OFFICIAL
INTERNET-RESOURCE OF
THE AKIMAT OF
KYZYLORDA REGION

Enter Title

Мекен-жайы: Астана қ., Иманов көш., 50, 410-кеңсе,

Анықтама қызметінің телефоны.: 8 (7172) 56 44 03

Қызылорда қ., А.Тоқмағамбетов , 66  8 (7242) 27-35-59

e-mail: druginfo-kzr@mail.ru

 

1-қазаннан бастап республиканың 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында Денсаулық сақтау министрлігі мен Бүкіләлемдік қайта құру және даму банкінің «Технологияларды беру мен денсаулық сақтау секторында институционалды реформа жүргізу» жобасы шеңберінде ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК базасында Дәрілік-ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімдері жұмысын бастады. Бұрын орталықтарды Астана қаласындағы орталық бөлімі, сондай-ақ  Алматы, Ақтөбе, Петропавл және Өскемен қалаларындағы аймақтық бөлімдері өкілдік ететін.

 

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орталықтың негізгі міндеттері белгіленген, олар формулярлық жүйені дамыту арқылы дәрілік заттарды орынды қолдануға көмектесу, халық пен денсаулық сақтау саласындағы мамандарға дәрілік заттар туралы объективті және дәйекті ақпарат  ұсыну болып табылады.

 

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға қатысты ақпараттың сапасы мен объективтілігіне айрықша көңіл бөледі. Осы уақытқа дейін аталған қызметті негізінен коммерциялық ұйымдар – Қазақстан нарығында өз өнімін жылжытуға мүдделі фармацевтикалық фирмалар ұсынған болатын. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі халық пен медициналық әлеуметтің игілігі үшін айқын негізде жұмыс істейтін және дәлелдемелі медицина принциптеріне негізделген дәрілік заттарды орынды және қауіпсіз қолдану туралы объективті ақпарат беретін дәрілік орталықтардың мемлекеттік желісін құру туралы шешім қабылдады.    

2012 жылдың алғашқы 2 айында  Дәрі-дәрмек ақпараттық орталық (ДАО) 3,5 мың қазақстандыққа кеңес берді.

 

         Түскен сұраныстарға жүргізілген мониторинг бойынша, сұрақтардың басым бөлігі дәрілік заттың құны және қалай қолдану керектігі жайында болса, тегін берілетін дәрілік заттар мен жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылу тәртібі бойынша сұрақтар да сирек емес. Бұл сұрақтар, 2011-2015 жылдарға жоспарланған «Саламаты Қазақстан» атты Мемлекеттік бағдарлама аумағында болғандықтан, ДАО емдеуге жатқызу бюросының Республикалық порталымен  бірлесіп, стационарлық көмекті алудың сатылы алгоритімін назарларыңызға ұсынады.

 

     Баршаға мәлім 2010 жылдың 1 қаңтарында енгізілген Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесі біздің еліміздің тұрғындарына емхананы, аурухананы, бөлімшелік дәрігерді өз еркімен таңдауға мүмкіндік береді. Емханаға тіркелу жылына 1 рет жүргізіледі.

 

Ем жоспарлы түрде жүргізілетін болса, науқас қандай клиникада емделетінін бөлімшелік дәрігермен бірлесе отырып шешеді. Және де науқастың сырқатының күрделілігіне байланысты, астаналық клиникаларда не болмаса басқа обылыс клиникалаларында да, емделуге де мүмкіндігі бар.  

 

 

 

Date created: 07-08-2012 07:42
Updated date: 10-02-2016 15:42
Region
Information Guide
Authority
Law
Business
Nature
State services
Economics
Society
Infrastucture

©  AKIMAT OF KYZYLORDA OBLAST

All rights are reserved.

When using material from site link to the source is obligatory

Яндекс.Метрика