мекемесі арқылы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында қорғаныс бөгеттерін салу және арықтар қазу жұмыстары жүргізілді. Нәтежесінде W- 12,61 текше метр жер жұмыстары жасалып -3,12 млн теңге қаржы жұмсалған.

Төтенше жағдай салдарынан келтірілген шығындарды аудандық және облыстық төтенше резервінен төлену жағы қарастырылып жатыр.

Жалпы Сырдария өзенінің жағалау қорғаныс бөгеттері өзен суын қыс уақытында секундына 500 текше метр көлемде қауіпсіз өткізуге есептелген. Осыған орай, жыл сайын мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында қрғаныс бөгеттерінің жағдайларына зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жөндеу, күшейту және қалпына келтіру жұмыстары жасалынып келеді.

2014 жылы мүделлі мекемелер өкілдерінен құрылған жұмысшы тобымен қорғаныс бөгеттерінің жағдайына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірінші кезеңде қауіпті деген 26 учаске ,қаралған қаржысы251 млн. теңге және екінші кезеңге 46 учаске,қаралған қаржысы 452 млн. теңге анықталды. Осыған сәйкес, жергілікті бюджеттен бөлінген703 млн. теңге қаржыға қорғаныс бөгеттерін және ГТҚ-ды қалпына келтіру, күшейту, бекіту жұмыстары атқарылды.

Қызылорда қаласы Талдыарал елді мекеніндегі ескірген мектеп ғимаратының төбесі оқу жылының аяғында опырылып құлауына байланысты, шұғыл түрде шаралар қабылданып, облыс әкімдігінің қаулысымен 100 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысына төтенше резервтен 334,3 млн.теңге қаржы бөлінді. Мектеп құрылысы пайдалануға берілді. 

2014 жылы облыс аумағында Конго-Қырым қанды безгегі ауруының алдын алу мақсатында табиғи індет ауруының ошағы болып саналған елді мекендерде көктем және күз айларында залалсыздандыру жұмыстарын жасауға 166,0 млн. теңге бөлініп, көктем-күз айларында 116 елді мекенде 343677 мал басы мен 24333 мал жиналатын орындарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.  


Судағы қауіпсіздік ережесі

Балалар мен ересектерге қайғылы жағдайдан сақ болуы үшін суға түсудің қарапайым ережелерін сақтау қажет. Көптеген адамдар дұрыс жүзе білмегендіктен суға кетіп қалады, яғни алысқа жүзіп, өз-өзіне сенбегендіктен қорқынышқа ұласып, шарасыздық танытады.

Демалыс техникасын меңгергенде ғана жүзу кезінде шаршамай, демалуға да мүмкіндік аласыз. Сонан кейін өзіңізге келген кезде жағаға дейін шаршамай жүзіп бара аласыз.

Еркіңізді жоғалтқан сәтте арқамен жүзу тиімдірек. Горизонтальді денеге шаршаған қолды басыңызға қойып, аяқты жан-жаққа жіберіп, жеңіл қимылдауға, бүгуге болады. Егер бұл да жеткіліксіз болса, аяқты төмен жіберіп, қолдың буындарын иіп, қолдың ұшын судың бетіне қарай апарғанда, аяқ бірден жүзуге икемделе бастайды. Жәй ғана суда арқаңмен жүзу көп күшті талап етпейді.

Тамақтанғаннан соң 1,5-2 сағаттан кейін барып суға  түсуге болады. Ашық су айдындарында +15 °С градустан төмен температурада суға түсуге болмайды, суық судан есіңізді жоғалтуыңыз мүмкін.  Ағза бірден жылымай, суық суға үйренбей қалуы, төзбеуі мүмкін. Таныс емес орындарға бармаған дұрыс, су түбінде бөрене, тас, тырбиған ағаш болуы мүмкін.

Қайықтан, катерден, жағадағы кеме аялдайтын орыннан және басқа да құрылғылардан суға қарай секіруге болмайды. Суға түсу үшін суға түсуге арналған орынды таңдаңыз. Жағадан қашықта, қалқымада, суға түсуге  қауіпті деген орында жүзбеңіз.

Моторлы, желкенді кемеге, қайыққа, баржаға жақын жүзбеңіз. Олардың жақындаған сәтінде су көлемі белгілі бір мөлшерде ұлғайып, қасыңыздан өткенде  су көлемі азайып, жағадағының бәрін жуып кетеді. Теплоход немесе баржалар қасында жүзіп бара жатқан адамдарды батырып кеткен оқиғалары орын алған.

Батпақты жерде суға түспеңіз, балдырлар мен шылауларға оралып қалуыңыз мүмкін. Егер жағдай солай болып қалса, онда, өзіңізді сабырлылыққа шақырыңыз. Балдырлардан сол кезде ғана оңай құтылатын боласыз. «Мені балдырлар басып қалады» деген ойдан аулақ болыңыз. Балдырлар бар жерде суға жүзу оңай болмайды, тоқтап-тоқтап жүзуге тура келеді.

Дене тоңып қалған кезде немесе күн сәулесін қабылдағаннан кейін бірден суға түсуге болмайды. Күн сәулесі ваннасын қабылдағаннан кейін, жүгіргеннен кейін, суық суға үйренбестен бұрын суға секіруге болмайды.

Мас күйінде суға түсуге болмайды.

Үрлемелі төсеніштерде матрацтарда, автокөлік камераларында, үрлемелі ойыншықтарда суға түсуге болмайды, жыртылып кетіп, суға кетіп қалуыңыз мүмкін. Оған қоса әлсіз желдің өзі оларды жағадан алысқа әкетіп қалуы мүмкін.

Дауылды күні суға түсуге болмайды. Егер сіз қатты ағысты суға кезіксеңіз, онда ағысқа қарсы жүзбеңіз, оған күшіңіз жетпейді, мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай етіп, ағыспен бірге жүзу керек. Егер су иірімдеріне тап болсаңыз, қорықпаңыз, кең тыныстап, одан қашық кетуге тырысыңыз. Күтпеген жерден әлде кімді суға итеруден сақ болыңыз, бұл еркелігіңіз суық суға сезімтал адамдарды есеңгіретіп жіберуі мүмкін, ақыр аяғы өлімге дейін апарып соғуы да мүмкін.

Суда ойнауға болмайды, суға достарыңның басын батыруға немесе аяқтан шалуға болмайды. Егер сіз су астында оның аяғына қарай жүзіп, шошытып қалсаңыз, ол суға құлап түседі де суға тұншығып, шашалып қалуы мүмкін.

Жалған дабылға шыңғырудың қажеті жоқ. Егер сіздің дене температураңыз жоғары немесе төмен болса, онда суға түсудің қажеті жоқ.  Бұндай жағдайда суға түсу өте қауіпті. Егер сіздің бұлшық етіңіз тартылып қалса, онда арқамен жатып, жағаға қарай жүзіңіз, бұлшық етті ысқылаңыз. Бұл кезде «ағылшын» түйреушінің болғаны жақсы. Тіпті бір рет қана оны шаншу өміріңді құтқарып қалуы мүмкін.

Жүзуден шаршадыңыз ба? Онда демалыңыз, суға жүзуден рекорд жасамай-ақ қойыңыз. Шамадан тыс шаршау аяқ-қолыңыздың тартылып қалуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл жағдай тек қана суық суда ғана болмайды. Егер осындай жағдай туындаса, онда басыңызды суға қарай еңкейтіп, тартылған аяғыңызды тіктеп, күштеп үлкен башпайыңызды өзіңізге қарай тартыңыз. Аяқтың тартылғаны кетеді.

Бетонды плиталар төселген, тастарға толы каналға суға олар тайғақ келеді Ондай каналдан шығу да қиындау. Тіпті, шебер жүзушінің өзі өмірін қауіпке тігуі мүмкін.

Суда тазалық сақтаңыз, су айдындарын ластамаңыз, жағаға немесе киім шешетін орынға қоқыс тастамаңыз.


Су тасқыны

Гидрологтар су тасқынын 4 түрге бөледі.

1. Төменгі – жазықтағы өзендерде болады. 5-10 жылда бір қайталанады.

Алдын ала дайындалса өмір ырғағына нұқсан келтіре қоймайды.

2. Жоғарғы - өзен жағалауының біршама аумағын су басады. Кейде қалыптасқан тұрмысқа едәуір залал келтіреді, қоныс аударуды қажет етеді, 20-25 жылда бір болатын су тасқыны.

3. Әйгілі – ауылшаруашылық жерлерінің 50 пайызын басатын, жаппай қоныс аударуды қажет ететін су тасқыны. Қалаларды, тұрғылықты жерлерді су басады. 50-100 жылда бір болатын су тасқыны.

4. Апатты – 100-200 жылда бір болатын су тасқыны. Бірнеше өзендердің жүйесін су басады. Өмір тіршілігін өзгертеді.

Көптеген су тасқындарын алдын ала болжап, шығынын азайтуға болады: дамбалар мен бөгеттерді тексеретін, тұрғындарды хабардар ететін, қажет болған жағдайда инженерлік жұмыстарды жүргізетін су тасқынына қарсы комиссиялар құрылады.

Су тасқыны болғанда не істеу керек?

Егер сіздің үйіңіз су басатын аймаққа жатады деп хабарланса:

1. газ, су, электр жүйесін өшіру керек;

2. пештегі отты сөндіру қажет;

3. жоғарға қабатқа немесе үйдің шатырына бағалы заттар мен бұйымдарды шығару керек;

4. есік, терезелерді жауып, төменгі қабаттағы үйлердің есік, терезелерін ағашпен қағып тастау қажет.

Егер қоныс аудару жайлы хабар алсаңыз:

1. жылы, ыңғайлы киім, етік, көрпе, ақша және бағалы заттарды дайындап қойыңыз;

2. үш күндік тамақ дайындаңыз;

3. алғашқы медециналық көмекке қажетті, өзіңіз қолданатын дәрі-дәрмектерді дайындау;

4. паспорт және қажетті құжаттарды су өтпейтін қалаға салу керек;

5. төсек-орын және жеке өзіңізге қажетті заттарды өзіңізбен бірге алу керек.

Барлық заттарыңыз бен тамақты рюкзакка, чемоданға немесе үлкен сөмкеге салған дұрыс. Қауіпті аумақтан қайда, қалай (көлікпен, жаяу) бару керектігі хабарланады. Соңғы қоныс аудару пунктіне міндетті түрде тіркелу қажет.

Су кенеттен қатты көтерілгенде не істеу керек?

Біріншіден – үйді қорғап қалу шараларын жасап, қоныс аударуға дайындалу керек.

Екіншіден – неғұрлым теізірек биік жерге орналасу керек. Қоныс аударуға қажетті заттарды дайындап қойған абзал.

Қайықтан басқа жүзуге жарайтын бөшке, бөрене ағашы, есіктер, автокөлік камералары, т.с.с. заттарды дайындау керек.

Көмек келгенше немесе су тасқыны басталғанша жоғарғы қабатта, шатырда, ағаш басында болған дұрыс. Құтқарушылар тобы тезірек табу үшін күндіз жоғарғы жерге ақ немесе ашық түсті мата байлап қою керек. Су үстінде орын ауыстыруға, жүруге, бортқа отыруға болмайды.

Су басқан ауданнан өздігінен тек басқа амал болмаған жағдайда немесе біреуге медециналық (дәрігерлік) көмек керек болған жағдайда, су қатты көтеріліп немесе құтқарушылар келмейтініне көз жеткенде ғана өтуге болады.

Өздігінен судан өтуге шешім қабылдамас бұрын ойланып, дайын болу керек.

Мысалы: жүзуге арналған заттар, суықтан қорғану, жағдайға қарай әрекет жасау (су ағысы, көтеріліуі түсуі, құтқарушылардың келмеуі т.б.) жүру маршрутын белгілеу.

Суға секіру (суға арналған құралдармен) сіз отырған биіктікке су көтеріліп, басып жатқанда, құтқарушылар келмей жатқанда ғана болады. Жоғары қарай биікке абайлап, әрбір басқан қадамды тексеріп жүру керек. Себебі, жолды су шайып кетуі мүмкін. Автокөлікті жолдың бойына қалдырып кетпеңіз.

Тұрғын жерді екі түрлі жағдайда су алады:

1.Тікелей су басу – көше, аула, бірнеше қабатты үйлерді су басады.

2.Су басу – су подвалға канализация құбырлары арқылы өтіп, жер асты судың деңгеінің көтерілуінен болады.

Бұл екі жағдайда да үйдің фундаменті бұзылып құбырлар істен шығады, газ электр жүйесі, байланыс магистральдары зақымданады. Сондықтан, су деңгейі төмен түскеннен кейін үйге кірерде жан-жақты бақылап, енген жөн.

Үйге кірмес бұрын оны желдетіп, от (шырпы) жақпау керек, электр жүйесін қосуға болмайды. Газ иісі болуы мүмкін.

Үйдің ішін кептіру үшін терезені ашып қойып, су болған заттарды сыртқа шығару керек.

Электр жүйесін, газды, суды, канализацияны тек қана мамандардың рұқсатынан кейін ғана қолдану керек.

Су тасқынының салдарынан басқа да апат көздері орын алуы мүмкін: олар - өнеркәсіп орындарындағы апат, химиялық заттардың төгілуі, электр сымдарының үзіліп, жүйенің істен шығуынан болатын қауіпті жағдайлар.

Әрдайым мынаны ұмытпау керек:

Суға түскен тағамды жеуге болмайды, су басқан құдықтың суы тазармайынша ішуге болмайды. Өлген жануарлар жайлы жергілікті басшыларға хабарлау керек.

Ауыз суды, су болған тағамдарды санитарлық қызмет органдары тексергеннен кейін ғана қолданған дұрыс.

Эпидемия – су тасқыны салдарынан болатын құбылыс екенін ұмытпаңыз!


Алғашқы көмек көрсету

Есте сақтаңыз!

Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін 6 минутке дейін кешікпесеңіз өмірге оралтуға мүмкіндік бар. Ол үшін: зардап шеккеннің басын қисайтып, ауызды құм мен балшықтан тазарту керек. Мұның бәріне 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс.

Зардап шегушінің тынысы мен тамыр соғысының бар-жоғын анықтау қажет. Тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан ауызға» тәсілімен жасанды дем беруге кірісу керек.

Зардап шегушінің басы мейлінше артқа шалқаюы үшін жұмырлап оралған киімді мойнының астына қою қажет. Зардап шегушінің мұрнын қысып, құтқарушы оның ашық аузынан терең дем береді және батыл түрде дем шығарады. Үрлеудің жиілігі минутына 12-15 рет.

Жасанды дем берумен бірге бір мезгілді жүректің сыртынан уқалау керек. Суға кетушінің жүрек тұсы кеудесінің төменге бөлігіне алақанды бірінің үстіне бірін қойып, басуды минутына 70 рет жиілікте жасау қажет (4 басуға – бір ауа үрлеу)

Құрылған күні: 07-08-2012 08:06
Жаңартылған күні: 04-05-2017 17:54

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика