ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының мемлекеттік архиві қорынан
 
«Ауғанның асуында от кешкендер»
Ауған соғысы елімізге аз қайғы әкелмегені баршамызға аян.Талай боздақтарымыз жат жерде өзінің интернационалдық парыздарын орындау жолында ерлік көрсетті. 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпанына дейін он жылға созылған Ауғанстандағы соғысқа 23 мың қазақстандық қатысып, 749 жауынгер майданда қаза болды. Ал осы соғысқа қатысқан 821 қызылордалықтың 20-сы қаза тапқан, 31-і мүгедек болып қалған. 
Ұрыс даласындағы қанды шайқаста құрбан болған боздақтар өз елінің, өз Отанының патриоттары еді. Олар өз істерінің әділдігіне, бейбітшілік үшін күресіп жатқандарына сенді. Ауғанстанға барған қазақстандық жауынгерлердің көпшілігі небәрі 18-20 жаста болды. Алайда, жастықтарына қарамастан интернационалдық борыштарын орындау кезінде өз өмірлерін де аяған жоқ. Жастық шақтарын соғыс өрті шарпып, өздеріне бұрын-соңды беймәлім жат ел үшін қан кешкен қыршындардың, бозбала жауынгерлердің тағдыры, ерен еңбектері жас ұрпаққа үлгі болары анық. 
Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толса да сол кездегі жауынгерлер – бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс салған жан жарасынан, қасіреті мен елесінен арыла алмай келеді. Бұл майдан енді есейген бозбалаларға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт күннің қадірін бірден ұғындырды. Сондықтан, кезінде қатерге бел буып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің интернационалдық парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау, бүгінде өзімізбен бірге Сыр елінің экономикасын мен мәдениетін дамытуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу біздің борышымыз. 
Қызылорда облысының мемлекеттік архив қоры құжаттарынан Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты көрме дайындалды. 
Көрменің мақсаты архив қорында сақталған ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлік істері мен өнегелі өмірлерін көпшілікке таныстыру, жас ұрпақты Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. 
Көрмеге архив қорындағы интернационалист-жауынгерлердің құжаттар коллекциясынан өмірбаяндары, суреттері, хаттары, медальдары мен ордендерінің куәліктері қойылды. 

 
Айсауытов Нұрлыбек Қасымұлы
21.01.1960-24.04.1980 жж.
Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің Жосалы қыстағындағы Школьная көшесіне Айсауытов Нұрлыбектің есімін беру туралы шешімі, 18.08.1987 ж.
 
Абдулдаев Нұрылла Ибадуллаұлы
26.07.1961 – 27.11.1980 жж.
Абдулдаев Нұрылланың әскери ант қабылдау сәті.

Әбілқасымов Жұмабай Күзейбайұлы

10.06.1963-15.02.1983 жж.

 

Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің

Тасбөгет қыстағындағы  Проектная-І көшесіне 

Әбілқасымов Жұмабайдың есімін беру туралы шешімі,  25.06.1984 ж.

Баймаханов Серік Жұмабайұлы

30.10.1960 -11.05.1980 жж.

 

Байданов Рысбай Үсенбайұлы

01.02.1968- 2.11.1987 жж.

Рысбай Байданов  досымен бірге

Байданов Рысбайдың қарындасына жазған хаты, 23.09.1987 ж.

 

Доспанов Рақымжан Әбдіқалиұлы

01.08.1968 -23.11.1988 жж.

 

 

Инабатов Сәндібек Демесінұлы

05.03.1962-05.05.1982 жж.

Ибраимов Қуаныш Ажайпаұлы

30.07.1962-05.05.1981 жж.

Қожахметов Шайхислам Қойшыбайұлы

07.10.1965-25.06.1984 жж.

Қалекеев Жұмат Қасымұлы

10.06.1969- 30.10.1988 жж.

 

Монтаев Тұржан Сұлтанбекұлы

08.11.1962 - 09.02.1982 жж.

 

Мұстафаев Аманқос Аманбайұлы

22.02.1962 - 24.10.1982 жж.

Нұрымбетов Мәмбетәлі Оразбекұлы

02.06.1960-29.08.1980 жж.

Нұрымбетов Мәмбетәлінің ата-анасына жазған хаты, 18.04.1980  ж.

Сүлейменов Бекболат Жұмабайұлы

25.06.1960-16.06.1981 жж.

Сүлейменов Бекболат әскери қызметтестерімен бірге

(солдан оңға қарай бесінші)

Тоқмағамбетов Мақсұтбек Жақаншаұлы

02.06.1961-03.03.1983 жж.

Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің 1-Май совхозының Лесничная көшесіне Мақсұтбек Тоқмағамбетовтің  есімін  беру туралы шешімі, 25.06.1984 ж.

Өміров Әнуарбек Шәкірұлы

02.05.1963 - 25.03.1985 жж

Өміров Әнуарбектің әкесіне жазған хаты, 13.09.1984 ж.

Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің

Жосалы қыстағындағы Кирпичная көшесіне Өміров Әнуарбектің

есімін беру туралы шешімі, 18.08.1987 ж.    

Шалғынбаев Батыржан Шалманұлы

09.05.1965-22.11.1984 жж.

Батыржан Шалғынбаев әскери қызметтестерімен бірге

(солдан оңға қарай үшінші )

Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің  Қызылорда қаласындағы 

Мәдениет көшесіне  және  № 217 орта мектепке Б.Шалғынбаевтың

есімін беру туралы шешімі, 21.02.1987 ж.  

 

Тәжікстан-Ауғанстан шекарасында қаза тапқан жауынгер Әбдиев Ержан Серікұлы

01.08.1975 - 07.04.1995  жж.

Е.Әбдиев әскердегі достарымен бірге

(жоғарғы қатар, сол жақтан  бірінші)

 

Ауған  соғысына  қатысқан Қызылорда қалалық әскери комиссариатындағы запастағы офицерлердің  тізімі

 

 

 

Қызылорда қаласы бойынша интернационалист- жауынгерлердің тізімдері. 

 

 

Арал ауданы бойынша интернационалист- жауынгерлердің тізімдері
 

 

 
Қазалы ауданы бойынша интернационалист - жауынгерлердің  тізімдері.

 

 

 
Байқоңыр қаласы бойынша  интернационалист-жауынгерлердің тізімдері
 

 

 
Қармақшы ауданы бойынша интернационалист- жауынгерлердің тізімдері.

 

 

 

Шиелі ауданы бойынша интернационалист -жауынгерлердің  тізімдері.
 

 

 
Жаңақорған ауданы бойынша интернационалист- жауынгерлердің тізімдері

 

 

Сырдария ауданы бойынша интернационалист- жауынгерлердің тізімдері.

 

 

1-ші слетке қатысушы интернационалист -жауынгерлер

Тағзым алаңына гүл шоқтарын қоюда, 1988 ж.

 

Ауған соғысының  ардагерлері.

Қармақшы ауданы, 1988 ж.

Халық депутаттары Қызылорда қалалық Кеңесі атқару комитетінің

Қызылорда облыстық Ауған соғысы ардагерлері қоғамын тіркеу туралы шешімі, 02.07.1991 ж.

 

Құрылған күні: 14-02-2019 10:31
Жаңартылған күні: 15-02-2019 12:15
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика