Жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ
19/03/2019 - 15:47
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Алтын қолдар» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясындағы бұл көрме биыл үшінші рет өтіп отыр.
Бұл жолғы көрмеге түрлі оңалту орталықтарынан 5 оқушы және үйден оқытылатын 15 мүмкіндігі шектелуі балғын қатысып, 200 жуық қол өнер бұйымдарын таныстырды. Балалар мүмкіндігі шекетулі екеніне қарамастан өнерге деген қабілетінің жоғары екенін көрсетіп отыр.
Жалпы көрменің мақсаты мүмкіндігі шектеулі балғындарымызға қолдау көрсету. Олардың маңдай тер еңбегі, төл өнерлерін жұртшылыққа паш етіп, қоғаммен байланысын арттыру, қоғам алдында қажет екендіктерін сезіндіру, асқақ армандарының орындалытындығына көз жеткізу екенін айтқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев балғындардың шығармашылығына табыс тіледі.
«Мемлекет басшысы, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халықына арнаған әрбір Жолдауында әлеуметтік мәселелерге ерекше тоқталып, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуді қоғам болып жүзеге асыруды үнемі айтып келеді. Жақында өткен «Nur Otan» партиясың кезекті XVIII съезінде де Елбасы халықты әлеуметтік қолдау бағыттында соның ішінде, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған ата-аналарға қолдауды күшейтуді тапсырды. Осыған орай бүгінгі таңда үкімет, жергілікті билік тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, көрсетілетін қызмет түрлері жеңілдетіліп отыр. Жетекші партия өзінің «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсетуді басты жұмыстарының бірі ретінде белгілеп, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі шара соның бір көрінісі»,- деді Ибадулла Құттықожаев.
Жалпы көрмеге облыстық білім басқармасы, мүгедектер қоғамдық бірлестіктері мен ҮЕҰ–дар өкілдері қатысып, балғындар туындыларын тамашалады. Бірінен - бірі туындыларымен тамсандырған балғындардың барлығы облыстық партия филиалы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
МӘСЛИХАТТЫҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19/03/2019 - 14:07
Қызылорда қалалық мәслихаты хатшысының 2019 жылғы 18 наурыздағы №14 өкімімен Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы Қызылорда қалалық мәслихатының аппарат басшысы болып тағайындалды.
Жанмұрат Жақсымұратұлы, 1985 жылы 29 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жоғары білімді: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих, құқық және экономика негіздері және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы қызметінен бастаған.
2008-2011 жж. Қызылорда облысы, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;
2011-2013 жж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы;
2013-2017 жж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы-қала әкімі орынбасарының көмекшісі, қала әкімінің көмекшісі;
2017 жылдан осы кезге дейін, Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: КӘСІПКЕРЛЕРДІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ
19/03/2019 - 10:04
Облыс әкімі Қ.Көшербаев кәсіпкерлерді аз қамтылған жанұяларға көмек көрсету шараларына белсенді атсалысуға шақырды және тұрмысы төмен отбасыларға көмек беруге қатысты бірқатар шараларды ұсынды.
Жиынды ашқан аймақ басшысы Наурыз мерекесімен құттықтап, Ұлыстың ұлы күнінде қазақ халқында қалыптасқан игі дәстүр бойынша қолдауды қажет етушілерге көмектесіп, тамақпен қамтамасыз етіп, жетімдер мен науқастарға қайырымдылық көмек көрсетілетінін атап өтті. 
"Үкімет тіпті ең күрделі кезеңдерде де өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындады. Елімізде әлеуметтік шығындар деңгейі үнемі жоғары болған және алдағы уақытта да ұлғаятын болады. Бүгінгі күні әлеуметтік салаға жыл сайын облыстық бюджеттің орта есеппен 60% бөлінуде. Сонымен қатар, әлеуметтік саясат дұрыс жүргізілуі тиіс, өйткені масылдық көзқарастың өсуіне жол берілмеуі керек. Адамдарға күндерін өздері көру үшін жұмыс беру қажет. Көмек аса мұқтаждарға ғана берілуі  тиіс»,-деді аймақ басшысы.
Өңірдегі аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау аясында осы саладағы проблемалық мәселелер анықталып, жұмыс алгоритмі әзірленді. Аймақтағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың, яғни көп балалы жанұялар, жалғыз басты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың нақты санын анықтау және өзектендіру мақсатында (аулаларды аралау) талдау жүргізілді.
Осындай әрбір отбасына облыстың барлық ірі және орта кәсіпорындары, бизнесмендері, сондай-ақ, шенеуніктері жауапты ретінде бекітіліп, оларға нақты қандай көмек қажет екені анықталады.
Сонымен қатар, осы жанұялардың еңбекке жарамды мүшелерін (әкесі, анасы, үлкен ұлы, қызы) жұмыспен қамтуға (жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, өз кәсібін ашуға) ықпал жасап,  отбасындағы кемінде бір  баланы тегін оқытуға жәрдем көрсетіледі.
"Яғни, болашақта бұл отбасы материалдық жағдайын түзеп,  аяғына тұруы үшін барлық жағдай жасаймыз. Бұл жұмысты Қызылорда қаласында бастап кеттік. Қазір аталмыш шараларға барлық аудан әкімдіктері де қосылатын болады. Және де өңірлік «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік Палатасы кәсіпкерлердің осы іс-шараға белсене қатысуына бастамашы болуы қажет. Егер Сіздер қайырымдылық көрсетуді қолайсыз және қажет емес деп санасаңыздар, біз ешкімді мәжбүрлемейміз»,-деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, бизнес өкілдері облыс әкімінің бастамасын қолдап, мұқтаждарға көмектесу - олардың азаматтық борышы  екенін айтты.
ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЛЕТІ ӨТТІ
18/03/2019 - 10:50
Қызылорда облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне арналған слет өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Дәстүрлі түрде өтетін бұл шараның мақсаты – ішкі істер органдарына енді ғана қабылданған жас қызметкерлерін, департаменттің жеке құрамын отансүйгіштікке, патриоттық өнеге тәрбиелеу болып табылады.
Салтанатты шараға ішкі істер органына жақында қабылданған 60-қа жуық жас қызметкер, олардың тәлімгерлері және жас қызметкерлердің ата-аналары қатысты. Қызылорда ОПД-мен қатар шараға облыстағы барлық аудандық ішкі істер бөлімдері, Қызылорда ҚПБ және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі, ІІО ардагерлері, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері де атсалысты.
Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев баяндама оқыды. Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы саяси ғылымдардың кандидаты Сәулет Сахиев Елбасының «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жолдауы бойынша баяндама жасады.
Шара кезінде жас қызметкерлердің арасында «Динамо» ДШСҚ тирінде әр бөліністің жас мамандары мен тәлімгерлері арасында сайыс өтіп сайыс жеңімпаздары марапатталды.
Қатысушыларға департамент қызметкерлерінің күшімен дайындалған қару-жарақ көрмесі  және оқыту-үйрету бейнеролигі көрсетілді.  
Мерекелік шара соңында слетке қатысушыларға департаменттің Жедел жоспарлау орталығының жұмысы, Департаменттің мұражайы және «112» диспетчерлік қызметі таныстырылды. Сонымен қатар қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерін еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.  
  • Қазақстан-2050 сайтына өту
  • Қызылорда облысы әкімдігінің инфографика галереясы
  • Қызылорда облысы әкімдігінің бейнегалереясы
  • Қызылорда әкімдігінің фотогалереясы
  • Геопортал
  • БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ
  • 2020
  • МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ
  • ХҚО

Анықтамалық

Маңызды аңдатпалар

Хабарламалар

Құттықтау

Ержан Уайс Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы,журналист (25 июня, 2014 - 09:38):
Астана құрылысының бас сәулетшісі бұл елбасы.Бастаманы көтеріп бас қаланы салдырған президент ретінде тарихта қалды. Соның арқасында елорданы қазірде әлем жұртшылығы таныды. Стамбул, Париж секілді ғасырлық тарихы болмаса да жас Астана жасампаздығын дәлелдеді. Білімнің де мәдениеттің де ордасына айналды бүгінде. Әлемдік дін басылардың сьезі өтті, ОБСЕ-нің 2010 жылы алқалы жиынын өтті. Маған тағдыр тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Түркияда бас консул қызметін атқаруды бұйыртты. Бақыттымын. Жасай бер жас қала Астана!

Талгат Асанов, директор ТОО "Истиат групп" (24 июня, 2014 - 18:38):
Дорогие казахстанцы, жители и гости столицы! Примите сердечные поздравления с Днём Астаны! Столица нашего государства - один из красивейших городов мира, воздвигнутый совместными усилиям всех наших соотечественников. От всей души желаем каждой казахстанской семье здоровья, мира и благополучия, и процветания Казахстану и его прекрасной столице – Астане!

Абзал ЕРАЛИЕВ, Герой Труда Казахстана (24 июня, 2014 - 17:28):
Как всем известно, начиная с 2006 года, ежегодно 6 июля отмечается День Столицы Астана - главного города республики Казахстан. Именно 6 июля 1994 года Верховным Советом было принято решение о переносе столицы Казахстана из Алма-Аты в Акмолу - город, который, впоследствии, был назван Астаной. 6 июля - это еще и день рождения первого президента республики - Нурсултана Назарбаева. День cтолицы Астана является официальным праздником государства, «являясь символом достижений Казахстана». Каждый год во время праздника столицы приурочивают открытие различных архитектурных памятников, комплексов, сооружений социального назначения, проведение культурных мероприятий. Так в 2007 году в качестве поздравления с Днем cтолицы состоялось открытие монумента, посвященному легендарному полководцу Казахстана Богенбай Батыру. Все мы в эти годы наблюдали, как хорошела и росла наша столица, как росли здания жилых домов и учреждений, как быстро обустраивался левый берег города. Видя все это, и в регионах старались заниматься строительством также быстро, качественно и красиво. Если бы пример Главы нашего государства по превращению Астаны в центр Евразии распространился на все регионы Казахстана, то уже сейчас бы многие наши города и села привлекали миллионы людей. Взять, к примеру, наш аул имени Наги Ильясова. Когда мы занимались его благоустройством, у меня всегда перед глазами стояла столица. Потому мы старались сделать все возможное, чтобы людям в ауле жилось не хуже, чем в Астане. И в первую очередь мы старались перенять опыт, советовались с населением, которое положительно восприняло наши идеи. А уже сейчас жители радуются всем переменам в ауле. Все наши действия позволили наладить социальную инфраструктуру, развивать предпринимательство, культуру и спорт, следить за благоустройством и озеленением населенного пункта. Сейчас народ воочию видит, какие преобразования происходят в ауле Наги Ильясова и в аульном округе Бесарык. И лестная оценка Нурсултана Назарбаева во время визита в аул Ильясова накладывает на нас еще больше ответственности. Наш опыт архитектурного оформления и благоустройства стал распространяться по всей республике. Одним словом, в своем развитии мы равняемся на столицу.

Кенжебек БЕРДИХОДШАЕВ, директор ТОО «Кызылорда-Техосмотр» (24 июня, 2014 - 17:27):
В том, что столица нашей страны Астана растет и хорошеет не по дням, а по часам, можно убедиться, не побывав здесь даже неделю. По делам своей работы я часто бываю здесь и убеждаюсь, что все по силам человеку – можно даже из захолустного городка сделать такой красивый город, что не стыдно перед различными иностранными делегациями и гостями. Совсем скоро казахстанцы отметят день рождения Астаны – столицы, которая стала не только главным городом Казахстана, а и центром Евразии. Конечно, главная заслуга такого кардинального преображения городапринадлежит Главе государства Нурсултану Назарбаеву, а поддержка народа Казахстана, несомненно, помогла создать столицу Казахстана в сердце Евразии такой, какой ее и задумывал он. Меня в первую очередь поразила смелость решения о переносе столицы – ведь предстоял огромный объем работы, причем в сжатые сроки. Далеко не в каждом государстве за столь короткие сроки можно сделать то, что удалось Казахстану. Несмотря на то, что живу в Кызылорде, я, как и миллионы казахстанцев люблю нашу новую столицу всем сердцем и душой. В честь дня рождения Астаны хочу высказать свои самые лучшие пожелания не только астанчанам, но и всем казахстанцам. Я хочу, чтобы наша страна всегда процветала, а Астана, уже являясь центром Азии, была всегда на передовых позициях в мире.

Бақберген Досмамбетов мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы (24 июня, 2014 - 11:15):
Әр елдің өз астанасы болады. Сол ел өз астанасына қарай бой түзейді. Қазақ тарихында берісі Орынбор,Қызылорда, Алматы, Астана еліміздің бас қаласы болса, әрісі тарихы терең Сыр өңірі бірнеше мәрте осы атауға ие болды. Оғыздардың резиденциясы Шірік Рабат, қыпшақтардың бас қаласы Жанкент,Сығанақ қалашықтары осы Сыр бойында болған. Ал, қазіргі Қазақстанның атын әлемге айшықтап тұрған ел ордасы Астана екені белгілі. Халықаралық форумдар, алқалы жиындар осында өтіп, елдің имиджі осы қала арқылы қалыптасып келеді.

Индира (18 июня, 2014 - 17:54):
Астана мерейің үстем болсын !!! Біз сенімен мақтанамыз!!!

Bahyt (18 июня, 2014 - 14:54):
Гульдене бер біздің Астана!!!

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан 2050 стратегиясы
  • «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ
  • Қазақстан Республикасынiң Үкiметi
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
  • Тіл әлемі
  • Қазақстан Республикасының Парламенті
  • Atau.kz ономастикалық электрондық базасы
  • Termincom.kz
  • EMLE.KZ
  • ҚР Әділет Министрлігі
  • QUJAT.KZ
  • EXPO 2017
  • Ақпараттық сервис
  • TilMedia
  • el.kz әлеуметтік желісі
  • тарифтер
  • "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры
  • Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
  • Нұр Отан
  • Қазақстанның Мобильдік Үкіметі
  • Қазақстандағы 100 жаңа есім
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Қаржы орталығы
  • Ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі
  • Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасы
  • Baikonur Invest
  • Жұмыс порталы
  • Ашық НҚА
  • Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Ауа райы

Сауал

Коммуналдық мекемелер қызметіне көңіліңіз тола ма?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес