ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстары
 
Макроэкономикалық көрсеткіштер 
2016 жылдың қорытындысымен 79,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 7,3% құрады. 
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 3822,3 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты. 
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 712,6 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге артты. 
Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға 2016 жылы 9,1 млрд. теңге бөлініп, 2015 жылмен салыстырғанда 11,1% артты. 
Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,4%-ға, қой мен ешкі 8,4%-ға, жылқы 0,8%-ға, түйенің саны 3,2%-ға көбейді.
Ет өндіру (тірілей салмақ) 3,6%-ға, сүт өндіру 1,1%-ға, жұмыртқа өндіру 0,9%-ға өсті. 
Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі 33,9 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,3% артты.
Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша 
2016 жылы облыс бойынша барлығы 168,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Егілген егіс көлемі өткен жылмен (2015 жылы 167,3 мың га) салыстырғанда 1212 гектарға артық.
Атап айтқанда, барлығы 20377 га жаңа жоңышқа, 3348 га жаздық бидай, 507 га дәндік жүгері, 160 га жаздық арпа, 407 га тары, 210 га сұлы 5878 га мақсары, 70 га күнбағыс, 4742 га картоп, 4947 га көкөніс, 7102 га бақша, 100 га мал азықтық асқабақ және 710 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді. Негізгі дақыл – күріш көлемі 79598 га.
Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің нақтыланған жедел ақпараты бойынша облыста егін жинау жұмыстары қорытындыланып, 2016 жылы 169,3 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 86932 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 451,2 мың тонна астық өнімі алынды. 
Атап айтқанда, 8446 тонна бидай, 235,6 тонна арпа, 25 тонна сұлы өнімі жиналып, былтырғы жылмен салыстырғанда бидай дақылы 6,4 мың тоннаға, арпа дақылы 155,6 тоннаға артық жиналды. Жалпы бидай өнімділігі (15,3 цн/га) 3,6 центнерге, арпа өнімділігі (14,7 цн/га) 7,2 центнерге артты.
Негізгі дақыл күріштен 439,8 мың тонна күріш салысы жиналды. Атап өту қажет, өткен жылмен салыстырғанда жиналған күріш көлемі 3,8 мың гектарға кем болғанына қарамастан, жалпы өнім 16,2 мың тоннаға артық жиналды. 
Сондай-ақ, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алынды. Бұл күріш өндірісі тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Әртараптандару бағытындағы дақылдардың көлемі, атап айтқанда, жоңышқа – 781 га, күздік және жаздық бидай – 3559 га, арпа – 42 га, сұлы – 148 га, дән жүгері – 81 га, тары – 42 га, картоп – 560 га, көкөніс – 170 га және бақша дақылдары – 667 га артық егілді. Жалпы егіс көлемі 1212 га өткен жылдан артық орналасты. Майлы дақылдардан 5003 тонна өнім жиналды.Мақсары дақылының орта өнімі гектарына 8,2 центнерді құрады. 
Сонымен қатар, 4755 га картоп, 4992 га көкөніс және 7196 гектар бақша дақылдары жиналып, 73038 тонна картоп (61552 тонна - 2015 ж.), 96732 тонна көкөніс (84814 тонна – 2015 ж.) және 151514 тонна бақша өнімдері (130270 тонна – 2015 ж.) жиналды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал азығын дайындау ұйымшылдықпен атқарылып, барлығы 666,8 мың тонна шөп, 7,7 мың тонна сүрлем және 67,3 мың тонна сабан дайындалды.Сонымен қатар, 100 гектар мал азықтық асқабақ жиналып алынды.
Машина-трактор паркін жаңалау жұмыстары соңғы жылдары қарқын жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді. 2016 жылға «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы облыс бойынша 40 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 97 дана техникаға өтінім қабылданды. Жалпы сомасы 3033,3 млн. теңгеге келісім-шарт жасалды. Лизингке алынған техникалар саны 55,9%-ға жаңаланды.
2016 жылы егін жинау науқанына 1707 дана трактор, 837 дана комбайн, 430 жатка, 402 дана тасымал көлігі және 880 дана трактор тіркемесі қатысты.
Күзгі дала және егін жинау жұмыстарына 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, жеткізуші-операторлар дизель майының литрін 90 теңгеден шаруашылықтарға жеткізу қамтамасыз етілді.
Белгіленген жеткізуші операторлар күзгі дала және егін жинау жұмыстарына бөлінген 14 мың тонна дизель отынына  қаржысын толық аударып, жанар майды бекітілген кестеге сәйкес шаруашылықтарға мерзімінде таратты.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2017 жылдың егісі үшін 48,8 мың га сүдігер көтеріп, 3,1 мың га күздік бидай егілді.
Сүдігер көтеру және күздік бидай егу жұмыстары аяқталды.
Тұқым шаруашылығы бойынша
Сорт жаңарту және алмастыру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 75,5 млн. теңге қарастырылып, «Байқоңыр ӘКК "ҰК" АҚ-на қарасты «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы «Таң ЛТД» ЖШС-гі және "Төңкеріс" ЖШС-не Краснодар өлкесінен 335 тонна элита күріш тұқымы әкелінді. 
Оның ішінде «Төңкеріс К» ШҚ-ы 98 тонна Лидер, 30 тонна – Фаворит, «Таң ЛТД» ЖШС-гі 137 тонна Лидер, 70 тонна – Фаворит сортты күріштің элиталық тұқымын алып, барлығы 1300 гектар жерге екті. 
Қазіргі таңда осы 2 шаруашылық келісім шарттары бойынша жинаған өнімдерінен "Агрохолдинг Байқоңыр" ЖШС-не 5200 тонна І репродукциялы күріш тұқымын өткізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде биыл нақты егілген 80065 гектар күріш егістігіне себілген 22903,3 тонна тұқымның 99,7 пайызы (22833,8 тонна) жоғары репродукциялы тұқыммен егілді.  
Тұқым шаруашылықтарының беріп отырған мәліметтері бойынша 2017 жылдың егісіне дайындалған жоғары репродукциялы (суперэлита- ІІІ) репродукцияға дейінгі) өздеріне дайындаған тұқымдарын қоса алғанда) күріш тұқымының көлемі - 25021 тоннаны құрап отыр, оның 6495 тоннасы 2017 жылдың егісі үшін шаруашылықтарға сатылды. Қазіргі таңда тұқым шаруашылықтары бойынша сатылатын 13069 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы бар.
2017 жылға  ауыл шаруашылығы құрылымдарын жоғары репродукциялы күріш тұқымымен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. 
Мал шаруашылығы саласы бойынша
Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына 270,2 мың бас мүйізді ірі қара, 618,1 мың бас қой мен ешкі, 98,3 мың бас жылқы, 38,6 мың бас түйе, 2,4 мың бас шошқа және 85,1 мың бас құс өсірілуде. 
2017 жылдың 1 қаңтарына өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,4%-ға, қой мен ешкі 8,4%-ға, жылқы 0,8%-ға, түйе 0,9%-ға өсті. 
Облыс бойынша барлығы 34166,3 тонна ет, 83681,0 тонна сүт өндірілді. 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше 3,6% және 1,1%-ға, жұмыртқа өндіру 0,9%-ға өсті.
2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен бөлінген 2708,8 млн.теңге қаржы толық игеріліп, 520 шаруашылық субсидия алды.
Беріліп отырған мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл 1235 бас асыл тұқымды ірі қара, 8481 бас асыл тұқымды қой, 324 бас асыл тұқымды жылқы және 25 бас түйе малы сатып алынды.
Облыс бойынша 2017 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 660,0 мың тонна шөп қажет болса, осыдан 697,1 мың тонна шөп (оның ішінде 177,1 мың тоннасы жоңышқа шөбі) дайындалды, немесе жоспар 105,6%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда 32,4 мың тоннаға артық. Сонымен қатар, Қазалы ауданы ғана 8,2 мың тонна жүгері сүрлемін дайындады.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары іске асырылып, шаруашылықтарды жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуде.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында 4200 бас аналық сиыр және 142 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 114 шаруашылық 910,0 млн. теңге несие алып, 5259 бас сиыр және 245 асыл тұқымды бұқа сатып алды, немесе жоспар 125,2 %-ға артығымен орындалды. 
«Алтын асық» бағдарламасына жоспарға сәйкес 1200 бас аналық қой және 42 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған. Осыдан 18 шаруашылық 61,7 млн. теңге несие алып, 2470 бас қой және 98 қошқар сатып алып, жоспар 2,1 есеге артығымен орындалды.
«Құлан» бағдарламасына сәйкес биылғы облыс бойынша 1025 бас бие және 72 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған. 
Осыдан 41 шаруашылық 300,8 млн. теңге несие алып, 
1013 бас бие және 106 асыл тұқымды айғыр сатып алып, жоспар 
98,8 пайызға орындалып отыр. 
Ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы бойынша 2011-2015 жылдары 5,0 мың бастық мал бордақылау алаңын салу жоспарланған. Облыста ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің өз қаржыларына салынған 2,2 мың бастық 18 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда. Сонымен қатар, 2015-2016 жылдары 6,0 мың бастық мал бордақылау алаңдары жаңадан қосылды. 
Атап айтқанда, Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС мал бордақылау алаңын 2015 жылдың аяғында іске қосты. 2016 жылы 500 бас малды етке сойып, 100 тоннадан астам сиыр етін облыс көлемінде сатуды қамтамасыз етті. Қазіргі таңда шаруашылықта 128 бас ірі қара малы бордақылануда. 
2016 жылдың 14 қарашасында «Сыр маржаны» ЖШС-гі «Ветеринариялық санитариялық шараларды кеден одағына қолдану туралы» Кеден одағының 2010 жылғы 18 шілдедегі №317 шешіміне сәйкес, ЕАЭО аумағы ішінде (ЕАЭО мүше елдерінің ветеринариялық талаптарға сәйкес шаруашылықтар тізімі) реестрге №242 болып тіркеліп, алдағы уақытта Ресей Федерациясына экспортқа ет шығаруды жоспарлап отыр. 
Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС-і 3000 бас мүйізді ірі қара малдарын бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқтап, бордақыға қоятын МІҚ малдарын алуға қаржы көздерін қарастыруда.
Сонымен қатар, Сырдария ауданында «Абзал и К» ЖШС-нің базасынан «Абай-Даулет» ЖШС 10,0 мың бастық қой бордақылау алаңы мен жылына 250,0 тонна қозы етін өндіретін кешеннің құрлыс жұмыстарын бастады.Бүгінгі күні 2100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қой сатып әкелініп өсірілуде.
Тұқым түрлендіру 
2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 138,3 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан 44,6 мың бас аналық сиыр және 1,4 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда. 
Аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 32,2%, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 34,0 % құрап отыр.
Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айы аралығындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 33,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,3%- ға артып отыр.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 169 564 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,3%-ға артқан. 
Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айында жас немесе тоңазытылған ет 65,5%-ға, шұжық 5,2%-ға, балық 19,5%-ға, өңделген сұйық сүт 65%-ға, шұбат 3,4 есеге және күріш 10,3%-ға артқан.
Кооперация 
2016 жылы облыс бойынша 133 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 34, егіс саласында – 34, көпсалалы – 65. Құрылған кооперативтерге барлығы 746 фермерлік шаруашылықтар біріккен.
Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда. 
Инвестициялық субсидия
«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдан бастап инвестициялық субсидиялау бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия төленіп келеді.
2016 жылы инвестициялық субсидиялауға бюджеттен 930,7 млн. теңге қаржы бөлініп, барлығы 905,2 млн. теңге игерілді. 42 техника сатып алынып, 26 құдық қазылды,1-құрама жем зауыты, 1 қарқынды алма бағы, 2-тамшылатып суару жабдығына барлығы 905,2 млн. теңге субсидия төленді.  
Инвестициялық жобалар
Ағымдағы жылдың наурыз айында Шиелі ауданында жоба құны 45,0 млн. теңгені құрайтын, «Аруана-Шұбат» шағын шұбат өңдейтін цехы іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, Қазалы ауданында жоба құны 100,0 млн. теңгені құрайтын, «Игіліков Т» шаруа қожалығының қуаттылығы тәулігіне 5 тонна балық сүбесін өндіретін кәсіпорыны іске қосылды, 40 жаңа жұмыс орны ашылды.
2017 жылы жалпы құны 4356 млн. теңгені құрайтын 4 ірі жоба, көлемі 5,2 гектарлық автоматтандырылған 2 жылыжай, қуаттылығы жылына 1500 тонналық құс етін өндіретін құс фабрикасы, қой бордақылау алаңы мен жылына 250,0 тонна қозы етін, қуаттылығы тәулігіне 3 тонналық шұжық өнімдерін өндіретін кешеннің іске қосылуы жоспарлануда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Ресми статистикаға сәйкес азық-түлік тауарларының желтоқсан айындағы бағаларын жыл басымен салыстырғанда индексі облыс бойынша 110,1% (Республика бойынша-109,7%) құрады.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша индекс110,9 пайызды құрааса, республика бойынша 112 пайызды құрады.
2016-2017 жылға жалпы құны 1686,6 млн. теңгенің тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында 16184,5 тонна азық-түлік өнімдерін сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы көлемнен 283,5 млн. теңгеге 919 тонна өнім сатып алынды.
Жалпы облыстың тұрақтандыру қорында 2 304,7 тонна өнім сақталып, 13 «Дәмді» әлеуметтік дүкендері және аудан орталықтарында орналасқан операторлардың сауда үйлері арқылы сатылуда.
Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Мирас» сауда үйі арасында жасалған әріптестік келісім негізінде 2016 жылы 15042,0 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды. 
«Мирас» сауда үйі арқылы 2016-2017 жылдар аралығында облысты 8 607 тонна ет, картоп және көкөністермен нарық бағасынан 15 пайыз төмен бағада қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданды. Бүгінгі күнге осыдан 118,6 тонна жеткізіліп сатылды.
Сонымен қатар, облыс орталығында азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырып нарықты өнімдермен молайту мақсатында 2016 жылдың басынан бері Қызылорда қаласында өткізілген 60 жәрмеңкеде облыс тауарөндірушілерімен 823,1 млн. теңгеге 6 362,7 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.
Бүгінгі таңға облыста мемлекеттен нан бағасын реттеуге бөлінген 1405,4 тонна арзандатылған ұн көлемдері қалды.
2017 жылдың ақпан айынан бастап,әлеуметтік ұн көлемдері таусылғаннан кейін ӘКК-ның айналымдағы қаражаттарының есебінен коммерциялық негізде Қостанай өңірінің «Алтын Асық» ЖШС-нен 83 теңгеден 340 тонна арзандатылған ұнмен қамтамасыз етіп 87 теңгеден сату жоспарланып отыр.  
 

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстар жөніндегі анықтама
 
Облыс бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 54,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 5,7% құрады. 
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 3344,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 14,1 есеге артты.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 327,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге артты.
Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4% артты. 
Егін шаруашылығы
Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің нақтыланған жедел ақпараты бойынша облыста егін жинау жұмыстары қорытындыланып, ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды.
Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша  86 932 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 451,2 мың тонна астық өнімі алынды. Негізгі дақыл күріштен 439,8 мың тонна күріш салысы жиналып, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алынды. 
Өткен жылмен салыстырғанда жиналған күріш көлемі 3,8 мың гектарға кем болғанына қарамастан, жалпы өнім 16,2 мың тоннаға артық.
Сонымен қатар, әртараптандыру бағытындағы майлы дақылдардан 5003 тонна өнім жиналды, 4755 га картоп, 4992 га көкөніс және 7196 га бақша дақылдары жиналып, 73038 тонна картоп (2015 жылы - 61552 тонна), 96732 тонна көкөніс (2015 жылы - 84814 тонна) және 151514 тонна бақша өнімдері (2015 жылы -130270 тонна) жиналды. 
Жиналған дақылдардың орташа өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары. Атап айтқанда, күздік бидайдан 15,7 ц/га, жаздық бидайдан 14,9 ц/га, арпадан 14,7 ц/га, дән жүгеріден 33,6 ц/га, тарыдан 23,2 ц/га, сүрлем жүгеріден 109,8 ц/га және мақсарыдан 7,8 ц/га, күнбағыстан 13,7 ц/га өнім алынды.
Күріш жинау науқанына 1707 дана трактор, 837 дана комбайн, 430 жатка, 402 дана тасымал көлігі және 880 дана трактор тіркемесі қатысты. 
Облыста мал азығы үшін 666,8 мың тонна шөп, 7,7 мың тонна сүрлем және 67,3 мың тонна сабан шөп дайындалды.
Бүгінгі күні облыс бойынша 22055 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы құйылды. Тұқым шаруашылықтары дайындаған тұқымдарын себу дәрежесіне жеткізу жұмыстарын жүргізуде. 
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы құрылымдары 2017 жылдың егісі үшін 5771 га сүдігер көтеріп, 1000 га күздік бидай екті. Күздік бидай және сүдігер көтеру жұмыстары жалғасуда. 
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қазанына 279,1 мың бас мүйізді ірі қара, 669,3 мың бас қой мен ешкі, 104,9 мың бас жылқы, 39,8 мың бас түйе және 98,6 мың бас құс өсірілуде. 
Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда мүйізді  ірі қара 5,8%-ға, қой мен ешкі 5,4%-ға, жылқы 10,2%-ға, түйе 6,0%-ға, құс 0,5%-ға көбейді.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 
Есепті кезеңде барлық шаруашылық құрылымдарында өндірілген ет (тірілей салмақта) 5,6%, сиыр сүті 1,2%, жұмыртқа 1,5% көбейді. 
Сондай-ақ, шаруа қожалықтарын қоса алғанда барлық агроөнеркәсіп құрылымдарында өндірілген ет, сүт өнімдерінде өсу динамикасы байқалады. Есепті кезеңде ауыл шаруашылық құрылымдарында ет өндіру 3,7 мың тоннаны құрап, 37,0%-ға артты. Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы сүт өндіру 9,0 мың тоннаны құрап, 2,8%-ға көбейді. 
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру туралы 
Тұқым түрлендіру 
Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облыс бойынша 127,0 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 32,4 мың бас аналық сиыр және 1,4 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда. 
Аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 25,6%, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 82% құрап отыр. 
«Сыбаға» бағдарламасы. Бағдарлама аясында үстіміздегі жылы 3200 бас аналық сиыр және 108 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан есепті кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 72 шаруашылық  651,9 млн. теңге несие алып, 3698 бас сиыр, (177 бас бұқа) сатып алды немесе жоспар 115,6%-ға орындалды. 
Бүгінгі күні 24 шаруашылықтың 195,7 млн. теңгеге 1278 бас сиыр (33 бұқа)  сатып алуға тапсырған құжаттары  «АНК» АҚ-да комиссиядан сараптамадан өтуде.
«Алтын асық» бағдарламасы. Бағдарламаға сәйкес 5775 бас аналық қой және 197 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған. Осыдан 6 шаруашылық  29,2 млн. теңге несие алып, 1140 бас қой, (54 қошқар) сатып алып, жоспар 19,7% орындалды. 
Бүгінгі күні 8 шаруашылықтың 46,0 млн. теңгеге 2205 бас қой  сатып алуға тапсырған құжаттары  «АНК» АҚ-да комиссиядан сараптамадан өтуде.
«Құлан» бағдарламасы. Бағдарлама бойынша 2325 бас бие, 159 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған, осыдан 17 шаруашылық 148,4 млн. теңге несие алып, 494 бас бие, (49 айғыр) сатып алды, жоспар 21,3% орындалып отыр.
Бүгінгі таңда 16  шаруашылықтың 100,6 млн. теңгеге 352 бас жылқы сатып алуға тапсырған құжаттары  «АНК» АҚ-да комиссиядан сараптамадан өтуде.
Мал бордақылау алаңы
2011-2015 жылдарға 5,0 мың бастық мал бордақылау алаңын салу  жоспарланған. Облыста ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері өз қаржыларына салған 2,2 мың басқа арналған 18 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.  
Сонымен қатар 3,5 мың бастық мал бордақылау алаңдары жаңадан салынды.
Атап айтқанда, Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС-гі ветеринариялық пунктпен, таразымен, заманауи мал сою пунктімен қамтылған 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтап, өткен жылдың аяғында  іске қосты. Ағымдағы жылдың басынан бері кәсіпорында 500 бас МІҚ малы бордақыға қойылып, 370 басы етке сойылды, 61 тоннадан астам сиыр етін аудан және Байқоңыр қалаларының тұрғындарына сатуды қамтамасыз етті. 
Бүгінгі күні кәсіпорында 166 бас мал бордақылануда тұр. Сонымен қатар,  осы мал бордақылау алаңының қуаттылығын 3000 бас мал бордақылауға жеткізу мақсатында қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бір мезгілде бордақыланатын 3000 бас мал тұратын орынға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта бордақылау алаңында 15 адам жұмыспен қамтылып отыр. Ет кластерін жасау үшін бордақылау алаңының жанынан шағын консервілеу зауытын салу жоспарланып, дайындық жұмыстары басталды.
Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС-і 3000 бас мүйізді ірі қара малдарын бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқтап, бордақыға қоятын МІҚ малдарын алуға қаржы көздерін қарастыруда.
Сонымен қатар, Сырдария ауданында «Абзал и К» ЖШС-нің базасынан «Даулет» ЖК 10,0 мың бастық қой бордақылау алаңы мен жылына 250,0 тонна қозы етін өндіретін кешеннің құрлыс жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні 2100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қой сатып әкелініп өсірілуде.
Қолдан ұрықтандыру 
Мал тұқымын асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыруға үстіміздегі жылы 42,1 млн. теңге қаржы қаралып, шаруа және фермерлік қожалықтардың меншігіндегі 10525 бас МІҚ аналығын қолдан ұрықтандыру жоспарланып отыр. Осыдан қазіргі 10 337 бас МІҚ малы қолдан ұрықтандырылды. 
Өңдеу саласы 
2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 25,0 млрд. теңгені, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 11,8% құрады.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 119971 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,2%- ға артқан. 
Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айында сары май 1,5%-ға, өңделген сұйық сүт  94,2%-ға, жас немесе тоңазытылған ет 99.4%, балық 65,0%-ға,  шұжық 10,8%-ға артқан.
Ауыл шаруашылығы кооперативін құру
Облыс бойынша 92 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 17, егіс саласында – 21, көпсалалы – 46, су шаруашылығы – 1, сүт өнімдерін өндіру - 1), оның ішінде 85 кооператив әділет департаментінде тіркелсе, 7 кооперативтің құжаттары әділет департаментіне тіркеу үшін тапсырылған. Құрылған кооперативтерге барлығы  495 шаруашылықтар біріккен. Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда. 
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдағы 2016-2017 жылдары АӨК саласында жоба құны 29,2 млрд. теңгенің 17 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Жаңа 1174 жұмыс орнын ашу көзделуде. 
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
Статистикалық мәліметке сәйкес азық-түлік тауарларының жыл басындағы бағаларын қыркүйек айымен салыстырғандағы индексі облыс бойынша – 104,4%-ды  (Республика бойынша – 104,9%-ды) құрайды.
Бүгінгі күнгі әлеуметтік маңызы бар 33 өнімнің бағаларын ағымдағы жылдың 4 тоқсанына белгіленген шекті мәнімен салыстырғанда 5 азық-түлік тауарларының бағалары (қарақұмық жармасы – 27,1%, 1 сұрыпты бидай ұнынан пісірілген қалыпты нан бағасы – 9,6%,тауықтың сан еті - 7,5%, қой еті сүйектерімен - 0,1%, қант - 6,2%) көтерілді.
Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және нарықты өнімдермен молайту мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда.
Тұрақтандыру қорында қазіргі таңда 2564,4 тонна өнім (өсімдік майы-2,9 тн, қант – 161,3 тн, шай – 0,1 тн, күріш – 578,9 тн., ұн – 716,52 тн, картоп-618 тн, жуа-200 тн, сәбіз-150 тн, құс еті-74,8, макарон-62 тонна,) сақталып, 13 әлеуметтік-сауда дүкендері және «Аль-Асад» сауда үйімен жаңадан жасалған әріптестік келісім негізінде қала мен аудандарда орналасқан 17 сауда орындары арқылы сатылуда.  
Аталған өнім көлемдерінен фъючерстік келісім негізінде тұрақтандыру қорына сатып алынған және өндірушілердің жауапты сақталуында 2017,7 тонна өнім бар, оның ішінде: (күріш-573 тн, картоп- 618 тн,құс еті-74,8 тн, макарон-62 тн, пияз-200 тн, сәбіз-150 тн, ұн -340 тн,). 
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және нарықта инфляция әсерін тежеу үшін тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу интервенциялары арқылы жүргізілуде.
Облыста нан бағасын реттеу мақсатында 2015 жылы 39416 тонна әлеуметтік ұн бөлінген болатын (27591,2 тонна ұн). Бұл көлемнен облысқа 3188,1 тонна ұн көлемі жеткізілмеді.(«Кустанайская мукомольная компания» ЖШС-нен 811,8 тонна, «RANNAR» ЖШС-нен 2376,3 тонна).
Бұл ұн көлемдері таусылғаннан кейін, наубайхана иелерінің сұраныстарына сәйкес ұн өндіруші кәсіпорындармен келісімдер жасалып арзан ұнмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табады.
Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Мирас» сауда үйімен жасалған әріптестік келісім негізінде 2015 жылы 17792 тонна өнім сатылған болса, 2016 жылы 12758,0 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды. Әріптестік келісімнің нәтижесі оң әсерін бергендіктен, ӘКК тарапынан 20 млн. теңге қосымша қаражат бөлініп, келісім 2019 жылға дейін ұзартылды. 
Жыл басынан Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 30 жәрмеңке өткізіліп, 332,3 млн. теңгенің 3458,6 тонна өнімдері нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.
Өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында облыс әкімдігі мен Астана, Ақтөбе облысы әкімдіктері арасында Меморандум жасалды. Меморандум аясында ағымдағы жылдың 13-16 қазан аралығында облыста Ақтөбе облысы күндері өткізіледі. Ағымдағы жылдың 15 қазаны күні Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Облыстың ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдың IV тоқсанында  атқарылатын міндеттер
Егін шаруашылығы бойынша
-2017 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасын жасау;
-күздік бидай егу және сүдігер көтеру жұмыстарын агротехникалық мерзімде аяқтау;
-өсімдік шаруашылығына бөлінген субсидияларды мерзімінде игеру;
-2017 жылдың егісіне құйылған ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының кондицияға жеткізілуіне бақылау жасау;
-"Ы.Жахаев атындағы қазақ күріш ҒЗИ" ЖШС-гі және Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі инспектурасы мекемесімен бірлесіп бәсекеге қабілетті сорттарды жерсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
-2017 жылы егілетін ауыл шаруашылығы  дақылдары тұқымдарының "Каз Агрэкс» зертханасы арқылы уақытылы, толық тексеруден өтуіне ықпал ету.
Мал шаруашылығы бойынша
-Мал шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялардың игерілуін қамтамасыз ету;
-«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету. 
Өңдеу саласы бойынша
-сала бойынша жалпы құны 29,2 млрд.теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобалардың қаржыландырылуына (ҚазАгроҚаржы АҚ) ықпал жасау.

Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша өтініш қабылдау басталды
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Қазақстан Республикасында 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру аясында кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың басталғаны туралы хабарлайды. 
Субсидиялауға теңгемен жылдық 14%-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10%-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 2015 жылғы 1 шілдеге дейінгі, теңгемен жылдық 19%-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10%-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 2015 жылдың 1 шілдеден бастап жасалған қарыз шарттары жіберіледі. 
Нысаналы мақсаты айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малын, техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алу, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малын, техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малын, техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алуға бағытталған қарыз қаражатттарын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу болып табылады.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға қатысу үшін тілек білдірушілер екінші деңгейлі банктерге, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктерге өтініш бере алады.  
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2016 жылдың 23 мамырдағы №232 бұйрығымен бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың шарттары туралы толық ақпаратпен www.agro.e-kyzylorda.gov.kz электрондық мекенжайында жарияланған тиісті Қағиадалардан танысуға, сонымен қатар Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасына 8 (7242) 60-54-49 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық бюджеттің № 019 бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiнде 2016 жылға арналған конкурс өткізеді
 
Хабарландыру: Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық бюджеттің № 019 бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiнде 2016 жылға арналған конкурс өткізеді.
Конкурстық құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:  Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі н/з, № 212 кабинет.
Анықтама телефоны: 8(7242) 60-54-50.
Конкурс құжаттарын қабылдау және конкурс өткізілетін мерзімі:
- конкурс құжаттарын қабылдау мерзімі 07.05.2016 ж. – 05.06.2016 ж. аралығында.
Ескерту: Инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiндегі өткізілген конкурстан кейін конкурстық комиссия ұсынымы негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлу жөнінде облыстық бюджеттік комиссиясына ұсыныс жасайды. 
Конкурс құжаттарының Қағидасын облыс әкімдігі сайтынан немесе  жоғарыда көрсетілген мекен-жайдан алуға болады.
 
 
2016 жылдың басым бағыттарының атаулары
1. Күріштің экспорттық әлеуетін арттыру;
2. Бақша шаруашылығын дамыту;
3. Жемшөп өндірісін жақсарту;
4. Азықтандыру жүйесін іске асыру;
5. Жануарлардың ауруларын алдын алудың және емдеудің инновациялық әдістері.
 
Қызылорда облысының агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеуді ұйымдастыру қағидасы Жүктеу,,,30 КБ

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша
2016 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы
АНЫҚТАМА
 
Макроэкономикалық көрсеткіштер
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 14,2 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,9% құрады. 
Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 15,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 9,8% артты.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 9,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 22,1% құрады.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 224,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 193,0% артты.
Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 
7,4% артты. 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2016 жылдың маусым айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,9% (республика бойынша 105,0%) құрады. 
Егін шаруашылығы
Қызылорда қаласы және аудандармен берілген жедел ақпаратқа сәйкес бүгінгі күнге барлығы 168,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 1158 гектарға артық егілді. 
Биылғы егістікке қажетті 339 тонна күздік, 689 тонна жаздық бидай, 27 тонна арпа, 163 тонна мақсары және 209 тонна жоңышқа және 22601 тонна күріш тұқымы пайдаланылды. 
Сорт жаңарту, сорт ауыстыру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 75,5 млн. теңге қаражат бөлініп, Краснодар өлкесінен 335 тонна күріштің элиталық тұқымы әкелініп,1300 гектар жерге егілді.
Өткен жылдың күз айларында 2183 гектар күздік бидай егіліп, 2015 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге артық егілді. Сонымен қатар, биыл 20377 га жаңа жоңышқа, 3319 га жаздық бидай, 160 га жаздық арпа, 210 га сұлы, 507 га дәндік жүгері, 407 га тары және 5878 га мақсары, 70 га күнбағыс, дақылдары егілді. 
Сонымен бірге, биылғы жылы 4742 га картоп, 4947 га көкөніс, 7102 га бақша, 100 га мал азықтық асқабақ, 710 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді.
Негізгі дақыл күріш – 79598 гектарға егіліп, меже 104,3 пайызға орындалды. Қазір кезде егістікті күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. 
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне аудандармен берілген ақпаратқа сәйкес, межеленген 69,7 мың гектар күріш егісінің 50,4 мың гектары (72,3%) тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілсе, арам шөптерге қарсы өңдеу межеленген 69,1 мың гектар егістің 55,1 мың (79,7%) гектары өңделді. Үстеп қоректендіру және өңдеу жұмыстары жалғасуда. 
Сонымен бірге, Қазіргі уақытта Жаңақорған және Шиелі аудандарында күздік бидай жинау жұмыстары басталды. Есепті кезеңде барлық егілген 2183 гектар күздік бидай дақылының 623 гектары (28,5%) жиналды. Орта өнім гектарына 17,3 центнерден (2015 жылы 12,6 ц/га) келуде.
Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылын жинау жұмыстарын атқаруда. Есепті кезеңде межеленген 38,4 мың гектар жоңышқаның 34,7 мың гектары орылды. Барлығы 73,9 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып, орта өнім гектарына 23,9 центнерден келуде. Сонымен қатар, 39,1 мың тонна табиғи шөп дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
2016 жылғы облыс бойынша өсімдік зиянкестері саяқ шегірткеге қарсы  29,9 мың га, күріштің жағалық шыбынына қарсы 4,5 мың га жер өңдеу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта саяқ шегірткеге және күріштің жағалық шыбынына қарсы өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды. 
Сонымен қатар, облыс бойынша ерекше қауіпті шегіртке зиянкестері итальяндық прус және азиялық шегіртке қоныстанған 161,2 мың га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды.
2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан 327 текше метр су түсіп, төменге секундына 600 текше метр су тасталуда. Қоймадағы судың көлемі 4,8 млрд. текше метрді құрайды. 
Көксарай су реттегішінде жиналған судың көлемі 247,5 млн. текше метр болып отыр. Қызылорда облысының шекарасына келіп жатқан су көлемі секундына 820 текше метрді құрайды. Шаруашылық құрылымдары егіске қажет суармалы сумен толық қамтамасыз етілуде.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 292,8 мың бас мүйізді ірі қара, 758,9 мың бас қой мен ешкі, 108,6 мың бас жылқы, 43,3 мың бас түйе, және 83,2 мың бас құс өсірілуде. 
Мал басын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4 %-ға, қой мен ешкі 3,1 %-ға, жылқы 12,8 %-ға, түйе 8,6%-ға өскен. 
Ет өндіру 14872 тоннаға (5,3%-ға), сүт өндіру 37083 тоннаға (1,4 %-ға) көбейген.
2015 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында сойылған малдың бір басының орташа салмағы 275 кг құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға, ал бір сиырдан орташа сауылым 2015 жылы 1184 кг болып, 2014 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артты.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен үстіміздегі жылы 2408,2 млн.теңге қаржы қаралып немесе былтырғымен салыстырғанда 5,3%-ға артық қаржы бөлініп отыр. Осыдан бүгінгі күнге қаржылық жоспарға сәйкес 750,0 млн. теңге игеріліп, 146 шаруашылық субсидия алды.
«Сыбаға» бағдарламасы
Бағдарлама аясында үстіміздегі жылы 3200 бас аналық сиыр және 108 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан есепті кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 38 шаруашылық 371,3 млн. теңге несие алып, 2100 бас сиыр, (105 бас бұқа) сатып алды, немесе жоспар 65,6%-ға орындалды.  
«Алтын асық» бағдарламасы 
Бағдарламаға сәйкес 5775 бас аналық қой және 197 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған. Осыдан 4 шаруашылық  22,1 млн. теңге несие алып, 845 бас қой, (26 бас қошқар) сатып алып, жоспар 14,6 %-ға орындалды. 
«Құлан» бағдарламасы
Бағдарлама бойынша 2325 бас бие, 159 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған, осыдан 9 шаруашылық 97,3 млн. теңге несие алып, 325 бас бие, (35 бас асыл тұқымды айғыр) сатып алды, жоспар 14,0 пайызға орындалып отыр. 
Мал бордақылау алаңы
Облыста «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 
Бүгінгі күні облыста тауарөндірушілердің өз қаржысы есебінен салынып іске қосылған жалпы қуаттылығы 2220 бас ірі қара малына арналған 18 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.
Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын өткен жылдың аяғында іске қосып, бүгінгі күні өз өнімдерін облыс халқына ұсынып отыр. Қазіргі таңда шаруашылықта 370 бас ірі қара малы бағылуда.
Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС-і 3000 бас мүйізді ірі қара малдарын бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқтап, бордақығы қоятын МІҚ малдарын алуға қаржы көздерін қарастыру үстінде.
Сонымен қатар, Сырдария ауданында «Абзал и К» ЖШС-нің базасынан «Даулет» ЖК 10,0 мың бастық қой бордақылау алаңы мен жылына 250,0 тонна қозы етін өндіретін кешеннің құрлыс жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні 2,2 мың бас қой сатып алынып. Мал бордақылау кешені үстіміздегі жылдың қыркүйек айында іске қосылады деп күтілуде. 
Тұқым түрлендіру 
Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облыс бойынша 127,0 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 31,8 мың бас аналық сиыр және 1,2 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда. 
Аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 25,0%, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 94,0% құрап отыр (Республиканың орта көрсеткіші тиісінше 27,0 және 94,0. 
Қолдан ұрықтандыру 
Мал тұқымын асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыруға үстіміздегі жылы 42,1 млн. теңге қаржы қаралып, шаруа және фермерлік қожалықтардың меншігіндегі 10525 бас МІҚ аналығын қолдан ұрықтандыру жоспарланып отыр. Осыдан қазіргі 5677 бас МІҚ малы қолдан ұрықтандырылды. 
Ауылшаруашылық өнімдерді өңдеу
2016 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 15,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,8%-ға артып отыр.
Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-маусым айында 82 111 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 118,4%- ға артқан. 
Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-мамыр айында сары май 100%-ға, өңделген сұйық сүт 195,6%-ға, жас немесе тоңазытылған ет 2,1 есеге, балық 175,3%-ға, шұжық 110,7%-ға артқан.
Кооперация
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне барлығы 63 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, оған барлығы 264 шаруашылықтар біріккен (оның ішінде 18-мал шаруашылығы саласы, 13-егіншілік саласы, 32-көпсалалы кооператевтер).
Инвестициялық жобалар
Алдағы 2016-2017 жылдары АӨК саласында жоба құны 21,7 млрд. теңгенің 8 жобасын іске қосу жоспарлануда (жаңа 958 жұмыс орны ашу көзделуде).
Атап айтқанда:
- 4000 га жерге қызанақ дақылын егу және томат пастасын өндіру. Биылғы жылы эксперименттен өткізу үшін қызанақтың 
11 сорты 2 га жерге тамшылатып суару әдісімен өсірілуде. «Евразия АгроХолдинг» ЖШС, Жаңақорған ауданы;
- көлемі 1,6 га кешенді жылыжай құрылысын салу, «КазАгроМир» ЖШС, Қызылорда қаласы; 
- көлемі 3,2 га өндірістік жылыжай құрылысын салу, «Высшая Аграрная Лига» ЖШС-і, Қызылорда қаласы;
- жылдық қуаттылығы 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салу, «Ақтөбе» ЖШС, Қармақшы ауданы;
- қуаттылығы тәулігіне 3 тонна жартылай дайын және шұжық өнімдерін өндіру өндірісін салу, «Бест Сервис» ЖШС, Қызылорда қаласы;
- қуаттылығы жылына 5 мың тонна мал сою және жас етті өндіру өндірісін салу, «Бест Сервис» ЖШС, Қызылорда қаласы;
- тәуліктік қуаттылығы 50 тонна шұбат өңдеу зауытын салу, 
«Ji WinWay investment corp компаниясы, Арал, Қазалы ауданы;
- жылдық қуаттылығы 120 тонна қаз етін өндіру өндірісі, «Жан-Арай» ЖШС, Сырдария ауданы және Қызылорда қаласы.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың маусым айындағы азық-түлік тауарларының бағаларын жыл басымен салыстырғандағы индексі 103,9% (Республика бойынша - 105,0%) құрады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына негізсіз баға көтерілуін болдырмау және инфляция деңгейін ұстап тұру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және нарықты молайту шараларын қабылдау жөнінде облыс әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылып, тұрақты түрде жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторинг бағаларын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қарақұмық жармасы 38,4 пайызға, асханалық қызылша бағасы 10,3 пайызға, қант бағасы 5,8 пайызға, картоп бағасы 8,2 пайызға және тұз бағасы 2,8 пайызға артты.
Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы жүргізілуде. 
Бүгінгі күнде тұрақтандыру қорындағы 2406,6 тонна азық-түлік тауарлары облыс орталығында орналасқан «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде сатылуда.
Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Мирас» сауда үйімен жасалған әріптестік келісім негізінде жыл басынан бері 6554 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды.
Негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 59 ірі сауда субъектісімен ынтымақтастық туралы Меморандумдар жаңартылып барлық сауда орталықтарында баға бір қалыпты қалыптасуда.
Жыл басынан бері Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 18 жәрмеңке өткізіліп 98,4 млн. теңгенің 1064,8 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.
Әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарларының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, бағалардың негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда тисті мемлекеттік органдарымен тексеру жүргізіліп баға көтермеу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша

2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстары және 2016 жылы міндеттері туралы
АНЫҚТАМА
 
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 6,7 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 3.5% құрады. 
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 6,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 7,0 есеге артты.
Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4% артты. 
 
Егін шаруашылығы
Облыс әкімінің тиісті өкімімен аудандар және Қызылорда қаласы бойынша тиісті су шаруашылығы және жерге қатынастары басқармасымен келісілген 2016 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы бекітілген болатын.
Бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 162,6 мың (2015 жылы 163,8 мың) гектарға егiс егу межеленіп отыр. 
Оның ішінде дәндi дақылдар 81,4 мың, мал азықтық дақылдар 59,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың, майлы дақылдар 5,4 мың гектарды құрайды. 
Негізгі дақыл күрiштің көлемі 76,3 мың гектар (2015 жылымен салыстырғанда 7,6 мың гектарға аз). 
2016 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 2043 гектар күздік бидай егіліп, қазіргі уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың егісіне 48,8 мың гектар сүдігер көтерілді.
Облыста ерте егінді егу жұмыстары басталды. Барлығы 16217 га жаңа жоңышқа, 2926 га жаздық бидай, 3357 га мақсары дақылдары егілді. 33555 га ескі жоңышқа тырмаланып отыр.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда.
2016 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 50,9 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфаты 28,6 мың тонна, карбамид 12,6 мың тонна, аммиак селитрасы 0,3 мың тонна, аммофос 8,3 мың тонна, байытылған суперфосфат және фосфорит ұны 1,1 мың тонна болып отыр.
Қазіргі таңда минералдық тыңайтқыштардың нақты 35,7 мың тоннасы (70,1%) алынған. Оның ішінде аммоний сульфатының 21,4 мың тоннасы, карбамидтің 9,6 мың тоннасы, аммофостың 3,8 мың тоннасы және фосфор ұнының 1,0 мың тоннасы алынып отыр.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша биылғы жылы арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің барлық қажет көлемі 11 165 литрді құрап отыр.
Оның ішінде гулливер – 820 литр, номини - 1015 литр, солито - 4560 литр, 2М4Х - 600 литр, рейнбоу - 3600 литр, торнадо - 570 литр болып отыр.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 1815 трактор, 475 соқа, 245 тұқым сепкіш,                365 автомашина және 905 трактор тіркемесі бар.
Сонымен қатар, бекітілген егіс көлеміне сәйкес 2016 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бір тонна дизель отынының бағасы 95421 теңгені құрайды. Аудандарға (қалаға) жеткізіп беруші оператор болып екі серіктестік белгіленіп («Нефтьтранс-Қызылорда» және «РК-Мұнай»), шаруашылықтарға 1 литр дизель отынын 90 теңгеден жеткізіп берілуде.
Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 4 мың тонна арзандатылған дизель отынына толығымен қаржы аударылып, шаруашылықтарға таратылды. Сәуір айына бөлінген 5 мың тонна дизель отынының 3377 тоннасына (67,5 %) қаржы аударылды.
2016 жылға межеленген егіс көлеміне сәйкес, «Казсушар» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға қажетті 4,2 млрд. текше метр суармалы су лимитіне сұраныс берілді.
Қазіргі уақытта Шардара су қоймасындағы су көлемі 4,8 млрд. текше метр, Көксарай суреттегішінде жиналған су көлемі 2,1 млрд. текше метр болып отыр.
Шардара су қоймасынан төменге секундына 800 текше метр су тасталуда.
Сонымен қатар, су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдарда 64%, ішкі шаруашылық каналдарда 58% орындалды. Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу шаруашылықаралық каналдарда 96%, ішкі шаруашылық каналдарда 48%, насос қондырғыларын жөндеу 70%, гидробекеттерді жөндеу 75% орындалды. Сонымен қатар, 15,9 мың га (57%) егістік жер, 80,8 мың га (93%) шабындық ылғалдандырып суарылды.
Аудандар бойынша берілген мәліметке сәйкес, бүгінгі күні барлық қажет қаржы көлемі 13 738,5 млн. теңгені құрайды. Осы көлемнің 3 766 млн. теңгесі шаруашылықтардың өз қаржысы, 3 477 млн. теңге инвесторлардың, 1 287,5 млн. теңгесі «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС, 270 млн. теңгесі басқада көздердің үлесінде. 
 
Тұқым дайындау 
2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің 23184 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 6,35 тоннасы (0,03%) көбейтілген тұқым, 71,4 тоннасы (31%) супер элита, 564,1 тонна (2,4%) элита, 2163,7 тонна (9,3%) І - репродукциялы тұқым, 5891,15 тонна (25,4%) ІІ - репродукциялы тұқым, 14470,3 тонна (62,4%) ІІІ - репродукциялы тұқым, 17 тонна (0,1%) қатардағы тұқымды құрап отыр.  
2016 жылы егілуге дайындалған 23184 тонна күріш тұқымының-4465,8 тоннасы Маржан, 9175,7 тоннасы -Янтарь, 8728,5 тоннасы-Лидер, 245 тоннасы - Анаит, 535 тоннасы - КазЕр-6, 4 тоннасы - КазНИИР-5, 30 тоннасы –ГС-84 сорттарын құрайды. 
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 10.04.2016 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 20416,24 тонна (88%) күріш тұқымының  себу дәрежесіне жеткені 15098,24 тонна (74 %), оның ішінде 1412,24 тоннасы (10,1 %) 1-класс, 11005 тоннасы (72,8%) 2-класс, 2861 тоннасы (17,8%) 3-класс, ал 5318 тоннасы (26 %) себу дәрежесіне  жеткізілмеген. 
Сонымен қатар тексеруге түскен 598 тонна жаздық бидай, 164 тонна жоңышқа тұқымы, 106,05 тонна мақсары тұқымы 100% себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. 
Қазіргі таңда құйылған күріш тұқымдарын тазалау, себу кондициясына жеткізу жұмыстары жалғасуда. 
Облысымыздағы тұқым шаруашылықтары бойынша күріш егетін ауыл шаруашылық құрылымдарын қамтамасыз ету үшін «Мағжан и К» ЖШС – 3337 тонна, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ» ЖШС – 894 тонна, "Таң ЛТД" ЖШС- 1252 тонна, «Рза Агро" ЖШС- 720 тонна," Сыр маржаны» ЖШС-2022 тонна, «Төңкеріс К" ШҚ-575 тонна, барлығы – 8800 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы дайындалып, оның ішінде бүгінгі таңға 2550 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы шаруашылықтарға сатылды. 
Биылғы жылы егілетін күріш 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқыммен егіледі деп күтілуде. 
Сонымен қатар сорт жаңарту жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 75,5 млн. теңге қарастырылып, «Байқоңыр ӘКК "ҰК" АҚ-на қарасты «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы «Таң ЛТД» ЖШС-гі және "Төңкеріс" ЖШС-не Краснодар өлкесінен 335 тонна элита күріш тұқымы әкелінді. Оның ішінде «Төңкеріс К» ШҚ-ы 98 тонна Лидер, 30 тонна – Фаворит, «Таң ЛТД» ЖШС-гі  137 тонна Лидер, 70 тонна – Фаворит сортты күріштің элиталық  тұқымын алды. 
№045 «Тұқымның және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға Қызылорда облысына жергілікті бюджеттен 23 391 мың теңге қаражат қаралып, бүгінгі таңға 4930 мың теңгесі игерілді. Облыс бойынша 2424 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді.
 
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2016 жылдың 1 сәуірін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,1%-ға, қой мен ешкі 1,3%-ға, жылқы 12,5%-ға, түйенің саны 7,9%-ға көбейді. Ет өндіру (тірілей салмақ) 4,6%-ға, сүт өндіру 1,0%-ға, жұмыртқа өндіру 0,6%-ға өсті. 
Үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3200 бас аналық сиыр және 108 бас бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 5775 бас аналық қой және 197 бас асыл тұқымды қошқар, «Құлан» бағдарламасы бойынша 2325 бас бие, 159 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланды. Бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 16 шаруашылық 80,8 млн. теңге несие алып, 460 бас сиыр және 31 бас бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылық 7,9 млн. теңге несие алып, 391 бас қой,18 бас қошқар, «Құлан» бағдарламасы арқылы 1 шаруашылық 3,3 млн. теңге несие алып, 10 бас жылқы және 4 айғыр сатып алды. 
Биылғы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 164 млн. теңге инвестсубсидияның 22 млн. теңгесі Шаған а/о салынған 3000 бас МІҚ малын бордақылау жобасы үшін төленіп, қалған қаржысы республикалық бюджетке кері қайтарылды. Бүгінгі таңда, барлығы 22 жоба бойынша 29,1 млн. теңге субсидия қаржысы есептелініп отыр. 
Сонымен бірге, 08.04.2016 ж өткен облыстық маслихаттың кезектен тыс отырысында облыстық бюджеттен инвестсубсидияға 2011 млн. теңге бөлінді. 
 
Өңдеу саласы
Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативі туралы» Заңын түсіндіру және жылжыту мақсатында облыс әкімінің 2015 жылдың 6 қарашасында №133-Ө өкімімен жұмыс тобы құрылды. Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында жұмыс тобы Қызылорда қаласы мен аудандардағы шаруашылықтармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні облыс бойынша 143 шаруашылық 21 кооперативке бірігіп, әділет органдарынан тіркеуден өтті. Одан бөлек 6 кооператив әділет органдарында тіркелу  жөнінде тиісті құжаттарды әзірлеуде.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 7,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 22,3% артты.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Шиелі ауданында жоба құны 45,0 млн теңгені құрайтын, «Аруана-Шұбат» шағын шұбат өңдейтін цехы іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды. 
 
Азық-түлік қауіпсіздігі
Негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 59 ірі сауда субъектісімен ынтымақтастық туралы Меморандумдар жаңартылып барлық сауда орталықтарында баға бір қалыпты қалыптасуда.
Әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарларының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, бағалардың негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда тисті мемлекеттік органдарымен тексеру жүргізіліп баға көтермеу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.
Жыл басынан бері Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 10 жәрмеңке өткізіліп 61,3 млн. теңгенің 562,4 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айындағы азық-түлік тауарларының бағаларын жыл басымен салыстырғандағы индексі 103,2% (Республика бойынша - 103,2%) құрады.
 
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының алдағы тұрған міндеттері:
- Егін егу жұмыстарын жүргізуге шаруашылықтарға «Байқоңыр ӘКК» АҚ арқылы және қаржы институттар арқылы қаржылай көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
- Облыс бойынша жоспарланған егіс көлемінің орналастырылуына ықпал жасау;
- «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3,3 мың бас тауарлы сиыр алу жұмыстарын үйлестіру;
- «Алтын асық» бағдарламасына сәйкес бойынша 5,9 мың бас қой алу жұмыстарын үйлестіру;
- «Құлан» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 2,5 мың бас жылқы сатып алу жұмыстарын үйлестіру;
- Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы (АЖБ) мәліметтерімен, Ақпараттық сараптама жүйесі (АСЖ) бағдарламасындағы мәліметтердің сәйкестілігін салыстырып назарда ұстау;
- Тұқымдық түрлендіруге қатыстырылған асыл тұқымды бұқалардың, қошқарлардың уақытылы ауыстырылып отырылуын назарда ұстау;
- Сала бойынша жоспарланған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына ықпал жасау. 

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық бюджеттің № 019 бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiнде 2016 жылға арналған конкурс өткізеді
 
Хабарландыру: Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық бюджеттің № 019 бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiнде 2016 жылға арналған конкурс өткізеді.
Конкурстық құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:  Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі н/з, № 212 кабинет.
Анықтама телефоны: 8(7242) 60-54-50.
Конкурс құжаттарын қабылдау және конкурс өткізілетін мерзімі:
- конкурс құжаттарын қабылдау мерзімі 10.03.2016 ж. – 09.04.2016 ж. аралығында.
Ескерту: Инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiндегі өткізілген конкурстан кейін конкурстық комиссия ұсынымы негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлу жөнінде облыстық бюджеттік комиссиясына ұсыныс жасайды. 
 
2016 жылдың басым бағыттарының атаулары
1.  Күріштің экспорттық әлеуетін арттыру;
2.  Бақша шаруашылығын дамыту;
3.  Жемшөп өндірісін жақсарту;
4.  Азықтандыру жүйесін іске асыру;

5. Жануарлардың ауруларын алдын алудың және емдеудің инновациялық әдістері.

 

Қызылорда облысының агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеуді ұйымдастыру қағидасы Жүктеу,,,30 КБ

 

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесі

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындысы  Жүктеу...1,2 МБ

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Жүктеу...2.8 МБ

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы Жүктеу...888 КБ

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындысы Жүктеу...591 КБ

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына анықтама-негіздеме Жүктеу...866 КБ


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2015 жылы
атқарылған жұмыстар және 2016 жылдың I-ші тоқсандағы міндеттері туралы анықтама
 
Облыс бойынша 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісі 62,9 млрд. теңгені құрап,2014 жылмен салыстырғанда 104,2 пайызға артты.
2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 8,2 млрд. теңге бөлінді,2014 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артты.
Өсімдік шаруашылығы 
2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га. 
Егілген 83,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден(2014 жылы 50,1 ц/га) өнім жиналып, барлығы 423,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.
Облыста егін жинау жұмыстарына 1732 трактор, 842 комбайн,445 жатка, 403 жүк автомашинасы және 908 трактор тіркемесі қатысты. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының мүмкіндігі күріш егісін агротехникалық мерзімге сәйкес орып және жинап алуға толық жетті. 
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі дала жұмыстарын атқаруда. Межеленген 1100 гектар күздік бидайдың 2043 (185,7%) гектары егіліп, жоспарланған 47080 гектар сүдігер көтеру жұмыстары бойынша 48800 гектары (103,7%) орындалды.
Тұқым шаруашылығы 
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша  2015 жылдың көктемгі күріш егісіне 21708,3 тонна тұқым себілді.
Барлық себілген тұқымның 21391,2 тоннасы - 98,5% жоғары репродукциялы, 317,1 тоннасы- 1,5% қатардағы тұқымды құрады.
Сонымен қатар, көктемгі егіске себілген 397 тонна жаздық бидай,                231 тонна жоңышқа, 9,3 тонна арпа, 118 тонна мақсары тұқымы 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді.
2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 23140 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған күріш тұқымының 23123 тоннасы,яғни 99,9 пайызы жоғары репродукциялы тұқымды, 17 тоннасы - 0,1 пайызы қатардағы тұқымды құрап отыр.
Есепті кезеңде тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша 2,1 млн. теңге субсидия төленді.  
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 20.12.2015 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 15674 тонна күріш тұқымының себу дәрежесіне жеткені  2881 тонна (18,4 %), оның ішінде 20,85 тоннасы (0,7 %) І -класс, 2507 тоннасы (87%) ІІ -класс, 353 тоннасы (12,3 %) ІІІ -класс ал 12793 тоннасы (81,6%) себу дәрежесіне жеткізілмеген.
Сонымен қатар, тексеруге түскен 511 тонна жаздық бидай тұқымының себу дәрежесіне жеткені 326 тонна (63,8%), тексеруге түскен 427 тонна күздік бидай 100% себу дәрежесіне жеткізілген, ал 103,5 тонна жоңышқа тұқымы, 163 тонна мақсары тұқымы себу дәрежесіне жеткізілмеген. Тұқым тазарту жұмыстары жалғасуда.
Мал шаруашылығы  
Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына  256,1 мың бас мүйізді ірі қара, 570,4  мың бас қой мен ешкі, 88,6 мың бас жылқы, 36,1 мың бас түйе, 2,5 мың бас шошқа және 85,3 мың бас құс өсірілуде. 
2014 жылмен салыстырғанда қой мен ешкі 0,5%-ға, жылқы 2,7%-ға, түйе 4,2%-ға  көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ)  1,8%-ға, сүт өндіру 2,0 %-ға өссе,  мүйізді ірі қара 0,6 %-ға, шошқа 4,9%-ға, құстың саны 5,1%-ға кеміген. 
Облыс бойынша 2016 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 650,0 мың тонна шөп қажет болса,  664,7 мың тонна  шөп (102,3 %)  және 14,2 мың тонна жүгері сүрлемі (118,3%) дайындалды. 
2015 жылы облыс бойынша ірі қара малын ұрықтандыратын 111  пункттің 74-і жұмыс істеп, жоспар бойынша ұрықтануға тиіс 8,0 мың бас сиыр 100 %-ға  орындалды. 
«Сыбаға» бағдарламасы 
Бағдарлама аясында 2015жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан 64 шаруашылық 442,0 млн.теңге несие алып, 2721 бас сиыр және 148 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 108,8 %-ға орындалды. 
Бағдарламаға сәйкес 2011-2015 жылдары 9500 бас сиыр сатып алу жоспарланған, осыдан бүгінгі таңға 12579 бас сиыр алынып, жоспар 132,4 %-ға орындалып отыр. 
«Алтын асық» бағдарламасы 
4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланып 19 шаруашылық 125,3 млн.теңге несие алып,5058 бас аналық қой,174 бас қошқар сатып алынды,яғни жоспар 126,5%-ға орындалды. 
«Құлан» бағдарламасы  
1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып  56 шаруашылық 486,2 млн. теңге несие алып 1589 бас бие,197 бас айғыр сатып алды,яғни жоспар 158,9 %-ға артығымен орындалды. 
Мал бордақылау алаңдары 
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы  «Сыр  маржаны»  ЖШС («ҚазАгроҚаржы»  АҚ-нан несие алып) 500  бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы үстіміздегі жылы желтоқсан айының басында іске қосылып, бүгінгі күні 200 бастай ірі қара малы бордақыда тұр. 
Сонымен бірге, ет өндірісін дамыту мақсатында Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы жалпы құны 399,8 млн. теңгені құрайтын 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап, бүгінгі күні мал азығын сақтайтын қойманың, ветлабораторияның, су жинақтайтын мұнараның құрлысы бітіп, жол және электр желісі толықтай тартылды. Бордақылау алаңы алдағы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде. 
Тұқым түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыру 
2015 жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облыс бойынша 110,9 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 26,1 мың бас аналық сиыр және 1,0 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда, немесе  асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 90,0 %-ды құрап отыр.  
Өңдеу саласы  
Облыс бойынша 2015 жылы статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 27,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 108,6 % артты. 
Қызылорда қаласында ағымдағы жылы ЖК «Қалымбетова» тәулігіне 0,5 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын іске қосып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты іске қосты. Жоба бойынша 38 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Қызылорда қаласында «Жан-Арай» ЖШС-і мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты. 
Жобаларды іске қосу арқылы құрама жем зауытында 50 және күріш ақтау зауытында 40 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Шиелі ауданында қуаттылығы 1 тонна/тәулігіне сүт өңдеу цехы желтоқсан айының басында іске қосылды. («Ақмая» ШҚ).Жобаның құны 8 млн.тенге,жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2015 жылдың желтоқсан айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 109,9 пайызды (республика бойынша 110,9 пайызды) құрады. 
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторинг бағаларын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қарақұмық жармасы 9,1 пайызға, 1 сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан бағасы 2,6 пайызға, қант бағасы 11,7 пайызға, жұмыртқа бағасы 8,2 пайызға және өсімдік майы 19,9 пайызға артты. 
Облыс бойынша азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағаларының тұрақтылығына бақылау жүргізілуде, облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік штаб құрылды. 
Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы жүргізілуде. 
2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, қазіргі таңда 6336,0 тонна өнім сатып алынды.Тұрақтандыру қорында нақты қалғаны 3726,0 тонна өнім.  
Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 100,5 млн теңге қаражат бөлінді, бұл қаражаттарға қант -136 тонна, макарон – 50 тонна, қарақұмық жармасы – 30 тонна, құс еті – 60 тонна, өсімдік майы – 103,6 тонна, шай – 3,6 тонна өнімдері сатып алынуда. 
Облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылға дейін тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары және 4 жаңадан белгіленген «ТӨМЕН БАҒА» атты сауда орындары арқылы 18832,5 тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. 
2015 жылдың тамыз-қараша айлары аралығына ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу кестесіне сәйкес ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 11622,5 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды. 
Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 пайыздан  жоғары емес үстемемен сату жөнінде 15 меморандумға қол қойылды. 
2014 жылдың 17 қарашадағы және 2015 жылдың 20 қаңтардағы меморандумдарға сәйкес облысқа 39 416,1 тонна астық (ұнға есептегенде – 27 591,2 тн) бөлінді.Есепті кезеңде бұл көлемнен 19 188,27 тонна ұн өнделіп жеткізілген болса, алдағы уақытта жеткізілуге тиісті көлем 8 403,0 тоннаны құрайды.  
Облыстың ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдың
I-ші тоқсанда атқарылатын міндеттер
Егін шаруашылығы бойынша 
-Егіншілік саласындағы субсидия төлеу қағидалары негізінде аудандар бойынша субсидия көлемдері мен нормаларын бекіту жөнінде облыс әкімдігінің қаулыларының жобасын дайындау; 
-Облыс бойынша 2016 жылдың егісіне қажетті минералды тыңайтқыштардың, гербицидтер мен фунгидцидтердің көлемін анықтау; 
-Ауыл шаруашылығы техникаларының есебін аудандар бойынша жасау; 
-Облыс бойынша 2016 жылдың егісіне қажетті суармалы су көлемін анықтау,су жеткізіп беру қызметінің тарифіне талдау жасау, субсидия көлемін нақтылау; 
-Егін егу жұмыстарын жүргізуге  шаруашылықтарға «Байқоңыр ӘКК» АҚ арқылы және қаржы институттар арқылы қаржылай көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
-Облыстың астық сақтау кәсіпорындарындағы және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қолындағы астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
Мал шаруашылығы бойынша 
-«Сыбаға» бағдарламасы аясында 2,4 мың бас тауарлы сиыр алу жұмыстарын үйлестіру; 
-«Алтын асық» бағдарламасына сәйкес бойынша  4,3 мың бас қой алу жұмыстарын үйлестіру; 
-«Құлан» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 2,0 мың бас жылқы  сатып алу жұмыстарын үйлестіру; 
-«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында 2016 жылдың басында  Сырдария ауданындағы «Шаған жер» ЖШС-нің 3000 бастық  бордақылау кешенін іске қосуды ұйымдастыру; 
-Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы (АЖБ) мәліметтерімен, Ақпараттық сараптама жүйесі (АСЖ) бағдарламасындағы мәліметтердің сәйкестілігін салыстырып назарда ұстау; 
-Тұқымдық түрлендіруге қатыстырылған асыл тұқымды бұқалардың,қошқарлардың уақытылы ауыстырылып отырылуын назарда ұстау. 
21.01.2016

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы анықтама
 
Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 42,4 млрд. теңге болды. 2014 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады.
2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 8,4 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға артты.
Өсімдік шаруашылығы 
2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га. 
Бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары аяқталды. Егілген 83 883 гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден (2014 жылы 50,1 ц/га) өнім жиналып, барлығы 423,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.
Облыста егін жинау жұмыстарына 1732 трактор, 842 комбайн, 445 жатка, 403 жүк автомашинасы және 908 трактор тіркемесі қатысты. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының мүмкіндігі күріш егісін агротехникалық мерзімге сәйкес орып және жинап алуға толық жетті. 
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі дала жұмыстарын атқаруда. Облыс бойынша межеленген 1100 гектар күздік бидайдың 680 (61,8%) гектары егіліп, жоспарланған 48040 гектар сүдігер көтеру жұмыстарының 14410 (30%) гектары орындалды.
Тұқым шаруашылығы 
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша 2015 жылдың көктемгі күріш егісіне 21708,3 тонна тұқым себілді.
Барлық себілген тұқымның 21391,2 тоннасы - 98,5% жоғары репродукциялы, 317,1 тоннасы-1,5% қатардағы тұқымды құрады.
Сонымен қатар, көктемгі егіске себілген 397 тонна жаздық бидай, 231 тонна жоңышқа, 9,3 тонна арпа, 118 тонна мақсары тұқымы 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді.
2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 21000 тонна күріш тұқымы құйылды.
Есепті кезеңде тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша 2,1 млн. теңге субсидия төленді.  
Тұқымның және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау бағдарламасы шеңберінде 2015 жылға Қызылорда облысына жергілікті бюджеттен 16,5 млн. теңге қаражат бөлініп, есепті кезеңде 11,9 млн. теңгесі игерілді. Облыс бойынша 8160 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстары жалғасуда. 
 
Мал шаруашылығы  
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанына 263,8 мың бас мүйізді ірі қара 635,1 мың бас қой мен ешкі, 95,2 мың бас жылқы, 37,5 мың бас түйе, 2,6 мың бас шошқа және 98,1 мың бас құс өсірілуде. 
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,1 %-ға, қой мен ешкі 4,2 %-ға, жылқы 10,3 %-ға, түйенің саны 5,2 %-ға көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ) 2,5 %-ға, сүт өндіру 2,3 %-ға және жұмыртқа өндіру 0,3 пайызға өскен. 
Сонымен қатар, «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларына» сәйкес ағымдағы жылға 258,4 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 75,1 млн. теңге (29,1 %) игерілді. 
Облыс бойынша 2015 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 650,0 мың тонна шөп қажет болса, осыдан бүгінгі күнге 664,7 мың тонна шөп (102,3 %) және 14,2 мың тонна жүгері сүрлемі дайындалды. 
«Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан есепті кезеңде 46 шаруашылық 293,0 млн. теңге несие алып, 1750 бас сиыр және 99 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 70,0 %-ға орындалды. 
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан есепті кезеңде 14 шаруашылық 79,0 млн. теңге несие алып, 3252 бас аналық қой, 115 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 81,3 %-ға орындалды. 
«Құлан» бағдарламасы бойынша 
Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, есепті кезеңде 54 шаруашылық 462,8 млн. теңге несие алып 1502 бас бие, 190 бас айғыр сатып алды, немесе жоспар 150,2 %-ға артығымен орындалды. 
Мал бордақылау алаңдары бойынша 
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС («ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан несие алып) 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. 
Сонымен бірге, ет өндірісін дамыту мақсатында Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап, «ҚазАгроӨнім» АҚ- арқылы 93,0 млн. теңге қаржы алды. 
Бүгінгі күні «Шаған Жер» ЖШС-ның 3,0 мың бастық мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңының ірге тасы қаланып, құрлыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.
Тұқым түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыру 
Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметі бойынша  облыста 110 881 бас МІҚ малының аналық мал басы тіркелген, осыдан бүгінгі таңға 24089 бас аналық сиыр және 961 бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда, немесе асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 88,0 %-ды құрап отыр.  
Өңдеу саласы  
Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 19,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,0 % артты. 
Қызылорда қаласында ағымдағы жылы ЖК «Қалымбетова» тәулігіне 0,5 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын іске қосып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты іске қосты. Жоба бойынша 38 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Сонымен қатар, малды сапалы жеммен қамтамасыз ету мақсатында мамыр айының 28-де «Жан-Арай» ЖШС-і мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты. 
Жобаларды іске қосу арқылы құрама жем зауытында 50 және күріш ақтау зауытында 40 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Сонымен қатар, Шиелі ауданында қуаттылығы 1 тонна/тәулігіне сүт өңдеу цехын ағымдағы жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. («Ақмая» ШҚ). Жобаның құны 8 млн.тенге, жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2015 жылдың қыркүйек айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 101,0 пайызды (республика бойынша 101,5 пайызды) құрады. 
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторингісінің бағаларын жаңадан бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қант бағасы 2,2% артты.
Бүгінгі күні облыс бойынша азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағаларының тұрақтылығына бақылау жүргізілуде, облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік штаб құрылды. Өңірлік штаб құрамында арнайы мекеме, құқық қорғау орган басшылары бар. 
Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы жүргізілуде. 
2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, оның ішінде бүгінгі күні қорда 3588,1 тонна өнім сақталып сатылуда: 
Қалған өнімдерді сатып алу қажеттілікке сәйкес жүргізіліп жатыр. 
Ағымдағы жылы жергілікті тауарөндірушілермен отырған фьючерстік келісім негізінде Жаңақорған ауданының «Сенім», «Жиделі», Шадымхан», «Балдырған» және Қызылорда қаласынан «Үміт» шаруашылықтарымен 550 тонна картопты 50-55 теңгеден және 100 тонна пияз, 50 тонна сәбізді 45 теңгеден егіп тұрақтандыру қорына өткізу келісіліп, жұмыстар жасалуда.
Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 100,5 млн теңге қаражат бөлінді.
Бұл қаражаттарға қант -136 тонна, макарон – 50 тонна, қарақұмық жармасы – 30 тонна, құс еті – 60 тонна, өсімдік майы – 103,6 тонна, шай – 3,6 тонна өнімдері сатып алынуда.
Облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылға дейін тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары және 4 жаңадан белгіленген «ТӨМЕН БАҒА» атты сауда орындары арқылы 14728,5 тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. 
Ағымдағы жылдың тамыз-қараша айлары аралығына ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткіз кестесіне сәйкес ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 9165,3 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.
Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Байқоңыр қаласында «Золотая осень Байконура», Жер серігінің алғашқы ұшуына 58 жыл толу мерекесіне байланысты жәрмеңке ұйымдастырылды.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 пайыздан  жоғары емес үстемемен сату жөнінде 12 меморандумға қол қойылды.
2014 жылдың 17 қарашадағы және 2015 жылдың 20 қаңтардағы меморандумдарға сәйкес облысқа 39 416,1 тонна астық (ұнға есептегенде – 27 591,2 тн) бөлінді. Қазіргі таңға бұл көлемнен 13 541,07 тонна ұн өнделіп жеткізілген болса, алдағы уақытта жеткізілуге тиісті көлем 14 050,13 тоннаны құрайды.  
 

2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 8,3 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға артты.

Есепті кезеңде қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржының 1,7 млн. теңгесі игерілді. (045-«Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау» бюджеттік бағдарламасы бойынша).
Өсімдік шаруашылығы
Егіс көлемдерінің құрылымы. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру мақсатында жасалған Меморандумға сәйкес 2015 жылы шаруашылықтардың барлық нысандары бойынша 164,1 мың (2014 жылы 158,2) гектарға егiс егу межеленіп отыр. 
(Оның ішінде дәндi дақылдар 83,1 мың,мал азығындық дақылдар 56,5 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 22,9 мың, майлы  және техникалық дақылдар 1,6 мың гектарды құрайды. (2014 жылымен салыстырғанда мал азықтық дақылдар 4953 гектарға, картоп, көкөніс, бақша 254 гектарға, майлы және техникалық дақылдар 1401 гектарға артық) 
Жалпы күрiш егісінің көлемі 76,3 мың гектар (2014 жылымен салыстырғанда 4,8 мың гектарға аз).
2015 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері биылғы жылдың күз айларынан дайындалып, 500 гектар күздік бидай егілді, 17,0 мың гектар сүдігер көтерілді. 
Минералды тыңайтқыштар және гербицидтермен қамтамасыз ету
2015 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 52,2 мың тоннаны құрайды.Бүгінгі күнге ауыл шаруашылық құрылымдарына қажет 30,2 мың тонна аммоний сульфатының 57,1%, 11,8 мың тонна карбамидтің 79,3%, 8,0 мың тонна аммофостың 44,5%, алынып отыр.  
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша келесі жылдың күріш арамшөптеріне қарсы қолданатын гербицидтердің барлық көлемі 11377 литрді құрап отыр. Оның ішінде гулливер - 1787 литр, номини - 1560 литр, солито- 3880 литр және 2М4Х - 2080 литр және тағы басқа. 
Келесі жылы егілетін егіс көлеміне қажет минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтерді мерзімінде алу және жеткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.
Арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз ету
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, күтіп баптау жұмыстарын уақтылы жүргізуге 14,0 мың тонна дизель отыны, 2,8 мың тонна бензин және 840 тонна қою майы қажет. 
Шаруашылықтарға көктемгі дала жұмыстарына қажет жеңілдетілген дизель отынын жеткізіп беруші оператор болып «Нефтьтранс» ЖШС-гі мен «РК Мұнай» ЖШС-і белгіленген болатын. Операторлар облысқа 4,9 мың тонна дизель отынын жеткізуде және шаруашылықтарға 1 литрін 76 теңгеден босатуда. 
Бүгінгі күні шаруашылықтарда 4,1 мың тонна дизель отыны, 1166 тонна автобензин және 406 тонна дизель майы бар. Жанар-жағар май жеткізу жұмыстары жалғасуда. 
Ауыл шаруашылығы техниканың дайындығы
2015 жылдың егісіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 1736 трактор, 498 соқа, 251 тұқым сепкіш, 371 автомашина және 925 трактор тіркемесі бар. (бүгінгі күнге тракторлардың 98,6%, соқалардың 100%, тұқым сепкіштердің 100%, автомашиналардың 99,5% және трактор тіркемелерінің 100% дайын).
2015 жылға «ҚазАгроҚаржы» арқылы 129 дана техникаға сұраныс беріліп отыр.
Мал шаруашылығы 
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 наурызына  260,4 мың бас мүйізді ірі қара, 568,9 мың бас қой мен ешкі, 85,7  мың бас жылқы, 34,9 мың бас түйе, 2,4 мың бас шошқа және 89,7 мың  бас құс өсірілуде. 
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ-3,8 %-ға, қой мен ешкі-6,0%-ға, жылқы–8,2%-ға және түйенің саны–8,5 %-ға көбейген.
Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 2,3 %-ға, сүт өндіру-3,1 пайызға артқан.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 19.11.2014 жылғы №3-1/600 бұйрығына сәйкес 2015 жылға 2250,0 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысыоблыстық әділет департаментінен тіркеуден өтті. Мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қаржылық жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айынан басталады.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 421 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес ағымдағы жылға 75,4 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күні тауар өндірушілерден өтінімдер қабылданып, облыстық комиссияға ұсынылды. 
«Сыбаға» бағдарламасы
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2011-2015 жылдары фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруға 10,0 мың бас мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алу және 5,0 мың бастық мал бордақылау алаңын салу жоспарланған. 
Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасының аясында 3,0 мың бас тауарлы сиыр,100 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған.
Осыдан I-ші тоқсанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 7 шаруа қожалығы 35,6 млн. теңге несие алып, 202 бас сиыр, 11 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 7,0 %-ға орындалып отыр.
Сондай-ақ, Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас мүйізді ірі қара малына арналған мал бордақылау алаңын салуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан 204,0 млн. теңге көлемінде несие алып, мал бордақылау алаңының құрлыс жұмыстарын 2015 жылдың шілде айында іске қосуды жоспарлап отыр.
«Алтын асық» бағдарламасы
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 10,0 мың бас қой сатып алу жоспаланса, осыдан бүгінгі күні 7 шаруашылық «Аграрлық несие корпорация» АҚ -нан 48,5  млн. теңге несие алып, 2073 бас қой, 56 бас қошқар сатып алды, жоспар 21,0 %-ға орындалды. 
«Құлан» бағдарламасы 
Ағымдағы жылы бағдарламаға сәйкес 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күні 26 шаруа қожалығы  245,9 млн. теңге несие алып, 787 бас жылқы, 85 бас айғыр сатып алды, немесе 79,0 %-ға орындалды.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысын дамыту 
Бөлім Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1397 қаулысымен, Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының 09.01.2015 жылғы №15.01-06/05 санды бұйрығымен жергілікті атқарушы органға беріліп, осыған орай Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың 2015 жылғы 13 қаңтардағы №815 қаулысымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жаңадан бөлім болып құрылып жұмыстар жүргізілуде.
Бөлімнің атқарылатын жұмыстарының жылдық, тоқсандық іс-шара жоспары жасалып, басқарма басшысымен бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес іс-шарадағы барлық атқарылатын жұмыстардың салалары бойынша қала, аудан әкімдері, аудандық, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне тиісті хаттар жолданып, нәтижелері бақылауда.
Аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және сүт бағытындағы «Ырыс» бағдарламаларының 2015 жылғы іс-жоспары жасалып, облыс әкімінің орынбасары С. Қожаниязовпен бекітіліп, Қызылорда қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдеріне таратылып сол бағытта жұмыстар жасалуда. Осы бағдарламалардың жоспарға сәйкес жүргізілуі жөнінде ақпарат жинақталып, салыстырмалы көрсеткіштері дайындалып, қалалық, аудандық әкімдіктерге жолданды.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы  3 қазандағы № 3-3/503 санды «Асыл тұқымды малдарды мемлекеттік тіркеу ережесін» бекіту туралы бұйрығына сәйкес, облыс көлемінде өсіріліп отырған асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі аудандар бойынша жасалып, облыс бойынша жиынтығы мал түріне, жасына, жынысына, тұқымына қарай қорытылып, Астана қаласына арнайы іс-сапармен барып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне есебін тапсырып, Республикалық асыл тұқымды малдардың мемлекеттік реестріне тіркелді. Азаматтық қорғаудың жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы 18-Ө бұйрығымен жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі ережесі келісіліп, бекітілді. «Көктем-2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының іс-шаралары наурыз айында толық атқарылды.
Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтар мен тұқым түрленірумен айналысушы шаруашылық құрылымдарына 2013-2014 жылдары ірі қара мал тұқымдары бойынша Республикалық палаталар берген асыл тұқымдық куәліктерді жинақтап тізімін жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Облыс көлеміндегі асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтар мен тұқым түрлендіруге қатысып жатқан шаруашылықтардағы асыл тұқымды бұқалардың пайдалану мерзімі өткенін ауыстыру туралы Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне хаттар жолданып, 1 сәуір 2015 жылға дейінгі мерзімде толық ауыстырылуы жайлы наурыз айындағы мәліметтері жинақталып Ауыл шаруашылығы министрлігіне ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрі Г. Исаеваның 2015 жылғы 18 ақпандағы №1651 санды хатына байланысты, субсидиялау қағидасына сәйкес асыл тұқымды шаруашылықтар мен тұқым түрлендірумен айналысатын шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі-АЖБ) мен ақпараттық сараптама жүйесіне (бұдан әрі-АСЖ) тіркелген малдардың сәйкестілігін нақтылап анықтау үшін Қызылорда қаласы мен аудандардағы ауыл шаруашылығы бөлімдеріне, ветеринариялық бөлімдерге бөлім қызметкерлері іс-сапарға барып сәкестілігін анықтау жұмыстары атқарылды.
АЖБ (ИСЖ) мен АСЖ (ИАС) дерекқор базасында тіркелген малдардың мал басының  саны бойынша ауытқулары болмауы тиісті. Сондықтан аудандық ветеринариялық бөлімдеріндегі сервер орталығына түсірілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мен аудандардағы аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуші шаруашылықтарды тіркеуші «ҚазАгроМаркетинг» мекемесінің базасындағы мәліметтерді салыстырғанымызда мал басы, сырға номері, кейбір аналықтың еркек болып ауысып кеткендігі және ешқандай ауданда сәйкес келмейтіндігі анықталды. Іс-сапар нәтижесінде аудандардағы АЖБ (ИСЖ) дерек қорын жүргізетін ветеринариялық бөлімдермен ауылдық округтерге қозғау болып, қайта түсіру, нақтылау, сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде.
Қалалық, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне асыл тұқымды мал шаруашылықтарына мал түріне қарай, мал тұқымын асылдандыру мақсатында бағалау (бонитировка) қай мезгілде жасалатындығы жөнінде ақпарат жіберілді.
Сонымен қатар мал тұқымын асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу, пункттердің жұмыстарының жолға қойылып, шаруашылықтардың қызығушылығын арттыруға және субсидия алу үшін қажетті құжаттар үлгілері аудандарға үгіт насихат жүргізуге жолданды.
Өңдеу саласы 
2015 жылдың 2 айлық қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерде облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 3,858 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 108,9 пайызды құрады.
Атап айтқанда, 42 тн – ет өнімі өндіріліп 7,7 пайызға, 732 тн - сүт 47,3 пайызға, 23357 тн - күріш 14,1 пайызға артып отыр.
Қызылорда қаласында а.ж. І-ші тоқсанында «Мирас» ЖШС тәулігіне 3 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын, Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты іске қосты.
ІІ-ші тоқсанға «Жан-Арай» ЖШС-гі тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін және тәулігіне 150 тонна күріш ақтайтын зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарлары бағаларының жыл басындағы индексін ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда облыс бойынша 101,8%, өткен ақпан айымен салыстырғанда 99,9% құрап отыр.
Анықтама үшін азық-түлік тауарларына бағаның индексінің көтерілуіне 6 өнімнің бағасы:
- вермишель-101,1%,
- қой еті-101,6%,
- картоп-104,0%,
- қырыққабат-130,6%,
- шай-102,4%,
- жұмыртқа-101,6% көтерілді.
Қалған өнімдер бойынша баға тұрақтылығы байқалады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар индексі инфляцияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес І тоқсандағы инфляция деңгейі 103,0% болып жоспарланса, ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша облыс бойынша 101,8% құрады.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторингісінің бағаларын жаңадан бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қарақұмық жармасына 11,5% және қырыққабатқа 22,2% артып тұр, бағаның жоғары болу себебі солтүстік аймақтардан, көршілес Республикалардан әкелуінен.
Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы  жүргізілуде.
2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданса (2850 тонна  картоп-62 тг, 1000 тонна басты пияз-49 тг, 500 тонна асханалық сәбіз-49тг, 100 тонна қырыққабат, 1000 тонна күріш, 500 тонна қант, 100 тонна макарон, 50 тонна  өсімдік майы, 60 тонна ас тұзы, 10 тонна шай), оның ішінде сатып алынғаны 2639,6 тонна (500 тонна картоп, 1000 тонна басты пияз, 500 тонна асханалық сәбіз, 100 тонна макарон, 149,6 тонна күріш, 340 тонна қант, 50 тн құс еті).
Қазіргі таңда қорда 2025,2 тонна өнім: 900,1 тонна басты пияз,  481,5 тонна асханалық сәбіз, 99,9 тонна макарон, 315,6 тонна қант, 47,9 тонна тауық еті, 131,1 тонна күріш, 50 тонна өсімдік майы бар. Қалған өнімдерді сатып алу қажеттілікке сәйкес жүргізілуде.
Ресейлік арзан күріш келуіне байланысты бұл өнімнін бағасы арзандап қазіргі таңда оны сатып алу қажеттіліг жоқ.
Сондай-ақ, шай мен тұздың бағалары бір қалыпты болғандықтан бұл өнімдерді де сатып алуға қажеттілік туындап тұрған жоқ. 
Ағымдағы жылы тұрақтандыру қорына жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері арқылы қалыптастыру мақсатында фьючерстік келісім негізінде орташа 50-55 теңгеден 550 тонна картоп, 100 тонна пияз, 50 тонна сәбіз егіп тұрақтандыру қорына қабылдау жөнінде Жаңақорған ауданының «Сенім», «Жиделі», Шадымхан», «Балдырған» және Қызылорда қаласынан «Үміт» ЖШС-і шаруашылықтарымен келісім жасалуда.
Облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары және жаңадан белгіленген «ТӨМЕН БАҒА» атты сауда орындары арқылы 6370,5 тонна өнімдері нарық бағасынан 20 пайыз төмен сатылды.
Жыл басынан бері жергілікті тауар өндірушілермен, кәсіпкерлермен, ӘКК-ның қатысуымен 42 жәрмеңке ұйымдастырылды, сатылған өнім құны 20,7 млн. теңгені  құрады. 
Жәрмеңкенің наурыз, сәуір айларында жаңадан кестесі бекітілді, кестеге сәйкес жәрмеңке көшпелі сауда түрінде қаланың әр мөлтек аудандарында өткізу жұмыстары жүргізілуде, демалыс күндері Әбілхайыр хан көшесінде, Тасбөгет қыстағында, Универсам сауда үйінің маңайында өткізілуде. Байқоңыр қаласы әкімшілігінің арнайы шақыртуымен жыл басынан бері Байқоңыр қаласында бірнеше рет жәрмеңкелер өткізілді.
Облыста 1 сортты ұн, 1 сортты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру мақсатында 2015 жылдың 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ-ы арасында жасалған меморандумға сәйкес облысқа 32 706 тонна астық (ұнға есептенгенде - 22894 тн) бөлінді. Бұл көлем қыркүйек айына дейін қажеттілікті қамтамасыз етуге есептелген. Қазіргі уақытта ұнның бар қалдығы 3116,5 тонна құраса, оның ішінде қоймада сақталып тұрғаны 2120,6 тонна, 1801,0 тонна ұн Мелькомбинатта сақталуда. 
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты ауылда кәсіпкерлікті дамыту бойынша облысқа 421,3 млн. теңге бөлінуде.
Сондай-ақ, осы бағдарлама негізінде қайтарылған қаражаттар есебінен реинвестирование жасалып жаңадан тіркелген қатысушыларды несие қаражаттарымен қамтамасыз ету қарастырылуда.   

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялауға өтініштерді қабылдау басталды 

«Казагромаркетинг» АҚ 228 «Қазақстан Республикасында  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі  2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында аймақтардағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін облыс бюджеттеріне, Алматы мен Астана қаласының бюджеттеріне мақсатты ағымдық трансферттер бөлу» республикалық бюджеттік бағдарламасының 102 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісісінің (бұдан әрі - АӨК субъектісі) қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» кіші бағдарламасының аясында, қарыз алушылар мен сақтандыру ұйымдарынан агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялауға өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабардар етеді.    

Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға:      

- ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер;

- АӨК саласындағы қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер жатады. 

Субсидияларды беру шарттары, ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтініштерді қабылдау және шешімдерді шығару тәртібі  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 тамыздағы № 900 қаулысымен бекітілген.

Өтінімдер келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Қызылорда қ.,  М.Әуезов к-сі 26.

Барлық сауалдарды Қызылорда қаласындағы

«Қазагромаркетинг»АҚ-на 8 (7242) 26 44 29, 8 771 088 02 98

Арал қ-сы 8 (72433) 2 45 37, 8 771 088 03 15

Әйтеке би кенті 8 (72438) 2 38 27, 8771 088 03 14

Жосалы кенті 8 (72437) 2 12 42, 8 771 088 02 95

Жалағаш кенті 8 (72431) 3 24 61, 8 771 088 03 16

Теренөзек кенті 8 (72436) 2 22 17, 8 771 088 02 96

Шиелі кенті 8 (72432) 4 25 97, 8 771 088 03 19

Жанақорған кенті 8 (72435) 3 14 67, 8 771 088 02 94 және

 

сall-орталығына 8 800 080 70 80 нөмірлері бойынша жолдауға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).


Облыс бойынша

мал шаруашылығымен айналысатын ірі шаруашылық құрылымдардың  мәліметі

 

 Шаруашылықтар-дың атауы

Шаруашылық жетекшісінің

тегі және аты-жөні

Мекен -жәйі, бай. телефондары

Түлік түрі

01.10 .

2014 ж.

мал саны бас

Малдың тұқымы

«Берекет» ШҚ

Жайназааров Күнтуар

Арал ауданы,

Бекбауылы а/о,

моб. 8 701 144 71 76

Мүйізді ірі қара

440

Қазақтың ақбас сиыры

 

«Ықылас» ШҚ

Алпысбаев Ықылас

Арал ауданы, Сапақ а/о, моб. 87774570557

Мүйізді ірі қара

366

Қазақтың ақбас сиыры

«Құланды» ЖШС

Тілеуов Нұрбек

Арал ауданы, Сексеуіл станциясы

тел. 8 72433 27-5-15

Жылқы

1482

Мұлғажар жылқысының Құланды типі

Түйе

923

Қазақтың айыр өркеш түйесі

«Рза» АҚ

Имандосов Самұрат

Қазалы ауданы, Айтеке би кенті  тел. 8 724 38 21-1-32

Мүйізді ірі қара

1897

Сүт бағытындағы қара ала сиыры

«Жеңіс» ШҚ

Серимов Есет

Қазалы ауданы,

Құмжиек а/о,

тел. 8 724 38 21-2-46

Жылқы

364

Жабы жылқысы

Түйе

378

Қазақтың айыр өркеш түйесі

«Аржиков Б.»

Аржиков Берік

Қазалы ауд. Сарыкөла/о,

моб. тел.87714799800

Жылқы

374

Жабы жылқысы

«Атамекен-2» ШҚ

Өтеев Пахраддин

Қазалы ауд. Көларық а/о,

моб.тел. 87014876936

Жылқы

425

Жабы жылқысы

«Мырзабай» ШҚ

Мырзабаев Абдусаттар

Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе а/о,

тел. 8 724 35 91-2-08

Мүйізді ірі қара

287

Сүт бағытындағы қара ала сиыры

«Ынтымақ» ЖШС

Құтыбаев Рақымбаба

Жаңақорған кенті

тел. 8 724 35 23-4-59

Қой

4138

Қаракөл қойы,

2195

Ет бағытындағы қазақтың қылшық жүнді қойы

«Бақытжан» ШҚ

Нәлибаев Әлібек

Жаңақорған ауданы,

М. Нәлібаев а/о,

тел. 8 724 35 2-48-50

Қой

5423

Қаракөл қойы,

1073

Ет бағытындағы қазақтың қылшық жүнді қойы

 «Байқоңыргаз» ЖШС

 Есетов Айбек

 Қазалы ауд. Құмжиек а/о,

тел. 87243821278

Түйе

408

 Қазақтың айыр өркеш түйесі

«  «Аян» ШҚ

Ибадулла Тілеп

Қазалы ауд. Құмжиек а/о,

тел. 87243821291

Түйе

228

Қазақтың айыр өркеш түйесі

«Шөгірлі» ШҚ

Ербаев Орынбасар

Қызылорда қ. Қосшыңрау а/о, моб. 8701 9077421

Мүйізді ірі қара

260

Сүт бағытындағы қара ала сиыры


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

облыстық бюджеттің № 019  бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешені

саласында инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiнде 2015 жылға арналған конкурс өткізеді

Хабарландыру: Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық бюджеттің № 019 бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiнде 2015 жылға арналған конкурс өткізеді.

Конкурстық құжаттар мына мекенжайда қабылданады:  Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі н/з, № 212 кабинет.

Анықтама телефоны: 8(7242) 60-54-50.

Конкурс құжаттарын қабылдау және конкурс өткізілетін мерзімі:

- конкурс құжаттарын қабылдау мерзімі 03.02. 2015 ж. – 04.03.2015 ж. аралығында;

- Конкурс 18.03.2015 жылы өткізіледі.

Ескерту: Инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiндегі өткізілген конкурстан кейін конкурстық комиссия қабылданған хаттамалық шешімге сәйкес облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлу жөнінде облыстық бюджеттік комиссиясына ұсыныс жасайды.

Конкурс құжаттарының Қағидасы  Жүктеу... 34 КБ

 


Облыстың ауыл шаруашылығы саласында 
2014 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөніндегі анықтама
2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 14,6 млрд.теңгені құрап,  2013 жылдың сәйкесті  кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,6 пайызға артты. 
2014  жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 8,1 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 47,9 пайызға артық.
Егін шаруашылығы бойынша
2014 жылы облыс бойынша 161,4 мың гектарға егiс орналастырылды. (оның ішінде дәндi дақылдар 87,1 мың, мал азығындық дақылдар 55,5 мың, картоп, көкөнiс, бақша 18,0 мың, майлы және техникалық дақылдар 0,8 мың гектар).   Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 3,9 мың гектарға, оның ішінде күріш көлемі 7,2 мың га ұлғайтылды. 
Облыста күздік бидай, жаздық бидай және арпа жинау жұмыстары аяқталды. Жиналған күздік бидайдың орта өнімі гектарына   12,8 центнерден, жаздық бидай өнімі 7,5 центнерден және арпаның өнімі 2,2 центнерден келді.
Күзгі егін жинау және дала жұмыстарына қажетті 16 мың тонна дизель отынының 84,8%, 3,2 мың тонна бензиннің 89,0% және 960 тонна қою майдың 89,0% дайындалды.
Аудандардың берген мәліметтеріне сәйкес 2 қазанға облыста  65330 га(80,4%) күріш орылып, 50852 га(62,6%) күріш бастырылып, 223,2 мың тонна күріш салысы жиналды. 
Сонымен қатар, басқа да дақылдар, атап айтқанда, 4143 га картоп, 4521 га көкөніс, 7361 га бақша, 650 га дән жүгері, 530 га тары, 97 га күнбағыс, 765 га мақсары, 100 га мал азықтық асқабақ, 1000 га сүрлемдік жүгері және 80 га сорго дақылдары жиналып, осыдан 51614 тонна картоп, 70211 тонна көкөніс, 132344  тонна бақша, 2100 тонна дән жүгері, 1171 тонна тары, 186 тонна күнбағыс, 538 тонна мақсары, 1500 тонна мал азықтық асқабақ, 8800 тонна сүрлемдік жүгері  және 176 тонна сорго өнімдері жиналды. 
Сонымен бірге, мал азығын дайындау жұмыстары да жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінгі күнге барлығы 639,5 мың тонна шөп, оның ішінде 117,2 мың тонна жоңышқа шөбі және 522,3 мың тонна табиғи шөп дайындалды.   Егін жинау және мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым, жанар-жағар май материалдары және тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.  
Сондай-ақ, машина-трактор паркін жаңалау мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдары,шаруашылықтардың өз қаражаты есебінен 129 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алды.
2014 жылдың күзгі дала жұмыстарына 1812 трактор, 249 тұқым сепкіш, 494 соқа, 961 трактор тіркемесі және 412 автомашина қатысуда. 
Тұқым шаруашылығы бойынша 
«Казагрэкс» АҚ-ы Қызылорда облыстық филиалының тұқым сапасы туралы берілген мәліметі бойынша 21488,35 тн күріш тұқымы тексеріліп, оның ішінде  4673,35 тонна  немесе 22 пайызы - І класс, 12399,5 тоннасы немесе 58,2 пайызы – ІІ класс және 4210,5 тоннасы немесе 19,8 пайызы-ІІІ класс болды, барлығы -21488,35 тонна күріш тұқымы 100 пайыз себу дәрежесіне жеткізіліп себілді.
Сонымен қатар 308,842 тонна жаздық бидай, 97,75 тонна арпа, 29,9 тонна мақсары, 203,51 тонна жоңышқа, 25 тонна жүгері, 571 тонна күздік бидай тұқымдары тексеруден өткізіліп, 100 пайыз себу дәрежесіне  жеткізіліп себілді. 
Облыс бойынша үстіміздегі жылы тұқым шаруашылықтарына 2326 тонна элита, 4969,3 тонна І- репродукциялы тұқым сатылды.
2014 жылы облыс шаруашылықтарына 3 тұқым шаруашылығы мәртебесі берілді.
«Тұқымдық және көшеттік материалдардың  сорттық және егістік  сапасын анықтау» № 045   кіші бағдарламасы шеңберінде 2014 жылға Қызылорда облысына жергілікті бюджеттен  16 478 мың теңге қаражат қаралған болатын, бүгінгі таңға 11,908 мың теңге игерілді. 
Облыс бойынша тұқым сапасына 8160 зерттеу  жүргізілді. Жыл басынан барлығы  710 дана тұқым куәлігі  және 13 дана талдау нәтижесі берілді.
Облыс бойынша 2015 жылдың егісі үшін құйылған күріш дақылының 2870 тоннасы тексеруден өткізіліп, 650 тоннасы себу дәрежесіне жеткізілді. Жаздық бидай 267 тонна, күздік бидай 333 тонна тексеруден өткізілді.
Мал шаруашылығы бойынша 
Облыс бойынша 2014 жылдың 1 қыркүйегіне  264,5 мың бас мүйізді ірі қара малы,  623,3  мың бас қой мен ешкі,  87,3 мың бас жылқы, 35,8 мың бас түйе, 2,6 мың бас шошқа және 98,7 мың бас құс өсірілуде. 
2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  мүйізді ірі қара  4,2 %-ға, жылқы  8,4 %-ға, түйенің саны 3,8 %-ға көбейсе, қой мен ешкі 7,2 %-ға, құстың саны 18,5 пайызға азайған.
Салыстырмалы кезеңде ет өндіру 18,9 мың тонна, 2,3 %-ға, сүт өндіру 50,8 мың тонна, 6,2 %-ға өссе, жұмыртқа өндіру 3,3 млн.дана, 27,9 %-ға кеміген.
Мал шаруашылығы ғылыми негізде дамыту мақсатында еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтары Батыс Қазақстан облысы Жәңір хан атындағы Университет ғалымдарымен және мал тұқымын асылдандыру үшін селекциялық жұмыстарды жетілдіруге қазақтың ақ бас сиырының және еділбай қойының селекциясын жүргізуге нақты келісім жасалды.
Сонымен қатар Оңтүстік Батыс егін және мал шаруашылығын дамыту Ғылыми зерттеу институты мамандарымен  әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған қаракөл қойының көк түсін өсіру мақсатында ғылыми жұмыстар жүргізілуде. 
«Алтын асық» бағдарламасына сәйкес 2 шаруашылық Атырау облыснан 1600 бас етті-майлы Атырау елтірі қойының 1600 басын сатып алуға келісім жасап, қазан айында әкелуді жоспарлап отыр. 
Сыбаға бағдарламасы 2014 жылдың 3-ші тоқсанына
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту туралы»  жобаға сәйкес, 2011-2015 жылдары облыста  фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруға 8700 бас мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып фермерлік  шаруашылықтар ұйымдастыру жоспарланған.
(2011-2013 жылдары аталған бағдарлама аясында облыс бойынша  шаруашылық құрылымдары арқылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан 1313,5 млн. теңге несие тартылып, 7494 бас аналық сиыр  және 400 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынды немесе 3 жылдық жоспар 41,4 пайызға артығымен орындалды. 
Бұдан өзге шаруашылықтардың өз қаржылары есебінен ет бағытындағы асыл тұқымды «Қазақтың ақбас» сиыры тұқымының            100 бас қашары мен 20 бас бұқасын және «ҚазАгроӨнім» АҚ-на еншілес «KazMeat» ЖШС-нен ет бағытындағы мал шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында 37 млн. теңге несие алынып, 210 бас тауарлы сиыр және 7 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Бағдарлама аясында 2011-2015 жылдары барлығы 5000 бастық мал бордақылау алаңын салу жоспарланған. Өткен жылы үш шарушылық өз қаржысы есебінен 750 басқа арналған мал бордақылау алаңын салды.
Облыс бойынша есептік номер алған қуаттылығы 1650 басты құрайтын 18 мал бордақылау алаңы жұмыс жасауда. )
2014 жылға облыс бойынша 1700 бас аналық және 57 бас бұқа сатып алу жоспарланған болса, Осыдан бүгінгі күнге 42 шаруашылық 320,2 млн. теңге несие алып, 1858 бас немесе 109,3 %, және 93 бұқа немесе жылдық жоспар 163,2%-ға орындалып отыр.
Ветеринария 
2014 жылы аса қауіпті 15 жұқпалы ауруларға (құтыру, аусыл, пастереллез, листериоз, лептоспироз, сібір жарасы, эхинококкоз, күл, құс тұмауы, қарасан, түйе обасы, брадзот, эктима, туберкуллез, маңқа) қарсы 5483,3 мың доза ветеринариялық препараттар бөлініп, 635,5 млн. теңге қаржы қаралған. 
Қазірде 3651,8 мың бас егіліп, сарып індетіне қарсы 186,5 мың бас МІҚ, 551,8 мың бас уақ мал тексерілді. Нәтижесінде ауру 71 бас МІҚ және 1126 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитарлық ережелерге сәйкес сойылып, жойылды. 
Энзоотиялық ауруларға (МІҚ өттеу,пироплазмоз, уақ малдың бауыр құрт, жылқының сақау, гастрофиллез, түйенің қатпа) облыстық бюджеттен 138,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні 446,6 мың бас егілді. 
Бірдейлендіру. Сырға сатып алуға облыстық бюджеттен 44,7 млн. теңге бөлініп, МІҚ 70,0, уақ малға 255,1, түйеге 3,0, шошқаға 3,4 мың сырға және 150 дана құлақ тескіш аппараттар (биркач) сатып алынды.
50,7 мың бас МІҚ, 170,0 мың бас уақ мал, 4,2 мың бас түйе, 15,7 мың бас жылқы, 0,9 мың бас шошқа қазіргі күні бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қор базасына енгізілуде.
2014 жылы аудандық бюджеттерден 6 типтік жобадағы мал көміндісін салуға (Арал – 2,6, Қазалы – 8,8, Сырдария – 25,2) барлығы 36,6 млн. теңге бөлініп, 6 типтік жобадағы мал көміндісін салу жоспарланып, 4-уі пайдалануға берілді. Қазіргі күні облыс көлемінде мал көмінділерінің жалпы саны 146, оның ішінде 41 типтік жобада салынған. Сонымен қатар үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 242,5 млн. теңге бөлініп, 26 типтік жобадағы мал көміндісі (Қармақшы 13, Сырдария 5, Қызылорда 8) салынатын болады.
Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға үстіміздегі жылы аудандық бюджеттерден (Арал-5,0, Қазалы-3,9, Қармақшы-2,3, Жалағаш-2,3, Сырдария-1,0, Шиелі-1,4, Жаңақорған-1,8, Қызылорда-17,2) барлығы 34,9 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні 19022 бас қаңғыбас ит пен мысықтар ауланып жойылды.  
2014 жылы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауға 424,8 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар ауылдық округтердегі 139 ветеринариялық пункттерді ғимаратпен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 385,9 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізіліп, қазіргі күні 93 ғимарат сатып алынды. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасуда.
Өңдеу саласы бойынша
2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 14 108,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты өнім көлемінің индексі 102,6 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2014 жылы құны 1 858,9 млн. теңге құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда: 
- Қызылорда қаласы, «Жан Арай» ЖШС жоба құны 375,9 млн. теңгені құрайтын «Қуаттылығы 80 тонналық құрама жем өндіру зауытын салу»;
- Шиелі ауданы, «Шиелі Авангард» ЖШС жоба құны 8,0 млн. теңгені  құрайтын «Сүт өңдеу цехын салуды ұйымдастыру»;
- Қазалы ауданы, «Сыр Маржаны» ЖШС жоба құны 289,1 млн. теңгені құрайтын «500 бас МІҚ арналған бордақылау алаңы»;
- Қызылорда қаласы, «Жирен» ШҚ жоба құны 139,3 млн. теңгені құрайтын «500 бас МІҚ арналған бордақылау алаңы»;
- Қызылорда қаласы, «Жан-Арай» ЖШС жоба құны 170,0 млн. теңгені құрайтын «Күріш ақтау цехы, қуаттылығы 12 тн/сағат»;
- Қызылорда қаласы, «Ақ-Барыс» ЖК жоба құны 34,0 млн. теңгені құрайтын «199 басқа арналған бордақылау алаңы»;
- Жалағаш ауданы, «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС жоба құны 92,0 млн. теңгені құрайтын «Күріш ақтау цехы, қуаттылығы 150 тн/сағат»;
- Қызылорда қаласы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жоба құны 365,5 млн. теңгені құрайтын «Жалпы көлемі 2,7 га құрайтын 50 жылыжай құрылысын салу»;
- Қызылорда қаласы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жоба құны 385,1 млн. теңгені құрайтын «Жалпы көлемі 2,8 га құрайтын 70 жылыжай құрылысын салу».
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
Азық-түлік тауарларының индексі 2014 жылдың қыркүйек айын жылдың басымен  салыстырғанда облыс бойынша 105,0 пайызды (республика бойынша 105,6 пайыз) құрайды.
Ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік өнімдерінің бағалары жөніндегі ақпарат апта сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда.
Қызылорда қаласының және барлық аудандардағы ірі жабдықтаушылар мен өнімді өндірушілер арасында негізгі азық-түлік тауарларын 5-10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 46 меморандумға қол қойылып, тығыз жұмыс жасалуда. 
2014 жыл басынан бері облыс орталығында халықтың көп шоғырланатын жерлерінде сапалы және арзан бағада күнделікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіліп бүгінгі күнге   101,3 млн. теңгенің өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. 
2014 жылдың 22 қыркүйегінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын басқару жөніндегі комиссия отырысымен тұрақтандыру қорына 2850 тонна картоп, 1000 тонна басты пияз, 500 тонна сәбіз, 100 тонна қырыққабат, 2000 тонна күріш, 1000 тонна қант, 200 тонна макарон, 100 тонна өсімдік майы, 60 тонна ас тұқы, 10 тонна шай сатып алуға шешім  қабылданып, қазіргі уақытта 500 тонна картоп, 1000 тонна басты пияз, 500 тонна сәбіз, 87,6 тонна күріш сатып алынды.
Облыста 1 сортты нан, 1 сортты бидай ұнының бағасын тұрақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Астық Транс» АҚ және Қызылорда облысының әкімдігі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес килограмы 49,5 теңгеден облысқа 13213 тонна ұн жеткізілді, жыл аяғына дейін 2332,8 тонна ұн әкелінеді. 
Сондай-ақ, қосымша жасалынған Келісімге сәйкес  қыркүйек-қазан айларына қосымша 417,0 тонна бидай белгіленіп отыр.
Облыс бойынша қант өнімінің бағасын тұрақтандыру мақсатында бүгінгі күнге дейін «Центральноазиатская сахарная корпорация» ЖШС мен «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС келісіміне сәйкес облысқа 130 теңгеден 340 тонна, 145 теңгеден 340 тонна қант жеткізіліп, Қызылорда қаласындағы ірі сауда үйлерінде 155 теңгеден, әлеуметтік сауда дүкендерінде 150 теңгеден сатылды. 
Сонымен қатар, материалдық қордан килограмы 110 теңгеден облысқа 262,55 тонна қант жеткізіліп, әлеуметтік сауда дүкендерінде 130 теңгеден сатылуда. 
Облыстың негізгі өнімі-күріштің нарықтағы бағасын республикада белгіленген шекті мәндерінен асырмау мақсатында күріш өндірушілер мен сауда үйлері арасында күріштің бағасын тұрақты бағада сату жөнінде меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес күріш өндірушілер ірі сауда үйлеріне күріштің килограмын 145 теңгеден босатса, сауда үйлері тиісінше бөлшек саудада 150 теңгеден сатуда. 
«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша  
2014 жылы ауылдық елді мекендерге барған әлеуметтік сала мамандарын қолдау шараларына 602 маманға 175,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде білім саласы – 342, денсаулық саласы – 189, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 12, мәдениет саласы – 20, спорт саласы – 16, ветеринария саласы – 23. 
Сонымен қатар, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға 449 адамға  1165,8 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде білім саласы  - 240, денсаулық сақтау саласы – 154, әлеуметтік қамсыздандыру саласы -6, мәдениет саласы -16, спорт саласы – 8, ветеринария саласы 20 маман. 
2014 жылдың 1 қыркүйегіне қаржыландыру жоспарына сәйкес 565 маманға көтерме жәрдемақы берілді, нәтижесінде 126,6 млн. теңге игерілді. 
Сонымен қатар, 379 маман жеңілдетілген несиемен тұрғын үйге ие болып, 995,3 млн. теңге игерілді. 
 
Облыстың ауыл шаруашылығы саласында 2014 жылдың
IV тоқсанында  атқарылатын міндеттер
Егін шаруашылығы бойынша
- егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау және күзгі дала жұмыстарының уақытылы өткізілуіне ықпал жасау;
- өсімдік шаруашылығына бөлінген субсидияларды мерзімінде игеру.
Мал шаруашылығы бойынша
- Мал шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялардың игерілуін қамтамасыз ету;
- «Сыбаға» бағдарламасының аясында 2014 жылға белгіленген жоспарға сәйкес фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруға ықпал жасау;
- «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары арқылы шаруашылықтарға несие беріп, мал алуына ықпал жасау.
- Ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді ғимаратпен қамтамасыз етуге ықпал жасау;
- Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру; 
- Эпизоотиялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру .
Өңдеу саласы бойынша
- сала бойынша жалпы құны 1858,9 млн. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобалардың қаржыландырылуына (ҚазАгроҚаржы АҚ) ықпал жасау.
 

Облыстың ауыл шаруашылығы саласында 
2014 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар жөніндегі  
АНЫҚТАМА
 
2014 жылдың қаңтар-маусым  айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 8,4 млрд.теңге болды, 2013 жылдың сәйкесті  кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрайды. 
Биылғы жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 6,7 млрд. теңге бөлініп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,8 пайызға артық.
Егін шаруашылығы бойынша
Үстіміздегі жылы облыс бойынша 160,4 мың гектарға егiс орналастыру межеленген болатын. Нақты егілген егіс көлемі 161,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар 87,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 55,4 мың гектар, картоп, көкөніс, бақша 18,0 мың гектар, майлы және техникалық дақылдар 836 гектарға егілді. 
2014 жылға межеленген дақылдар көлемі, атап айтқанда, күріш 4,6 мың га,  күздік бидай 52 га, жаздық бидай 88 га, жаңа жоңышқа 66 га, ескі жоңышқа 301 гектарға барлығы 5,1 мың гектарға артық егілді.
Облыс бойынша минералдық тыңайтқышқа сұраныс 52,1 мың тонна, оның ішінде азотты тыңайтқыш 43,0 мың тонна, фосфорлы тыңайтқыш 9,1 мың тонна. 
Есепті кезеңде аудандардың мәліметіне сәйкес 25,4 мың тонна аммоний сульфаты, 10,2 мың тонна карбамид, 696 тонна аммиак селитрасы, 7,2 мың тонна аммофос, 321 тонна суперфосфат, 65 литр МЭРС және 1,2 мың тонна фосфорит ұны тыңайтқыштары алынды. 
Бұл қажеттіліктің 85,9 % құрайды. Қалған тыңайтқыш көлемі үстеп қоректендіру барысында алынатын болады. 
Облыс бойынша 81245 га күріш егіліп, толығымен суға бастырылды.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар маймен толық қамтамасыз етілді. 
2014 жылғы көктемгі егіске 20910 тонна 100 пайыз кондицияға жеткізілген күріш тұқымы себілді.
Мал шаруашылығы бойынша
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 маусымына 270,9 мың бас мүйізді ірі қара малы, 712,1 мың бас қой мен ешкі, 89,4 мың бас жылқы, 37,0 мың бас түйе және 92,7 мың бас құс өсірілуде. 
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 2,0 %-ға, жылқы 7,3 %-ға өссе, қой мен ешкінің саны 12,8 %-ға, түйенің саны 0,1 %-ға және құстың саны 21,6 %-ға кеміген.
Салыстырмалы кезеңде ет өндіру 6,7 пайызға, сүт өндіру 7,0 пайызға көбейген.
Бүгінгі күні облыста 91 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады (14-МІҚ, 36-қой, 19-түйе, 22 жылқы). Бұдан басқа 1 дистрибьютерлік орталық және 153 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс жасайды. 
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының жүзеге асырылуынан бастап шаруашылық құрылымдары арқылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан 1313,5 млн. теңге несие тартылып, 7494 бас аналық сиыр және 400 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынды. 
Бұдан өзге шаруашылықтардың өз қаржылары есебінен ет бағытындағы асыл тұқымды «Қазақтың ақбас» сиыры тұқымының 100 бас қашары мен 20 бас бұқасын және «ҚазАгроӨнім» АҚ-на еншілес «KazMeat» ЖШС-нен ет бағытындағы мал шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында 37 млн. теңге несие алынып, 210 бас тауарлы сиыр және 7 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алды. Үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1700 бас МІҚ алу жоспарлануда.
Бүгінгі күні 25 шаруашылық 200,9 млн. теңге несие алып, 1198 бас сиыр және 48 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа алуға қол жеткізді, немесе жылдық жоспар 84,2 пайызға орындалды.
Мал шаруашылығы ғылыми негізде дамыту мақсатында еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен (Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан атындағы Университет ғалымдарымен) инвестициялық жобалар бойынша 5,0 млн. теңгеге конкурс өткізілді.
Мал тұқымын асылдандыру үшін селекциялық жұмыстарды жетілдіруге қазақтың ақ бас сиырының және еділбай қойының селекциясын жүргізуге нақты келісім жасалды.
Сонымен қатар Оңтүстік Батыс егін және мал шаруашылығын дамыту Ғылыми зерттеу институты мамандарымен әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған қаракөл қойының көк түсін өсіру мақсатында ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Ресейдің Астрахань облысынан және Жамбыл облысының Талас ауданынан 180 бас қаракөл қойының көк түсті қошқарын 3 шаруашылықта пайдалануға келісім шарт жасалды.
Ветеринария бойынша
Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен эпизоотиялық іс шаралардың алдын алу мақсатында аса қауіпті 15 жұқпалы ауруларға (құтыру, аусыл, пастереллез, листериоз, лептоспироз, сібір жарасы, эхинококкоз, күл, құс тұмауы, қарасан, түйе обасы, брадзот, эктима, туберкуллез, маңқа) қарсы 5483,3 мың доза ветеринариялық препараттар бөлініп отыр. Осы препараттарды тасымалдауға, уақытша сақтауға және қолдануға барлығы 635,5 млн. тенге қаралған. Оның ішінде 5,6  млн. тенге тасымалдауға, қолдану мен уақытша сақтауға 629,9 млн. тенге.
Қазіргі күні облысқа 15 жұқпалы ауруларға қарсы 3713,7 мың доза ветеринариялық препараттар жеткізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу және диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2708,4 мың бас алдын ала егіліп, сарып індетіне қарсы 128,3 мың бас МІҚ, 307,2 мың бас уақ мал тексерілді. Нәтижесінде 55 бас МІҚ және 637 бас уақ мал сарып індетіне шалдыққаны анықталып, ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылып, жойылуда. 
Сонымен қатар облыстық бюджеттен 72,2 млн. тенге бөлініп, ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық (МІҚ өттеу, уақ малдың бауыр құрт, жылқының сақау, түйенің қатпа) ауруларының алдын алуға қажетті ветеринариялық препараттар жеткізілді. Қазіргі күні өттеуге қарсы 38,1 мың бас МІҚ, бауыр құртқа қарсы 123,7 мың бас уақ мал, сақауға қарсы 34,0 мың бас жылқы,қатпаға қарсы 17,2 мың бас түйе алдын ала егілді. 
Бірдейлендіру. Бірдейлендіруге қажетті атрибуттар сатып алуға облыстық бюджеттен 44,9 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарландыру беріліп, жеңімпаздар анықталды. Осы қаржыға 150 дана құлақ тескіш аппарат (биркач) сатып алынды, МІҚ 70,0 мың, уақ малға 255,1 мың, түйеге 3,0 мың, шошқаға 3,4 мың сырға жеткізілді. Қазіргі күні 40,7 мың бас МІҚ, 126,5 мың бас уақ мал, 3,4 мың бас түйе, 0,5 мың бас шошқа, 9,7 мың бас жылқы малы бірдейлендіріліп, дерек қор базасына енгізілуде. 
Мал көміндісі. Барлық елді мекендерді типтік жобадағы мал көміндісімен қамтамасыз ету қажет. Үстіміздегі жылы аудандық бюджеттерден мал көміндісін салуға (Арал – 2,6, Қазалы – 8,8, Сырдария – 8,4), барлығы 19,8 млн. теңге бөлініп, 4 типтік жобадағы мал көміндісін салу жоспарланып отыр. Қазіргі күні облыс көлемінде мал көмінділерінің жалпы саны - 145, оның ішінде 39 типтік жобада салынған. Осыған байланысты Арал, Қазалы, Сырдария аудандарынан басқалары қаржы көздерін қарастырып, мал көміндісін салдыру қажет. Өткен жылы ветеринариялық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға байланысты 6 мал өлекселерін өртейтін пештер (инсениратор) сатып алынды.
Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою. Қаңғыбас иттер мен мысықтар аулап жоюға үстіміздегі жылы аудандық бюджеттерден (Арал-4,9, Қазалы-3,9, Қармақшы-2,3, Жалағаш-2,3, Сырдария-1,0, Шиелі-0,9, Жаңақорған-1,8, Қызылорда-17,2) барлығы 34,3 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні 12,1 мың бас қаңғыбас ит пен 1,4 мың бас мысықтар ауланып жойылды.  
Ветеринариялық ұйымдар. Үстіміздегі жылы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар материалдық-техникалық жабдықтауға республикалық бюджеттен 424,8 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді ғимаратпен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 301,0 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізіліп, 20 ғимарат құжаттары дайындалып, келісім шарт жасалуда. Бөлінген қаржының жетіспеуіне байланысты (Қазалы, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда) қосымша 84,9 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
Өңдеу саласы бойынша 
2014 жылдың қаңтар-маусым айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 9708,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты өнім көлемінің индексі 105,1 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2014 жылы құны 1 858,9 млн. теңге құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда: 
- Қызылорда қаласы, «Жан Арай» ЖШС жоба құны 375,9 млн. теңге құрайтын «Қуаттылығы 80 тонналық құрама жем өндіру зауытын салу»;
- Шиелі ауданы, «Шиелі Авангард» ЖШС жоба құны 8,0 млн. теңге құрайтын «Сүт өңдеу цехын салуды ұйымдастыру»;
- Қазалы ауданы, «Сыр Маржаны» ЖШС жоба құны 289,1 млн. теңге құрайтын «500 бас МІҚ арналған бордақылау алаңы»;
- Қызылорда қаласы, «Жирен» ШҚ жоба құны 139,3 млн. теңге құрайтын «500 бас МІҚ арналған бордақылау алаңы»;
- Қызылорда қаласы, «Жан-Арай» ЖШС жоба құны 170,0 млн. теңге құрайтын «Күріш ақтау цехы, қуаттылығы 12 тн/сағат»;
- Қызылорда қаласы, «Ақ-Барыс» ЖК жоба құны 34,0 млн. теңге құрайтын «199 басқа арналған бордақылау алаңы»;
- Жалағаш ауданы, «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС жоба құны 92,0 млн. теңге құрайтын «Күріш ақтау цехы, қуаттылығы 150 тн/сағат»;
- Қызылорда қаласы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жоба құны 365,5 млн. теңге құрайтын «Жалпы көлемі 2,7 га құрайтын 50 жылыжай құрылысын салу»;
- Қызылорда қаласы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жоба құны 385,1 млн. теңге құрайтын «Жалпы көлемі 2,8 га құрайтын 70 жылыжай құрылысын салу».
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 
Азық-тулік тауарларының индексі 2014 жылдың маусым айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 105,7 пайызды (республика бойынша 105,5 пайыз) құрайды.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласының және барлық аудандардағы ірі жабдықтаушылар мен өнімді өндірушілер арасында негізгі азық-түлік тауарларын 5-10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 46 меморандумға қол қойылып, тығыз жұмыс жасалуда. 
Жыл басынан бері облыс орталығында халықтың көп шоғырланатын жерлерінде сапалы және арзан бағада күнделікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіліп бүгінгі күнге   87,5 млн. теңгенің өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. 
Облыста 1 сортты нан, 1 сортты бидай ұнының бағасын тұрақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Астық Транс» АҚ және Қызылорда облысының әкімдігі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес килограмы 49,5 теңгеден облысқа 5744 тонна ұн жеткізілді. 
Меморандум аясында жеткізілген ұнның негізінде облыс бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы 44 теңге болып тұрақталуда.
2012-2014 жылдар аралығында тұрақтандыру қорына 3063,0 тонна картоп, 620,0 тонна асханалық сәбіз, 1367,0 тонна басты пияз, 675,0 тонна қант, 69,5 тонна өсімдік майы, 48,6 тонна 1-ші сұрыпты макарон, 180 тонна құс еті сатып алынып, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның жанынан Қызылорда қаласының әр мөлтек аудандарында ашылған 12 әлеуметтік сауда дүкендерінде нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен сатылды. 
Облыс бойынша қант өнімінің бағасын тұрақтандыру мақсатында бүгінгі күнге дейін «Центральноазиатская сахарная корпорация» ЖШС мен «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС келісіміне сәйкес облысқа 130 теңгеден 340 тонна, 145 теңгеден 340 тонна қант жеткізіліп, Қызылорда қаласындағы ірі сауда үйлерінде 155 теңгеден, әлеуметтік сауда дүкендерінде 150 теңгеден сатылды. 
Сонымен қатар, материалдық қордан килограмы 110 теңгеден облысқа 262,55 тонна қант жеткізіліп, әлеуметтік сауда дүкендерінде 130 теңгеден сатылуда. 
Облыстың негізгі өнімі-күріштің нарықтағы бағасын республикада белгіленген шекті мәндерінен асырмау мақсатында күріш өндірушілер мен сауда үйлері арасында күріштің бағасын тұрақты бағада сату жөнінде меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес күріш өндірушілер ірі сауда үйлеріне күріштің килограмын 145 теңгеден босатса, сауда үйлері тиісінше бөлшек саудада 150 теңгеден сатуда. 
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы 
Үстіміздегі жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге барған 602 мамандарды әлеуметтік қолдау шарасына 175,3 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде: білім – 342, денсаулық сақтау – 189, әлеуметтік қамсыздандыру – 12, мәдениет – 20, спорт – 16, ветеринария – 23.
Сонымен қатар, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға  449 маманға 1165,8 млн. теңге несие қаржысы бөлінді.  Оның ішінде: білім – 240, денсаулық сақтау - 154, әлеуметтік қамсыздандыру – 6, мәдениет -16, спорт – 8, ветеринария – 20.
2014 жылдың 1 маусымына қаржыландыру жоспарына сәйкес 453 маман көтерме жәрдемақы алып, нәтижесінде 67,7 млн.теңге игерілді.
Сондай-ақ, 113 адам жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға қол жеткізіп, 291,4 млн. теңге игерілді. 
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»
Бағдарламаның 2 бағыты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2014 жылы 2349,6 млн. теңге бөлінді.
Бөлінген қаржыны соңғы қарыз алушыларға жеткізу мақсатында үстіміздегі жылдың сәуір айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на (1000 млн. теңге), «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-на (1349,6 млн. теңге) аударылды.
Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тарапынан бағдарламаға қатысушыларға 700,0 млн. теңге несие берілсе, 800,0 млн. теңгеге ұсынылған жобаларға талдау, іріктеу және кепілдік мүліктерін дайындау жұмыстары мақұлданды.   
«Байқоңыр ӘКК ҰК» АҚ арқылы шағын несие ұйымдары мен несие ұйымдарына 818,0 млн. теңге қаржы берілді. 
Бүгінгі күні екінші конкурстың қорытындысы шығарылды. 531,6 млн. теңге конкурстық комиссияның қарауында.
 

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2014 жылдың
I тоқсанында атқарылған жұмыстар жөніндегі
АНЫҚТАМА
 
2014 жылдың қаңтар-ақпан  айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 2,5 млрд.теңге болды, 2013 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 1,5 пайызды құрайды. 
Биылғы жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 6,3 млрд. теңге бөлініп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық.
 
Егін шаруашылығы бойынша
Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 160,4 мың гектарға орналастыру межеленуде. Оның ішінде дәнді дақылдар 82,6 мың, мал азығындық дақылдар 55,1 мың, картоп, көкөніс, бақша 20,9 мың және майлы дақылдар 1,8 мың гектар.
Өткен жылмен салыстырғанда, негізгі дақыл күріш 2,2 мың га азайтылып, мал азығындық дақылдар көлемін 5,0 мың га көбейту межеленуде. 
Былтырғы жылдың күз айларында 42,1 мың га сүдігер көтеріліп, 2,5 мың га күздік бидай егілді. 
Тұқым тазалау
Биылғы жылдың күріш егісі үшін 19,6 мың тонна тұқым құйылды. Қазіргі таңда тұқымды себу кондициясына жеткізу жөнінде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 15,3 мың тонна тұқым тексеріліп (78,0%), оның 39,8% себу кондициясына жеткізілді.
Су жолдарын дайындау 
Былтырғы жылдың күз айларынан бастап осы кезге 8,4 мың га жер ылғалдандырылып суғарылды. 47,2 мың га шабындықтар мен жайылымдықтарға су алынды. 
Шаруашылықтардың ішкі су жолдарын тазалау жоспары 72,2% орындалды. Бүгінгі күні 355 дана гидротехникалық құрылыс және 175 дана су бекеті жөнделді.
Минералдық тыңайтқыш дайындау
Минералдық тыңайтқышқа деген сұраныс 54,4 мың тонна, оның ішінде азотты тыңайтқыш 45,8 мың тонна, фосфорлы 8,6 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге 17,9 мың тонна аммоний сульфаты, 6817 тонна карбомид, 4995 тонна аммофос, 129 суперфосфат, 272 тонна фосфорит ұны және 10 литр МЭРС сұйық тыңайтқыштары алынды. Қажетті минералды тыңайтқыш алу жұмыстары жалғасуда.
Техника 
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарында көктемгі егіске қатысатын 1812 трактор, 249 дән сепкіш, 494 соқа, 961 трактор тіркемесі және 412 автокөлік бар. Олардың 93,1% жөндеуден өтіп, көктемгі дала жұмыстарына шығуға дайын. 
Жанар – жағар май  
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 14,0 мың тонна дизель отыны, 2,8 мың тонна бензин және 0,8 мың тонна қою май қажет болса, бүгінгі күні шаруашылықтар 3,4 мың тонна дизель отынын (24,3%), 1,0 мың тонна бензин (37,3%) және 0,3 мың тонна қою май (32,6%) дайындаған.
Көктемгі дала жұмыстары
Биылғы жылы негізгі дақыл-күрішті себу науқанын бастау 25 сәуірден межеленіп отыр.
Бүгінгі күнге облыс бойынша 570 га (3,2%) жаңа жоңышқа, 70 га (4,9%) жаздық бидай, 500 га арпа (100,0%) және 475 га ескі жоңышқа суғарылды. Көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. 
Сонымен қатар, 2014 жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының суару нормалары және суару каналдарының ПӘК-не сәйкес, ҚРҚОСР Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалымен бірлесіп, облысқа қажетті суармалы су лимитінің көлемін анықтап, облыс әкімінің атынан Су ресурстары комитетіне жолданды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі №237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 ақпандағы №106 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» Қағидасына сәйкес, 2014 жылға арналған субсидиялар көлемі облыстық мәслихаттың сол жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне сәйкес анықталып, аудандар және Қызылорда қаласы бойынша субсидиялар көлемі жоспарланған егіс көлеміне сәйкес, облыс әкімінің 28.01.2014 жылғы №19 шешімімен айқындалып, субсидиялар көлемі аудан (қала) әкімдерінің назарына жеткізілді. 
"Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 мамыр № 604 қаулысымен бекітілген Қағидаға сәйкес, 2014 жылға басым дақылдардың тізбесі, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық –материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған нормалары, субсидияланатын тыңайтқыш түрлері мен тыңайтқыштардың субсидиялар нормалары және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға  және өсіру шығындардың құнын субсидиялау нормалары белгіленді.
Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілуге жолданды.
Бүгінгі күні басқармамен отандық тыңайтқыш өндіруші «Қазфосфат» ЖШС-не 5232 тонна аммофос минералды тыңайтқышына және «Темір - Сервис» ЖШС-не 476 тонна фосфорит ұнын сатып алу жөнінде келісім-шарт жасау үшін, аудан әкімімен бекітілген шаруашылық тізімі берілді. 
«Казагроэкс» АҚ  Қызылорда облыстық филиалының  мәліметіне сәйкес, зертханалық зерттеуге түскен 15873 тонна күріш тұқымының 9404 тоннасы – 59,2 пайызы себу дәрежесіне жеткізілген. Оның 2501 тоннасы (15,7 пайыз) – 1 класс, 5349 тоннасы (33,7 пайыз) – 2 класс, 1554 тоннасы (9,8 пайыз) – 3 класс дәрежесінде. 6469 тонна – 40,8 пайызы себу дәрежесіне жеткізілмеген.
Бүгінгі күні облыста күріштің бірегей, элиталық  және I-II-III репродукциялы тұқым өндіретін барлығы 5 шаруашылық жұмыс жасауда.
Үстіміздегі жылы Қазалы ауданы бойынша «Рза-Агро» ЖШС-гі базасында тұқым шаруашылығы  ашылып, I-II-III репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылығы мәртебесі берілді.
Сонымен  қатар, қазіргі таңда Жалағаш ауданының «Таң ЛТД» ЖШС-гі базасында I-II-III репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылығын ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
 
Мал шаруашылығы  бойынша
Облыс бойынша ағымдағы  жылдың 1 наурызына  250,8 мың бас мүйізді ірі қара малы, 536,9  мың бас қой мен ешкі, 79,2 мың бас жылқы, 32,2 мың бас түйе және 90,4 мың бас құс өсірілуде. 
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қараның саны 2,1 пайызға, жылқының басы 7,2 пайызға көбейген. 
Алайда, есепті кезеңде қой мен ешкі малының басы 12,8 %-ға (78,5 мың  басқа), түйе 0,5 %-ға (0,2 мың басқа)  құстың саны 22,9 пайызға (26,8 мың басқа)  кеміген. 
Мал басының кемуі негізінен жеке үй шаруашылықтарында байқалуда. 
Ал, ауылшаруашылығы құрылымдарындағы мал басы жыл санап артып келеді.(МІҚ басқасы МІҚ 4,2 немесе 128 басқа кеміген). Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы қой мен ешкі 13,4%, жылқы 7,6%,түйе1,5% артқан.
Үстіміздегі жылы мал шаруашылығын қолдауға мемлекеттен 1265,0 млн. теңге бөлініп, қаржылық жоспарға сәйкес сәуір айынан бастап игеру межеленіп отыр. 
Осыған байланысты бүгінгі таңда ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген қағидаға сәйкес облыс әкімдігінің қаулысы дайындалып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі алынды. 
Бүгінгі күні мал шаруашыылығы обьектілерін салуға және қайта жаңғыртуға жұмсалған шығындарын субсидиялауға байланысты басқарма тарапынан Үкіметтің қаулысының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиісті ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар ақпан -наурыз айларында ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру және сұрыптаушы-зоотехниктердің біліктілігін көтеру жөнінде  «Қызылорда» оқу орталығында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып, 75 техник-ұрықтандырушы, 12 сұрыптаушы-зоотехник барлығы 87 адам оқып, сертификат алып шықты.
Қазіргі таңда пункттер арқылы жеке тұрғындардың меншігіндегі аналық сиырларды қолдан ұрықтандыру мақсатында «Асыл тұқым» ЖШС дистрибьютерлік орталығы арқылы барлық аудандарға асыл тұқымды бұқа ұрығы таратылып берілді.
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасына сәйкес, 2011-2015 жылдары облыста  фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруға 8700 бас мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алу және 5000 басқа арналған бордақылау алаңын ұйымдастыру жоспарланған.
2011-2013 жылдары аталған бағдарлама аясында облыс бойынша  шаруашылық құрылымдары арқылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан 1313,5 млн. теңге несие тартылып, 7494 бас аналық сиыр  және 400 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынды немесе 3 жылдық жоспар 41,4 пайызға артығымен орындалды. 
Бұдан өзге асыл тұқымды репродуктор шаруашылық ұйымдастыру мақсатында 1 шаруашылық өз қаржысы есебінен 190 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын әкелді.
Үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1700 бас МІҚ аналығын, 57 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу және 2000 басқа арналған мал бордақылау алаңын ұйымдастыру жоспарланған.
Бүгінгі таңда  «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ы арқылы 16 шаруа қожалығы  862 бас сиыр алуға 143,2 млн. теңге несие алуға тапсырыс беріп, осыдан 11 шаруашылық 88,0 млн. теңге несие алып, 525 бас сиыр және 23 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа алуға қол жеткізді, немесе жылдық жоспар 30,9 пайызға орындалды.
Ағымдағы жылдың жоспары бойынша 2000 бастық мал бордақылау алаңын салуға байланысты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ветеринария бойынша
Үстіміздегі жылы эпизоотиялық іс шаралардың алдын алу мақсатында аса қауіпті 15 жұқпалы ауруларға (құтыру, аусыл, пастереллез, листериоз, лептоспироз, сібір жарасы, эхинококкоз, күл, құс тұмауы, қарасан, түйе обасы, брадзот, эктима, туберкуллез, маңқа) қарсы 5483,3 мың доза ветеринариялық препараттар бөлініп отыр. 
Қазіргі күні облысқа 10 жұқпалы ауруларға қарсы 3311,5 мың доза ветеринариялық препараттар жеткізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу және диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 410,9 мың бас алдын ала егіліп, сарып індетіне қарсы 19,5 мың бас МІҚ, 17,3 мың бас уақ мал тексерілді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық (МІҚ өттеу, уақ малдың бауыр құрт, жылқының сақау, түйенің қатпа) ауруларының алдын алуға қажетті ветеринариялық препараттар жеткізілді. Қазіргі күні өттеуге қарсы 36,4 мың бас МІҚ, бауыр құртқа қарсы 24,4 мың бас уақ мал, сақауға қарсы 1,7 мың бас жылқы алдын ала егілді.  
Бірдейлендіру. Бірдейлендіруге қажетті атрибуттар сатып алуға облыстық бюджеттен 44,9 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарландыру беріліп, жеңімпаздар анықталды. Осы қаржыға 150 дана құлақ тескіш аппарат (биркач) сатып алынып, МІҚ 70,0, уақ малға 255,1, түйеге 3,0, шошқаға 3,4 мың сырға сәуір айының 15 дейін  жеткізілетін болады. Қазіргі күні 4,1 мың бас МІҚ, 1,3 мың бас уақ мал, 0,1 мың бас түйе, 0,3 мың бас жылқы малы бірдейлендірілді. 
Мал көміндісі. Үстіміздегі жылы аудандық бюджеттерден мал көміндісін салуға (Арал – 2,5, Қазалы – 8,8), барлығы 11,3 млн. теңге бөлініп, 3 типтік жобадағы мал көміндісін салу жоспарланып отыр. Қазіргі күні облыс көлемінде мал көмінділерінің жалпы саны - 146, оның ішінде 39 типтік жобада салынған. 
Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою. Қаңғыбас иттер мен мысықтар аулап жоюға үстіміздегі жылы аудандық бюджеттерден (Арал-4,4, Қазалы-3,9, Қармақшы-2,3, Жалағаш-2,3, Сырдария-1,0, Шиелі-0,9, Жаңақорған-1,8, Қызылорда-17,2) барлығы 33,8 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні 6,0 мың бас қаңғыбас ит пен мысықтар ауланып жойылды.  
Ветеринариялық ұйымдар. Үстіміздегі жылы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар материалдық-техникалық жабдықтауға республикалық бюджеттен 357,8 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді ғимаратпен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 301,0 млн. теңге бөлінді. 
Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында уақ малды кенеге қарсы залалсыздандырудың тиімді тәсілі ретінде облыс аумағында мал тоғыту ванналары салынуда. Өткен жылы 74-ін салу жоспарланған болатын, осыдан 61 мал тоғыту ванналары пайдалануға беріліп, Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында орындалмай отыр. Үстіміздегі жылы 17-ін салу жоспарланып отыр. 
Өңдеу саласы бойынша 
2014 жылдың қаңтар-ақпан айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі  3180,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты өнім көлемінің индексі 98,7 пайызды құрады.  
Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы  саласында «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыланатын  жалпы сомасы 2800,1 млн. теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылуы жоспарлануда.
Оның ішінде:
- Қазалы ауданының «Сыр маржаны» ЖШС-нің жоба құны 289,1 млн. теңгені құрайтын  500 басқа арналған  мал бордақылау алаңы;
- Қызылорда қаласының «Ақ Барыс» ЖК –нің жоба құны 34,0 млн. теңгені құрайтын 199 басқа арналған мал бордақылау алаңы;
- Жалағаш ауданы, «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС-нің жоба құны 2272,0 млн.теңгені  құрайтын , қуаттылығы сағаты 12 тонналық күріш өңдеу кешені;
- Қызылорда қаласындағы «Жан Арай» ЖШС-нің жоба құны 170,0 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы сағатына   80 тонналық күріш өңдеу кешені;
- Сырдария ауданының «Ақжарма-1» ШҚ-ның, жоба құны 35,0 млн.теңгені құрайтын, қуаттылығы сағатына 2,5 тонналық күріш  өңдеу кешені.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Статистикалық мәліметтер бойынша азық-түлік тауарларының индексі  2013 жылдың  наурыз айын жыл басымен салыстырғанда облыс бойынша 104,0 пайызды (республика бойынша 103,3 пайыз) құрады.
Бүгінгі күні облыстың ішкі нарығындағы тауарлардың бағаларына күн сайын мониторинг жүргізу, әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерімен қамту, бағаны реттеу мақсатында тауарларды тікелей өндірушіден сатып алу, құзырлы органдармен (монополияға қарсы инспекция, ауылшаруашылығы басқармасы, кәсіпкерлік және туризм басқармасы, қала және аудан әкімдігі т.б.) бірлесе отырып жүргізілуде.
Сондай-ақ, бағалар бойынша нақты шаралар қабылдау мақсатында облыс көлемінде тауар нарығындағы бағаларды тұрақтандыру және нарықты молайту жөніндегі өңірлік штаб құрылып, оның құрамына облыстық прокуратура, қаржы полициясы, бәсекелестікті қорғау департаменті, статистика, Ұлттық банк мекемелерінің басшылары кірістірілді.
Азық-түлік тауарларының қымбаттауы бойынша орын алған жағдайларға байланысты әкімдік пен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, тұрақтандыру қоры тарапынан біршама жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, 2014 жылға «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының жарғылық қорын ұлғайту арқылы «Қызылорда Қаржы Компаниясы» ЖШС 1 сортты ұн, қант және ақ күріш бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында аталған тауарларды сатып алуға 200,0 млн. теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында 265,3 тонна картоп, 120 тонна сәбіз, 200 тонна пияз, 127,6 тонна макарон өнімдері, 245,0 тонна құс еті сақталып Қызылорда қаласы бойынша орналасқан 12 сауда дүкендері арқылы сатылуда. 
«Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-і облыстың тұрақтандыру қорында жоқ, қырыққабат сияқты өнімдерді апта сайын тікелей жеткізіп «Мирас» сауда орталығы арқылы арзандатылған бағада сатуда.
Сондай-ақ, өзге қажетті азық-түлік тауарлары қосымша басқа өңірлерден жеткізіліп немесе әріптес «Комбинат Продуктов» ЖШС-гі арқылы алынып, осы әлеуметтік-сауда нүктелері арқылы сатылуда.
Аймағымыздың халқын арзан бағадағы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында аудандарда "Байқоңыр" ӘКК" ҰК" АҚ мен жеке кәсіпкерлермен келісім-шарттар жасалып, өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорынан алынған арзан бағадағы қант, картоп, жуа, қырыққабат, сәбіз, өсімдік майы, макарон сияқты өнімдер жеткізіліп сатылуда. 
Қазіргі жағдайда Қызылорда қаласының және барлық аудандардағы ірі жабдықтаушылар мен өнімді өндірушілер арасында негізгі азық-түлік тауарларын 5-10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 46 меморандумға қол қойылды. 
Облыс тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қол жетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету мақсатында халықтың көп шоғырланатын жерлерінде сапалы және арзан бағада күнделікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіліп, барлығы 70,5 млн.теңгенің өнімдері базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды.
Облыста 1 сортты нан, 1 сортты бидай ұнының бағасын тұрақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, Қызылорда облысының әкімдігі арасында тоннасын 28,3 мың теңгеден бидай босату бойынша және одан бидай өндіретін оператор арқылы 1 сортты ұн өндіріп Қызылорда облысына тоннасы 49,5 мың теңгеден қамтамасыз ету жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
Меморандум аясында жеткізілген ұнның көлемдері бірінші кезекте наубайханаларға таратылуда.
Облыс бойынша қант өнімінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Центральноазиятская сахарная корпорациясы» ЖШС-сы  мен «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-гі келісіміне сәйкес облысқа 130 теңгеден 340 тонна қант өнімі жеткізілді.
 
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы 
Үстіміздегі жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге барған 602 мамандарды әлеуметтік қолдау шарасына 175,3 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде: білім – 342, денсаулық сақтау – 189, әлеуметтік қамсыздандыру – 12, мәдениет – 20, спорт – 16, ветеринария – 23.
Сонымен қатар, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға  449 маманға 1165,8 млн. теңге несие қаржысы бөлінді. Оның ішінде: білім – 240, денсаулық сақтау - 154, әлеуметтік қамсыздандыру – 6, мәдениет -16, спорт – 8, ветеринария – 20.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржыны игеру сәуір айынан бастап жүргізіледі. 
 
«Жұмыспен қамту» жол картасы – 2020» бағдарламасы
«Жұмыспен қамту» жол картасы -2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2013 жылы облысқа  бөлінген 3014,0 млн.теңге қаржы, 1305 адам шағын несие алды.  
Ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында 2349,6 млн. теңге қаржы бөлінді. 
Қазіргі таңда Қаржы министрлігімен Қызылорда облысы әкімдігінің арасындағы келісім шартқа қол қою жұмыстары жүргізілуде.
 

Облыстың ауыл шаруашылығы саласында

 2013 жылы атқарылған жұмыстар және 2014 жылы атқарылатын міндеттер туралы анықтама

Соңғы жылдары облыстың ауыл шаруашылығы саласы өндірісі қарышты дамуда.

2013 жылдың қаңтар-қарашасында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 46,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда жалпы көлем индексі 0,6 пайызды құрады. Жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 48,5 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде.

Егін шаруашылығы бойынша

2013 жылы облыстың барлық шаруашылық құрылымдары бойынша 157,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 79,2 мың, мал азығындық дақылдар 53,9 мың, картоп, көкөнiс, бақша 22,5 мың га, майлы және техникалық дақылдар 1,9 мың гектарды құрады.

Облыс бойынша өсірілген 74,0 мың га күріш дақылы уақтылы жиналып, барлығы 360,8 мың. тонна күріш салысы  қамбаға құйылды. Орта өнімі гектарына 48,8 центнерден келді. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш.

Облыстың негізгі дақылы күріштің  1 гектарына төленетін субсидия нормасы 25 мың теңгеге ұлғайтылып, шаруашылықтар шығындарының бір шамасы өтелді.

2013 жылы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында облысқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 5,5 млрд. теңге бөлініп, 2012 жылмен салыстырғанда 44,7 пайызға артты.

 Облыста күріш кластерін дамыту мақсатында, яғни облыста өндірілетін күріштің бәсекелестігін арттыру бағытында биылғы жылы концорциум құрылды.        

Осыған сәйкес, облыс көлемінде күріш кластерін қалыптастыру мақсатында «Жалағаш элеваторы» ЖШС-гі сатып алынды. АгроХолдингтің жарғылық капиталын қалыптастыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-нан 500 млн. теңге бөлінді.   

Күріш салысының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС-і бүгінгі күнге дейін биылғы жиналған күріш өнімінен 2347 тонна күріш салысын қабылдады. Күріш салысы сапасына қарай 1 кг 40 теңге және одан  жоғары бағада қабылдануда. Бұл шара өз кезегінде күріш бағасын тұрақтануына септігін тигізуде.

Облыс бойынша 2014 жылы 371 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 73,0 мың гектар күріш өсіруді межелеп отыр. Осы шаруашылықтарға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 7,4 млрд. теңге қаржы қажет.  Осыдан 19,8 мың гектар күріш егетін 15 шаруашылық  «Агрохолдинг» Байқоңыр» жауапкершілігі серіктестігінен 1,9 млрд. теңге, 18,8 мың гектар күріш егетін 135 шаруашылық аудандарда құрылған несие серіктестерінен 1,9 млрд. теңге, 3,5 мың гектар күріш егетін 6 шаруашылық селолық тұтыну кооперативтерінен 353,2 млн. теңге несиелік қаржы  алуды жоспарлап отыр. Ал 30,8 мың гектар күріш егетін 230 шаруашылық  өз қаржысы (3,2 млрд. теңге) есебінен қаржыланатын болып отыр.

 Алдағы уақытта көктемгі егіс және егін егу жұмыстарына тиісті қаржымен қамтамасыз ету жұмыстары басты назарда болады.

 Ауыл шаруашылығы құрылымдарының машина трактор паркін жаңалау мақсатында, биылғы жылы 50 ат күші бар доңғалақты трактор жинастыру жөнінде «АралАзов Агромаш» БК ЖШС мен «АМТ» Белград компаниясы арасында келісім шарт жасалды. Оның 50 пайыз қаржысы аударылып, 15 дана трактордың жинақтаушы құрал жабдықтары алынды.

Жыл сайын ауыл шаруашылығы құрылымдарының машина-трактор паркі жоғарғы қуатты жаңа техникалармен толықтырылуда. Өткен жылы  «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы  лизингке 99 дана жаңа техника сатып алынса, биылғы жылы  121 дана техника алынды.

Мал шаруашылығы бойынша

Облыста мал шаруашылығын дамыту басты міндеттердің бірі.

Осыған байланысты, «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, облыста  фермерлік шаруашылық ұйымдастыру үшін 8700 бас тауарлы сиыр, 5000 басқа арналған ірі қара малын  бордақылайтын алаң ұйымдастыру жоспарланған.

Үстіміздегі жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ы арқылы 73 шаруа қожалығы  468,3 млн. теңге несие алып, 2644 бас сиыр және 142 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа алды. Бұдан өзге шаруашылықтардың өз қаржылары есебінен ет бағытындағы асыл тұқымды «Қазақтың ақбас» сиыры тұқымының 100 бас қашары мен 20 бас бұқасын және «ҚазАгроӨнім» АҚ-на еншілес «KazMeat» ЖШС-нен  ет бағытындағы мал шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында 37 млн. теңге несие алып, 210 бас тауарлы сиыр және 7 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алды.

 Жыл басынан бері облыс бойынша аталған бағдарлама аясында барлығы 2954 бас сиыр мен 169 бас бұқа сатып алынып, жоспар 123,1 пайызға орындалды.

«Сыбаға» бағдарламасы

 «Сыбаға» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 500 бас мүйізді ірі қара малына арналған жалпы құны 139,0 млн. теңгені құрайтын бір мал бордақылау алаңының құрылысы үстіміздегі жылдың қазан айында бітіп, іске қосылды. Алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытуда, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған «Агробизнес - 2020» бағдарламасының мүмкіншіліктері толығымен пайдаланатын болады.

Ветеринария бойынша

Соңғы жылдары Үкімет тарапынан ветеринария саласына зор маңыз беріліп, республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Атап айтқанда аса қауіпті 15 түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында  2010 жылы 256,3 млн. теңге бөлінсе, биылғы жылы 636,5 млн. теңге бөлініп 2,5 есеге өсіп отыр.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы алғаш рет мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен 518,6 млн. теңге бөлінді. Осы қаржыға 8 «Ветстанция» МКК және ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттердің 135-не арнайы автокөлік, ұйымдастыру техникасы, офистік жиһаздар (кітап және кйім шкафтары, жазу үстелдері, орындықтар), жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы, ветеринариялық құралдар және тағы басқалар сатып алынды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  2013 жылы 306 маман жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алып, 754,7 млн.теңге игерілді. Сонымен қатар, 271 маман көтерме жәрдемақы алып, 98,7 млн.теңге игерілді.

Облыста азық – түлік бағаларының жосықсыз өсу шараларының алдын алуда тиісті жұмыстар атқарылуда.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қол жетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері 29 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп 220,2 млн. теңгенің өнімдері сатылды. Сонымен қатар Астана қаласында өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өз дәрежесінде өткізілді.

Маусымаралық кезеңде негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылуда. 2012 - 2013 жылдары қорға барлығы 7,3 мың тонна азық-түлік өнімдері сатып алынып, 4,3 мың тоннасы өткізілді.

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласының дамуы барысында атқарылатын жұмыстарды дер кезінде ұйымдастыру басты міндет.

 

2014 жылы атқарылатын міндеттер

- 2014 жылдың егісіне қажетті ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының мерзімінде дайындалуына ықпал жасау;

- Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын бақылау;

- Тұқым шаруашылығы саласында сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру;

- 2014 жылдың көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізілуіне және жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының орналасуына ықпал жасау;

-  Ұзақ және қысқа мерзімге техникалық саясатқа қатысты аумақтық бағдарламалар әзірлеу;

- Ауыл шаруашылығы саласында техникалық саясатқа қатысты ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізу;

 «Агробизнес -2020» бағдарламасы аясында тауар өндірушілерге  лизинг арқылы  мүйізді ірі қара, қой және жылқы малын  алу жөніндегі инвестициялық жоба дайындап, оларды іске асыруды ұйымдастыру;

«Мал шаруашылығын дамыту» туралы облыстық форум өткізуді ұйымдастыру;

-  Ветеринариялық іс-шаралардың жүрзізілуін қамтамасыз ету;

- Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу;

- Қажетті құлақ сырғаларын және ветеринариялық ұйымдарға ветеринариялық қондырғыларды сатып алу;

-  Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2014 жылы құны 1755,2 млн. теңге құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске қосу.

Құрылған күні: 08-09-2012 12:05
Жаңартылған күні: 24-01-2017 17:15

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика