ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«САРАТС-2» жобасын жүзеге асыру мәселесі туралы» 
 
«САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңінің жалпы құны 23,2 млрд.теңге, оның 85% Дүниежүзілік банк заемы есебінен және 15% республика бюджетінен. 
Арал өңірі үшін өмірлік маңызы бар жобаның жүзеге асырылуы Өзбекстан тарапының негізсіз ұстанымынан екі жылдан бері созылып келеді.
Үстіміздегі жылдың 7 шілдесінде Үкіметпен Қызылорда облысының Арал ауданына шығуымен САРАТС-2 жобасының екінші фазасы бірінші кезеңінің барлық компоненттері зерттелген болатын.
Компоненттерді зерттеу нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдармен қаржыландыруды оңтайландыру мәселелері пысықталып және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен келіссөз ұйымдастырылды.
САРАТС-2 жобасына енгізілген жалпы құны 1,4 млрд. теңге болатын апаттық жағдайдағы Қызылорда су торабының шлюз реттеуішін республикалық бюджет есебінен шешуді, ал қалған 5 компонентті Дүниежүзілік банкпен келіссөздерді жалғастыру арқылы Дүниежүзілік банк заемы есебінен жүзеге асыру жөнінде ұсыныс берілген болатын. Бұл ұстаным Ауыл шаруашылығы министрлігімен қолдау тауып отыр. 
2016 жылдың қараша айында Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану мен қорғау жөнінде өзбек тарапымен бірлескен жұмысшы тобы құрылды. 
2016 жылдың желтоқсан айында  Ташкент қаласында бірлескен жұмысшы тобының бірінші кездесуі өтіп, келесі отырысы 2017 жылдың ақпан айының бірінші онкүндігінде Шымкент қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Осы кездесу барысында САРАТС-2 жобасының жүзеге асыру мәселесі қаралатын болады.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» САРАТС-2  жобасы туралы
САРАТС  жобасының екінші фазасын бастау бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның құны 23,2 млрд.теңге, оның 85% Дүниежүзілік Банк заемы және 15% республикалық бюджет есебінен.
Қарыз Келісімі туралы Дүниежүзілік Банктің шарт талаптарына сәйкес келіссөздерді бастау үшін 2014 жылдың қарашасында Арал-Сырдария бассейні елдеріне (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) хабарландыру хаттары жолданған болатын. 
Өзбекстан Республикасы жобаның жүзеге асуы Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкіндігіне сүйене отырып, САРАТС-2 жобасын жүзеге асыруды қолдамайтындығын білдірді. 
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен (2015 жылғы 21 қаңтар, 10 ақпан және 27 наурызда) өзбек тарапына САРАТС-2 жобасының жүзеге асырылуы қоршаған ортаға  кері әсерін тигізбейтіндігі, керісінше Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайын жақсартатындығы туралы негізделген жауап ұсынылды. 
Қалыптасқан жағдайға байланысты, Дүниежүзілік Банк «САРАТС-2» жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тағайындады. 
2015 жылғы 23 қазанда тәуелсіз сарапшылардың есебі Дүниежүзілік Банктің қарауына ұсынылды. Дүниежүзілік Банктің тәуелсіз сарапшыларымен өзбек тарапының ұстанымына сәйкес, төмендегідей қорытынды берілген:
1.Айдаркөл-Арнасай көлдер жүйесіне Шардара су қоймасынан жылына 1,5 км3 кем емес мөлшерде су тастау;
2.Көлдер жүйелерін қалпына келтіру мен балық өсіру тоғандарын кеңейту жөніндегі 2 компонентті жобадан алып тастау;
3.Солтүстік Арал теңізін қалпына келтірудің 2 деңгейлі нұсқасын жүзеге асыру.
Дегенмен, Арал өңірі үшін маңызы зор жобаны іске асыру Өзбекстан тарапының негізсіз ұстанымынан созылуда. 2015 жылы ақпанда Өзбекстан Республикасының Ауыл және су шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыру орынсыз деген қайта ескерту берді.
2015 жылғы желтоқсанда және 2016 жылғы қаңтарда Дүниежүзілік банкінің қатысумен өткізілген Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша өзбекстан тарапы САРАТС-2 жобасының барлық компоненттері Арал өңірін жақсартуға бағытталғанын мойындап, бірақ САРАТС-2 жобасының іске асырылуына тек Шардара су қоймасынан Арнасай ойпатына талап етілген көлемде жыл сайын су жіберу арқылы Айдар-Арнасай көлдер жүйесін сақтап қалу мәселесі шешілгеннен кейін келісетіндігін білдірді.
Сонымен бірге, Қазақстан осындай кепілдік бере алмайды, өйткені Арнасай ойпатының Сырдария өзенімен гидравликалық байланысы жоқ және Арал теңізі бассейніне қатысты барлық мемлекетаралық құжаттар бойынша Айдар-Арнасай көлдер жүйесі су тұтынушы ретінде су объектісі болып табылмайды және Орталық Азия елдері арасында Сырдария өзенінің су ресурстарын тарату кезінде ескерілмейді.
Дүниежүзілік банк тараптарға Айдар-Арнасай көлдер жүйесінің жағдайымен жергілікті жерге барып танысуды және САРАТС-2 жобасын іске  асыруды бастау үшін мәмлеге келуді ұсынды. 
Арал өңірі үшін маңызы зор жобаны іске асыру Өзбекстан тарапының негізсіз ұстанымынан созылуына байланысты, САРАТС-2 жобасын Өзбекстан Республикасының келісімінсіз жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды жөн деп есептейміз. 

Сондай-ақ атап өту керек, жобаны жүзеге асыру жөнінде бір жақты шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан ешқандай халықаралық нормаларды бұзбайды.

Сырдария өзенін реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы, екінші кезең (СӨРАТС-)  Жерді алып қою жөніндегі шекті құжат  Жүктеу... 85 КБ

Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі (САРАТС -2) Экологиялық бағалау және қоршаған ортаны басқару бойынша негіздемелік құжат (ЭБҚОБН)   Жүктеу... 720 КБ

Арал теңізі

Арал теңізі тартылғанға дейін  көлемі жағынан дүниежүзінде 4 орында болды. 1989 жылы теңізі екіге бөлініп, Солтүстік (Кіші) және Оңтүстік (Үлкен) теңізі пайда болды. 2000 жылдардың басында теңіз деңгейі 31 метрге дейін жетіп, бастапқы деңгейінен 22 метрге төмендеді.

Бүгінгі күні балық шаруашылығы тек Кіші Арал теңізінде сақталып, қатты тұздануына байланысты Үлкен Арал теңізіндегі балықтар жойылды.

Кіші Арал теңізінің деңгейін реттеу мақсатында 2005 жылы Көкарал тоспасы салынды. Тоспаның ұзындығы 13034 метр, ені 100-150 метр. Бөгеттің биіктігі 6 метр, абсалютті тереңдігі 42,2 метр. Теңіздің артық суын Оңтүстік Аралға жіберу үшін секундына 600  текше метр су жібере алатын 9 су өткізу шлюздері салынды.

Су тоспасының салынуынан кейін Солтүстік Арал теңізінің деңгейі 2003 жылмен салыстырғанда 12 метрге көтерілді. Теңіз деңгейі 2006 жылдан бастап көтеріле бастады. Судың тұздылығы 23-тен 17 грамм /литрге төмендеді. Балық саны мен түрі көбейді, микроклимат өзгерді. Арал қаласына дейінгі қашықтық 100 шақырымнан 25 шақырымға азайды.

Қосжар және Тастақ елді –мекендерінде орналасқан «Қамыстыбас» балық питомнигі жыл сайын Кіші Арал теңізіне жіберетін балық шабақтарының санын арттыруда. Жылына 15,0 миллионға дейін шабақтар жіберуде.

Арал қаласында екі ірі балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Олар, «Арал балық өңдеу зауыты» мен Арал СДО ЖШС балық өңдеу зауыты.

Өңірде Ел Басының тапсырмасына сәйкес балық кластерін дамыту құру шаралары жүргізілуде. 2000 жылы Кіші Арал теңізінен бар-жоғы 400 тонна балық ауланса, 2013 жылы оның көлемі 6226 тоннаға жетті. Мамандардың болжамы бойынша 2020 жылға қарай балық аулау көлемі 12-15  мың тоннаға жететін болады.

Арал теңізіні бассейінде қаяз балығының генефондын сақтау шаралары жүзеге асырылуда

Арал балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының маман-ихтиологтары балық шабақтарының жағдайын үнемі тексеріп отырады. Олардың пайымдауынша қаяз балығы көбеюде.

Қазіргі уақытта (САРАТС) жобасының 1–кезеңі бойынша Солтүстік Арал теңізінің су тоспасы (Көкарал су тоспасы), Айтек құрылыстар кешені, Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынып, Қазалы және Қызылорда су тораптарында және Шардара мен Арнасай су тоспаларында қыруар құрылыс жұмыстары жүзеге асырылды.

Нәтижесінде Солтүстік Арал теңізі суының минералдығы 23-тен 17 г/л дейін төмендеді, су көлемі 15 текше шақырымнан 27 текше шақырымға дейін жетті, Сырдария өзенінің қыс кезіндегі су өткізу қабілеті 650 - 700 текше метрге дейін көтерілді, сонымен қатар, Қараөзек арнасының су өткізу қабілеті 60 тан 400 м3/с ке дейін жоғарылады.

Сырдария өзеніне және Солтүстік Арал теңізіне құйылатын судың көлемі көбейіп, өңірдегі көптеген биологиялық түрлер қалпына келіп, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуі жақсартылды.

Бұл өз кезегінде көлемі 20-30 мың гектардан асатын бірнеше ірі көлдердің қалпына келуіне, балық шаруашылығының дамуына мүмкіндік беріп отыр. Теңізде бұрын жоғалып кеткен балықтың 13 түрі қайта көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы САРАТС жобасының 1 кезеңіндегі объектілерді келіп көрген кезінде жобаның табиғи ортаны және өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы маңыздылығын жоғары бағалап, жоба бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. САРАТС жобасының екінші кезеңінің дайындығы сол жылы Қазақстанда жүзеге асырылатын басым жобалар қатарына енгізілді.

Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1500,0 мың АҚШ доллары бөлініп, Нидерланды елінің Arcadis Euroconsult, Данияның DHI Water & Environment, Ұлыбританияның Jacobs – Babtie компанияларының Ассоцияциялары және Казгипроводхоз институты осы жобаны әзірлеуде. САРАТС-2 құрамына 8 нысан енгізілді.

Қазіргі таңда жобаға төмендегі объектілер кіріп отыр:

1. Қазалы және Қармақшы аудандарындағы ұзындығы 50 шақырым қорғаныс бөгеттерін салу;

2. Сырдария өзенінің 3,90 шақырым арнасын түзету;

3. Қызылорда су торабының сол жаға су реттегішін қайта қалпына келтіру;

4. Қызылорда қаласында су ресурстарын басқарудың жұмыс орталығын салу;

5. Шардара су тоспасында қосымша секундына 500 текшеметр болатын су жіберу құрылысын салу;

6. Солтүстік Арал теңізінің Сарышығанақ бұғазында құрылыстар кешенін салу;

7. Ақлақ су торабында қуаттылығы 20 МВт су электр станциясын салу;

8. Қазалы ауданының Бірлік елді мекені тұсында ұзындығы 264,7 метр автожол көпірі;

Жалпы САРАТС – 2 жобасының құрамына енген нысандардың жалпы құны 2008 жылғы бағамен есептегенде шамамен 191,657 млн. АҚШ долларын құрайды.

Жоба бойынша биылғы жылы облыс тұрғындарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізіліп, жан-жақты талқылаулар жүргізілді. Қоғамдық тыңдау барысында осы жобаға Тереңөзек кенті жанынан облысқа аса қажет Сырдария өзеніне көпір салу, өңірдегі балық шаруашылығын дамыту мақсатында Қамыстыбас, Ақшатау көлдер жүйесін қалпына келтіру, Арал ауданының Тастақ бөлімшесіндегі Қамыстыбас балық питомнигінің балық өсіру тоғандарын кеңейту ұсыныстары айтылып, ҚР АШМ Су ресурстары мен шетелдік жобалаушылар тарапынан қолдау тауып отыр.

САРАТС – 2 жобасының жүзеге асырылуынан күтілетін нәтижелер:

1. Өзен арнасынан 650-700 текшеметрге дейін су өткізу қабілетін арттыру арқылы облыстың елді мекендерін және халық шаруашылығы нысандарын су басып қалу қауіпінің алдын алу.

2. Арал теңізінің солтүстік бөлігі мен өзен бойындағы көлдер жүйесін суландыруды қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын тұрақты дамыту.

3. Қоршаған ортаның тигізетін зиянды әсерін жеңілдету және Арал өңірінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту.

4. Шардара су тоспасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және су тастау қабілетін арттыру.

5. Экологиялық таза электр энергиясын өндіру және кіші бизнесті дамыту мүмкіндігін көтеру.

6. Солтүстік Арал теңізінің климат түзеуші қызметін, балық шаруашылығы мен демалыс орны ретінде маңыздылығын жақсарту. 

Карта высыхания Аральского моря

Раздел: 
Құрылған күні: 14-10-2012 10:16
Жаңартылған күні: 06-02-2017 11:21

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика