ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Ortcom.kz

Г.Н.Әбдіқалықова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ж. Якабпен кездесті

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ж. Якабпен кездесті. Кездесуге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекова, ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі Мелита Вуйнович және Республикалық медициналық палатаның президенті М.К.Құлжанов қатысты. Мемлекеттік хатшы Якаб ханымды Алматыда ДДҰ-ның географиялық жағынан шалғайда орналасқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі офисінің ашылуымен құттықтады. Гүлшара Әбдіқалықова Алматыда ДДҰ-ның офисін ашу елеулі оқиға екенін, өйткені ертеректе 1978 жылы Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Декларациясы қабылданғанын атап өтті. ДДҰ-ның Алматыдағы офисі осы ұйымның 53 мүше мемлекетін үйлестіруді жүзеге асыратын Еуропалық өңір мен Орталық Азия аумағындағы БҰҰ-ның алғашқы ірі офисіне айналды. Тараптар Қазақстан мен ДДҰ арасында ынтымақтастықтың көптеген бағыттары бойынша қалыптасқан берік әріптестік қатынастарға қанағаттанғандық танытты. Гүлшара ӘбдіқалықоваДДҰ-ның Еуропалық бюросына Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда консультативтік және техникалық белсенді көмегі үшін ризашылығын білдірді. Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының денсаулыққа, оның ішінде бала өлімін төмендету, ана денсаулығын жақсарту, АИТВ/ЖИТС-пен, туберкулезбен күреске байланысты Мыңжылдық даму Декларациясының мақсаттары мен міндеттерін орындауға елеулі мән беретінін атап көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан ана мен нәрестелер өлімінің, орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштерін және басқа да көрсеткіштерді жақсартты. 2009 жылдан бастап ана өлімі 3 есеге төмендеді және 2014 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 11,8 құрады; нәрестелер өлімі 1,8 есеге төмендеді және 2014 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 10,0 құрады; ал межеленген өмір сүру ұзақтығы 70,4 жасқа жетті. Кездесу қорытындылары бойынша Қазақстанның ДДҰ-ның Еуропалық Өңірлік офисімен арадағы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, Мыңжылдық даму мақсаттарын іске асыру, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту мәселелері бойынша алдағы уақыттағы ынтымақтастығының негізгі басымдықтары айқындалды.

Гүлшара Әбдіқалықова Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньянмен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньянмен кездесті. Мемлекеттік хатшы Италия Елшісін лауазымға кірісуімен құттықтады және еліміздегі дипломатиялық қызметіне табыс тіледі. Г.Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы Италияға жасаған ресми сапарының барысында Стратегиялық серіктестік туралы Мемлекетаралық келісімге қол қойылғаннан кейін Стратегиялық әріпестік деңгейіне көтерілген қазақстандық-италияндық қарым-қатынастардың даму серпініне жақсы баға берді. Италия Қазақстанның әлемдегі үшінші сауда әріптесі болып табылады, сонымен қатар, еліміздің экономикасындағы ең ірі инвесторлардың қатарына кіреді. Қазақстанның Еуропа Одағы мемлекеттерімен арадағы тауарайналымы жиынтығының 13%-ке жуығы Италияның үлесіне тиеді. Қазақстан экономикасына салынған италияндық инвестициялардың жалпы көлемі 6,5 млрд. долларды құрайды. Қазақстан Италия халқымен достық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде Аквилде болған жер сілкінісінен кейін (2009 ж.) «Амитернумдегі Қасиетті Биаджо» шіркеуін қайта қалыпқа келтіруге 1,7 млн. евро көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Кездесу барысында екіжақты әріптестіктің жай-күйі мен одан әрі ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде италияндық компаниялардың индустрияландырудың екінші бесжылдығына, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың аясындағы инфрақұрылымдық даму жоспарының жобаларына қатысуы талқыланды. Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстан өзінің жеке ұлттық павильонын ұсыну арқылы Миланда өтетін «ЭКСПО - 2015» халықаралық көрмесіне белсене атсалысуға ниетті екенін атап өтті. Сондай-ақ Гүлшара Әбдіқалықова италиялық әріптестердің Астанадағы «ЭКСПО - 2017» көрмесінің жұмысына белсене қатысатынына үміт білдірді. Кездесуде Қазақстан мен Италия арасындағы өзге де іскерлік және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайтудың мәселелері талқыланды, яғни оған өткен жылы, оның ішінде Италия да енетін 10 ел үшін визасыз режим енгізу жөніндегі қанатқақты жоба мүмкіндік туғызуы тиіс.

Гүлшара Әбдіқалықова «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасын тамашалады

2015 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай әзірленген «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасын тамашалады. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасы бірқатар өңдеуден өтіп, көрерменге қайта ұсынылды. Аталмыш қойылымды тамашалауға Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықовамен бірге елордадағы зиялы қауым өкілдері келді. Авторы – белгілі жазушы, драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Бұл Д.Рамазан мен Б.Ұзақов шығармашылығындағы екінші тарихи туынды болмақ. Бұған дейін 2010 жылы драматург пен режиссер үндестігінде «Кенесары – Күнімжан» атты тарихи драма дүниеге келіп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің сүйікті қойылымына айналған. Шығарма Абылай ханның жоңғар тұтқынына түскен кезінен басталады. Абылай ханның қазақ халқын өмір өткелегінен қалай аман-есен алып шыққаны баяндалады. Бұл шығармада ұлы ханның көшбасшылық қасиетімен бірге, адами болмыс-бітімі, қайраткерлігі, саясаткерлігі, ақыл-парасаттылығы, ержүрек батырлығы жан-жақты ашып көрсетіледі. Қойылым соңында Г.Әбдіқалықова қорытынды сөз сөйлеп, тарихи тақырыптағы аталған спектакль Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде мерекелеу жөнінде қабылдаған саяси шешімінің аясында қойылып отырғанын айтты. Мемлекеттік хатшы алдағы уақытта осындай тағылымды мәдени іс-шаралар өткізу арқылы Абылай ханның Қазақ елінің тарихындағы саяси-қайраткерлік ролін халықтың жадына сіңіруге, сол арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеуге, мұндай қадамдар, түптеп келгенде, қазақ халқының тарихи санасын жаңғыртуға және өзін-өзі тануына айрықша жол ашатынын атап өтті. Қойылымда Абылай ханның ролін белгілі актер – Қуандық Қыстықбаев, сонымен бірге, бас кейіпкерлерді Жанқалдыбек Төленбаев, Жәнібек Мұсаев, Қасымхан Бұғыбай, Айман Карпсейітовалар сомдады.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірлескен шаралар жоспарына қол қойылды

Үстіміздегі жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров пен Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов бірлескен шаралар жоспарына қол қойды. Жоспар Агенттіктің мемлекеттік қызметті дамыту жөніндегі миссиялары мен міндеттерін халықаралық тәжірибе мен өңірлік үнқатысу алаңының мүмкіндіктерін пайдалана отырып одан әрі жүзеге асыруға бағытталған. Бірлескен іс-шаралардың сипаты мен мазмұны Агенттіктің осы жылғы қаңтар айында қабылдаған Мемлекеттік қызметті дамыту мәселелерін шешу жөніндегі жоспарының бағыттарына сәйкес келеді. Оның басым бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби және тұлғалық сапасының бейінін әзірлеу болып табылады. Аталған жұмысты тиімді жүзеге асыру үшін ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Биылғы жылғы мамыр айында өтетін VIII Астана экономикалық форумы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару мәселелеріне арналған Жаһандық конференция өткізілмекші. Жалпы, Агенттік қабылдап отырған шаралар сапаға бейімделген кадрлық менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізуге бағытталған. Қайрат Қожамжаров халықаралық сарапшылармен өзара әрекеттестік өңірдегі үздік тәжірибені үйреніп қана қоймай, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған үлгісін дамыту жөніндегі өз тәжірибемізбен де бөлісуге мүмкіндік береді деп атап өтті.

Брифинг тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы мәдени саясаттың өзекті мәселелері туралы»

30 қаңтар күні сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасындағы мәдени саясаттың өзекті мәселелері туралы» брифинг болады. Брифинг барысында Қазақстан Республикасының 2030 жылғы дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасын жүзеге асырудағы негізгі басымдықтар қарастырылатын болады. Брифингке ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ қатысады деп жоспарланып отыр. Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін тіркеу Орталық коммуникациялар қызметінің +7 (7172) 55-93-38, 55-93-33 телефондары немесе info@ortcom.kz электрондық адресі бойынша 2015 жылғы 29 қаңтардағы сағат 19:00 дейін жүргізіледі.

Қазақстандық танымал ғалымдарды шет елдерден тартуға арналған кеңес

2015 жылғы 28 қаңтарда Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстанда жұмыс істеу үшін қазақстандық танымал ғалымдарды шет елдерден тарту және олардың жұмысының тиімділігін арттыру, сырт жерлерге кетіп қалу қаупін жою мақсатында еліміздің ғалымдары үшін жағдай туғызу мәселелеріне арналған кеңес болып өтті. Кеңеске Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, Білім және ғылым, Инвестиция және даму, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, Орталық коммуникациялар қызметінің, Назарбаев Университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері қатысты. Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аясындағы негізгі бағыттар бойынша казақстандық ғылыми кадрларды сақтау мен кадрлық әлеуеттің қатарын молайтудың, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандырудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, осы және басқа да міндеттерді шешуге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы екі комиссия – Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия және Ғылым мен техника саласында әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі комиссияның қызметтері бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылыми зерттеулермен 23,7 мың адам айналысады. Ғылыми ортадағы ғылым докторларының саны 1688, (9,8%), ғылым кандидаттары 4915 (28,6%), PhD докторлары 218 (1,2%), кәсіптік бағыттар бойынша докторлар 605 (3,5%), ғылыми атағы жоқ ізденушілер 9774 (56,85%) адамды құрайды. Бұл ретте 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 38 % болса, 45 жасқа дейінгілердің үлесі 56%. 2014 жылы Қазақстанда жұмыс жасау үшін әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша жұмыс істейтін 600-ден астам шетелдік, олардың 75-і қазақстандық ғалымдар жұмысқа тартылды. «Назарбаев Университет» ААҚ-қа АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Канададан, Франциядан, Италиядан, Голландиядан (олардың 26-ы қазақстандықтар) 350-ден астам шетелдік ғалымдар шақырылды. Бүгінде шет елдердегі белгілі ғылыми орталықтарда, атап айтқанда нанотехнология, робототехника, мұнай-газ кен орындарын зерттеу, гидродинамика, гендік инженерия, обыр ауруын туғызатын клеткалар биологиясы, ДНК репарациясы мен мутагенез салалары сияқты келешегі зор ғылыми бағыттарда 53 қазақстандық ғалым табысты жұмыс істеуде. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі және Ғылым мен техника саласында әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтар беру комиссиясының аясында жүзеге асырылатын мәселелер туралы нақты тапсырмалар берді.

Бакуде Транскаспий халықаралық теңіз бағдарын дамыту мәселесі талқыланды

Бүгін Бакуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселесі жөніндегі Үйлестіру комитетінің 2015 жылдың алғашқы жұмыс тобының отырысы өткізілді. Транскаспий көлік бағдарын Үйлестірудің тұрақты комитетінің жұмыс тобының отырысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Түрік мемлекеттік темір жолдары, «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ, Баку халықаралық теңіз сауда порты, «Әзербайжан Каспий теңізі кемежайы»ЖАҚ, «Батуми теңіз порты» ААҚ , «Ақтау халықаралық теңіз порты» ҰК» АҚ-ның басшылары қатысты. Отырыста жүктерді алып жүрудегі бәсекелестік ставкасы, Транскаспий халықаралық көлік бағдарында контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру мен жарақтандырудың кешенді ставкасына қатысты жайлар қаралды. Отырыс барысында тараптар биылғы жылы Қытай-Қазақстан –Әзербайжан –Грузия –Түркияға жаңадан іске қосылған Жезқазған-Бейнеу темір жолын, Ақтау теңіз портының әлеуетін пайдаланып, оған қоса Ахалкалаки –Карс темір жол желісі арқылы тарифтік жеңілдікпен контейнерлік сервистік бағдарды жіберуге уағдаласты. Аймақтағы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, кеңеске қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау көлемін жылына 5,5 миллион тоннаға дейін жеткізуге болатын бірлескен шаралар қабылдады. Транскаспий көлік бағдарын Үйлестірудің тұрақты комитетінің 2015 жылғы төрағасы болып «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сайланды. Транскаспий көлік бағдарын Үйлестіру комитетінің келесі отырысын биылғы наурыздың 5-7 күндері Стамбулда өткізу жоспарланып отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Брифингке «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері қатысады

29 қаңтарда сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында мемлекеттік әуежайлар желісін дамыту» тақырыбында брифинг болады. Брифинг барысында әуежайлардың жұмысын жақсарту, қызмет көрсету сапасын арттыру және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Қызығушылық танытқан БАҚ тіркеу Орталық коммуникациялар қызметінің +7 (7172) 55-93-38, 55-93-33 телефондары немесе - info@ortcom.kz электрондық адресі бойынша 2014-жылғы 28 қаңтардағы сағат 19:00 дейін жүргізіледі.

Брифинг тақырыбы: «Жастарға адамгершілік-рухани тәрбие берудегі әдебиеттің рөлі»

29 қаңтар күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастарға адамгершілік-рухани тәрбие берудегі әдебиеттің рөлі» тақырыбындағы брифинг болады. Қатысушылар: - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы Айгүл САДУАҚАСОВА; - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның профессоры Нұрсұлу ШАЙМЕРДЕНОВА; - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Ольга АНИЩЕНКО. Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін тіркеу Орталық коммуникациялар қызметінің +7 (7172) 55-93-33, 55-93-38 телефондары немесе info@ortcom.kz электрондық адресі бойынша 2015 жылғы 29 қаңтардағы сағат 10:00 дейін жүргізіледі.

Өкіметтің сот желісінің 2014 жылғы жұмыс қорытындылары туралы брифинг

28 қаңтар күні сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Өкіметтің сот желісінің 2014 жылғы жұмыс қорытындылары туралы брифинг болады. Брифингке Жоғарғы Соттың судьялары: Нұржан ҚАЙЫПЖАН, Моряк ШЕГЕНОВ және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың жұмысын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс ИСПАНОВ қатысады. Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін тіркеу Орталық коммуникациялар қызметінің +7 (7172) 55-93-33, 55-93-38 телефондары немесе info@ortcom.kz электрондық адресі бойынша 2015 жылғы 27 қаңтардағы сағат 19:00 дейін жүргізіледі.

Трансляция

Жетекшілердің блогтары

Салықтық бақылау?

Подсистема «Народный контроль» предназначена для выявления недобросовестных налогоплательщиков, осуществляющих деятельность без регистрации в налоговых органах, реализующих алкогольную продукцию без лицензии, а также осуществляющих деятельность в период ее приостановления.

Посредством поисковиков, указав адрес (название улицы, номер дома), Вы можете узнать, законно ли осуществляется предпринимательская деятельность в интересующемся Вас объекте. Если в результате поиска интересуемый Вас объект отсутствует, это означает, что предпринимательская деятельность по данному адресу осуществляется незаконно (отсутствует регистрация, не имеется лицензии на реализацию алкогольной продукции и т.п.).

Если же Вы обнаружили интересующий Вас объект в списке лиц, приостановивших представление налоговой отчетности, то это значит, что такой предприниматель нарушает законодательство, осуществляя деятельность в период ее приостановления, тем самым уклоняясь от уплаты налогов.

Алкоголдік өнімді ресми түрде сатушылар

Салық органдарында тіркелген бильярд клубтары

Салық органдарында тіркелген букмекерлік Кеңселерінің кассалары

Салық органдарында тіркелген компьютерлік клубтар

Салық органдарында тіркелген бақылау кассалық машиналар

Қызметін уақытша тоқтатқан кәсіпкерлер

Бизнес, билік және әлеумет

  • ХҚКО
  • Бизнесті қорғау

Көрсеткіштер

Геопортал ?

Бос орындар жәрмеңкесі

Хабарламалар

  _
Барлық хабарламалар

Сауал

Коммуналдық мекемелер қызметіне көңіліңіз тола ма?

Азық-түлік бағалары

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined variable: language in eval() (line 4 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Trying to get property of non-object in eval() (line 4 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined index: und in eval() (line 72 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined index: und in eval() (line 72 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Constant DRUPAL_ROOT already defined in eval() (line 17 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 120 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined variable: language in eval() (line 4 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Trying to get property of non-object in eval() (line 4 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined index: und in eval() (line 72 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined index: und in eval() (line 72 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Constant DRUPAL_ROOT already defined in eval() (line 17 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика