ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Басқарма: 
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Лауазымы: 
Руководитель управления

Сұрақтар

Медеубай Баршагүл Категория Халықтың жұмыспен қамтылуы Дата: 26.04.18

Вопрос:

Сәлеметсізбе?! Менің ұлым 2017 жылы Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетін бітірді. 2016 жылы қашықтықтан оқисыңдар деп тек семестрлік емтихандар тапсырып жүрді. 2016 жылдан бастап ауылда газонда сезондық жұмыста болып футболдан жарысқа жасөспірімдерді дайындап сайыстарға қатысып жүрді..Газонда жұмыс жасайды деп жұмыссыздыққа тіркемеді. Қараша айынан бері газонда жұмыс жоқ, бос жүреді. Қосымша ауыл жастарының қоғамдық спорт жетекшісі болып жетістіктерге жетіп жүр. Мамандығын жанындай жақсы көреді. Жақында ауылда мамыр айының аяғына спорттық кешен берілмек.Осы спорттық кешенге жұмысқа орналастырайын десем жұмыссыздыққа тіркемегендіктен жұмыспен қамтылмай қала ма деп сіздерден көмек сұрағалы отырмын. Күйеуім тағы бір ұлым жұмыссыз.

Ответ:

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2017-2019 жылдарға арналған облыстың инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес 3 (үш) жылға қаржысы бөлініп, Қазалы ауданы Жаңқожа батыр ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің                   (бұдан әрі – спорт кешені) құрылысы жүргізілуде. Тапсырыс беруші ретінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан спорт кешенінің құрылысы қадағаланып, биылғы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 
Қазіргі таңда, пайдалануға берілетін спорт кешенін қандай мекеменің  теңгеріміне берілетіндігі шешілмеген және ұстап тұруға (штат бірлігіне, коммуналдық шығындары) қаражат қаралмаған.
Сонымен қатар, осы уақытта басқармаға қарасты № 17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бос орындар болмауына орай,      Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыруға мүмкіндік болмай отыр.
Алайда, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру және спорт бөлімі, спорт клубы мен спорт мектебі бар. Осыған орай, өтінішіңізде көтеріп отырған мәселе бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуды ұсынады.  
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіреді.
 

Жалғасова Гүлмира Категория Дене тәрбие, спорт және туризм Дата: 22.01.16

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Білгім келгені, облыс бойынша спорттық жетістіктеріміздің жыл бойындағы қорытындысы қандай?

Ответ:

Жыл басынан бері облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 523 медальдарды жеңіп алды. Оның ішінде: 164 алтын, 138 күміс, 221 қола медальдар. Азия, Әлем чемпионаттарында - 52 медаль, оның ішінде 26 алтын, 11 күміс және 15 қола медальдар.Сонымен қатар 12 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32 - спорт шебері, 324 - спорт шеберіне үміткерлер дайындалып, Еліміздің Ұлттық құрама командасына спорт түрлерінен 306 спортшы енді.

Жалғасова Гүлмира Категория Дене тәрбие, спорт және туризм Дата: 25.12.15

Вопрос:

Келесі жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында болатын XXXI жазғы Олимпиада, Параолимпиада ойындарына Сыр өңірінен қанша спортшы қатысады деп болжап отырсыздар?

Ответ:

Қазіргі таңда 19 спортшы  спорттың 9 түрінен XXXI жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға үміттеніп отыр. Ал Паралимпиада ойындарына 1 спортшы жолдама алды. Ол жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спортшы, Параазия ойындарының 2 дүркін қола жүлдегері Ислам Салимов. Сонымен қатар, 5 спортшы жолдама алуға үміткер. Лицензиялық жарыстардың бірі - АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Александр Зайчиков жеңімпаз атанып, қазақ елінің Әнұранын шырқатты. Ал Алмас Өтешов күміс жүлдені иеленді. 
12-15 желтоқсанда Грозныйда Ресей Президентінің кубогы үшін өткен жарыста Илья Ильин көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатып, жаңа әлемдік рекорд жаңартты. Ал Александр Зайчиков күміс жүлдені иеленіп, келесі жылы болатын Рио Олимпиадасына облысымыздан 3 спортшы жолдама алды. Олар: Илья Ильин, Александр Зайчиков және Алмас Өтешов. Сондай-ақ, келесі жылы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Норвегияның Лиллехаммер қаласында болатын қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.  
Басқа спорт түрлерінен кімнің лицензия алатыны алдағы уақыттың еншісінде. Әзірге спортшылар тыңғылықты дайындық үстінде.
 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика