OFFICIAL
INTERNET-RESOURCE OF
THE AKIMAT OF
KYZYLORDA REGION

Enter Title

 Қызылорда облысында eGov.kz порталымен жұмыс жасау жөніндегі оқыту бағдарламасы басталды, ол ағымдағы жылғы маусым айынан облысымыздың қала және аудандарды қамтитын болады. облыс бойынша жылдың соңына дейін 3190 адам оқытылады деп жоспарлануда.

Маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап оқыту курстары Жалағаш және Арал аудандарында басталады.

Шілде айымен тамыз айы аралығында Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданында жүргізіледі.

Мысалы, мекенжай анықтамасын алу үшін әдетте кез келген қазақстандық аз дегенде бір сағат уақыт жұмсайды, бұған жолға кеткен мен ХҚКО-да өз кезегін күту уақытын қосуға болады. Ал дәл осы анықтаманы ол не бары 3-5 минуттың ішінде «электрондық үкімет» порталында – Интернет арқылы да ала алады. Бұны қалай іске асыруға болады – бұл туралы семинарларда айтылады.

Тренингтерді «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің және ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ компаниясы өткізеді.

Бағдарламаның мақсаты – қазақстандық е-үкіметтің дамуы туралы әңгімелеу ғана емес, сондай-ақ порталдың негізгі мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануды үйрету болып табылады. Мысалы, курсты тыңдаушыларға Интернет арқылы жылжымайтын мүліктің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама алу, неке қиюды тіркеуге өтініш беру, баланы бала-бақшаға кезекке қою немесе салықтар мен айыппұлдар төлеу мүмкіндіктері көрсетіледі. Қатысушылар үш академиялық сағат ішінде үйде отырып-ақ, мемлекеттік  және коммерциялық қызметтерді іс жүзінде қалай алуға болатынына, әрі бұл әрекеттің өте жеңіл екеніне көз жеткізе алады.

Өздерінің қызметкерлерін оқытуға мүдделі жұмыс берушілер үшін арнайы өтінім беру және өздерінің кеңселерінде тұсаукесер өткізу үшін жаттықтырушы шақыру мүмкіндігі ұсынылады.

Семинарға қатысуға тілек білдірген кез келген адам 1414 нөмірі бойынша өтінім бере алады. Еліміздің барлық өңірлері үшін ұялы және станционарлық телефондардан қоңырау шалу тегін.

 

Date created: 07-08-2012 07:15
Updated date: 20-04-2015 17:09
Region
Information Guide
Authority
Law
Business
Nature
State services
Economics
Society
Infrastucture

©  AKIMAT OF KYZYLORDA OBLAST

All rights are reserved.

When using material from site link to the source is obligatory

Яндекс.Метрика