ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

100 нақты қадам

 

Президенттің бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – ұлт жоспары

2015 жыл 20 мамыр

 

·           КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

·           ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

·           ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

·           БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

·           ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.

«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады.

Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

 

І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.
 
2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 
 
3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.
 
4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).
 
5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.
 
6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін – жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін – интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.
 
7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу
 
8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.
 
9-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру. 
 
10-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту. 
 
11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді. 
 
12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.
 
13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.
 
14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау.
 
15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.
 
II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
16-қадам. АЗАМАТТАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ЖЕҢІЛДЕТУ ҮШІН СОТ ЖҮЙЕСІ ИНСТАНЦИЯЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. БЕС САТЫЛЫ СОТ ЖҮЙЕСІНЕН (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) ҮШ САТЫЛЫ (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.
 
17-қадам. Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ ТЕТІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер СОТТАРДА стипендия төленетін БІР ЖЫЛДЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья БІР ЖЫЛДЫҚ СЫНАҚ МЕРЗІМІНЕН өтеді. 
 
18-қадам. Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін СОТ ТӨРЕЛІГІ ИНСТИТУТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНАН бөлінуі керек. Аталмыш институт Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады. 
 
19-қадам. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІН КҮШЕЙТУ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІН жасау, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы СОТ АЛҚАСЫНА шағымдана алатын болуы керек.
 
20-қадам. БАРЛЫҚ СОТ ПРОЦЕСТЕРІНЕ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ ШАРАЛАРЫН міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс.
 
21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет.
 
22-қадам. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫН ШЕКТЕЙТІН БАРЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІЛІКТІ тергеу судьясына біртіндеп беруді ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕРІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
 
23-қадам. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАР БОЙЫНША жеке СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ құру. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЛҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
 
24-қадам. Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ.
 
25-қадам. Шетелдік және халықаралық соттардың ҮЗДІК СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАНЫНАН БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК СУДЬЯЛАР МЕН ЗАҢГЕРЛЕР қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы Сотқа кеңес беріп отырады.
 
26-қадам. Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫН қысқарту. Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу.
 
27-қадам. Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН БІРТІНДЕП ҚЫСҚАРТУ.
 
28-қадам. Полиция қызметкерлерін ІСКЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу.
 
29-қадам. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу.
 
30-қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.
 
31-қадам. Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне ШАҒЫМДАНҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ полицияның ашықтығын қамтамасыз ету. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІМЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ.
 
32-қадам. «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУ КАРТАСЫ» интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл ҚОҒАМҒА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.
 
33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТТАРЫН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУДЫҢ КЕШЕНДІ СТРАТЕГИЯСЫН жасау.
 
34-қадам. МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІН ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту. Пенитенциярлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу.
 
ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
35-қадам. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢ АКТІЛЕРІНЕ өзгерістер енгізу.
 
36-қадам. ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРІН ӨЗГЕРТУГЕ РҰҚСАТ АЛУ ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА БЕРУ.
 
37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша Бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту.
 
38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.
 
39-қадам. КЕДЕН ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады. 
 
40-қадам. «ПОСТФАКТУМ» КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ РЕЖІМІН ЕНГІЗУ. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру.
 
41-қадам. МҮЛІКТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ЗАҢДАСТЫРУ РЕСІМДЕРІН ОҢАЙЛАТУ. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу.
 
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін КІРІСТІ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ. 
 
43-қадам. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУДІҢ ОРТАЛЫҚ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.
 
44-қадам. ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.
 
45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ РЕЖІМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
 
46-қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін, үшінші – рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.
 
47-қадам. Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯДАН БІРТІНДЕП БАС ТАРТУ. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.
 
48-қадам. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗУ. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.
 
49-қадам. Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕСКІРГЕН НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРНЫНА ЕУРОКОДТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді.
 
50-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫН ҚАЙТАДАН ҚҰРУ, «БІРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУШЫ» МОДЕЛІН ЕНГІЗУ. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.
 
51-қадам. ӨҢІРЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) ІРІЛЕНДІРУ. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады.
 
52-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫНДА САЛАҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЖАҢА ТАРИФ САЯСАТЫН ЕНГІЗУ. Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл «шығынды өтеу» әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.
 
53-қадам. ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТТАРЫНДА МОНОПОЛИЯМЕН ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ӨЗГЕРТУ. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс. 
 
54-қадам. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ. Жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. 
 
55-қадам. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ТАУАРЛАРЫ ҮШІН ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЕҢ КЕМІНДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАРТУ. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру.
 
56-қадам. Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» – халықаралық стратегиялық серіктестермен («Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР құру. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, КАНАДА, АВСТРАЛИЯ ҮЛГІСІ БОЙЫНША ҚОЛАЙЛЫ КӨШІ-ҚОН РЕЖІМІН қалыптастыру.
 
57-қадам. ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ БАР стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту. 
 
58-қадам. ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.
 
59-қадам. МОЙЫНДАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГОСЕРВИСТІК ШАРТТАР АРҚЫЛЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Олардың негізгі міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу.
 
60-қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды.
 
61-қадам. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
 
ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау. 
 
62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР» БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.
 
63-қадам. ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЕКІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ. НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ «АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.
 
64-қадам. ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады.
 
65-қадам. ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ АҒЫМДАРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНСКОНТИНЕН-ТАЛДЫҚ ДӘЛІЗ» МУЛЬТИМОДЕЛДІК КӨЛІК ДӘЛІЗІН ҚҰРУ жөніндегі жобаны іске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көлік дәлізі: бірінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрі Еуропаға өтеді. Екінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теңізі мен Әзербайжан, содан соң Грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдың аяғында құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін тарту.
 
66-қадам. Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы іргесінен ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ салынатын болады. 
 
67-қадам. «ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖӘНЕ «ҚТЖ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫН ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАТОР РЕТІНДЕ ДАМЫТУ. «Эйр Астана» халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады және әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашады. «Эйр Астананың» дамуы «ҚТЖ»-ның баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.
 
68-қадам. Қазақстан арқылы әуе транзитінің тартымдылығын арттыру үшін ӘУЕ ТАСЫМАЛЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТИІМДІЛІГІН жақсарту. Азаматтық авиация комитетінің қызметі британ азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің және ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігінің үлгілеріне бағдарланатын болады. 
 
69-қадам. Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өңірлерден туристерді тартатын ЕУРАЗИЯНЫҢ ІСКЕРЛІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ. Мұнымен бірге қалада әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, қазіргі замандық халықаралық көліктік-логистикалық жүйе құрылады.
 
70-қадам. ASTANA EXPO – 2017 инфрақұрылымдары арқауында АРНАУЛЫ МӘРТЕБЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН (АІҒС) ҚҰРУ. Қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесін Конституцияда бекіту. Орталықтың ТМД, сондай-ақ, Батыс және Орталық Азияның барлық өңірлерінің елдері үшін ҚАРЖЫ ХАБЫ ретінде қалыптастыру. ӨЗІНДІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БАР ТӘУЕЛСІЗ СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ХАБЫ ӘЛЕМНІҢ 20 АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНУІ ТИІС. 
 
71-қадам. Қаржы орталығының даму стратегиясын КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржы қызметінің жаңа түрлерін, соның ішінде private banking активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық режімін енгізу. Офшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу. 
 
72-қадам. Қаржы орталығы аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілін енгізу. Орталықтың дербес заңдылықтары АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАСАЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ тиіс.
 
73-қадам. Қаржы орталығының халықаралық көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қаржы орталығының ЖЕТЕКШІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН ЖҮЙЕЛІ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ жүйесін құру.
 
74-қадам. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРУДІҢ CRIRSCO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ арқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру.
 
75-қадам. Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУДЫҢ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ӘДІСІН енгізу. 
 
76-қадам. ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ кезең-кезеңімен ЕНГІЗУ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
 
77-қадам. Экономиканың алты негізгі саласы үшін ОН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ КОЛЛЕДЖ БЕН ОН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.
 
78-қадам. Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау.
 
79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты –ДАЯРЛАНАТЫН КАДРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ.
 
80 -қадам. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.
 
81-қадам. ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЕНГІЗУ. Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру – бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.
 
82 -қадам. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).
 
83-қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа ЕҢБЕК КОДЕКСІН әзірлеу. 
 
84-қадам. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.
 
IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК
85-қадам. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.
 
86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.
 
87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады. 
 
88-қадам. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «НҰРЛЫ ЖОЛ» инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады. 
 
89-қадам. «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ.
 
90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ.
 
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
91-қадам. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА КӨШУ. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. РЕСІМДІК СИПАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР МЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАРАТЫЛАТЫН БОЛАДЫ. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.
 
92-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЫҚШАМ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР САНЫН ҚЫСҚАРТУ. САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде ҚАЙТА ПІШІНДЕУ.
 
93-қадам. АУДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау. Есеп комитеті бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істейтін болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.
 
94-қадам. «Ашық үкіметті» енгізу. АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді.
 
95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу.
 
96-қадам. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ мәліметтеріне ОНЛАЙН-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ. 
 
97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.
 
98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді.
 
99-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ӘКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру. 
 
100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ПРОВАЙДЕРІНЕ АЙНАЛАТЫН «АЗАМАТТАР ҮШІН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН алатын болады. Мемлекеттік қызметті САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СӘЙКЕС халықаралық сертификаттау.
 
ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
• Ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, БЕС ЖҰМЫС ТОБЫНАН жасақталған жаңғырту жөніндегі ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ.
 
• Ұлттық комиссия БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ОРЫНДАУДЫ КЕЛІСІЛГЕН БАСҚАРУ бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.
 
• Ұлттық комиссия ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАП, ІС-ҚИМЫЛДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫН АЙҚЫНДАУЫ тиіс. Оның ұсыныстары ел Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде ПАРЛАМЕНТ ТАРАПЫНАН ЗАҢДАР, ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚАУЛЫЛАР ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ. 
 
• Министрлер мен әкімдердің шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТАРАПЫНАН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАТЫН болады. 
 
• Ұлттық комиссия жанынан БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚАТАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС жасақтау қажет. Аталған кеңес ұсынымдар жасап, реформаларды орындау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЙЕЛІ МОНИТОРИНГІН жүзеге асыратын болады.
 
• Ұлттық комиссияның жұмыс органы етіп ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢСЕСІН айқындау қажет.

Мақала

 

6 қаңтар 2016

 

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы

 

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.

Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.

Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді.

Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді.

Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық.

Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды.

Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік.

Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік.

Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың және халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік.

Тәуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен және ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік.

Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз.

Және ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік.

 

Жаңа қазақстандық арман

Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар.

ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бұл 2015 жылдың сәуірінде өтіп, қазақстандықтардың абсолютті көпшілігі қолдау көрсеткен кезектен тыс президенттік сайлау барысында пайда болған бүкілхалықтық арманға айналды.

Шын мәнінде, осы бүкілхалықтық сенім кепілі біздің Болашағы Біртұтас Ұлт туындауындағы тарихи акт болды.

Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жасаудан бастадық.

Осы жаңғыртуларға шешуші рөл беріліп отыр. Олар Қазақстанды, оның экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даңғыл жол салады.

Олар планетадағы аса дамыған мемлекеттерді біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін жаңа лайықты жағдайлар қалыптастырады.

Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және  дәулеттірек болады.

2015 жылдың бірнеше айының ішінде ғана Бес институттық реформаның басталуын заңнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету бойынша орасан зор жұмыс атқарылды.

Бұл жұмыс менің Жарлығым бойынша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығымен жүргізілді.

Мен бірқатар кеңес өткізіп, сарапшылармен, саясаткерлермен, бизнес және қаржы ұйымдарының басшыларымен әңгімелестім.

Халықаралық сапарларым мен кездесулерім шеңберінде мен өзімнің әріптестеріммен – өзге елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен талай рет кеңестім.

Тұтастай алғанда, менің Қазақстанды тереңдете жаңғырту жөніндегі ой-ниетіме барлық тараптан жан-жақты қолдау көрсетілді.

Әлеуметтік сауалдамалар да Ұлт жоспарының барлық бес реформасына тұрақты жоғары қолдау көрсетіліп келе жатқанын айғақтап беріп отыр. Қазақстандықтар реформалардың уақтылы және көкейкесті екенімен бірауыздан келіседі.

Қазірдің өзінде барлық қажетті заңдар қабылданды және заңдық күшіне енді.

Парламент пен Үкімет жұмысының үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді. Өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған заңнамалық жұмыстардың осындай қарқыны мен сапасы бұған дейін Қазақстанда болып көрген емес.

Бұл – біздің парламенттік моделіміздің және мемлекеттік биліктің өкілетті және атқарушы тармақтарының өзара іс-қимыл жүйесінің жоғары тиімділігінің айғағы.

Ұлт жоспарын орындау бойынша практикалық жұмыстар жаңа мүмкіндіктер мен әлемдік дамудағы ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өзгермелі жаһандық жағдайларға толық сәйкес түзіліп жатқанын көру маңызды.

Бұл туралы менің 2015 жылдың 30 қарашасындағы Қазақстан халқына Жолдауымда егжей-тегжейлі баян етілген.

Бес институттық реформа Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызды.

Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең ауқымды шараларының басты құрамдасы ретінде қарастырамыз.

Қазақстанның дамудың жоғары әлемдік стандарттарына қол жеткізуіне ықпал ететін жаңа қазақстандық заңнамалар қазірдің өзінде жұмыс істей бастады.

Сондықтан қазір қазақстандықтардың олар туралы тек біліп қана қоймай, сондай-ақ, олардың практикалық өмірде, экономикалық қызметте немесе қоғамдық қатынастарда беретін жаңа мүмкіндіктерін қолданулары маңызды.

Баршаның бойында құқықтық жаңалықтар негізінде мемлекеттік басқару мен құқық тәртібінің жүйесі қалай ауысатыны жайында барынша толық түсінік болуы тиіс. Жаңа жағдайларда бизнесті қалай дамытуға немесе мемлекеттік емес сектордың қызметін қандай перспективалы бағыттарда белсенді етуге болады деген сияқты.

Осының бәрі, тұтастай алғанда, тұрғындардың бәрінің экономикалық және азаматтық белсенділіктерін арттыруға қуатты серпін беретін болады.

Осының арқасында біз өзіміздің қазақстандық арманымызға қарай секіріс жасап, ХХІ ғасырдың ортасындағы басты мақсатымызға жақындай түсетін боламыз.

Бес реформаның әрқайсысы бойынша іс-қимылдың жол картасы жасалған және біз оларды дәйектілікпен жүзеге асырамыз.

 

Мемлекетті кәсібилендіру

Біздің бірінші реформамыз «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің реформасын біз алғашқы заңнамалық акт – Президенттің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы қабылдануының 20 жылдығы тұсында жүзеге асыра бастауымыздың нышандық мәні бар.

1995 жылдың желтоқсанында бұл құжат тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл ТМД кеңістігі үшін инновация болғанын атап өту маңызды.

Біз барлық посткеңестік елдердің ішінде алғаш болып мемлекеттік қызметшілердің жаңа кадрлық корпусын конкурс және меритократия қағидаттары арқылы қалыптастыруға кірістік.

Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды.

Менің Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды.

Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр.

Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады.

Міне, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң осындай ұстанымдарға негізделсе, оның өзі халықаралық стандарттарға бағдарланған және жаңа жылдан бастап күшіне енді.

Жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамамен өзара байланыста және сонымен қатарласа қабылданған мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі шеңберлерін және мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту бойынша одан арғы іс-қимылдардың рет-тәртібін айқындайды.

Біріншіден, әкімшілік мемлекеттік қызметшінің мансабы оның біліктілігі және жинақтаған тәжірибесі есепке алына отырып құралады.

Мансаптық сатының әр баспалдағында ол өзінің кәсіби жарамдылығын дәлелдеп отыруға тиіс болады.

Жаңа заңға бірқатар қағидатты нормалар енгізілген.

Мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болады.

Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшінің мансаптық ілгерілеуінің басты шарты болады және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік қызметшілер ротацияларының мүмкіндігі көлбеуінен және тігінен оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ете отырып қарастырылған.

Екіншіден, мемлекеттік қызметке ашық конкурс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша келісімшарттық негізде мемлекеттік емес сектордағы басқарушылар қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлер тартыла алады.

Үшіншіден, мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған.

Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Бұл жерде 2016 жылы бүгінде «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жоғарылайтынын айта кету керек.

Төртіншіден, заңда саяси мемлекеттік қызметшілер ауысқан кезде мемлекеттік аппараттың автономдығы мен тұрақтылығы қағидаты нақты жазылған.

Министрлер мен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері егжей-тегжейлі дәлдеп ажыратылған.

Бесіншіден, шенеуніктер ортасында этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша қатаң шаралар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысының қалыптары регламенттелген Мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексі жасалды.

Сондай-ақ, жаңа институт – этика бойынша өкілетті өкілдер институтын құру көзделіп отыр. Олар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін болады.

Алтыншыдан, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның маңызды қыры оның арқаулық нормаларының құқық қорғау органдарына да қатысты болатынымен байланысты.

Бұл жерде құқық қорғау органдарындағы қызметтің ерекшелігі қолданыстағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңда ескерілген.

Жетіншіден, жаңа заң негізінде және еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін жаңа біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша кешенді аттестаттаудан өткізу жоспарланған.

Аттестаттау кезеңінде мемлекеттік қызметке орналасуға конкурстар өткізуге мораторий жарияланатын болады.

Қызметшілердің біліктілігін 3 жылда бір реттен кем болмайтындай етіп міндетті арттырып отыру заң тұрғысынан бекітіледі.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қырлары осындай.

Мен оны Қазақстандағы барлық жаңғырту үдерісі ой-ниеті табысының шешуші тетігі ретінде қарастырамын.

Құқық тәртібі және заңдылық

Екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде.

Оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаңа «Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілді.

Бәрінен бұрын, жаңартылған заңнамалар қоғамның сот жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететін болады. Әділдік нақ сотта салтанат құратыны белгілі.

Қазақстан соттарын реформалаудағы темірқазық мәселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау.

Судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі мен оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптары заң тұрғысынан қарастырылған.

Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс.

Судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерістері қоғам үшін мөлдір және ашық болады.

Осымен байланысты өзінің аппараты бар, құрамы мен өкілеттілігі кеңейтілген автономды мемлекеттік мекемеге айналатын Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланды.

Сот реформасының маңызды қыры – сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне өту.

Тек бірінші, апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартады.

Қазақстандағы сот төрелігі азаматтардың жеке өмірінің құпиялығына кепіл құқын есепке ала келгенде барынша ашық бола түседі.

Сот залдары сот істерін аудио және видеожазудың аппаратураларымен жарақтандырылады және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді.

Бұл судьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді.

Сот жүйесін реформалау шеңберінде бірқатар институттық шешімдер жұмыс істей бастайды.

Біріншіден, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриі түбегейлі қайта құрылады.

Сот жюриі азаматтардың судьялардың іс-әрекетіне және судьялық корпус өкілдерінің қабылданады деп күтіліп отырған Этикалық кодексті бұзу жағдайларына байланысты арыз-шағымдарын қарайтын болады.

Екіншіден, Жоғарғы Сот жанынан дауларды, оның ішінде, ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін мамандандырылған алқа құрылатын болады.

Оның шеңберінде шетел инвесторларының құқын өздерінде туындаған құқықтық даулар бойынша сапалы әрі әділ шешу жүзеге асырылады.

Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізу шеңберінде соттарда, оның ішінде сотқа дейінгі кезеңде, айыптау мен қорғау арасында теңгерім қамтамасыз етілетін болуы тиіс.

Бұған адамның конституциялық құқы мен бостандығын шектейтін тергеу судьясының барлық тергеу әрекетін санкциялау бойынша өкілеттіліктерін одан әрі қарай кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады.

Төртіншіден, қазақстандық соттардың төрағалары – құқы теңдердің ішіндегі жолы кеңдері екенін ұмытпау маңызды.

Сондықтан олардың тарапынан басқа судьялар қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі мүлдем болмайды.

Бесіншіден, мемлекеттік сот орындаушыларын кезең-кезеңімен қысқарту арқылы жеке сот орындаушыларының институты одан әрі дамытылады.

Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтатын шаралардың маңызы ерекше.

Менің тапсырмам бойынша бүгінде құрметті зейнетке шыққан судьяларды зейнетақылық қамтамасыз ету бойынша барлық мәселелерін шешуді қарастыратын заң қабылданғаны белгілі. Бұл судьяларға бар күш-жігерін сот төрелігін барынша объективті атқаруға аудару мүмкіндігін береді.

Бұдан бөлек, бізге барлық құқық қорғау органдарының және бәрінен бұрын полицияның адамдардың мүддесі мен құқықтық тәртіпті нығайту қызметінде тұруына қол жеткізуіміз қажет.

Бұл үшін жергілікті биік органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылады. Осындай қызмет тұтастай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше бірқатар елдерде өзін жақсы танытты.

Жергілікті полиция қызметінің қарауына қоғамдық тәртіп күзеті, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұсақ құқық бұзушылықтарға атымен төзбеушілік мәселелері беріліп отыр.

Осы жаңалықтар жаңа заңнамада көрініс тапқан. Онда, сондай-ақ, азаматтардың этикалық нормаларды бұзған полициялардың үстінен түсірген арыз-шағымдарын қарайтын қоғамдық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңестік органдар жүйесін құру қарастырылған.

Сондай-ақ, «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталы құрылатын болады. Мұндай тетік әлемнің бірқатар елдерінде табысты қолданылып келеді. Осы веб-ресурсқа елдегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жедел енгізіледі. Бұл жұртшылықтың құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін бақылауына мүмкіндік береді.

Пенитенциарлық жүйені жақсарту көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту шеңберінде жүргізілуі тиіс.

Шетелдердің табысты тәжірибелері жеке секторды пенитенциарлық мекемелерді салу мен пайдалануға тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырудың негізі болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұған дейін заңнан аттап, сонысы үшін жазасын өтеген адамдарға көмек көрсету мен ықпал ету маңызды.

Бұл үшін әлеуметтік оңалту кешенді дамытылып, жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары енгізілетін болады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда құқықтық мемлекеттің орнықтырылуы – біртұтас жаңғырту үдерісі аясында шешіліп жатқан біздің конституциялық міндетіміз. Белгіленген шаралар мен қадамдарды жүзеге асыру азаматтардың, сондай-ақ, шетел инвесторларының ұлттық сот және құқық қорғау жүйесіне сенімін арттырып, тұтастай алғанда, еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартады.

Бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу

Ауқымды жұмыс үшінші реформаторлық бағытқа – индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты.

Біздің ұзақ мерзімді ұстанымымыз экономика қызметіндегі транзакциялық шығындарды ұдайы қысқарту болуы тиіс.

Олардың көлемі, ең алдымен, мемлекеттік институттардың қалай жұмыс істейтініне байланысты.

Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жақсартуға бағытталған шаралар зор маңызға ие болады.

Біріншіден, бұл арада әңгіме салықтық және кедендік жүйелерді кіріктіру туралы болып отыр.

Бірте-бірте электронды пішімге көшірілетін тауарлы-көліктік жүкқұжат бақылауы енгізіледі. Сондай-ақ, құжаттардың сәйкестендірілуі пішіні негізінде салықтық және кедендік тексерулер ресімі оңтайландырылады.

Тексерулерге шағым беру ресімі біртұтастандырылады.

Екіншіден, табыс пен мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезең-кезеңімен көшу қарастырылады.

2017 жылы декларацияларды мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері – бұл шамамен 1,7 миллион адам – ұсынатын болады. 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ декларациялаумен барлық жеке тұлғалар қамтылады.

Үшіншіден, салықтық әкімшілік жүргізуді оңайлату мақсатында қосымша құн салығының орнына сатуға салық енгізудің орындылығы мәселесі қарастырылып жатыр.

Төртіншіден, қолданыстағы салықтық режімдерді оңтайландыру жоспарланып отыр, онда 2017 жылдан салықтық кірістер мен шығыстардың есебі міндетті түрде енгізілетін болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табысты жұмыс істеп тұрған экономиканың маңызды қағидаты мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы, оны қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жайлар бизнестің оңалтылуы мен банкроттығының жаңғыртылған құқықтық қырлары бар Кәсіпкерлік кодексінде көрініс тапқан.

Бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді. Оның қызметінің заңнамалық негізі де Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген.

Бұдан бөлек, онда мемлекеттік монополияға қарсы қызметтің құқықтық шеңберлері ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес егжей-тегжейлі баян етілген.

Жаңартылған монополияға қарсы қызмет еркін бәсекелестікті жан-жақты дамытуға бағдарлануы тиіс.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар тізілімі тек реттелетін рынок бойынша жүргізіледі, ал 2017 жылдан бастап толықтай алынып тасталады.

Тиісті тауарлы рыноктарға субъектілердің үлесін ұлғайтуға мұндай іс-қимылдар бәсекелестікті шектеу белгісі болмаған кезде ғана жол берілетін болады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалық реттеу алынып тасталады, оның орнына тек монополияға қарсы реттеу мен бақылау құралдары ғана пайдаланылады.

Монополияға қарсы қызмет жанынан жаңа институт – монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар қорытындылары бойынша қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ететін келісім комиссиясы құрылатын болады.

Мемлекеттің кәсіпкерлікпен өзара іс-қимылы мен әріптестігінің жаңа қағидаттары Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның жаңартылған редакциясында көрініс тапқан.

Олар өнімді сату үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу арқылы тікелей инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл, сондай-ақ, Қазақстанда жаңа жоғары технологиялы өндірістер құруға қызмет ететін болады.

Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер кодексіне енгізілген өзгерістер болды.

Жаңа құқықтық нормалар жұмыс істеп тұрған 224 мыңнан астам агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне олар жалға алған 97,4 млн. га жерді жекеменшікке алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, кадастрлық құнының 50 %-ы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеу қарастырылған.

Бұдан бөлек, 102 млн. гектар запас жердің ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған 85,3 млн. гектарын да Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары жекеменшікке аукцион арқылы сатып ала алады.

Мүлікті заңдастыру мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандыру шаралары қабылданды. Құпиялылықты сақтауға, сондай-ақ,  Қылмыстық және әкімшілік қудалаудан қорғауға кепілдік беріліп отыр.

Бұл капитал ағынын ұлғайтып, көлеңкелі экономика деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғалардың оңалтылуы мен банкроттығы ресімдері заңнамалық деңгейде нақты және түсінікті бекітілген.

Компаниялардың банкроттығы, әлемдік тәжірибеге сәйкес, кәсіпорындардың жұмысшыларын қысқарту арқылы тоқтап қалуына алып келмеуі тиіс.

Өндірістің өміршеңдігі мен жұмыс орындарын сақтау үшін төлеуге қабілетсіздікті сотқа дейінгі тәртіпте реттеудің жаңа тетігі жасалды. Ол борышкер мен кредиторға кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мақсатында қайта құрылымдау мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Инвесторлар өздерінің шығындарын азайтуға, қалпына келтіруге мүмкіндік алады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді белсенді ете түсу үшін жекешелендіруден, активтерді әділ нарық бағасы бойынша сатудан, сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік инвесторларға жекешелендіруге барынша қатысуға жағдай жасау үшін шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер қабылданды.

Жекешелендірудің шешуші тетігі акцияларды қор рыноктарына ашық аукциондар арқылы орналастыру болады.

2016 жылдың І тоқсанында мүліктен айыруға жататын нысандардың тізімі қысқартылып, барлық акционерлердің квазимемлекеттік секторда иеліктен шығарылған активтерін сатып алуға басым құқықтарын алып тастауды қарастыратын заң жобасы жасалатын болады.

Жаңа тетіктерді есепке ала отырып Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру басталды.

Осы құжат шеңберінде бәсекелесті ортаға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» АҚ пен «ҚазАгро» АҚ-тың мемлекеттік меншіктегі аса ірі 65 компаниясы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың құрамына кіретін 173 еншілес және тәуелді ұйымдары берілетін болады.

Сондай-ақ, 545 ұйымнан тұратын Жекешелендіру нысандарының қолданыстағы тізіміне өзекті сипат беріледі.

2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ активтерінің бір бөлігі бәсекелесті ортаға өткеннен кейін олар ықшам холдингтерге қайта құрылатын болады.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен квазимемлекеттік сектор активтерін беру отандық кәсіпкерлікті, жеке бизнесті одан әрі нығайту мен дамыту үшін жүргізіліп отыр.

Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін береді.

Пайдасын ұлғайтуға мүдделі жеке бизнес қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп, өнімінің сапасын жоғарылатады, бәсекелестік өсетін болады, демек – ұсынылатын қызметтің бағасы төмендейді.

Аграрлық секторда әкімшілік кедергілер қысқарады.

Қазірдің өзінде аукцион тетігін енгізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну ресімі жеңілдетілді.

Ал болашақта біз іздеуді, бағамдау мен кен орнын игеруді қоса алғанда, геологиялық жұмыстардың барлық түрін жүргізу тәсілін оңайлатуды қарастыратын жер қойнауын пайдаланудың австралиялық моделіне көшеміз.

Экономикалық өсімнің жаңа бастауын қалыптастыру мен қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда бүгінде «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы маңызды шара болып отыр.

Оған қатысушылар – импорт алмастыруға бағыт ұстанған өндіріс секторының аса перспективалы компаниялары.

32 компания – «ұлттық чемпиондар» 2019-2020 жылдарға қарай ішкі тікелей инвестицияларды шамамен 750 млн. доллар көлемінде өсіруді, шамамен 15 мың жұмыс орнын құруды, еңбек өнімділігін 30-50 %-ға арттыруды және шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімін 260 млн. долларға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сыртқы инвестициялардың жаңа көздері

Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастырады.

«Зәкірлі инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі жұмыстармен өңдеуші өнеркәсіптің, инфрақұрылымдардың, энергетиканың және басқа отандық компаниялардың 3 тобы қамтылатын болады.

Бірінші топ – қайта инвестициялау арқылы терең жаңғыртуға жататын кәсіпорындар.

Екінші топ – трансұлттық корпорациялардың әлеуеті пайдаланылатын кәсіпорындар.

Үшінші топ – «зәкірлі инвесторлар» үшін жоғары нарықтық бәсекелі кәсіпорын мен экспорттық брендтердің пайда болуы.

Қазірдің өзінде 26-дан астам ТҰК-пен келіссөз жүргізілсе, олардың бірқатарымен нақты уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болды.

Ұлт жоспарының үшінші бағытының темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып табылады.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданып, күшіне енді.

АХҚО қызметінің экономикалық нәтижелері қазақстандық капитал рыногына тікелей шетел инвестицияларының ағыны есебінен жыл сайын орта есеппен ІЖӨ-нің 1 пайызға дейін жеделдете өсуінде көрініс табатын болады.

Мұның сыртында АХҚО шеңберінде 2 мыңнан астам білікті жұмыс орындары құрылады.

Біздің елордамыз Астана Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығы ретінде дамып, әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, заманауи халықаралық көліктік-логистикалық жүйеге ие болады.

Инновациялық индустрияландыру көкжиектері

Ұлт жоспарында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған.

Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты.

Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол жеткізу керек.

Ол үшін энергия сервистік келісімшарттар тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту қажет.

Жеке энергия сервистік компанияларды дамытуды белсенділендірудің, оларды энергия үнемдеу саласына қызметтер кешенін ұсынуға ынталандырудың маңызы зор.

Елдің тұтынушыларын электр энергиясымен сенімді жабдықтау – электр энергетикасының негізгі міндеті.

Электр энергетикасы саласындағы заңнамадағы өзгерістер энергия өндіруші ұйымдарға «бірегей сатып алушы» моделін енгізу арқылы негізгі қорларды жаңғыртуға, қайта құруға, ұлғайтуға және жаңартуға салынған инвестицияларды қайтаруда ұзақ мерзімді кепілдіктер беруді қамтамасыз етуді көздейді.

Энергия мен жабдықтау сенімділігін арттыру және түпкі тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасының бақылаусыз өсуінің алдын алу үшін өңірлік электр желілік компаниялар мен электрмен жабдықтаушы ұйымдарды нығайту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Ол салаға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызып, электр энергиясының халықаралық ағындарын ішкі тұтынушылар пайдасына қарай реттеуді қамтамасыз етеді, саланы мемлекеттік басқару сапасын арттырады.

Біз ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз.

Бұл орайда бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы өндірістердің сыни массасын өсіруге қол жеткізу маңызды.

Қазір Дүниежүзілік банкпен «Технологияларды коммерцияландыру» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру шеңберінде 65 ғылыми жоба орындалуда.

Зәкірлік ТҰК-терді тарту технологиялық даму орталықтарын құруға мүмкіндік береді. 

Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының нәтижелері бойынша-ақ бірқатар шешуші көрсеткіштерге қол жеткізілмек.

Бизнестің инновациялық белсенділігі ІЖӨ-нің 20 пайызына дейін, инновациялық өнімдер үлесі 2,5 пайызға дейін артады.

Көлік тасымалдары жүйесі мен транзитті дамыту мақсатында, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасында қаралғандай, республикалық маңыздағы 7 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары қайта жаңғыртылатын болады.  Оларда ақы алу жүйесін енгізу жоспарланған.

2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар шамамен 41 млрд. теңгені құрайтын болады, ал ол республикалық маңыздағы автожолдардың бүкіл жүйесін ұстауға жағдай жасайды.

Қазақстанды халықаралық көліктік-коммуникациялық ағындарға интеграциялау мақсатында мультимодальды «Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізін» құру бойынша жоба басталды.

Ол жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді, жүк жеткізу құнын 2 еседен астамға төмендетеді.

Қазақстандық маршруттарға қосымша жүк ағындарын тарту көліктің барлық түрлерімен транзиттік тасымалды 2020 жылы қазіргі 18 млн. тоннадан 33 млн.тоннаға дейін және 2030 жылы 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтады.

Контейнерлік тасымалдарды мемлекеттік реттеуден босату таяудағы 5 жылда олардың көлемін 500 мың тоннадан астамға ұлғайтуға жағдай жасайды.

Азаматтық авиация саласында әуе тасымалдары, ең алдымен, отандық тасымалдаушылардың транзиттік әлеуеті мақсатты түрде ұлғайтылатын болады.

Әуе тасымалдарының рентабельділігін арттыру үшін Алматы маңында халықаралық авиациялық хаб құрылады.

Астананың әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін 2019 жылға дейін Токио, Сингапур және Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен жаңа халықаралық бағыттар ашылатын болады.

Құрылыс саласында құрылыс салушылардың бүкіл рұқсат беру ресімдерін «бір терезе» қағидаты бойынша өту үдерісін реттейтін бірегей нормативтік құжат қабылданады.

Сараптаманың жекелеген түрлері, жұмыстың технологиялық күрделілігіне байланысты, жеке секторға берілетін болады. 2016-2020 жылдары жобалардың 90 пайызға дейінін жекеменшік рынокқа беру жоспарланып отыр.

Сол сияқты құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісіне көшу де жоспарланған, ол құрылыс материалдарының, жұмыс күшінің және басқа да қызметтердің ағымдағы нарықтық құнын ескеруге жағдай жасайды.

Оның сыртында 2015 жылдың 1 шілдесінен еурокодтарға негізделген жаңа құрылыс нормалары іске қосылған болатын.

Туризм сияқты перспективалы салада негізінен әкімшілік кедергілерді төмендету, жаңа туристік нысандар мен маршруттарды дамыту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру есебінен айтарлықтай өсімге қол жеткізу қарастырылуда.

Әлеуметтік жаңғырту ынталандырушылары

Экономиканың қарқынды дамуы еңбек қатынастарының жаңа түрін қалыптастыру үдерісіне айрықша назарды қажет етеді.

Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды.

Ол Халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ның еңбек стандарттарына негізделген.

Еңбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған.

Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Білім беру үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (МИИДБ) жобалары үшін кадрлар даярлау деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды.

Тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет – міндетті медициналық сақтандыруды енгізу. Арқаулық медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуде жеке сектордың үлесін ұлғайту есебінен бәсекелестік орта кеңейеді және денсаулық сақтау қызметінің сапасы артады.

Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатын болады.

Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған.

Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оның атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр.

Мұндай көмек табыстары отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады. Сонымен бірге көмек алушылар жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы әлеуметтік келісімшарт бекітеді.

Әлеуметтік көмек көрсетудің мұндай түрлері мен қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі.

Бүтіндей алғанда, жаңа әлеуметтік саясаттың аса маңызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвестициялардың біртіндеп өсіп отыруына байланысты болмақ.

Бізге Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізу қажет.

Қаржыландыру көлемін арттыра отырып, Жұмыспен қамтудың жол картасы өзекті етіле түседі. Оның бағдарламаларына қатысу еңбекке қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға, шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаһандық дағдарыстың ағымдағы ықпалына байланысты объективті қиындықтарды еңсеруге жағдай жасайды.

2017 жылы «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталады.

Оған қатысу, әсіресе, жас қазақстандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды.

Реформалар табысы – ұлт бірлігіне бастар жол

Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасыры топтасқан халықтың ғана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатынын көрсетіп берді.

Біздің еліміз өзінің табысты даму моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Қазіргі заманғы әлемде барлық дамыған мемлекеттер – біртұтас ұлттар.

Олар бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени рет-тәртіппен өмір сүреді, оларды дамудың ортақ мақсаттары, жеке адамның табысы мемлекеттің қуатымен және табыстылығымен ажырағысыз байланысты екендігіне деген бірегей түсінік біріктіреді.

Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері өздерінің жаңғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға келер болсақ, біз де осы жолға түстік.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, біртектілік пен біртұтастық саласында әмбебап стандарттар мен ұсынымдамалар жоқ. Әлемде бірде-бір ел осы саладағы сын-қатерлерге дайын рецепттерге, модельдер мен жауаптарға ие емес.

Әлемде әлі ешкім де өмірдің осы саласын өлшеуге қабілетті қандай да бір жалпыға ортақ біртектілік пен біртұтастық индексін немесе формуласын ойлап тапқан жоқ.

Сонымен бірге, біздің біртектілік пен ұлт бірлігі саласындағы жұмыстарымыздың түпкі мақсаттары – немесе технократтық түрде бейнелегенде – күтілетін нәтижелер – ЭЫДҰ елдерімен ортақ.

Біздің жолымыз – ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы.

Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында.

Бізде қазірдің өзінде екі негіз бар, оларды дамыта отырып, біз өзіміздің Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайта беретін боламыз.

Біріншіден, ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оның миссиясы – бізді этносаралық бейбітшілік пен келісімнің мызғымастығына бастайтын жол.

Ғылым жердегі әрбір этнос кем дегенде бір айрықша сапаға ие дегенді айтады.

Біздің өміріміз қазақстандық 100 этностың 100-ден кем емес, айрықша және қайталанбас ерекшеліктері бар екенін көрсетіп отыр. Олардың бәрі жиналып келгенде біздің Біртұтас Ұлтымызға тамаша артықшылықтар береді.

Көпэтностық – біздің ортақ ұлы қазынамыз! Міне, 20 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы осы байлықтың басты сақтаушысы миссиясын табысты атқарып келеді.

Ассамблея – біздің қазақстандық біртектіліктің негізі де осы.

Екіншіден, біз Мәңгілік Ел  жалпыұлттық идеясына ие болдық.

«ЕЛ» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді.

Мәңгілік Ел идеясында болашаққа деген жалпыхалықтық сенім айнадағыдай көрініс тапқан.

Жасампаз қазақстандық патриотизмнің осынау негізін біз өзіміздің ұлы істерімізбен қалыптастырдық.

Оны нығайтып және көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге, ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұластырып отыру керек.

Мәңгілік Ел  Патриоттық актісінің тарихи және рухани күші де осыдан танылуы тиіс.

Біз біртұтас азаматтық, Мәңгілік Ел жалпыұлттық құндылықтары қағидатында, Тәуелсіздік жылдары ішіндегі біздің жетістіктерімізді жұмылдыру, сондай-ақ, үш тұғырлы тіл мәдениетін енгізу негізінде Қазақстан қоғамын дамыту арқылы ортақ біртектілік пен ел бірлігін нығайтуды мақсат етудеміз.

Біздің күретамырлық басымдықтарымыз да осы.

Осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру үшін, сөз жоқ, ЭЫДҰ елдерінің тетіктер жүйесі пайдаланылады.

Олар қазақстандық ерекшелікті ескере отырып, ең алдымен, мәдениет пен білім беру саласын жаңғырту үшін, жастарды әлеуметтендіру және патриоттық тәрбие беру үшін бейімделген.

Сонымен бірге, мемлекет құрудың жаңа белесінде ұлт біртектілігі мен біртұтастығын нығайтудағы біздің стратегиямызда қағидатты маңызды сәт бар.

Біртектілік пен біртұтастық бойынша бүкіл жұмысты біз Қазақстан халқы Ассамблеясы айналасында түзетін боламыз. Ол шешуші қағидат.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі біртектілік пен біртұтастықтың тек нақты факторларға – меритократияға, кәсіби мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, экономикалық өсімге, есеп беретін мемлекеттің транспарентті жұмысына ғана арқа сүйей алатынын көрсетіп отыр.

Басқаша айтқанда, Ұлт жоспарының барлық 100 қадамының табысты нәтижелеріне арқа сүйейтін болады.

Біртектілік пен халықтың бірлігі негізінде біртектілікті нығайту үшін институттық негіз құру мақсатында заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Мемлекеттік хатшы өкімдері пішімінде бірқатар құжаттар әзірленді.

Ұлт жоспарының төртінші бағытын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз ету үшін Парламент Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік рәміздер, мәдениет және тарихи-мәдени мұралар, туризм, үкіметтік емес ұйымдар қызметі мәселелері туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. 

Сондай-ақ, Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы жаңа Заң қабылданды.

3 жаңа Тұжырымдама әзірленді – біртектілік пен біртұтастықты нығайту және дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту, дене тәрбиесі мен спортты 2025 жылға дейін дамыту.

Мәдени саясат тұжырымдамасына, мемлекеттік даму және тілдердің жұмыс істеуі, білім беру бағдарламасына маңызды өзгертулер енгізілді. Оның сыртында Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы, 2020 жылға дейін үш тілді білім беруді дамытудың жол картасы әзірленді.

Үкімет Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітеді.

Қазақстандық музейлерді және мемлекеттік рәміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Дербес Іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттің ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимылын нығайту үлкен маңызға ие.

Бірегей Ұлттық мерекелер күнтізбесін құру бойынша жұмыс жоспары да өзекті.

Қазақстандық БАҚ-тарды жаңғырту, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету, бірқатар мәдени-білім беру және ақпараттық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары жүзеге асырылатын болады.

Қазақстандық біртектілік – мемлекеттің, қоғамның, жекелей алғанда, әрбір азаматтың табысының біртектілігі екенін ерекше атап көрсеткім келеді.

Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет

Транспарентті және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған бесінші реформа шеңберінде бірнеше түйінді міндеттерді шешуге тура келеді.

Біріншіден, «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы құрылатын болады.

Бұл жаңа құрылымға қазір жұмыс істеп тұрған «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары біріктіріледі.

Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің ортақ провайдеріне ғана өтініш береді.

Бұл оларды ұсынудың мөлдірлігін қамтамасыз етіп, қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұрау салынатын құжаттар тізімін қысқартады.

Қызмет көрсететін мемлекеттік органдар корпорацияға өз өкілеттіктері шеңберінде барынша ықпал жасап, сондай-ақ, бүкіл мемлекеттік қызмет көрсетулердің 2017 жылдың соңына дейін берілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына Үкімет өкілі жаңа Корпорация болып табылатын ортақ Провайдер, сондай-ақ, ҮЕҰ құратын арнаулы қоғамдық кеңес бақылау жасайтын болады.

Екіншіден, мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесі нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдар ұстанады.

Ол үшін жыл сайын Үкімет, министрлер, әкімдер үшін және осылайша мемлекеттік органның әрбір құрылымдық бөлімшелеріне дейін мақсатты индикаторлар қабылданатын болады. Барлық мемлекеттік қызметшілер өздерінің басшылығы бекіткен жеке жоспарлар бойынша жұмыс істейді.

Мансаптық дәреже, олардың біліктілігі, атқаратын функциясы және оған бекітілген өкілеттіктер негізінде мемлекеттік қызметшілердің ағымдағы тапсырмаларды орындау жүйесін жеңілдету де маңызды.

Үшіншіден, сапалы жоспарлауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистиканың анықтығын қамтамасыз ету қажет.

Сондықтан сапалы статистикалық мәліметтер беруде респонденттер мен әкімшілік көздерінің жауапкершілігін арттыру маңызды.

Осы жайлардың бәрі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында ескерілген.

Төртіншіден, менің тапсырмам бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарына ревизия және оңтайландыру жүргізілді.

Бұдан әрі де барлық деңгейлердегі бағдарламаларды жоспарлауда, әзірлеуде және жүзеге асыруда ЭЫДҰ ұсынымдамаларына негізделген 5 шешуші қағидат – негізділік, сабақтастық, транспаренттілік, мониторинг және бақылауды нақты сақтау қажет.

Аумақтарды дамыту бағдарламалары да осы тұрғыда қайта пішімделуі тиіс.

Барлық жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды Премьер-Министр басқаратын консультативтік-кеңес беруші орган қарауы керек.

Бесіншіден, Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар қабылданды.

Мемлекеттік органдарға түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін бюджет қаржыларын шұғыл түрде қайта бөлу құқы берілді.

Құрылым және штат саны бойынша шешімдер қабылдауда олардың өкілеттіктері кеңейтілді, ол білікті мамандар тарту үшін маңызды.

Алтыншыдан, мемлекеттік басқару органдарының жұмысына баға берудің жаңа жүйесі сыртқы тәуелсіз аудиттің міндеттілігі, жариялылығы жұртшылықпен кері байланыс, басшылардың дербес жауапкершілігі қағидаттарына негізделеді.

Бағдарламалық құжаттардың орындалуы мен мемлекеттік органдар қызметі бағасының берік өзара байланысын қалыптастыру маңызды.

Мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру шеңберінде Есеп комитеті мен қаржылық бақылау органдарын реформалау жоспарланып отыр. Олар сараптамалық-талдамалық құрамдастарды күшейте отырып, әлемдік аудиторлық компаниялар моделі бойынша жұмыс істеуі тиіс.

Оның сыртында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жыл сайынғы аудиті, әсіресе, бюджет қаржыларын пайдалану бөлігінде аутсорсингке беріледі.

Жетіншіден, мемлекеттің транспаренттілігі мен есептілігінің негізгі критерийлерінің бірі халықтың ақпараттарға қолжетімділігін кеңейту болып табылады.

2016 жылдан бастап азаматтар мен заңды тұлғалардың сауалдары бойынша, мемлекеттік құпиялар мен өзге де заңмен қорғалатын құпиялардан басқа, мемлекеттік органдардың барлық ақпараттарына қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.

Жеке компаниялар да, егер олар қоғамдық функциялар атқарса немесе бюджет қаржыларын алушылар болып табылса, ақпараттар ашықтығы ережесін ұстануға тиіс болады.       

Бұл орайда мемлекеттік органдардың жаңа, азаматтар үшін қолайлы және түсінікті ақпараттарды беру пішімін әзірлеуі және енгізуі талап етіледі. Қазіргі бар порталдарды жаңғырту, сол сияқты селолық елді мекендерді жоғары шапшаңдықты трафикпен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқаруға тура келеді.

2016 жылдан бастап орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда автономды, дербестік, жариялылық, мерзімді ротация қағидаттарында жаңа Қоғамдық кеңестер құрылып, жұмыс істеп тұрғандары қайта пішімделетін болады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға сәйкес бұл институт қоғамдық бақылаудың жаңа тиімді тетіктеріне ие болды.

Кеңестер құрамы квоталық қағидат бойынша құрылады, бірақ олардың мүшелерінің үштен екіден кем емес бөлігін жұртшылық өкілдері құрауы тиіс.

Кеңестер басында мемлекеттік қызметте жоқ белгілі қоғам қайраткерлері тұруы тиіс.

Қоғамдық кеңестерге меморгандардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және олардың орындалуын, стратегиялық жоспарларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын талқылау құқы беріледі.

Олардың отырыстарында мақсатты индикаторларға қол жеткендігі туралы атқарушы органдардың есептері тыңдалып, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралатын болады.

Атқарушы биліктің барлық сатылары мен Үкімет мүшелерінің азаматтар алдындағы есептері қарастырылған.

Олар, сондай-ақ, заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізетін болады.

Кеңестердің шешімдері ұсынымдамалық сипатқа ие болады,  бірақ олардың қаралуы мемлекеттік органдар үшін міндетті.

Мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру

Мемлекеттің дамуы бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беруді талап етеді, ал олар бүгінде, бүтіндей алғанда, 4,5 мыңға жуық.

Осы мақсатта Премьер-Министрдің орынбасарының басшылығымен, оның құрамына Парламент депутаттарын, орталық атқарушы органдар басшыларын, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Азаматтық альянсы өкілдерін қоса отырып, тұрақты жұмыс істейтін Комиссия құрылады.

Оның шеңберінде әрбір меморган бойынша бәсекелесті ортаға берілетін функциялар тізімі анықталады. Сондай-ақ, бәсекелесті ортаның берілетін мемлекеттік функцияларды, жұмыс істеп тұрған регламенттерді, сондай-ақ, бағалар мен сапа критерийлерін жүзеге асыруға дайындығын ескере отырып, оларды беру пішінін таңдап алу қажет.

Комиссия мемлекеттік функцияларды беру регламентін қарастырып, мониторинг жүргізеді және олардың орындалу сапасына бақылау жасайды.

Оларға үш сатыда берілетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша өкілеттіктер беру орталық деңгейдегі реформалардың заңды жалғасы болуы тиіс.

Бірінші сатыда (2016-2017 жылдар):

- аудан әкімінің аудандық маңыздағы қала, кент, село және селолық округ әкімі лауазымына ұсынатын кандидатурасын одан әрі аудан мәслихатына және сайлау өткізуге енгізу үшін келісу;

- әкімді босату туралы мәселеге бастамашы болу;

- жергілікті қоғамдастықты дамыту туралы бағдарламалық құжаттар жобаларын қарау және абаттандыру мен қоғамдық тәртіптің көкейкесті мәселелерін талқылау;

- қолма-қол ақшаның бақылау шоты есебінен алынған мүлікті иеліктен шығаруда аудан әкімі ұсынысын қарау;

- елді мекендер шеңберіндегі жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуын және жеке тұлғалардың заңсыз иеленуіне жол бермеуін бақылау;

- жергілікті қоғамдастықтың мемлекеттік мекемелеріне басшылар тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

- оларға қосымша екі салықты – көлік және заңды тұлғалардан жер салығын алу құқын беру жолымен жергілікті өзін-өзі басқарудың салықтық әлеуетін күшейту.

Екінші сатыда (2018 жылдан бастап):

- аудан мәслихаты бекіткен жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін сатылап қалыптастыру;

- әкімнің аудандық мәслихатқа бекіту үшін енгізген жергілікті қоғамдастық бюджетінің жобасын Жиналыстың келісуі және олардың орындалуы туралы есепті мәслихатқа ұсыну үшін қолдау;

- жергілікті қоғамдастықтың коммуналдық меншікті басқару мәселелері;

- бюджетті тұрғындары 2 мың адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін ғана енгізу және оны аудандық мәслихаттың бекітуі;

- «Жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі» институтын енгізу;

- олардың әлеуетін ұлғайту мақсатында селолық округтер деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті нығайту мәселесін әзірлеу.

Үшінші сатыда (2020 жылдан) төмендегілер қарастырылады:

- жергілікті өзін өзі басқарудың өкілді органын құру;

- халқының саны 2 мың адамнан кем емес елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу;

- қоғамдық маңызды мәселелерді қамтитын жергілікті бюджеттердің жобалары бойынша азаматтардың ұсыныстарын қарау ресімдерін енгізу.

Осы шаралардың бәрін орындау мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау үдерісінің мөлдірлігін арттырады және жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамытуға жағдай жасайды.

Ұлт жоспары – қазақстанды кең ауқымды Жаңғырту жобасы

Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі басталды. Ол Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бақылауымен жүретін болады.

Барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, табандылық, креативтілік және қажырлылық талап етіледі.

Бізге үлкен жолдан өтуге тура келеді, ол бойынша біз қазір алғашқы 100 қадамды жасаудамыз.

Басқа қадамдар да болады, мен оған айна-қатесіз сенімдімін.

Эволюциялылық және тұтастай қамтушылық – ширек ғасырлық мерейтойына қадам басып, біздің Тәуелсіздігіміздің тарихын алға бастырып отырған жаңғырту үдерісінің басты қағидаты да осы.

Біздің бәріміз жаңғыртудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіспіз. Ол тәртіпке бастауы тиіс.

Біріншіден, мемлекеттегі тәртіпке.

Екіншіден, барша үшін де міндетті заңдардың қаріпінде бейнеленген бизнестегі барша үшін мөлдір және міндетті ережелерді орнатуға.

Үшіншіден, қоғамдық және саяси өмірдегі тәртіп пен келісімге.

Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды – Ұлы Дала Елін құрдық.

Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз.

Әлемде, сөз жоқ, үшінші әлемнен біріншіге қадам басқан елдердің мысалдары бар. Біз олардың жарқын тәжірибелерін зерттейміз және ескереміз.

Қазір біз экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының ең табысты жаһандық модельдерін өлшем ретінде аламыз.

Бүгінде әлемде өзінің жалпыұлттық арманын ұмыт қалудың жүзжылдығынан шыға отырып, әлемнің ең ұлы ұлттарымен бір қатарда тұру тұрғысында бейнелейтіндер кем де кем.

Біз Қазақстанның осынау тарихи тағдырына сенеміз.               

Мен қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын.

Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!   

 

Орындалуы

 

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ  БЕС РЕФОРМА

2016 жыл

Р/с №

Іс-шаралар

Орындалуы

Әртараптараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу

1.

Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс.

Конкурстық рәсімдер мансаптық көтерілуге мүмкіндік жасайды, себебі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

- мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;

- барлық мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;

- барлық азаматтыр арасындағы жалпы конкурс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрімен 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бекітілген конкурс өткізу қағидаларына сәйкес конкурстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырыстарына байқаушылар шақырылатыны көзделген.

Сондықтан, қазіргі таңда мемлекеттік органдармен конкурстық комиссияларымен отырыстарына байқаушылар ретінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, БАҚ өкілдерін, мемлекеттік орган, қоғамдық (үкіметтік емес) бірлестіктердің, коммерциялық ұйымдардың, саяси партия  өкілдерін, уәкілетті орган қызметкерлерін шақыру тәжірибеге айналған.

8.

Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру.

Қызылорда қаласы Тасбогет кентіндегі Амангелді көшесі № 13 үй 24 пәтерлі арендалық тұрғын үй құрылысына 222,8 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда аталған тұрғын үй қолдануға берілді.

9.

Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

 

2016 жылдың 10 айында өңірлік оқу орталығында Өңірлік оқу орталығының 2016 жылға жасалған жоспар кестесіне сәйкес 392 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру семинарларынан, 195 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өту жоспарланған. Бүгінгі күні жыл басынан бастап өңірлік оқу орталығында  жергілікті мемлекеттік органдардан – 516  мемлекеттік қызметшілер оқып шықты. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдардан – 346 мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін арттырды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша  жергілікті мемлекеттік органдардан – 170 мемлекеттік қызметші қайта даярланды.Жыл соңына дейін орталық жоспарына сәйкес 45 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру, 25 мемлекеттік қызметшіні қайта даярлау  жоспарлануда.

Қазіргі таңда аймақтық орталықтың міндетіне тек жоспарланған оқулардан басқа қолданыстағы заңнамаларға енген өзгерістерге де қатысты оперативті түрде құқықтық оқуларды өткізумен айналысуда. Жыл басында  878 мемлекеттік қызметшілер оқытылуы жоспарланса, бүгінгі күні 652 мемлекеттік қызметші оқытылды.

12.

Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

Облыс әкімінің №199-ө 27.01.2016 жылғы өкімімен 2016-2017 жж арналған жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметшілерінің имиджін көтеру мақсатында орындалуға жататын шаралар жоспары бекітілді.

Бұл жоспар бойынша мемлекеттік қызметтің деңгейін көтеруге бағытталған шаралар, мақалалар жариялау, қоғамдық емес өкілдердің қатысуымен мемлекетік қызметшінің имиджін көтеруге бағытталған шаралар көзделген.

Бұл бағытта әр айдың бірінші жұма күндерінде «ашық есік күндері» өткізілуде, бұл шара азаматтардың келесі сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіндіктері бар, яғни:

-Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі;

-Әкімдіктің құрылымы мен басқармалардың қызметтері туралы.

Бүгінгі күнге дейін өткізілген 2 таныстыру шараларына 30-дан астам азаматтар қатысты. Өңірлік оқу орталығымен бірлесе отырып, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу  мүмкіндіктері жайлы семинар өткізілді.

Облыс әкімі аппарат басшысының 20.04.2016 жылғы № 11-4/1-24 бұйрығымен аппарат басшысының орынбасарына этика жөніндегі уәкілдің міндеттерін қоса атқару жүктелді.

Қызылорда облысы әкімі аппараты қызметкерлерінің 14.05.2016 жылғы жалпы жиналысында Қызылорда облысы әкімі аппараты қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі бекітілді.

15.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

Бұл бағытта Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енген өзгерістерге қатысты ағымдағы жылдың 9 айында 9 семинар тренингтер өткізілді.

Ағымдағы жылдың шілде айында жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілері арасында сынамалық тесттер қабылдау шарасы ұйымдастырылып, аталған шараға 1485 мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Қазіргі таңда қараша-желтоқсан айларында қосымша сынамалық тесттер өткізу қайтадан өткізу жоспарлануда.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету

30.

Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

2016 жылдың қаңтар айында жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі - ЖПҚ) 1006 штаттық бірлік лимитімен ішкі істер органының біріңғай жүйесі негізінде құрылды.

ЖПҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.

ЖПҚ қызметкерлерінің қызмет өткеру шарттарын қоса алғанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері деген бірыңғай құқықтық мәртебесі бар.

ЖПҚ қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттеледі.

Жергілікті полиция қызметінің жұмысын үйлестіруді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі дара басшылық және субординация (бағыныстылық) қағидаты негізінде ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін бірыңғай нормативтік құқықтық және әдістемелік базаға сәйкес жүзеге асырады.

ЖПҚ қаржыландыру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

ЖПҚ функцияларына құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар кешенін, жол жүрісін және оның қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік бақылауды және қадағалау жүзеге асыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, қылмыстық теріс қылықтарды тергеп-тексеруді жүзеге асыру, әкімшілік қамауға алынған және белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдауды және ұстау жағдайын қамтамасыз ету және де Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыру жатқызылған.

33.

Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді Стратегиясын жасау.

2014 жылдан бастап облыста Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту орталығы» жобасы (бұдан әрі-Орталық) жүзеге асырылуда. Бұл жобаны жүзеге асырушы «Қызылорда облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі (президент- Теңізбаев Серік Мұстафаұлы).

Орталықтың мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған тұлғаларға психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік (с.і.практикалық: түрлі құжаттамалар алу және олардың мүліктік, әлеуметтік құқықтарын қалпына келтіру, т.б.) көмек және кеңес беру; оларға кешенді беймделу жұмысын жүргізу; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған тұлғалардың құқықтары туралы ақпараттық-танымдық буклеттер дайындап шығару; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін көмек көрсетуге ықпал жасайтын ресми құрылымдарының өкілдерімен бұрын сотты болғандардың бейімделу саласындағы мәселелеріне және перспективаға арналған кездесулер, дөнгелек үстел өткізу; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған тұлғалардың деректер қорын құру; жергілікті  бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу (босатылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі жөнінде мақала беру, сол сияқты интернет-ресурстарда жариялау); бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған тұлғалармен семинар, әлеуметтік тренингтер өткізу (брошюралар, буклеттер және т.б. көрнекі құралдар ұсынып тарату).

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және босатылатындарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту Орталығы» жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы қоғамдық бірлестігі мен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өзара бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

Жоба аясында 458 адам заңгерлік кеңес, 385 адам психологтың көмегін алған, 18 кездесулер және «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және босатылатындарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту Орталығы» жобасының басты бағыттары, мақсаттары мен міндеттері», «Тіркеуге алу, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін қалпына келтіру және т.б.», «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандардың әлеуметтік бейімдеу мәселелері», «Жұмыссыздыққа тіркелу. Әңгімелесуден қалай өту керек?» тақырыбы бойынша 10 семинар өткізілді, соның 2-уі облыстағы түзеу мекемелерінде өтті. Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және босатылатын тұлғалар үшін «Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері», «Жұмысқа орналасу. Әңгімелесуден қалай өту керек?» атты брошюралар арналып шығарылған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыс орталығында бас бостандығынан айыру орындарынан  жазасын өтеп шыққан азаматтарға арналған «Қылмыстық  жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» (бұдан әрі-Орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Орталықтың мамандары аталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек көрсетуге, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік мамандық игеруге, қайта даярлаудан өтуге ықпал жасауда.    

2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 324 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 268 (82,7%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 56 (17,3%) – жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 206 (63,6%) адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 47 (14,5%) адам - қоғамдық жұмыстарға, 7 (2,1%) адам - кәсіптік оқыту және қайта даярлау курстарында, 7 (2,1%) адам - әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 5 (1,6%) адам несие алған (Арал ауданы- 3, Қармақшы-1, Сырдария-1 адам).

Әртараптараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу

35.

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу.

 

2016 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің №248 Жарлығымен аталған Заңның нормаларын қолдануға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатуға және өзге де нормаларға уақытша мораторий жарияланды.

Осыған сәйкес, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін:

1)«ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылдың 2 қарашадағы Заңының нормаларын қолдануға;

2)шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3)жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге мораторий жарияланды.

Елбасы Жарлығын орындау мақсатында 30.07.2016 жылы «ҚР Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Осыған байланысты жер сауда-саттықтарын өткізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру жұмыстары жалғастырылуда, ал жеке меншікке табыстау уақытша тоқтатылды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жерлерді сауда-саттыққа шығаруға барлық шаралар атқарылды (сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге 3,4 млн. теңге бөлініп, 79 мың га болатын 451 учаскесі сатуға жоспарланды).

2016 жылдың жағдайы бойынша жер сауда-саттықтарында  33 аукцион, 3 конкурс өткізіліп,  79,7  мың га жерлер сатылды.   

Айналымға алу шараларын тұрақты жүргізу мақсатында 2017 жылға сауда-саттықтар жүргізу жоспары бекітіліп, өткізуге және ұйымдамтыруға аудандық (қалалық) бюджеттен 3,565 млн теңге қаржы қаралып, жыл соңына дейін облыс бойынша барлығы 80,0 мың гектар жерді айналымға алу жоспарланды.

36.

Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.

Аграрлық сектордағы өнімділікті арттыру мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында табысталған жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізумен байланысты нысандар (мал шаруашылығы кешендері, өндірістік жылыжайлар, суару құрылғылары және т.б.) құрылысын салу кезінде және тауар өндірушінің ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда  жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту процедурасы алып тасталған болатын. Дегенмен, 2015 жылғы 2 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 389-V ҚР Заңы 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне еніп, ҚР Президентінің Жарлығымен 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий жарияланды.    

Аудандық және облыстық уәкілетті органдармен ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру шаралары атқарылды (ҚР ҰЭМ және АШМ өкілдерінің қатысуымен түсіндірме –семинар өткізілді, жер пайдаланушылармен жергілікті жерлерде кездесулер өткізілген, жергілікті және республикалық басылымдарға мақалалар жарияланған).

41.

Мүлікті және қаржыны заңдастыру ресімдерін оңайлату. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V Заңына сәйкес мүлікті жария ету жұмысы 2016 жылдың 31 желтоқсанында толық аяқталды.

2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 2273 жылжымайтын мүлікті жария етуге барлығы - 2174 өтініш түскен. Оның ішінде: тұрғын үй емес жайлар – 1306, соның ішінде коммерциялық нысандар – 1098, тұрғын үй – 967. Түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы құны 16 млрд. теңгені құрады.

1953 өтініш бойынша сомасы 15,1 млрд. теңге болатын 2019 жылжымайтын мүлік жария етілді.

Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерде 241 шот ашылып, 10,1 млрд.теңге ақша жария етілді.

Мүлікті жария ету науқаны барысында жұмысты күшейту мақсатында және қойылған мақсаттарға жету үшін облыс бойынша пайдаланып отырған құрылысы аяқталмаған нысандарды анықтау алгоритмі әзірленіп, бекітілді. Бұл шара тіркелмеген жылжымайтын мүлік нысандарын анықтауға мүмкіндіктер берді.

  Сонымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттарды жария етуге байланысты үлкен жұмыстар атқарылды.Жалпы, жүргізілген мүлікті жария ету науқанының қорытындысымен келесі оң нәтижелер күтілуде, атап айтқанда:

 1) жергілікті бюджетке жыл сайын жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша шамамен

13,5 млн.теңге түсім түсуі жоспарлануда;

 2) облыс азаматтарымен жария етілген

10,1 млрд.теңге қаражаты заңды айналымға енгізіледі;

 3) жария етілген жалпы сомасы

15,1 млрд.теңге болатын 2019 жылжымайтын мүліктер келешекте несие алу барысында потенциалды мүліктік кепіл бола алады.

46.

Рұқсат алуды оңтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін, үшінші – рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №325 бұйрығымен «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» (бұдан әрі - СЖТ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі-тандарт) бекітілді. (Әділет министрлігінде 2016 жылдың 6 қыркүйегінде тіркелді, №14118).

Стандарттың негізінде Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылдың 12 қазанында  №612  қаулысымен аталған қызметтің регламенті бекітілді. (Әділет органында 2016 жылдың 11 қарашасында тіркелді, №5641).

СЖТ беру мерзімі:

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер  бойынша:

1) СЖТ және техникалық шарттарды беру – 6 жұмыс күні, (күрделі объектілер бойынша - 15 жұмыс күні);

2) бастапқы материалдарды (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу үшін - 15 жұмыс күні, (күрделі объектілер бойынша - 17 жұмыс күні);

Сонымен бірге, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 бұйрығымен «Эскиздік (эскиздік жобаларды) келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді. (Әділет министрлігінде 2016 жылдың 21 сәуірінде тіркелді, №13610).

Стандарт негізінде облыс әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырда №463 қаулысымен аталған қызметтің регламенті бекітілді. (Әділет органында 2016 жылдың 1 шілдесінде №5548 тіркелді).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі:

1)техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) ұсынылған жағдайда – 10 жұмыс күні, (күрделі объектілер бойынша 15 жұмыс күні);

Қазіргі таңға аталған қызмет бойынша мерзім бұзу фактілері тіркелмеген.

48.

Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы №450 бұйрығына сәйкес құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша барлық сметалық құжаттар ресурстық әдісімен жүргізіледі.

Қазіргі таңға, 9 әлеуметтік объектінің жобасының сметалық құжаттары ресурстық әдісімен әзірленді.

51.

Өңірлік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электрэнергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электрэнергиясының ақысын азайтады.

Бүгінгі күні өңірімізде электр жарығын беру, тарату, пайдалану және желілерді жөндеумен 3 энергия беруші ұйымдар айналысады, атап айтқанда: «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ы, «Қорқыт Ата әуе жайы» АҚ-ы, «Шиелі-Энергосервис» ЖШС-гі.

Алдын-ала жүргізілген есептеу бойынша ӨЭК-ды ірілендірген кезде біздің өңірімізде беру және тарату қызметіне тариф 4,91 теңгені құраса, ал соңғы тұтынушылар үшін электр энергисының орташа босату тарифі қолданыстағы деңгейде болады.   

Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі электрге тәуелділік болып табылады. Біз 60 %  электр энергиясын басқа аймақтардан алудамыз. Соған сәйкес 2 тәуекелдік факторына ие боламыз: жеткізу көлемі және бағасы.

Бұл мәселені шешу мақсатында, сонымен бірге энергетика саласының тиімділігін арттыру үшін «Энергия» концорциумы құрылды.

Жылу электр орталығын кеңейту және қайта құру үшін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды. Бұл қадам өңірімізді өзіміздің электр энергиясымен және тұрақты жылумен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының қаржылық-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған біршама жұмыс жасалды, компанияны сауықтырудың арнайы Жоспары жасалды. Аталған  жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде оның кредиторлық қарызын 4,5 есе, дебиторлық қарызын 2,5 есе азайтуға қол жеткізілді.

«Тариф – инвестиция орнына» мемлекеттік саясатының аясында инвестициялық бағдарламамен белгіленген Еуропа қайта құру және даму банкінің 4 млрд. теңге несие қаржысын қайтаруды есепке алып, «ҚЭТТК» АҚ-ның 5 жылдық мерзімге тарифтің шекті деңгейі бекітілді. Инвестициялық бағдарлама 674,6 км электр тарату желілерін қайта жаңғыртуға, 600 қолданыстағы қосалқы станцияларды Электр энергияны бақылау және есепке алу автоматтандырылған жүйеге біріктіруге, 11 қосымша қосалқы станцияларды орнатуға бағытталып, нәтижесі желілердегі ысыраптарды 2 пайызға дейін, электр желілерінің пайдалануын 9 пайызға дейін азайтады және ұсыналытын қызметтердің сапасын жақсартады.

53.

ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру мақсаттарында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірге Қазақстанның монополияға қарсы заңнамаларына өте кең ауқымдағы проблемалық сұрақтар қамтылатын шолу жүргізді.

Қазақстандағы бәсекелестік заңнамасы мен саясатына жүргізілген Шолудың қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалып, екі кезеңмен жұмыстар жүзеге асырылуда, дегенмен олар қазіргі таңда орындалды.

55.

Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалында 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап сапалы кеңес беру, мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу және толық мониторинг жүргізу мақсатында «Бір терезе» қағидаты негізінде инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсету секторы ашылып, тұрақты жұмыс жасауда.

2016 жылдың қорытындысы бойынша аталған сектор арқылы 316 заңды тұлғаға 423 қызмет көрсетіліп, 316 кеңес берілген.

Өңірге инвестиция  тарту мақсатында  2013 - 2016 жылдар ішінде барлығы 8 «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумы өткізілді.

Нәтижесінде, 100 млрд.теңге инвестиция тартылып, ірі инвестициялық жобалар – шыны, цемент және ферроқорытпа зауыттарына инвесторлар тартылды.

Оның ішінде, 2016 жылы 2 рет «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумы өткізіліп,  әрбір форум жұмысына 10 астам елден шетелдік өкілдер қатысты, нәтижесінде өзара ынтымақтастық туралы 26 меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар, 2016 жылы маусымда Қытай Халық Республикасының Цзянси провинциясы Халықтық Үкіметінің Вице-губернаторы Лю Чанлинь мырзаның басшылығымен инвестициялық компаниялары мен бизнес өкілдерінен құралған делегация келді.

Нәтижесінде, құны 450,5 млн. АҚШ долларын құрайтын ауылшаруашылығы, құрылыс саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру және сауда-экономикалық байланыс орнатуға бағытталған 13 меморандумға қол қойылды. Оның ішінде, экспортқа ет өнімдері мен өсімдік майларын шығаруды көздейтін инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген.

2016 жылғы 23 тамызында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы делегациясының Польша Республикасы Варшава қаласына ресми сапары болды.

Ресми сапардың негізгі мақсаты Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында тығыз қарым-қатынас қалыптастыру, қос ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру негізінде инвестициялар тарту.  Сапар аясында екі елдің ресми тұлғалары мен іскерлік топтарының қатысуымен қазақстан-поляк бизнес-форумы өтті.

Бизнес-форум аясында Қызылорда облысы әкімдігі мен «EMP Energy and Metallurgical Products Spolka zo.o» арасында «Қызылорда қаласында арнайы және кешенді қорытпаларын өндіру бойынша ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Польшаның Ұлттық банкі жобаға 300 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға әзірлігін мәлімдеді.

Бүгінгі күні, жобаның техникалық параметрлерін нақтылау үшін жұмыстар жасалуда.

Одан бөлек, 2016 жылы тамызда Въетнам Социалистік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі  (Доан Тхи Суан Хйен ханым) облыста іс-сапармен болып, облыстың инвестициялық мүмкіндіктері және инвестиция қажет ететін жобаларымен, кәсіпорындар қызметімен танысып, бизнесмендермен кездесті. Аталған іс-сапар аясында «Қызылорда облысы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында сауда-экономикалық ынтымақтастыққа байланысты» дөңгелек үстел ұйымдастырылды және B2B форматында кездесу өтті.

2016 жылдың қыркүйек айында Иран Ислам Республикасынан Мазендеран провинциясынан бизнес өкілдерінен құралған делегация келіп  ауылшаруашылық саласында өзара ынтымақтастық орнату мақсатында осы саладағы  кәсіпорындардың  жұмысымен танысты.

2016 жылдың 26 қазанда «Қазақстанда электронды коммерцияны дамыту» тақырыбында  бірінші Халықаралық интернет-форум өткізілді. «Казпочта» АҚ мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып,  онлайн билет сату процесіне Н.Бекежанов атындағы драма театр мен орталық мұражай қосылды.

2016 жылғы 21-22 қараша аралығында Лондон қаласында өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық туралы 3-ші Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысына Қызылорда облысы тарапынан облыс әкімі Қ.Көшербаев бастаған делегация қатысты. Комиссия отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Нәтижесінде жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестициялық қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Аталмыш жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы аясында, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарға сай келгенде инвестициялық преференциялар беру мүмкіндіктері қарастырылады.

Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар жалғастырылатын болады.

Жаңақорған ауданында цемент зауытының құрылысы жобасы Индустрияландыру бағдарламасы өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асыруда

«БК Кызылорда цемент» - ЖШС, құны - 9,9млрд. тг, қуаттылығы - 390,0 мың тонна, 260 - жұмыс орны.

Зауытты орналастыру үшін Жаңақорған ауданынан 25 га жер телімі бөлінген. Құрылыс басында 70 адамдық жатақхананың жертөле бөлігінің құрылысы аяқталып, бірінші қабаттың кірпіштері өрілді, бұл жұмыстарға 14 адам жұмылдырылды. Зауыт орналасқан аймақты қоршау жұмыстары жүргізілді (ұзындығы 600м, ені 420 м.) Құрылыс жұмыстарына Жаңақорған ауданының жұмысшылары және мамандары тартылды. Қыс мезгілі болғандықтан қазіргі таңда құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған, құрылыс жұмыстары 2017 жылдың ақпан айында қайта жалғасатын болады.

56.

Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» – халықаралық стратегиялық серіктестермен («Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) бірлескен кәсіпорындар құру.

«Қызылорда қаласында  табақша шыны шығару және өңдеу зауытының құрылысы» жобасы.

Қызылорда облысы индустриялық аймақтан зауыт құрылысы үшін 50 га жер телімі берілген.

Облыс әкімдігінің бюджет қаражаты есебінен сыртқы инженерлік инфрақұрылымды жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны жүзеге асыру үшін жобаның барлық қатысушыларымен ЕРС контракт келісім шартқа қол қойылды.

2015 жылдың 6 сәуірде Қала құрылысы кеңесінде шыны зауыты жобасының сызбасы мақұлданды.

Зауыт құрылысы 2015 жылдың мамыр айында басталды.

Құрылыс алаңында бас мердігер «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-мен бірге 7 қосымша мердігер компанияларға 190-дан астам жұмысшылар  тартылған.

Жыл соңына дейін 680 контейнерлер көлемінде құрал-жабдықтар жеткізілуі жоспарланған. Қазіргі таңда құрал-жабдықтардың 90% жеткізілген (663 контейнері).

Құрылыс жұмыстарын  аяқтау 2017 жылдың IV тоқсанға жоспарланған.

«Цемент зауытының құрылысы» жобасы.

 «Компания Гежуба - Шиели Цемент» ЖШС, құны - 64,0 млрд. тг, қуаттылығы - 1,0 млн. тн, 260 - жұмыс орны.

Цемент зауытының құрылыс жұмыстары ү.ж. 22 қазанда басталды. Ү.ж. 29 қыркүйекте «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС біріккен кәсіпорыны құрылды.

Цемент зауытының құрылысы жұмыстарын «Корпорация Данаке» ЖШС және қытайлық «Gezhouba Group Cement Co., Ltd» компаниясы жүзеге асыруда.

Қажетті барлық Қазақстандық талаптардан өткен.

Жобаны жүзеге асыру үшін Шиелі ауданы аумағынан зауыт құрылысына 46 га және қызметкерлер үшін әкімшілік т.б. қажетті ғимараттар салу үшін 4 га барлық 50 га жер телімі берілді. (Мемлекеттік акт алған).

Екі кәсіпорын тарапынан бірлескен кәсіпорын «Компания Гежуба – Шиелі Цемент» ЖШС-нің жарғылық және құрылтайшылық құжаттарына қол қойылып, 2016 жылдың қыркүйек айында тіркеу жұмыстары аяқталды.

Құрылыс жұмыстарына дайындық 2016 жылдың қазан айында басталды. Бас мердігер – «China triumph international Engineering» қытай компаниясы.

Томат пастасын шығару зауыты

«Қызылорда AGROPlus» ЖШС, құны - 26,8 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы - жылына 24 мың тонна томат пастасы, 300 - жұмыс орны.

Облыста қытайлық инвесторлармен бірігіп (COFCO компаниясы) томат пастасын өндіру зауыты құрылысының жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

2016 жылы тиімді сортты анықтау мақсатында инвесторлармен бірігіп 2 га жерге тәжірибелік жұмыс ретінде қызанақтың 12 сорты егіліп, 190 тонна өнім жиналды. Нәтижесінде, 2017 жылы қуаттылығы жылына 15 мың тн өнім өндіретін зауыт құрылысын бастау жоспарлануда.

«Бала-Сауысқандық» кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу

«Фирма Балауса» ЖШС, құны - 34,9 млрд. тг, қуаттылығы - 1 млн.тн кен жылына, 649 - жұмыс орны.

Британдық «Ferro-Alloy Resources LTD» компаниясы мен «Фирма Балауса» ЖШС-і  бірлесіп «Бала-Сауысқандық» кен орнында тәжірибелік өндірістік кәсіпорын жұмыс жасауда. 2016 жылы кәсіпорын 7,6 млрд.теңге инвестиция жұмсады.

Кәсіпорын 2016 жылы барлығы 160 тонна өнім - метаванадат амоний бесоксидті ванадий өнімі Ресей және Тайван еліне, тәжірибелі өнім АҚШ-на жөнелтілді.

Жобаның бірінші және екінші кезеңдерін қаржыландыру үшін 2016 жылдың 22 қарашасында Лондон қаласында Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссияның үшінші отырысында құны 125 млн.АҚШ долл. көлемінде инвестиция тарту жөнінде келісім жасалды.

2017 жылы 15млн.АҚШ доллар инвестиция салу жоспарлануда.

«Қызылорда қаласындағы кешенді және арнайы қорытпалар өндіретін ферроқорытпа зауытының құрылысы»  жобасы.

Жоба бойынша Технико-экономикалық негіздеме әзірленді және Мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Жобаны жүзеге асыру бойынша компанияларымен келіссөздер жүргізілді және ынтымақтастық туралы бірқатар Меморандумдар мен Келісімдерге қол қойылды.  

Алюминийлігі төмен ферросилицияны сату кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында жетекші халықаралық тұтынушы ThyssenKrupp Metallurgical Products GmbH, (Германия) және Hanwa Co. Ltd, (Жапония) компанияларына арнайы және кешенді қорытпа түрлерін жеткізуде ғажайып құқы бар ICMD неміс компаниясымен келісім жасалды.

ICMD және «Ферроқорытпа инжиниринг» ЖШС мен Байқоңыр (Байконур) ӘКК» ҰК-ның қатысуларымен жоба операторлары болып есептелетін «Қызылордалық ферроқорытпа зауыты» ЖШС құрылды.

Ферроқорытпа зауытын орналастыруға Қызылорда қаласындағы индустриалық аймақтан 50,0 га көлемінде жер телімі бөлінген.

Айтатын жайт, ҚР-ның Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың 2016 жылдың 23 тамыздағы Польша Республикасы Варшава қаласына мемлекеттік сапары аясында, Варшава қаласында екі елдің Президенттерімен бұл жоба толық қолдау тапқан болатын.

Поляк тарапынан Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін, оның ішінде Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытының құрылысына 300 млн.АҚШ долларын бөлу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды және биыл осы жобаны іске асыруға бұл қаражатты жібере аламыз.

 Сонымен бірге, Қызылорда облысының әкімдігі мен «EMP Energy and Metallurgical Products Sp. z o. o.» поляк компаниясы арасында «Қызылорда қаласында жылдық жобалық қуаты жылына 162 мың тонна төмен алюминийлі ферроқорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының салу» және «Бірінші кезеңде қуаттылығы 150 МВт болатын, бұдан әрі 210 МВт жобалық көлем қуатына дейін кеңейту жаңа газ-турбиналық электр станциясын салу» бойынша келісімге қол қойылды.

62.

Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «Ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.

Аталған бағдарламаға облыс көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі саласындағы 4 кәсіпорынның құжаттары жолданған болатын. («РЗА» АҚ, «Арал тұз» АҚ, «СКЗ-U» ЖШС, «Қазақстанның мұнай-химиялық компаниясы «Кемикал» ЖШС-нің Шиелі филиалы). Алайда ұсынылған кәсіпорындардың жылдық табысы 5 млрд.теңгеге жетпеуіне байланысты, «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ-ның бекітілген  талаптарына сәйкес келмеді.

Болашақта өңірімізде «Шыны зауыты», «Бала-Сауысқандық» кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу, Кальциилендірілген сода жобасы, «Компания Гежуба Шиели Цемент» жобалары іске қосылған кезде бағдарламаға қатысуға ұсынылатын болады.

64.

Өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады.

2016 жылы ауылшаруашылық саласы бойынша инновациялық жобаларды комиссияның іріктеуімен инновациялық технологияларды енгізу бойынша құны 58 млн.теңгені құрайтын 12 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 2 жоба Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нен.

Сондай-ақ, 2016 жылы «Технологиялық Даму жөніндегі Ұлттық Агенттік» АҚ гранттық жобалары бойынша, «Қызылорда құрылыс материалдары» ЖШС-нің «Пенобетон дайындауға арналған көбік шығару өндірісі» жобасын іске асыру мақсатында 32 млн. теңге көлемде грант алды. Өндірістің қуаттылығы - айына 40 мың литр пенобетон көбік. Қазіргі таңда қондырғыларды сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 

74.

Пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің CRIRSCO халықаралық стандарттар жүйесін енгізу арқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру.  

Минералды-шикізаттық базаны кеңейту және жаңа кеніштерді игеру мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға 11 жер қойнауы учаскесі бойынша ашық конкурс (тендер) жарияланды. Нәтижесінде 4 жеңімпаз анықталды, 2 – өндіру, 2 – барлау.

76.

ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

Жаңартылған мазмұндағы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кезең-кезеңімен (0+11) форматында 12 жылдық білім беру жүйесіне  көшудің эксперименттік бағдарламасына сәйкес облыста 2 мектеп республикадағы 30 мектептің құрамында бастауыш білім беру мен мектеп алды даярлық тобындағы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сынақтан өткізілуде.

Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер» мектебі 375 оқушы және Жалағаш кентіндегі №31 орта мектепте 52 оқушы екінші сыныпта барлығы 427 оқушы 18 сыныпта эксперименттік бағдарлама бойынша білім алуда.

Барлық эксперименттік сыныптар қажетті оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, жаңа мазмұнға сәйкестендірілген оқу құралдарымен жабдықталған. Экспериментке қатысушы мұғалімдер «НЗМ» ДББҰ-ының ұйымдастырумен өткізілген семинар-кеңестерге қатысты.

2016-2017 оқу жылында облыс бойынша 1-ші сыныпқа қабылданған 18034 оқушы жаңартылған білім мазмұны  бойынша білім алуда. Қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері толық алынған. Мұғалімдер арнайы даярлықтан өткізілді.

12 жылдық білім беруге көшу 2016-2017 оқу жылында 1 сыныптан басталды.

2017-2018 оқу жылында - 2, 5, 7 сыныптар,               

2018 -2019 оқу жылында -3, 6, 8, 10 сыныптар,

2019 -2020 оқу жылында – 4, 9, 11, 12 сыныптар көшетін болады.

Облыс бойынша мектеп басшылары, олардың орынбасарларының қатысуымен арнайы жиналыс өткізіліп, жаңа мазмұнда білім беру, 12 жылдыққа кезең-кезеңімен көшу жайлы ақпараттық–түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

77.

Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату

 

Елбасының «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспары бойынша еліміздің негізгі салалары үшін білікті кадрлар даярлайтын базалық 10 алдыңғы қатарлы колледждің, елімізде жүзеге асырылып жатқан 2015-2019 индустрияландыру картасына енген жобаларды жүзеге асыруға қажетті жұмысшы мамандарын даярлайтын оқу орындарының қатарына облысымыздан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі 2 мамандық бойынша енгізілді.

Атап айтқанда, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының «Техник-электрик» біліктілігі және «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының «Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник» біліктілігі.

Қазіргі таңда, «Кәсіпқор-Холдинг» АҚ-мен келісім-шартқа қол қойылып, жоба аясында 10 инженер-педагог біліктілік арттыру курстарынан өтіп келді. Аталған екі мамандықтың оқу материалдық базасын жаңғырту мақсатында 2016-2018 жылдарға республикалық бюджеттен бөлінетін 200 млн. теңге қаржыға «Кәсіпқор Холдинг» АҚ-на бюджеттік өтінім берілді.

79.

Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен жоо-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.

Облыста 79-қадам бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңімен іске асыруда оқушыларға ағылшын тілін еркін меңгертуді қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін жетік меңгерген пән мұғалімдерін даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Екі жақты қол қойылған меморандумға сәйкес (облыс әкімдігі мен «KATEV» халықаралық қоры арасында) М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж базасында негізгі мектептің ағылшын тілін меңгерген бастауыш сынып мұғалімдерін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерін даярлау іске асырылуда.

2016-2017 оқу жылынан бастап іске асырылатын облыстағы 41 мектеп-лицейдің (гимназиялардың) 5-11 сыныптарында аптасына 5 сағаттан беріліп, ағылшын тілін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және қазақ-түрік лицейлерінің методикасымен оқыту бойынша ЖОБА әзірленді.

Сонымен бірге ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша шетелдік мамандар шақыртылып, пән мұғалімдерінің шет елден іс-тәжірибе алмасуы және волонтерлер шақырту жоспарлануда.

Нәтижесінде 2019-2020 оқу жылында 46 мектеп-лицейдің (гимназияның) 11 сыныптарында, 2020-2021 оқу жылында 10-11 сыныптарда  жаратылыстану бағытындағы бір пән ағылшын тілінде оқытылатын болады.

84.

Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.

2016 жылдан 1 қаңтарынан бастап шартты ақшалай көмек (әрі қарай - ШАК) көрсету бойынша әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің жаңа моделі облыстың барлық аудандарында енгізілді.

Барлық аудандарда жергілікті өкілді органдарымен бекітілетін «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, әділет органдарында тіркелген.

2016 жылға шартты ақшалай көмек көрсетуге бюджеттен барлығы         45,2 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 22,2 млн.теңге қаражат бөлінді.

2017 жылдың 1 қаңтарына отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісім шарт жасасу негізінде 1406 адамға (235 отбасы) 44,1 млн. теңге ШАК тағайындалды. Есепті кезеңге ШАК 1406 адамға          40,6 млн. теңгеге төленіп отыр.

Шартты ақшалай көмектін орташа айлық мөлшері 5228,3 теңгені құрайды.

ШАК алушылардың жалпы санынан басым бөлігін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды (65,2%), мүгедектер (0,8%), студенттер (2,7%), бала күтіміндегілер (8,3%) және еңбекке жарамды адамдар (22,7%).

Жасалған әлеуметтік келісім шарт негізінде ШАК алушылар қатарындағы еңбекке қабілетті жастағылардың ішінен 293 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатыстырылды.

Жоба шеңберінде 188 адам тұрақты, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 97 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Болашағы біртұтас ұлт

85.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

«Казақфильм» АҚ техникалық трансформациялау

Әлеуметтік-мәдени туризм бағдарламаларын енгізу

2016 жыл ішінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қатысуымен «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жоспарын орындау, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, жас ұрпақты толеранттық пен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» институционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатында облыс көлемінде 3 394 түрлі форматтағы көпшілік-мәдени шаралар, кездесулер болып өтті. 2 306 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, 343 417 162,56 теңгенің көмегі көрсетілді.

Елімізде алғаш рет өткен Алғыс айту күніне арналып облыс бойынша  949 шара өткізіліп, оған 340 мыңнан астам адам қатысты.

Республика бойынша өткен «Мәңгілік ел», «Тәуелсіз Қазақстан» пойыздарының жалпыреспубликалық акциялары, «Менің елім – мәңгілік ел» республикалық жастар акциясы облыста кең ауқымда ұйымдастырылды.

Достық үйінде Медиация кабинеті ашылды.

Қазақстан халқы  облыстық ассамблеясы хатшылығы құзырлы мекемелермен «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында медиация арқылы даулы жағдайларды төмендетуде нақты істерге бірігу мақсатында өзара ықпалдастық туралы 11 жақты меморандумға қол қойды.

Облыстық ассамблеяның ХІХ сессиясы облыс әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен 17 маусымда Достық үйінде өткізілді. Сессия жұмысына барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

Облыстық ассамблея хатшылығы тарапынан этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен активіне арналып Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХIV сессиясында Елбасы берген тапсырмаларды,  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған тақырыптар бойынша актив жиыны, мәжілістер өткізіліп, әдістемелік материалдар әзірленді.

Облыстық ассамблеяның «Сыр елі – достық мекені» ақпараттық-насихаттық тобы есепті мерзімде «Галас и К», «Джунь Ю Тянь-Шань Мұнай Сервис», «SSM-Ойл» және «Көлжан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде қызметкерлермен, сондай-ақ, облыс аудандарында тұрғындармен кездесулер өткізіп, қоғамдық келісім, бірлік пен бірегейлік, ұлттық құндылықтарды насихаттады.

Барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында, жалпы білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, Ұлт жоспары «100 нақты қадам», «Қазақстанның бейбітшілік пен келісім моделі», «Индустрияландыру - экономикалық даму перспективалары», «Біртектілік пен бірлік», т.б. тақырыптар аясында кешенді ашық сабақтар ұйымдастырылды. Облыс бойынша 299 мектептегі 143 мыңға жуық оқушы мен 30 мыңға жуық жоғары және орта оқу орындарының студенттері қамтылған кешенді шараларға облыстық ассамблея құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, дәріс оқыды.

Этнос өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында 16 маусым мен 4 қараша аралығында 813 шара өткізіліп, жобаға 35 047 бала тартылды. Жоба аясында 1 444 бала қазақ тілін меңгерді.

Облыстық Аналар кеңесі «Аналар аналарға» атты қайырымдылық акциясын жиі ұйымдастыруда. «Hand made» атты көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырып,  мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан әсем бұйымдарды халыққа ұсынуда.

Еліміз бойынша бір мезетте ұйымдастырылған Мәңгілік Ел патриоттық актісінің негізіндегі ашық диктант жазуға облыс бойынша 2002 адам қатысты. Оның 511-і этномәдени бірлестіктер өкілдері, 258-і қоғам қайраткерлері, 301-і мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, 405-і студенттер және 83-і басқа да азаматтар. Қатысушылардың 911-і «өте жақсы» деген көрсеткіш көрсетсе, 822-сі «жақсы», 269-ы «орташа» деген бағаға ие болды.

Республика бойынша бір мезгілде өткізілген «Ақ орамал» республикалық акциясы барысында Достық үйінің алаңында «Ақ орамал – бейбіт болашақтың белгісі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде түрлі форматта 343 шара өткізілді.

86.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар қазақстан республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

88.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

2013 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» жарлығына сәйкес еңбек күнін атап өту жарияланған.

Осыған орай, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілету сонымен қатар, жұмысшылар мен техникалық мамандықтардың  беделін арттыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмысшылар отбасыларының еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында  «Еңбек династиялары» форумын жыл сайын дәстүрлі атап өту көзделген болатын.

2016 жылдың 21 қыркүйегінде Н.Бекежанов атындағы драма театрында «Еңбек әулеттерінің» ІІІ форумы болып өтті.

Сыр өңірінде атадан балаға отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері қатысты.

Бұған дейінгі өткізілген еңбек әулеттерінің форумы арқылы 24 еңбек династиясын облыста ғана емес, бүкіл республикаға белгілі болып отыр.

Еңбек әулеттерінің құрамына 150 жылдан бастап 800 жылға дейін еңбек өтілдері бар 8 отбасы кірді. Олардың ішінде теміржолшылар, құрылысшылар, ұстаздар, дәрігерлер, диханшылар, электриктер, мұнайшылар, ішкі істер саласының өкілдері бар. Сонымен қатар, форум жұмысын ардагерлер, Қазақстан ассамблеясының өкілдері, жастар тамашалады.

Еңбек форумының басты мақсаттарының бірі – жас ұрпаққа еңбек адамының аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлестерін жеткізу.

Форум театр әртістерінің хореографиялық қойылымымен басталды.

Қошеметпен ортаға шыққан Еңбек әулеттерін облыс әкімі құттықтап, «Еңбек әулеттері» деген лентаны, облыс әкімінің алғыс хатын, «Еңбек әулеттеріне» арнайы дайындалған статуэтканы және сыйлықтарды табыс етті. Дәстүрлі Еңбек әулеттерінің ІІІ форумы Сыр өнерпаздарының концертімен аяқталды.

Театр фойесінде еңбек әулеттерінің стендтері көрсетіліп, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қол өнерлерінің көрмесі ұйымдастырылды, аталған көрменің мақсаты - жас өспірім ұрпақтарға әр сала өкілдерінің еңбектерінің мәнісі мен маңыздылығын көрсете білу болып табылады.

Ағымдағы жылдың 29 тамызында облыстағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарға хаттар жолданып, Астана қаласында өткізілетін республикалық форумға қатысуға іріктеу жұмыстары жүргізіліп, төмендегідей жеңімпаздар анықталды: «Үздік еңбек династиясы» номинациясы бойынша  Кемалова Күлмариям, «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша  - Үмбетқұлов Еркен,  «Жұмыс істейтін жастардың үздік ұстазы»  номинациясы бойынша  - Коновалов Юрий.

Жеңімпаздар жөніндегі материалдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жолданған.

Аталған жеңімпаздар 30 қыркүйек күні Астана қаласында өткен «Еңбек күніне» арналған «Жалпыға бірдей еңбек қоғамына» атты республикалық форумға қатысты.

90

Бес институттық реформаны, сондай-ақ, бақ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету.

Елбасының Бес институционалдық реформаларын орындауға бағытталған «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» жүзеге асыру бойынша кең көлемде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпараттандырудың тиімділігін арттыру мақсатында 2015 жылғы 17 қарашада қабылданған «Бес институционалдық реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» медиа-жоспарын орындау барысында жыл басынан бері жергілікті басылымдарда («Кызылординские вести», «Сыр бойы», «Сыр дидары», «Ақмешiт апталығы», «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт жастары», «Кызылорда таймс», «Ел тілегі», «Час Пик») 549 мақала жарияланды. «Қазақстан-Қызылорда» және «Қоғам» телеарналарынан «Мәслихат», «Өзекжарды», «Аптаның алты ауызы», «Арнайы шығарылым», «Жаңа күн», «Бизнес бағдар», «Қазақстан-2050» дамудың даңғыл жолы», «Специальный репортаж» т.б. айдарларының аясында ақпараттандырылып, нәтижесінде аталмыш телеарналардан 327 сюжет көрсетілсе, әлеуметтік желілерде «Вконтакте» - 52, «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Кызылорда», «Сыр елі Орда», «Афиша Кызылорды», «NIS Kyzylorda», «Nasha.kz» жалпыға ортақ топтарына, «Медиа Жұлдыз Қызылорда», «Ақмешіт.кз» парақшаларында және «Қызылорда облысының әкімдігі», «Қызылорда қаласының әкімдігі», аудан әкімдіктері мен облыстық басқармалардың «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшаларында барлығы 215  жарияланым насихатталды.

Есеп беруге міндетті және транспарентті мемлекет

91.

Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Ресімдік сипаттағы барлық тапсырмалар мен аралық бақылау таратылатын болады. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы 2020 жылға дейінгі елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының екінші бес жылдығының болжамды көрсеткіштерін есепке ала отырып, жоғары тұрған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде әзірленді. Құжатты орталық мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Қызылорда облысы мәслихатының қарауына ұсынылды және 42 сессиясының шешімімен бекітілді (2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 323 шешім).

Аумақты даму бағдарламасы 112 мақсатты индикаторлардан тұрады және  бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарланған іс шараларға және аумақтық дамыту бағдарламасындағы мақсаттарға, мақсатты индикаторларға қол жеткізуге жауапты қазынашылық мемлекеттік сектор субьектілері, мемлекеттік органдар бағдарламамен айқындалған.

Бағдарламаның мақсатты индикаторлары,  өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған 6 негізгі бағыттар бойынша бөлінген-экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология мен жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер және оларға қол жеткізу жолдары анықталған.

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын (әрі қарай - АДБ) табысты іске асыру мақсатында, 2016 жылдың 12 желтоқсанында облыстық мәслихаттың кезекті 10 сессиясында № 73 шешімімен түзету жұмыстары енгізіліп, АДБ-ның жекелеген нысаналы индикаторларының жоспарлы мәндері (салалық министрліктердің келісімі бойынша) қаралды және аталған құжаттың аналитикалық бөліміне де жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығының 6.3 тармағына сәйкес, Аумақтарды дамыту бағдарламасын мониторингтеуді облыстың дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.

92.

Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту. Салалық бағдарламалар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жойылады. Стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде қайта пішіндеу.

Облыс әкімі жоспарлы кезеңде қол жеткізуге  міндеттенген, 2016 қаржы жылына негізгі мақсатты индиакаторлардан тұратын Қызылорда облыс әкімдігінің меморандумы 2016 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрімен бекітілді.

2016 жылдың желтоқсан айында 2016 жылға арналған облыс әкімдігі меморандумы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаевпен қайта бекітілді.

2016 жылдың қараша айында мүдделі орталық мемлекеттік органдар келісімімен 2017 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумы әзірленіп,Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрімен бекітілді.

Әрбір индикаторларға қол жеткізу үшін  индикаторлардың орындалуына облыс әкімінің орынбасарларына, облыстық басқармаларының басшыларына жауаптылық шаралары күшейтілді.

Ай сайын өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандағы индикаторлардың орындалу барысы бақыланады және ай сайын статистикалық мәліметтер мен облыстық мүдделі мемлекеттік органдардың ведомстволық есептіліктері негізінде 2016 жылға арналған облыс әкімдігінің меморандумындағы индикаторларға қол жеткізуге (орындалуына) мониторинг жүргізіледі.

98.

Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді

Бұған дейін, ауылдық әкімдерге 7 кіріс көздері, оның ішінде айыппұлдың 4 түрі бойынша қолма-қол бақылау шоттары ашылған болатын.

Бүгінгі күнге жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шеңберінде ауылдық деңгейге трансферт түрінде түсімнің 6 салық түрі бойынша жеке тұлғалардан жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салық және заңды тұлғалардан жер салығы, көлік құралдарына салық.

2017 жылдың 1 қаңтар жағдайымен берілген трансферттер 620,7 млн теңгені құрады, атап айтқанда:

Арал ауданы жоспар-83,7 млн.теңге,орындалуы-83,7 млн.теңге;

Қазалы ауданы жоспар-189,0 млн.теңге,орындалуы-189,0 млн.теңге;

Қармақшы ауданы жоспар-74,4 млн.теңге,орындалуы-74,4 млн.теңге;

Жалағаш ауданы жоспар-49,7 млн.теңге,орындалуы-49,7 млн.теңге;

Сырдария ауданы жоспар-29,2- млн.теңге,орындалуы-29,2 млн.теңге;

Шиелі ауданы жоспар-53,5 млн.теңге,орындалуы-53,5 млн.теңге;

Жаңақорған ауданы жоспар-96,1 млн.теңге,орындалуы-496,1 млн.теңге;

Қызылорда қаласы жоспар-45,0 млн.теңге,орындалуы-45,0 млн.теңге.

Сонымен қатар, азаматтардың тиісті аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңыздағы және астана, облыстық бюджеттердің бюджеттік жобаларын, сонымен бірге олардың орындалуы туралы есебін талқылауға қатысуының тетіктерін енгізу қаралды.


ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ  БЕС РЕФОРМА

 

Р/с №

Іс-шаралар

Орындалуы

Әртараптараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу

1.

Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс.

Конкурстық рәсімдер мансаптық көтерілуге мүмкіндік жасайды, себебі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

- мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;

- барлық мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;

- барлық азаматтар арасындағы жалпы конкурс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрімен 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бекітілген конкурс өткізу қағидаларына сәйкес конкурстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырыстарына байқаушылар шақырылатыны көзделген.

Сондықтан, қазіргі таңда мемлекеттік органдармен конкурстық комиссияларымен отырыстарына байқаушылар ретінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, БАҚ өкілдерін, мемлекеттік орган, қоғамдық (үкіметтік емес) бірлестіктердің, коммерциялық ұйымдардың, саяси партия  өкілдерін, уәкілетті орган қызметкерлерін шақыру тәжірибеге айналған.

8.

Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру.

Қызылорда қаласы Тасбогет кентіндегі Амангелді көшесі №13-ші 24 пәтерлі арендалық тұрғын үй қолдануға берілді.

9.

Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

 

2016 жылдың 10 айында өңірлік оқу орталығында Өңірлік оқу орталығының 2016 жылға жасалған жоспар кестесіне сәйкес 392 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру семинарларынан және 195 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өту жоспарланған. Бүгінгі күні жыл басынан бері өңірлік оқу орталығында  жергілікті мемлекеттік органдардан – 516  мемлекеттік қызметшілер оқып шықты. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 346 мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін арттырды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша  – 170 мемлекеттік қызметші курстардан өтті. Жыл соңына дейін орталық жоспарына сәйкес 45 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру, 25 мемлекеттік қызметшіні қайта даярлау  жоспарлануда.

Қазіргі таңда аймақтық орталықтың міндетіне тек жоспарланған оқулардан басқа қолданыстағы заңнамаларға енген өзгерістерге де қатысты оперативті түрде құқықтық оқуларды өткізумен айналысуда. Жыл басында 878 мемлекеттік қызметшілер оқытылуы жоспарланса, бүгінгі күні 652 мемлекеттік қызметші оқытылды.

12.

Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

Облыс әкімінің 2016 жылғы 27 қарашадағы №199-ө өкімімен 2016-2017 жылдарға арналған жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметшілерінің имиджін көтеру мақсатында орындалуға жататын шаралар жоспары бекітілді.

Бұл жоспар бойынша мемлекеттік қызметтің деңгейін көтеруге бағытталған шаралар, мақалалар жариялау, қоғамдық емес өкілдердің қатысуымен мемлекетік қызметшінің имиджін көтеруге бағытталған шаралар көзделген.

Бұл бағытта әр айдың бірінші жұма күнінде «ашық есік күндері» өткізілуде, бұл шара азаматтардың келесі сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіндіктері бар, яғни:

-Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі;

-Әкімдіктің құрылымы мен басқармалардың қызметтері туралы.

Бүгінгі күнге дейін өткізілген 2 таныстыру шараларына 30-дан астам азаматтар қатысты.

Өңірлік оқу орталығымен бірлесе отырып, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу  мүмкіндіктері жайлы семинар өткізілді.

Облыс әкімі аппарат басшысының 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 11-4/1-24 бұйрығымен аппарат басшысының орынбасарына этика жөніндегі уәкілдің міндеттерін қоса атқару жүктелді.

2016 жылғы 14 мамырда Қызылорда облысы әкімі аппараты қызметкерлерінің жалпы жиналысында Қызылорда облысы әкімі аппараты қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі бекітілді.

15.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

Бұл бағытта Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енген өзгерістерге қатысты ағымдағы жылдың 9 айында 9 семинар тренингтер өткізілді.

Ағымдағы жылдың шілде айында жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілері арасында сынамалық тесттер қабылдау шарасы ұйымдастырылып, аталған шараға 1485 мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Қазіргі таңда қараша-желтоқсан айларында қосымша сынамалық тесттер өткізу жоспарлануда.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету

30.

Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

2016 жылдың қаңтар айында жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі - ЖПҚ) ішкі істер органының біріңғай жүйесі негізінде құрылды.

ЖПҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.

ЖПҚ қызметкерлерінің қызмет өткеру шарттарын қоса алғанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері деген бірыңғай құқықтық мәртебесі бар.

ЖПҚ қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттеледі.

Жергілікті полиция қызметінің жұмысын үйлестіруді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі дара басшылық және субординация (бағыныстылық) қағидаты негізінде ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін бірыңғай нормативтік құқықтық және әдістемелік базаға сәйкес жүзеге асырады.

ЖПҚ қаржыландыру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

ЖПҚ функцияларына құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар кешенін, жол жүрісін және оның қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік бақылауды және қадағалау жүзеге асыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, қылмыстық теріс қылықтарды тергеп-тексеруді жүзеге асыру, әкімшілік қамауға алынған және белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдауды және ұстау жағдайын қамтамасыз ету және де Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыру жатқызылған.

33.

Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді Стратегиясын жасау.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және босатылатындарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту Орталығы» жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы қоғамдық бірлестігі мен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өзара бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспарға сәйкес 2016 жылдың 9 шілдесінде ОІІД-нің Жергілікті полиция қызметінің ғимаратында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және босатылатындарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту Орталығы» жобасының басты бағыттары, мақсаттары мен міндеттері» тақырыбында семинар өтті. Сонымен қатар, Қызылорда облысының ішкі істер департаментімен бірлесіп, қаладағы 13 учаскеде кездесулер өтіп, психологпен бұрын сотты болғандарға психологиялық диагностика жасалды. Жалпы 34 сотталған азаматтармен жұмыс жүргізілді, олардың              14-і жастар.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 26 шілдесінде Қызылорда облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы қоғамдық бірлестігінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің мамандары, №9 учаскенің полиция қызметкері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жазасын өтеген азаматтарға арналған бейімдеу орталығының өкілдері, босатылған жұмыссыз жүрген азаматтардың қатысуымен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және босатылатындарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту Орталығы» жобасы аясында «Жұмыссыздыққа тіркелу. Әңгімелесуден қалай өту керек?» атты тақырыбында семинар өтті.

Ағымдағы жылғы есептік кезеңге «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның»  3 отырысы өтті. Отырыста түрме реформасының «Сен қоғамға керексің!» үшінші Форумы аясында жаза өтеу орындарынан босатылған сотталғандардың және Пробациялық бақылау есебіне алынғандардың әлеуметтік бейімделу тиімділігін арттыру мақсатында қабылданған бірлескен шаралардың жүзеге асырылу мәселесі қаралды. 

Биылғы жылы қала орталығында «Қылмыстық  жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» ашылып, аталған азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Орталықтың мақсаты құқықтық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік мамандық игеруге қайта даярлаудан  өтуге ықпал жасау.

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту орталықтарына 278 адам жұмыссыз ретінде тіркелді Жұмыспен қамту бойынша 153 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 41 адам қоғамдық жұмыстарға, 6 адам кәсіптік оқыту және қайта даярлау курстарында, 6 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, 9 адам өз бетінше жұмысқа орналасқан. Арал, Сырдария ауданының пробация қызметінің есебіндегі 3 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында несие алған.

Әртараптараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу

35.

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу.

 

2016 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің №248 Жарлығымен аталған Заңның нормаларын қолдануға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатуға және өзге де нормаларға уақытша мораторий жарияланды.

Осыған сәйкес, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін:

1)              «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылдың 2 қарашадағы Заңының нормаларын қолдануға;

2)              шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3)              жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге мораторий жарияланды.

Елбасы Жарлығын орындау мақсатында 30.07.2016 жылы «ҚР Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Осыған байланысты жер сауда-саттықтарын өткізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру жұмыстары жалғастырылуда.

Анықтама үшін: Облыстың жер қоры 24 млн га, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауаларын өндіру мақсатын тұлғаларға табысталған жерлер – 2,4 млн га (облыстың жр қорының 10,2 %-ы), оның 1,7 млн га-сы жайылымдық алаптар.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жерлерді сауда-саттыққа шығаруға барлық шаралар атқарылды (сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге 3,4 млн. теңге бөлініп, 72,0 мың га болатын 451 учаскесі сатуға жоспарланды).

Ағымдағы жылдың 28 қазандағы жағдайына жер сауда-саттықтарына  26 аукцион, 3 конкурс өткізілді.

Саудаға шығарылған жерлерден – 66,1 мың га жерлер сатылды (327 учаске, жоспардың 91,8 %-ы).  

36.

Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.

Аграрлық сектордағы өнімділікті арттыру мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында табысталған жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізумен байланысты нысандар (мал шаруашылығы кешендері, өндірістік жылыжайлар, суару құрылғылары және т.б.) құрылысын салу кезінде және тауар өндірушінің ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда  жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту процедурасы алып тасталды («Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңы қабылданып, 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді – ҚР Президентінің Жарлығымен 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий жарияланды).    

Аудандық және облыстық уәкілетті органдармен ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру шаралары атқарылды (ҚР ҰЭМ және ҚР АШМ өкілдерінің қатысуымен түсіндірме – семинар өткізілді, жер пайдаланушылармен жергілікті жерлерде кездесулер өткізілген, жергілікті және республикалық басылымдарға мақалалар жарияланған).

46.

Рұқсат алуды оңтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін, үшінші – рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №325 бұйрығымен «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» (бұдан әрі - СЖТ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі-стандарт) бекітілді. (Әділет министрлігінде 2016 жылдың                                    6 қыркүйегінде тіркелді, №14118).

Стандарттың негізінде Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылдың 12 қазанында                   №612  қаулысымен аталған қызметтің регламенті бекітілді.

Қазіргі таңда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті әділет органында тіркелуде.

СЖТ беру мерзімі:

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер  бойынша:

1) СЖТ және техникалық шарттарды беру – 6 жұмыс күні, (күрделі объектілер бойынша - 15 жұмыс күні);

2) бастапқы материалдарды (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу үшін - 15 жұмыс күні, (күрделі объектілер бойынша - 17 жұмыс күні);

Сонымен бірге, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 бұйрығымен «Эскиздік (эскиздік жобаларды) келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді. (Әділет министрлігінде 2016 жылдың 21 сәуірінде тіркелді, №13610).

Стандарт негізінде облыс әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырда №463 қаулысымен аталған қызметтің регламенті бекітілді. (Әділет органында 2016 жылдың 1 шілдесінде №5548 тіркелді).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі:

1) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) ұсынылған жағдайда – 10 жұмыс күні, (күрделі объектілер бойынша                 15 жұмыс күні);

Қазіргі таңға аталған қызмет бойынша мерзім бұзу фактілері тіркелмеген.

48.

Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы №450 бұйрығына сәйкес құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша барлық сметалық құжаттар ресурстық әдісімен жүргізіледі.

Қазіргі таңға, 9 әлеуметтік объектінің жобасының сметалық құжаттары ресурстық әдісімен әзірленді.

51.

Өңірлік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электрэнергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электрэнергиясының ақысын азайтады.

Бүгінгі күні өңірімізде электр жарығын беру, тарату, пайдалану және желілерді жөндеумен 3 энергия беруші ұйымдар айналысады, атап айтқанда: «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ы, «Қорқыт Ата әуе жайы» АҚ-ы, «Шиелі-Энергосервис» ЖШС-гі.

Алдын-ала жүргізілген есептеу бойынша ӨЭК-ды ірілендірген кезде біздің өңірімізде беру және тарату қызметіне тариф 4,91 теңгені құраса, ал соңғы тұтынушылар үшін электр энергисының орташа босату тарифі қолданыстағы деңгейде болады.

Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі электрге тәуелділік болып табылады. Біз 60 %  электр энергиясын басқа аймақтардан алудамыз. Соған сәйкес 2 тәуекелдік факторына ие боламыз: жеткізу көлемі және бағасы.

Бұл мәселені шешу мақсатында, сонымен бірге энергетика саласының тиімділігін арттыру үшін «Энергия» концорциумы құрылды.

Жылу электр орталығын кеңейту және қайта құру үшін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды. Бұл қадам өңірімізді өзіміздің электр энергиясымен және тұрақты жылумен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының қаржылық-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған біршама жұмыс жасалды, компанияны сауықтырудың арнайы Жоспары жасалды. Аталған  жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде оның кредиторлық қарызын 4,5 есе, дебиторлық қарызын 2,5 есе азайтуға қол жеткізілді.

«Тариф – инвестиция орнына» мемлекеттік саясатының аясында инвестициялық бағдарламамен белгіленген Еуропа қайта құру және даму банкінің 4 млрд. теңге несие қаржысын қайтаруды есепке алып, «ҚЭТТК» АҚ-ның 5 жылдық мерзімге тарифтің шекті деңгейі бекітілді. Инвестициялық бағдарлама 674,6 км электр тарату желілерін қайта жаңғыртуға, 600 қолданыстағы қосалқы станцияларды Электр энергияны бақылау және есепке алу автоматтандырылған жүйеге біріктіруге, 11 қосымша қосалқы станцияларды орнатуға бағытталып, нәтижесі желілердегі ысыраптарды 2 пайызға дейін, электр желілерінің пайдалануын 9 пайызға дейін азайтады және ұсыналытн қызметтердің сапасын жақсартады.

53.

ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру мақсаттарында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірге Қазақстанның монополияға қарсы заңнамаларына өте кең ауқымдағы проблемалық сұрақтар қамтылатын шолу жүргізді.

Қазақстандағы бәсекелестік заңнамасы мен саясатына жүргізілген Шолудың қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалып, екі кезеңмен жұмыстар жүзеге асырылуда.

Жұмыстардың І кезеңі аяқталып, ІІ кезеңінде (2016 жылы) – «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ЭЫДҰ-ның ұсыныстарына сәйкес заңнаманы детализациялау және монополияға қарсы орган қызметін регламенттеу қарастырылған.

76.

ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

Жаңартылған мазмұндағы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кезең-кезеңімен (0+11) форматында 12 жылдық білім беру жүйесіне  көшудің эксперименттік бағдарламасына сәйкес облыста 2 мектеп республикадағы 30 мектептің құрамында бастауыш білім беру мен мектеп алды даярлық тобындағы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сынақтан өткізілуде.

Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер» мектебі және Жалағаш кентіндегі  №31 орта мектепте  429 оқушы 18 сыныпта эксперименттік бағдарлама бойынша білім алуда.

Барлық эксперименттік сыныптар қажетті оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, жаңа мазмұнға сәйкестендірілген оқу құралдарымен жабдықталған. Экспериментке қатысушы мұғалімдер «НЗМ» ДББҰ-ының ұйымдастырумен өткізілген семинар-кеңестерге қатысты.

2016-2017 оқу жылында облыс бойынша 1-ші сыныпқа қабылданған 18034  оқушы жаңартылған білім мазмұны  бойынша білім алуда. Қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері толық алынған. Мұғалімдер арнайы даярлықтан өткізілді.

12 жылдық білім беруге көшу 2016-2017 оқу жылында 1 сыныптан басталды.

2017-2018 оқу жылында - 2, 5, 7 сыныптар,

2018 -2019 оқу жылында -3, 6, 8, 10 сыныптар,

2019 -2020 оқу жылында – 4, 9, 11, 12 сыныптар көшетін болады.

Облыс бойынша мектеп басшылары, олардың орынбасарларының қатысуымен арнайы жиналыс өткізіліп, жаңа мазмұнда білім беру, 12 жылдыққа кезең-кезеңімен көшу жайлы ақпараттық –түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

77.

Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату

 

Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледжде білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі 10 колледж қатарына енгізілді.

«Кәсіпқор-Холдинг» АҚ-мен бірлесе отырып 77 қадамды жүзеге асыру мақсатында («Электрмен қамтамасыз ету», «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету») инженер-педагогтардың біліктілігін арттыру курстары, оқу лабораториясы мен оқу–өндірістік шеберханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау, шетелдерден әріптес колледждер тауып олардың базасында қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жұмыстары қолға алынуда.

79.

Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен жоо-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.

Облыста 79-қадам бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңімен іске асыруда  оқушыларға ағылшын тілін еркін меңгертуді қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін жетік меңгерген пән мұғалімдерін даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Екі жақты қол қойылған меморандумға сәйкес (облыс әкімдігі мен «KATEV» халықаралық қоры арасында) М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж базасында негізгі мектептің ағылшын тілін меңгерген бастауыш сынып мұғалімдерін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерін даярлау іске асырылуда.

2016-2017 оқу жылынан бастап іске асырылатын облыстағы 41 мектеп-лицейдің (гимназиялардың) 5-11 сыныптарында аптасына 5 сағаттан беріліп, ағылшын тілін  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және қазақ-түрік лицейлерінің методикасымен оқыту бойынша ЖОБА әзірленді.

Сонымен бірге ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша шетелдік мамандар шақыртылып, пән мұғалімдерінің шет елден іс-тәжірибе алмасуы және волонтерлер шақырту жоспарлануда.

84.

Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қызылорда облысының барлық аудандарында әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсету пилоттық жобасы енгізілді. Жобаны іске асыруға нақтыланған бюджетте 33,9 млн.теңге, оның 12,0 теңгесі республикалық бюджеттен қаралған.

Есепті кезеңге 990 адамға 27,4 млн. теңгеге ШАК тағайындалып, 25,2 млн.теңгесі төленді. Шартты ақшалай  көмектің 1 адамға келетін орташа айлық мөлшері 4610,7 теңгені құрайды.

Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 215 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 114 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 96 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

ШАК алушылардың жалпы санынан басым бөлігін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды (65,4%), мүгедектер (1,1%), студенттер (1,7%), бала күтіміндегілер (8,1%) және еңбекке жарамды адамдар (23,4%)

Болашағы біртұтас ұлт

85.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

«Казақфильм» АҚ техникалық трансформациялау

Әлеуметтік-мәдени туризм бағдарламаларын енгізу

 

Қазіргі уақытта облыста 1 облыстық, 1 қалалық, 7 аудандық, 146 ауылдық, 8 кәсіпорында Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс жасауда.

Облысымыздағы Қоғамдық келісім кеңестері жұмыстарының оң тәжірибесі жинақталып қалды. Сырдария ауданының Н.Ілиясов ауылдық Қоғамдық келісім кеңесінің іс-тәжірибесі облыс көлемінде ғана емес, республика бойынша таратылуда.

Қоғамдық келісім кеңес отырыстарында жергілікті аумақтың шешімі кезек күттірмейтін өзекті мәселелері, халықтың әлеуметтік ахуалы, медиациялық мәселелер, көпшіліктің көкейінде жүрген ортақ мәселелер, күтпеген жерден орын алған оқиғалар дер кезінде талқыланып отырады.

Өңірде 1 облыстық, 7 аудандық, 128 ауылдық, 3 кәспорында, 5 этномәдени бірлестіктерде облыстық ассамблеяның Аналар кеңестері құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері отбасы және ана институттарын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды тарату жөніндегі шараларды жүзеге асыру,  қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бірегейлігін қалыптастыру және тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, ата-аналардың дені сау, рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жәрдемдесу, жалғызбасты және көпбалалы аналарға әлеуметтік мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсету,  мектепке дейінгі білім ұйымдары мен жалпы білім беру мекемелері, жоғары және орта, арнаулы орта оқу орындарымен отбасылық құндылықтарды, қыз бала, ер бала тәрбиесін жолға қою мәселелері бойынша тығыз байланыста жұмыс жасау, жастар арасындағы қоғамға жат мінез құлықтың алдын алу, оларды мейірімділікке, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу сияқты маңызды жұмыстар болып табылады.

Достық үйінде Медиация кабинеті ашылды.

Қазақстан халқы  облыстық ассамблеясы хатшылығы, облыстық прокуратура, әділет, ішкі істер департаменттері, білім басқармасы, Судьялар одағы, адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы», «Tura Bi» медиация және сот әділдігін қалпына  келтіру» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалдарының басшылары «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында медиация арқылы даулы жағдайларды төмендетуде нақты істерге бірігу мақсатында өзара ықпалдастық туралы 11 жақты меморандумға қол қойды.

Қазіргі таңда, Достық үйінде ашылған медиация кабинеті өңірлік медиация институттарының жұмысын үйлестіруде. Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының базасында тіркелген қалалық деңгейде 38 кәсіби, 41 кәсіби емес және аудандық деңгейде 302 кәсіби емес медиаторлар бар.

Медиация кабинеті азаматтық қоғам институттарымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. «Азаматтық альянс» қауымдастығы, "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігі «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

86.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар қазақстан республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

Жыл басынан бері облыс бойынша этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, жас ұрпақты толеранттық пен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» институционалдық реформасын жүзеге асыру, «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жоспарын орындау мақсатында облыс көлемінде 2 924 түрлі форматтағы көпшілік-мәдени шаралар, кездесулер, 1 306 қайырымдылық акциялары өткізіліп, 264 814 162,56 теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.

Облыс әкімімен 2016 жылғы 20 қаңтарда «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасын Қызылорда облысында іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары» және «2016  жылы Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының қайырымдылықты дамыту және үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары»  бекітіліп, қала, аудан әкімдіктеріне, облыстық басқармалар мен аймақтық департаменттерге, жоғары және орта оқу орындарына жолданды.

Қазіргі уақытта осы іс-шаралар жоспарларын жүзеге асыру мақсатында қаржы талап етпейтін шаралардың желілік кестелері облыс көлемінде, облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, облыстық білім басқармасы бойынша бекітілді.

Облыстық ассамблея хатшылығы тарапынан этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХIV сессиясында Елбасы берген тапсырмаларды,  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған тақырыптарға арналып актив жиыны, мәжілістер өткізілді. Оларға арналып әдістемелік материалдар әзірленді.

Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ азаматтық қоғам институттарымен әріптестік байланыс аясында «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Дін мен дәстүр - рухани тәрбие негізі»,  Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде  "Біртектілік - бірлікте",  үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Мұрагер» мектебінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» Жолдауын жүзеге асыруда жеткен жетістіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны,  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тілдер қарым-қатынасының теориясы,  «Болашақ» университетінде «Ұлы дала төріндегі Мәңгілік Ел» тақырыбында дәрістер оқылды.

Білім күніне орай барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында, жалпы білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, Ұлт жоспары «100 нақты қадам», «Қазақстанның бейбітшілік пен келісім моделі», «Индустрияландыру - экономикалық даму перспективалары», «Біртектілік пен бірлік», т.б. тақырыптар аясында кешенді ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Облыс бойынша 299 мектептегі 143 мыңға жуық оқушы мен 30 мыңға жуық жоғары және орта оқу орындарының студенттері қамтылған кешенді шараларға облыстық ассамблея құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, дәріс оқыды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының өңірлік кезеңі өткізілді. 

            Облыстық ассамблеяның ХІХ сессиясы облыс әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Достық үйінде өткізілді.

            Сессия жұмысына Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және Қызылорда қаласы әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалар басшылары, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенді өкілдері,  үкіметтік емес ұйымдар, облыстық ассамблеяның құрылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

Елімізде алғаш рет аталған Алғыс айту күніне арналып облыс бойынша  949 шара өткізіліп, оған 340 мыңнан астам адам қатысты. Оған өңірдің барлық аудандары, қалалары мен елді мекендері, облыстық, аумақтық, аудандық, қалалық басқармалар мен департаменттер, бөлімдер, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, құқық қорғау органдары, жоғары және орта оқу орындары, мектептер мен балабақшалар, мәдениет үйлері мен кітапханалар, мұражайлар мен галереялар атсалысты.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай көпшілік-мәдени шаралар, концерттік бағдарламалар, кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, семинар-тренингтер, қайырымдылық акциялары, жастардың флеш-мобтары, барлығы 300-ден астам шаралар ұйымдастырылды.

Еліміз бойынша бір мезетте ұйымдастырылған Мәңгілік Ел патриоттық актісінің негізіндегі ашық диктант жазуға облыс бойынша 2002 адам қатысты. Оның 511-і этномәдени бірлестіктер өкілдері, 258-і қоғам қайраткерлері, 301-і мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, 405-і студенттер және 83-і басқа да азаматтар. Қатысушылардың 911-і «өте жақсы» деген көрсеткіш көрсетсе, 822-сі «жақсы», 269-ы «орташа» деген бағаға ие болды.

Балаларды қорғаудың Халықаралық күніне орай облыстық ассамблея құрылымдар мен аудандардағы ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперттердің ұйымдастыруымен 28 шара өткізілді.

Республика бойынша бір мезгілде өткізілген «Ақ орамал» республикалық акциясы барысында Достық үйінің алаңында «Ақ орамал – бейбіт болашақтың белгісі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында тамыз айында облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде түрлі форматта 343 шара өткізілді. «Ақ орамал» акциясы облыста бір мезетпен ғана шектеліп қалмай, өңірдің елді мекендерінде әлі күні жалғасуда.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы мен «Сыр мейірімі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Онда облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер бір күндік жалақыларын қордың есеп шотына аудару арқылы көпбалалы, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларына, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға қайырымдылық көрсетті. Қоғамдық қорға барлығы 12 343 587,56 теңге аударылып, 3 500-ге жуық балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер алынып берілді. Осындай атқарылған жұмыстардың барлығы халықтың ауызбіршілігін арттырып, қоғамдық келісімнің одан әрі нығаюына үлкен үлес қосары сөзсіз.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық» келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесі, этномәдени бірлестіктер өкілдері де жыл бойы тұрақты түрде жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына, Қарттар үйіне көмек қолын созып отырады.

Есеп беруге міндетті және транспарентті мемлекет

91.

Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Ресімдік сипаттағы барлық тапсырмалар мен аралық бақылау таратылатын болады. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы 2020 жылға дейінгі елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының екінші бес жылдығының болжамды көрсеткіштерін есепке ала отырып, жоғары тұрған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде әзірленді.

Құжатты орталық мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін қарауға ұсынылды және Қызылорда облысы мәслихатының 42 сесиссиясының шешімімен бекітілді. (2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 323 шешім)

Аумақты даму бағдарламасы 112 мақсатты индикаторлардан тұрады және  бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарланған іс шараларға және аумақтық дамыту бағдарламасындағы мақсаттарға, мақсатты индикаторларға қол жеткізуге жауапты қазынашылық мемлекеттік сектор субьектілері, мемлекеттік органдар бағдарламамен айқындалған.

Бағдарламаның мақсатты индикаторлары,  өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған 6 негізгі бағыттар бойынша бөлінген-экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология мен жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер және оларға қол жеткізу жолдары анықталған.

92.

Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту. Салалық бағдарламалар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жойылады. Стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде қайта пішіндеу.

Облыс әкімі жоспарлы кезеңде қол жеткізуге  міндеттенген, 2016 қаржы жылына негізгі мақсатты индиакаторлардан тұратын Қызылорда облыс әкімдігінің меморандумы 2016 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрімен бекітілді.

  Әр бір индикаторларға қол жеткізу үшін 2016 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы іс қимыл жоспарына тиісті өзгертулер енгізілді, индикаторлардың орындалуына облыс әкімінің орынбасарларына, облыстық басқармаларының басшыларына жауаптылық шаралары күшейтілді. Ай сайын өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандағы индикаторлардың орындалу барысы бақыланады.

98.

Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді

Бұған дейін, ауылдық әкімдерге 7 кіріс көздері, оның ішінде айыппұлдың 4 түрі бойынша қолма-қол бақылау шоттары ашылған болатын.

Бүгінгі күнге жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шеңберінде ауылдық деңгейге трансферт түрінде түсімнің 6 салық түрі бойынша жеке тұлғалардан жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салық және заңды тұлғалардан жер салығы, көлік құралдарына салық.

2016 жылдың 1 қазан жағдайымен берілген трансферттер 563,9 млн теңгені құрады, атап айтқанда:

Арал ауданы жоспар-83,7 млн.теңге,орындалуы-68,2 млн.теңге;

Қазалы ауданы жоспар-137,7 млн.теңге,орындалуы-110,2 млн.теңге;

Қармақшы ауданы жоспар-83,1 млн.теңге,орындалуы-50,9 млн.теңге;

Жалағаш ауданы жоспар-38,6 млн.теңге,орындалуы-27,6 млн.теңге;

Сырдария ауданы жоспар-26,3 млн.теңге,орындалуы-17,5 млн.теңге;

Шиелі ауданы жоспар-53,5 млн.теңге,орындалуы-30,2 млн.теңге;

Жаңақорған ауданы жоспар-96,1 млн.теңге,орындалуы-49,6 млн.теңге;

Қызылорда қаласы жоспар-45,0 млн.теңге,орындалуы-37,6 млн.теңге.

Сонымен қатар, азаматтардың тиісті аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңыздағы және астана, облыстық бюджеттердің бюджеттік жобаларын, сонымен бірге олардың орындалуы туралы есебін талқылауға қатысуының тетіктерін енгізу қаралды.

 


ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ  БЕС РЕФОРМА

Р/с №

Іс-шаралар

Орындалуы

Әртараптараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу

35.

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу.

 

2016 жылдың 6 мамырында Елбасы қоғамдық резонанс тудырған жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

     Осыған байланысты 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін:

1)         «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылдың 2 қарашадағы Заңының нормаларын қолдануға;

2)         Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3)         Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге мораторий жарияланды.

Елбасы Жарлығын орындау мақсатында 30.06.2016 жылы «ҚР Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Осыған байланысты жер сауда-саттықтарын өткізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру жұмыстары жалғастырылуда.

Анықтамалық үшін: Облыстың жер қоры 24 млн га, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауаларын өндіру мақсатын тұлғаларға табысталған жерлер – 2,4 млн га (облыстың жр қорының 10,2 %-ы), оның 1,7 млн га-сы жайылымдық алаптар.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жерлерді сауда-саттыққа шығаруға барлық шаралар атқарылды (сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге 3,4 млн. теңге бөлініп, 72,0 мың га болатын 451 учаскесі сатуға жоспарланды).

Ағымдағы жылдың 1 мамырына жағдайына жер сауда-саттықтарына – 54,2 мың га жерлер әзірленді, 16 аукцион, 2 конкурс өткізілді.

Саудаға шығарылған жерлерден – 24,2 мың га жерлер сатылды (113 учаске, жоспардың 45 %-ы, жылдық жоспардың 34 %-ы).

36.

Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.

«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңымен аграрлық сектордағы өнімділікті арттыру мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында табысталған жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізумен байланысты нысандар (мал шаруашылығы кешендері, өндірістік жылыжайлар, суару құрылғылары және т.б.) құрылысын салу кезінде және тауар өндірушінің ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда  жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту процедурасы алып тасталды.

2016 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің №248 Жарлығымен аталған Заңның нормаларын қолдануға уақытша мораторий жарияланды.

 2012-2014 жылдардағы ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды, оның 93,1 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды  (пайдаланылмай отырған жерлердің 70% ы), 31,8 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар жер иелеріне заңдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

46.

Рұқсат алуды оңтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін, үшінші – рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.

Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы №366-V ЗРК Заңында қарастырылған. 

Аталған қадамның аясында, сондай-ақ құрылыс саласындағы бастапқы-рұқсат құжаттамаларын дайындау және беру рәсімдерін бірыңғайлау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашасындағы №750 бұйрығымен «Құрылыс саласындағы рұқсат алу рәсімдерінен өту және құрылыс салуды ұйымдастыру Қағидалары» бекітілді. (2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді).

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №23 бұрығымен «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік кө рсетілетін қызметтердің стандарттары бекітілді (Әділет министрлігінде 2016 жылдың 22 ақпанында тіркелді, №13160).

Тіркелген стандарттардың негізінде облыс әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі №415 қаулысымен жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілді. (Әділет органында 2016 жылдың 4 мамырында тіркелді, №5503).

Сонымен бірге, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 бұйрығымен «Эскиздік (эскиздік жобаларды) келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтік стандарты бекітілді. (Әділет министрлігінде 2016 жылдың 21 сәуірінде тіркелді, №13610).

Стандарт тіркелгеннен кейін бір ай мерзім ішінде облыс әкімдігінің 2016 жылғы                 17 мамырда №463 қаулысымен аталған қызметтің регламенті бекітілді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет регламенті әділет органында тіркелуде.

СЖТ беру мерзімі техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша 15 жұмыс күнінен аспайды, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша 17 жұмыс күнінен аспайды, мерзімі 2 жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда.

Айта кету керек, қазіргі таңға аталған қызмет бойынша мерзім бұзу фактілері тіркелмеген. Мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілмеген құжаттардың талап етілуіне жол берілмейді. Мемлекеттік қызмет  алушымен толық емес құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

47.

Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.

Бүгінгі таңда құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптамадан өткізу үлесінің 80% мемлекеттік сараптамаға, ал тиісінше жеке сарапшылар үлесіне 20% тиеді. Алайда, елде кәсіпкерлік қызметтің жағдайын түбегейлі жақсарту мақсатында мемлекет Басшысының 47- қадам бойынша 2020 жылы мемлекеттік емес сараптамалық жұмыстар үлесін 90% - ға дейін жеткізу қарастырылған.

Бұл бағыттағы шаралардың Жоспары әзірленіп, бәсекелі ортаға беру жөніндегі сараптама қызметі бекітілген.

Сараптамалық қызметтер саласында, бәсекелестік ортаға берілетін жұмыс көлемін анықтау бойынша жұмысшы тобы құралады. Жұмысшы тобы құрамына  Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Құрылыс салушылар Қауымдастығы мен құрылыс саласының Ұлттық қауымдастығы енеді.

Осылайша, 2016 жылғы 1-қаңтардан бастап 2017 жылдың     1-қаңтарына жобалардың бәсекелестік ортаға 50% - ға дейін беріледі, оның ішінде:

- Жаңа құрылысқа, қайта жаңғырту жұмыстарына  және қолданыстағы тұрғын үйдің техникалық және технологиялық күрделі емес ғимараттар мен имараттардың күрделі жөндеу жұмыстарын ТЭН (ЖСҚ); (тех-экон.негіздеме)(жоба-сметалық құжаттар)

- Елді мекендердің аумағында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының ТЭН (ЖСҚ).

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2018 жылы 1 қаңтарына дейін – 70% - ға, оның ішінде:

- қолданыстағы 10 кВ электр желісінің жаңа құрылысына, квартал ішіндегі су құбыры мен кәріз, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу дейінгі жұмыстарын ТЭН (ЖСҚ).

2018 жылдың 1 қаңтардан бастап, 2019 жылы 1 қаңтарына дейін - 80% - ға, оның ішінде:

Қолданыстағы электрмен жабдықтау желілері, кернеуі 35 кВ,  жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының IV және V санаты, кірме темір жол және жалғағыш кірмежолдарының жаңа құрылысы, қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге дейінгі жұмыстарының ТЭН (ЖСҚ).

2020 жылдың 1 қантарынан бастап қалған 10%-ы беріліп экономиканың мемлекетік емес секторындағы жобаларына сараптама жүргізу үлесі 90% - ға дейін жеткізіледі.

Мемлекеттік монополия үлесіне төмендегідей жобалар қалады:

- мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар құрылыс жобалары;

- арнайы техникалық шарттар әзірленетін  бірегей объектілер жобалары;

- техникалық және технологиялық жағынан күрделі ғимараттар мен құрылыстардың жобалары.

48.

Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылыс саласында баға белгілеудің ресурстық әдісіне өту үшін барлық қажетті шаралар жасалынды.

2011 жылдан бастап ағымдағы бағаның мониторингі жасалынып, осыған дейін 350 ден астам нормативтік құжаттар мен сметалық баға белгілеу әзірленген. Барлық аймақтарда өндірушілерден баға туралы ақпарат жинау үшін құрылыс ресурстарының ресми дилерлері мен құрылыс қызметі туралы мониторингімен айналысатын арнайы мамандар жұмыс жасайды.

Өткен жылы құрылыс материалдарының бағалары бойынша мониторингтің нәтижелері жинақталған. Қазақстанның барлық 16 аймағында бұйымдар мен құрал-жабдықтар бағаларын тоқсан сайын жаңартылып отырады.

Жаңа технологияларды жобаға енгізу мақсатында технологиялық карталар жобалары жүйесі жолға қойылған, ол жоба-сметалық нормаларды реттеуді қалыптастырады.

Биылғы жылдың ақпан айынан бастап, бекітілген жоспарға сәйкес ресурстық әдіс іс-шаралары жүзеге асырылады және оқыту бойынша ресурстық әдістерін байқаудан(сынақтан) өткізеді. Сметалық-есептік бағдарламалар әзірлеуші ұйымдар және мамандандырылған оқу орталықтары оқытуды жүзеге асырады.

Ресурстық әдіс құрылыстың нақты құнын және құрылыс бағаларын (еңбек, машиналар мен механизмдер, құрылыс материалдар, жалақы ) кез-келген уақыт мезетінде аңықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ тапсырыс берушілерге жоспарланған бюджет бойынша жұмыс жасауға оңтайлы жағдай тудырады. Кәзіргі таңда Ұлттық экономика министрлігінің 24.06.2015 жылғы №450 бұйрығына сәйкес барлық сметалық құжаттамалар ресурстық әдісімен жасалуда.

49.

Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына Еурокодтар жүйесін енгізу. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді.

Кеңес кезеңінен бері ескірген құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) орнына, Еурокод енгізу қарастырылған.

Қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2020 жылы құрылыс саласының нормативтік базасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2013 жылғы № 1509) ескірген құрылыс нормалары мен ережелерін жоюға, жаңа нормативтік базаны реформалауға толық көшу жоспарланып отыр. Реформаларды іске асыру үш кезеңнен тұрады.

1-кезең: 2014 жылы бірінші дайындық кезеңі аяқталды.

Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары (ҚР ҚН EN 1990-1999), Еврокодқа ұқсас, ұлттық қосымшалармен табиғи-климаттық және геологиялық жағдайлары ескеретін 58 бірлік әзірленді. Сондай-ақ, 455 негізгі жобалау және құрылыс салуды нормативтік-техникалық құжаттарын қайта қарау жүзеге асырылды.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген жаңа нормативтік базасымен (бұйрық 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-нқ) қатар, өтпелі кезеңдегі нормативтік-техникалық құжаттар әрекет етеді.

2-кезең: 2015-2020 жылдар аралығында қолданыстағы нормативтік базаны техникалық реттеудің жаңа жүйесіне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылады, мамандарды дайындауды және құрылыс нормаларын тәжірибеде сынау жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы бейімдеу және сынақтан өткізу, жаңадан қабылданған құрылыс нормативтерін тәжірибе жүзінде қолдану басталады.

3-кезең: 2020 жылға қарай Еурокодтарға толық көшу жүзеге асырылатын болады, бұл өз кезегінде келесі мүмкіндіктер туғызады:

1 - еуропалық интеграциялану және әлемдік құрылыс саласын техникалық реттеуге;

2  -  құрылыс саласында техникалық кедергілерді жоюға және шетелдік инвестицияларды тарту үшін;

3 - инновациялық технологиялар мен материалдар пайдалануға;

4 - құрылыс  қызметіндегі қазақстандық мамандарды бәсекеге қабілеттілік және біліктілігін арттыруға қызмет көрсету, сондай-ақ қазақстандық компаниялар жобалау және құрылыс қызмет саласы бойынша шетелдік нарықтарға шығуға жағдайлар жасауға;

5 - еуропалық стандарттар бойынша құрылыс өнімдерін шығаруға және құрылыс индустриясындағы отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

76.

ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кезең-кезеңімен 12 білім беруге көшудің эксперименттік бағдарламасына сәйкес облыста 2 мектепте бастауыш білім берудің жаңа мазмұнына байланысты стандарты бойынша  апробациядан өткізілуде яғни 1+11.

Эксперимент Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер» мектебінде және  Жалағаш ауданындағы №31 орта мектебінде жүргізілуде. Аталған эксперимент №31 мектептің даярлық сыныбындағы 17 оқушымен және аталған екі мектептің 1-ші сыныптарындағы 18 сынып комплектісіндегі 450 баламен жүргізілуде.

Барлық эксперименттік сыныптар қажетті оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, жаңа мазмұнға сәйкестендірілген оқу құралдарымен жабдықталған, экспериментке қатысушы 54 мұғалім «НЗМ» ДББҰ-ының ұйымдастырумен өткізілген семинар-кеңестерге қатысты.

Эксперимент сыныптардағы оқушылардың жаңа білім мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін Ы.Алтынсарин атындағы Академияның және «НЗМ» ДББҰ-ының өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүргізілуде.

2016-2017 оқу жылында 12 жылдық білім беруге облыстағы барлық бастауыш сыныптардың көшуі үшін жаңа бағдарлама мазмұнына сәйкес оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, қажетті құралдармен жабдықтау және мұғалімдердің арнайы курстардан өтіп білімдерін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру жүргізілуде.

77.

Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату

 

Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледжде білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі 10 колледж қатарына енгізілді.

«Кәсіпқор-Холдинг» АҚ-мен бірлесе отырып 77 қадамды жүзеге асыру мақсатында («Электрмен қамтамасыз ету», «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету») инженер-педагогтардың біліктілігін арттыру курстары, оқу лабораториясы мен оқу–өндірістік шеберханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау, шетелдерден әріптес колледждер тауып олардың базасында қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жұмыстары қолға алынуда.

79.

Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен жоо-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.

Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңімен іске асыруда оқушыларға ағылшын тілін еркін меңгертуді қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін жетік меңгерген пән мұғалімдерін даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Екі жақты қол қойылған меморандумға сәйкес (облыс әкімдігі мен «KATEV» халықаралық қоры арасында) М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж базасында негізгі мектептің ағылшын тілін меңгерген бастауыш сынып мұғалімдерін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерін даярлау жоспарлануда.

2016-2017 оқу жылынан бастап іске асырылатын облыстағы 41 мектеп-лицейдің (гимназиялардың)  5-11 сыныптарында аптасына 5 сағаттан беріліп, ағылшын тілін  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және қазақ-түрік лицейлерінің методикасымен оқыту бойынша ЖОБА әзірленді.

Сонымен бірге ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша шетелдік мамандар шақырытылып, пән мұғалімдерінің шет елден іс-тәжірибе алмасуы және волонтерлер шақырту жоспарлануда.

Нәтижесінде 2019-2020 оқу жылында 41 мектеп-лицейдің (гимназияның) 11 сыныптарында, 2020-2021 оқу жылында 10-11 сыныптарда  жаратылыстану бағытындағы бір пән ағылшын тілінде оқытылатын болады.

Біртектілік пен бірлік

90.

Бес институттық реформаны, сондай-ақ, бақ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету.

2015 жылғы 17 қарашада «Бес институционалдық реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» медиа-жоспары бекітіліп, ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 

Атап айтқанда, «Елбасы жолдауы – елдіктің арқауы», «Жарқын болашақтың жүз қадамы», «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам, «Ұлт жоспары – ұлы бастама», «100 нақты қадам», «Ұлт жоспары», «Армандар алға жетелейді», «Қазақстандық арманға бастайтын жол», «Ұлт жоспары Қазақстандық арманға бастайтын жол», «Саладағы салмақты қадам», «Ұлт жоспары насихатталды», «Өсу мен өркендеудің жаңа кезеңі», «Жаңаруға жетелейтін жоспар», «Әртараптандыру басты бағыт», «Зор сенім және үлкен жауапкершілік», «Ұлт жоспарын жүзеге асыруға барлық негіз бар», «Ұлт жоспарының ұлан-ғайыр міндеті», «Бағыт», «Құқық», «План нации», «Уақыттың таңдауы – халықтың қолдауы», «100 нақты қадам – Ұлт жоспары», «Бес реформа – 100 нақты қадам», «Актуально» тақырыбында барлығы 431 материал жарияланып, электронды БАҚ-да 426 сюжет көрсетілді. 

Сонымен бірге, «Болашаққа 100 қадам» Ұлт жоспарының әрбір қадамын түсіндіру және іске асыру туралы бекітілген кестеге сәйкес аумақтық, жергілікті атқарушы органдар басшыларының және қала, аудан әкімдерінің есепті кезеңде 47 брифингі ұйымдастырылды.

Есеп беруге міндетті және транспарентті мемлекет

91.

Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Ресімдік сипаттағы барлық тапсырмалар мен аралық бақылау таратылатын болады. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы 2020 жылға дейінгі елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының екінші бес жылдығының болжамды көрсеткіштерін есепке ала отырып, жоғары тұрған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде әзірленді.

Құжатты орталық мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін қарауға ұсынылды және Қызылорда облысы мәслихатының 42 сесиссиясының шешімімен бекітілді. (2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 323 шешім)

Аумақты даму бағдарламасы 112 мақсатты индикаторлардан тұрады және  бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарланған іс шараларға және аумақтық дамыту бағдарламасындағы мақсаттарға, мақсатты индикаторларға қол жеткізуге жауапты қазынашылық мемлекеттік сектор субьектілері, мемлекеттік органдар бағдарламамен айқындалған.

Бағдарламаның мақсатты индикаторлары,  өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған 6 негізгі бағыттар бойынша бөлінген-экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология мен жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер және оларға қол жеткізу жолдары анықталған.

92.

Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту. Салалық бағдарламалар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жойылады. Стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде қайта пішіндеу.

Облыс әкімі жоспарлы кезеңде қол жеткізуге  міндеттенген, 2016 қаржы жылына негізгі мақсатты индиакаторлардан тұратын Қызылорда облыс әкімдігінің меморандумы 2016 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрімен бекітілді.

Әр бір индикаторларға қол жеткізу үшін 2016 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы іс қимыл жоспарына тиісті өзгертулер енгізілді, индикаторлардың орындалуына облыс әкімінің орынбасарларына, облыстық басқармаларының басшыларына жауаптылық шаралары күшейтілді. Ай сайын өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандағы индикаторлардың орындалу барысы бақыланады.

98.

Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді

Бұған дейін, ауылдық әкімдерге 7 кіріс көздері, оның ішінде айыппұлдың 4 түрі бойынша қолма-қол бақылау шоттары ашылған болатын.

Бүгінгі күнге жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шеңберінде ауылдық деңгейге трансферт түрінде түсімнің 6 салық түрі бойынша жеке тұлғалардан жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салық және заңды тұлғалардан жер салығы, көлік құралдарына салық.

2016 жылдың 1 шілде жағдайымен берілген трансферттер 558 млн теңгені құрады, атап айтқанда:

Арал ауданы жоспар-83,7 млн.теңге,орындалуы-48,6 млн.теңге;

Қазалы ауданы жоспар-137,7 млн.теңге,орындалуы-93,2 млн.теңге;

Қармақшы ауданы жоспар-76,5 млн.теңге,орындалуы-33,0 млн.теңге;

Жалағаш ауданы жоспар-38,6 млн.теңге,орындалуы-20,3 млн.теңге;

Сырдария ауданы жоспар-26,3 млн.теңге,орындалуы-12,1 млн.теңге;

Шиелі ауданы жоспар-53,5 млн.теңге,орындалуы-3,5 млн.теңге;

Жаңақорған ауданы жоспар-96,1 млн.теңге,орындалуы-22,4 млн.теңге;

Қызылорда қаласы жоспар-45,0 млн.теңге,орындалуы-15,6 млн.теңге.

Сонымен қатар, азаматтардың тиісті аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңыздағы және астана, облыстық бюджеттердің бюджеттік жобаларын, сонымен бірге олардың орындалуы туралы есебін талқылауға қатысуының тетіктерін енгізу қаралды.

 

Құрылған күні: 17-11-2015 13:09
Жаңартылған күні: 13-02-2017 09:21

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика