ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120014, Қызылорда қаласы, И.Есенберлин көшесі, 4, Эл. пошта: oblarhiv-korda@mail.ru
Архив директоры: Қуанышева Нағима Арғынбайқызы, 8 (7242) 20-08-11
Жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Үзіліс: 13.00 - 15.00  
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
Халық Комиссарлары Кеңесінің 1928 жылғы 11 қыркүйекте өткен мәжілісінде Қазақ АКСР-інің орталық мекемелерінің бір бөлігін, оның ішінде Қазақстан Орталық Архивін республиканың жаңа астанасы Алматы қаласына көшіру туралы шешім қабылданды. 1928 жылғы қараша айында Қызылорда аймақтық Архив бюросы құрылып, қазіргі Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің негізі қаланды. Осы уақыттан Қызылорда облыстық архив жүйесі құрылымының қалыптасу кезеңі басталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті Президиумының 1938 жылғы 29 наурыздағы №251 қаулысымен аудандық архив бюросы Қызылорда аудандық атқару комитеті жанындағы аудандық архив болып қайта құрылды. 1938 жылы аудандық архив орнына облыстық архив басқармасы құрылды, кейін ол Ішкі Істер Халық Комиссариаты облыстық басқармасына қарасты архив бөлімі болып өзгертілді. 
2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 
2018 жылы облыстық мемлекеттік архивке типтік бес қабатты, талапқа сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Мекеменің функциялары:
1) Архив ісін дамыту және құжаттама жүргізудің өңірлік мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;
2) Ұлттық Архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;
3) Архив ісі мәселелері бойынша басқарманың актілерін әзірлеуге қатысу;
4) Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыруын қамтамасыз ету;
5) Ұлттық архив қорының құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялануын қамтамасыз ету;
6) Коммуналдық меншіктегі тарихи және кұжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалануға шаралар қабылдау;
7) Облыста ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық комектер көрсету;
8) Архив құжаттары бойынша деректер банкін құру;
9) Аса құнды архив құжаттарын айқындау тәртібін және олардың сақтандыру көшірмелерін жасау;
10) Құжаттарды облыстық сараптау-тексеру комиссиясына ұсыну;
11) Құжаттардың ғылыми жэне практикалық құндылығына сараптама жүргізу;
12) Жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындау;
13) Облыстың тарихы бойынша құжаттарды жинақтау;
14) Облыстың аумағында орналасқан мемлекеттік және басқа да ұйымдар бойынша дерекқор қалыптастыру;
15) Ұлттық архив қоры құжаттарынан басылымдар дайындап шыгару;
16) Облыс бойынша толықтыру көздерінің жинақ тізімін жасау;
17) Архив құжаттарын сандық форматқа енгізу;
18) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қызметтерді жүзеге асыру;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға.
Қуанышева Нағима Арғынбайқызы - 1958 жылы 13 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келді. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетінің, математика пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген. Еңбек жолын 1975 жылы №411 орта мектепте (қазіргі-№120 орта мектеп) аға тәлімгер болып бастаған. 1978-1982 жылдары Пионерлер және оқушылар сарайының меңгерушісі, 1982-1988 жылдары ЛКЖО облыстық комитетінде студенттер, оқушылар және пионерлер бөлімінің инструкторы, меңгерушінің орынбасары, бөлімінің меңгерушісі. 1988-1989 жылдары №4 С. Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1989-1991 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Қызылорда қалалық комитетінің идеология бөлімінің инструкторы. 1991-1992 жылдары Қызылорда қалалық әкімшілігінде қызмет атқарған. 1992-2005 жылдары ТЭЦ-6 мекемесіне қарасты №33 балабақшада меңгеруші, абонент тобының жетекшісі қызметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары «Жастарды қолдау орталығы» МКҚК-ның директоры, «Туған жер» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі. 2007-2011 жылдарда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің бас қор сақтаушысы. 2011–2013 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік архиві филиалының директоры, 2013 жылдың қазан айынан Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің директоры қызметін атқарып келеді.
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»  КММ-нің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалы 
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120003, Қызылорда қаласы,  
Жахаев көшесі, №14 үй 
Эл.пошта: filial.arkhiv@mail.ru
Мемлекеттік архивінің директоры: Ахметова Гүлшат Төлепбергенқызы,
тел: 27-28-33                                                                                                                         
Жұмыс уақыты: 9.00-19.00 
Үзіліс: 13.00-15.00  
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі                                                                                             
Партия тарихы бөлімдерінің 1927 жылғы қаңтарда болып өткен Бүкілодақтық жиналысы Бүкілодақтық Коммунистік Большевиктер партиясы Орталық Комитеті мен ұлт республикалары Орталық Комитеттері жанынан тұрақты партия мұрағаттарын құру жөнінде шешімге келді. Төменгі буын партия ұйымдары тұрақты сақталатын партия құжаттарын округтік және губерниялық комитеттерге беруге тиіс болатын. СОКП Орталық Комитетінің 1939 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысымен партия мұрағаттарына басшылық жасау Маркс, Энгельс, Ленин институтынан алынып, тікелей жергілікті партия органдары, облыстық, өлкелік партия комитеттеріне берілді.
1939 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан КП (б) Қызылорда облыстық партия комитеті 1940 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстық партия мұрағатын құру жөнінде шешім қабылдады. 
Кеңес Одағы Коммунистік партиясы таратылған соң, 1991 жылы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ КСР-і территориясындағы СОКП мүліктері туралы» Жарлығы, 1991 жылы 30 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің осы Жарлықты іске асыру жөніндегі қаулысы шықты. Осыған сәйкес, еңбекшілер депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің 1991 жылғы 28 қыркүйектегі № 233 шешімі бойынша облыстық партия комитетінің мұрағаты облыстық мемлекеттік мұрағат қарауына беріліп, қоғамдық ұйымдар бөлімі болып құрылды. Қызылорда облысы әкімінің 1992 жылғы 22 шілдедегі №149 шешімімен бұл бөлім облыстық мемлекеттік мұрағатының филиалы болып аталды.
Облыстық мемлекеттік мұрағатының филиалы Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы №690 қаулысымен «Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасының «Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып құрылды. 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді. Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихы бойынша архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалы болып қайта ұйымдастырылды.

Ахметова Гүлшат Төлепбергенқызы - Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Қазақ ССР-нің 50 жылдығы атындағы совхозда (15.06.1961) дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік Университетінің тарих факультетінің толық курсын (1983) бітірген, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі.1983-1985 ж. ж. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде археология және этнография бөліміне аға ғылыми қызметкер; 1985 - 1997 ж.ж. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде бөлім меңгерушісі; 2001-2004 ж.ж. Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында 2 санаттағы мұрағатшы; 2004-2008 ж.ж. Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында 1 санаттағы мұрағатшы; 2008-2011 ж.ж. Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағаты филиалының директоры; 2011-2014 ж.ж. Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасының штаттан тыс бас инспекторы қызметін атқарған. 2014 жылдың қарашасынан Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағатының директоры.


«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»  
КММ-нің Қызылорда қалалық филиалы 
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120003, Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов,  №44үй
Эл. пошта: arhiv.gorod@mail.ru
Архив директоры: Байғараева Жулдыз Нурпейсовна, тел: 27-45-14
Жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Үзіліс: 13.00 - 15.00  
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
Қызылорда қалалық Архивы облыстық атқару комитетінің шешімімен 1991 жылы құрылған, қазіргі таңда облыстық Архивтар мен құжаттама жүйесіне енгізілген және облыстық бюджет арқылы қаржыландырылады, 8 штаттық бірліктен тұрады. Архивқа 1991-1993 ж.ж. Р.Дүйсеналина, 1994-2001 ж.ж. Д.Айсина, 2001-2004 ж.ж. Ш.Мампаев басшылық жасады. 2004 жылдан бастап Ж.Байғараева Архив директоры қызметін атқарып келеді.
2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Қызылорда қалалық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда қалалық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Қызылорда қалалық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда қалалық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Байғараева Жулдыз Нурпейсовна - 1963 жылы 11 шілдеде Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген.
1970-1980 жж. Қызылорда  қаласындағы №43 «Коммунизм» орта мектебінде оқыған. 1981 жылы 9 қарашада облыстық мемлекеттік архивке архивші (архивариус) болып қабылданған. 1992-1997 ж.ж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінде «тарих» факультетін аяқтаған. 1992-2004 жылдар аралығында облыстық архивтің бөлімдерінде I дәрежелі архивші, бөлім басшысы болып қызметтерін атқарған. 2004 жылдың шілдесінен бастап Қызылорда қалалық Архивының директоры
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»  
КММ-нің Арал аудандық филиалы 
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120100, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Толқын газеті көшесі 1 үй.
Эл. пошта: aral-raiarhiv@mail.ru
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ –нің Арал филиалының басшысы: Қуатов Болатбек Қыстауұлы, тел: 8 (72433) 2-14-87
Архивтің жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Үзіліс:13.00-15.00
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
Оңтүстік өлкелік кеңесі атқару комитетінің 1963 жылғы 13 маусымдағы №238 шешіміне сәйкес, Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің Арал аудандық филиалы құрылды. Филиал құрылғаннан бастап 1997 жылға дейін Ы.Махатов, 1997-2008 ж.ж. Ж. Жантілеуов басшылық жасады. 2008 жылдың қарашасынан бастап Б. Қуатов басшылық жасап келеді.
1998 жылғы қаңтарда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің Арал аудандық филиалы «Арал аудандық архиві» мемлекеттік кәсіпорны, 2003 жылғы шілде айынан «Арал аудандық архиві» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Арал аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың мамыр айынан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Арал аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Арал  аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арал аудандық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Қуатов Болатбек Қыстауұлы - 1960 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм елді мекенінде туған. 1995 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы педагогикалық институтының тарих пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген. 1978-1979 жылдары аралығында кеңшарда жұмысшы болып істеген, 1981-1986 жылдар аралығында Қарақұм кеңшары, ҚАЗМУ қалашығында құрылысшы, 1986-2003 жылдар аралығында Арал ауданы №248 Тоқабай орта мектебінде еңбек, тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет жасаған. 2003-2007 жылдар аралығында Арал аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2007 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың қыркүйек айлары аралығында Арал ауданы Жақсықылыш кентіндегі №19 орта мектепте директор қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап «Арал аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ –нің Арал филиалының басшысы болып қызмет атқарып келеді.  
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің
Қазалы аудандық филиалы
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 120400, Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №96  үй.
Эл. пошта: kazali_arhiv@mail.ru
Аудандық филиал басшысы: Қалымбет Жарқынбай Ағыбайұлы, тел:8(7242) 26-2-32
Жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазалы аудандық филиалы шаруашылық есеп жағдайында 1986 жылдан өз жұмысын бастады. Бұған дейін аудандағы кәсіпорындар мен мекемелердің құжаттары Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама бөлімінің Арал қаласындағы мемлекеттік архивінде сақталып келген. Аралдың архивіне жинақталған Қазалы ауданы мекемелерінің құжаттары әкелініп, жаңадан құжаттар қабылдау басталды.
1986-1988 жылдарда мекемені Б.Төлегенова басқарды. Архивті 1988-1991 жылдар аралығында Ө.Рысмаханов, 1991-2001 ж.ж. Е.Көмекбаев, 2001-2007 ж.ж. Қ.Мәмбетжан басқарса, ал 2007-2010 жылдар аралығында Т.Қани басқарды. 2010 жылдың ақпан айынан бастап Ж.Қалымбет басшылық қызмет атқарып келеді.
2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының «Қазалы  аудандық мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қазалы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Қазалы  аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазалы аудандық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Қалымбет Жарқынбай Ағыбайұлы - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық кеңесінде (27.02.1971) дүниеге келді. 1992-1995 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасындағы «Ақ алтын» гидромелиоративтік техникумында оқып «Құрылысшы - техник» мамандығы бойынша бітірген. 1999-2004 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қазалы ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектебінде әскери даярлық пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2004 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың тамыз айына дейін аталған мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2006 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың қыркүйегіне дейін Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Тасарық ауылындағы №238 орта мектептің директоры. 2010 жылдың ақпан айынан бастап ««Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазалы аудандық филиалының басшысы.

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» 
КММ-нің Қармақшы аудандық филиалы
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Абай Құнанбаев көшесі № 103 үй
Эл.пошта: josaly-arhiv@mail.ru
Қармақшы аудандық филиалы басшысы: Издибаева Гульжамал Ерахметовна, 
тел: 8(7242) 2-21-88
Жұмыс уақыты: 9:00 – 19:00
Үзіліс: 13:00 – 15:00  
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қармақшы аудандық филиалы Халық депутаттары Қызылорда облыстық атқару комитетінің 1987 жылғы 19 қаңтардағы №15 шешімі негізінде, Қармақшы аудандық атқару комитетінің 1987 жылғы 14 ақпандағы №64 «Жаңа ұйымдастырылған шаруашылық есептегі Қармақшы аудандық архиві мекемесін жасақтау және ғимарат бөлу туралы» қарарымен құрылған. Мекеменің алғашқы директоры қызметін Ж.А.Лекеров атқарды. Қармақшы аудандық филиалды 1987 - 1992 жылдары Ж. Бердімұратов, 1992 - 1994 жылдар аралығында Ә.Ержанов, 1994 - 2002 жылдары Ж. Нұржанов, 2002 - 2007 жылдары Ә.Тұрғанов, 2007 - 2010 жылдары Б. Дәкенов, 2010 - 2014 жылдары А. Нұржанов, 2014 – 2019 жылдың 31 наурыз күніне дейін Қ. Досниязов басқарды, 2019 жылдың 1 сәуір күнінен бастап Г. Издибаева басқарып келеді.       
Қызылорда облысы әкімінің 2002 жылғы 13 маусымдағы №235 «Облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлімі туралы» шешіміне сәйкес, облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлімі бастығының 2002 жылғы 11 желтоқсандағы № 25 бұйрығымен «Қармақшы аудандық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының «Қармақшы аудандық мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қармақшы аудандық мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қармақшы аудандық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Издибаева Гульжамал Ерахметовна - Издибаева Гульжамал Ерахметовна - Қызылорда облысының Қармақшы ауданында 11.06.1973 жылы дүниеге келді. Арқалық политехниқалық техникумының «Іс жұмысын ұйымдастырушы және архивтанушы» мамандығын 1995 жылы алып шыққан. 2006 - 2009 жылдары Қызылорда инженер-экономикалық институтының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын алып шыққан. 1996 жылдың қазан айынан бастап «Қармақшы аудандық архив» мекемесінде мұрағатшы, 2019 жылдың 1 сәуір айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қармақшы аудандық филиалының басшысы.

 


«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Жалағаш аудандық филиалы
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120200, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Жамбыл көшесі №4 үй, 
Эл. пошта: zhalagasharhiv@mail.ru
Мұрағат директоры: Ибраев Жанғабыл Сахауұлы,
тел: 8(72431) 3-24-29
Мұрағаттың жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Үзіліс: 13.00 - 15.00  
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы 15 шілдедегі № 248 санды қаулысына және Қызылорда облыстық атқару комитетінің 30 тамыз 1985 жылғы № 320 санды шешіміне сәйкес, 1988 жылғы 13 қаңтардан бастап Жалағаш ауданында шаруашылық есептегі архив өз жұмысын бастады. Архив мекемесіне поселке орталығынан үш қабатты ғимарат берілген. Мекеменің алғашқы директоры қызметін 1988-1994 жылдар аралығында 
С. Шадаев атқарды.
Аудан әкімінің 1993 жылғы 4 мамырдағы № 357 санды шешіміне сәйкес 1993 жылдың 1 маусымынан бастап шаруашылық есептегі архив аудан әкімшілігінің архиві болып қайта құрылды.
Қызылорда облысы әкімінің 2002 жылғы 13 маусымдағы №235 «Облыстық архивтер және құжаттама бөлімі туралы» шешіміне сәйкес, облыстық архивтер және құжаттама бөлімі бастығының 2002 жылғы 11 желтоқсандағы № 25 бұйрығымен «Жалағаш аудандық архиві» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Жалағаш аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жалағаш аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Жалағаш  аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жалағаш аудандық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Ибраев Жанғабыл Сахауұлы - 1965 жылы 25 тамызда Қармақшы ауданының Дауылкөл ауыл советінде дүниеге келді. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының малдәрігер мамандығын алып шықты (1990). 1990-1992 жылдары Жалағаш аудандық малдәрігерлік лабароториясында мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1992-1999 жылдары Жалағаш ауданындағы жұмыспен қамту орталығында аға маман ретінде қызмет атқарды. 2000 жылдың сәуір айынан аудандық архив мекемесінде мархивші, 2004 жылдың мамыр айынан «Жалағаш аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық архиві және құжаттама басқармасының «Жалағаш аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасының «Жалағаш аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Қазалы  аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жалағаш аудандық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» 
КММ-нің Сырдария аудандық филиалы
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек қыстағы, А.Құнанбаев көшесі №7
Эл.пошта: terenozek-arhiv@mail.ru
Аудандық архив директоры: Құлымбай Ғалымжан Жалғасұлы, 
тел: 8(72436) 2-10-67
Жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
Қызылорда облыстық атқару комитетінің шешіміне сәйкес 1988 жылдың 13 қаңтарында Тереңөзек қыстағында жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі аудандық Архив өз жұмысын алғаш рет бастады. Архивтің алғашқы директоры болып 1988 жылдың 20 қаңтарынан Кетебаев Жақсыбек тағайындалды.
Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 маусымдағы №235 шешімімен шаруашылық есептегі аудандық архив жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорын ретінде қайта құрылды және Қызылорда облыстық архивтер және құжаттама бөлімінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы №27 бұйрығымен аудандық мемлекеттік архиві болып аталды. Шаруашылық есеп жағдайында өзін-өзі қаржыландырып келген аудандық Архив 2008 жылдың басынан бастап толық жергілікті бюджеттен қаржыландыруға өтті.
2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық архивтер және құжаттама басқармасының «Сырдария аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Сырдария аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сырдария аудандық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Құлымбай Ғалымжан Жалғасұлы – Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде (18.10.1965) дүниеге келді. 1990 жылы Семей қаласында қаржы-экономика техникумын,2006 жылы Қызылорда қаласында гуманитарлық университетін бітірген, қаржыгер,1983-1984 жылдары Жалағаш ЖХК жұмысшы, 1984-1986 жылдары әскер қатарында, 1986-1988 жылдары Жалағаш РТП мекемесінде тас қалаушы,1990-1995 жылдары Жалағаш ауданы бойынша қаржы бөліміне ревизор-инспектор, аудандық салық комитетіне ауыстырылып, салық инспекторы, аға салық инспекторы,бас маман, сектор менгерушісі, бөлім бастығы, 2006-2013 жылдары  Жалағаш ауданы бойынша салық комитеті төраға орынбасары, Сырдария ауданы бойынша салық басқармасы басшы орынбасары, 2013-2015 жылдары Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы орынбасары, 2015-2017 жылдары Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында бас маман, Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында  жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, 2018 жылдан «Сырдария аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. 

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Шиелі аудандық филиалы
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120700,Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Аманкелді көшесі № 111
Эл. пошта: arhiv-shieli@mail.ru
Архив директоры: Дүйсенбаев Ерболат Әбішұлы, тел:8(7242) 2-21-88
Жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Үзіліс: 13.00 - 15.00  
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
Аудандық атқару комитетінің 1987 жылғы № 40 шешіміне сәйкес, шаруашылық есептегі архив болып құрылды. Мекеменің алғашқы директоры қызметін Б.Тоқбаулин атқарды. Архив ғимараты аудан орталығының солтүстік жағында орналасқан. Шиелі аудандық шаруашылық есептегі Архив болып 20 сәуір 1987 жылдан бастады.
1998 жылдан бастап Аудан әкімінің 26 тамыздағы № 1060 шешімімен ғимарат толығымен архив мекемесінің есебіне (балансына) берілген. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Шиелі аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шиелі аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Шиелі  аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шиелі аудандық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Дүйсенбаев Ерболат Әбішұлы - Қызылорда облысы Шиелі қыстағында (16.08.1966) дүниеге келді. Шымкент кооперативті техникумының тауартанушы мамандығын (1985) бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Шиелі аудандық Теміржол жұмысшыларын жабдықтау бөліміне (ОРСНОД-1) тауартасушы жұмысынан бастап, қойма меңгерушісі, мекеме басшысының орынбасары, басқа да түрлі қызметтерді 1996 жылға дейін атқарған.1999 жылы Аудан әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, 2000-2001 жылдар аралығында төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман, 2001-2004 жылдары «Төңкеріс» ауылдық округі әкімі. 2004-2007 жылдары Пошта байланыс торабында баспасөзді сұрыптау және тасымалдау бөлімінің басшысы, 2008-2010 жылдар аралығында «Жаңатұрмыс» ауылдық округіндегі №207 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2010 жылдан осы кезге дейін «Шиелі аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» 
КММ-нің Жаңақорған аудандық филиалы
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған  кенті, З.Мусаханов көшесі №2а үй 
Эл. пошта: zhanakorgan-arhiv@mail.ru 
Аудандық архив директоры: Абжалелова Зағипа Бегманқызы,  
тел: 8 (72435)  2-29-04
Жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Үзіліс:13.00-15.00
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 15 шілде 1985 жылғы №248 санды қаулысына және Қызылорда облыстық атқару комитетінің 3 қаңтардағы 1986 жылғы № 2 санды шешіміне сәйкес, 1986 жылдың 20 қаңтарынан бастап Жаңақорған аудандық шаруашылық есептегі архиві құрылды.
Аудан әкімінің 1993 жылғы 4 мамырдағы № 357 санды шешіміне сәйкес 1993 жылдың 1 маусымынан бастап шаруашылық есептегі архив аудан әкімшілігінің архиві болып қайта құрылды.
Қызылорда облысы әкімінің 2002 жылғы 13 маусымдағы №235 санды «Облыстық архивтер мен құжаттама бөлімі туралы» шешіміне сәйкес, облыстық архивтер мен құжаттама бөлімі бастығының 2002 жылғы 28 қарашадағы № 24 бұйрығымен «Жаңақорған аудандық архиві» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 
Архив мекемесінің ғимараты 1995 жылдан бастап Жаңақорған кенті
З. Мұсаханов көшесінде №2а үйінде орналасқан. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Жаңақорған аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жаңақорған аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Жаңақорған  аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жаңақорған аудандық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Абжалелова Зағипа Бегманқызы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында (12.03.1965) дүниеге келді. 1985 жылы Томск қаласында есеп-кредит техникумын бітірген. Алматы экономика және статистика академиясының есепші және аудит мамандығын, Қызылорда қаласының «Болашақ» университетінің «Тарих» мамандығын сырттай оқып бітірген. 
Новосибирск облысы, Бердск қалалық банкінде бухгалтер және бас бухгалтер қызметтерін атқарған. 1986 жылдың 2 ақпанынан бастап аудандық архивте архивші, есепші. 2008 жылдан 11 сәуірінен бастап «Жаңақорған аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» 
КММ-нің Байқоңыр қалалық филиалы
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 468320, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Носов көшесі № 5үй.
Архив директоры: Қапанова Бағдат Жүсіпқызы, 
тел: 8(33622) 4-34-70
Архивтың жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00
Үзіліс: 13.00 - 15.00  
Демалыс күндер: Сенбі, жексенбі
Қызылорда облысының мәдениет, Архивтар және құжаттама басқармасының «Байқоңыр қалалық Архивы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Байқоңыр қаласы бойынша Архив ісі және құжаттама саласында атқарушы функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады. Архив «Қызылорда облысының Архивтар және құжаттама басқармасының «Байқоңыр қалалық Архивы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 658 қаулысымен құрылды. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. 2015 жылдың сәуір айынан «Қызылорда облысының мәдениет, Архивтар және құжаттама басқармасының Байқоңыр қалалық Архивы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №1277 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының «Байқоңыр қалалық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Байқоңыр қалалық филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Қапанова Бағдат Жүсіпқызы - 1979 жылы 2 шілдеде Арал ауданында дүниеге келді. 2001 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2002-2014 жылдар аралығында Байқоңыр қалалық Әділет басқармасында жетекші маман қызметін атқарған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап «Байқоңыр қалалық Архивы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
 
 
 
Құрылған күні: 03-07-2015 10:29
Жаңартылған күні: 08-05-2019 10:04

Сұрақ қою

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика