ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

2015 жылдың І жартыжылдыққа атқарған жұмыстары туралы ақпарат
 
2015 жылы өрт қауіпті маусымда Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары облыс әкімінің орынбасарымен 2015 жылдың 18 наурызында бекітілді. 
Облыс әкімінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №681-ө өкімімен 2015 жылдың өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды. 
2015 жылдың есепті кезеңінде 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3033 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, елді-мекендер мен ауылдық округтерге 1176 ескерту хаттар таратылып, ақпарат құралдарына 20 рет мақалалар жарияланды. 
Қыс мезгілінде халықты отынмен қамтамасыз етуге 2015 жылға 28,1 текше метр жыңғыл бұталарын кесуге рұқсат алынып, есепті кезеңде 5,2 мың текше метрі игерілді.  
Орманды жанама пайдалануға 128 дана орман билеті босатылып жер мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді.  
2015 жылдың есепті кезеңінде 2007 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 1000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген. Ағаш көшеттерін өсіретін 7,6 га орман тұқымбағы ұйымдастырылып, 59,9 га жердің шығымдылығы нашар бұрынғы жылғы егілген орман екпелері толықтырылды.  
Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында жыл сайын 297  мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 500 га сексеуіл алқабына химиялық өңдеу жұмыстары атқарылды.
2015 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 14 фактісі анықталып, олардың табиғатқа келтірген залалының көлемі 163,3 мың теңгені құрап толығымен өндірілді.
 
Тұрмысттық қатты қалдықтарды жинақталуы бойынша
Облыс бойынша 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында 71,5 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, өндірістік қалдықтар 47 мың тонна (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.
Тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделуі бойынша
Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өндеумен айналысады. 
2015 жылғы 1-ші жарты жылдығында  облыс бойынша аталған мекемемен 2,8 мың тонна ТҚҚ өңделген.
Облыс бойынша санитариялық тазариялық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы
«Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» облыс әкімнің 2015 жылғы 6 наурыздағы №659-ө өкімімен  үстіміздегі жылдың 14 наурызы мен 16 мамыры аралығында санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №12-ө өкімімен санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының жүргізілу мерзімі 2015 жылдың 14 наурызы мен 29 маусымы аралығы болып өзгертілді. 
Жоғарыда аталған өкімге сәйкес, бүгінгі таңда облыстың барлық елді мекендерінде сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған сенбіліктерге 41 600 астам адам күші мен 354 дана техникалар жұмылдырылды. 
Нәтижесінде, арнайы полигондарға 26,5 мың текше метр тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

2015 жылдың 1-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
 
Санитариялық тазалық жұмыстарының барысы туралы
«Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» облыс әкімнің 2015 жылғы 6 наурыздағы өкімімен үстіміздегі жылдың 14 наурызы мен 16 мамыры аралығында санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланды. Осы өкімді іске асыру мақсатында, облыс бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, облыста 3 рет сенбілік ұйымдастырылып, аталған сенбіліктерге 20250 астам тұрғындар мен 318 дана техникалар жұмылдырылды. 
Нәтижесінде, арнайы полигондарға 5261 мың текше метр тұрмыстық қалдықтар шығарылып, 8300 шақырымға жуық көшелер мен арықтар тазаланды.
 
Құрамында сынап бар қатерлі қалдықтарды бөліп жинау тәжірбесін енгізу
2014 жылғы мамыр айынан бастап «ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі Құрамында сынап бар қатерлі қалдықтарды бөліп жинау жұмыстарымен айналысуда.  
«ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі жыл сайын құрамында сынап бар шамдарды бөліп жинау, өндеу және залалсыздандыру үшін қабылдайтын болады. 
«Экотром - 2У» құрылғысының қуаттылығы жылына 1500 тонна қауіпті қалдықтарды өндеуге және залалсыздандыруға мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі арқылы 5870 дана құрамында сынап бар энергоүнемдегіш шамдар өңделді.

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн гектар болса, оның 3,03 млн гектары орманды алқап. Осы алқаптың 121,3 мың гектар жері 1 сыныпты аса өрті қауіпті жерлер, олар Сырдария өзенінің бойындағы тоғайлы орман алқаптары жатады, ал қалған көлемі 5 сыныпты өрт қауіпті жерлер. Орман құраушы негізгі ағаш - сексеуіл.
Облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағымен ауылшаруашылығы құрылымдарына қарасты орманды алқаптарда өрт қауіпі бар кезеңдерде жүргізілетін шаралардың іс-шара жоспары  облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді. Бұл іс-шараға облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшыларынан келісім алынды.
Сонымен қатар 2014 жылдың өрт қаупі маусымында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмысшы тобын  (штабын) құру туралы облыс әкімінің 2014 жылғы 21 мамырда  №415 өкімі шықты.
«Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдармен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 қаулысына сәйкес облыста 9 дана өрт сөндіру машинасы мен 51 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Облыс бойынша өртке қарсы орман шаруашылығы мекемелерінде 20 дана трактор тіркемесімен, 1 дана өрт–химиялық  станциясы, 9 дана радиостанция, 14 дана арқаға салып жүретін өрт сөндіргіштер, 495 дана ұрғыш, 91 дана балта, 159 дана күректер дайындалды. Өртке қауіпті учаскелерге 16 қадағалау мұнаралары орнатылған.
Орман өртінің алдын алу болдырмау мақсатында, 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары, 3193 шақырымға  ескі өрт жолақтары қалпына келтіріліп, өртке қауіпті деген жерлерге 43 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1717 ескерту хаттар таратылып, ақпарат құралдарына 26 рет мақалалар жарияланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460  қаулысымен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 10 жыл  мерзімге тыйым салынды.
Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 375 бұйрығы бойынша 2014 жылға 34,4 мың текше метр жыңғыл бұталарын кесуге рұқсат алынып, бүгінгі күнге 7,5 мың текше метрі игерілді.  
Орманды жанама пайдалануға 99 дана орман билеті босатылып, 67 мың гектар жер мал жайылымдық, бақша егуге,шөп шабуға 1 жылға берілді. Халыққа орманды жанама пайдалану мен отын босатудан жергілікті бюджетке есепті кезеңде 6701,24 мың теңге түсірілді.
2014 жылы 10707 гектар жерге сексеуіл, саялы, жеміс ағаштарын егу жұмыстары жоспарланып,  есепті кезеңде 2007 гектары орындалды, оның ішінде 1000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген. Қалған көлемі күз айында орындалатын болады.    
2014 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 61 фактісі анықталып, олардың табиғатқа келтірген залалының көлемі 395,67 мың теңгені құрап, 378,17 мың теңгесі өндірілді.
 


Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн. га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты 431 штат бірлігі орман шаруашылығы саласының қызметкерлері күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу арқылы штат бірліктері 85 пайызға толықты. Осы алқаптың 121,3 мың гектар жері  1 сыныпты аса өрті қауіпті жерлер, оған Сырдария өзенінің бойындағы тоғайлы орман алқаптары жатады, ал қалған көлемі 5 сыныпты өрт қауіпті жерлер. Орман құраушы негізгі ағаш - сексеуіл.

Балық шаруашылығы облыс үшін маңызды ауылшаруашылығы салаларының бірі. Өңіріміздің экономикалық дамуына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ауыл аймақтағы халықты жұмыспен қамтуда және ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруда маңызды орын алатын сала.

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328,8 га), Сырдария өзені (820 км) мен жергілікті маңызы бар 166 су айдыны (45,6 мың га) бар. Жоғарыдағы су айдындарының 120-і ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. Бүгінгі  күні, Кіші Арал теңізінің 6 учаскесі мен 46 жергілікті маңызы бар су айдындары (көлдер) резервте тұр.

2013 жылы өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталған көлемі 120,10 мың тонна, ал өндірілгені 48,25 мың тонна болды. 2012 жылмен салыстырғанда жинақталған өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі 16,14 пайызға артты.

2013 жылы Арал қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында сор көлдерді қалпына келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен 99 377 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толығымен атқарылды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі №272 қаулысымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы Қызылорда облысында іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті шаралар қабылдануда.

Жаңартылған күні: 
Сейсенбі, 14 Шілде, 2015
Раздел: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика