ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Басқарма: 
Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Сұрақтар

Бексейітов Сәбит Бексейіт Категория Мәдениет және мәлiмет Дата: 19.04.18

Вопрос:

Құрметті Мирамкүл Рахымжанқызы! Архивтеріңізден 1926 жылғы КазЦИК (Қазақ автономиылық республикасының Атқару комитеті мүшелерінің тізімін алуға бола ма? Сол мүшелердің қатарында Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылының тумасы Шаян Қойшыбаев (1894-1983) болуы керек еді? Мен сол кісі туралы кітап жазып жатыр едім. Шәкең бірнеше ауылдық кеңестердің төрағасы болған. КазЦИК-тің мүшелік билетін кезінде жоғалтып алған. Сәлеммен, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәбит Бексейітов

Ответ:

Құрметті Сәбит Қыдырбайұлы!
 
Сіздің, 1926 жылғы Қазақ Автономиялық республикасының атқару комитеті (Каз ЦИК) мүшелерінің қатарында болған  Қарағанды облысы, Шет ауданы,Талды ауылының тумасы Шаян Қойшыбаев туралы жазған сұранысыңызға байланысты Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы төмендегіні хабарлайды.
Өзіңізге белгілі, 1925 жылы Қызылорда қаласы қазақ елінің астанасы атануына байланысты Қазақ АКСР-нің Орталық атқару комитеті Қызылорда қаласында шоғырланып, 1928-1929 жылдары Алматы қаласына көшірілді. Осы жылдары Қазақ Орталық архиві де Қызылордадан республиканың жаңа астанасы Алматы қаласына қоныс аударды.
Осы ретте, сұратылып отырған мәліметтерді Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінен алуға болатындығын хабарлаймын (Алматы қаласы, Абай даңғылы №39, байланыс тел:8 727- 267-14-62, 267-14-35).
 

Қалдашов Саулет Категория Жалпы мәселелер Дата: 11.05.16

Вопрос:

Құрметті Ержан Ахметұлы! Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымды алда келе жаткан "Отан қорғаушылар" және "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс" күндерімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ашық аспан мен бейбітшілік, атқарып жатқан еңбектеріңізде биік шыңдар мен белестер, мол табыс тілеймін! Мен өзім осы облыстың Қармақшы ауданында туылдым. Толық аты-жөнім - Қалдашов Саулет Мүкарапүлы. Қазір Алматы қаласында тұрамын. Мамандығым - әскери дәрігер. Менің қояр сұрағым атам - Ағытаев Қалдаш (немесе Ағытаев Қалдаш Өмірзақұлы) туралы, шамамен 1897-1898 жылдары қазіргі Қармақшы ауданы аумағында (туысқандардан естуім бойынша бұрынғы Қазалы уезінде) дүниеге келген. Осы атам туралы облыстық мұрағатта қандай мәліметтер бар: туылған мерзімі, туылған жері, қандай білім алғаны, қандай қызмет немесе жұмыстар атқарғандығы, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына қатысқандығы жайлы. Өйткені, менің әкем Мүкараптың және туысқандарымның айтуынша Ұлы Отан соғысына қатысыпты, не әскери сарбаз ретінде немесе тыл қызметкері ретінде онысы белгісіз, бірақ көзі тірі кезінде Сталинград туралы айтатын еді дейді. Қадірменді Ержан Ахметұлы, мен өзімнің атам, оның өмір сүру ортасы, еңбек жолы, соғысқа қатысқан еңбегі жайлы білу және оны ұрпағыма айтып жеткізу жоғары мақсаттарымның бірі деп білгендіктен, Сізден барынша көмек көрсетуіңізді өтініп сұраймын.

Ответ:

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық, аудандық мемлекеттік архиві қорлары деректерінен Ағытаев Қалдаш туралы мәліметтер табылмауына байланысты, Сіздің сұранысыңызды қанағаттандыру мүмкін еместігін хабарлаймын.

Кимбекова Аида Категория Мәдениет және мәлiмет Дата: 21.12.15

Вопрос:

Облыстағы мемлекеттік кітапханалар қоры қалай толықтырылады?

Ответ:

Кітапхана қорлары бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген басылымдармен, сондай-ақ жергілікті ақын-жазушылардың, зиялы қауым өкілдерінің сыйға тартқан кітаптары есебінен толықтырылады.

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика